Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2014.06.17 № 840 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
2. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 259-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
3-тармақтың 1) тармақшасында:
«Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын,» деген сөздерден кейін «Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын,» деген сөздермен толықтырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде:
4-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың (бұдан әрі - ұлттық компаниялар) 10 жылға арналған даму стратегиялары және 5 жылға арналған даму жоспарлары;»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша тұжырымдамалар мен доктриналар әзірленеді.
Тұжырымдама белгілі бір аяны, саланы дамытудың пайымын, тиісті мемлекеттік саясаттың негіздемесін көрсететін құжат болып табылады және осы саясаттың негізгі принциптері мен жалпы қағидаттарын қамтиды.
Тұжырымдаманы Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі не консультативтік-кеңесші орган бекітеді немесе мақұлдайды.
Доктрина - белгілі бір мәселе бойынша көзқарастар жүйесін, саяси қағидаттардың жиынтығын айқындайтын құжат.
Доктринаны Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді немесе мақұлдайды.
Тұжырымдамалар мен доктриналар стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары және заңдар арқылы іске асырылады.
Тұжырымдамалар мен доктриналарды әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
14-тармақтағы «Болжамды схема» деген сөздер «Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақтағы «болжамдық схемасын» деген сөздер «болжамды схемасын және оны әзірлеудің тәртібін» деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Мемлекеттік бағдарламаларды тиісті мемлекеттік орган әзірлейді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.»;
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
«19-1. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуына мониторингті әзірлеуші мемлекеттік орган, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуын бағалауды әзірлеуші мемлекеттік орган, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізеді.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде жүзеге асырады.
Іске асырылуына мониторинг пен бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік бағдарлама және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары түзетілуі мүмкін.»;
27-тармақта:
бірінші бөлік «уәкілетті органның» деген сөздерден кейін «, мүдделі орталық мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік «уәкілетті органның» деген сөздерден кейін «, облыстың мүдделі атқарушы органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
«28-1. Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру үшін жергілікті атқарушы орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жоғары тұрған уәкілетті органмен келісім бойынша оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді.»;
29-тармақтың екінші бөлігінде:
«уәкілетті органы» деген сөздер «уәкілетті органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«(облыстық маңызы бар қаланың)» деген сөздерден кейін «және облыстың» деген сөздермен толықтырылсын;
30-тармақтағы «бағдарламасы» деген сөз «бағдарламалары және оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары» деген сөздермен ауыстырылсын;
33-тармақтың бірінші бөлігіндегі «жыл сайын жылжымалы негізде» деген сөздер «әрбір үш жыл сайын» деген сөздермен ауыстырылсын;
35-тармақта:
үшінші бөліктегі «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың» деген сөздермен ауыстырылсын;
38-тармақтың екінші бөлігінде:
«есеп комитеті» деген сөздерден кейін «өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде» деген сөздермен толықтырылсын;
39-тармақтың екінші бөлігінде:
«тексеру комиссиясы» деген сөздерден кейін «өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде» деген сөздермен толықтырылсын;
40-тармақтың екінші бөлігіндегі «Жергілікті мемлекеттік органдардың» деген сөздер «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
42-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары олардың стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен қызметі нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайды және акциялары (қатысу үлестері) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға осы заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқық беретін заңды тұлғалардың даму стратегиялары ескеріле отырып әзірленеді.»;
үшінші бөлікте:
«бағдарламалық құжаттарында» деген сөздерден кейін «, тиісті мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында» деген сөздермен толықтырылсын;
43-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарлары акциялары (қатысу үлестері) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға осы заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқық беретін заңды тұлғалардың даму жоспарлары ескеріле отырып әзірленеді және мақсаттарды, міндеттерді, нәтижелер көрсеткіштерін және инвестицияларды, кірістерді, шығыстарды, қарыздарды, дивиденттер мен басқа да мәліметтерді қоса алғанда, қаржы-шаруашылық қызметтің негізгі шоғырландырылған және шоғырландырылмаған көрсеткіштерін қамтиды.»;
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«46. Салалық бағдарламаларды және оларды әзірлеу мен мониторинг тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
47-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Әлеуметтік-экономикалық даму мен бюджет параметрлері болжамы мақұлдаған Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының» деген сөздер «Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, мақұлданған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары» деген сөздермен ауыстырылсын;
50-тармақта:
үшінші бөліктегі «жүйесі құжаттарының іске асырылуына қол жеткізу деңгейін, оның нәтижелілігін және тиімділігін айқындайтын аспап» деген сөздер «жүйесінің құжаттарын іске асырудың нәтижелілігі мен тиімділігіне қол жеткізу дәрежесін айқындау құралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Түзету - аталған құжаттың іске асырылуына мониторинг пен бағалау нәтижесінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.».
3. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік бағдарламалар әзірлеу және іске асыру ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 2 маусымдағы № 1099 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 26, 240-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Жарлықтың іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 4 наурыздағы
№ 931 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді
аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік
бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру,
мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу
ҚАҒИДАЛАРЫ
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2014.06.17 № 840 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) жоғарыда аталған құжаттарды әзірлеуге, іске асыруға, оларға мониторинг, бағалау және бақылау жүргізуге бірыңғай және біртұтас тәсілді қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспары, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасы, мемлекеттік бағдарламалар (бұдан әрі - стратегиялық және бағдарламалық құжаттар), мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары және аумақтарды дамыту бағдарламалары төмен тұрған деңгейдегі құжаттарды әзірлеу қажеттілігі мен заңдылығы жоғары деңгейде тұрған құжаттардан туындайтын, ал жоғары деңгейде тұрған құжаттарды әзірлеу, іске асыру, мониторингтеу, бағалау және бақылау төмен тұрған деңгейдегі құжаттар негізінде жүзеге асырылатын біртұтас жүйені білдіреді.
1.1. Негізгі ұғымдар
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) нысаналы индикатор - мақсатқа қол жеткізу деңгейін өлшеуге мүмкіндік беретін оның сандық мәні;
2) нәтиже көрсеткіші - міндеттің шешілу деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін сандық өлшенетін көрсеткіш;
3) Көрсеткіштердің базалық тізбесі - аумақтар дамуының түйінді бағыттарының деңгейін көрсететін және жергілікті атқарушы органдар қызметі тиімділігінің көрсеткіштері болып табылатын біріздендірілген нысаналы индикаторлар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларының нәтижелер көрсеткіштерінің жиынтығы;
4) жоспарлы кезең - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің (бұдан әрі - Мемлекеттік жоспарлау жүйесі) тиісті құжаты әзірленетін кезең.
1.2. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту
бағдарламаларын әзірлеудің негізгі ережелері
4. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын талдау, модельдеу, пайымын қалыптастыру және басымдықтарын, нысаналы индикаторларын, стратегиялық мақсаттарын, міндеттері мен оларға қол жеткізу, ресурстық қамтамасыз ету жолдарын айқындау процесі әзірлеу болып табылады.
5. Әзірлеу кезеңінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының келісуге ұсынылған жобаларын мынадай бағыттар бойынша қарайды:
1) құжатты әзірлеудің негізділігі;
2) құжатты әзірлеуге қойылатын әдіснамалық талаптардың сақталуы;
3) таңдап алынған мақсаттардың, нысаналы индикаторлардың, міндеттердің, (аралық және түпкі) нәтижелер көрсеткіштерінің негізділігі мен шынайылығы;
4) қол жеткізудің ұсынылатын жолдарының құжаттың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;
5) іске асыру мақсатында әзірленіп келісуге ұсынылған құжат жобасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған деңгейдегі құжатында белгіленген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі;
6) құжат мақсаттарының, нысаналы индикаторларының, міндеттерінің, (аралық және түпкі) нәтижелер көрсеткіштерінің оны іске асырудың жоспарланған мерзіміне сәйкестігі;
7) құжатты іске асыру үшін қаржы-экономикалық, материалдық-техникалық, еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін қажетті ресурстарды жоспарлаудың дұрыстығы;
8) құжаттың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге кедергі келтіруі мүмкін сыртқы және ішкі ықтимал тәуекелдер мен мән-жайларды анықтау, сондай-ақ олардың туындауының алдын алу үшін, ал туындаған жағдайда оларды еңсеру үшін не құжатты түзету үшін қабылдануы тиіс шараларды айқындау.
6. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу кезінде оларды әзірлеуге негіз болып табылған тұжырымдамалардың ережелері ескерілуі тиіс.
7. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу бойынша әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
1.3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту
бағдарламаларын іске асырудың негізгі ережелері
8. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының берілген мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, (аралық және түпкі) нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу процесі іске асыру болып табылады.
9. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру кезінде:
1) ведомствоаралық өзара іс-қимылдағы келісімділік;
2) берілген нәтижелерге ресурстардың ең аз шығындарымен қол жеткізуге бағдарлау;
3) қаржы, еңбек және басқа да ресурстардың теңгерімділігі қамтамасыз етілуі тиіс.
10. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру жөніндегі әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
11. Тиісті онжылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын және мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың нэтижелілігі мен тиімділігі үшін жауапкершілік — Қазақстан Республикасының Үкіметіне, әзірлеуші мемлекеттік органға және бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асырудың нэтижелілігі мен тиімділігі үшін жауапкершілік — тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына, аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асырудың нәтижелілігі мен тиімділігі үшін жауапкершілік - тиісті аумақтардың әкімдеріне жүктеледі.
