Шетелдің қатысуымен құрылған банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру ережесін бекіту туралы

Қаулы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасы 1999 жылғы 18 маусымдағы N 128 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 26 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 856. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 262 қаулысымен. ~V001189

      Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының өзін-өзі қаржыландыруды және мүлкін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қараөткел" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының өзін Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган етіп белгілеу туралы ұсынысына келісім берілсін.
      3. Уәкілетті органға заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Кәсіпорынның жарғысын бекіту және оны әділет органдарына тіркеуді қамтамасыз ету;
      2) Кәсіпорынның жарғылық капиталын қалыптастыру;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдау ұсынылсын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі