Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 14 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1155.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасындағы төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлердi "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне банк құпиясы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2000 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апталық мерзiм өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
      2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастан екi апталық мерзiмде осы қаулыны  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
      Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 74 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкi Басқармасының 
2000 жылғы 25 сәуiрдегi N 179
қаулысымен         
"БЕКIТIЛГЕН"        

Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын
пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен
аударымдарын жүзеге асыру ережесi

1-бөлiм. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асырғанда төлем құжаттарының түрлерiн және оларды ресiмдеу мен пайдалануды белгiлейдi.

      2. Осы Ереже ақшаны жөнелтуге банк есепшотын ашпай ақша төлемдерін және аударымдарын жасаумен, қолма-қол ақша өткізу жолымен жүзеге асырылатын төлемдермен байланысты қатынастарға, сондай-ақ төлем карточкасының көмегімен аударымдарды жүзеге асыру тәртібіне қолданылмайды.
      Осы Ереже клиент және оған қызмет көрсететiн банк арасындағы шартқа сәйкес жасалатын:
      1) осы банктегi бiр клиенттiң иелiгiндегi банк есепшоттары бойынша;
      2) клиенттiң банк есепшоттары бойынша солардың есебiндегi ақша сомаларының өзгерiстерiн бухгалтерлiк есепте көрсету, оның iшiнде тиесiлi сыйақыны көрсету үшiн банк жүргiзетiн;
      3) клиенттiң банктiк есепшотына қызмет көрсеткенi үшiн банктiң комиссиялық алымдарды алуы бойынша қолма-қол жасалмайтын төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбiн реттемейдi (төлем құжаттарын қайтарып алу немесе орындауды тоқтата түру туралы өкiмдердi ресiмдеуден басқа).
      Ескерту: 2-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 қаулысымен, 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 20 қаулысымен.

      3. Осы Ережеде "Ақша төлемi мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабында көрсетiлген негiзгi ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) валюталау күнi - бастамашы өзiнiң төлем тапсырмасында көрсеткен және "валюталау күнi" деп аталған бенефициар ақшаны алуы тиiс күн;
      2) дебеттiк аударымдар - ақша жөнелтушi төлеуi үшiн бенефициардың банкке төлем құжаттарын ұсынуы жолымен жүргiзiлетiн қолма-қол жасалмайтын төлемдер;
      3) кредиттiк аударымдар - бастамашының алушы-банкке төлем тапсырмасын ұсынуы жолымен жүргiзiлетiн қолма-қол жасалмайтын төлемдер;
      4) төлем құжаты - азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң, шарттардың талаптарына, Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларына және соттың шешiмдерiне сәйкес ақша мiндеттемесiн орындауға негiз болатын немесе жасауға көмектесетiн құжат;
      5) төлем аудару жүйесi - белгiленген ережелер бойынша нұсқаулар жiберу және ақша аудару тәртiбi;
      6) инкассалайтын банк - бенефициардың талабын ақша жөнелтушiнiң банкiне немесе ақша жөнелтушiге осы Ереженiң талаптарына сәйкес оны кейiннен төлеуi үшiн өткiзу жөнiндегi мiндеттеменi өзiне алатын банк.

      4. Нұсқауды керi қайтарып алу не оның орындалуын тоқтата тұру туралы нұсқаулар мен өкiмдердi алушы-банк тек өзi белгiлеген операциялық күн iшiнде қабылдайды.

      5. Егер нұсқауды керi қайтарып алу не оның орындалуын тоқтата тұру туралы нұсқау немесе өкiм операциялық күн аяқталғаннан кейiн алынса, онда мұндай нұсқауға немесе өкiмдi алушы-банк келесi операциялық күннiң басында алған болып саналады.
      Егер бастамашының нұсқауында белгiленген валюталау күнi жұмыс iстемейтiн күнге келсе, онда келесi жұмыс күнi валюталау күнi болып саналады.

      6. Алушы-банк акцептелген нұсқау бойынша жөнелтушiнiң ақшасын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен, алуға (оның банк есепшотын дебиттеуге) құқылы.

      7. Құжаттық есеп айырысу - бұл сатып алушы мен сатушы арасындағы жазбаша келiсiмде көзделген және банк iшiнде қолданылатын: коносамент, көлiк тауар құжаттамасы, тасымалдаудың аралас түрлерінің көлiк құжаты, курьерлiк және пошталық түбiршек, сақтандыру полисi, коммерциялық есепшот, сапа сертификаты, варрант, тауардың шығу тегi туралы куәлiк, жүктiң салмағы туралы анықтама және басқа құжаттарды ұсынғанда банк жүзеге асыратын төлем.
      Құжаттың есеп айырысу түрлерi болып құжаттық аккредитив (бұдан әрi - аккредитив) және құжаттық инкассо (бұдан әрi - инкассо) болып табылады.

      8. Аккредитив - бұл клиенттiң нұсқаулығымен және өтiнiшi бойынша немесе өз қалауы бойынша көрсетiлген бенефициарға немесе оның бұйрығымен төлем немесе бенефициар талап еткен аударым вексельдерiне акцепт және төлеу немесе аккредитивте көзделген құжаттарға қарсы белгiленген мерзiмге негоциация жасауға, егер аккредитивтiң барлық талаптары сақталса, банк өзiне алған мiндеттеме.
      Аккредитив сатып алу-сату шартынан немесе басқа шарттан ерекшеленген мәмiле болып табылады.

      9. Инкассо - бұл сатып алушы мен сатушы арасындағы келiсiмде көзделген бастамашы берген төлем және басқа құжаттың есеп айырысуда ұсынылатын құжаттардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көрсетiлген акцепт және/немесе төлем алу мақсатындағы басқа құжаттардың негiзiнде жүзеге асырылатын банк операциясы.

      10. Аккредитив және инкассо Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес қолданылады.

      11. Қазынашылықтың аумақтық бөлімшелерінде ашылған мемлекеттiк мекемелердiң есепшоттарынан ақша төлемi мен аударымын жүргізу тәртiбi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi.
      Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасы төрағасының 2007.04.30 N 50 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен асып түсетін мәміле бойынша заңды тұлғалар арасындағы төлемдер тек қолма-қол жасалмайтын тәртіппен ғана жүзеге асырылады.
      Ескерту: 12-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі  Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен.

2-бөлiм. Төлем құжаттары
1-тарау. Төлем құжаттарының түрлерi
мен ресiмдеу тәртiбi

      13. Төлем құжаттарының түрлерi:
      1) төлем тапсырмасы;
      2) чек;
      3) вексель;
      4) төлемдiк талап-тапсырма;
      5) инкассалық өкiм, салық қызметi органдарының және кеден органдарының инкассалық өкiмi;
      6) Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген басқа төлем құжаттары.

      14. Төлем құжаттарында Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көрсетiлгеннен басқа жағдайларда мынадай деректемелер болуы тиiс:
      1) төлем құжатының атауы;
      2) төлем құжатының номерi, оның жазылған күнi, айы, жылы. Күн - санмен, ай - жазумен, жыл - санмен жазылады. Компьютердi пайдаланып ресiмделген төлем құжаттарында айды санмен белгiлеуге болады;
      3) ақша жөнелтушi - осы Ережеде көзделген жағдайларды қоспағанда заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанын қоса толық атауы не жеке адамның аты-жөнi, оның жеке бiрдейлестiру коды;
      4) ақша жөнелтушi банктiң ұйымдық-құқықтық нысанын қоса толық атауы, оның банктiк бiрдейлестiру коды (атауымен қатар оның фирмалық белгiсi қойылуы мүмкiн);
      5) бенефициар - заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанын қоса, толық атауы не жеке адамның аты-жөнi, оның жеке бiрдейлестiру коды;
      6) бенефициардың банкiнiң ұйымдық-құқықтық нысанын қоса, толық атауы не оның банктiк бiрдейлестiру коды (атауымен қатар оның фирмалық белгiсi қойылуы мүмкiн);
      7) төлемнiң мақсаты, сондай-ақ Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген оның код белгiсi;
      8) санмен және жазумен көрсетiлген төлем сомасы;
      9) ақша төлемi және/немесе аударымы бастамашысының уәкiлеттi адамының аты-жөнi және қолы, егер бар болса - оның мөрiнiң таңбасы (қағазға жазылған құжаттар үшiн);
      10) бенефициар және ақша жөнелтуші - салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі - СТН) (вексельдерден және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес СТН қою талап етілмейтін басқа да төлемдік құжаттардан басқа).
      Мұндайда ақша жөнелтушiнiң және бенефициардың, сондай-ақ олардың жеке бiрдейлестiру кодтары төлем құжаттарында бiр рет көрсетiлуi тиiс. Сондай-ақ жөнелтушiнiң, бенефициардың және оларға қызмет көрсететiн банктердiң ұйымдық-құқықтық нысандарын банктер мен клиенттердiң жұмысын қиындатпайтындай етiп қысқартуға болады.
      Ескерту: 14-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі  Басқармасының 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 13; өзгерту енгізілді 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) қаулыларымен.

      15. Жөнелтушiнiң қағаз жазбадағы төлем құжатында жөнелтушiнiң уәкiлеттi адамының қолы және қол қою және мөр таңбасы үлгiлерiне сәйкес оның мөрiнiң таңбасы қойылуы тиiс. Мұндайда, егер қол қою және мөр таңбасы үлгiлерi бар құжатта банк есепшотына билiк ететiн уәкiлеттi адамдар ретiнде бiрiншi және екiншi қол қою құқығы бар адамдар көрсетiлсе, төлем құжатында осы адамдардың қолы мiндеттi түрде болуы тиiс.

      16. Ақша төлемiн және/немесе аударымын жасағанда банк төлем құжаттарында қосымша деректемелердiң қойылуын, егер бұл талаптар Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделсе, талап етуге құқылы.

      17. Төлем құжаттары және төлем құжаттарын кері қайтарып алу туралы өкім электрондық түрде де, қағаз жазбасында да ұсынылуы мүмкiн. Электрондық төлем құжаттары және төлем құжаттарын кері қайтарып алу туралы өкім электрондық төлем хабарлары үшiн белгiленген нысандарға сәйкес құралады және банкке электрондық байланыс арналары мен телекоммуникациялар бойынша жiберiледi.
      Ескерту 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 85 қаулысымен.

      18. Төлем құжаттарын және төлем құжатын керi қайтарып алу туралы немесе оны орындауды тоқтата тұру туралы өкiмдi магниттi тасымалдаушымен ұсынуға тек санкцияланбаған төлемдерден қорғау тәртiбi сақталған жағдайда ғана жол берiледi. Сонымен бiрге, егер Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде басқаша көзделмесе, магниттi тасымалдаушыдағы ақпаратта банк қабылдаған бағдарламалық-криптографиялық қорғау жүйесi болуы тиiс.

      19. Факс арқылы төлем құжатын не оны қайтарып алу туралы немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкiмдi беру үшiн банк өзiне қойылған қолдарды және мөр таңбаларын бар үлгiлермен визуальды салыстырып тексеруден басқа, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген қорғау iс-қимылдарының өзге элементтерi кiретiн санкцияланбаған ақша төлемдерiнен және/немесе аударымдарынан олар жасаған қорғау iс-қимылдарының тәртiбiн сақтауға мiндеттi.

      20. Төлем құжаттарында не оларды керi қайтарып алу туралы немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкiм мемлекеттiк және/немесе орыс тiлдерiнде жасалуы тиiс. Оларды жасағанда өзге тiлдердi пайдалану мүмкiндiгi банктер және оның клиентi арасында шартпен белгiленедi.

      21. Электрондық тасымалдаушымен орындалған төлем құжатында не оларды керi қайтарып алу туралы немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкiмде кез келген түзетулер жасауға болмайды. Банк түзетулердi, түзеулердi, сондай-ақ санмен және жазумен көрсетiлген сомалардың сәйкес келмеуiн байқаған жағдайда, банк төлем құжатын орындауға қабылдамайды және үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, қайтару себебi көрсетiлiп оның бастамашысына қайтарады.

