Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс      

      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу ережелері бекітілсін.
      2. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 259-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      3-тармақтың 1) тармақшасында:
      «Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын,» деген сөздерден кейін «Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын,» деген сөздермен толықтырылсын;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде:
      4-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың (бұдан әрі - ұлттық компаниялар) 10 жылға арналған даму стратегиялары және 5 жылға арналған даму жоспарлары;»;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша тұжырымдамалар мен доктриналар әзірленеді.
      Тұжырымдама белгілі бір аяны, саланы дамытудың пайымын, тиісті мемлекеттік саясаттың негіздемесін көрсететін құжат болып табылады және осы саясаттың негізгі принциптері мен жалпы қағидаттарын қамтиды.
      Тұжырымдаманы Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі не консультативтік-кеңесші орган бекітеді немесе мақұлдайды.
      Доктрина - белгілі бір мәселе бойынша көзқарастар жүйесін, саяси қағидаттардың жиынтығын айқындайтын құжат.
      Доктринаны Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді немесе мақұлдайды.
      Тұжырымдамалар мен доктриналар стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары және заңдар арқылы іске асырылады.
      Тұжырымдамалар мен доктриналарды әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
      14-тармақтағы «Болжамды схема» деген сөздер «Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      15-тармақтағы «болжамдық схемасын» деген сөздер «болжамды схемасын және оны әзірлеудің тәртібін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Мемлекеттік бағдарламаларды тиісті мемлекеттік орган әзірлейді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
      «19-1. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді.»;
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуына мониторингті әзірлеуші мемлекеттік орган, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
      Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуын бағалауды әзірлеуші мемлекеттік орган, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізеді.
      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде жүзеге асырады.
      Іске асырылуына мониторинг пен бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік бағдарлама және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары түзетілуі мүмкін.»;
      27-тармақта:
      бірінші бөлік «уәкілетті органның» деген сөздерден кейін «, мүдделі орталық мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлік «уәкілетті органның» деген сөздерден кейін «, облыстың мүдделі атқарушы органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
      «28-1. Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру үшін жергілікті атқарушы орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жоғары тұрған уәкілетті органмен келісім бойынша оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді.»;
      29-тармақтың екінші бөлігінде:
      «уәкілетті органы» деген сөздер «уәкілетті органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «(облыстық маңызы бар қаланың)» деген сөздерден кейін «және облыстың» деген сөздермен толықтырылсын;
      30-тармақтағы «бағдарламасы» деген сөз «бағдарламалары және оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      33-тармақтың бірінші бөлігіндегі «жыл сайын жылжымалы негізде» деген сөздер «әрбір үш жыл сайын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      35-тармақта:
      үшінші бөліктегі «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      38-тармақтың екінші бөлігінде:
      «есеп комитеті» деген сөздерден кейін «өзінің жұмыс жоспарына  сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      39-тармақтың екінші бөлігінде:
      «тексеру комиссиясы» деген сөздерден кейін «өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      40-тармақтың екінші бөлігіндегі «Жергілікті мемлекеттік органдардың» деген сөздер «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      42-тармақта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары олардың стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен қызметі нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайды және акциялары (қатысу үлестері) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға осы заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқық беретін заңды тұлғалардың даму стратегиялары ескеріле отырып әзірленеді.»;
      үшінші бөлікте:
      «бағдарламалық құжаттарында» деген сөздерден кейін «, тиісті мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында» деген сөздермен толықтырылсын;
      43-тармақта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарлары акциялары (қатысу үлестері) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға осы заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқық беретін заңды тұлғалардың даму жоспарлары ескеріле отырып әзірленеді және мақсаттарды, міндеттерді, нәтижелер көрсеткіштерін және инвестицияларды, кірістерді, шығыстарды, қарыздарды, дивиденттер мен басқа да мәліметтерді қоса алғанда, қаржы-шаруашылық қызметтің негізгі шоғырландырылған және шоғырландырылмаған көрсеткіштерін қамтиды.»;
      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «46. Салалық бағдарламаларды және оларды әзірлеу мен мониторинг тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
      47-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Әлеуметтік-экономикалық даму мен бюджет параметрлері болжамы мақұлдаған Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының» деген сөздер «Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, мақұлданған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      50-тармақта:
      үшінші бөліктегі «жүйесі құжаттарының іске асырылуына қол жеткізу деңгейін, оның нәтижелілігін және тиімділігін айқындайтын аспап» деген сөздер «жүйесінің құжаттарын іске асырудың нәтижелілігі мен тиімділігіне қол жеткізу дәрежесін айқындау құралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Түзету - аталған құжаттың іске асырылуына мониторинг пен бағалау нәтижесінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.».
      3. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік бағдарламалар әзірлеу  және іске асыру ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 2 маусымдағы № 1099 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 26, 240-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы Жарлықтың іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2010 жылғы 4 наурыздағы
№ 931 Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН    

Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын,
Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын,
мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын,
мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу,
іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу
ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу ережелері (бұдан әрі - Ережелер) жоғарыда аталған құжаттарды әзірлеуге, іске асыруға, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізуге бірыңғай және тұтас тәсілді қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
      2. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспары, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасы, мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары (бұдан әрі - стратегиялық және бағдарламалық құжаттар) және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары төмен тұрған деңгейдегі құжатты әзірлеу қажеттігі мен заңдылығы бір деңгей жоғары тұрған құжаттардан туындайтын, ал бір деңгей жоғары тұрған құжаттарды әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау төмен тұрған деңгейдегі құжаттар негізінде жүзеге асырылатын тұтас жүйені білдіреді.

1.1. Жалпы ұғымдар

      3. Осы Ережелерде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) нысаналы индикатор - мақсатқа қол жеткізу деңгейін өлшеуге мүмкіндік беретін оның сандық мәні;
      2) жоспарлы кезеңнің Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиісті құжаты әзірленетін кезең.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

1.2. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеудің
негізгі ережелері

      4. Әзірлеу стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын пайымдауды талдау, моделдеу, қалыптастыру және басымдықтарын, нысаналы индикаторларын, стратегиялық мақсаттарын, міндеттерін және оларға қол жеткізу, ресурстық қамтамасыз ету жолдарын айқындау процесі болып табылады.
      5. Әзірлеу кезеңінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының келісуге берілген жобаларын мынадай бағыттар бойынша қарайды:
      1) құжатты әзірлеудің негізділігі;
      2) құжатты әзірлеуге қойылатын әдіснамалық талаптардың сақталуы;
      3) таңдап алынған мақсаттардың, нысаналы индикаторлардың, міндеттердің, нәтижелер көрсеткіштерінің (аралық және түпкі) негізділігі мен шынайылығы;
      4) қол жеткізуге ұсынылатын жолдардың құжаттың мақсаты мен міндеттеріне сәйкестігі;
      5) іске асырылу мақсатында келісуге берілген құжаттың жобасы әзірленген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжатында белгіленген стратегиялық мақсаттарға, міндеттерге сәйкестігі;
      6) құжат мақсатының, нысаналы индикаторларының, міндеттерінің, нәтижелер (аралық және түпкі) көрсеткіштерінің оны іске асырудың жоспарланған мерзіміне сәйкестігі;
      7) құжатты іске асыру үшін қаржы-экономикалық, материалдық-техникалық, еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін қажетті ресурстарды жоспарлаудың дұрыстығы;
      8) құжаттың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге кедергі келтіруі мүмкін сыртқы және ішкі тәуекелдер мен жағдаяттарды анықтау, сондай-ақ олардың туындауының алдын алу үшін, ал туындаған жағдайда - оларды еңсеру үшін не құжатты түзету үшін қабылдануы тиіс шараларды айқындау.
      6. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу кезінде оларды әзірлеуге негіз болып табылған тұжырымдамалардың ережелері ескерілуге тиіс.
      7. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу жөніндегі әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

1.3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарларын іске асырудың
негізгі ережелері

      8. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының берілген мақсаттарына, нысаналы индикаторларына, міндеттеріне, нәтижелер (аралық және түпкі) көрсеткіштеріне қол жеткізу үдерісі іске асыру болып табылады.
      9. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыру кезінде:
      1) ведомствоаралық өзара іс-қимылдағы келісімділік;
      2) берілген нәтижелерге ресурстардың барынша аз шығындарымен қол жеткізуге бағдар ұстау;
      3) қаржы, еңбек және басқа да ресурстардың теңгерімділігі қамтамасыз етілуі тиіс.
      10. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыру жөніндегі әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
      11. Қазақстан Республикасының тиісті он жылдық кезеңге арналған стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістікте дамуының болжамды схемасын және мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың нәтижелілігі мен тиімділігі үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Үкіметіне, әзірлеуші мемлекеттік органға және бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарға, аумақтарды дамыту бағдарламалары - тиісті аумақтардың әкімдеріне, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары - тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына жүктеледі.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

