Азаматтардың "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығы.

Жаңартылған

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары;

      2) "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу қағидалары;

      3) "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервін қалыптастыру қағидалары;

      4) "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
  Президентінің
  2015 жылғы 29 желтоқсандағы
  № 151 Жарлығымен
  БЕКІТІЛГЕН

"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары
1. Жалпы ережелер

      1. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын осы арнайы біліктілік талаптары (бұдан әрі – Арнайы біліктілік талаптары) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткер азаматтарға қойылады.

      2. Арнайы біліктілік талаптары:

      1) білімі бойынша талаптарды;

      2) жұмыс өтілі бойынша талаптарды;

      3) кәсіптік білімі, Қазақстан Республикасының заңнамасын, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі бойынша талаптарды қамтиды.

      3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары мынадай санаттарға бөлінеді:

      1) орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы; жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық атқарушы органдар аппараттарының басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы;

      2) орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары;

      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының басшылары;

      4) алып тасталды - ҚР Президентінің 11.07.2019 № 58 Жарлығымен.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 Жарлығымен (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 04.08.2018 № 723; 11.07.2019 № 58; 22.07.2019 № 74 Жарлықтарымен.
      4. Алып тастау көзделген - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 Жарлығымен (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Алып тастау көзделген - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 Жарлығымен (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Алып тастау көзделген - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 Жарлығымен (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. Алып тастау көзделген - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 Жарлығымен (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Алып тастау көзделген - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 Жарлығымен (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. Алып тастау көзделген - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 Жарлығымен (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      10. Алып тастау көзделген - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 Жарлығымен (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Білімі бойынша талаптар

      11. "А" корпусының кадр резервіне алу және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін кандидаттардың жоғары білімінің болуы талап етіледі.

      Екерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 Жарлығымен (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      12. Алып тасталды - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 Жарлығымен (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Жұмыс өтілі бойынша талаптар

      13. Жұмыс өтілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет өтілін және (немесе) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардағы жұмыс өтілін қамтиды.

      14. Бірінші санаттың лауазымдарына орналасу үшін:

      1) кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не "А" корпусының лауазымдарында, не Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының мәртебесінде, не А-1, В-1, С-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдар комитеттері төрағаларының орынбасарларынан, орталық мемлекеттік органдардың департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

      2) не кемінде алты жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда осы Арнайы біліктілік талаптарының 14-тармағының 1) тармақшасында санамаланған лауазымдарда кемінде екі жыл қызмет өтілі;

      3) не кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, ұлттық даму институттарының атқарушы органдарының басшылары лауазымдарында кемінде бес жыл жұмыс өтілі;

      4) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін кемінде бес жыл жұмыс өтілі талап етіледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 24.01.2019 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 14.01.2020 № 239 Жарлығымен.

      15. Екінші санаттың лауазымдарына орналасу үшін:

      1) кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не "А" корпусының лауазымдарында, не Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының мәртебесінде, не А-2, В-2, С-2, С-0-1, D-2, D-0-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдар комитеттері төрағаларының орынбасарларынан, орталық мемлекеттік органдардың департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде екі жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

      2) не кемінде төрт жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда осы Арнайы біліктілік талаптарының 15-тармағының 1) тармақшасында санамаланған лауазымдарда кемінде бір жарым жыл қызмет өтілі;

      3) не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не жылдық орташа штат саны кемінде елу адам болатын республикалық ұйымдардың немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың** басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілі;

      4) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін кемінде бес жыл жұмыс өтілі талап етіледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 24.01.2019 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 11.11.2019 № 203; 14.01.2020 № 239 Жарлықтарымен.

      15-1. Үшінші санаттың лауазымдарына орналасу үшін:

      1) кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не "А" корпусының лауазымдарында, не Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының мәртебесінде, не А-2, В-2, С-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдар комитеттері төрағаларының орынбасарларынан, орталық мемлекеттік органдардың департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерінің аппараттарының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының лауазымдарында кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

      2) не кемінде алты жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда осы Арнайы біліктілік талаптарының 15-1-тармағының 1) тармақшасында санамаланған лауазымдарда кемінде екі жыл қызмет өтілі;

      3) не кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, ұлттық даму институттарының атқарушы органдарының басшылары лауазымдарында кемінде бес жыл жұмыс өтілі;

      4) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін кемінде бес жыл жұмыс өтілі талап етіледі.