      22. Алушы-банк немесе бенефициар банкi ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру тәсiлдерiн қолданудың ережелерi мен ерекшелiктерiн реттейтiн осы Ереженiң және Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес емес нысанда толтырылған және ұсынған, сондай-ақ клиенттiң деректемелерi (оның атауы, жеке бiрдейлестiрiлген (бұдан әрі - ЖБК), СТН коды) төлем құжатында көрсетiлген деректемелерге, сәйкес келмеген жағдайда, ал салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу кезінде - бюджеттік жіктеу кодының сандық белгісі болмаған және/немесе оның "төлем мақсаты" жолында көрсетілген мәтіндік атауына сәйкес келмеген жағдайда, төлем құжатын акцептеуден бас тартады. Банктiң төлем құжатын акцептеуден бас тартуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздемелер бойынша оны алған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүзеге асырылады.
      Егер басқа деректемелері (СТН) банк клиентін бірегейлендірсе, клиенттің инкассалық өкімде көрсетілген атауы оның нақты атауына сәйкес келмеген жағдайда салық органдары электрондық тәсілмен ұсынған инкассалық өкімді акцептеуден бас тартуға жол берілмейді.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 20 қаулысымен, 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20 қаулысымен, 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 13 қаулысымен, 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен, 2007.04.30. N 50 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2009.08.24 N 85; 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) қаулыларымен.

      22-1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қазынашылығының аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі - қазынашылықтың аумақтық бөлімшелері) төлем құжаты "төлем мақсаты" бағанында мемлекеттік мекеменің бес миллион теңгеден артық сомадағы, бенефициар ұсынатын хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) болған кезде орындалуы тиіс азаматтық-құқықтық мәмілелерін (міндеттемелерін) тіркеу туралы хабарламаның нөмірін, күні көрсете отырып, банкте бенефициардың жеке ісіне тігіліп, сақталады. Хабарламада қазынашылықтың аумақтық бөлімшелері және мемлекеттік мекеме басшыларының қолдары, мөрлерінің таңбасы болуы тиіс.
      Бенефициардың хабарламада көрсетілген деректемелері (атауы, СТН, ЖБК) төлем құжатында көрсетілген деректемелерге сәйкес келуі тиіс.
      Төлем құжатының "төлем мақсаты" бағанында хабарламаның нөмірі мен күнінен басқа төлемнің "ағымдағы" немесе "түпкілікті" мәртебесі көрсетілуі тиіс. Банкте сақталған хабарламаның нөмірі және күні "төлем мақсаты" бағанында көрсетілген хабарламаның нөмірімен және күнімен сәйкес келуі тиіс.
      Осы тармақтың бірінші, екінші және үшінші абзацтарында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, банк заң актілерінде акцепт үшін көзделген мерзім ішінде осындай төлем құжатын орындамастан оның жөнелтушісіне қайтарады.
      Банк "ағымдағы" төлем мәртебесі бар төлем құжатын орындаған кезде хабарламаның сыртқы жағына негізінде төлем жүзеге асырылған төлем тапсырмасының деректемелері, орындалған төлемнің сомасы және хабарлама бойынша төленуі тиіс қалған сома көрсетіледі. Банк "түпкілікті" төлем мәртебесі бар төлемді жүзеге асырған кезде хабарламаның сыртқы жағына бұл туралы тиісті белгі қояды.
      Бенефициар ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталық, Орталық депозитарий көрсетілген мемлекеттік борышты, зейнетақы төлемдерін, әлеуметтік төлемдерді, мемлекеттік арнайы және мемлекеттік әлеуметтік және өзге әлеуметтік жәрдемақыларды өтеуге және қызмет көрсетуге байланысты төлем құжаттарына, сондай-ақ бенефициар ретінде алушы банк көрсетілген төлем құжаттарына хабарлама ұсыну талап етілмейді.
      Ескерту: 22-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2004.01.24 N 13; 2005.08.27 N 95; 2007.04.30. N 50 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) қаулыларымен.

      22-2. Егер есептелетін ақша сомасы мемлекеттік бюджеттен төленетін жәрдемақылармен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдермен байланысты болмаған жағдайда, бенефициардың банкі көрсетілген жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді аудару үшін жеке тұлға-клиенттің талап етуі бойынша ашылған ағымдағы шотқа ақша аударуды көздейтін төлем құжатын акцептеуден бас тартады.
      Ескерту. Ереже 22-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.03.25 N 24 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      23. Ақша жөнелтушiнiң ақшасын оның банк есепшотынан алу ақша жөнелтушi акцептеген төлем құжаты не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның акцептелуiн талап етпейтiн төлем құжаты негiзiнде жүргiзiледi.

      24. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқаша көзделмесе, қағаз жазбада орындалған ұсынылатын төлем құжаттары және төлем құжатын керi қайтарып алу немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкiмдерi даналарының санын әр банк өзi белгiлейдi және оның ережесiнде операциялар жүргiзудiң жалпы талаптары туралы айтылады.

      25. Банк ақша төлемiн және/немесе аударымын жүзеге асыру бойынша ақша жөнелтушi және/немесе нұсқау жөнелтушi алдындағы оның мiндеттемелерiне байланысты емес шағымдарды қарауға мiндеттi емес.
      Ақша жөнелтушi мен бенефициар арасындағы шағымдар алушы-банктiң акцепт нұсқауы заңды болғанда ғана алушы-банктiң қатысуынсыз Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.

      26. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқаша көзделмесе, төлем құжаттарында оларды iшiнара орындау туралы талап қоюға болмайды.

2-тарау. Төлем тапсырмасы

      27. Төлем тапсырмасы тапсырмада көрсетiлген сомадағы бенефициардың пайдасына оның ақшасын аудару туралы ақша жөнелтушiнiң қызмет көрсететiн алушы-банкке тапсырмасын бiлдiредi.

      28. Ақша жөнелтушi қызмет көрсететiн алушы-банкке төлем тапсырмасын белгiленген нысандағы бланкте (N 1 қосымша) ұсынады.
      "Төлемнiң мақсаты бағанында ақша жөнелтушi ақша аударымын жүзеге асыруға негiз болатын құжаттың (құжаттардың) атауын, номерiн және күнiн, және өзге де деректемелерiн, егер олар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтiк құқықтық актiлерiнде тiкелей көзделсе сондай-ақ "төлем мақсатының коды" бағанында төлемнiң код белгiлерiн көрсетуге мiндеттi.
      Заңды тұлға өзінің құрылымдық бөлімшелері үшін салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу кезінде "төлем мақсаты" бағанында ең алдымен, төлем жүзеге асырылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің СТН, одан кейін оның атауы көрсетіледі.
      Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу кезінде төлем тапсырмасында "төлем мақсаты" жолында көрсетілген осындай кодтың мәтіндік атауына және төлем мақсатына сәйкес келетін бюджеттік жіктеу кодының сандық белгісі қосымша көрсетіледі. Төлем тапсырмасында бюджеттік жіктеу кодын көрсетудің дұрыстығы үшін жөнелтуші жауапкершілік атқарады.
      Зейнетақы жарналарын немесе әлеуметтік аударымдарды төлеуге ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде жөнелтуші төлем тапсырмасымен бірге бір мезгілде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес ресімделген зейнетақы жарналары немесе әлеуметтік аударымдар төленетін тұлғалардың тізімін (бұдан әрі - тізім) алушы банкке ұсынады. 50-ден астам позициясы (аты-жөндері) бар тізімді алушы-банкке электрондық тасымалдағыштардағы тізімнің көшірмесін қоса бере отырып ұсынады. Алушы-банк егер бұл алушы-банктің ішкі құжаттарымен белгіленген жағдайда, 50 және одан да аз позициясы (аты-жөндері) бар тізімнің электрондық көшірмесін ұсынуды талап етуге құқылы.
      Ескерту: 28-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2003.01.31 N 20, 2004.01.24 N 13, 2005.08.27 N 95; 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2009.08.24 N 85; 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) қаулыларымен.

      29. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге ұлттық валютамен, сол сияқты шетел валютасымен төлем жасау және/немесе ақша аударымын жүзеге асыру кезiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының валюталық заңдарының талаптарын сақтай отырып Қазақстан Республикасы аумағында шетел валютасымен төлем жасағанда және/немесе ақша аударымын жүзеге асырған кезде ақша жiберушiнiң қызмет көрсетушi алушы банкке ақша аудару туралы төлем тапсырмасы болып табылатын, белгiленген нысандағы (N 2 қосымша) бланкiлерге толтырылған ақша аударуға өтiнiшi пайдаланылады.
      Банк ақша аударуға берiлетiн өтiнiште осы Ереженiң N 2 қосымшасындағы нысанда көрсетiлген деректемелерден басқа осы өтiнiштi өңдеу үшiн оған қажет болатын ақша жiберушi туралы қосымша мәлiметтердi қосуға құқылы. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда банк ақша жiберушi туралы басқа да мәлiметтердi толтыруды талап етедi. Қазақстан Республикасынан тыс резидент еместiң пайдасына ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру кезiнде банк ақша аудару үшiн берiлген өтiнiште бенефициардың СТН көрсетудi талап етпеуге құқылы.
      Ескерту: 29-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000.12.29 N 488; жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2002.01.18 N 20, 2003.01.31 N 20; 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) қаулыларымен.

      30. Ақша аударуға жазылған күнi көрсетiлген төлем тапсырмасы-өтiнiшiн алушы-банк он күнтiзбелiк күн iшiнде қабылдайды.
      Ақша аударуға төлем тапсырмасынан немесе өтiнiшiнен басқа ақша жөнелтушi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алушы-банктiң талабы бойынша төлемнiң дәлелдiлiгiн растайтын құжаттар ұсынуға мiндеттi.

      31. Қызмет көрсететiн алушы-банкпен келiсiм бойынша ақша жөнелтушi ақша аударуға төлем тапсырма-өтiнiшiнде валюталау күнiн көрсетуiне болады.

3-тарау. Төлемдiк талап-тапсырма

      32. Төлемдiк талап-тапсырма ақша жөнелтушiге жеткiзiлген тауарларға, орындалған жұмысқа, көрсетiлген қызметке ақы төлеу туралы көрсетiлген талапты растайтын құжаттар негiзiнде ұсынылатын бенефициардың талабын бiлдiредi.

      33. Бенефициар төлемдiк талап-тапсырманы белгiленген нысандағы бланкiде (N 3 қосымша) бенефициардың банкiне немесе тiкелей ақша жөнелтушiнiң банкiне ұсынуға құқылы.
      Бенефициар бенефициардың банкiне бiрнеше төлемдiк талап-тапсырмаларды ұсынған жағдайда, оларға төлемдiк талап-тапсырмалардың тiзiлiмi белгiленген нысандағы бланкiде (N 4 қосымша) қоса берiледi.
      Төлемдiк талап-тапсырманың "төлемнiң мақсаты" бағанында бенефициар төлемдiк талап-тапсырманы ұсынуға негiз болатын құжаттар деректемелерiн және өзге де деректемелерiн, егер олар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде тiкелей көзделсе көрсетуге мiндеттi.
      Ескерту: 33-тармақ жаңа редакцияда жазылды, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488, 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20 қаулыларымен.

      34. Төлемдiк талап-тапсырма тiзiлiммен бiрге бенефициардың банкiне ұсынылады, ол бенефициардың барлық деректемелерi толтырылуының толықтығын тексерiп, төлемдiк талап-тапсырманы осы Ережеде белгiленген тәртiппен ақша жөнелтушiнiң банкiне жiбередi.

      35. Бенефициарға және ақша жөнелтушiге бiр алушы-банк қызмет көрсеткен, сондай-ақ төлемдiк талап-тапсырманы бенефициардың банкiсiз ақша жөнелтушiнiң банкiне ұсынған жағдайда тiзiлiмдi қоса беру қажет емес.

      36. Жазылған күнi көрсетiлген төлемдiк талап-тапсырма мен қоса берiлген тiзiлiмдi бенефициар отыз күнтiзбелiк күн iшiнде бенефициардың банкiне ұсынуы мүмкiн немесе төлемдiк талап-тапсырма ақша жөнелтушiнiң банкiне ұсынылуы мүмкiн.
      Ескерту: 36-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488, 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулыларымен.

