Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 12 шілде N 1189 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 172 Қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Ескерту: Атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 302 қаулысымен .

     Қазақстан Республикасының банк заңдарын, сондай-ақ ұлттық экономиканың қаржылық өсуiн қамтамасыз етуге ықпал ететiн шараларды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
     1. Банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулық бекiтiлсiн және 2000 жылғы 1 қазаннан бастап күшiне енгiзiлсiн.
     Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 9 қазан N 377 қаулысымен , ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 302 қаулысымен .
     2. Банктердi қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
     1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Банктер қаражатының бiр бөлiгін iшкi активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
     2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апталық мерзiмде осы қаулыны және Банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру тәртiбi туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
     Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 302 қаулысымен
     3. Осы қаулы және Банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулық күшiне енгiзiлген күннен бастап:
     1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Шетелдiң қатысуымен құрылған банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 18 маусымдағы N 128 қаулысының ;
     2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 18 маусымдағы N 128 қаулысымен бекітілген Шетелдік қатысуымен құрылған банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру ережесінің күші жойылды деп танылсын.
     Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 9 қазан N 377 қаулысымен , ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 302 қаулысымен .
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т.Жанкелдинге жүктелсін.

     Ұлттық Банк
     Төрағасы

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2000 жылғы 2 маусымдағы 
N 262 қаулысымен бекітілген

Банктер қаражатының бiр бөлiгiн
iшкi активтерге орналастыру жөніндегі
нұсқаулық

    Ескерту: Атауына өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 302 қаулысымен .

     Осы Нұсқаулық банктер жүргізіп отырған операциялардың тәуекелін барынша азайтуға бағытталған екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу мақсатында "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", " Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын банктерді қоспағанда, екінші деңгейдегі банктердің меншікті және тартылған қаражатын ішкі активтерге орналастыру шарттарын нақтылайды.
     Ескерту: Кіріспе жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 302 қаулысымен .

     1. Банктер есеп беретін айдың ішінде меншікті қаражатын және тартылған қаражатты ішкі активтерге орналастырады, бұл ішкі активтердің орташа айлық мөлшерінің реттелген борыштың орташа айлық мөлшері, мерзімсіз қаржы құралдарының орташа айлық мөлшері, банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық мөлшері және ішкі міндеттемелердің орташа айлық мөлшерінің сомасына қатынасы 1-ден кем болмауы тиіс. Коэффициент үтірден кейін үш белгімен ұсынылады.
     Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008.01.25. N 8 (2008 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі),  өзгеріс енгізілді - 2008.12.29 N 251, 2011.02.28 № 22 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

     2. Қазақстан Республикасының резиденттеріне талаптар (ақша, орналастырылған салымдар, берiлген заемдар, борыштық бағалы қағаздар, дебиторлық берешек), Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының жарғылық капиталына қатысуы, материалдық емес активтер және тазартылған қымбат металдар, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымалы және жылжымайтын мүлiк банктiң iшкi активтерi болып табылады.
     Банктің ішкі міндеттемелері Қазақстан Республикасы резиденттерінің алдындағы реттелген борышты, Қазақстан Республикасының резиденттеріндегі мерзімсіз қаржы құралдарын, Қазақстан Республикасының резиденттеріндегі банк шығарған борыштық бағалы қағаздарды және банктің кастодиандық шарт негізінде қабылдаған қаражатының инвестицияланбаған қалдықтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы міндеттемелерді білдіреді.
     Ескерту: 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004.10.25 N 302 , 2008.01.25 N 8 (2008 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.08.05 N 170, 2011.02.28 № 22 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
     Ескерту: Бұдан әрі мәтін бойынша "депозиттер" және "кредиттер" деген сөздер "салымдар" және "заемдар" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 302 қаулысымен .

     3. Банктiң iшкi активтерiнің, iшкi міндеттемелерiнiң, реттелген борыштың, мерзімсіз қаржы құралдарының және банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамалары мерзімі өткен берешекті, есептелген сыйақыны, дисконттарды, сыйлықақыларды, оң/теріс түзетулерді, провизияларды (резервтерді) ескергендегі банктiң iшкi активтерiнің, iшкi міндеттемелерiнiң, реттелген борыштың, мерзімсіз қаржы құралдарының және банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың жалпы сомасының тиiстi есептi айдағы жұмыс күндерiнің санына қатынасы ретінде есептеледi.
      2012 жылғы 1 қаңтардан бастап банктiң iшкi активтерiнің, iшкi міндеттемелерiнiң, реттелген борыштың, мерзімсіз қаржы құралдарының және банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамалары оның ішінде провизиялар (резервтер) ескеріліп есептеледi.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.02.28 № 22 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыcымен.

