Ескерту. Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.01.2021 № 495 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.01.2021 № 495 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.01.2021 № 495 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
1. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын осы арнайы біліктілік талаптары (бұдан әрі – Арнайы біліктілік талаптары) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткер азаматтарға қойылады.
2. Арнайы біліктілік талаптары:
1) білімі бойынша талаптарды;
2) жұмыс өтілі бойынша талаптарды;
3) кәсіптік білімі, Қазақстан Республикасының заңнамасын, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі бойынша талаптарды қамтиды.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары мынадай санаттарға бөлінеді:
1) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы; орталық атқарушы органдар аппараттарының басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы;
2) орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарлары;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының басшылары;
4) алып тасталды - ҚР Президентінің 11.07.2019 № 58 Жарлығымен.Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 04.08.2018 № 723; 11.07.2019 № 58; 22.07.2019 № 74; 05.10.2020 № 427; 05.10.2020 № 428; 18.01.2021 № 495 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
4. Алып тасталды - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 Жарлығымен (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Алып тасталды - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 Жарлығымен (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6. Алып тасталды - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 Жарлығымен (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
7. Алып тасталды - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 Жарлығымен (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
8. Алып тасталды - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 Жарлығымен (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
9. Алып тасталды - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 Жарлығымен (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
10. Алып тасталды - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 Жарлығымен (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2-тарау. Білімі бойынша талаптар
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.01.2021 № 495 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
11. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін кандидаттардың жоғары білімінің болуы талап етіледі.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.01.2021 № 495 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.12. Алып тасталды - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 Жарлығымен (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3-тарау. Жұмыс өтілі бойынша талаптар
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.01.2021 № 495 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
13. Жұмыс өтілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет өтілін және (немесе) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардағы жұмыс өтілін қамтиды.
14. Бірінші санаттың лауазымдарына орналасу үшін:
1) кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не "А" корпусының лауазымдарында, не Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының мәртебесінде, не А-1, В-1, С-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдар комитеттері төрағаларының орынбасарларынан, орталық мемлекеттік органдардың департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі;
2) не кемінде алты жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда осы Арнайы біліктілік талаптарының 14-тармағының 1) тармақшасында санамаланған лауазымдарда кемінде екі жыл қызмет өтілі;
3) не кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, ұлттық даму институттарының атқарушы органдарының басшылары лауазымдарында кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
4) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін кемінде бес жыл жұмыс өтілі талап етіледі.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 24.01.2019 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 14.01.2020 № 239 Жарлығымен.15. Екінші санаттың лауазымдарына орналасу үшін:
1) кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не "А" корпусының лауазымдарында, не Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының мәртебесінде, не А-2, В-2, С-2, С-0-1, D-2, D-0-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдар комитеттері төрағаларының орынбасарларынан, орталық мемлекеттік органдардың департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде екі жыл мемлекеттік қызмет өтілі;
2) не кемінде төрт жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда осы Арнайы біліктілік талаптарының 15-тармағының 1) тармақшасында санамаланған лауазымдарда кемінде бір жарым жыл қызмет өтілі;
3) не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не жылдық орташа штат саны кемінде елу адам болатын республикалық ұйымдардың немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың** басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілі;
4) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін кемінде бес жыл жұмыс өтілі талап етіледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 24.01.2019 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 11.11.2019 № 203; 14.01.2020 № 239 Жарлықтарымен.15-1. Үшінші санаттың лауазымдарына орналасу үшін:
1) кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не "А" корпусының лауазымдарында, не Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының мәртебесінде, не А-2, В-2, С-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдар комитеттері төрағаларының орынбасарларынан, орталық мемлекеттік органдардың департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерінің аппараттарының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының лауазымдарында кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі;
2) не кемінде алты жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда осы Арнайы біліктілік талаптарының 15-1-тармағының 1) тармақшасында санамаланған лауазымдарда кемінде екі жыл қызмет өтілі;
3) не кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, ұлттық даму институттарының атқарушы органдарының басшылары лауазымдарында кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
4) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін кемінде бес жыл жұмыс өтілі талап етіледі.
Ескерту. Біліктілік талаптары 15-1-тармақмен толықтырылды - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 24.01.2019 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 16.08.2019 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 14.01.2020 № 239 Жарлықтарымен.15-2. Алып тасталды - ҚР Президентінің 11.07.2019 № 58 Жарлығымен.
16. Алып тасталды - ҚР Президентінің 04.08.2018 № 723 Жарлығымен.
4-тарау. Кәсіптік білімі, Қазақстан Республикасының заңнамасын, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі бойынша талаптар
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.01.2021 № 495 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
17. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін кандидаттарға кәсіптік білімі, Қазақстан Республикасының заңнамасын, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі бойынша талаптар қойылады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.01.2021 № 495 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.18. Кәсіптік білімінің болуын, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия кандидаттармен әңгімелесу өткізу кезінде айқындайды.
19. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі тест өткізу кезінде айқындалады.
Ескертпе. **"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін ірі кәсіпкерлік субъектілері туралы мәліметтерді кандидаттар тиісті салық органдарынан құжаттар ұсыну арқылы растайды.
Ескерту. Ескертпе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.01.2021 № 495 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығына ҚОСЫМША |
Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының
тізбесі
1. "Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 47, 524-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 1362 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 21, 265-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 1415 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасы.
4. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 қаңтардағы № 1695 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 1, 1-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 446 Жарлығының 1-тармағының 6) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 43, 499-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 576 Жарлығының 1-тармағының 13) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 20, 182-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 12 қарашадағы № 689 Жарлығының 1-тармағының 8) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 42, 465-құжат).
8. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және "А" корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкішілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 524 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 321-құжат).
9. "Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 525 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 322-құжат).
10. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 21 қарашадағы № 697 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 68, 905-құжат).
11. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 708 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 72, 944-құжат).
12. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы" 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 және "Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" 2013 жылғы 7 наурыздағы № 523 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 869 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 46-47, 460-құжат).
13. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 22-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 54, 532-құжат).