      37. Ақша жөнелтушiнiң акцептеуiн талап етпейтiн төлемдiк талап-тапсырмаларды қоспағанда, ақша жөнелтушi банк тек ақша жөнелтушiнiң акцептi болған жағдайда ғана төлемдiк талап-тапсырманы орындауға тиiс.
      Ақша жөнелтушiнiң акцепт туралы белгi қою үшiн төлемдiк талап-тапсырма бланкiсiнiң бет жағында орын жетiспеген жағдайда, осы жазба бланктiң сырт жағына жасалады.

      38. Егер жөнелтушi ақша жөнелтушiнiң банкiне төлемдiк талап-тапсырманы оған ақша жөнелтушiнiң өзiнiң банк есепшотынан ақшаны акцепсiз алуға келiсiмi бар құжаттарды қосып ұсынса, ондай төлемдiк талап-тапсырма ақша жөнелтушiнiң акцептеуiн талап етпейдi.

4-тарау. Инкассалық өкiм

      39. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда ақша жөнелтушiнiң банк есепшоттарынан ақша жөнелтушiнiң келiсiмiнсiз ақша алу үшiн пайдаланылатын төлем құжаты белгiленген нысандағы бланкте (N 5 қосымша) ұсынылған инкассалық өкiм, сондай-ақ салық қызметi органдарының және кеден органдарының (N 6 қосымша) инкассалық өкiмi болып табылады.

      40. Ақшаны өндiрiп алушы ақша жөнелтушiнiң банкiне осы өндiрiп алудың дәлелдiгiн растайтын орындалатын парақтардың немесе сот шешiмдерi, үкiмдерi, анықтамалары және қаулылары бойынша берiлетiн бұйрықтардың не ақшаны өндiрiп алу туралы сот бұйрығының түпнұсқаларын қоса инкассалық өкiмдi немесе соттың мөрiмен расталған олардың көшiрмелерiн ұсынады.
      Ақша жөнелтушiнiң банк есепшотынан оның келiсiмiнсiз ақша алудың дәлелдiгiн растайтын орындалатын құжат, егер орындалатын құжаттың мәтiнiнде өзгеше белгiленбесе, банкке көрсету үшiн тек бiр инкассалық өкiмнiң негiзi ғана болып табылады.
      Салық қызметi және кеден органдарының инкассалық өкiмдерi осы өндiрiп алудың дәлелдiгiн растайтын орындалатын құжаттарсыз ұсынылады.
      Ескерту: 40-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 қаулысымен.

      41. Инкассалық өкiмде ақша жөнелтушiнiң банк есепшотынан оның келiсiмiнсiз ақша (оның күнi және номерi) алу (өндiрiп алу) құқығы көзделетiн заң актiлерiне сiлтемемен төлемнiң мақсаты көрсетiледi.
      Орындалатын құжатта көрсетiлген ақша төлемiнiң/аударымының сомасы инкассалық өкiмде көрсетiлген сомамен сәйкес келуi тиiс.

      42. Салық және кеден қызметi органдарының инкассалық өкiмiнде бюджеттiк жiктеу коды, операция түрi қосымша көрсетiледi.
      Операциялар түрi жолында тиiсiнше кодтар көрсетiледi:
      03 - салық органының бюджетке берешегі бар салық төлеушiнiң банктiк шотына қойылған инкассалық өкiмi;
      04 - салық органының дебитордың банктiк шотына қойылған инкассалық өкiмi;
      05 - кеден органының бюджетке берешегi бар салық төлеушiнiң банктiк шотына қойылған инкассалық өкiмi;
      07 - міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегі бар агенттің банктік шотына салық органы берген инкассалық өкім.
      09 - әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар төлеушінің банктік шотына ұсынылған салық органының инкассалық өкімі
      Салық органының міндетті зейнетақы жарнасы бойынша берешекті өндіріп алуға арналған инкассалық өкімінде "бенефициар" бағанында Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық көрсетіледі, "бенефициар банк" бағанында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті бөлімшесі көрсетіледі.
      "Бенефициар" бағанында әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алуға арналған салық органының инкассалық өкімінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, "бенефициар банк" бағанында - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті бөлімшенің атауы және "делдал банк" бағанында - Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталық көрсетіледі.
      Салық органдары зейнетақы жарналары немесе әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алуға арналған инкассалық өкіммен бір мезгілде алушы-банкке тізімдерді ұсынады. 50-ден астам позициясы (аты-жөндері) бар тізімді алушы-банкке электрондық тасымалдағыштардағы тізімнің көшірмесін қоса бере отырып ұсынады.
      Ескерту: 42-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20, 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 13, 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95, 2006 жылғы 12 тамыздағы N 74 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.

      43. Өндiрiп алудың, сондай-ақ ақша жөнелтушiнiң келiсiмiнсiз қаражатты есептен шығару үшiн негiздемеге сiлтеме жасау дұрыстығына өндiрiп алушы жауап бередi. Банктер ақша жөнелтушiлердiң олардың келiсiмiнсiз банк есепшоттардан қаражатты есептен шығаруға қарсылықтарын қарамайды.

5-тарау. Төлем құжаттарын электрондық жазбамен ұсыну

      44. Төлем құжатында хабарланатын оның бейнесiн немесе ақпаратты беру жолымен төлем құжаттарын алмастырудың электрондық жүйелерiн пайдалану және бағдарламалық-криптографиялық қорғау мен электрондық сандық қол қою туралы шарт (келiсiм) негiзiнде, бенефициар мен оның банкi арасында не ақша жөнелтушi мен оның банкi арасында бұндай ұсыну көзделген болса, егер өзгеше Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделмесе, электрондық тәсiлмен жасалуы мүмкiн.
      Төлем құжаттарын алмастырудың электрондық жүйелерiн пайдалану туралы шартта (келiсiмде) төлем құжатын төлеу, акцепт, акцептен бас тарту, керi қайтарып алу және банк төлем құжаттарын өңдеуге байланысты басқа да мәселелер туралы ережелер болуы мүмкiн.

6-тарау. Санкцияланған нұсқау және қорғау
iс-қимылдарының тәртiбi

      45. Санкцияланбаған нұсқау деп алушы-банк пен жөнелтушi арасындағы шартта көзделген санкцияланбаған төлемдерден келiсiлген қорғау iс-қимылдары тәртiбiне сәйкес, сондай-ақ егер жүргiзiлетiн төлем оны жасауға өкiлеттiгi бар адамның нұсқауымен жасалса және ол Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, алушы-банк алған жөнелтушiнiң нұсқауы саналады.
      Егер алушы-банк нұсқаудың санкцияланғандығына жоғарыда айтылған талаптарды бұза отырып, оны орындауға қабылдаса, нұсқау санкцияланбаған болып саналады.
      Ескерту: 45-тармаққа толықтыру, өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 372, 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 13 қаулыларымен.

      46. Санкцияланбаған төлемдерден қорғау iс-қимылдарының тәртiбi мынадай жағдайларда келiсiлген болып табылады:
      1) алушы-банк ұсынған қорғау iс-қимылдарының тәртiбiне жөнелтушi жазбаша келiсiм бергеннен кейiн. Мұндай келiсiм қорғау iс-қимылдарының тәртiбi көзделген алушы-банк пен жөнелтушiнiң шартта қол қоюы болып табылады;
      2) алушы-банк ұсынған, ал жөнелтушi қабыл алмаған және алушы-банк үшiн қолайлы басқа қорғау iс-қимылдарының тәртiбiн ұсынғаннан кейiн. Мұндайда, жөнелтушi өз атынан жөнелтiлген және қорғау iс-қимылдарының белгiленген тәртiбiне сәйкес алушы-банк орындауға қабылдаған нұсқаудың санкцияланғандығы үшiн өзiне жауапкершiлiк және мiндеттеме алады.

      47. Осы тараудың ережесi төлем құжатын керi қайтарып алу немесе оның орындалуын тоқтата тұру өкiмiне де қолданылады.

7-тарау. Санкцияланбаған нұсқауды орындаудың салдары

      48. Жөнелтушi нұсқаудың дұрыс орындалуын анықтауға мiндеттi және олар санкцияланбаған нұсқауды орындаған жағдайда, алушы-банкке ол туралы олардың арасындағы шартта көзделген мерзiмнен кешiктiрмей хабарлайды. Егер алушы-банк көрсетiлген мерзiмде санкцияланбаған нұсқау туралы жөнелтушiнiң хабарламасын алмаған болса, онда жөнелтуші алушы-банк алдында шартқа немесе Қазақстан Республикасының заңдар актiлерiне сәйкес алушы-банкке келтiрген нақты шығындарға жауап бередi.

      49. Егер алушы-банк санкцияланбаған нұсқау туралы жөнелтушiден уақтылы хабар алып, санкцияланбаған нұсқауды орындаған жағдайда, ол жөнелтушiге олардың арасында жасалған шартта көзделген тәртiппен осы нұсқауды орындауға байланысты нақты шығындардың орнын толтырады.
      Ескерту: 49-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 қаулысымен.

8-тарау. Нұсқауды керi қайтарып алу және
оның орындалуын тоқтата тұру

      50. Акцептелмеген өкiм акцепт жасау мерзiмi өткенге дейiн қайтарып алынуы мүмкiн.
     Өкiмнiң орындалуын тоқтата тұру немесе нұсқауды кері қайтару оны банк-алушы орындағанға дейiн ғана болады.

      51. Нұсқауды жөнелтушi алушы-банкке нұсқауды керi қайтару өкiмiн белгiленген нысандағы бланкiде (N 7 қосымша) жiберу жолымен қайтарып алуы мүмкiн. Осындай өкiмнiң орындалу мерзiмi жөнелтушi және алушы-банк арасында жасалған шартта белгiленедi.
      Жөнелтушi және алушы-банк арасында жасалған шартта нұсқауды керi қайтару туралы өкiмдi электрондық тәсiлмен беру көзделуi мүмкiн.
      Ескерту: 51-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 қаулысымен.

      52. Нұсқауды керi қайтарып алу туралы нұсқауда алушы-банк белгiлеген төлем құжатының күнi, оның номерi, сомасы және төлем құжатының басқа да деректемелерi көрсетiлуi тиiс. Электрондық тәсiлмен берiлген төлем құжатын керi қайтарып алу туралы өкiм, жөнелтушi мен алушы банк арасындағы шартта белгiленген санкцияланбаған төлемдерден қорғау iс-қимылдарының тәртiбiн сақтаған жағдайда ғана жөнелтiлдi деп саналады.
      Төлем құжатын керi қайтарып алу туралы оның орындалуын тоқтата тұру жөнiндегi өкiмдi қағаз жазбада ресiмдегенде төлем құжатын жөнелтушiнiң мөрi және төлем құжатына қол қоюға құқығы бар уәкiлеттi адамдарының қолы болуы тиiс.

      53. Алушы-банк Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына және жөнелтушi мен алушы-банк арасындағы шарттың талаптарына сәйкес келмейтiн нұсқауды керi қайтарып алу туралы өкiмдi орындауға қабылдамауы тиiс.

      54. Жөнелтушiнiң орындалмаған нұсқауды керi қайтару туралы өкiмiн уақтылы алған кезде алушы-банк осы нұсқау бойынша ақша аударуға құқығы болмайды және ол бiр мезгiлде жөнелтушiге алынған өкiмнiң орындалуы туралы хабарды жiбере отырып, осы өкiмдi алған күннен кейiн келетiн жұмыс күнiнен кешiктiрмей нұсқауды қайтаруы тиiс.
      Ескерту: 54-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі  Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 қаулысымен.

      55. Жөнелтушi нұсқаудың орындалуын тоқтата тұру туралы өкiмдi алушы-банкке жiберу жолымен нұсқауды тоқтата тұруы мүмкiн (N 8 қосымша).

      56. Нұсқаудың орындалуын тоқтата тұру осы Ережелерде көзделген тәртiпке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту: 56-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен.
      57. Акцептелген нұсқаудың орындалуы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда мiндеттi түрде тоқтатылуы тиiс.

3-бөлiм. Кредиттiк аударымдар
1-тарау. Жалпы ережелер

      58. Осы бөлiмнiң нормалары Қазақстан Республикасының резидент емес-банктердiң қатысуымен ақша төлемдерi мен аударымдарына байланысты қатынастарға қолданылмайды.
      Мұндай қатынастар тиiстi шарттармен және банк iс-тәжiрибесiнде қолданылатын iскерлiк айналым дәстүрлерiмен реттеледi.