      3-1. <*>
      Ескерту. 3-1-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.02.28 № 22 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыcымен.

     4. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) және банктер iшкi активтердi орташа айлық мөлшерiн, қаражаттың бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру коэффициентiн және осы Нұсқаулықтың 1-тармағына сәйкес iшкi мiндеттемелердiң орташа айлық мөлшерiн ай сайын есептейдi. Осы есептеулер банктер уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес электрондық тасымалдағышта ұсынатын баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есептiң және банктер осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық тасымалдағышта уәкiлеттi органға ұсынатын қаражаттың бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру коэффициентiн есептеуге арналған қосымша мәлiметтер (бұдан әрi - қосымша мәлiметтер) негiзiнде жасалады.
     Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).

     4-1. Осы Нұсқаулықтың 1-3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша жасалған, 4-тармақта көрсетiлген қағаз жазбадағы есептеулер мен қосымша мәлiметтерге бiрiншi басшы (ол болмаған кезде оның орнындағы адамы), бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырылады және банкте сақталады. Банк уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұратуды алған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей есептеулер мен қосымша мәлiметтердi қағаз жазбада ұсынады.
      Ескерту: 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005.08.27 N 310 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2008.01.25. N 8 (2008 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

      4-2. Банктер қосымша мәліметтерді уәкілетті органға күн сайын электрондық тасымалдағышта есепті күннен кейін келетін жетінші жұмыс күні Астана қаласы бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей ұсынады.
      Ескерту: 4-2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.01.25. N 8 (2008 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      4-3. Электрондық тасымалдағыштағы қосымша мәлiметтер ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдаланумен ұсынылады.
      Ескерту: 4-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).

      РҚАО-ның ескертуі!
     4-4-тармаққа 2008 жылғы 1 шілдеде ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008.01.25. N 8 Қаулысымен өзгерту енгізіледі.
      4-4. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердiң қағаз жазбадағы деректермен сәйкестiгiн банктiң бiрiншi басшысы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адамы (ол болмаған кезде оның орнындағы адамы) және бас бухгалтер қамтамасыз етедi.
      Ескерту: 4-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005.08.27 N 310 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2008.01.25 N 8 (2008 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

      5. <*>
      Ескерту: 5-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).

     6. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шешiлуi тиiс.    

     Ұлттық Банк
     Төрағасы

Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі
активтерге орналастыру жөніндегі 
Нұсқаулыққа            
1 қосымша             

      Ескерту: 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008.01.25. N 8 (2008 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі), өзгертістер енгізілді - 2008.06.30. N 91(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2008.12.29 N 251, 2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi), 2011.02.28 № 22 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

              _____________________________________
                         банктің атауы

      200__ жылғы "___"________ ішкі активтердің орташа айлық
       мөлшерінің және қаражаттың бір бөлігін ішкі активтерге
               орналастыру коэффициентінің есебі

Активтер

Есеп беретін
айдың күндері
бойынша ішкі
активтер

Ішкі активтердің
орташа
айлық
мөлшері

А

1

2

3

...

n


1. Ақша мен салымдар







2. Берілген заемдар







3. Борыштық бағалы қағаздар







4. Дебиторлық берешек







5. Жарғылық капиталға қатысуы







6. Тазартылған қымбат металдар







7. Жылжымалы мүлік







8. Жылжымайтын мүлік







9. Материалдық емес активтер







10. Ішкі активтер бойынша есептелген сыйақы, дисконттар, сыйлықақылар, әділ құнды оң/теріс түзетулер, провизиялар (резервтер)







11. Ішкі активтер бойынша мерзімі
өткен берешек







Ішкі активтердің орташа айлық
мөлшерінің жиынтығы







Жұмыс күнінің айлық саны                      _________

Ішкі активтердің орташа айлық мөлшері         _________

Ішкі және басқа да міндеттемелердің
орташа айлық мөлшері                          _________

Ішкі активтерге қаражаттың бір бөлігін
орналастыру коэффициенті                      _________

        Бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам)
      ______________________________________________________
         (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)

      Бас бухгалтер ________________________________________
            (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)

