Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 12 шілде N 1189 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту: Атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 302 қаулысымен .

     Қазақстан Республикасының банк заңдарын, сондай-ақ ұлттық экономиканың қаржылық өсуiн қамтамасыз етуге ықпал ететiн шараларды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
     1. Банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулық бекiтiлсiн және 2000 жылғы 1 қазаннан бастап күшiне енгiзiлсiн.
      Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 9 қазан N 377 қаулысымен , ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 302 қаулысымен .
     2. Банктердi қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
     1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Банктер қаражатының бiр бөлiгін iшкi активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
     2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апталық мерзiмде осы қаулыны және Банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру тәртiбi туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
     Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 302 қаулысымен .  
     3. Осы қаулы және Банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулық күшiне енгiзiлген күннен бастап:
     1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Шетелдiң қатысуымен құрылған банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 18 маусымдағы N 128 қаулысының ;
     2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 18 маусымдағы N 128 қаулысымен бекітілген Шетелдік қатысуымен құрылған банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру ережесінің күші жойылды деп танылсын.
      Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 9 қазан N 377 қаулысымен , ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 302 қаулысымен .
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т.Жанкелдинге жүктелсін.

      Ұлттық Банк
     Төрағасы

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық Банкі Басқармасының
2000 жылғы 2 маусымдағы  
N 262 қаулысымен бекітілген

Банктер қаражатының бiр бөлiгiн
iшкi активтерге орналастыру жөніндегі
нұсқаулық

     Ескерту: Атауына өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 302 қаулысымен .

     Осы Нұсқаулық банктер жүргізіп отырған операциялардың тәуекелін барынша азайтуға бағытталған екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу мақсатында "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", " Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын банктерді қоспағанда, екінші деңгейдегі банктердің меншікті және тартылған қаражатын ішкі активтерге орналастыру шарттарын нақтылайды.
      Ескерту: Кіріспе жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 302 қаулысымен .

     1. Банктер есеп беретiн айдың iшiнде меншiктi қаражатын және тартылған қаражатты iшкi активтерге орналастырады бұл iшкi активтердiң орташа айлық көлемiнiң жарғылық капиталдың орташа айлық мөлшерінің, орташа айлық мөлшерінің реттелген борыштың және iшкi мiндеттемелердiң орташа айлық көлемінің қатынасы сомасына 1-ден кем болмауы тиiс.
      Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 302 қаулысымен .

     2. Қазақстан Республикасының резиденттеріне талаптар (ақша, орналастырылған салымдар, берiлген заемдар, борыштық бағалы қағаздар, дебиторлық берешек), Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының жарғылық капиталына қатысуы, материалдық емес активтер және тазартылған қымбат металдар, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымалы және жылжымайтын мүлiк банктiң iшкi активтерi болып табылады.
     Қазақстан Республикасының резиденттерi алдындағы мiндеттемелер - банктiң iшкi мiндеттемелерi болып табылады.
      Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 302 қаулысымен .
      Ескерту: Бұдан әрі мәтін бойынша "депозиттер" және "кредиттер" деген сөздер "салымдар" және "заемдар" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 302 қаулысымен .

     3. Банктiң iшкi активтерi мен міндеттемелерiнiң орташа айлық көлемi банктiң iшкi активтерi мен міндеттемелерiнiң жалпы сомасының тиiстi есеп беретiн айдағы жұмыс күнiне қатынасы ретінде есептеледi.

     3-1. Банктің жарғылық капиталының орташа айлық мөлшері және реттелген борышы есепті кезеңнің әрбір жұмыс күнінің жағдайы бойынша жарғылық капитал мен реттелген борыш сомасының тиісті есепті кезеңнің жұмыс күндерінің санына қатынасы ретінде есептеледі.
      Ескерту: 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 302 қаулысымен .

     4. Банктер қаражаттың бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру коэффициентiн осы Нұсқаулықтың 1-тармағына сәйкес есептейдi және осы Нұсқаулықтың 1 және 2 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша келесi есеп беретiн айдың бесінші жұмыс күнінің Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей қажетті материалдарды қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органға тапсырады.
      Ескерту: 4-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 302 қаулысымен .