2-тарау. Төлем тапсырмасының акцептi

      59. Алушы-банктiң төлем тапсырмасын акцептеуi жөнелтушiнiң төлем тапсырмасын орындау оның мiндетi екенiн және акцептелген төлем тапсырмасының мөлшерiнде жөнелтушiнiң банк есепшотынан ақша сомасын және оны орындауға байланысты шығасын алуға алушы-банктiң құқығы туғандығын бiлдiредi.

      60. Алушы-банк тапсырманы акцептегенге дейiн оны жөнелтушi алушы-банк тапсырманы акцептегеннен кейiн оны орындауға қажеттi ақша сомасын өзiнiң банк есепшотында қамтамасыз етуге мiндеттi. Қажеттi ақша сомасын қамтамасыз ету жөнелтушiге берiлген алушы-банктiң займы есебiнен, не жөнелтушiнiң банк есепшоты бойынша күндiзгi займынан, егер бұл арадағы шартта көзделген болса, жасалуы мүмкiн.

      61. Мына талаптардың бiреуi болғанда алушы-банк төлем тапсырмасын акцептеген болып табылады:
      1) алушы-банк жөнелтушiге акцептеу туралы хабарлама немесе төлем құжатының ақысы ретiнде қолма-қол ақшаны қабылдау туралы хабарлама жiбердi;
      2) алушы-банк жөнелтушiнiң төлем тапсырмасы негiзiнде оның ақшасын алды (банк есепшотын дебеттедi);
      3) алушы-банк төлем тапсырмасын алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жөнелтушi акцептеу туралы немесе акцептеуден бас тарту туралы алушы-банктiң хабарламасын алған жоқ (хабарламай-ақ қабылдады);
      4) Қазақстан Республикасының заңдарында немесе алушы-банк пен жөнелтушi арасындағы шартта көзделген басқа жағдайларда.

      62. Мына талаптардың бiреуi болғанда бенефициар банкi төлем тапсырмасын акцептеген болып табылады:
      1) бенефициар банкi жөнелтушіге акцептеу туралы хабарлама жiбередi;
      2) бенефициар банкi, егер ол бiр уақытта алушы-банк болып табылса, оның төлем тапсырмасының негiзiнде жөнелтушiнiң ақшасын алды (банк есепшотын дебеттедi);
      3) бенефициар банкi бенефициардың банк есепшотын кредиттеу жолымен бенефициарға ақша аударымын жүзеге асырды;
      4) жөнелтушi бенефициар банктен акцепт туралы немесе акцептен бас тартқаны туралы банк бенефициардың төлем тапсырмасын алған күннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде алмағанда (үндемегенi туралы);
      5) Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарда қарастырылған немесе бенефициар банк арасындағы кейбiр жағдайларда.

      63. Жөнелтушi мен алушы-банк арасындағы шартта акцептiн төлем тапсырмасы қабылданған кезде болу мүмкiндiгi де қарастырылады.

2-тарау. Акцептiң төлем тапсырмасынан бас тарту

      64. Алушы-банк акцептiң төлем тапсырмасынан бас тартуы мынадай жағдайда жүргiзiледi:
      1) жөнелтушi ақша аударымын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақша сомасымен қамтамасыз етпегенде;
      2) егер төлем тапсырмасының қолдан жасалғандық белгiлерi болса, соның iшiнде, егер төлем тапсырмасы жөнелтушi мен алушы-банк арасындағы шартта көрсетiлген санкцияланбаған төлемдерден қорғау тәртiбi бұзылып берiлгенде;
      3) жөнелтушi төлем тапсырмасын құрастырғанда және төлем тапсырмасын көрсеткенде, осы Ережеде белгiленген нұсқаманы және Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген басқа да заңдарды, сондай-ақ жөнелтушi мен алушы-банк арасындағы шарт талабын сақтамағанда;
      4) Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдардың басқа да талаптарын және (немесе) шарт жағдайларын сақтамағанда.
      Акцептеудiң төлем тапсырмасынан бас тартқан алушы-банк төлем тапсырмасын алған күнi, үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей жазбаша немесе электронды хабарлама жiбередi.
      Бас тарту туралы хабарламаны жiберу тәртiбi алушы-банк пен жөнелтушi арасындағы шартта көрсетiлуi қажет. Акцептен бас тарту күнi деп хабарламаның жiберiлген күнi саналады.

      65. Акцептiң төлем тапсырмасын орындау мүмкiн емес жағдайлар:
      1) алынып тасталынды.
      2) егер бенефициар банк алған төлем тапсырмасында көрсетiлген бенефициар деректемелерi осы бенефициарға бiрдейлестiрiлмегенде.
      Ескерту: 65-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 қаулысымен.

      66. Егер алушы-банк бенефициар банк болып саналмаса, төлем тапсырмасын орындамайды, мұндайда жөнелтушiнiң банк есепшотында алушы-банктiң төлем жасауға жеткiлiктi ақша сомасы болып және алушы-банк акцептен бас тарту туралы мерзiмiнде уақтылы хабарламаса, алушы-банк жөнелтушiге өзара шартта көрсетiлген мөлшерде, егер Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмесе, аударым ақша сомасынан айыппұл төлеуге мiндеттi.
      Егер алушы-банк негiзсiз акцептiң төлем тапсырысынан бас тартса, онда ол жөнелтушi мен алушы-банк арасындағы шартта көрсетiлгендей, немесе Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдармен жауап бередi.

3-тарау. Акцептелген төлем тапсырысы бойынша төлем

      67. Жөнелтушi алушы-банктiң акцептелген төлем тапсырмасы сомасына төлем жүргiзуге мiндеттi және, оны орындауға немесе өзара шартқа сәйкес, санкцияланған өтем тапсырысынан бас тартуына байланысты қаражатын өтейдi. Мұндай жағдайда төлем жүргiзу мiндетi алушы-банктiң жөнелтушi төлем тапсырмасын орындау кезiнен басталады.

      68. Алушы-банкi жөнелтушiнiң банк есепшотын дебеттеген жағдайда, жөнелтушiнiң алушы-банкке төлемi жүргiзiледi.

      69. Егер жөнелтушi банк болса, онда төлем мынадай жолдармен
жүргiзiледi:
      1) жөнелтушiнiң корреспонденттiк есепшоты алушы-банкте кредиттелсе және оған көшiрмесi жiберiлсе;
      2) жөнелтушiнiң корреспонденттiк есепшоты алушы-банкте дебеттелсе;
      3) жөнелтушiнiң корреспонденттiк есепшоты және Ұлттық Банктегi алушы-банкi арқылы төлемдi жүзеге асырса;
      4) төлемдi ақша аударымы жүйесi арқылы жүзеге асыру, осы жүйеде түпкiлiктi төлем ережесi болып белгiленгенде;
      5) жөнелтушi мен алушы-банк арасындағы екi жақты келiсiмге сәйкес, өзара есепке алынып төлем жүргiзгенде.    

4-тарау. Алушы-банктiң төлем тапсырмаларын
орындау кезiндегi iс-қимылы

      70. Жөнелтушiнiң төлем тапсырмасын акцептеген Алушы-банк оны Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына және төлем тапсырмасының өзiнде көрсетiлген талаптарға сәйкес орындайды.
      Ескерту: 70-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 қаулысымен.

      71. Егер жөнелтушiнiң төлем тапсырмасында басқадай көрсетiлмесе, онда алушы-банк оның төлем тапсырмасын делдал банктiң онан әрi орындауына жiберуге құқылы.

      72. Төлем тапсырмасын орындау мүмкін болмаған жағдайда, делдал банк ақша жіберушінің банкіне бұл жөнінде осындай нұсқау алған күннен кейінгі келесі операциялық күннен кешіктірмей олардың арасындағы шартта белгіленген тәсілмен хабарлайды және оған төлем тапсырмасы негізінде ақшаны қайтарады.
      Ескерту: 72-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 74 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      73. Егер алушы-банк жөнелтушiден тиiстi өкiлеттiк алмаса, онда оның құқығы жоқ:
      1) жөнелтушiнiң төлем тапсырмасын орындауға байланысты келтiрген қызметi мен шығындарына берiлетiн комиссиялық соманы осы төлем тапсырмасы сомасынан ұстау арқылы төлеттiруге;
      2) келесi алушы-банкке төлем тапсырмасы сомасы есебiнен комиссиялық төлеттiру құқын беруге.

      74. Алушы-банк, жөнелтушi төлем тапсырмасын анықтаған, делдал-банктi анықтаған, аударымды жүзеге асыру мүмкiн еместiгiн, дәлелдеген осы Ереженiң 68-тармағын ескерген, егер осы төлем тапсырмасының мерзiмi өткенше, ол жөнелтушiден алдағы iс-әрекеттерiн сұрап, оған төлем тапсырмасын орындауға не iстейтiнiн көрсеткен төлем тапсырмасын орындауға не iстейтiнiн көрсеткен өз мiндеттерiн орындаған болып есептеледi.

      75. Егер алушы-банк төлемдi орындауда осы Ереженiң талабын бұзғандықтан бенефициардың ақша аударымы кешiгуiне әкеп соқса, онда банк, көрсетiлген кешiктiруге тiкелей кiнәлi ретiнде, араларындағы шартта көрсетiлген немесе Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңға сәйкес қатысушыға (қатысушыларға) тұрақсыздық айыбын төлейдi.

      76. Егер тапсырманы орындау кезiне дейiн алушы-банк Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заң актiлерi талаптарына сәйкес, тәртiп бойынша бiрiншi кезектегілердi орындауға мiндеттi, сонан кейiн жөнелтушiнiң банк есепшотында тапсырманы орындауға қажеттi ақша сомасы жоқ болса, алушы-банктiң төлем тапсырмасын орындамауға және оның акцептiнен бас тартуға құқылы.
      Мұндайда бұл банк жөнелтушiнiң төлем тапсырмасын орындамады деген жауапкершiлiктен босатылады.

5-тарау. Валюталау күнiндегi төлем тапсырмасы

      77. Акцептiк төлем тапсырмасындағы шарттардың бiрi валюталау күнi белгiленгенде алушы-банк жөнелтушiнiң банктiк есепшотынан олардың акцептелген төлем тапсырмасы көлемiнде ақша сомасын алуға құқы бар.
      Мұндай жағдайда алушы-банк осындай операцияларды бөлек немесе бөлек жеке есепшоттарда (субпозицияларда) жүргiзедi.

      78. Валюталау күнiнде мерзiмдi төлем тапсырмасын орындау мақсатында алушы-банк тапсырмасын, жөнелтушiнiң төлем тапсырмасы жағдайына сәйкес, сол мерзiмде, келесi делдал-банк немесе бенефициар банкке мұндай тапсырманы орындауға жеткiлiктi уақыт бөлiп, осы Ережедегiдей төлем тапсырма жiбередi.

6-тарау. Жөнелтушi мен алушы-банктiң қате төлем
тапсырмаларын орындаған кездегі iс-қимылдары

      79. Төлем тапсырмасы алушы-банк орындауына жiберген жөнелтушiнiң төлем тапсырмасы мынадай жағдайда қате деп саналады, егер мұндай төлем тапсырмасы:
      1) деректемелерi, жөнелтушi төлем тапсырмасы деректемелерiне сәйкес келмегенде;
      2) қайталап жiберiлгенде.

      80. Жөнелтушiнiң төлем тапсырмасын орындау мақсатында берiлген төлем тапсырмасын жiбергенде, алушы-банк жөнелтушiнiң төлем тапсырмасы шартта көрсетiлген тәртiппен орындалатынын хабарлайды.

      80-1. Бенефициардың банкі жөнелтушінің нұсқауын орындау қателігін анықтаған кезде бенефициар банк ақшаны қайтаруды бенефициардың банктік шоты бойынша оның пайдасына ақша түскенін куәландыратын бухгалтерлік жазба жасалған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей жүзеге асырады.
      Ескерту: 80-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 13 қаулысымен.

