Ескерту: Атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 302 қаулысымен .
Қазақстан Республикасының банк заңдарын, сондай-ақ ұлттық экономиканың қаржылық өсуiн қамтамасыз етуге ықпал ететiн шараларды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
1. Банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулық бекiтiлсiн және 2000 жылғы 1 қазаннан бастап күшiне енгiзiлсiн.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 9 қазан N 377
қаулысымен
,
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 302
қаулысымен
.
2. Банктердi қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Банктер қаражатының бiр бөлiгін iшкi активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апталық мерзiмде осы қаулыны және Банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру тәртiбi туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 302
қаулысымен
.
3. Осы қаулы және Банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулық күшiне енгiзiлген күннен бастап:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Шетелдiң қатысуымен құрылған банктер қаражатының бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 18 маусымдағы N 128
қаулысының
;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 18 маусымдағы N 128
қаулысымен
бекітілген Шетелдік қатысуымен құрылған банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру ережесінің күші жойылды деп танылсын.
Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 9 қазан N 377
қаулысымен
,
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 302
қаулысымен
.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т.Жанкелдинге жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2000 жылғы 2 маусымдағы
N 262 қаулысымен бекітілген
Банктер қаражатының бiр бөлiгiн
iшкi активтерге орналастыру жөніндегі
нұсқаулық
Ескерту: Атауына өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 302 қаулысымен .
Осы Нұсқаулық банктер жүргізіп отырған операциялардың тәуекелін барынша азайтуға бағытталған екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу мақсатында "Қазақстан Республикасындағы
банктер және банк қызметі
туралы", "
Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы
" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын банктерді қоспағанда, екінші деңгейдегі банктердің меншікті және тартылған қаражатын ішкі активтерге орналастыру шарттарын нақтылайды.
Ескерту: Кіріспе жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 302
қаулысымен
.
1. Банктер есеп беретін айдың ішінде меншікті қаражатын және тартылған қаражатты ішкі активтерге орналастырады, бұл ішкі активтердің орташа айлық мөлшерінің жарғылық капиталдың орташа айлық мөлшері, реттелген борыштың орташа айлық мөлшері, мерзімсіз қаржы құралдарының орташа айлық мөлшері, банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық мөлшері және ішкі міндеттемелердің орташа айлық мөлшерінің сомасына қатынасы 1-ден кем болмауы тиіс.
Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008.01.25.
N 8
(2008 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының резиденттеріне талаптар (ақша, орналастырылған салымдар, берiлген заемдар, борыштық бағалы қағаздар, дебиторлық берешек), Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының жарғылық капиталына қатысуы, материалдық емес активтер және тазартылған қымбат металдар, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымалы және жылжымайтын мүлiк банктiң iшкi активтерi болып табылады.
Банк шығарған борыштық бағалы қағаздардан басқа, Қазақстан Республикасының резиденттерi алдындағы мiндеттемелер - банктiң iшкi мiндеттемелерi болып табылады.
Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004.10.25
N 302
, 2008.01.25.
N 8
(2008 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
Ескерту: Бұдан әрі мәтін бойынша "депозиттер" және "кредиттер" деген сөздер "салымдар" және "заемдар" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 302
қаулысымен
.
3. Банктiң iшкi активтерi мен міндеттемелерiнiң орташа айлық көлемi мерзімі өткен берешекті, есептелген сыйақыны, дисконттарды, сыйлықақыларды, оң/теріс түзетулерді ескеріп, банктiң iшкi активтерi мен міндеттемелерiнiң жалпы сомасының тиiстi есеп беретiн айдағы жұмыс күнiне қатынасы ретінде есептеледi.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008.06.30.
N 91
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз) Қаулыcымен.
3-1. Банктің жарғылық капиталының орташа айлық мөлшері және реттелген борышы есепті кезеңнің әрбір жұмыс күнінің жағдайы бойынша жарғылық капитал мен реттелген борыш сомасының тиісті есепті кезеңнің жұмыс күндерінің санына қатынасы ретінде есептеледі.
Ескерту: 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 302
қаулысымен
.
4. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) және банктер iшкi активтердi орташа айлық мөлшерiн, қаражаттың бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру коэффициентiн және осы Нұсқаулықтың 1-тармағына сәйкес iшкi мiндеттемелердiң орташа айлық мөлшерiн ай сайын есептейдi. Осы есептеулер банктер уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес электрондық тасымалдағышта ұсынатын баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есептiң және банктер осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық тасымалдағышта уәкiлеттi органға ұсынатын қаражаттың бiр бөлiгiн iшкi активтерге орналастыру коэффициентiн есептеуге арналған қосымша мәлiметтер (бұдан әрi - қосымша мәлiметтер) негiзiнде жасалады.
Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310
қаулысымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз).
4-1. Осы Нұсқаулықтың 1-3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша жасалған, 4-тармақта көрсетiлген қағаз жазбадағы есептеулер мен қосымша мәлiметтерге бiрiншi басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам, бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырылады және банкте сақталады. Банк уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұратуды алған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей есептеулер мен қосымша мәлiметтердi қағаз жазбада ұсынады.
Ескерту: 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005.08.27
N 310
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз), өзгерту енгізілді - 2008.01.25.
N 8
(2008 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
4-2. Банктер қосымша мәліметтерді уәкілетті органға күн сайын электрондық тасымалдағышта есепті күннен кейін келетін жетінші жұмыс күні Астана қаласы бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей ұсынады.
Ескерту: 4-2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.01.25.
N 8
(2008 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
4-3. Электрондық тасымалдағыштағы қосымша мәлiметтер ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдаланумен ұсынылады.
