Ескерту. Жарлықтың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2012.02.04 № 266 Жарлығымен.
"Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N 2694 Конституциялық заң күшi бар Жарлығының 29, 74-баптарына сәйкес қаулы етемiн: Z000132
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мыналарды қоса алғанда 65 судьядан тұрады деп белгіленсін:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасынан;
Жоғарғы Сотының сот алқаларының төрағалары.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 1999.09.29 N 221, 2012.02.04 № 266; 16.11.2015 № 112 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-1-тармақты алып тастау көзделген – ҚР Президентінің 10.06.2023 № 252 (15.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
1-1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы 55 бірлікті құрайды.
Ескерту. Жарлық 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 18.02.2016 № 198 Жарлығымен.2. Алынып тасталды - ҚР Президентінің 29.09.1999 N 221 Жарлығымен.
3. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының саны, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының құрылымы мен штаты туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 18 наурыздағы N 2909 Жарлығының күшi жойылған деп танылсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президентi |
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 8 қаңтардағы N 3315 Жарлығына Қосымша |
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының
құрылымы мен штаты
Ескерту. Қосымша алынып тасталды - ҚР Президентінің 29.09.1999 N 221 Жарлығымен.