Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 2000 жылғы 2 маусым N 262 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 12 шілде N 1189 тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының банк заңдарын, сондай-ақ ұлттық экономиканың қаржылық өсуiн қамтамасыз етуге ықпал ететiн шараларды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру тәртiбi туралы нұсқаулық бекiтiлсiн және 2000 жылғы 1 қазаннан бастап күшiне енгiзiлсiн. <*>
      Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               2000 жылғы 9 қазан N 377 қаулысымен. V001302_

      2. Банктердi қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Банктер қаражатының бiр бөлiгін iшкi активтерге орналастыру тәртiбi туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апталық мерзiмде осы қаулыны және Банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру тәртiбi туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
      3. Осы қаулы және Банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру тәртiбi туралы нұсқаулық күшiне енгiзiлген күннен бастап: <*>
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Шетелдiң қатысуымен құрылған банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 18 маусымдағы N 128 V990856_ қаулысының;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 18 маусымдағы N 128 V990856_ қаулысымен бекітілген Шетелдік қатысуымен құрылған банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру ережесінің күші жойылды деп танылсын.
      Ескерту: 3-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               2000 жылғы 9 қазан N 377 қаулысымен. V001302_

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін.
     Ұлттық Банк
      Төрағасы

                                         Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусым N 262 қаулысымен бекітілген

            Банктер қаражатының бiр бөлiгiн
       iшкi активтерге орналастыру тәртiбi туралы
                      нұсқаулық

      Осы Нұсқаулық банктер жүргiзетiн операциялардың тәуекелдерiн азайтуға бағытталған екiншi деңгейдегi банктердiң қызметiн реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Z952444_ , "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 Z952155_ Заң күшi бар Жарлықтарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрi - Ұлттық Банк) басқа да нормативтiк құқықтық актiлеріне сәйкес жасалған және екiншi деңгейдегi банктер үшін мiндеттi меншiктi қаражатын және тартылған қаражатын iшкi активтерге орналастыру тәртiбін белгiлейдi.
      1. Банктер есеп беретiн айдың iшiнде меншiктi қаражатын және тартылған қаражатты iшкi активтерге орналастырады бұл iшкi активтердiң орташа айлық көлемiнiң төленген жарғылық капиталдың, реттелген борыштың және iшкi мiндеттемелердiң орташа айлық көлемінің қатынасы сомасына 1-ден кем болмауы тиiс.
      2. Қазақстан Республикасының резиденттеріне талаптар (ақша, орналастырылған депозиттер, берiлген кредиттер, борыштық бағалы қағаздар, дебиторлық берешек), Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының жарғылық капиталына қатысуы, материалдық емес активтер және тазартылған қымбат металдар, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымалы және жылжымайтын мүлiк банктiң iшкi активтерi болып табылады.
      Қазақстан Республикасының резиденттерi алдындағы мiндеттемелер - банктiң iшкi мiндеттемелерi болып табылады.
      3. Банктiң iшкi активтерi мен міндеттемелерiнiң орташа айлық көлемi банктiң iшкi активтерi мен міндеттемелерiнiң жалпы сомасының тиiстi есеп беретiн айдағы жұмыс күнiне қатынасы ретінде есептеледi.
      4. Банктер қаражаттың бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру коэффициентiн осы Нұсқаулықтың 1-тармағына сәйкес есептейдi және осы Нұсқаулықтың N 1 және 2 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша келесi есеп беретiн айдың 10-нан кешiктiрмей қажеттi мәлiметтердi Ұлттық Банкке

тапсырады.
     5. Қаражаттың бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру коэффициентiне
есептеуге арналған деректер банктердiң есеп беретін күнгi қаржылық есеп 
нысанының деректерiне сәйкес болуы тиiс.
     6. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер қолданылып жүрген заңдарға
сәйкес шешiлуi тиiс.
     