1.4. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарлары мониторингінің
негізгі ережелері

      12. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылу барысы туралы есептер мен басқа да ақпаратты жинау, жүйелену, талдау және қорыту мониторингі болып табылады.
      13. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мониторингінің (осы бөлімде бұдан әрі - құжаттар мониторингі) мақсаты күтілетін нәтижелерге тиісінше және уақтылы қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін олардың іске асырылу барысын жақсарту болып табылады.
      14. Құжаттар мониторингі:
      1) тиісті құжатты іске асырудың ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат алудың тұрақтылығын;
      2) мемлекеттік органдардың тиісті құжатты іске асырудағы іс-қимылдарының келісімділігін;
      3) өзгеріп отыратын жағдайларды ескере отырып, тиісті құжатты уақтылы өзекті етуді қамтамасыз етуі тиіс.
      15. Құжаттар мониторингінің нәтижелері ескеріле отырып, осылар арқылы іске асырылатын құжаттар мониторингі жүзеге асырылады.
      16. Құжаттар мониторингін Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде белгіленген уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
      17. Құжаттар мониторингі құжаттарды әзірлеуші мемлекеттік органдар жасайтын іске асыру туралы есеп қалыптастыру жолымен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысанда және тәртіпте жүзеге асырылады.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      18. Іске асыру туралы есеп:
      1) құжаттың деректемелерін;
      құжаттың атауын, нөмірін, күнін;
      әзірлеуші мемлекеттік орган мен бірлесіп орындаушыларды;
      іске асыру мерзімін, оның ішінде кезең-кезеңімен;
      2) жоспарланған және нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторларды міндеттер нәтижелері көрсеткіштерін, сондай-ақ оларға қол жеткізілмеу себептерін;
      3) жоспарланып орындалған және орындалмаған іс-шаралар және олардың орындалмау себептері, орындалмаған іс-шаралардың өңірдің, елдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайына ықпалы туралы ақпаратты;
      4) қаржыландыру көздері бойынша бөліне отырып, бөлінген қаржы қаражатының игерілуі туралы ақпаратты (көлемі мен пайдаланылмау себептерін көрсетіп);
      5) құжаттың іске асырылуына қатысатын түрлі тараптардың өзара іс-қимылын талдауды;
      6) құжаттың іске асырылу барысына ортаның сыртқы әсерін талдауды;
      7) шешілуіне осы құжат бағытталған проблемалар мен міндеттердің шешілу деңгейі туралы ақпаратты, құжатты іске асырудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін (осы ақпарат құжатқа бағалау өткізілген жылғы есепке енгізілуі тиіс);
      8) игілік алушылардың қанағаттанушылығының деңгейі, оның ішінде жоспарланғанға қарағанда нақты көрсетілген мемлекеттік қызметтердің деңгейі туралы ақпаратты (осы ақпарат құжатқа бағалау өткізілген жылғы есепке енгізілуі тиіс);
      9) мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтерді;
      10) тұжырымдар мен ұсыныстарды, оның ішінде құжатты түзету, қаржыландыру көлемі мен көздері жөніндегі, қолданыстағы заңнаманың өзгеруі туралы және басқа ұсыныстарды қамтуы тиіс.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      19. Стратегиялық мен бағдарламалық құжаттарды бағалау жүргізілетін жылы оларды іске асыру туралы есеп барлық бағалау кезеңінде осы Ережелердің 18-тармағында көрсетілген ақпаратты қамтиды.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      20. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      21. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      22. Іске асыру туралы есептің негізінде қорытынды дайындалады.
      Стратегиялық мен бағдарламалық құжаттарға бағалау жүргізілетін жылы мониторинг қорытындысы қалыптастырылмайды.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      23. Қорытынды:
      1) деректемелерді (стратегиялық және бағдарламалық құжат бекітілген актінің атауын, нөмірін, күнін, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын, әзірлеуге жауапты мемлекеттік органды, бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарды, іске асыру мерзімдерін, оның ішінде кезең бойынша);
      2) есепті кезеңде қол жеткізілген нақты нәтижелерді, оның ішінде есепті кезеңдегі аралық мәнімен қоса нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін (аралық немесе түпкілікті мәнге қол жеткізілмеген жағдайда қол жеткізілмеу себептерін көрсету);
      3) есепті кезеңге жоспарланған іс-шаралар санын, орындалған және орындалмаған (себептерін көрсете отырып) іс-шаралар тізбесін;
      4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылу барысына ықпал ететін факторларды талдауды;
      5) іс-шараларды орындауға есепті кезеңге бөлінген және игерілмеген, қаржыландыру көздері бойынша бөле отырып, іс-шараларды орындауға арналған бюджеттік және өзге де қаржы қаражаты туралы ақпаратты;
      6) жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтерді;
      7) жауапты орындаушы мемлекеттік орган стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға енгізген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты;
      8) алдыңғы бағалаудың нәтижелері бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ақпаратты;
      9) қорытындылар мен ұсыныстарды қамтуы тиіс.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      24. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мониторингінің нәтижелері бойынша оларды түзетуді жүзеге асыруға болады.
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      25. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      26. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына мониторинг жүргізу жөніндегі әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
      27. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына жүргізілген мониторинг нәтижелерінің дұрыстығы мен толықтығы үшін жауапкершілік құжатты әзірлеуші мемлекеттік органдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде айқындалған тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жүктеледі.

1.5. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарларын бағалаудың
негізгі ережелері

      28. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      29. Құжаттарды бағалау: барлық бағалау кезеңіндегі, осы Ережелердің 17, 18, 19-тармақтарына сәйкес жасалатын іске асыру туралы есептер, статистикалық ақпарат; бақылау тексерістері; үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми институттардың, халықаралық сарапшылардың және тағы басқа бағалаулардың негізінде жүргізіледі.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      30. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      31. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      32. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      33. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      34. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      35. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      36. Осы Ережелердің 29-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде қорытынды дайындалады.
      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      37. Қорытынды:
      1) деректемелерді (стратегиялық мен бағдарламалық құжат бекітілген актінің атауын, нөмірін, күнін, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын, әзірлеуге жауапты мемлекеттік органды, бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарды, іске асыру мерзімдерін, оның ішінде кезең бойынша);
      2) есепті кезеңде қол жеткізілген нақты нәтижелерді, оның ішінде есепті кезеңдегі аралық мәнімен қоса нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін (аралық немесе түпкілікті мәнге қол жеткізілмеген жағдайда қол жеткізілмеу себептерін көрсету);
      3) есепті кезеңге жоспарланған іс-шаралар санын орындалған және орындалмаған (себептерін көрсете отырып) іс-шаралар тізбесін;
      4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылу барысына ықпал ететін факторларды талдауды;
      5) іс-шараларды орындауға есепті кезеңге бөлінген және игерілмеген, қаржыландыру көздері бойынша бөле отырып, іс-шараларды орындауға арналған бюджеттік және өзге де қаржы қаражаты туралы ақпаратты;
      6) жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтерді;
      7) жауапты орындаушы мемлекеттік орган стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға енгізген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты;
      8) алдыңғы бағалаудың нәтижелері бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ақпаратты;
      9) құжатты іске асыру барысының нәтижелілігі мен тиімділігі туралы тұжырымдар;
      10) құжатты іске асыруды ұйымдастыру деңгейі туралы тұжырымдар;
      11) елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған құжатты іске асыру ықпалының дәрежесі туралы тұжырымдар;
      12) бағалау нәтижелеріне байланысты ұсынымдар: құжатты түзету туралы; мемлекеттік органның қызметін жақсарту бойынша; қаржыландыру көлемдері мен көздері бойынша; қолданыстағы заңнаманың өзгертуі және басқалар туралы қамтуы тиіс.
      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      38. Құжаттарға бағалау жүргізу жөніндегі әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
      39. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мемлекеттік бағдарламаларға және орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына бағалау, сондай-ақ тексеру комиссиясының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына бағалау жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айқындайды.
      40. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына жүргізілген бағалау нәтижелерінің дұрыстығы мен толықтығы үшін жауапкершілік құжаттарды әзірлеуші мемлекеттік органдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде айқындалған тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жүктеледі.