      Ескерту. Біліктілік талаптары 15-1-тармақмен толықтырылды - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 24.01.2019 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 16.08.2019 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 14.01.2020 № 239 Жарлықтарымен.
      15-2. Алып тасталды - ҚР Президентінің 11.07.2019 № 58 Жарлығымен.
      16. Алып тасталды - ҚР Президентінің 04.08.2018 № 723 Жарлығымен.

4. Кәсіптік білімі, Қазақстан Республикасының заңнамасын,
стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі
бойынша талаптар

      17. "А" корпусының кадр резервіне алу және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін кандидаттарға кәсіптік білімі, Қазақстан Республикасының заңнамасын, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі бойынша талаптар қойылады.

      18. Кәсіптік білімінің болуын, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия кандидаттармен әңгімелесу өткізу кезінде айқындайды.

      19. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі тест өткізу кезінде айқындалады.

      Ескертпе. *"А" корпусының кадр резервіне алу үшін жұмыскерлерінің жылдық орташа штат саны туралы мәліметтерді кандидаттар тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан құжаттар ұсыну арқылы растайды.

      **"А" корпусының кадр резервіне алу үшін ірі немесе орта кәсіпкерлік субъектілері туралы мәліметтерді кандидаттар тиісті салық органдарынан құжаттар ұсыну арқылы растайды.


Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 151 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік
қызметінің кадр резервіне іріктеу
ҚАҒИДАЛАРЫ

      1. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеудің осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 22-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу үшін белгіленген басқа да талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтарын іріктеудің тәртібін айқындайды.

      2. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуді (бұдан әрі – "А" корпусының кадр резерві) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) жүзеге асырады.

      3. Қызметтегі судьялар, Парламент депутаттары, тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат депутаттары, сондай-ақ өз өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін тоқтатқан, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған мемлекеттік саяси қызметшілер, халықаралық қызметшілер, судьялар, Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар, Ұлттық комиссия айқындайтын халықаралық, шетелдік немесе трансұлттық ұйымдарда, шетелдік мемлекеттік құрылымдарда кемінде соңғы бес жыл жұмыс өтілі бар адамдар, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында докторантура бағдарламалары (PhD, бейін бойынша доктор) бойынша оқуын аяқтаған адамдар, квазимемлекеттік сектор субъектісінде басшы немесе басшының орынбасары лауазымын атқаратын адамдар "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкес кадр резервіне іріктеу және конкурс өткізілмей Ұлттық комиссияның шешімімен орналаса алады.

      Қазақстан Республикасының Президенті осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдарды кадр резервіне іріктеу өткізбей және Ұлттық комиссияның шешімінсіз тағайындауды жүзеге асыратын "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындауға құқылы.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 14.01.2020 № 239 Жарлығымен.

      4. "А" корпусының кадр резервіне іріктеу бірқатар дәйекті кезеңдерді қамтиды:

      1) "А" корпусының кадр резервіне іріктеу өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

      2) кандидаттардың құжаттарын қабылдау және олардың "А" корпусының лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына, сондай-ақ Заңның 16-бабының 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін қарау;

      3) кандидаттарды заңнаманы білу және жеке қасиеттерін бағалау тестінен өткізу;

      4) кандидаттармен әңгімелесу.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.01.2019 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      4-1. Ұлттық комиссияның шешімімен "А" корпусының кадр резервіне осы мемлекеттік органда, ведомствода немесе өңірде кемінде соңғы екі жылда келесі төмен тұрған мемлекеттік лауазымды атқаратын мемлекеттік қызметшіні алуға болады. Бұл шешім "А" корпусының бос лауазымы болған жағдайда қабылдануы мүмкін".