Ескерту: 4-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310
қаулысымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
).
РҚАО-ның ескертуі!
4-4-тармаққа 2008 жылғы 1 шілдеде ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008.01.25.
N 8
Қаулысымен өзгерту енгізіледі.
4-4. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердiң қағаз жазбадағы деректермен сәйкестiгiн банктiң бiрiншi басшысы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адамы қамтамасыз етедi.
Ескерту: 4-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005.08.27
N 310
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз), 2008.01.25
N 8
(2008 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
5. <*>
Ескерту: 5-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310
қаулысымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
).
6. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шешiлуi тиiс.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі
активтерге орналастыру жөніндегі
Нұсқаулыққа
1 қосымша
Ескерту: 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008.01.25. N 8 (2008 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді - 2008.06.30. N 91 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
_____________________________________
банктің атауы
200__ жылғы "___"________ ішкі активтердің орташа айлық
мөлшерінің және қаражаттың бір бөлігін ішкі активтерге
орналастыру коэффициентінің есебі
Активтер |
Есеп беретін
|
Ішкі
|
||||
А |
1 |
2 |
3 |
... |
n |
|
1. Ақша мен салымдар |
|
|
|
|
|
|
2. Берілген заемдар |
|
|
|
|
|
|
3. Борыштық бағалы қағаздар |
|
|
|
|
|
|
4. Дебиторлық берешек |
|
|
|
|
|
|
5. Жарғылық капиталға қатысуы |
|
|
|
|
|
|
6. Тазартылған қымбат металдар |
|
|
|
|
|
|
7. Жылжымалы мүлік |
|
|
|
|
|
|
8. Жылжымайтын мүлік |
|
|
|
|
|
|
9. Материалдық емес активтер |
|
|
|
|
|
|
10. Ішкі активтер бойынша есептел-
|
||||||
11. Ішкі активтер бойынша мерзімі
|
||||||
Қазақстан Республикасындағы
|
|
|
||||
Ішкі активтердің орташа айлық
|
|
|
|
|
|
|
Жұмыс күнінің айлық саны _________
Банктің меншік капиталының мөлшері _________
Жарғылық капиталдың орташа айлық мөлшері _________
Ішкі активтердің орташа айлық мөлшері _________
Ішкі міндеттемелердің орташа айлық мөлшері _________
Ішкі активтерге қаражаттың бір бөлігін
орналастыру коэффициенті _________
Бірінші басшы немесе
есепке қол қоюға уәкілетті адам
___________________________________________
(фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
Бас бухгалтер
___________________________________________
(фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
күні мөр
Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі
активтерге орналастыру жөніндегі
Нұсқаулыққа
2 қосымша
Ескерту: 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008.01.25. N 8 (2008 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді - 2008.06.30. N 91 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен Қаулысымен.
_____________________________________
банктің атауы
200__ жылғы "___"________ ішкі және өзге міндеттемелердің
орташа айлық мөлшерінің есебі
Міндеттемелер және жарғылық
|
Есеп беретін айдың күндері
|
||||
1 |
2 |
3 |
... |
n |
|
1. Салымдар |
|
|
|
|
|
2. Алынған заемдар |
|
|
|
|
|
3. Кредиторлық берешек |
|
|
|
|
|
Ішкі міндеттемелердің орташа
|
|
||||
4. Реттелген борыш |
|
|
|
|
|
5. Банк шығарған борыштық
|
|
|
|
|
|
6. Мерзімсіз қаржы құралдары |
|
|
|
|
|
7. Төленген жарғылық капитал
|
|
|
|
|
|
8. Ішкі және өзге міндеттемелер
|
|||||
9. Ішкі және өзге міндеттемелер
|
|||||
Орташа айлық ішкі
|
|
Бірінші басшы немесе
есепке қол қоюға уәкілетті адам
___________________________________________
(фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
Бас бухгалтер
___________________________________________
(фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
күні мөр
Банктер қаражатының бiр
бөлiгiн iшкi активтерге
орналастыру тәртiбi туралы
нұсқаулыққа 3-қосымша
Ескерту: 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008.01.25. N 8 (2008 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді - 2008.06.30. N 91 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
_____________________________________
банктің атауы
200__ жылғы "___"________қаражаттардың бір бөлігін ішкі
активтерге орналастыру коэффициентін есептеуге
арналған қосымша мәліметтер
Белгі-
|
Көрсеткіш атауы |
Сомасы |
1 |
2 |
3 |
8801 |
Қолма қол теңге |
|
8802 |
Қазақстан Республикасының
|
|
8803 |
Қазақстан Республикасының
|
|
8804 |
Қазақстан Республикасы
|
|
8805 |
Қазақстан Республикасы
|
|
8806 |
Жарғылық капиталға қатысуы |
|
8807 |
Қазақстан Республикасы
|
|
8808 |
Қазақстан Республикасы
|
|
8809 |
Қазақстан Республикасы
|
|
8810 |
Қазақстан Республикасында-
|
|
8811 |
Қазақстан Республикасы
|
|
8812 |
Қазақстан Республикасы
|
|
8813 |
Қазақстан Республикасы
|
|
8814 |
Қазақстан Республикасы
|
|
8815 |
Ішкі активтер бойынша
|
|
8816 |
Ішкі активтер бойынша
|
|
8817 |
Ішкі және өзге міндеттеме-
|
|
8818 |
Ішкі және өзге міндеттеме-
|
Бірінші басшы немесе
есепке қол қоюға уәкілетті адам
___________________________________________
(фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
Бас бухгалтер
___________________________________________
(фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
күні мөр.