      Орындаушы ____________________________________________
         (лауазымы, фамилиясы және аты) (қолы) (телефон нөмірі)

      Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы «____» _____

      Мөр орны

Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі
активтерге орналастыру жөніндегі 
Нұсқаулыққа            
2 қосымша             

      Ескерту: 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008.01.25. N 8 (2008 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді - 2008.06.30. N 91(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2008.12.29  N 251 , 2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi), 2011.02.28 № 22 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

               _____________________________________
                         банктің атауы

      200__ жылғы "___"________ ішкі және өзге міндеттемелердің
               орташа айлық мөлшерінің есебі

Міндеттемелер

Есеп беретін айдың күндері
бойынша ішкі міндеттемелер

1

2

3

...

n

1. Салымдар






2. Алынған заемдар






3. Кредиторлық берешек






Ішкі міндеттемелердің орташа
айлық мөлшерінің жиынтығы


4. Реттелген борыш






5. Банк шығарған борыштық
бағалы қағаздар






6. Мерзімсіз қаржы құралдары






7. алынып тасталды






8. Ішкі және өзге міндеттемелер
бойынша есептелген сыйақы,
дисконттар, сыйлықақылар, әділ
құнды оң/теріс түзетулер, провизиялар (резервтер)






9. Ішкі және өзге міндеттемелер
бойынша мерзімі өткен берешек






Орташа айлық ішкі міндеттемелердің, реттелген борыштың орташа айлық шамасының, банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамасының, мерзімсіз қаржы құралдарының орташа айлық шамасының жиынтық сомасы


        Бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам)
      ______________________________________________________
         (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)

      Бас бухгалтер ________________________________________
            (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)

      Орындаушы ____________________________________________
         (лауазымы, фамилиясы және аты) (қолы) (телефон нөмірі)

      Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы «____» _____

      Мөр орны

Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі
активтерге орналастыру жөніндегі 
Нұсқаулыққа            
3 қосымша             

      Ескерту: 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008.01.25. N 8 (2008 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді - 2008.06.30. N 91(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi), 2011.02.28 № 22 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

               _____________________________________
                         банктің атауы

      200__ жылғы "___"________қаражаттардың бір бөлігін ішкі
          активтерге орналастыру коэффициентін есептеуге
                     арналған қосымша мәліметтер

Белгі-
нің
нөмірі
Көрсеткіш атауы Сомасы
1 2 3

8801

Теңгемен және шетел валютасындағы қолма-қол ақша 


8802

Қазақстан Республикасының
резиденттері - екінші
деңгейдегі банктердегі
салымдар және ностро
шоттар


8803

Қазақстан Республикасының
резиденттеріне берілген
заемдар


8804

Қазақстан Республикасы
резиденттерінің борыштық
бағалы қағаздары


8805

Қазақстан Республикасы
резиденттерінің
дебиторлық берешегі


8806

Жарғылық капиталға қатысуы


8807

Қазақстан Республикасы
аймағында сақталатын
тазартылған қымбат
металдар сомасы


8808

Қазақстан Республикасы
аймағындағы жылжымалы
мүлік


8809

Қазақстан Республикасы
аумағында орналасқан
жылжымайтын мүлік


8810

Қазақстан Республикасында-
ғы материалдық емес
активтер


8811

Қазақстан Республикасы
резиденттері - екінші
деңгейдегі банктердің
салымдары мен лоро шоттары


8812

Қазақстан Республикасы
резиденттерінің салымдары


8813

Қазақстан Республикасы
резиденттерінен алынған
заемдар


8814

Қазақстан Республикасы
резиденттері алдындағы
кредиторлық берешек


8815

Ішкі активтер бойынша
есептелген сыйақы,
дисконттар, сыйлықақылар,
әділ құнды оң/теріс
түзетулер, провизиялар (резервтер)


8816

Ішкі активтер бойынша
мерзімі өткен берешек


8817

Ішкі және өзге міндеттеме-
лер бойынша есептелген
сыйақы, дисконттар,
сыйлықақылар, әділ құнды
оң/теріс түзетулер, провизиялар (резервтер)


8818

Ішкі және өзге міндеттеме-
лер бойынша мерзімі өткен
берешек


        Бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам)
      ______________________________________________________
         (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)

      Бас бухгалтер ________________________________________
            (фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)

      Орындаушы ____________________________________________
         (лауазымы, фамилиясы және аты) (қолы) (телефон нөмірі)

      Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы «____» _____

      Мөр орны.