      Осы Қағидаларда төмен тұрған мемлекеттік лауазым деп мыналар түсініледі:

      "А" корпусының бірінші санатының лауазымдары үшін – осы мемлекеттік органның орталық аппаратының В-1 санатындағы лауазымдар, осы мемлекеттік органның орталық аппараты департаментінің директоры, осы мемлекеттік органның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аумақтық органдары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ бірінші санат лауазымдарының орынбасары лауазымдары;

      "А" корпусының екінші санатының лауазымдары үшін – нақты ведомство төрағасының орынбасары;

      "А" корпусының үшінші санатының лауазымдары үшін – осы өңірдің үшінші санат лауазымдарының орынбасарлары лауазымдары, осы өңірдің D-O-1 санатының лауазымы;

      Аталған адамдар кадр резервіне "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына сай болған жағдайда алынады.

      Резервке алу туралы шешімді "А" корпусының лауазымына тағайындау мен лауазымнан босату құқығына ие адамның ұсынуы негізінде Ұлттық комиссия қабылдайды.

      Жауапты хатшы мен Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Аппарат басшысы лауазымдарына ұсынуды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі енгізеді.

      Ұлттық комиссияның қарауына осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.

      Ескерту. Қағидалар 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 Жарлығымен (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 01.06.2017 № 487 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 26.02.2018 № 643; 11.07.2019 № 58; 16.08.2019 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      4-2. Осы Қағидалардың 4-1-тармағының негізінде кадр резервіне алынған адамдар тек қана олар кадр резервіне алынған лауазымдарға тағайындалады.

      Ескерту. Қағидалар 4-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 Жарлығымен (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Азаматтар "А" корпусының кадр резервіне іріктеуге қатысу шығындарын өздерiнiң жеке қаражаты есебiнен жүргiзедi.

      6. Ұлттық комиссияның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше белгілемесе, "А" корпусының кадр резервіне іріктеу мемлекеттік органдардың "А" корпусының лауазымдарын атқару қажеттігі, "А" корпусының кадр резервіне алынған азаматтардың саны ескеріле отырып, екі жылда бір реттен сиретпей өткізіледі.

      7. Мемлекеттік органдар Ұлттық комиссияның жұмыс органына "А" корпусының резервшілеріне қажеттігі туралы хаттар (өтінімдер) жолдайды.

      8. "А" корпусының кадр резервіне алынатын адамдар санын Ұлттық комиссия "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервінде орналасқан адамдардың, бос лауазымдардың санын, мемлекеттік органдардың қажеттіктерін ескере отырып белгілейді.

      9. "А" корпусының кадр резервіне іріктеу өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) интернет-ресурста және өзі айқындайтын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.

      10. Хабарландыру мәтінінің үлгісі уәкілетті орган бекітеді және кандидаттарға қойылатын талаптарды, құжаттарды қабылдау мерзімін, құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар мен уәкілетті органның байланыс деректерін (пошта мекенжайы, телефон және факс нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы) қамтиды.

      11. "А" корпусының кадр резервіне іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жеке куәлігінің көшірмесі;

      2) уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;

      3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариат не жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған көшiрмелерi.

      Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерi Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес беріледі;

      4) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне ұсынуынан 10 жұмыс күніне дейін нотариат немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

      5) уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша "А" корпусының кадр резервіне кандидаттың қызметтік тізімі;

      6) "А" корпусының кадр резервіне кандидатты ұсынған лауазымды адамның немесе ол жұмыс істейтін ұйымның бланкісінде ресімделген, қолы қойылған күні, кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты, оның кәсіптік және жеке басының қасиеттері, танысу, қызметтес болу ұзақтығы мен жағдайлары жазылған мінездемесі көрсетілген ұсынымхат (кемінде біреу). Ұсынымхаттың қолданылу мерзімі оған қол қойылған күннен бастап үш айдан аспайды;

      7) өмірбаян;

      8) алып тасталды - ҚР Президентінің 24.01.2019 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      9) Ұлттық комиссияның шешімімен айқындалатын құжаттар.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 24.01.2019 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      12. Ұсынымхатты беру құқығына:

      1) мемлекеттік саяси қызметшілер;

      2) Қазақстан Республикасы Сенатының, Мәжілісінің депутаттары, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихат хатшылары;

      3) лауазымға осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес Ұлттық комиссияның шешімі бойынша не Ұлттық комиссия жасақтаған "А" корпусының кадр резервінен тағайындалған және лауазымға тағайындау және босату құқығына ие "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері;

      4) Қазақстан Республикасының Президентімен немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысымен келісу бойынша тағайындалатын ұлттық компанияның, ұлттық холдингтің, ұлттық даму институтының басқарма төрағалары ие болады.