     Ұлттық Банк
      Төрағасы
     
                         Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
                         2000 жылғы 2 маусым N 262 қаулысымен
                         бекітілген Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі
                         активтерге орналастыру тәртібі туралы Нұсқаулыққа
                         N 1 қосымша
     
        _______________________________________
            (банктің толық атауы)
     
     2000 ж. "____"__________ ішкі активтердің орташа айлық мөлшерінің
       және ішкі активтерге қаражаттың бір бөлігін орналастыру
                          коэффициентінің 
                              Есебі
 ________________________________________________________________________
    Активтер               ! Есеп беретін айдың күндері! Ішкі активтердің
                           !   бойынша ішкі активтер   ! орташа айлық
                           !                           !   мөлшері
                           !___________________________!
                           !  1  !  2  !  3  ! ... ! n !
 __________________________!_____!_____!_____!_____!___!_________________  
            А              !  1  !  2  !  3  !  4  ! 5 !        6

 1.1. Ақша мен депозиттер:
 1.1.1. орталық банкке 
 қойылатын талап (оның
 ішінде қолма-қол ақша)
 ________________________________________________________________________
 1.1.2. екінші деңгейдегі
 банктерге қойылатын талап
 ________________________________________________________________________ 
 1.1.3. үкіметке қойылатын
 талап
 ________________________________________________________________________
 1.1.4. басқа заңды тұлғаларға
 қойылатын талап
 ________________________________________________________________________
 1.1.5. жеке тұлғаларға 
 қойылатын талап
 ________________________________________________________________________
 1.2. Берілген кредиттер:
 ________________________________________________________________________
 1.2.2. екінші деңгейдегі банктер
 ________________________________________________________________________
 1.2.3. үкіметке
 ________________________________________________________________________
 1.2.4. басқа заңды тұлғаларға
 ________________________________________________________________________
 1.2.5. жеке тұлғаларға     
 ________________________________________________________________________
 1.3. Борыштық бағалы қағаздар
 ________________________________________________________________________
 1.3.1. орталық банктің
 ________________________________________________________________________
 1.3.2. екінші деңгейдегі банктің
 ________________________________________________________________________
 1.3.3. үкімет
 ________________________________________________________________________
 1.3.4. басқа заңды тұлғаның
 ________________________________________________________________________
 1.4. Дебиторлық берешек:
 ________________________________________________________________________
 1.4.1. орталық банктің
 ________________________________________________________________________
 1.4.2. екінші деңгейдегі банктің
 ________________________________________________________________________
 1.4.3. үкімет
 ________________________________________________________________________
 1.4.4. басқа заңды тұлға
 ________________________________________________________________________
 1.4.5. жеке тұлға    
 ________________________________________________________________________
 1.5. Жарғы капиталына қатысуы:
 ________________________________________________________________________
 1.5.2. екінші деңгейдегі банктер
 ________________________________________________________________________
 1.5.4. басқа заңды тұлғалар    
 ________________________________________________________________________
 Қазақстан Республикасы резиденттері не талаптардың орташа айлық    
 мөлшерінің жиынтығы:
 ________________________________________________________________________
 1.6. Тазартылған қымбат металдар
 ________________________________________________________________________
 1.7. Жылжитын мүлік
 ________________________________________________________________________
 1.8. Жылжымайтын мүлік
 ________________________________________________________________________
 1.9. Материалдық емес активтер
 ________________________________________________________________________
 Қазақстан Республикасы аумағына қарасты активтердің орташа айлық 
 мөлшерінің жиынтығы:    
 (ІА) Ішкі активтердің орташа айлық мөлшерінің жиынтығы:
 ________________________________________________________________________
     
     Жұмыс күнінің айлық саны           (n =) _______
     банктің меншік капиталының мөлшері (МК) ________
     Жарғы капиталының нақты төленген мөлшері _______
     Ішкі активтердің орташа айлық мөлшері    _______
     Ішкі міндеттемелердің айлық мөлшері      _______
     Ішкі активтерде қаржы бөлігін орналастыру коэффициенті К (саны): _____
     
