Үзінді
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
(үзінді)
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н. Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 284 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Шетелдік инвесторлар кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 18, 156-құжат; 2000 ж., № 17, 168-құжат; 2003 ж., № 45, 486-құжат; 2007 ж., № 14, 160-құжат; 2011 ж., № 30, 366-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі және Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы Кеңестің тұрақты мүшелері болып табылады.".
2. "Шетелде кадралар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат; 2004 ж., № 22, 276-құжат; 2005 ж., № 19, 227-құжат; 2006 ж., № 1, 2-құжат; 2008 ж., № 4, 44-құжат; № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2010 ж., № 9, 105-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадралар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі";
"Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі";
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі", "Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрі" деген жолдар алып тасталсын.
3. "Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 530 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 56, 620-құжат; 2002 ж., № 6, 36-құжат; 2003 ж., № 34, 332-құжат; 2006 ж., № 48, 507-құжат; 2007 ж., № 10, 114-құжат; № 36, 402-құжат; 2009 ж., № 60, 530-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына
Сағынтаев - Қазақстан Республикасының
Бахытжан Әбдірұлы Экономикалық даму және сауда министрі
енгізілсін;
көрсетілген Комиссияның құрамынан Б.Т.Сұлтанов шығарылсын.
4. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 32, 421-құжат; 2002 ж., № 44, 436-құжат; 2003 ж., № 45, 487-құжат; 2004 ж., № 21, 266-құжат; № 51, 671-құжат; 2007 ж., № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы ережеде:
20-тармақта "Мәдениет" деген сөзден кейін "және ақпарат" деген сөздермен толықтырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамы осы өзгерістер мен толықтыруларға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 829 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 426-құжат; 2007 ж., № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2011 ж., № 50, 664-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы осы өзгерістер мне толықтыруларға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
6. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 92-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 9, 92-құжат; 2004 ж., № 14, 171-құжат; № 51, 671-құжат; 2005 ж., № 43, 573-құжат; 2006 ж., № 35, 374-құжат; 2007 ж., № 3, 36-құжат; № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 4, 43-құжат; № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 10, 48-құжат; № 27-28, 234-құжат; № 59, 510-құжат; 2010 ж., № 50, 454-құжат; 2011 ж., № 2, 13-құжат; № 19, 229-құжат; 2011 ж., № 50, 664-құжат):
2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Комиссия төрағадан, оның орынбасарынан, хатшыдан және Комиссияның өзге де мүшелерінен тұрады. Комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы басқарады. Комиссия төрағасының орынбасары Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, хатшысы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болып табылады.
Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының екі орынбасары, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша) кіреді.
Комиссия құрамына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және өзге де адамдар кіруі мүмкін.";
5-тармақ алып тасталсын.
7. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 11, 125-құжат; 2004 ж., № 15, 183-құжат; 2005 ж., № 21, 247-құжат; 2006 ж., № 20, 195-құжат, 2007 ж., № 1, 1-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; 2011 ж., № 50, 664-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Ахметов Әділ Құрманжанұлы | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің хатшысы (келісім бойынша), |
Әлиев Жұматай Әлиұлы | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша), |
Жалмағамбетова Светлана Жақияқызы | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша), |
Имашев Берік Мәжитұлы | - | Қазақстан Республикасының Әділет министрі, |
Қасымов Ақылтай Ахметжанұлы | - | Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасының төрағасы, |
Оңғарбаев Еркін Әнуарұлы | - | "Астана" университетінің ректоры (келісім бойынша), |
Шаханова Нұрила Жақсыбекқызы | - | "Бота" қоғамдық қорының білім беру гранттары департаментінің директоры (келісім бойынша); |
мына:
"Сұлтанов Қуаныш Сұлтанұлы | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы (келісім бойынша)" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Сұлтанов Қуаныш Сұлтанұлы | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша), Комиссия төрағасы"; |
көрсетілген Комиссияның құрамынан: Н.Ш.Жолдасбаева, М.С.Нәрікбаев, А.Б.Самақова, А.С.Смолин, С.Т.Тұрсынов, Р.Т.Түсіпбеков шығарылсын.
8. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 1509 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 675-құжат; 2006 ж., № 41, 446-құжат; 2009 ж., № 26, 220-құжат; № 56, 467-құжат; 2011 ж., № 50, 664-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесінің құрамында (лауазымы бойынша):
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары".
9. Күші жойылды - ҚР Президентінің 09.04.2014 № 791 Жарлығымен.
10. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 39-құжат; 2007 ж., № 12, 135-құжат; 2008 ж., № 27, 248-құжат; 2010 ж., № 10, 115-құжат; 2011 ж., № 50, 664-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында:
мына:
"Құрманғалиева Жанна Дулатқызы | - | Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы", |
"Мұстафина Сәбила Сапарқызы | - | Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі", |
"Тұтқышев Бексұлтан Серікбайұлы | - | "Республикалық диагностикалық орталық" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)", |
"Шәукенова Зарема Каукенқызы | - | Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары", |
"Ықсанова Гүлнар Мұстахимқызы | - | "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша)" |
деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
"Құрманғалиева Жанна Дулатқызы | - | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы", |
"Мұстафина Сәбила Сапарқызы | - | Астана қаласы Есіл ауданының әкімі", |
"Тұтқышев Бексұлтан Серікбайұлы | - | "Назарбаев Университетінің" біріккен академиялық денсаулық сақтау жүйесі департаментінің бас менеджері (келісім бойынша)", |
"Шәукенова Зарема Каукенқызы | - | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің философия және политология институтының директоры" (келісім бойынша)", |
"Ықсанова Гүлнар Мұстахимқызы | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)". |
11. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 254-құжат; 2007 ж., № 11, 119-құжат; 2007 ж., № 44, 515-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж. № 27-28, 234-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:
Жұмабеков Оңалсын Исламұлы | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
енгізілсін;
"Комиссияның құрамына лауазымы бойынша Бас прокурордың жазаны орындау заңдылығын қадағалау және азаматтарды ақтау жөніндегі орынбасары және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы не оның орынбасарлары кіреді." деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Комиссияның құрамына лауазымы бойынша Бас Прокурордың орынбасары және Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы, ал Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы болмаған жағдайда оның орынбасарларының бірі кіреді.";
көрсетілген Комиссияның құрамынан И.Ф.Чиркалин шығарылсын.
12. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 418-құжат; 2007 ж., № 24, 267-құжат; № 42, 476-құжат; 2008 ж., № 42, 464-құжат; 2009 ж., № 33, 307-құжат; 2010 ж., № 39, 335-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның құрамында:
мына:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа - хатшы"
технологиялар министрлігі Техникалық реттеу
және метрология жөніндегі комитетінің төрағасы
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа - хатшы";
технологиялар министрлігі Техникалық реттеу
және метрология комитетінің төрағасы
"Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі";
"Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрі" деген жол алып тасталсын.
13. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 421-құжат; 2007 ж., № 11, 119-құжат; № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 4, 43-құжат; № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 59, 510-құжат; 2010 ж., № 50, 454-құжат; 2011 ж., № 37, 444-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Комиссия құрамы төрағадан, оның орынбасарынан, хатшыдан және комиссияның өзге мүшелерінен тұрады. Комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы басқарады. Комиссия төрағасының орынбасары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, хатшысы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі болып табылады.
Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Ішкі істер министрі, Әділет министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымы кіреді.
Комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және өзге де адамдар кіруі мүмкін.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы осы өзгерістер мен толықтыруларға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
14. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 5-құжат; 2008 ж., № 2, 22-құжат; 2009 ж., № 35, 330-құжат; 2010 ж., № 7, 94-құжат; № 24, 173-құжат; № 38, 327-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы осы өзгерістер мен толықтыруларға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
15. "Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 11, 120-құжат; № 38, 430-құжат; 2008 ж., № 24, 226-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 10, 49-құжат; № 27-28, 234-құжат; № 29, 249-құжат; 2010 ж., № 50, 453-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның дербес құрамы осы өзгерістер мен толықтыруларға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
16. Күші жойылды - ҚР Президентінің 21.01.2015 № 993 Жарлығымен (01.01.2015 қолданысқа енгізіледі).
17. Күші жойылды - ҚР Президентінің 20.10.2017 № 568 Жарлығымен.18. "Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 36-құжат; № 38, 405-құжат; № 43, 481-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; № 33, 309-құжат; 2010 ж., № 45, 402-құжат; 2011 ж., № 47, 630-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамында:
"Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі".
19. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 625 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 332-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; 2011 ж., № 50, 664-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес туралы ережеде:
6-тармақта "жеке құрамын" деген сөздер "құрамын" деген сөзбен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
Абай Айдын Мұратұлы | - | Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің қоғамдық-саяси жұмыс секторының меңгерушісі, Кеңес хатшысы, |
Бегентаев Мейрам Мухаметрахымұлы | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша), |
Бөлтірікова Назира Болатқызы | - | "Бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша); |
мына:
"Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, төраға", |
"Өрсариев Арын Амангелдіұлы | - | Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры", |
"Суентаев Дамир Серікбайұлы | - | "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ корпоративті даму департаментінің директоры (келісім бойынша)", |
"Сыздықова Бақыт Ахметқызы | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)" |
деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
"Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы | - | Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияларға қарсы агенттігінің) төрағасы", |
"Өрсариев Арын Амангелдіұлы | - | "Қазақстан жастарының конгресі" қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар қоғамы кеңесінің төрағасы, Павлодар облысы әкімінің орынбасары", |
"Сүентаев Дамир Серікбайұлы | - | "Қазақстан инжиниринг" АҚ ҰК басқарушы директоры (келісім бойынша)", |
"Сыздықова Бақыт Ахметқызы | - | "Жастар Мәжілісі" Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша)"; |
"Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет, Білім және ғылым, Қоршаған ортаны қорғау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Туризм және спорт, Экономикалық даму және сауда министрліктерінің жауапты хатшылары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағаттар комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры кіреді." деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Кеңес құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру, Статистика агенттіктерінің, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қоршаған ортаны қорғау, Мәдениет және ақпарат, Экономикалық даму және сауда министрліктерінің жауапты хатшылары, Білім және ғылым министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры кіреді.".
20. Күші жойылды - ҚР Президентінің 03.02.2016 № 188 Жарлығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!22-тармақnың күшін жою көзделген - ҚР Президентінің 18.12.2019 № 220 Жарлығымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
22. "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 маусымдағы № 994 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж, № 37, 310-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Кеңестің дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Төрағасы Кеңес төрағасы болып табылады.
Кеңестің құрамына Қазақстан Республикасы Президентінің өкілі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бірінші басшылары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы кіреді.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңестің дербес құрамына мыналар енгізілсін:
Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы | - | Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттігінің) төрағасы, |
Келімбетов Қайрат Нематұлы | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары; |
мына:
"Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - | Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары"; |
көрсетілген Кеңестің құрамынан М.Т.Есенбаев шығарылсын.
23. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 1116 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 48-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңесінің құрамы (лауазымы бойынша):
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары".
24. "Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығына:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссияның құрамы осы өзгерістер мен толықтыруларға 10-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссия туралы ережеде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарларынан, хатшыдан және өзге де комиссия мүшелерінен тұрады.";
6-тармақта "жеке құрамын" деген сөздер "құрамын" деген сөзбен ауыстырылсын.
25. Күші жойылды - ҚР Президентiнiң 29.08.2016 № 312 Жарлығымен.
26. Күші жойылды - ҚР Президентiнiң 29.08.2016 № 312 Жарлығымен.
28. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 303 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 44-құжат; № 39, 396-құжат; 2003 ж., № 18, 180-құжат; 2004 ж., № 4, 50-құжат; № 51, 671-құжат; 2005 ж., № 44, 578-құжат; 2006 ж., № 7, 51-құжат; 2007 ж., № 5, 62-құжат; № 26, 299-құжат; № 35, 389-құжат; № 44, 515-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; № 49, 555-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; № 59, 510-құжат; 2010 ж., № 50, 454-құжат; 2011 ж., № 37, 444-құжат):
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің дербес құрамына мыналар енгізілсін:
Ақылбай Серік Байсейітұлы | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы (келісім бойынша), |
Полторабатько Людмила Григорьевна | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша), |
Қаудыров Төлеш Ерденұлы | - | Қазақ гуманитарлық заң университетінің Азаматтық-құқықтық зерттеулер институтының директоры, заң ғылымдарының докторы (келісім бойынша), |
Мамонтов Николай Иванович | - | Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы; |
мына:
"Имашев Берік Мәжитұлы | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің төрағасы", |
"Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы | - | Қазақстан Республикасының Әділет министрі" |
деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
"Имашев Берік Мәжитұлы | - | Қазақстан Республикасының Әділет министрі", |
"Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы | - | Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) төрағасы"; |
көрсетілген Кеңестің құрамынан Ж.Н.Бәйішев, Д.Л.Байделдінов, Н.Ш.Жолдасбаева, Қ.П.Қожамжаров, М.К.Сүлейменов шығарылсын;
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңес туралы ережеде:
4-бөлімнің үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Отырыс күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша шешімдер, егер отырысқа қатысушы Кеңес мүшелерінің немесе шақырылған адамдардың, олар бойынша қарсылықтары болмаса, оларды талдаудан кейін қабылданады. Кеңес мүшесі қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда өзінің ерекше пікірін білдіруге құқылы.".