      Лауазымға тағайындау және босату құқығына ие мемлекеттік орган басшылары мен саяси мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, осы тармақта көрсетілген адамдар "А" корпусының кадр резервіне бір іріктеудің шеңберінде бес үміткерден артық ұсына алмайды.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.08.2018 № 723 Жарлықтарымен.

      13. Азаматтарға ұсынымхат бергеннен кейін оларға қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген болса, бұрын ұсынымхат берген адамның ұсынымхаты Ұлттық комиссия шешімі негізінде қарауға қабылданбайды.

      14. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса немесе құжаттар қойылған талаптарға сәйкес келмесе, кандидатты "А" корпусының кадр резервіне іріктеуге қатыстырудан бас тартылады.

      15. Кандидаттардың көрінеу жалған ақпаратты және құжаттарды ұсыну фактілерінің анықталуы оларды "А" корпусының кадр резервіне іріктеудің кез келген кезеңінде шығаруға негіз болып табылады.

      16. Құжаттар он жұмыс күні ішінде қолма-қол, поштамен не электрондық пошта арқылы қабылданады.

      Құжаттарды қабылдау күні "А" корпусының кадр резервіне іріктеу өткізу туралы хабарландыруда белгіленеді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 24.01.2019 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      17. Құжаттар қабылданғанда кандидатқа олардың тіркелгені туралы қолхат беріледі. Құжаттар поштамен ұсынылғанда, оларды тіркеу туралы қолхат жіберушінің пошта мекенжайына жолданады.

      Құжаттар электрондық пошта арқылы қабылданған жағдайда, оларды тіркеу туралы қолхат электронды түрде жіберіледі.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 24.01.2019 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      18. Құжаттар электрондық пошта арқылы жіберілген жағдайларда, кандидаттар құжаттардың түпнұсқаларын тест басталғанға дейінгі үш сағаттан кешіктірмей ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда кандидат тестке жіберілмейді.

      19. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген өтінішті және өзге де құжаттарды ұсынған кандидаттар тізімі уәкілетті органның интернет-ресурсында құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жарияланады.

      20. Уәкілетті орган не оның аумақтық бөлімшелері құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттарын "А" корпусының лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкестігін қарайды.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 24.01.2019 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      21. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері құжаттарды қарау қорытындылары бойынша бес жұмыс күні ішінде кандидаттарды тестке қатысуға жіберу не жіберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      22. Бас тартылған жағдайда кандидаттарға бес жұмыс күні ішінде кандидат өтінішінде көрсеткен электрондық пошта бойынша дәлелді жауап ұсынылады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 24.01.2019 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      23. Осы Қағидалардың 22-тармағына сәйкес уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің тестке жіберуден бас тарту туралы шешіміне кандидат уәкілетті органға хабардар етілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шағымдана алады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 24.01.2019 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      24. Алып тасталды - ҚР Президентінің 24.01.2019 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      25. Уәкілетті орган түскен шағымды түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарап, кандидатты тестке қатысуға жіберу не жіберуден бас тарту туралы тиісті шешім қабылдайды.

      26. Кандидаттарды тестке жіберу туралы шешім уәкілетті органның басшысы бекітетін және оның интернет-ресурсында жарияланатын тізім түрінде ресімделеді.

      27. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасатын кандидаттарға тест ұйымдастыру қағидаларын уәкілетті орган айқындайды.

      28. Кандидаттар тесттен уәкілетті орган жасайтын кесте негізінде өтеді. Тест кестесі уәкілетті органның интернет-ресурсында тест өткізу басталатын күнге дейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жарияланады.

      29. Уәкілетті орган, тест аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тесттен оң нәтижелер алған кандидаттардың тізімін Ұлттық комиссияның жұмыс органына жолдайды.

      30. Осы тізімге кандидаттардың құжаттары, олардың тест нәтижелері қоса беріледі.