1.6. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарларын бақылаудың
негізгі ережелері

      41. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының толықтығы және уақтылы орындалуына талдауды жүзеге асыру бақылау (бұдан әрі осы бөлімде - құжаттарды бақылау) болып табылады.
      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      42. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бағалау жүргізілген мониторинг пен бағалау нәтижелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      43. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      44. Құжаттарды бақылауды Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде анықталған уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
      45. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      46. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      47. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

2. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспары

2.1. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму
жоспарын әзірлеу

      48. Алдағы кезеңге арналған Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының әзірленген жобасы мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1) Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарынан туындайтын ел дамуының алдағы онжылдық кезеңге арналған басым бағыттарын қамту;
      2) ел дамуының алдағы онжылдық кезеңге арналған басым бағыттары арасындағы өзара қисынды байланысты қамтамасыз ету;
      3) ел дамуындағы күшті және әлсіз жақтарды, мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді талдауға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық дамудың ұзақ мерзімді болжамына негізделуі;
      4) қысқа әрі нақты баяндалуы.
      49. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
      1) кіріспе;
      2) ағымдағы жағдайды талдау;
      3) жаһандық үрдістерді талдау;
      4) Қазақстан Республикасының алдағы онжылдық кезеңнің соңына пайымы;
      5) ел дамуының басым бағыттары және ел дамуының алдағы онжылдық  кезеңге арналған стратегиялық мақсаттары;
      6) қорытынды.
      50. «Кіріспе» бөлімінде алдағы онжылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын әзірлеудің негіздемесі мен қажеттілігі көрсетіледі.
      51. «Ағымдағы жағдайды талдау» бөлімінде:
      1) ел дамуының шешуші көрсеткіштерін талдау шеңберінде ағымдағы онжылдық кезеңнің соңында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының ағымдағы жай-күйін талдау мен қол жеткен деңгейін бағалау;
      2) алдағы онжылдық кезеңде Қазақстан Республикасының дамуына  әсер ететін ішкі факторларды (мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді) бағалау көрсетіледі.
      52. «Жаһандық үрдістерді талдау» бөлімінде әлемдік үрдістерді талдау, Қазақстан Республикасының әлемдік және өңірлік экономикадағы позициялары, сондай-ақ сыртқы қыр көрсетулер мен қауіп-қатерлерді айқындай отырып елдің дамуына әсер ететін сыртқы факторларды бағалау келтіріледі.
      53. «Қазақстан Республикасының алдағы онжылдық кезеңінің соңына пайымы» бөлімінде елдің алдағы онжылдық кезеңнің соңындағы даму параметрі айқындалады, сондай-ақ ел дамуының шешуші жалпыұлттық көрсеткіштері келтіріледі.
      54. Елдің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері және қоғамдық-саяси жүйесінің даму көрсеткіштері, яғни тұтастай елдің даму деңгейін сипаттайтын барынша ірілендірілген индикаторлар (мысалы, ЖІӨ, халықтың тұрмыс сапасының көрсеткіштері) ел дамуының шешуші жалпыұлттық көрсеткіштері болып табылады.
      55. «Ел дамуының басым бағыттары және ел дамуының алдағы онжылдық кезеңге арналған стратегиялық мақсаттары» бөлімінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының елді дамытудың көп дегенде бес-жеті басым бағыты, сондай-ақ осы бағыттардың әрбірі бойынша алдағы онжылдық кезеңге арналған стратегиялық мақсаттар, сондай-ақ осы мақсаттарға қол жеткізудің жалпы тәсілдері айқындалады.
      56. Ағымдағы жағдайды, ел дамуының шешуші жалпыұлттық көрсеткіштерін талдауды және ішкі және сыртқы факторларды бағалауды ескере отырып, алдағы онжылдық кезеңнің соңына қарай елдің пайымына қол жеткізудің міндетті (ажырамас) шарттары ретінде ел дамуының таңдап алынған басым бағыттарына мемлекеттің күш-жігерін шоғырландыру қажеттігінің нақты негіздемелері көрсетіледі.
      57. Стратегиялық мақсаттарда қол жеткізу стратегиялық жоспарды іске асыруды қамтамасыз ететін, алдағы онжылдық кезеңнің соңында мемлекеттік басқару саласының (аясының) ойлаған болашақ жай-күйі айқындалған.
      58. Мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) дамытудың алдағы онжылдық кезеңге арналған стратегиялық мақсаттарын тұжырымдау:
      1) проблемалы мәселелер көрсетіле отырып, мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы (аясындағы) ағымдағы жағдайды шолу;
      2) өткен онжылдықтың нысаналы индикаторларына қол жеткізуді бағалау;
      3) алдағы онжылдық кезеңде мемлекеттік басқару саласының (аясының) дамуына әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды талдау негізінде жүзеге асырылады.
      59. Алдағы онжылдық кезеңде мемлекеттік басқару саласының (аясының) дамуына әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды талдау шеңберінде стратегиялық мақсаттарды қалыптастыру үшін:
      1) алдағы онжылдық кезеңде саланың (аяның) дамуына ықпал етуі мүмкін ішкі факторлар - күшті тұтастары;
      2) алдағы онжылдық кезеңде саланың (аяның) дамуын тежейтін және (немесе) оның дамуына кері әсер ететін ішкі факторлар - әлсіз тұтастары;
      3) саланың (аяның) дамуына оң әсер ететін жаһандық немесе өңірлік сипаттағы сыртқы факторлар мен жағымды үрдістер - мүмкіндіктер;
      4) саланың (аяның) дамуына теріс әсер етуі мүмкін жаһандық немесе өңірлік сипаттағы сыртқы факторлар мен қолайсыз үрдістер - қауіп-қатерлер ескеріледі.
      60. Қойылған стратегиялық мақсатқа қол жеткізу дәрежесін айқындау үшін әрбір стратегиялық мақсатқа нысаналы индикатор (аралық және түпкі) сәйкес келуі тиіс.
      61. Нысаналы индикатордың сапалық жағы Қазақстан Республикасының алдағы онжылдық кезеңге арналған стратегиялық даму жоспарын іске асыру шеңберіндегі мемлекет қызметінің нәтижесінде мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) жүзеге асатын он өзгерістердің мәнін, ал сандық жағы - олардың өлшенетін, абсолютті немесе салыстырмалы шамасын көрсетуі тиіс.
      62. Нысаналы индикаторлар мынадай талаптарға сай келуі тиіс:
      1) салыстырмалылық (серпінде салыстыру мүмкіндігі);
      2) қарапайымдылық және нақтылық (нысаналы индикаторлар  пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс);
      3) үнемділік (нысаналы индикаторларға қол жеткізуді бағалау үшін ақпараттық және техникалық ресурстардың жеткілікті болуы);
      4) толықтық және жинақтылық (нысаналы индикаторлар саланың (аяның) барлық жұмыс істеу аспектілерінің толық және барабар сипаттамасын қамтамасыз етуі тиіс);
      5) икемділік, бейімділік (нысаналы индикаторлардың саланың (аяның) әр түрлі даму сатыларындағы барлық өзгерістерді көрсете білу қабілеттілігі);
      6) қолжетімділік және өлшемділік;
      7) нысаналы индикаторларға қол жеткізуге мониторинг және бағалау жүргізу мақсатында аралық мәндердің болуы.
      63. «Қорытынды» бөлімінде алдағы онжылдық кезеңге арналған  Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын іске асырудағы негізгі тұжырымдар келтіріледі.

2.2. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму
жоспарын іске асыру

      64. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын іске асыру Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, салалық бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

2.3. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму
жоспарының мониторингі

      65. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының мониторингін мемлекеттік органдар ұсынатын ақпараттың негізінде іске асыру туралы есепті қалыптастыру жолымен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
      Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      66. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының мониторингі бір жылда бір рет жүзеге асырылады.
      66-1. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының мониторингін жүргізу үшін нысаналы индикаторларға кол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 маусымына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының іске асырылу туралы ақпаратты ұсынады.
      Ескерту. 2.3-тарау 66-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      67. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органдар ұсынатын, Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын іске асыру туралы ақпараттың негізінде іске асыру туралы есеп пен қорытынды жобасын қалыптастырады.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне мониторинг жөніндегі іске асыру туралы есепті және қорытындының жобасын ұсынады, сондай-ақ бірінші басшының қолы қойылған іске асыру туралы есепті веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.
      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      68. Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыру туралы есеп пен мониторинг жөніндегі қорытынды жобасы қаралғаннан кейін кажет болған жағдайда қорытындының жобасын пысықтайды және қорытындыны іске асыру туралы есеппен бірге есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.
      Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

2.4. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму
жоспарын бағалау

      69. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган осы Ережелердің 29-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде бес жыл өткеннен кейін бағалау бойынша қорытындының жобасын қалыптастыру жолымен жүргізеді.
      Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      70. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын бағалау Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасының, мемлекеттік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, салалық бағдарламалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларының іске асырылуын бағалау ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      71. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бағалау жөніндегі қорытынды жобасын және барлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есепті есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
      Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      72. Қазақстан Республикасының Үкіметі барлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есеп пен бағалау жөніндегі қорытынды жобасы қаралғаннан кейін қажет болған жағдайда қорытындының жобасын пысықтайды және қорытынды есепті есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей бapлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есеппен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.
      Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      73. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