29. "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары мен инспекциясының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 386 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 48, 646-құжат):
жоғарыда аталған өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенттің ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының лауазымдық құрамында:
"ішкі істер вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі істер министрінің орынбасары";
"ішкі істер вице-министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Көлік және коммуникация вице-министрі";
"Байланыс және ақпарат министрінің орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Мәдениет және ақпарат вице-министрі".
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның
ДЕРБЕС ҚҰРАМЫ
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы | - | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, төраға |
Майлыбаев Бағлан Асаубайұлы | - | Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, төраға орынбасары |
Қошанов Ерлан Жақанұлы | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, төраға орынбасары |
Құрманғалиева Жанна Дулатқызы | - | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы, хатшы |
Комиссия мүшелері:
Абайділдин Талғатбек Жәмшитұлы | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
Бижанов Ақан Құсайынұлы | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
Гундарев Владимир Романович | - | жазушы (келісім бойынша) |
Дьяченко Сергей Александрович | - | Қазақстан Республикасы Мәжілісі Төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы | - | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Қазыханов Ержан Хозеұлы | - | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі |
Мұсақожаева Айман Қожабекқызы | - | Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры (келісім бойынша) |
Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы (келісім бойынша) |
Оразалин Нұрлан Мырқасымұлы | - | Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы (келісім бойынша) |
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ
Дьяченко Сергей Александрович | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары, Комиссия төрағасы (келісім бойынша) |
Қасымбеков Махмұт Базарқұлұлы | - | Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, Комиссия төрағасының орынбасары |
Коломийцев Владимир Иванович | - | Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары, Комиссия хатшысы |
Комиссия мүшелері:
Пя Юрий Владимирович | - | Астана қаласының Кардиохирургиялық орталығының бас директоры (келісім бойынша) |
Сүлейменов Нұрлан Ілиясұлы | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) |
Хахазов Шакир Хусаинович | - | "Дүнген этномәдени орталықтары қауымдастығының" мүшесі (келісім бойынша) |
Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі, Білім және ғылым министрі, Мәдениет және ақпарат министрі кіреді
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы | - | төраға |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары | - | төрағаның орынбасары |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі | - | хатшы |
Комиссия мүшелері:
Ақылбай Серік Байсейітұлы | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
Жарасов Жанат Абдоллаұлы | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі, Ішкі істер министрі, Әділет министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы кіреді
Әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | - | төраға |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары | - | төрағаның орынбасары |
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің жауапты хатшысы | - | хатшы |
Комиссия мүшелері:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары | - | Келімбетов Қайрат Нематұлы |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары | - | Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы |
Қазақстан Республикасы Президенті - Әкімшілігі Басшысының орынбасары | - | Донақов Талғат Советбекұлы |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары | - | Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы |
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы | - | Тәжин Марат Мұханбетқазыұлы |
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі
Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі
Астана қаласының әкімі
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы
Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту
мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның
ДЕРБЕС ҚҰРАМЫ
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | - | Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға |
Ахметов Серік Нығметұлы | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары |
Комиссия мүшелері:
Жәмішев Болат Бидахметұлы | - | Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Исекешев Әсет Өрентайұлы | - | Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі |
Келімбетов Қайрат Нематұлы | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары |
Мирчев Александр | - | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің мүшесі (келісім бойынша) |
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - | Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары |
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 284 Жарлығымен бекітілген |
|
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 6-ҚОСЫМША |
Ескерту. 6-қосымшаның күші жойылды - ҚР Президентінің 21.01.2015 № 993 Жарлығымен (01.01.2015 қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 284 Жарлығымен бекітілген |
|
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 7-ҚОСЫМША |
Ескерту. 7-қосымшаның күші жойылды - ҚР Президентінің 21.01.2015 № 993 Жарлығымен (01.01.2015 қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы
Астананың сәулет кеңесінің
ҚҰРАМЫ
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 20.10.2017 № 568 Жарлығымен.
Ведомстволық наградалар бойынша геральдикалық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы | - | төраға |
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары | - | төрағаның орынбасары |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы | - | төрағаның орынбасары |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі | - | хатшы |
Комиссия мүшелері:
Алин Меңдібай Қойшыбайұлы | - | суретші-дизайнер (келісім бойынша) |
Әлиев Жұматай | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Есім Ғарифолла | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) |
Мұратаев Құрман Қалиұлы | - | өнертанушы, профессор (келісім бойынша) |
Өмірбеков Байтұрсын Есжанұлы | - | Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының төрағасы (келісім бойынша) |
Рыбаков Александр Вячеславович | - | "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас технологы (келісім бойынша) |
Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі кіреді