      31. Тесттің оң нәтижелері деп уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес нәтиже түсiнiледi.

      32. Ұлттық комиссия әңгімелесу жүргізу кезінде мәліметтер тізімін және оларды ұсынуға жауапты мемлекеттік органдарды айқындайды.

      33. Ұлттық комиссияның жұмыс органы осы Қағидалардың 11-тармағында аталған кандидаттардың құжаттарын және тест нәтижелерін алдын ала қарауды қамтамасыз етеді.

      34. Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша Ұлттық комиссияның жұмыс органы әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі мен әңгімелесу өткізу кестесін жасайды.

      35. Әңгімелесуге жіберуден бас тартылған жағдайларда Ұлттық комиссияның жұмыс органы осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды кандидаттарға қайтаратын уәкілетті органға жолдайды.

      36. Заңның 16-тармағында көрсетілген талаптарға кандидаттардың сәйкес келмеуі оларды әңгімелесуге жіберуден бас тартуға негіз болып табылады.

      37. Әңгімелесу өткізу кестесі уәкілетті органның интернет-ресурсында ол өткізілгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жарияланады.

      38. Әңгімелесуді өткізу тәртібін Ұлттық комиссия айқындайды.

      39. Ұлттық комиссия айқындайтын жағдайларда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары әңгімелесу өткізеді және Ұлттық комиссияға ұсыныс енгізеді.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 04.08.2018 № 723 Жарлығымен.

      40. Қажет болған жағдайда Ұлттық комиссияның жұмыс органы мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын әңгімелесуге құжаттарды және өзге материалдарды дайындау үшін тарта алады.

      41. Ұлттық комиссия кандидаттардың құжаттарын, олардың тест нәтижелерін қарайды және әңгімелесу өткізеді.

      42. Әңгімелесу өткізуді ұйымдастыруды Ұлттық комиссияның жұмыс органы қамтамасыз етеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың Ұлттық комиссия айқындаған тақырыпқа эссе жазуына болады.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 Жарлығымен (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      43. Әңгімелесу қорытындысы бойынша кандидатты "А" корпусының кадр резервіне алу не алудан бас тарту туралы шешім көрсетілетін әңгімелесу парағы толтырылады. Әңгімелесу парағының нысанын уәкілетті орган бекітеді.

      44. Ұлттық комиссия қорытынды отырыста үміткерлерді "А" корпусының кадр резервіне қабылдау туралы шешім шығарады.

      45. Ұлттық комиссияның жұмыс органы Ұлттық комиссияның шешімін мемлекеттік әкімшілік қызметтің "А" корпусының кадр резервін қалыптастыру үшін уәкілетті органға жолдайды.

      46. "А" корпусының кадр резервіне конкурстық іріктеуден өтпеген адамдар іріктеу аяқталған күннен бастап, тиісті өтінішін бере отырып, бір ай ішінде өздерінің құжаттарын қайтарып алуы мүмкін.

      Ескерту. Қағида 46-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 24.01.2019 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.


Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 151 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервін қалыптастыру
қағидалары

      1. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервін қалыптастырудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервін қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      2. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) ұсынымдары негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органы (бұдан әрі – уәкілетті орган) қалыптастырады.

      3. Ұлттық комиссия шешімімен азаматтар "А" корпусының кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтініштерінде өздері көрсеткен "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаты, санатындағы тобы бойынша "А" корпусының кадр резервіне алынады.

      "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу қағидаларының 4-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Ұлттық комиссия азаматтардың келісімі болған және арнайы біліктілік талаптарына сай келген жағдайда, оларды "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының басқа санаты, санатындағы тобы бойынша кадр резервіне алу үшін ұсыным жасауға хақылы.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 Жарлығымен (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. "А" корпусының кадр резервіне алынған адамдар тізімі уәкілетті органның интернет-ресурсында бес жұмыс күні ішінде жарияланады.

      5. Лауазымынан босатылған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі, оның ішінде "А" корпусының лауазымы басқа лауазымға өзгеру нәтижесінде, босатылған күннен бастап Ұлттық комиссияның шешімі бойынша екі жылға кадр резервіне алынады.