2.5. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму
жоспарын бақылау

      74. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын бақылау Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасының, мемлекеттік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, салалық бағдарламалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларының мониторингі, бағалау және іске асыру жөніндегі өткізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.
      75. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

3. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасы

3.1. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды
схемасын әзірлеу

      76. Алдағы он жылдық кезеңге арналған Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасының жобасын әзірлеуді орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың, қоғамдық және ғылыми-зерттеу ұйымдарының қатысуымен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
      77. Елдің аумақтық-кеңістікте дамуының болжамды схемасының әзірленген жобасы мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1) алдағы онжылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленуі;
      2) елді перспективалық аумақтық ұйымдастыру мәселелерін ашып көрсету;
      3) экономикалық ресурстарды оңтайлы пайдалану, өндіргіш күштерді ұйымдастырудың жаңа жүйелерін пайдалану мәселелерін ашып көрсету;
      4) аумақтарды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету мәселелерін қамтуы тиіс.
      Ескерту. 77-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      78. Аумақтық-кеңістікте дамуының болжамды схемасының құрылымы мынадай бөлімдерді қамтиды:
      1) аумақтардың экономикалық әлеуетін талдау және бағалау;
      2) аумақтық-кеңістіктікте дамуының негізгі бағыттары;
      3) Қазақстан Республикасы экономикасының секторларын дамытудың болжамды схемалары;
      4) алдағы онжылдық кезеңге арналған Елдің аумақтық-кеңістікте дамуының болжамды схемасын іске асыру мониторингінің индикаторлары.
      Ескерту. 78-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      79. «Аумақтардың экономикалық әлеуетін талдау және бағалау» бөлімі тұтастай елдегі және оның әрбір өңіріндегі елдің даму басымдықтарын, еңбек және демографиялық әлеуетті бағалауды негізге ала отырып, өңірлердің экономикалық әлеуетін бағалауды, әлеуметтік инфрақұрылымның қамтамасыз етілу мәселелерін қамтуы тиіс.
      Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      80. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      81. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      82. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      83. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      84. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      85. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      86. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      87. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      88. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      89. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      90. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      91. «Аумақтық-кеңістік дамытудың негізгі бағыттары» бөлімі елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының мақсаттарынан, міндеттері мен негізгі тәсілдерінен, өңірлердің даму спенарийлерінен, өңірлерді дамытудың стратегиялық бағыттарынан, ірі агломерацияларды тиімді дамыту мәселелерінен және басқа да таратып орналастыру жүйелерінен, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мен базалық әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етудің бірыңғай стандарттарын енгізуден тұрады.
      Ескерту. 91-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      92. «Қазақстан Республикасы экономикасының секторларын дамытудың болжамды схемалары» бөлімі индустриялық сектордың перспективалық даму, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, инженерлік-көлік инфрақұрылымын дамыту схемаларын қамтиды.
      Ескерту. 92-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      92-1. «Алдағы онжылдық кезеңге арналған Елдің аумақтық-кеңістіктің дамуының болжамды схемасын іске асырудың мониторингіне арналған индикаторлар» бөлімі өңірлерді дамытудың алдағы онжылдық кезеңіне арналған негізгі көрсеткіштерін, салаларды дамытудың болжамды параметрлерін қамтиды.
      Ескерту. 3.1-тарау 92-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      93. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

3.2. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды
схемасын іске асыру

      94. Өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын іске асыру үшін кезең-кезеңімен әрбір орта мерзімді кезеңге арналған іс-шаралар жоспарын әзірлейді.
      Іс-шаралар жоспарын Елдің аумақтық-кеңістікте дамуының болжамды схемасы бекітілген күннен бастап үш ай мерзімде немесе іске асырудың кезекті кезеңі басталардан бір ай бұрын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Ескерту. 94-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 13.06.2013 № 582 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

3.3. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды
схемасының мониторингі

      95. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасының мониторингін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын іске асыру туралы ақпарат негізінде іске асыру туралы есепті қалыптастыру жолымен өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
      Ескерту. 95-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 13.06.2013 № 582 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      96. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасының мониторингі бір жылда бір рет жүзеге асырылады.
      96-1. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасының мониторингін жүргізу үшін мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 маусымына дейін өңірлік даму жөніндегі уәкілетті органға Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын іске асыру туралы ақпарат береді.
      Ескерту. 3.3-тарау 96-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен; жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 13.06.2013 № 582 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      97. Өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын іске асыру туралы ақпараттың негізінде іске асыру туралы есеп пен қорытындының жобасын қалыптастырады.
      Өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне іске асыру туралы есепті және мониторинг бойынша қорытындының жобасын ұсынады, сондай-ақ бірінші басшының қолы қойылған іске асыру туралы есепті веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.
      Ескерту. 97-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 13.06.2013 № 582 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      98. Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыру туралы есеп пен мониторинг жөніндегі қорытынды жоба қаралғаннан кейін қажет болған жағдайда қорытындының жобасын пысықтайды және қорытындыны іске асыру туралы есеппен бірге есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.
      Ескерту. 97-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

3.4. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды
схемасын бағалау

      99. Елдің аумақтық-кеңістікте дамуының болжамды схемасын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган осы Ережелердің 29-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде бес жыл өткеннен кейін бағалау бойынша қорытындының жобасын қалыптастыру жолымен жүргізеді.
      Ескерту. 99-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      100. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын  бағалау мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, салалық бағдарламаларды, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларын бағалау ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      101. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бағалау жөніндегі қорытынды жобасын және барлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есепті есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
      Ескерту. 101-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      102. Қазақстан Республикасының Үкіметі барлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есеп пен бағалау жөніндегі қорытынды жобасы қаралғаннан кейін қажет болған жағдайда қорытындының жобасын пысықтайды және қорытынды есепті есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей барлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есеппен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.
      Ескерту. 102-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      103. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

3.5. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды
схемасын бақылау

      104. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын бақылау мемлекеттік бағдарламалардың, облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларының, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, салалық бағдарламалардың мониторингі, бағалау және іске асыру жөніндегі жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.
      105. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

4. Мемлекеттік бағдарламалар

4.1 Мемлекеттік бағдарламалардың тізбесі

      106. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік бағдарламалар тізбесін мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының тұжырымдалған стратегиялық мақсаттары негізінде қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
      107. Мемлекеттік бағдарламалар тізбесі бағдарламалардың атауын,  мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның көрсетілуін, мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу, іске асырылу және бекітуге енгізу мерзімдерін қамтуы тиіс.
      108. Мемлекеттік бағдарламалардың тізбесінде көзделмеген  мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және бекітуге жол берілмейді.
      109. Мемлекеттік бағдарламалар тізбесінің жобасы Қазақстан Республикасының Президентіне алдағы онжылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспары бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде бекітуге енгізіледі.
       110. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын іске асыру кезеңінде оның мониторингі мен бағалау нәтижелері бойынша Мемлекеттік бағдарламалар тізбесіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