     5. Қаражаттың бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру коэффициентiне есептеуге арналған деректер банктердiң есеп беретін күнгi қаржылық есеп нысанының деректерiне сәйкес болуы тиiс.

     6. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шешiлуi тиiс.     

      Ұлттық Банк
     Төрағасы     

                               Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі
                                 активтерге орналастыру жөніндегі
                                          Нұсқаулыққа
                                           1 қосымша

      Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 302 қаулысымен .

                _______________________________________
                       (банктің толық атауы)

    2000 ж. "____"__________ ішкі активтердің орташа айлық
   мөлшерінің және ішкі активтерге қаражаттың бір бөлігін
                орналастыру коэффициентінің
                          Есебі

___________________________________________________________________
   Активтер               ! Есеп беретін айдың күндері! Ішкі актив.
                          !   бойынша ішкі активтер   !тердің орта.
                          !                           !ша айлық
                          !___________________________!мөлшері
                          !  1  !  2  !  3  ! ... ! n !
__________________________!_____!_____!_____!_____!___!____________  
           А              !  1  !  2  !  3  !  4  ! 5 !     6
__________________________!_____!_____!_____!_____!___!____________
1.1.   Ақша мен салымдар:
1.1.1. Қазақстан Республи.
      касының Ұлттық
      Банкіне қойылатын
      талаптар (оның
      ішінде қолма-қол
      ақша)
___________________________________________________________________
1.1.2. екінші деңгейдегі
      банктерге қойылатын
      талап
___________________________________________________________________
1.1.3. Қазақстан Республи.
      касының Үкіметіне
      және жергілікті
      атқарушы органдарына
      қойылатын талаптар
___________________________________________________________________
1.1.4. басқа заңды
      тұлғаларға қойылатын
      талап
___________________________________________________________________
1.1.5. <*>
___________________________________________________________________
1.2.   Берілген заемдар:
___________________________________________________________________
1.2.2. екінші деңгейдегі
      банктер
___________________________________________________________________
1.2.3. Қазақстан Республи.
      касы Үкіметінің және
      жергілікті атқарушы
      органдарының
___________________________________________________________________
1.2.4. басқа заңды тұлғаларға
___________________________________________________________________
1.2.5. жеке тұлғаларға     
___________________________________________________________________
1.3.   Борыштық бағалы
      қағаздар
___________________________________________________________________
1.3.1. Қазақстан Республи.
      касы Ұлттық Банкінің
___________________________________________________________________
1.3.2. екінші деңгейдегі
      банктің
___________________________________________________________________
1.3.3. Қазақстан Республи.
      касы Үкіметінің және
      жергілікті атқарушы
      органдарының
___________________________________________________________________
1.3.4. басқа заңды тұлғаның
___________________________________________________________________
1.4.   Дебиторлық берешек:
___________________________________________________________________
1.4.1. Қазақстан Республи.
      касы Ұлттық Банкінің
___________________________________________________________________
1.4.2. екінші деңгейдегі
      банктің
___________________________________________________________________
1.4.3. Қазақстан Республи.
      касы Үкіметінің және
      жергілікті атқарушы
      органдарының
___________________________________________________________________
1.4.4. басқа заңды тұлға
___________________________________________________________________
1.4.5. жеке тұлға    
___________________________________________________________________
1.5.   Жарғы капиталына қатысуы:
___________________________________________________________________
1.5.2. екінші деңгейдегі банктер
___________________________________________________________________
1.5.4. басқа заңды тұлғалар    
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы резиденттері не талаптардың орташа айлық    
мөлшерінің жиынтығы:
___________________________________________________________________
1.6. Тазартылған қымбат металдар
___________________________________________________________________
1.7. Жылжитын мүлік
___________________________________________________________________
1.8. Жылжымайтын мүлік
___________________________________________________________________
1.9. Материалдық емес активтер
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы аумағына қарасты активтердің орташа айлық
мөлшерінің жиынтығы:    
(ІА) Ішкі активтердің орташа айлық мөлшерінің жиынтығы:
___________________________________________________________________     