      Бұл үшін осы тармақтың бірінші абзацында аталған адам босатылған немесе лауазымды өзгерту туралы акт қолданысқа енгізілген күнінен бастап бір ай мерзімде Ұлттық комиссияның жұмыс органына өтініш береді. Өтінішке қызметтік тізім және "А" корпусының нақты санатына резервке алу туралы бұл лауазымға тағайындау құқығына ие адам не ол соңғы атқарған лауазым бойынша бағынысты болған мемлекеттік органның бірінші басшысы не өзгертілген лауазымға тағайындау құқығына ие адам қол қойған ұсынымхат қоса беріледі.

      Ұлттық комиссияның жұмыс органы шешімнің жобасын әзірлейді және оны Ұлттық комиссияның қарауына енгізеді.

      Ұлттық комиссия осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген адамды "А" корпусының кадр резервіне алу туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 Жарлығымен (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі кадр резервіне:

      1) жағымсыз себептермен;

      2) қызметті бағалау нәтижелері бойынша;

      3) Ұлттық комиссияның шешімі негізінде қабылданатын мемлекеттік лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды органның (адамның) шешімі бойынша лауазымнан босатылған адамдар алынбайды.

      7. Лауазымдары "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына өзгертілген мемлекеттік қызметшілер "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен осы мемлекеттік лауазымды ауыстырғанға дейін жұмыс істеуді жалғастырады.

      8. "А" корпусының кадр резервінен шығару үшін:

      1) "А" корпусының резервшісінің "А" корпусының кадр резервінен шығару туралы өтініш беруі;

      2) "А" корпусының кадр резервінен "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу;

      3) Осы Қағидалардың 5 және 8-1 тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, "А" корпусының кадр резервіне алынған күнінен бастап екі жылдың өтуі;

      4) "А" корпусы резервшiсінiң көрiнеу жалған мәлімет беру және құжаттарды бұрмалау фактiлерінің анықталуы;

      5) "А" корпусының кадр резервiне алу туралы шешiм қабылдау сәтiнде беймәлiм болған немесе болмаған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың мемлекеттiк қызметте болуын шектейтiн негiздердің туындауы;

      6) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің атқаратын лауазымнан теріс себептер бойынша босатылуы;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, оның ішінде тәртіптік істерді, мемлекеттік органдар өткізген бағалау материалдарын қарау нәтижелері бойынша Ұлттық комиссияның шешімдері;

      8) "А" корпусының кадр резервіне алынған адамның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы;

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.01.2019 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      8-1. "А" корпусының кадр резервінде болу мерзімі Ұлттық комиссияның лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамның (органның) ұсынымы негізінде ол жетекшілік ететін санат бойынша "А" корпусының кадр резервінде болу мерзімін ұзарту туралы шешімі болған кезде екі жылға ұзартылуы мүмкін. Мұндай шешімді Ұлттық комиссия адамның кадр резервінде болу мерзімі ішінде қабылдауы тиіс.

      Бұл ретте "А" корпусының кадр резервінде болу мерзімін ұзарту бір реттен аспайды.

      9) "А" корпусының кадр резервінде болу мерзімінде ұсынылған "А" корпусы лауазымының санатынан екі реттен артық жазбаша бас тартуы негіз болып табылады.

      Ескерту. Талаптар 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 24.01.2019 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      9. Мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлау бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқу кезеңінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жолдауы бойынша халықаралық ұйымдарда жұмыс істеу кезеңінде "А" корпусының кадр резервінде болу мерзімі Ұлттық комиссияның шешімімен тоқтатыла тұруы мүмкін.

      10. Уәкілетті орган "А" корпусының кадр резервінен резервшілерді шығару үшін жартыжылдық негізде мәліметтер мониторингін, оның ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік органға сұрату жолдау арқылы жүргізеді және есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне дейін Ұлттық комиссияның жұмыс органына ақпарат енгізеді.

      Осы ақпараттың негізінде уәкілетті орган Ұлттық комиссиясы төрағасының келісімі бойынша он жұмыс күні ішінде "А" корпусының резервшісін "А" корпусының кадр резервінен алып тастайды.


Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 151 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу
ҚАҒИДАЛАРЫ

      1. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізудің осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібін айқындайды.