4.2. Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу

      111. Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуді мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган жүзеге асырады. Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
      112. Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі актісімен немесе Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі құратын, қажетіне қарай ғылыми-зерттеу ұйымдарын, ғалымдар мен түрлі білім салалары мамандарын тарта отырып, мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу жөніндегі комиссия (жұмыс тобы) құрылады.
      113. Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган мемлекеттік бағдарламаның жобасын жариялы түрде талқылау үшін бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылуы және келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып пысықталуы мүмкін.
      114. Мемлекеттік бағдарлама әзірлену сатысында барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілуі тиіс.
      115. Мемлекеттік бағдарламаның әзірленген жобасы мынадай талаптарға сай болуы:
      1) Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын және Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын іске асыру мақсатында әзірленуі және Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудің жолдарын нақты баяндауы;
      2) жалпыұлттық салааралық сипаттағы міндеттерді шешуге және тиісті қызмет саласын дамытуға бағытталуы;
      3) игілік алушылардың нысаналы топтарының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы;
      4) алдағы онжылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарынан туындайтын бағдарламалар мақсаттарының, нысаналы индикаторының, міндеттердің және оның мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін шаралардың келісілген мерзімдері, ресурстары мен орындаушылары бойынша жүйені қамтуы;
      5) шаралар атаулылығын, оларды іске асыру мерзімдері мен реттілігінің нақты айқындалуын, орындаушылар қызметінің бағдарламалық мақсаттарға қол жеткізуге қатаң бағдарлануын қамтамасыз етуі;
      6) қаржы, еңбек және материалдық ресурстары мен оларды қамтамасыз ету көздерінің теңгерімділігінің қамтамасыз етілуі;
      7) қысқа әрі нақты тезисті форматта баяндалуы тиіс.
      116. Мыналарға:
      1) жеке саланың немесе нақты өңірдің (қаланың, аумақтың) проблемасын шешуге;
      2) мемлекеттік органдардың ведомствоішілік мәселелерін шешуге;
      3) қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалардың, сондай-ақ сол бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың мақсаттары мен міндеттерінің қайталануына бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге жол берілмейді.
      117. Мемлекеттік бағдарламаның құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
      1) паспорт (негізгі параметрлер);
      2) кіріспе;
      3) ағымдағы жағдайды талдау;
      4) бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері;
      5) бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарына қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар;
      6) бағдарламаны іске асыру кезеңдері;
      7) қажетті ресурстар.
      118. «Паспорт (негізгі параметрлер)» бөлімінде бағдарламалық құжаттың мыналарды қамтитын негізгі параметрлері баяндалады:
      1) атауы;
      2) әзірлеу үшін негіздеме;
      3) бағдарламалық құжатты әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органның нұсқауы;
      4) мақсаттары;
      5) міндеттері;
      6) іске асыру мерзімдері (кезеңдері);
      7) нысаналы индикаторлары;
      8) қаржыландыру көздері мен көлемі.
      119. «Кіріспе» бөлімінде ұсынылып отырған мемлекеттік бағдарлама қажеттілігінің негіздемесі баяндалады.
      120. «Ағымдағы жағдайды талдау» бөлімінде:
      1) қызмет саласы жағдайының ағымдағы ахуалын, сондай-ақ бұл саланың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау (бұл ретте күшті және осал жақтарын, осы қызмет саласы үшін мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді алдын ала талдай отырып негізгі проблемаларды, үдерістер мен алғышарттарды бөліп көрсету керек);
      2) қазіргі нормативтік құқықтық базаның, қызмет саласын дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асырудың қолданыстағы практикасын және нәтижелерінің сипаттамасын қоса алғанда, қызмет саласын дамытуды мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау баяндалады.
      121. «Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» бөлімінде бағдарламаның алдағы он жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының шешуші стратегиялық бағыттарын ескере отырып жасалған басты мақсаты көрсетіледі.
      122. Бағдарламаның басты мақсаты жоспарлы кезеңнің соңына қызмет саласының жай-күйін болжауды білдіреді және оның осы бағытта сапалы дамуының бағдары болып табылады.
      123. Бағдарламаның басты мақсаты кезең-кезеңмен жекелеген бағдарламалық мақсаттар мен міндеттерге бөлінеді (проблеманы құрылымдау және кіші бағдарламаларға тарату жолымен басты мақсатты біршама жеке мақсаттарға нақтылау).
      124. Мемлекеттік бағдарламаның барлық мақсаттары нысаналы индикаторларды қамтуы тиіс, олар бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін өлшемді көрсеткіштерді білдіреді.
      125. Бағдарламаның міндеттері жағдайды талдау негізінде қалыптасатын және жоспарлы кезеңнің соңына қызмет саласындағы шешуші өзгерістерді көруге мүмкіндік беретін бағдарламаның тиісті мақсатына қол жеткізу үшін орындалуы тиіс негізгі шарттар болып табылады.
       126. Әрбір міндет жоспарлы мәнге қол жеткізу көзделетін нақты кезең (орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді) көрсетіле отырып, бағдарламаның міндеттерін шешу деңгейін сипаттайтын, сандық жағынан өлшенетін мән ретінде нәтижелер көрсеткіштерін қамтуы тиіс.
      127. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері анық, нақты, бақыланатын және тексерілетін болуы тиіс.
      128. Бағдарламаның мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері оларға қол жеткізуге жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялар көрсетіле отырып жүргізіледі.
      Ескерту. 128-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      129. «Бағдарламаның негізгі бағыттары мен қойылған мақсаттарына қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар» бөлімінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қойылған мақсаттарға қол жеткізу мен алда тұрған міндеттерді шешу жолдары, сондай-ақ әрбір мақсатқа қол жеткізуді және  әрбір міндетті шешуді толық көлемде әрі қажет мерзімде қамтамасыз ететін шаралар жүйесі келтіріледі.
      130. «Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» бөлімінде әрбір кезең үшін мақсаттарды, міндеттерді, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін көрсете отырып, бағдарламаны іске асыру кезеңдеріне сипаттама берілген.
      131. «Қажетті ресурстар» бөлімінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға арналған ресурстарға (қаржылық-экономикалық, материалдық-техникалық, еңбек) қажеттілік баяндалады.
      132. Бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық  және жергілікті бюджеттің қаражаты, мемлекеттік қарыздар, мемлекеттің кепілдігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар, тікелей шетелдік және отандық инвестициялар, халықаралық қаржылық экономикалық ұйымдардың немесе донор елдердің гранттары, екінші деңгейдегі банктердің кредиттері, ұйымдардың жеке меншік қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер бола алады.
      133. Қаржыландырудың болжанатын көлемі әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, жоспарлы кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің параметрлерін, халықаралық шарттар мен басқаларды ескере отырып айқындалады.

4.3 Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру

      134. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуші мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын, мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысатын басқа да мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыру, сондай-ақ облыстарды, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын, салалық бағдарламаларды,  ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму жоспарларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
      135. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары - мерзімін, орындаушыларын, аяқталу нысанын, оны іске асырудың қажетті шығындарын айқындай отырып, мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған нақты іс-қимылдар жиынтығы.
      136. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуші мемлекеттік орган іске асырудың барлық кезеңіне немесе кезең-кезеңімен әрбір орта мерзімді кезеңге әзірлейді және оны мемлекеттік бағдарлама бекітілген күннен бастап бір ай мерзімде немесе іске асырудың келесі кезеңі басталардан бір ай бұрын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Ескерту. 136-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

4.4. Мемлекеттік бағдарламалардың мониторингі

      137. Мемлекеттік бағдарламаның мониторингін мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар ұсынатын іске асыру туралы ақпараттың негізінде іске асыру туралы есепті қалыптастыру жолымен жүргізеді.
      Ескерту. 137-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      138. Мемлекеттік бағдарламалардың мониторингі бір жылда бір рет жыл қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту. 138-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      139. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      140. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      141. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      142. Мемлекеттік бағдарламаға мониторинг жүргізу үшін:
      1) осы бағдарламаны іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органға іске асыру туралы ақпаратты ұсынады;
      2) мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган ұсынатын іске асыру ақпарат негізінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыру туралы есеп қалыптастырады және есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады, сондай-ақ бірінші басшының қолы қойылған есепті веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.
      Ескерту. 142-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      143. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есеп негізінде жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша олардың әрбірі бойынша қорытынды жобалар жасайды және оларды іске асыру туралы есептермен бірге есепті жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
      Ескерту. 143-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      144. Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыру туралы есеп пен мониторинг жөніндегі қорытынды жобалары қаралғаннан кейін қажет болған жағдайда қорытындының жобаларын пысықтайды және қорытындыларды іске асыру туралы есептермен бірге есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.
      Ескерту. 144-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

4.5. Мемлекеттік бағдарламаларды бағалау

      145. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде жүргізілетін бағалауды қоспағанда, мемлекеттік бағдарламаларды бағалау оларды іске асырудың әрбір үш жылы өткеннен кейін (аралық) және жоспарлы кезеңнің қорытындылары (түпкі) бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту. 145-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      146. Мемлекеттік бағдарламаны бағалау осы Ережелердің 29-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бағалау бойынша қорытындының жобасын қалыптастыру жолымен жүргізіледі.
      Ескерту. 146-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      147. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әрбір мемлекеттік бағдарламаны бағалау жөніндегі қорытынды жобаларын және барлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есептерді есепті кезеңнен кейінгі жылдың 25 наурызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
      Ескерту. 147-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      148. Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыру туралы есеп пен бағалау жөніндегі қорытындылар жобалары қаралғаннан кейін мемлекеттік бағдарламаларды бағалау жөніндегі қорытындылар қажет болған жағдайда пысықтайды және оларды барлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есептермен бірге есепті жылдан кейінгі жылдың 10 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.
      Ескерту. 148-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      149. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде мемлекеттік бағдарламаға жүргізген бағалау қорытындылары тиісті бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулысы (ұсынысы) қабылданғаннан кейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органға жібереді.
      150. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

