Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының саны туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы. 1997 жылғы 8 қаңтардағы N 3315

Жаңартылған

      Ескерту. Жарлықтың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2012.02.04 № 266 Жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N 2694 Конституциялық заң күшi бар Жарлығының 29, 74-баптарына сәйкес қаулы етемiн: Z000132
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мыналарды қоса алғанда 65 судьядан тұрады деп белгіленсін:
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасынан;
      Жоғарғы Сотының сот алқаларының төрағалары.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 1999.09.29 N 221, 2012.02.04 № 266; 16.11.2015 № 112 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
      2. Алынып тасталды - ҚР Президентінің 29.09.1999 N 221 Жарлығымен.
      3. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының саны, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының құрылымы мен штаты туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 18 наурыздағы N 2909 Жарлығының күшi жойылған деп танылсын.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң     
1997 жылғы 8 қаңтардағы 
N 3315 Жарлығына    
Қосымша         

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының
құрылымы мен штаты

      Ескерту. Қосымша алынып тасталды - ҚР Президентінің 29.09.1999 N 221 Жарлығымен.