ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 495 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 32, 421-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің аппарат басшысы, хатшы".
2. "Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) олардың келісуімен тағайындалатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тізбесінде:
"
Орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары | Президент | Әкімшілік Басшысы | Премьер-Министр |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктерінің аппарат басшыларын қоспағанда, орталық атқарушы органдардың аппарат басшылары | министрлер | министрлер | Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы |
"; |
"
Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы | Ішкі істер министрі | Ішкі істер министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
" |
деген жол алып тасталсын;
"
Ішкі істер министрлігінің Аппарат басшысы | Ішкі істер министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
" |
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
Төтенше жағдайлар министрлігінің Аппарат басшысы | Төтенше жағдайлар министрі |
Премьер-Министр, |
"; |
"
Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының бірінші орынбасары, орынбасарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары | Ішкі істер министрі | Ішкі істер министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Төтенше жағдайлар министрлігі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары | Төтенше жағдайлар министрі | Төтенше жағдайлар министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
"; |
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті, Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасарлары | Төтенше жағдайлар министр | Төтенше жағдайлар министр |
Премьер-Министр, |
"; |
"
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әділет департаменттерінің басшылары | жауапты хатшы | Әкімшілік Басшысы, Әділет министрі |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әділет департаменттерінің басшылары | аппарат басшысы | Әкімшілік Басшысы, Әділет министрі |
"; |
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері мен өзге де лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:
"1. Жалпы ережелер" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"министрліктер ведомстволарының және орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің басшылары жөнінде – тиісті орталық мемлекеттік органдардың басшылары;";
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"орталық атқарушы органдардың аппарат басшылары тағайындайтын лауазымды адамдар жөнінде – тиісті орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшылары;";
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4-1. Ротация шеңберінде мемлекеттік әкімшілік қызметтің "А" корпусына жататын лауазымдарға тағайындау Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдерінде, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.";
"2. Әкімшілікте мемлекеттік саяси қызметшілерді және өзге де лауазымды тұлғаларды қызметке келісуді, қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды жүргізуді ұйымдастыру" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Әкімшілікте мемлекеттік саяси қызметшілерді және өзге де лауазымды адамдарды қызметке келісуді, қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды жүргізуді ұйымдастыру";
5-1-тармақ алып тасталсын;
"3. Әкімшілікте келісілуге тиіс мемлекеттік саяси қызметшілердің және өзге де басшы қызметкерлердің лауазымдарын оның құрылымдық бөлімшелері арасында бөлу" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Әкімшілікте келісілуге тиіс мемлекеттік саяси қызметшілердің және өзге де лауазымды адамдардың лауазымдарын оның құрылымдық бөлімшелері арасында бөлу";
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық экономика министрінің жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелерін қадағалайтын орынбасары;";
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
"Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы;";
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Төтенше жағдайлар министрінің орынбасарлары, осы министрліктің Өртке қарсы қызмет комитетінің, Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағалары, төрағаларының орынбасарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары;";
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетінің төрағасы;";
мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
"Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы;";
4) тармақшада:
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының бірінші орынбасары, орынбасарлары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың департаменттерінің басшылары;";
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры.";
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
"17-1. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, қауіпсіздік және құқықтық тәртіп мәселелерін жүргізетін құрылымдық бөлімшеде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымына кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс.";
18-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетінің төрағасын және Азаматтық авиация комитетінің төрағасын, төрағасының орынбасарларын қоспағанда, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ұлттық экономика, Білім және ғылым, Ауыл шаруашылығы, Қаржы, Энергетика, Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлерінің орынбасарлары, осы министрліктердің аппарат басшылары, комитеттерінің төрағалары;";
20-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Сыртқы істер министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілері, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдері, Сыртқы істер министрлігінің аппарат басшысы және комитеттерінің төрағалары.";
21-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Әділет министрінің орынбасарлары, Әділет министрлігінің аппарат басшысы, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әділет департаменттерінің басшылары;";
22-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ақпарат және коммуникациялар, Мәдениет және спорт, Білім және ғылым, Қоғамдық даму министрлерінің орынбасарлары, осы министрліктердің аппарат басшылары және комитеттерінің төрағалары;";
23-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі істер министрлігінің аппарат басшысын қоспағанда, орталық атқарушы органдардың аппарат басшылары;".