      81. Жөнелтушi төлем тапсырмасының дұрыс орындалуын анықтайды және ол қате орындалған жағдайда, жiберiлген қатенi өзара шартта көрсетiлген мерзiмнен кешiктiрмей, алушы-банкке хабарлауға мiндеттi. Егерде алушы-банк төлем тапсырмасының қате орындалғаны туралы хабарды шартта көрсетiлген мерзiмде алмаса, онда жөнелтушi алушы-банк алдында, алушы-банктiң қате төлем тапсырмасын орындаудан болған нақты шығыны, егер бұл олардың арасындағы шартта көзделсе, қате төлем тапсырмасы сомасы шегінде жауап бередi.
      Хабарламада қате төлем тапсырмасы туралы жөнелтушi хабарлағанда өз төлем тапсырмасының деректемелерiн және қате орындалған деректемелердi көрсетуге мiндеттi.

      82. Алушы-банк жөнелтушiден қате орындалған төлем тапсырмасы туралы хабарлама алғаннан кейiн:
      1) қате төлем тапсырмасы бойынша жөнелтушi төлем тапсырмасына сәйкес емес деректемелердi жөнелтушi төлем тапсырмаларды өзi қарайтын бенефициарға жiбередi немесе жөнелтушiге төлемнiң барлық сомасын қайтаруға мiндеттi;
      2) қайтадан берілген қате төлем тапсырмасы бойынша қате алынған соманы жөнелтушіге қайтарады. Бенефициар банк ақша сомаларын қайтаруды тапсырма жасау арқылы жүргізеді, "төлем мақсатында" бенефициар банк ақшаны қайтару себептерін көрсетеді.
      Ескерту: 82-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 20, 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен.

      83. Алушы-банк орындалған төлем тапсырым бойынша жауап бермейдi, егерде мұндай төлем тапсырмадағы қатенi жөнелтушi жасаған жағдайда.

7-тарау. Делдал банктi немесе бенефициар
банктi теңестiру

      84. Жөнелтушiнiң төлем тапсырмасын орындағанда алушы-банк делдал банктi немесе бенефициар банктi бiрдейлестiргенде оларды тек төлем тапсырмасында көрсетiлген бiрдейлестiру коды арқылы ғана айырады. Төлем тапсырмасында көрсетiлген банктiң нақты атауына сәйкес оның банктiк бiрдейлестiру кодын анықтау алушы-банк мiндетiне жатпайды.

      85. Егер алушы-банк төлем тапсырмасын орындағанға дейiн жөнелтушiден банк атауының банктiк бiрдейлестiру кодына сәйкес еместiгi туралы хабарланса, онда алушы-банк төлем тапсырманы жөнелтушiге орындамай қайтарады.   

8-тарау. Банк бенефициардың төлем тапсырмасының
акцептi кезiндегi iс-қимылы

      86. Төлем тапсырмасының акцептi кезiндегi бенефициар банк төлем тапсырмасында көрсетiлген ақша сомасын бенефициардың пайдасына қабылдайды. Банк бенефициар валюталау күнiне төлем жасағанда, олардың акцептелген төлем тапсырмада көрсетiлген немесе, егерде акцепт тапсырмасы күнiне басқаша көрсетiлмесе ғана төлем жасайды.

      87. Айрықша негiзде акцептен бас тартуға немесе банк бенефициардың төлемдi орындауын кiдiртуге, бенефициар пайдасына шешiлген ақшаның дұрыс еместiгi туралы банкке негiздеме болған фактiлер қызмет етедi, сәйкес келмеген жағдайда, қазынашылықтың аумақтық бөлімшелерінің осы Ереженің 22-1-тармағында көзделген төлем құжаттары бойынша:
      хабарламада көрсетілген бенефициар деректемелерінің (атауы, СТН, ЖБК) төлем құжатында көрсетілген деректемелерге, оның ішінде "төлем мақсаты" бағанында көрсетілген хабарламаның нөміріне сәйкес болмауы;
      төлемнің "ағымдағы" немесе "түпкілікті" мәртебесінің болмауы;
      банкте сақталатын хабарламаның келесі бетінде банктің "түпкілікті" мәртебесімен төлемді жүзеге асырғандығы жөнінде белгісі болғанда;
      егер бір хабарлама бойынша келіп түскен барлық төлем құжаттарының жалпы сомасы хабарламада көрсетілген сомадан асатын болса.
      Ондай фактiлер бенефициар банкте дәлелденбесе, өзара шартта көрсетiлген немесе Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген мөлшерде осы банк бенефициарға ақша аударуды кешiктiргенi үшiн тұрақсыздық айыбын төлейдi.
      Жоғарыда көрсетiлген фактiлер дәлелденген жағдайда (санкцияланбаған төлем тапсырмасы табылғанда) бенефициар банкi аударымнан түскен ақшадан бенефициар пайдасына ақша бөлуге мiндеттi емес.
      Ескерту: 87-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 372, 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 13, 2007.04.30. N 50 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) қаулыларымен.

      87-1. Қазақстан Республикасының заң актілерімен рұқсат етілген көздерден кәсіби одақтарды қаржыландыруды қоспағанда, резидент еместерден, шет мемлекеттерден, діни бірлестіктерден және қайырымдылық ұйымдарынан саяси партиялар мен кәсіподақтардың пайдасына тауарлар жеткізу (жұмыс, қызмет көрсету) жөніндегі шарттарды (келісім-шарттарды) орындауға байланысты емес операциялар бойынша ақша, оның ішінде шетел валютасы түскен жағдайда, бенефициардың банкі төлем тапсырмасын акцептеуден бас тартады.
      Ескерту: 87-1-тармақпен толықтырылды, өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2004 жылғы 13 қарашадағы N 150, 2005.08.27 N 95; 2009.08.24 N 85 қаулыларымен.

      88. Төлем тапсырмасын акцептеуден бас тартқанда бенефициар банк жөнелтушi банкке бас тартудың себебi туралы тапсырма алған күннен бастап, үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабарлама жiбередi.

9-тарау. Төлемдi бенефициардың пайдасына орындау

      89. Бенефициар пайдасына ақша қабылдағанда, акцептелген төлем
тапсырмасына сәйкес, бенефициар банк төлем күнiнен кейiн оны операциялық күннен кешiктiрмей ақша қабылдағаны туралы хабарлайды. Бұл талапты банк орындамағаны үшiн жауапкершiлiк банк пен бенефициар арасындағы шартта белгiленедi. Бенефициар банк бенефициардың банк есепшотынан жазбаларды және төлем тапсырмасын, бланкте белгiленген нысанда қағаз жазбада немесе электрондық жазбада шарт талаптарына сәйкес етiп жолдайды.

      90. Бенефициар банктiң бенефициар алдындағы ақша аудару бойынша мiндетi, ақша аударылып бiткен кезде саналады.

4-бөлiм. Дебеттiк аударымдар
1-тарау. Дебеттiк аударымдарды жүзеге асыру

      91. Қазақстан Республикасында дебеттiк аударымдар мынадай дебеттiк құжаттарды пайдалану арқылы жүргiзiледi:
      1) чек;
      2) төлемдiк талап-тапсырма;
      3) инкассалық өкiм (соның iшiнде салық қызметi мен кеден органдарының инкассалық өкiмдерi);
      4) вексель.
      Ақша төлемi мен аударымы дебеттiк аударымдарда бенефициардың төлемге көрсеткен төлемдiк құжат негiзiнде жүргiзiледi.

      92. Қазақстан Республикасы аумағында векселдер мен чектердi ақша төлемi әдiсiнде жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы заң актiлерiне сәйкес, және Ұлттық Банктiң вексель айналымы мен чектердi пайдалану туралы нормалық құқықтық актілерiмен реттеледі.

2-тарау. Ақша төлемi құжаттарын төлемге ұсыну

      93. Төлемдiк талап-тапсырма немесе инкассалық өкiм негізiнде бастамашы ақша төлемiн алу үшiн оларды бенефициар банкке немесе ақшаны жөнелтуші банкке көрсетуге құқы бар.

      94. Бастамашы, оның ішінде бенефициар, төлемек талап-тапсырма немесе инкассалық өкімдi бенефициар банкке жiбергенде, осы банкке ақша төлемi құжаттары бойынша және соған байланысты барлық операцияны жүргізуге өзара шартқа сәйкес өкiлдік бередi.
      Бенефициар банк төлемдiк талап-тапсырма немесе инкассалық өкімді қабылдай отырып, инкассалық банк міндетiн де атқарады.

3-тарау. Инкассалайтын банктің iс-қимылы

      95. Инкассалайтын банктің міндеттері инкассаға қабылдаған төлемдік талап-тапсырма немесе инкассалық өкім тек шарт негізiнде, бенефициармен жасалған немесе қолданылып жүрген заң нормаларына сәйкес туындауы мүмкін. Мұндайда инкассалық банк өзiне мынадай мiндеттемелер алады:
      1) төлемдік талап-тапсырма немесе инкассалық өкiмдi төлемге немесе акцептке әрi қарай көрсетуге;
      2) бастамашыға, оның iшiнде бенефициарға, акцептен немесе төлемнен бас тартуды беруге, төлемдік талап-тапсырманы немесе инкассалық өкiмдi оны жөнелтушіге қайтаруға;
      3) бастамашыны, оның ішінде бенефициарды төлемдiк талап-тапсырманың немесе инкассалық өкiмнiң күшін жоғалғаны туралы хабарлауға.

      96. Осы Ереженің 95 тармағына сәйкес, мiндеттеме қабылдай отырып, инкассалық банк төлемдiк талап-тапсырманы немесе инкассалық өкімдi бастамашыдан алған соң келесi операциялық күннен қалдырмай қажеттi операцияларды орындайды.

      97. Инкассалайтын банк бастамашыдан инкассаға төлемдiк талап-тапсырманы немесе инкассалық өкiмдi қабылдауды инкассалық банк операциялық күн бойына жүргiзедi.
      Инкассалайтын банк инкассоға жоғарыда көрсетiлген төлем құжаттарын қабылдаған жағдайда тiзiлiмдi барлық даналарына олардың түскен күндерi мен уақыты қойылып белгiленедi.
      Ақша жөнелтушi банк төлемдiк талап-тапсырманы немесе инкассалық өкiмдi алған күні мен уақытын тiкелей осы құжаттарға қояды.

4-тарау. Акцепт және төлемдiк
талап-тапсырманы төлеу

      98. Ақша жөнелтушiнiң төлемдiк талап-тапсырманы акцептеуi, ақша жөнелтушiнiң акцептеуiн талап етпейтiн төлемдiк талап-тапсырманы қоспағанда, оның төлем талап-тапсырмасын осы нұсқаудың талаптарына сәйкес төлеуге келiсiмiн бiлдiредi.
      Ақша жөнелтушiнiң төлемдiк талап-тапсырманы акцептеуi немесе акцептеуден бас тартуы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес төлемдiк талап-тапсырма алғаннан кейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жасалуы тиiс.

      99. Ақша жөнелтушi төлемдiк талап-тапсырманы акцептеп және банкiге төлемдiк талап-тапсырманы акцепт туралы белгiмен жiбередi.

      100. Акцептеуді талап етпейтін төлемдік талап-тапсырманы ұсынуды банк көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларымен не нотариат куәландырған көшірмелерімен бірге, банк заемы шарты, кредиттік желіні ашу туралы келісім және заем операциясы не оның банк шотынан акцептеусіз ақша алуға арналған ақша жіберушінің келісімінен тұратын кепілдіктер беру фактісін растайтын өзге де құжаттар негізінде заемшыдан, кепілгерден берешекті, сондай-ақ заемшының банк заемы бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін жүзеге асырады.
      Ақша жөнелтушінің келісімінсіз оның банктік шотынан ақша алу бойынша өндіріп алушының құқығы бар бір құжат негізінде уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде бірнеше төлемдік талап-тапсырмаларды ұсынған жағдайда, банкке төлемдік талап-тапсырманы әрбір кейінгі ұсыну көрсетілген құжаттың түпнұсқадан не бастапқы ұсынған нотариат куәландырған құжаттан алынған көшірмесін қоса бере отырып ұсынуы мүмкін.
      Ескерту: 100-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000.12.29 N 488, 2005.08.27 N 95, 2009.08.24  N 85қаулыларымен.