      2. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін конкурс өткізілуі мүмкін.

      Бос немесе уақытша бос "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алынған азаматтардың қатарынан жүзеге асырылады.

      "А" корпусының лауазымына конкурстық іріктеуді осы лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды адам (орган) не ол уәкілеттік берген лауазымды адам өткізеді.

      Егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше белгілемесе, тағайындауларды Қазақстан Республикасының Президенті жүзеге асыратын "А" корпусының лауазымдарына орналасуға конкурстық іріктеуді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі өткізеді.

      Егер Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өзгеше белгілемесе, тағайындауларды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жүзеге асыратын "А" корпусының лауазымдарына орналасуға конкурстық іріктеуді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі өткізеді.

      3. Мемлекеттік органнан жазбаша сұрату алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алынған адамдардың тізімін және олардың білімі, олар "А" корпусының кадр резервіне алынған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаты, кадр резервіне алыну сәтіндегі атқаратын лауазымдары туралы мәліметтерді, сондай-ақ олардың еңбек қызметі туралы құжаттың электрондық нұсқасын ұсынады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 Жарлығымен (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. "А" корпусының лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу осы лауазымға тағайындау құқығы бар адамның шешімі бойынша осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау және/немесе әңгімелесу өткізу арқылы жүзеге асырылады.

      "А" корпусының лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу өткізетін мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) кандидаттармен әңгімелесу өткізген жағдайда, кандидаттарға әңгімелесу өткізілетін орны мен уақыты туралы ол өткізілетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлау, "А" корпусының осы лауазымының функциялық міндеттеріне сәйкес келетін сұрақтар тізбесін әзірлеу қамтамасыз етіледі.

      Кандидаттармен әңгімелесуді осы лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адам немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адам жүзеге асырады. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдарда әңгімелесуді осы мемлекеттік органдардың басшылары айқындайтын лауазымды адамдар өткізеді.

      Әңгімелесуді алқалы түрде өткізу кезінде оның қорытындылары мен қабылданған шешім хаттамамен ресімделеді.

      5. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына "А" корпусының резервшілерін тағайындау, олар "А" корпусының кадр резервіне алынған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаты шегінде арнайы біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда және олардың келісімімен жүзеге асырылады.

      "А" корпусының резервшілері "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының арнайы біліктілік талаптарына сай болған жағдайда және олардың келісімімен "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының төменгі санатына тағайындалуы мүмкін.

      "А" корпусының резервшілері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның келісімімен, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының арнайы біліктілік талаптарына сай болған жағдайда және олардың келісімімен "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының жоғары санатына тағайындалуы мүмкін.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 Жарлығымен (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. "А" корпусының лауазымына тағайындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасымен белгіленген талаптар ескеріле отырып, осы лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды адамның (органның) шешімімен жүзеге асырылады.

      "А" корпусының лауазымына тағайындауды немесе "А" корпусының лауазымынан босатуды растайтын құжаттың көшірмесі лауазымға тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынылады.

      7. "А" корпусы лауазымының міндеттерін үш айдан аспайтын кезеңге конкурстық іріктеуді өткізбей, "Б" корпусының мемлекеттік қызметшісіне уақытша жүктеуге жол беріледі. Бұл ретте міндеттерді жүктеу туралы шешім бір реттен артық қабылданбайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 05.04.2017 № 456 Жарлығымен (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 151 Жарлығына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының
тізбесі

      1. "Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 47, 524-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 1362 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 21, 265-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 1415 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасы.

      4. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 қаңтардағы № 1695 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 1, 1-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 446 Жарлығының 1-тармағының 6) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 43, 499-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 576 Жарлығының 1-тармағының 13) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 20, 182-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 12 қарашадағы № 689 Жарлығының 1-тармағының 8) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 42, 465-құжат).

      8. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және "А" корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкішілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 524 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 321-құжат).

      9. "Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 525 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 322-құжат).

      10. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 21 қарашадағы № 697 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 68, 905-құжат).

      11. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 708 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 72, 944-құжат).

      12. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы" 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 және "Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" 2013 жылғы 7 наурыздағы № 523 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 869 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 46-47, 460-құжат).

      13. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 22-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 54, 532-құжат).