4.6. Мемлекеттік бағдарламаларды бақылау

      151. Мемлекеттік бағдарламаларды бақылау мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының және салалық бағдарламалардың мониторингі, бағалау және іске асыру жөніндегі жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.
      152. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

5. Аумақты дамыту бағдарламасы

5.1. Аумақты дамыту бағдарламасын әзірлеу

      153. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын әзірлеуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы жүзеге асырады және өңірлік даму және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдармен, өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісіледі.
      Ескерту. 153-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 13.06.2013 № 582 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      154. Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын әзірлеуді ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы жүзеге асырады және облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органымен келіседі.
      155. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасы алдағы онжылдық кезеңге арналған Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасы бекітілгеннен кейін екі ай мерзімде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына белгіленген тәртіппен бекітуге беріледі.
      156. Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасы облысты дамыту бағдарламасы бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына белгіленген тәртіппен бекітуге беріледі.
      157. Аумақты дамыту бағдарламасының әзірленген жобасы мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1) Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарында, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасында, мемлекеттік бағдарламаларда белгіленген бағыттармен өзара байланысқан аумақты дамытудың басым бағыттарын айқындау;
      2) Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасында, нақты аумаққа арналған мемлекеттік бағдарламаларда белгіленген мақсаттарға қол жеткізу, міндеттерді шешу жолдарын баяндау;
      3) аумақты дамытудың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін бағалауды баяндау;
      4) нысаналы индикаторларды көрсете отырып бесжылдық кезеңнің соңында аумақты дамытудың түпкілікті мақсаттарын айқындау;
      5) күшті және осал жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерді ескере отырып, қойылған мақсаттарға қол жеткізудің мүмкін жолдары мен тәсілдерін айқындау;
      6) мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерінің қисынды өзара байланысын сақтау;
      7) игілік алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және өңірдің өз экономикалық әлеуетін дамытуға бағытталуы;
      8) бағдарламаны іске асыруға абсолютті мәнде қаржыландыру көздері мен іске асыру кезеңдері бойынша бөлінген шығыстардың көлемі туралы ақпаратты қамтуы;
      9) орталық және жергілікті атқарушы органдар іс-шараларының келісімділігін, сондай-ақ мақсаттар мен ресурстар бойынша құжаттың теңгерімділігін сақтау;
      10) тезисті форматта қысқа әрі нақты баяндау.
      158. Мемлекеттік органдардың ведомствоішілік мәселелерін шешуге бағытталған аумақты дамыту бағдарламасын әзірлеуге жол берілмейді.
      159. Аумақтарды дамыту бағдарламасының құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
      1) паспорт (негізгі параметрлер);
      2) ағымдағы жағдайды талдау;
      3) өңірді дамытудың пайымы;
      4) негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіштері және оларға қол жеткізу жолдары;
      5) алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен;
      6) алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен;
      7) қажетті ресурстар;
      8) бағдарламаны басқару.
      Ескерту. 159-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      160. «Паспорт (негізгі параметрлер)» бөлімінде аумақты дамытудың мыналарды қамтитын негізгі параметрлері баяндалады:
      1) атауы;
      2) әзірлеу үшін негіздеме;
      3) осы өңірдің негізгі сипаттамасы;
      4) бағыттары;
      5) мақсаттары;
      6) міндеттері;
      7) алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен;
      8) нысаналы индикаторлар;
      9) қаржыландыру көздері мен көлемдері.
      Ескерту. 160-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      161. «Ағымдағы жағдайды талдау» бөлімінде қызмет саласының ағымдағы дамуы сипатталады:
      1) өңірдің жай-күйінің оң және теріс тұстарын, сондай-ақ олардың елдің дамуының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау;
      2) экономикалық даму, әлеуметтік сала, инфрақұрылымдық кешен, аумақтық (кеңістіктік) даму, мемлекеттік жергілікті басқару және өзін өзі басқару жүйесі бағыттары бойынша аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау;
      3) негізгі проблемалардың, тәуекелдердің, тежеуші факторлардың, аумақтардың орта мерзімді перспективада тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының бәсекелес артықшылықтары мен мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы;
      4) қазіргі нормативтік құқықтық базаның, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асырудың қолданыстағы практикасы мен нәтижелерінің сипаттамасын қоса алғанда, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамытуды мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау.
      162. «Өңірді дамытудың пайымы» бөлімінде шешуші нысаналы индикаторларды көрсете отырып, бағдарламаны іске асырудың соңында өңірді дамытудың жалпы болжамды нәтижелері баяндалады.
      163. «Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіштері және оларға қол жеткізу жолдары» деген бөлімде:
      1) тұтастай өңір экономикасын, әлеуметтік саланы, инфрақұрылымдық кешенді, аумақтық (кеңістіктік) құрылымды, мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту бөлігінде өңірді дамытудың негізгі бағыттары;
      2) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда қалыптастырылған стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің ұзақ мерзімді жүйесіне сәйкес аумақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың әрбір бағыты бойынша нысаналы индикаторлары көрсетілген мақсаттары;
      3) көрсетілген әрбір мақсатқа қол жеткізу бойынша міндеттері;
      4) болжамды мәніне қол жеткізілу көзделетін және осылардың негізінде бағдарламаларды іске асыруды бағалауды жүзеге асыру ұйғарылатын кезеңдерді көрсете отырып, бағдарлама міндеттеріне қол жеткізу дәрежесін сипаттайтын нәтижелердің сандық өлшенетін көрсеткіштері;
      5) қойылған міндеттерге қол жеткізу баяндалады.
      Ескерту. 163-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      164. Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаты жоспарлы кезеңнің соңында өңірді дамытудың белгілі бір бағытының жай-күйінің пайымын, өңірді дамытудың бірнеше міндеттерді шешумен қол жеткізілетін сапалы бағдарын білдіреді.
      165. Аумақты дамыту бағдарламасының барлық мақсаттары бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу дәрежесін айқындауға мүмкіндік беретін, өлшенетін көрсеткіштерді білдіретін нысаналы индикаторларды қамтуы тиіс.
      166. Аумақтарды дамыту бағдарламасының міндеттері бағдарламаның тиісті мақсатында қол жеткізу орындалуы үшін қажет, ағымдағы жағдайды талдау негізінде қалыптасатын және жоспарлы кезеңнің соңында өңірдегі шешуші өзгерістерді көруге мүмкіндік беретін негізгі шарттарды білдіреді.
      167. Нәтижелер көрсеткіштері жоспарланған мәнге қол жеткізу көзделетін нақты кезеңді (орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді) көрсете отырып, аумақты дамыту бағдарламасы міндеттерінің шешілу дәрежесін сипаттайтын сандық өлшенетін мәнді білдіреді.
      168. Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері оларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар көрсетіле отырып келтіріледі.
      168-1. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторлары мен нәтижелерінің көрсеткіштері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіпте әзірленеді.
      Ескерту. 5.1-тарау 168-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      169. Әрбір міндет бөлінісінде аумақты дамыту багдарламасының іске асырылуына жауапты мемлекеттік органдардың және ұйымдардың қойылған мақсаттарға қол жеткізу және алдағы міндеттерді шешу жолдары, сондай-ақ әрбір мақсатқа қол жеткізілуін және әрбір міндеттің шешілуін толық көлемде және қажетті мерзімде қамтамасыз ететін шаралар жүйесі келтіріледі.
      Ескерту. 169-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      170. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      171. «Қажетті ресурстар» бөлімінде аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру үшін ресурстарға (қаржы-экономикалық, материалдық-техникалық, еңбек) қажеттілік мәселелері баяндалады.
      172. Аумақты дамыту бағдарламасын қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, мемлекеттік қарыздар, мемлекеттің кепілдігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар, тікелей шетелдік және отандық инвестициялар, халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдардың немесе донор елдердің гранттары, екінші деңгейдегі банктердің кредиттері, ұйымдардың өз қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер бола алады.
      173. Қаржыландырудың болжанатын көлемдері әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, жоспарлы кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің параметрлері, халықаралық шарттар мен басқа да факторлар ескеріле отырып айқындалады.
      174. «Бағдарламаны басқару» бөлімі орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар іс-қимылының келісімділігіне, мақсаттар мен ресурстар бойынша құжаттың теңгерімділігіне қол жеткізу бойынша аумақты дамыту бағдарламасын басқару жүйесін сипаттауды қамтиды.