      101. Ақша жөнелтушi төлемдiк талап-тапсырмасын акцептеуден Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген және ол және бенефициар арасында жасалған шарт негiзiнде бас тартуға құқығы бар.
      Мұндайда ақша жөнелтушi ақша жiберушiнiң банкiне бас тарту туралы өтiнiш жiбередi, онда мiндеттi түрде шарттың акцептен ақша жөнелтушiнiң бас тарту құқығы қарастырылған тармағына сiлтеме жасап, бас тарту себебiн көрсетiп немесе басқа да заңға негiзделген мiндеттi түрде сiлтеме жасалуы тиiс.
      Банктер акцептен бас тартудың талас негiздемелерiне қарамайды.
      Ескерту: 101-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 20 қаулысымен.

      102. Тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 қаулысымен.

      103. Ақша жөнелтушiнiң банк төлемдiк талап-тапсырманы, ақша жөнелтушiнiң акцептiң талап етпейтiн төлемдiк талап-тапсырманы қоспағанда, тек ақша жөнелтушiнiң акцептi негiзiнде ақша жөнелтушiнiң есепшотын дебеттеу жолымен ғана акцептейдi.

      104. Ақша жөнелтушi банк оларға акцептелген төлемдiк талап-тапсырмасын бенефициар есепшотын немесе банк бенефициардың корреспонденттiк есепшотын кредиттеу жолымен, әрi қарай бенефициар пайдасына ақша аударымын орындайды.

5-тарау. Ақша жөнелтушi банктiң iс-қимылы

      105. Ақша жiберушiнiң банкi төлемдiк талап-тапсырманы алған кезде осы төлемдiк талап-тапсырманың әр данасында алған күнi туралы белгi қояды. Ақша жiберушiнiң банкi төлемдiк талап-тапсырмаларды тiркеу журналында келiп түскен төлемдiк талап-тапсырмалардың есебiн жүргiзедi. Журналдың нысанын, оны жүргiзу әдiсiн және журналда көрсетiлетiн төлемдiк талап-тапсырманың деректемелерiн банк өз бетiнше белгiлейдi.
      Төлемдiк талап-тапсырмаларды осы Ереженiң 33-тармағына сәйкес тiзiлiм бойынша ұсынған жағдайда, алған күнi туралы белгiнi осы тiзiлiмде қоюға болады.
      Ескерту: 105-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 20 қаулысымен.

      106. Жұмыс күнiнен кешiктiрмей, келесi күнi төлемдiк талап-тапсырманы алғанда, ақша жөнелтушi банк төлемдiк талап-тапсырманың данасын ақша жөнелтушiге қағаз (жазбада) тасушыда немесе электронды нысанда, ақша жөнелтушi мен оның банкпен акцептi және төлемi туралы электронды қызметке келiсiмiне сәйкес бередi.
      Төлемдiк талап-тапсырманы беру тәсiлiн ақша жiберушi мен ақша жiберушiнiң банкi арасындағы шартпен белгiлеуге болады.
      Ескерту: 106-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 20 қаулысымен.

      107. Ақша жiберушiнiң банкi төлемдiк талап-тапсырманы алған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн ақша жiберушiден төлемдiк талап-тапсырма акцептiнен не акцептелген төлемдiк талап-тапсырмадан бас тартуды алмаған жағдайда ақша жiберушiнiң банкi төлемдiк талап-тапсырманы қайтару себебi көрсетiлген хабарламамен бiрге төлемдiк талап-тапсырманы жiберушiге қайтаруға құқылы.
      Ескерту: 107-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 қаулысымен, жаңа редакцияда жазылды - 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 20 қаулысымен.

      108. Ақша жөнелтушi банк акцептелген төлемдiк талап-тапсырманы ақша жөнелтушiге өзара шартқа сәйкес төлейдi. Ақша жөнелтушiнiң акцепттiң талап етпейтiн төлемдiк талап-тапсырманы төлеген жағдайда, ақша жөнелтушi банк акцептсiз тәртiппен оның есепшотынан ақшаны есептен шығаруға құқылы.
      108-1. Ақша жіберушінің банк шоттарында теңгемен/шетел валютасымен қаражат болмаған жағдайда осы Ереженің 100-тармағында көзделген негіздемелер бойынша және жағдайларда берешекті өндіріп алу төлем жасау күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, тиісінше, банктердің акцептеуді талап етпейтін, теңгемен/шетел валютасымен ұсынылған төлемдік талап-тапсырмалары егізінде, ақша жіберушінің банк шоттарындағы теңгемен/шетел валютасымен ақша есебінен жүргізіледі.
      Ескерту: 108-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.08.24 N 85 қаулысымен.

      109. Ақша жөнелтушi банкте төлемдiк талап-тапсырманы немесе инкассалық өкiмдi орындауға қажеттi ақша болмай қалғанда, немесе жеткiлiксiз болған жағдайда, ақша жөнелтушi банк акцептелген құжаттарды есепке алуға және оларды оның корреспонденттiк есепшотына кезектi төлемге немесе ақша аударымы түскенше сақтауға мiндеттi.
      Мұндайда ақша жөнелтушi банк ақша жөнелтушiге егерде Қазақстан Республикасы заң актiлерiнде басқаша көрсетiлмесе айыппұл немесе өзара шартта белгiленген мөлшерде өсiм төлеуге мiндеттi.    

6-тарау. Төлемдiк талап-тапсырма бойынша ақша
жөнелтушi банктiң iс-қимылы

      110. Ақша жөнелтушi банк мыналарға байланысты:
      1) Ақша жөнелтушiге акцептке төлемдiк талап-тапсырманы және төлемдi кешiктiргенi үшiн;
      2) ақша жөнелтушi төлемдiк акцептелген талап-тапсырманы, оның iшiнде ақша жөнелтушiнiң акцептеуiн талап етпейтiн төлемдiк талап-тапсырманы төлемдiк талап-тапсырма бойынша төлем жасау үшiн ақша жөнелтушiнiң банкте жеткiлiктi ақша сомасы бола тұрып төлеудi кешiктiргенде немесе төлемегенде Қазақстан Республикасы заңдарында көрсетiлгендей немесе олардың арасындағы шарттағыдай мөлшерде ақша жөнелтушi алдында жауап бередi.

7-тарау. Инкассалық өкiм негiзiнде
ақша жөнелтушiнiң банктегi есепшотынан ақша алу

      111. Банкке үш данадан кем емес ал банк бенефициарға төрт данадан кем емес инкассалық өкiм көрсетiледi.

      112. Ақша жөнелтушi банк Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген мерзiмдегiдей, ақша жөнелтушiнiң банктегi есепшотын дебеттеу жолымен инкассалық өкiмдi акцептейдi. Бұл жағдайда банк ақшаны бенефициар пайдасына аударады және оның банкiне төленгенi туралы белгiмен инкассалық өкiмдi жiбередi.

      113. Ақша жөнелтушiнiң келiсiмiнсiз банк есепшотынан ақша алуды орындау құжаттары ақша жөнелтушi банкiне белгiленген мерзiмде көрсетiледi. Мерзiмi өтiп кеткен орындауға көрсетiлетiн және басқа да құжаттар, банктiң акцептен инкассалық өкiмнен бас тартуына негiз болады.

      114. Банк мiндеттерi туралы инкассалық өкiм бастамашы Ұлттық Банкке немесе Ұлттық Банктiң нысанды құқықтық актiлерiне сәйкес, корреспондент банкке, ал клиенттердiң мiндеттемелерi бойынша, ақша жөнелтушiге қызмет ететiн банкке немесе оның филиалына бiлдiрiледi.

      115. Ақшаны алуды тоқтату немесе қысқарту тек мынадай жағдайда жүргiзiледi: 
      1) ақшаны алу мемлекеттiк орган өкiлiнiң шешiмi немесе лауазымды адамдардың шығарған шешiмi (өкiмi) бойынша алынады;
      2) сот шешiмдерiне сәйкес негiзде;
      3) алынып тасталды;
      4) бенефициардың жазбаша өкiмi негiзiнде;
      5) Қазақстан Республикасы заң актiлерiнде белгiленген басқа да жағдайларда.
      Көрсетiлген қаулылар, өкiмдер, анықтамалар немесе өтiнiштер банкке орындауға тек күндерi, нөмiрлерi болғанда ғана және лауазымды адамдардың қолы қойылып алынады.
      Банк нұсқауларды орындауды тоқтатуға (ақшаны алуды тоқтатуға) Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкілетті тұлғалардың шешімдерін алған жағдайда, нұсқаулар шешімде көрсетілген мерзімде не уәкілетті тұлға осы шешімнің күшін жойғанға дейін алушы-банкте сақталуға жатады. Орындалуы тоқтатылған нұсқаулар банкте сақталады және баланстан тыс есепке есептеледі. Нұсқауды баланстан тыс есепке алған кезде банк келесі жұмыс күнінен кешіктірмей нұсқауды жөнелтушіге (бастамашыға) тиісті хабарлама жібереді.
      Банк ақшаны алуды тоқтатуға (нұсқауды орындауға тыйым салуға) Қазақстан Республикасының заң актілерімен уәкілетті тұлғалардың шешімдерін алған кезде нұсқауларды шешімді алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті шешіммен қоса жөнелтушіге қайтарады.
      Ескерту: 115-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005.08.27 N 95, 2009.08.24 N 85 қаулыларымен.

8-тарау. Белгiсiз мерзiмде орындауға
жататын нұсқаулар (картотека)

      116. Инкассалық өкімді алған және ақша жөнелтушінің банктік шотында ақша сомасы болмаған кезде, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе алушы банк алынған инкассалық өкімдерді қабылдауға және бір жыл ішінде ақша жөнелтушінің банктік шотына ақша сомасы түскенге дейін картотекада сақтауға міндетті.
      Төлемдік талап-тапсырманы орындау үшін қажетті ақша сомасы жөнелтушіде болмаса не ақша сомасы жеткіліксіз болса, алушы-банк ақша жөнелтушінің акцептін талап етпейтін төлемдік талап-тапсырманы және ақша жөнелтуші акцептеген төлемдік талап-тапсырманы алған күннен бастап бір жыл ішінде сақтайды. Төлемдік талап-тапсырмаларды және тізілімді алушы-банктің сақтау мерзімі осы құжаттардың қолдану мерзімін тоқтатады.
      Ақша жөнелтушi мен алушы-банк арасындағы банк есепшоты шартында алушы-банк сақталуының міндеттілігі осы Ережеде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделмеген басқа да төлем құжаттарын қабылдауға және сақтауға мiндеттене алады. Алушы банк мұндай төлем құжаттарын қабылдауға және сақтауға келіскен жағдайда олардың сақталу мерзімдері, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, инкассалық өкімдердің сақталуы мерзімдеріндей болады.
      Ескерту: 116-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 13 қаулысымен, 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен.

      117. Инкассалық өкiмдердi және басқа да төлем құжаттарын осы Ереженiң 116-тармағына сәйкес қабылдағанда, ақша алушы - банк бiр уақытта бенефициар банк болып табылған жағдайды қоспағанда, алушы-банк келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей бенефициар банкке не бенефициарға төлем құжаттарын картотекаға қою туралы хабарлама жiбередi.
      Ескерту: 117-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20 қаулысымен.

      117-1. Осы Ереженің 116-тармағында көрсетілген төлем құжаттарын картотекаға қою кезінде банк картотекадағы төлем құжаттары бойынша міндеттемелерді толық өтегенге дейін банктік шот бойынша клиенттің шығыс операцияларын тоқтатады.
      Ескерту: 117-1-тармағымен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен.

      118. Салық қызметі органдарының және (немесе) кеден органдарының инкассалық өкімдерін, сот орындаушыларының теңгемен ұсынылған инкассалық өкімдерін орындау үшін ақша жіберушінің банк шоттарында теңгемен қаражат болмаған жағдайда, ақша жіберушінің банкі көрсетілген төлем құжаттарын орындауды салық төлеушінің (борышкердің) банк шоттарынан шетел валютасындағы қаражаттан төлем жасау күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып жүргізеді.
      Ескерту: 118-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.08.24 N 85 қаулысымен.

      119. Осы Ереженiң 116-тармағында қарастырылған нұсқауларды алушы-банк Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көрсетiлген тәртiпте орындайды.

