Ескерту. Жарлықтың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2012.02.04 № 266 Жарлығымен.
"Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N 2694 Конституциялық заң күшi бар Жарлығының 29, 74-баптарына сәйкес қаулы етемiн: Z000132
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Президентінің 16.11.2015 № 112 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 33 судьядан, оның ішінде:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасынан;
Жоғарғы Сотының сот алқаларының төрағалары.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 1999.09.29 N 221, 2012.02.04 № 266 Жарлықтарымен.
2. Алынып тасталды - ҚР Президентінің 29.09.1999 N 221 Жарлығымен.
3. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының саны, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының құрылымы мен штаты туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 18 наурыздағы N 2909 Жарлығының күшi жойылған деп танылсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1997 жылғы 8 қаңтардағы
N 3315 Жарлығына
Қосымша
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының
құрылымы мен штаты
Ескерту. Қосымша алынып тасталды - ҚР Президентінің 29.09.1999 N 221 Жарлығымен.