     Банктің басшысы             __________
     
     Бас бухгалтер               __________
     
        күні                        мөр
     
                         Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
                         2000 жылғы 2 маусым N 262 қаулысымен
                         бекітілген Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі
                         активтерге орналастыру тәртібі туралы Нұсқаулыққа
                         N 2 қосымша
     
        _______________________________________
            (банктің толық атауы)
     
     2000 ж. "____"__________ ішкі міндеттемелердің орташа айлық мөлшерінің
                              Есебі
 ________________________________________________________________________
                           ! Есеп беретін айдың күндері!Қазақстан Респуб.
 Міндеттемелер және        !   бойынша ішкі            !ликасы резидентте.
  жарғылық капитал         !   міндеттемелер           !рінің алдындағы
                           !___________________________!орташа айлық ішкі
                           !  1  !  2  !  3  ! ... ! n !міндеттемелер
 __________________________!_____!_____!_____!_____!___!_________________  
            А              !  1  !  2  !  3  !  4  ! 5 !        6
 __________________________!_____!_____!_____!_____!___!_________________
 2.1. Депозиттер:         
 ________________________________________________________________________
 2.1.2. екінші деңгейдегі
 банктер
 ________________________________________________________________________
 2.1.3. үкімет            
 ________________________________________________________________________ 
 2.1.4. басқа заңды тұлғалар
 ________________________________________________________________________
 2.1.5. жеке тұлғалар         
 ________________________________________________________________________
 2.2. Алынған кредиттер:
 ________________________________________________________________________
 2.2.2. екінші деңгейдегі
 банктер
 ________________________________________________________________________
 2.2.3. үкімет                    
 ________________________________________________________________________
 2.2.4. басқа заңды тұлғалар
 ________________________________________________________________________
 2.3. Реттелген борыш           
 ________________________________________________________________________
 2.3.2. екінші деңгейдегі банктер
 ________________________________________________________________________
 2.3.3. үкімет                
 ________________________________________________________________________
 2.3.4. басқа заңды тұлғалар
 ________________________________________________________________________
 2.3.5. жеке тұлғалар            
 ________________________________________________________________________
 2.4. Бағалы қағаздар ретінде
 ресімделіп шығарылған борыштық
 міндеттемелер
 ________________________________________________________________________
 2.4.2. екінші деңгейдегі банктер
 ________________________________________________________________________
 2.4.4. басқа заңды тұлғалар
 ________________________________________________________________________
 2.4.5. жеке тұлғалардан
 ________________________________________________________________________
 2.5. Кредиторлық берешек         
 ________________________________________________________________________
 2.5.2 екінші деңгейдегі банктер
 ________________________________________________________________________
 2.5.3. үкімет            
 ________________________________________________________________________
 2.5.4. басқа заңды тұлғалар
 ________________________________________________________________________
 2.5.5. жеке тұлғалар           
 ________________________________________________________________________
 Орташа айлық ішкі міндеттемелер мөлшерінің жиынтығы:
 ________________________________________________________________________
 3. Төленген жарғылық капитал (акциялар):*  
 ________________________________________________________________________
 3.2. банктердің акциялары                                           
 ________________________________________________________________________
 3.3. үкіметтің акциялары          
 ________________________________________________________________________
 3.4. басқа заңды тұлғалардың акциялары
 ________________________________________________________________________
 3.5. жеке тұлғалардың акциялары
 ________________________________________________________________________
 Реттелген борыштың және төленген жарғылық капиталдың орташа айлық ішкі   
 міндеттемелердің жиынтығы
     
     * - 5 және 6 бағанның тиісті ұяларында есеп беретін айының соңғы 
жұмыс күнінің қалдығын көрсету керек.
     
     Банктің басшысы                     __________
     
     Бас бухгалтер                       __________
     
         күні                                мөр
     
Оқығандар:

Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.