      120. Ақша жөнелтушіде салық берешегін өндіріп алуға салық органдарының және атқару құжаттары бойынша атқарушылық іс жүргізу органдарының инкассалық өкімдерін орындау үшін қажетті ақша сомасы жеткіліксіз болған кезде алушы-банк ақша жөнелтушінің пайдасына алушы банктің ақшаны қабылдауына қарай осы инкассалық өкімнің ішінара орындалуын жүргізеді.
      Банк салық органының салық төлеушiнiң бiр банктiк есепшотынан салық берешегiн өндiрiп алу туралы инкассалық өкiмiн орындаған кезде, салық органының аталған банкте ашылған салық төлеушiнiң басқа банктiк есепшотына берген инкассалық өкiмiн, егер мұндай инкассалық өкiмдердi салық органы сол сомаға, берешектiң сол түрi бойынша, сол есептi кезең үшiн берген болса банк салық органының инкассалық өкiмiн орындау фактiсiн растайтын төлем құжатын қосып бере отырып салық органына орындамай қайтарады.
      Банк салық қызметі органының салық берешегін өндіріп алу туралы және кеден органының кедендік төлемдерді өндіріп алу туралы инкассалық өкімін төлеушінің салық төлеушісінің (салық агентінің) бірнеше банк шоттарынан ақшаны инкассалық өкімде көрсетілген жалпы сомаға есептен шығару арқылы толық орындаған кезде, салық қызметі органы және (немесе) кеден органы төлеушінің салық төлеушісінің салық агентінің) көрсетілген банкте ашқан басқа банк шоттарына инкассалық өкімдерді, егер мұндай инкассалық өкімдер сол күнмен, сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша берілген болса, банк оларды қайтару себебін көрсете отырып орындаусыз салық қызметі органына және (немесе) кеден органына қайтарады.
      Ескерту: 120-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 20, 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 13, 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95, 2006 жылғы 12 тамыздағы N 74 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), 2009.08.24 N 85 қаулыларымен.

      121. Салық берешегін өндіріп алуға салық қызметі органдарының және атқару құжаттары бойынша атқарушылық іс жүргізу органдарының ішінара орындалатын инкассалық өкімдерінің акцепті оның бірінші бетіне "Ішінара ақы төлеу" мөртабанын қою арқылы жүргізіледі. Инкассалық өкімнің барлық даналарында ішінара төлемнің күні және сомасы және осы инкассалық өкімнің қалдық сомасы туралы жазба жазылады. Жазба банктің уәкілетті тұлғаларының қолдарымен расталады.
      Алушы-банк ішінара ақы төлеу сомасына инкассалық өкімнің электрондық жүйесінде қалыптастыру арқылы акцептелген инкассалық өкімді орындайды. Ішінара ақы төлеу сомасына инкассалық өкімнің "төлемнің мақсаты" бағанында алушы-банк акцептелген инкассалық өкімнің деректемелерін көрсетеді.
      Салық берешегін өндіріп алуға салық қызметі органдарының ішінара ақы төлеу сомасына инкассалық өкімде "операция түрі" бағанында осы Ереженің 42-тармағында белгіленген код көрсетіледі.
      Ескерту: 121-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95, 2006 жылғы 12 тамыздағы  N 74(қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      122. Инкассалық өкiм бөлiп төленгенде алушы-банк ақша жөнелтушiнiң алушы-банктiң операциялық күн бойында банк есепшотына түскен ақша сомасымен төлем жүргiзедi. Бөлiп орындалған инкассалық өкiм толық төленгенше картотекада тұрады.

      123. Осы Ереженiң 116-тармағында көрсетiлген нұсқауды алушы-банк сақтауы төлемнiң азаматтық-құқықтық мәмiле бойынша төлем мiндетiн орындау болып саналмайды немесе мiндеттi төлемдер, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.

      123-1. Алушы банкке ішінара орындалған салық берешегін өндіріп алуға инкассалық өкімді қайтарып алу туралы салық органының өкімі келіп түскен кезде, алушы банк ішінара орындалған инкассалық өкімді қайтарады.
      Ескерту: 123-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 74 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      124. Банк шотына тыйым салу құқығына ие уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың тиісті шешімдері негізінде ақша жіберушінің банк шотындағы ақшасына тыйым салу, сондай-ақ банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру құқығына ие уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың тиісті шешімдері негізінде банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
      Ескерту: 124-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.08.24 N 85 қаулысымен.

      124-1. <*>
      Ескерту: 124-1-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.08.24 N 85 қаулысымен.

      124-2. Клиенттің банктік шотындағы ақшаға тыйым салуға негіз болған талап-арызды қамтамасыз ету туралы айқындамада клиенттің банктік шоттарының (оның ішінде теңгедегі және шетел валютасындағы) бірнеше нөмірі және бір банктік шотта ақшаның жеткіліксіздігі көрсетілген жағдайда, осы айқындамада банктік шоттарды көрсетудің кезектілік тәртібімен банктік шоттардағы ақшаға тыйым салынады.
      Теңгедегі банктік шоттарда ақша жеткіліксіз болғанда ақшаның қалған сомасына тыйым салу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тыйым салынған күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша айқындамада көрсетілген шетел валютасындағы банктік шоттардан бастап жүргізіледі.
      Ескерту: 124-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен.

      124-3. Клиенттің банктік шотында тұрған ақшаға уәкілетті органның немесе лауазымды тұлғаның тиісті шешімдері негізінде тыйым салынған және кейіннен атқару құжаттарымен қоса инкассалық өкімді ұсынған жағдайда, ақша жіберуші банк:
      1) уәкілетті органның немесе лауазымды тұлғаның тыйым салу туралы шешімдерінде көрсетілген ақша жіберушінің деректемелері (атауы және СТН) инкассалық өкім ұсынылған негізде атқару құжаттарында көрсетілген деректемелермен сәйкес келуі;
      2) алынып тасталды
      3) атқару құжатын және уәкілетті органның немесе лауазымды тұлғаның тыйым салу туралы шешімін бір атқарушылық іс жүргізу шеңберінде ұсыну шартымен тыйым салынған ақшаны пайдалана отырып, осындай инкассалық өкімді орындайды.
      Осындай инкассалық өкім орындалғаннан кейін Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда банк шотында тұрған ақшаға тыйым салудың күші жойылды деп саналады.
      Ескерту: 124-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 74 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), 2007.04.30. N 50 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерту енгізілді - 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) қаулыларымен.

5-бөлім. Салық төлемеген дебитордың банктік
шоттарынан салық берешегін өндіріп алу тәртібі

      Ескерту: 5-бөлімнің атауы жаңа редакцияда жызылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен.

      125. Салық төлемеген дебитордың шоттарына түсуі тиіс ақша есебінен салық берешегін өндіріп алуға салық қызметі органдарының инкассалық өкімі олардың өз дебиторларына талаптары бойынша салық төлемеген дебиторға қызмет көрсететін банкке төрт данада жіберіледі.
      Ескерту: 125-тармақ жаңа редакцияда жызылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 қаулысымен.

      126. Салық қызметi органының инкассалық өкiмi бөлек тіркеу журналында төленбеген дебиторлар талабымен тiркеледi.
      Бұл журналда инкассалық өкімнiң түскен күнi көрсетіледi, инкассалық өкiмді қандай салық қызметi бердi, оның нөмiрi, күні және сомасы, төлемеген дебитор атауы көрсетiледi.

      127. Қарызы бар дебитор инкассалық өкiмдi толық өтегеннен кейiн инкассалық өкiмнің екiншi данасына банк қызметкерiнiң қолымен:
"Түскен теңге сомасы __________________________________________
      "__"___________ _______ ж.  салық қызметі органының "__"
      "__"___________ _______ ж. N өкiмiмен бюджетке аударылды деп
жазылады.
      Инкассалық өкімдер даналары төленгеннен кейiн былайша бөлiнедi:
      1) бiрiншi данасы күндік құжаттамаға салынады;
      2) екіншi данасы борышы бар дебиторға оның банк есепшотының көшiрмесiмен жіберiледi;
      3) үшiншi данасы салық қызметi органына жiберiледi;
      4) төртіншi данасы борышы бар адамға жiберiледi.

      Төраға

      Ескерту: NN 1-5, 7 және 8 қосымшалардың оң жақтағы жоғарғы бұрышындағы "N" белгісі алынып тасталды;
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179 қаулысымен бекітілген" деген сөздер алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 74 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

                               Қазақстан Республикасының аумағында
                                  төлем құжаттарын пайдалану және
                                   ақшаның қолма-қол жасалмайтын
                                 төлемдері мен аударымдарын жүзеге
                                           асыру ережесіне
                                             1 қосымша

      Ескерту: 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) қаулыларымен.

      Алушы-банкке түсті
    ___________________

                   Төлем тапсырмасы N___
                ______ ж. "__"________________
                           (жазылған күні)

                                                         Сома
___________________________________________________________________
Ақша жөнелтуші                    ТЖК            аЖК
______________________
    (атауы)
СТН __________________            БЖК
Алушы-банк ___________
______________________   
Бенефициар ___________            ТЖК            БеК
            (атауы)
СТН ______________________
Делдал-банк___________            БЖК
______________________
____________________________________________________________________
Сомасы жазбамен _________________________
____________________________________________
____________________________________________________________________
Тауар алынған күн (қызмет көрсету)     Төлемнің мақсаты
"___"___________________ ж.            коды
Төлемнің мақсаты                       Бюджеттік жіктеу
__________________________________     коды
(тауардың атауы, орындалған жұмыс,
көрсетілген қызмет,
__________________________________
тауар құжаттарының номерлері және күндері,
шарттың және басқа да деректемелердің
номері мен күні)                       Валюталау күні
____________________________________________________________________
Алушы-банк
                                   ___ ж. "___"____________ өткізді
                                   __________________________
                                  (жауапты орындаушылардың қолдары)

      Басшының аты-жөні _______                 Мөртаңбаның орны
      М.О. қолы ________
      Бас бухгалтердің аты-жөні ______
      қолы _______

                                Қазақстан Республикасының аумағында
                                  төлем құжаттарын пайдалану және
                                   ақшаның қолма-қол жасалмайтын
                                 төлемдері мен аударымдарын жүзеге
                                           асыру ережесіне
                                             2 қосымша

      Ескерту: 2-қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 2000.12.29 N 488; өзгерту енгізілді - 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) қаулыларымен.

               АҚША АУДАРУҒА АРНАЛҒАН ӨТІНІШ
                 ____________________________
                 !     күні    !             !
                 !_____________!_____________!

________________________      _____________________________________
!Ақша жөнелтуші        !     !  Есепшотқа дебеттеу     ЖБК      !
!______________________!     !__________________________________!
!                      !     !                                  !
!                      !      __________________________________
!                      !
!                      !      __________________________________
!                      !      !І       ! ІІ       ! КОд
_______________________       __________________________________
!   СТН    !           !      !        !          !
_______________________       __________________________________
                               І№- (1) Резидент; (2) Резидент емес
                               ІІ- Экономика секторы (0-9)
_______________________       __________________________________
! Алушы банк           !      ! Валюталау күні                 !
_______________________       __________________________________
!            !ББК      !      !________________________________!
!            !         !     
!            !         !
  _______________________
  _______________________      __________________________________
! Валюта     ! Сома    !      ! Сомасы жазумен                 !
________________________      __________________________________
!   !   !    !         !      !                                !
_______________________       __________________________________
_______________________       __________________________________
! Бенефициар           !      ! Есепшотқа кредиттеу    ЖБК     !
________________________      __________________________________
! Ел   !               !      !                                !
!      !               !      __________________________________
!      !               !
!      !               !      __________________________________
___________            !      ! ІІІ     !  ІV   ! КОд          
!СТН (егер !           !      ___________________
!бар болса)!           !      !         !       !
_______________________       __________________________________
                               ІІІ- (1) Резидент; (2) Резидент емес
                               ІV- Экономика секторы (0-9)
________________________      __________________________________
!Бенефициар банк        !      ! Делдал банк                     !
________________________      ___________________________________
!Ел   !     ! ББК       !      !                      ! ББК      !
____________            !      !                      !          !
!           !           !      !                      !          !
_________________________       __________________________________
____________________________________________________________________
!Алушы банктің комиссиясы   !    !Делдал банктің комиссиясы       !
!Ақша жөнелтушінің есебінен !    !Ақша жөнелтушінің есебінен      !
!Бенефициардың есебінен     !    !Бенефициардың есебінен          !
__________________________________________________________________
_________________________     ____________________________________
!Келісім-шарттың         !     !Төлемнің мақсаты                  !
!нөмірі, күні            !    _____________________________________
_________________________      !ТБК                               !
!________________________!     !_____________________             !
!________________________!     !______!_____!________!_____________

____________________________________________________________________
!Ерекше жағдайлар                                                 !
____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
!Ақша жөнелтушінің қолдары  !      !Алушы банк өткізген          !
!                           !      !                             !
___________________________________________________________________
!Басшының аты-жөні__________!      ! "___"________ж.             !
!М.О.    қолы________       !      !Жауапты орындаушының қолы____!
!Бас бухгалтердің           !      !                             !
!аты-жөні ______________    !      !                             !
!    қолы _______           !      !М.О.                         !
___________________________________________________________________

                                Қазақстан Республикасының аумағында
                                  төлем құжаттарын пайдалану және
                                   ақшаның қолма-қол жасалмайтын
                                 төлемдері мен аударымдарын жүзеге
                                           асыру ережесіне
                                             3 қосымша

      Ескерту: 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) қаулыларымен.