1.4. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарлары, аумақтарды дамыту
бағдарламалары мониторингінің негізгі ережелері
12. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылу барысы туралы есептер мен басқа да ақпаратты жинау, жүйелеу, талдау және жинақтау мониторинг болып табылады.
13. Құжаттар мониторингі:
1) тиісті құжатты іске асырудың ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат алудың тұрақтылығын;
2) мемлекеттік органдардың тиісті құжатты іске асырудағы іс-қимылдарының келісімділігін;
3) өзгеріп отыратын жағдайларды ескере отырып, тиісті құжатты уақтылы өзектендіруді қамтамасыз етеді.
14. Құжаттар мониторингін Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде айқындалған уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
15. Құжаттар мониторингі құжаттарды әзірлеуші мемлекеттік органдар жасайтын іске асыру туралы есепті қалыптастыру жолымен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысанда және тәртіппен жүзеге асырылады.
16. Іске асыру туралы есеп:
1) құжаттың деректемелерін;
құжаттың атауын, нөмірін, күнін;
әзірлеуші мемлекеттік орган мен бірлесіп орындаушыларды;
іске асыру, оның ішінде кезең-кезеңмен іске асыру мерзімін;
2) жоспарланған және нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторларды және міндеттер нәтижелерінің көрсеткіштерін, сондай-ақ оларға қол жеткізілмеу себептерін;
3) жоспарланып орындалған және орындалмаған іс-шаралар және олардың орындалмау себептері, орындалмаған іс-шаралардың өңірдің, елдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайына ықпалы туралы ақпаратты;
4) қаржыландыру көздері бойынша бөліне отырып, бөлінген қаржы қаражатының игерілуі туралы ақпаратты (пайдаланылмаудың көлемі мен себептерін көрсете отырып);
5) құжатты іске асыруға қатысатын түрлі тараптардың өзара іс-қимылын талдауды;
6) құжаттың іске асырылу барысына ортаның сыртқы әсерін талдауды;
7) шешілуіне осы құжат бағытталған проблемалар мен міндеттердің шешілу дәрежесі туралы ақпаратты, құжатты іске асырудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалын (осы ақпарат құжатқа бағалау жүргізілген жылғы есепке енгізілуге тиіс);
8) игілік алушылардың қанағаттану деңгейі, оның ішінде жоспарланғанға қарағанда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің нақты көлемінің деңгейі туралы ақпаратты (осы ақпарат құжатқа бағалау жүргізілген жылғы есепке енгізілуге тиіс);
9) мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтерді;
10) тұжырымдар мен ұсыныстарды, оның ішінде құжатты түзету, қаржыландыру көлемі мен көздері жөніндегі, қолданыстағы заңнаманың өзгеруі туралы және басқа да ұсыныстарды қамтуға тиіс.
17. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларына бағалау жүргізілетін жылы олардың іске асырылуы туралы есеп барлық бағалау кезеңінде осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген ақпаратты қамтиды.
18. Іске асыру туралы есептің негізінде қорытынды дайындалады. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға бағалау жүргізілетін жылы мониторинг бойынша қорытынды қалыптастырылмайды.
19. Қорытынды:
1) деректемелерді (стратегиялық және бағдарламалық құжат, мемлекеттік органның стратегиялық жоспары, аумақтарды дамыту бағдарламасы бекітілген актінің атауы, нөмірі, күні, әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган, бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар, іске асыру, оның ішінде кезең-кезеңмен іске асыру мерзімдері);
2) есепті кезеңде қол жеткізілген нақты нәтижелерді, оның ішінде есепті кезеңдегі аралық мәндерімен қоса алғанда, нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін (аралық немесе түпкілікті мәндерге қол жеткізілмеген жағдайда, қол жеткізілмеу себептерін көрсету);
3) есепті кезеңге жоспарланған іс-шаралар санын, орындалған және орындалмаған (себептерін көрсете отырып) іс-шаралар тізбесін;
4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының және аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылу барысына ықпал ететін факторларды талдауды;
5) қаржыландыру көздері бойынша бөле отырып, іс-шараларды орындауға есепті кезеңге бөлінген және игерілмеген, іс-шараларды орындауға арналған бюджеттік және өзге де қаржы қаражаты туралы ақпаратты;
6) жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтерді;
7) жауапты орындаушы мемлекеттік орган стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға енгізген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты;
8) алдыңғы бағалаудың нәтижелері бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына және аумақтарды дамыту бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ақпаратты;
9) тұжырымдар мен ұсыныстарды қамтуға тиіс.
20. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламалары мониторингінің нәтижелері бойынша оларды түзету жүзеге асырылуы мүмкін.
Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, оларды әзірлеу кезінде осы Қағидаларда белгіленген талаптар сақталады.