5.2. Аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру

      175. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын іске асыру оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын және облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларын орындау арқылы жүзеге асырылады.
      Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын іске асыру оны іске асыру жөніндегі іc-шаралар жоспарын орындау арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 175-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      176. Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары - мерзімін, орындаушыларын, аяқталу нысанын, оны іске асыруға қажетті шығындарын айқындай отырып, аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған нақты іс-қимылдар жиынтығы.
      Ескерту. 176-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      177. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын тиісті аумақтың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы әзірлейді және оны тиісті аумақтың әкімі өңірлік даму жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша аумақтарды дамыту бағдарламасы бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде бекітеді.
      Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы әзірлейді және тиісті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі аумақтарды дамыту бағдарламасы бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органымен келісім бойынша бекітеді.
      Ескерту. 177-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 13.06.2013 № 582 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

5.3. Аумақтарды дамыту бағдарламаларының мониторингі

      178. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасының мониторингін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы іске асыру туралы есепті қалыптастыру жолымен облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар ұсынатын іске асыру туралы ақпараттың негізінде жүргізеді.
      Ескерту. 178-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      179. Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасының мониторингін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдары іске асыру туралы есепті қалыптастыру жолымен ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар ұсынатын іске асыру туралы ақпараттың негізінде жүргізеді.
      Ескерту. 179-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      180. Аумақтарды дамыту бағдарламаларының мониторингі жыл қорытындылары бойынша жылына бір рет жүзеге асырылады.
      Ескерту. 180-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      181. Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламаларының мониторингін жыл қорытындылары бойынша жүргізу үшін:
      ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына іске асыру туралы ақпаратты ұсынады;
      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган ұсынған іске асыру туралы ақпарат негізінде ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын іске асыру туралы есепті қалыптастырады және есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей бірінші басшының қойған қолымен веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.
      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органында веб-портал болмаған жағдайда, іске асыру туралы есеп аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің веб-порталында орналастырады.
      Ескерту. 181-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      181-1. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларының мониторингін жыл қорытындылары бойынша жүргізу үшін:
      облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына іске асыру туралы ақпаратты ұсынады;
      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган ұсынған іске асыру туралы ақпарат негізінде облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын іске асыру туралы есепті қалыптастырады және оны бірінші басшының қойған қолымен есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.
      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органында веб-портал болмаған жағдайда, іске асыру туралы есеп облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің веб-порталында орналастырылады.
      Ескерту. 5.3-тарау 181-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      182. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      183. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

5.4. Аумақтарды дамыту бағдарламаларын бағалау

      184. Тексеру комиссиясы жүргізетін бағалаудан басқа, аумақтарды дамыту бағдарламаларын бағалау жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 184-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      185. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      186. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      187. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      188. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде аумақты дамыту бағдарламасын бағалау қорытындылары тиісті бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының қаулысы (ұсынымы) қабылданғаннан кейін жергілікті атқарушы органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
      Ескерту. 188-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      189. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      190. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      191. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      192. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

5.5. Аумақтарды дамыту бағдарламасын бақылау

      193. Аумақтарды дамыту бағдарламасын бақылау аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының мониторингі, бағалау және іске асыру жөніндегі жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.
      194. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

6. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары

6.1. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу

      195. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының әзірленген жобасы мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсаттарына, көрсеткіштеріне қол жеткізу және міндеттерін шешудің жолдары мен тәсілдерін баяндай отырып, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыруға, сондай-ақ мемлекеттік органның мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді тиімді орындауға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуге бағдарлануы;
      2) өзіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметін қоса алғанда, өз қызметінің барлық саласын қамтуы;
      3) алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен;
      4) мақсаттар, міндеттер, нәтижелер көрсеткіштерінің қисынды өзара байланысының сақталуы;
      5) игілік алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы;
      6) әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік органдар іс-қимылының келісімділігінің сақталуы;
      7) мемлекеттік органның алдыңғы жоспарлы кезеңге арналған стратегиялық жоспарында бекітілген мемлекеттік органның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, нәтижелер көрсеткіштері ескеріле отырып әзірленуі;
      8) тезистік форматта қысқа әрі нақты жазылуы.
      Ескерту. 195-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      196. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
      1) миссия және пайым;
      2) ағымдағы жағдайды талдау және қызметтің тиісті саласының (аясының) даму үрдісі;
      3) стартегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері;
      4) функционалдық мүмкіндіктерді дамыту;
      5) ведомствоаралық өзара іс-қимыл;
      6) тәуекелдерді басқару;
      7) бюджеттік бағдарламалар.
      197. «Миссия және пайым» бөлімінде мемлекеттік органның миссиясы және пайымы жазылады.
      198. Мемлекеттік органның миссиясы мемлекеттік басқару субъектісі ретінде тиісті салада немесе қызмет аясында мемлекеттік саясатты іске асырудағы оның рөлін айқындауды білдіретін мемлекеттік органның негізгі мақсаты болып табылады.
      199. Мемлекеттік органның пайымы стратегиялық жоспарды іске асыру нәтижесінде жетекшілік ететін салаларының немесе қызмет аяларының перспективалық жай-күйі болып табылады.
      200. «Ағымдағы жағдайды талдау және қызметтің тиісті салаларының (аяларының) даму үрдісі» бөлімінде:
      1) статистикалық деректерді не қызмет саланың немесе қызмет аясының жай-күйін сипаттайтын басқа да көрсеткіштерді келтіре отырып, оның ішінде басқа елдермен салыстырғанда мемлекеттік орган қызметінің реттелетін саласын немесе қызмет аясын дамытудың негізгі өлшемдері;
      2) экономика мен қоғамның алдында тұрған, шешілуіне стратегиялық жоспар бағытталған негізгі проблемаларды талдау;
      3) саланы немесе қызмет аясын дамытуға әсер ететін негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау баяндалады.
      201. Ағымдағы жағдайды талдау мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттары бөлінісінде жүргізіледі.
      202. Ағымдағы жағдайды талдау негізінде мемлекеттік орган жақсартуға сондай-ақ айқындалған жалпыұлттық мақсаттарға қол жеткізуді маңызды деп есептейтін тиісті салаларды немесе қызмет аясын дамытудың бағыттары қалыптастырылады.
      203. Ағымдағы жағдайды талдауды баяндаудың дәйектілігі стратегиялық бағыттарды баяндау дәйектілігімен сәйкес келуі тиіс.
      204. «Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері» бөлімінде мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары мен нәтижелер көрсеткіштері баяндалады, сондай-ақ мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігінің сипаттамасы келтіріледі. Стратегиялық бағыттар өзгеруі стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгіленген мақсаттар мен басымдықтарға қол жеткізу үшін барынша маңызды болып табылатын экономиканың реттелетін салаларын, секторларын немесе қызмет аяларын талдау негізінде қалыптастырылады.
      205. Мемлекеттік органның мақсаты нысаналы индикаторларда көрініс тапқан осы мемлекеттік органның қызметінде немесе ол реттейтін аяда белгілі бір нақты өзгерістерге қол жеткізу болып табылады.
      Мақсаттарды айқындау кезінде мемлекеттік орган мынадай талаптарды ұстану қажет:
      1) мақсаттардың белгіленген проблемалармен нақты себеп-салдарлық байланысының болуы;
      2) мақсаттарға қол жеткізуді сандық көрсеткіштердің көмегімен көрсету мүмкіндігі;
      3) Стратегиялық жоспардың, Аумақтық-кеңістіктің дамудың болжамды схемасының, мемлекеттік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсаттарына сәйкестігі;
      4) мақсаттарды тұжырымдау қысқа және нақты болуы тиіс, оларды тұжырымдау кезінде:
      еркін немесе бір мәнді түсінуді бермейтін терминдерді, ұғымдар мен түсініктерді пайдалануға;
      мақсаттың өзіне қол жеткізудің салдары болып табылатын өзге де мақсаттарды, міндеттерді немесе нәтижелерді көрсетуге жол берілмейді.
      206. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында әрбір мақсат үшін нысаналы индикаторлар айқындалады және мақсатқа қол жеткізу жолдары, құралдары мен әдістері сипатталады.
      207. Әрбір нысаналы индикатор бойынша есепті және бесжылдық кезеңнің жылдары бойынша нысаналы индикатордың аралық мәнін айқындай отырып оның жоспарланған мәніне қол жеткізудің түпкілікті мерзімі (кезеңі) айқындалады.
      208. Бесжылдық кезеңде тиісті мақсатқа қол жеткізу үшін орындалуы тиіс және жоспарлы кезеңнің соңында қызмет аясындағы шешуші өзгерістерді көруге мүмкіндік беретін шарттар мемлекеттік органның міндеттері болып табылады.
      209. Мемлекеттік органның өз қызметін қамтамасыз етуге бағытталған міндеттер қоюға жол берілмейді.
      210. Әрбір міндет үшін есепті және жоспарлы кезеңдерде міндеттің шешілу деңгейін барынша көрсететін нәтижелердің санмен өлшенетін көрсеткіштері келтіріледі.
      Ескерту. 210-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      211. Нәтижелер көрсеткіштерінде мемлекеттік орган қызметінің тікелей нәтижелері көрініс табады, түрлі кезеңдер бойынша өздерінің салыстырмалылығына үзіліссіз мониторинг жүргізуді қамтамасыз ете отырып, есепті және бесжылдық кезеңнің жылдары бойынша мәні көрсетіледі. Нәтижелер көрсеткіштерін әзірлеу кезінде олар бойынша қажетті статистикалық және есептік деректерді алуды қамтамасыз ету қажет. Таңдалынып алынған көрсеткіштер бойынша есепті деректерді алу үзіліссіз жүзеге асырылуы тиіс және олардың жекелеген кезеңдер үшін, сондай-ақ халықаралық тәжірибеде пайдаланылатын көрсеткіштермен салыстырмалылығы қамтамасыз етілуі тиіс.
      212. Әрбір міндетті шешу үшін оларды жылдар бойынша іске асырудың мерзімдерін көрсете отырып негізгі іс-шаралардың тізбесі айқындалады.
      213. «Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту» бөлімінде мемлекеттік органның ішкі ортасын өзгерту, ішкі қызметін ұйымдастыруды жақсарту, өзінің функционалдық мүмкіндіктерін дамыту, өзінің қызмет нәтижелерін жақсарту және стратегиялық мақсаттарға тиімді қол жеткізу үшін қажетті көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру (персоналды кәсіптік даярлау деңгейі және оны дамыту жөніндегі шаралар, ақпараттық ресурстардың сапасын арттыру, орындаушылық тәртіпті арттыру, мемлекеттік органның бақылау және рұқсат беру функцияларын қысқарту, жекелеген қызмет түрлерін бәсекелі ортаға беру және т.б.) жөніндегі жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат жазылады.
      214. Функционалдық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған жоспарланатын іс-шаралар стратегиялық жоспардың стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері бөлінісінде жазылады.
      Ескерту. 214-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      215. «Ведомствоаралық өзара іс-қимыл» бөлімінде қол жеткізілуі үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды талап ететін көрсеткіштері және мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері бөлінісінде ведомствоаралық өзара байланысы баяндала отырып, тиісті мемлекеттік органдар көрсетіледі.
      216. «Ведомствоаралық өзара іс-қимыл» бөлімі тиісті мемлекеттік органдармен (бөлімде көрсетілген) келісіледі.
      217. «Тәуекелдерді басқару» бөлімінде:
      1) мемлекеттік органның қызметіне әсер ететін ықтимал тәуекелдер тізбесі және мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының іске асырылу барысына әсер ететін және жоспарлаған нәтижелерге қол жеткізуге кедергі болатын тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар баяндала отырып, олардың алдын алу және (немесе) еңсеру жөніндегі ықтимал іс-шаралар келтіріледі;
      2) объективті немесе субъективті сипаттағы ішкі немесе сыртқы себептерден жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізе алмау тәуекелі туындаған жағдайда, мемлекеттік органның көзделген нақты баламалы іс-шаралары баяндалады.
       218. Жеткілікті қаржыландырмау тәуекелі мемлекеттік органның көрсеткіштеріне қол жеткізе алмауының ықтимал тәуекелі ретінде таныла алмайды.
      219. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының «Бюджеттік бағдарламалар» бөлімінде мемлекеттік функциялар мен өкілеттерді орындауға стратегиялық жоспарда көзделген мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін қажетті және жеткілікті принциптерді негізге ала отырып, мемлекеттік органның үшжылдық жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік бағдарламалары келтіріледі.
      220. Әрбір бюджеттік бағдарлама:
      1) жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің мазмұнын және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуді немесе мемлекеттік орган қызметінің бағытын көрсететін бюджеттік бағдарламаның (және болған жағдайда кіші бағдарламалардың) атауын;
      2) бюджеттік бағдарламаның қысқаша сипаттамасын;
      3) қол жеткізілуі бюджеттік бағдарламаны (стратегиялық жоспардың үшінші бөлімінен) іске асырғанда қамтамасыз етілетін мемлекеттік органның стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен міндеттерін;
      4) бюджеттік бағдарламаны іске асыру нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштерді (тікелей және түпкілікті нәтижелерді, сондай-ақ сапа мен тиімділік көрсеткіштерін қамтуы мүмкін);
      5) есепті және жоспарлы кезеңдердегі бюджеттік шығыстардың көлемдерін қамтиды.
      Ескерту. 220-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      221. Жаңадан әзірленетін бюджеттік бағдарламалар оларды әзірлеу үшін негіздер мен олардың ықтимал бюджеттік қамтамасыз етілу негіздемесін көрсете отырып және қойылған мақсаттарға, оның ішінде бюджеттен тыс қаржыландыру көздері есебінен қол жеткізудің балама нұсқаларын міндетті түрде келтіре отырып жеке бөліп көрсетіледі.
      222. «Бюджеттік бағдарламалар» бөлімінде, сондай-ақ бюджет шығыстарының жиынтығы көрсетіледі.
      223. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі «Бюджеттік бағдарламалар» бөлімін әзірлеуді жүзеге асырмайды.
      Ескерту. 223-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      224. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының форматын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