3. "Дипломаттық дәрежелердi беру тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 тамыздағы № 941 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 28, 309-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Дипломаттық дәрежелердi беру тәртiбi туралы ережеде:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"I сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежесі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымдарын атқаратын дипломатиялық қызмет қызметкерлеріне берілуі мүмкін.";
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Басқа дипломаттық дәрежелерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі мекемелері немесе құрылымдық бөлімшелері басшыларының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі береді.".
4. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк протоколын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 39, 428-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 1-қосымшада:
49-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 52-1-тармақпен толықтырылсын:
"52-1. Орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшылары";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 2-қосымшада:
53-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 56-1-тармақпен толықтырылсын:
"56-1. Орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшылары".
5. "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінде:
73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"73. Бағалау қорытындылары бойынша бағаланатын мемлекеттік орган қызметінің көрсеткіштері төмендеген, сондай-ақ сеніп тапсырылған саладағы (қызмет саласындағы) ахуалдың екі және одан көп жыл қатарынан нашарлағаны анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған құзыретіне байланысты тиісті мемлекеттік саяси қызметшінің және/немесе орталық мемлекеттік органның аппарат басшысының, облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімінің аппараты басшысының жауапкершілігі мәселесін қарау туралы ұсыныс енгізеді.".
6. "Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 53, 744-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ережеде:
"1. Жалпы ережелер" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
"2. Ассамблеяның функциялары мен өкілеттіктері" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Ассамблеяның функциялары мен өкілеттіктері";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Ассамблеяның аппараты (Хатшылық) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрамына кіретін, қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттелетін Ассамблеяның жұмыс органы (бұдан әрі – Хатшылық) болып табылады. Хатшылықты бір мезгілде Ассамблея Төрағасының орынбасары болып табылатын Хатшылық меңгерушісі басқарады.
Хатшылықтың функциялары:
1) Төраға мен Кеңестің қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету, оның ішінде олардың қызметін сараптамалық-талдамалық, ақпараттық және өзге де түрде қолдап отыру;
2) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жөніндегі жұмысын үйлестіру;
3) жеке және заңды тұлғалардың жалпымемлекеттік маңызы бар және этносаралық қатынастар саласын қозғайтын өтініштерін қарау;
4) Ассамблея мен оның құрылымының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
5) мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен және шет елдердің осыған ұқсас құрылымдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз етуге және Ассамблеяға жүктелген міндеттерді іске асыруға бағытталған өзара іс-қимыл жасау болып табылады.
Хатшылықтың Қазақстан Республикасы Президентінің этносаралық қатынастар саласындағы өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктері, сондай-ақ Ассамблеяның өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі актілерінде айқындалады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының жұмыс органы аппарат (хатшылық) болып табылады.".
"2. Ассамблеяның мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылын ұйымдастырудың ерекшеліктері" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Ассамблеяның мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылын ұйымдастырудың ерекшеліктері";
"3. Ассамблеяның Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу тәртібі" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Ассамблеяның Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу тәртібі".
7. "Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 55, 783-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің аппарат басшысы, хатшы".
8. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 319-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:
"1. Жалпы ережелер" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
"2. Ұлттық комиссияның міндеттері" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Ұлттық комиссияның міндеттері";
2-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2-2) мыналардың:
өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындап жүрген қызметтегі судьялардың, Парламент депутаттарының, тұрақты негізде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттік саяси қызметшілердің, халықаралық қызметшілердің;
өз өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған және оларды тоқтатқан халықаралық қызметшілердің, судьялардың;
Ұлттық комиссия шешім қабылдаған кезде қолданыста болатын Мемлекеттік саяси және әкiмшілiк қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес лауазымдары мемлекеттік саяси лауазымдарға жатқызылған жағдайда, өз өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған және оларды тоқтатқан мемлекеттік саяси қызметшілердің;
халықаралық, шетелдік немесе трансұлттық ұйымдарда, шетелдік мемлекеттік құрылымдарда кемінде соңғы бес жыл жұмыс өтілі бар адамдардың;
мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында докторантура (PhD, бейіні бойынша доктор) бағдарламалары бойынша оқуын аяқтаған адамдардың;
республикалық маңызы бар ірі квазимемлекеттік сектор субъектілерінде бірінші басшы лауазымын немесе бірінші басшыдан кейін келесі төмен тұрған лауазымды кемінде екі жыл атқарып жүрген немесе атқарған адамдардың;
Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстық іріктеу өткізілместен орналасуы мәселелерін қарау;";
3) тармақша алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату мәселелері бойынша, оқыту, ротация жүргізу, тәртіптік жауаптылыққа тарту, атқаратын лауазымынан босату бойынша ұсынымдарды тұжырымдау және шығару;";
"3. Ұлттық комиссияның функциялары" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Ұлттық комиссияның функциялары";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "А" корпусының лауазымдарына кандидаттардың жеке ісін қарау және қажет болған жағдайда олармен әңгімелесу өткізу;";
2-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2-2) мыналардың:
өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындап жүрген қызметтегі судьялардың, Парламент депутаттарының, тұрақты негізде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттік саяси қызметшілердің, халықаралық қызметшілердің;
өз өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған және оларды тоқтатқан халықаралық қызметшілердің, судьялардың;
Ұлттық комиссия шешім қабылдаған кезде қолданыста болатын Мемлекеттік саяси және әкiмшілiк қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес лауазымдары мемлекеттік саяси лауазымдарға жатқызылған жағдайда, өз өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған және оларды тоқтатқан мемлекеттік саяси қызметшілердің;
халықаралық, шетелдік немесе трансұлттық ұйымдарда, шетелдік мемлекеттік құрылымдарда кемінде соңғы бес жыл жұмыс өтілі бар адамдардың;
мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында докторантура (PhD, бейіні бойынша доктор) бағдарламалары бойынша оқуын аяқтаған адамдардың;
республикалық маңызы бар ірі квазимемлекеттік сектор субъектілерінде бірінші басшы лауазымын немесе бірінші басшыдан кейін келесі төмен тұрған лауазымды кемінде екі жыл атқарып жүрген немесе атқарған адамдардың;
Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстық іріктеу өткізілместен орналасуы мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;";
9-1) тармақша алып тасталсын;
"4. Ұлттық комиссияның құрамы және оның қызметін ұйымдастыру" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Ұлттық комиссияның құрамы және оның қызметін ұйымдастыру";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиясы туралы үлгілік ережеде:
"1. Жалпы ережелер" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
"2. Комиссияның міндеттері" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Комиссияның міндеттері";
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) кадр саясатын қалыптастыру және оны "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қатысты іске асыру бойынша, ротация жүргізу, тәртіптік жауаптылыққа тарту, атқаратын лауазымынан босату бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және Ұлттық комиссияға енгізу болып табылады.";
"3. Комиссияның функциялары" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Комиссияның функциялары";
"4. Комиссияның құрамы және оның қызметін ұйымдастыру" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Комиссияның құрамы және оның қызметін ұйымдастыру".
9. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 1, 2-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларында:
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) өтінімхат – мемлекеттік орган басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның не аппарат басшының (белгіленген тәртіппен өзіне аппарат басшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адамның) қолы қойылған іссапарға жіберуші органның фирмалық бланкідегі хаты;";
11-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің, оның орынбасарларының немесе Министрліктің аппарат басшысының жазбаша нұсқауы болған жағдайларда жол беріледі.".
10. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
"1. Мемлекеттік саяси лауазымдар" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Мемлекеттік саяси лауазымдар";
"2. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар";
"2. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар" деген тарауда:
"А" корпусы" деген бөлімнің 1-санаты мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Аппарат басшысы
Орталық атқарушы органдар аппараттарының басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы";
"Б" корпусы" деген бөлімде:
D санаттарының тобында:
"Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің аппараттары, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана мәслихаттарының аппараттары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының аппараттары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Қазақстан халқы Ассамблеясының аппараттары (хатшылықтары)" деген кіші топтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің аппараттары, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана мәслихаттарының аппараттары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының аппараттары";
D-2 санатында:
"Қазақстан халқы Ассамблеясы аппаратының (хатшылығының) меңгерушісі" деген жол алып тасталсын;
"Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдар, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдары" деген кіші топтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдар, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Қазақстан халқы Ассамблеясының аппараттары (хатшылықтары)";
D-O-2 санатында:
"Басшы орынбасары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі".
11. "Азаматтардың "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 521-құжат):
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары бекітілсін.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарында:
"1. Жалпы ережелер" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы; орталық атқарушы органдар аппараттарының басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы;";
"2. Білімі бойынша талаптар" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Білімі бойынша талаптар";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін кандидаттардың жоғары білімінің болуы талап етіледі.";
"3. Жұмыс өтілі бойынша талаптар" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Жұмыс өтілі бойынша талаптар";
"4. Кәсіптік білімі, Қазақстан Республикасының заңнамасын, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі бойынша талаптар" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Кәсіптік білімі, Қазақстан Республикасының заңнамасын, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі бойынша талаптар";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін кандидаттарға кәсіптік білімі, Қазақстан Республикасының заңнамасын, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі бойынша талаптар қойылады.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескертпе. **"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін ірі кәсіпкерлік субъектілері туралы мәліметтерді кандидаттар тиісті салық органдарынан құжаттар ұсыну арқылы растайды.".
12. "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 534-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу қағидалары мен мерзімінде:
"1. Мемлекеттік саяси қызметшілердің қызметін бағалау" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Мемлекеттік саяси қызметшілердің қызметін бағалау";
"2. "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау";
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. "А" корпусы қызметшісінің қызметін бағалауды, осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, "А" корпусының қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адам (орган) (бұдан әрі – уәкілетті адам) уәкілетті орган бекітетін "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінің негізінде жүргізеді.
8. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі хатшысының – Жоғары Сот Кеңесі Аппараты басшысының қызметін бағалауды Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы жүргізеді.";
20-тармақ алып тасталсын;
"3. "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдері, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдарында:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) ротациялау "Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына не:
1) мемлекеттік орган ішіндегі, оның ведомстволарын, осы мемлекеттік органның және оның ведомстволарының аумақтық органдарын қоса алғанда, С-1, С-О-1 санаттарына жататын қызметшілер;
2) тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана шегінде не облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың арасында D-O-1 санатына жататын қызметшілер арасында жүргізіледі.".
13. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 573-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережеде:
"1. Жалпы ережелер" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
"2. Әдеп жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Әдеп жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері";
6-тармақтың 6)тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның, Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның, Агенттіктің ұсынымдарын қарау;";
"3. Әдеп жөніндегі кеңестің қызметін ұйымдастыру" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Әдеп жөніндегі кеңестің қызметін ұйымдастыру";
"4. Хатшылықтың негізгі міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Хатшылықтың негізгі міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері".
14. "Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарын бекіту және "Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 788 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 167 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 1-2, 5-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарында:
27-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы "жауапты хатшысының" деген сөздер "аппарат басшысының" деген сөздермен ауыстырылсын.
15. "Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 295 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 39, 230-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесінде:
"
Облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдері | Облыстардың әкімдері |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандарының әкімдері | облыстардың әкімдері |
"; |
"
Облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдері | Облыстардың әкімдері |
" |
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
Қалалардағы аудандардың әкімдері | қалалардың әкімдері |
". |
16. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру және Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 6 мамырдағы № 473 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 18, 126-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру және Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну қағидаларында:
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақпаратқа мемлекеттік органның аппарат басшысы қол қояды.".
17. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 31, 266-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ережеде:
16-тармақтың 22) және 23) тармақшалары алып тасталсын.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 495 Жарлығына ҚОСЫМША |
Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының ТІЗБЕСІ
1. "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 25, 285-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 маусымдағы № 991 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 289-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 435 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 80, 1178-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 тамыздағы № 723 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.