    Жұмыс күнінің айлық саны           (n =) _______
    банктің меншік капиталының мөлшері (МК)  _______
    жарғылық капиталдың орташа айлық мөлшері _______
    Ішкі активтердің орташа айлық мөлшері    _______
    Ішкі міндеттемелердің айлық мөлшері      _______
    Ішкі активтерде қаржы бөлігін орналастыру
    коэффициенті К (саны):                   _______

    Банктің басшысы             __________
    Бас бухгалтер               __________   

       күні                        мөр

                               Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі
                                 активтерге орналастыру жөніндегі
                                          Нұсқаулыққа
                                            2 қосымша

      Ескерту: Қосымшаға өзгертулер, толықтырулар енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 302 қаулысымен , ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 395 қаулысымен .

             _______________________________________
                      (банктің толық атауы)
            2000 ж. "____"__________ ішкі міндеттемелердің
                      орташа айлық мөлшерінің
                             Есебі

___________________________________________________________________
                         ! Есеп беретін айдың күндері!Қазақстан
Міндеттемелер және       !   бойынша ішкі            !Республикасы
 жарғылық капитал        !   міндеттемелер           !резидентте.
                         !___________________________!рінің алдын.
                         !  1  !  2  !  3  ! ... ! n !дағы орташа  
                         !     !     !     !     !   !айлық ішкі
                         !     !     !     !     !   !міндеттемелер
_________________________!_____!_____!_____!_____!___!_____________
           А             !  1  !  2  !  3  !  4  ! 5 !     6
__________________________!_____!_____!_____!_____!___!_____________
2.1.   салымдар:         
___________________________________________________________________
2.1.2. екінші деңгейдегі
      банктер
___________________________________________________________________
2.1.3. Қазақстан Республи.
      касы Үкіметінің және
      жергілікті атқарушы
      органдарының
___________________________________________________________________
2.1.4. басқа заңды тұлғалар
___________________________________________________________________
2.1.5. жеке тұлғалар
___________________________________________________________________
2.1.6. Қазақстан Республи.
      касы Ұлттық Банкінің
____________________________________________________________________
2.2.   Алынған заемдар:
___________________________________________________________________
2.2.2. екінші деңгейдегі
      банктер
___________________________________________________________________
2.2.3. Қазақстан Республи.
      касы Үкіметінің және
      жергілікті атқарушы
      органдарының
___________________________________________________________________
2.2.4. басқа заңды тұлғалар
___________________________________________________________________
2.2.5. Қазақстан Республи.
      касы Ұлттық Банкінің
___________________________________________________________________
2.3.   Реттелген борыш
___________________________________________________________________
2.3.2. екінші деңгейдегі
      банктер
___________________________________________________________________
2.3.3. үкімет
___________________________________________________________________
2.3.4. басқа заңды тұлғалар
___________________________________________________________________
2.3.5. жеке тұлғалар
___________________________________________________________________
2.4.   Бағалы қағаздар ретінде
     ресімделіп шығарылған
      борыштық міндеттемелер:
___________________________________________________________________
2.4.2. екінші деңгейдегі
      банктер
___________________________________________________________________
2.4.4. басқа заңды тұлғалар
___________________________________________________________________
2.4.5. жеке тұлғалардан
___________________________________________________________________
2.5.   Кредиторлық берешек:
___________________________________________________________________
2.5.2  екінші деңгейдегі
      банктер
___________________________________________________________________
2.5.3. Қазақстан Республи.
      касы Үкіметінің және
      жергілікті атқарушы
      органдарының
___________________________________________________________________
2.5.4. басқа заңды тұлғалар
___________________________________________________________________
2.5.5. жеке тұлғалар           
___________________________________________________________________
Орташа айлық ішкі міндеттемелер мөлшерінің жиынтығы:
___________________________________________________________________
3.   Төленген жарғылық
    капитал (акциялар):
___________________________________________________________________
Реттелген борыштың орташа айлық
мөлшерінің және орташа айлық
мөлшерінің жарғылық капиталдың
орташа айлық ішкі міндеттеме.
лердің жиынтығы
___________________________________________________________________

    Банктің басшысы                     __________
    Бас бухгалтер                       __________     

        күні                                мөр