6.2. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын
іске асыру

      225. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру операциялық жоспарды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
      226. Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

6.3. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының
мониторингі

      227. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының мониторингін операциялық жоспардың іске асырылу барысын талдау негізінде әзірлеуші мемлекеттік орган жүзеге асырады.
      228. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының мониторингі жылына бір peт есепті жылдың қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту. 228-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      229. Мемлекеттік органдар стратегиялық жоспарларды іске асыру туралы есептер дайындайды және оларды есепті жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей бірінші басшының қойған қолымен веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.
      Ескерту. 229-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      230. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кірмейтін, оларға қатысты қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілмейтін орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының мониторингі Президент Әкімшілігі айқындайтын тәртіпте жүзеге асырылады.
      Ескерту. 230-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      230-1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін, оларға қатысты қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілмейтін мемлекеттік органдар мониторинг қорырытындылары бойынша жасалған іске асыру туралы есепті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган стратегиялық жоспарларды іске асыру туралы есептердің негізінде жүргізілген мониторинг бойынша қорытындылар жобаларын қалыптастырады және есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
      Мониторинг бойынша қорытындылар жобалары қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі қажеттігіне қарай қорытындылар жобаларын пысықтайды және оларды есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызынан кешіктірмей іске асыру туралы есептермен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.
      Ескерту. 6.3-тарау 230-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      231. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар стратегиялық жоспарларды іске асыру жөніндегі есептерді дайындайды және оларды бірінші басшының қойған қолымен веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) жылдың қорытындылары бойынша есепті жылдан кейінгі 20 қаңтарынан кешіктірмей орналастырады.
      Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарда веб-портал болмаған жағдайда, іске асыру туралы есеп облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің веб-порталында орналастырылады.
      Ескерту. 231-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      232. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

6.4. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бағалау

      233. Орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық, жоспарларын бағалау (Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізетін бағалаудан басқа) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 233-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      234. Орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бағалауды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті өзінің жұмыс жоспарына сәйкес оларға жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде жүзеге асырады.
      235. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы жүргізетін бағалаудан басқа, облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарының іске асырылуын бағалау жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 235-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      236. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарының іске асырылуын бағалауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы өзінің жұмыс жоспарына сәйкес өзі жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде жүзеге асырады.
      Ескерту. 236-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      237. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде жүргізген мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын бағалау қорытындылары тиісті бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулысы (ұсынысы) қабылданғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде стратегиялық жоспарларға бағалау жүргізуге уәкілетті органдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және бақылау объектілеріне жіберіледі.
      Ескерту. 237-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 13.06.2013 № 582 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      238. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы өзінің жұмыс жоспарына сәйкес бақылау іс-шаралары шеңберінде жүргізетін облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарының бағалау қорытындылары тиісті бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының ұсынысы қабылданғаннан кейін стратегиялық жоспарларға бағалау жүргізуге уәкілетті органдарға, жергілікті атқарушы органға және бақылау объектілеріне жібереді.
      Ескерту. 238-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

6.5. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бақылау

      239. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бақылау мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының мониторингі, іске асыру жөніндегі бағалау және жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.
      240. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына бақылауды жүзеге асыру тәртібін заңнамаға сәйкес тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар айқындайды.
      Ескерту. 240-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.