_______________________________________________________
"____"____________ ж. ақша жөнелтуші банкі алды        !
Қабылдау уақыты _______________________________________!
_______________________________________________________!    

              Төлемдік талап-тапсырмасы N______
                   _____ж. "_____"____________
                             (жазылған күні)

__________________________________________________________________
Ақша жөнелтуші                        ! ТЖК        ! аЖК   !      !
__________________________________    !            !       !      !
       (атауы)                        !            !       !      !
СТН       _________________________   !            !-------!      !
                                      !                    !      !
Ақша жөнелтушінің банкі ____________  !--------------------!      !
___________________________________   ! БЖК                !      !
                                      !                    !      !
                                      !--------------------!      !
Бенефициар ________________________   ! БЖК        ! БеК   !      !
             (атауы)                  !            !-------!      !
СТН       _________________________   !                    !      !
                                      !--------------------!      !
Бенефициар банкі __________________   ! БЖК                !      !
___________________________________   !--------------------!      !
Делдал-банк   _____________________   ! БЖК                !      !
___________________________________   !--------------------!------!
                                                 !Төлемнің !      !
                                                 !мақсаты  !      !
                                                 ! коды    !      !
_________________________________________________!_________!______!
________________________________________
Тауар алынған күн (қызмет көрсету)
"____"__________________ ж.
Төлемнің мақсаты
______________________________________
(тауардың атауы, орындалған жұмыс,
көрсетілген қызмет, тауар құжаттарының
______________________________________
номерлері және күндері, шарттың және
басқа деректемелердің номері мен күні)
_______________________________________

                                            Ақша жөнелтуші банк
М.О. ____________________________ _______   ______ ж."_____"
  Бенефициар басшының аты-жөні  қолы     _____________ өткізді
___________________________________  _____ _______________________
Бенефициар бас бухгалтердің аты-жөні қолы   (жауапты орындаушылардың
                                                   қолдары)

         "Акцептің орны"

М.О. _________________________________   ___________ Мөртабанның
  Ақша жөнелтушінің аты-жөні            қолы          орны
____________________________________________ ______
Ақша жөнелтушінің бас бухгалтерінің аты-жөні  қолы

                                  Қазақстан Республикасының аумағында
                                  төлем құжаттарын пайдалану және
                                  ақшаның қолма-қол жасалмайтын
                                  төлемдері мен аударымдарын жүзеге
                                           асыру ережесіне
                                             4 қосымша

      Ескерту: 4-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) қаулыларымен.

              Төлемдік талап-тапсырмалардың
                     Тізілімі N ______

____________________________________________________________________                (бенефициардың атауы, аЖК, СТН)

_____ "____"__________ж.            Жалпы сомасы___________________
    (жазылған күні)                Төлемдік талап-тапсырмалардың
                                   саны_________________   

__________________ қаласында __________________ бенефициар банкі
БЖК ______________________________
Бенефициар ТЖК___________________
____________________________________________________________________
N    ! Талап-тапсырма. !    Талап             !       Сомасы
р/с  !  сының N        !тапсырмасының күні    !
--------------------------------------------------------------------
1.
2.
3.
4.
5.
--------------------------------------------------------------------

                                       Бенефициар банкі         
                                  ____ "____"_________ қабылдады 
                                  Қабылдау уақыты ____________   
                                  _________________________________
                                  (жауапты орындаушылардың қолдары)

    Басшының аты-жөні ________________
М.О.             қолы ________________

    Бас бухгалтердің аты-жөні___________     Мөртабанның орны
                  қолы _________________

                                  Қазақстан Республикасының аумағында
                                  төлем құжаттарын пайдалану және
                                  ақшаның қолма-қол жасалмайтын
                                  төлемдері мен аударымдарын жүзеге
                                           асыру ережесіне
                                             5 қосымша

      Ескерту: 5-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2004.01.24 N 13; 2005.08.27 N 95; 2006.08.12 N 74 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз); өзгерту енгізілді - 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) қаулыларымен.

----------------------------------------------------------
____ж. "___"________ ақша жөнелтушінің банкіне түсті
Қабылдау уақыты _________________________________________
----------------------------------------------------------

                  Инкассалық өкім N ______
              ____ жылғы "____"______________
                           (жазылған күні)

____________________________________________________________
Ақша жөнелтуші                          ! ТЖК        !аЖК    !    !
___________________________________     !            !       !    !
        (атауы)                         !            !       !    !
СТН       _________________________     !            !-------!    !
                                        !                    !    !
Ақша жөнелтушінің банкі____________     !--------------------!    !
___________________________________     ! БЖК                !    !
                                        !                    !    !
                                        !--------------------!    !
Бенефициар ________________________     ! БЖК        ! Бек   !    !
            (атауы)                     !            !-------!    !
СТН       _________________________     !                    !    !
                                        !--------------------!    !
Бенефициар банкі __________________     ! БЖК                !    !
___________________________________     !--------------------!    !
Делдал-банк_____________________        ! БЖК                !    !
___________________________________     !--------------------!----!
                                        төлемнің мақсаты коды     !
                                                                  !
___________________________________________________________________

Сомасы жазбамен____________________________________________________
___________________________________________________________________
Төлемнің мақсаты __________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(ақша алуға сәйкес заң актісіне міндетті түрде сілтеме жасай отырып)

Сыртқы жағы

      Инкассалық өкімді ішінара төлеу туралы мәлімет

Ішінара төлеу сомасына инкассалық өкімнің деректемелері

Ішінара төлем күні

Ішінара төлем сомасы

Инкассалық өкім сомасының қалдығы

Уәкілетті тұлғалардың қолдары






                                              Ақша жөнелтушінің банкі
                                   _____ ж. "_____"________ өткізді
                                   ____________________________
                                  (жауапты орындаушылардың қолдары)

М.О.  Басшының аты-жөні _____________  
          қолы     ________________   

Уәкілетті тұлғаның аты-жөні ______________         Мөртабанның орны
               қолы  ____________________

                                     Қазақстан Республикасының
                                     аумағында төлем құжаттарын
                                       пайдалану және ақшаның
                                   қолма-қол жасалмайтын төлемдері
                                    мен аударымдарын жүзеге асыру
                                        ережесіне 6-қосымша

      Ескерту: 6-қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2005.08.27 N 95; өзгерту енгізілді - 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) қаулыларымен.

___ жылғы "___"________ ақша жөнелтушінің банкіне түсті.
Қабылданған уақыты _____________________________________

                 Салық (кеден) қызметi органының
                     N ___ инкассалық өкімі
                  _____ ж. "___" ______________
                             (жазылған күні)            СОМАСЫ
                                      ____________________________
Ақша жөнелтуші ___________________   |   ЖБК  |  коды   |         |
                     (атауы)         |        |_________|         |
СТН       ________________________   |__________________|_________|
                                     |   ББК            |         |
Ақша жөнелтушінің банкі __________   |                  |         |
__________________________________   |__________________|_________|
                                     |   ЖБК   | КБе    |         |
Бенефициар _______________________   |         |________|         |
                 (атауы)             |__________________|_________|
                                     |   ББК            |         |
СТН       ________________________   |                  |         |
Бенефициардың банкі ______________   |__________________|_________|
__________________________________   |   ББК            |         |
                                     |                  |         |
Делдал банк ______________________   |__________________|_________|
__________________________________   | Төлем мақсатының |         |
                                     |        коды      |         |
                                     |__________________|_________|
Сомасы жазбаша ____________________________________________________
___________________________________________________________________
Төлем мақсаты  ____________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
    (осыған сәйкес ақша алу жүргізілетін заң актiсiне мiндеттi
                   түрде сiлтеме жасай отырып)

Салықтың (төлемнің) түрі және мерзімі

Бюджеттік жіктеу коды

Сомасы

Операция түрі









ЖИЫНТЫҒЫ:

                                  Ақша жөнелтушінің банкi
                                  ____ ж. "___" ___________ өткiздi
                                  _________________________________
______
|Мөрдің|
| орны | Басшының аты-жөнi ______________ (жауапты орындаушылардың
|______|                                           қолдары)
         қолы ____________
                                          ___________________
      Бөлім бастығы __________________   |   Мөртабан орны   |
      қолы ____________                  |___________________|

       Инкассалық өкімді ішінара төлеу туралы мәліметтер
      (салық органдарының инкассалық өкімдері үшін ғана)

Ішінара төлеу сомасына инкассалық өкімнің деректемелері

Ішінара төлем жасалған күн

Ішінара төлем сомасы

Инкассалық өкім сомасының қалдығы

Уәкілетті тұлғалардың қолдары











                                  Қазақстан Республикасының аумағында
                                  төлем құжаттарын пайдалану және
                                   ақшаның қолма-қол жасалмайтын
                                 төлемдері мен аударымдарын жүзеге
                                           асыру ережесіне
                                             7 қосымша

              Төлем құжатын кері қайтару туралы
                     _____ж. "____"_______
                           (жазылған күні)
                         Өкім N_____

____________________________________________ банкке ұсынылды
                 (атауы)

N______ "_____"___________ жылғы____________________________сомадағы
____________________________________________________________________
                   (санмен және жазбамен)
____________________________________________________________________
                    (төлем құжаттың атауы)

Қазақстан республикасының "Ақша төлемі мен аударымы туралы" Заңының
35-бабына сәйкес орындамай қайтаруыңызды сұраймыз.

ТЖК жөнелтуші_______________________________________________________
ТЖК бенефициар______________________________________________________
аЖК_______________________
БеК_______________________
Төлемнің мақсаты____________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(төлем құжаттарында көрсетілген)

Басқа мәліметтер____________________________________________________
____________________________________________________________________

   Басшының аты-жөні ________________    ____________
М.О.                                        қолы
   Бас бухгалтердің аты-жөні_________    __________
                                           қолы

                                 Қазақстан Республикасының аумағында
                                  төлем құжаттарын пайдалану және
                                   ақшаның қолма-қол жасалмайтын
                                 төлемдері мен аударымдарын жүзеге
                                           асыру ережесіне
                                             8 қосымша

      Төлем құжатының орындалуын тоқтата тұру туралы
                 ______ ж. "_____"_________
                           (жазылған күні)
                       Өкім N _____

_________________________________________ банкке ұсынылды
              (атауы)

N______  "_____"______________жылғы_________________________сомадағы
___________________________________________________________________
                   (санмен және жазбамен)
____________________________________________________________________
                    (төлем құжаттың атауы)
Қазақстан республикасының "Ақша төлемі мен аударымы туралы" Заңының
35-бабына сәйкес тоқтатылуын сұраймыз.   

ТЖК жөнелтуші_______________________________________________________
ТЖК бенефициар______________________________________________________
аЖК_______________________
БеК_______________________
Төлемнің мақсаты____________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
              (төлем құжаттарында көрсетілген)
Басқа мәліметтер____________________________________________________
____________________________________________________________________

   Басшының аты-жөні ________________    ____________
М.О.                                        қолы
   Бас бухгалтердің аты-жөні_________    __________
                                           қолы