21. Құжаттарға мониторинг жүргізу жөніндегі әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
22. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, аумақтарды дамыту бағдарламаларына жүргізілген мониторинг нәтижелерінің дұрыстығы мен толықтығы үшін жауапкершілік құжаттарды әзірлеуші мемлекеттік органдарға және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде айқындалған тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жүктеледі.
Бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын мониторингтеу процесінде пайдалану үшін өз құзыреті шегінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеуші мемлекеттік органдарға беретін ақпараттың толықтығына, сапасына және дұрыстығына жауапты болады.
1.5. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту
бағдарламаларын бағалаудың негізгі ережелері
23. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру нәтижелілігі мен тиімділігіне қол жеткізу дәрежесін айқындау құралы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын бағалау (бұдан әрі осы бөлімде - құжаттарды бағалау) болып табылады.
24. Құжаттарды бағалау: барлық бағалау кезеңіндегі, осы Қағидалардың 15-17-тармақтарына сәйкес жасалатын іске асыру туралы есептің, статистикалық ақпараттың; бақылау тексерістерінің; үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми институттардың, халықаралық сарапшылардың және басқалардың бағалауы негізінде жүргізіледі.
25. Осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде қорытынды дайындалады.
26. Қорытынды:
1) деректемелерді (стратегиялық және бағдарламалық құжат бекітілген актінің атауы, нөмірі, күні, мемлекеттік органның стратегиялық жоспары, әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган, бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар, іске асыру, оның ішінде кезең-кезеңмен іске асыру мерзімдері);
2) есепті кезеңде қол жеткізілген нақты нәтижелерді, оның ішінде есепті кезеңдегі, аралық мәндерімен қоса, нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін (аралық немесе түпкілікті мәндерге қол жеткізілмеген жағдайда, қол жеткізілмеу себептерін көрсету);
3) қаржыландыру көздері бойынша бөле отырып, бөлінген және игерілмеген бюджеттік және өзге де қаржылық қаражаттарды көрсете отырып, орындалған және орындалмаған (орындалмаған жағдайда қол жеткізілмеу себептерін көрсету) іс-шаралары туралы ақпарат;
4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылу барысына ықпал еткен факторларды талдауды;
5) жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтерді;
6) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға орындаушы жауапты мемлекеттік орган енгізген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты;
7) алдыңғы бағалаудың нәтижелері бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ақпаратты;
8) құжаттың іске асырылу барысының нәтижелілігі мен тиімділігі туралы тұжырымдарды;
9) құжатты іске асыруды ұйымдастыру деңгейі туралы тұжырымдарды;
10) құжатты іске асырудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалының дәрежесі туралы тұжырымдарды;
11) бағалау нәтижелеріне байланысты: құжатты түзету туралы;
мемлекеттік органның қызметін жақсарту жөніндегі; қаржыландыру көлемдері мен көздері жөніндегі; қолданыстағы заңнаманы өзгерту және басқалары туралы ұсынымдарды қамтуға тиіс.
27. Құжаттарға бағалау жүргізу жөніндегі әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
28. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мемлекеттік және салалық бағдарламаларға және орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына бағалау, сондай-ақ тексеру комиссиясының аумақтарды дамыту бағдарламаларына, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына бағалау жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айқындайды.
29. Құжаттарға жүргізілген бағалау нәтижелерінің дұрыстығы мен толықтығы үшін жауапкершілік құжаттарды әзірлеуші мемлекеттік органдарға және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде айқындалған тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жүктеледі.
1.6. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту
бағдарламаларын бақылаудың негізгі ережелері
30. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының толықтығын және уақтылы орындалуын талдауды жүзеге асыру бақылау болып табылады.
31. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын бақылау (бұдан әрі осы бөлімде - құжаттарды бақылау) жүргізілген мониторинг пен бағалау нәтижелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
32. Құжаттарды бақылауды Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде айқындалған уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспары
2.1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын әзірлеу
33. Алдағы кезеңге арналған Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының жобасы елдің мұның алдындағы Стратегиялық даму жоспарын іске асырудың тоғызыншы жылынан кешіктірмей әзірленеді.
Әзірленген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының жобасы мынадай талаптарға сәйкес келуі:
1) Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарынан туындайтын ел дамуының алдағы онжылдық кезеңге арналған басым бағыттарын қамтуы;
2) ел дамуының алдағы онжылдық кезеңге арналған басым бағыттары арасындағы өзара қисынды байланысты қамтамасыз етуі;
3) ел дамуындағы күшті және әлсіз жақтарды, мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді талдауға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық дамудың ұзақ мерзімді болжамына негізделуі;
4) қысқа әрі нақты баяндалуы тиіс.
34. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
1) кіріспе;
2) ағымдағы ахуалды талдау;
3) жаһандық үрдістерді талдау;
4) Қазақстан Республикасының алдағы онжылдық кезеңнің соңына пайымы;
5) ел дамуының басым бағыттары және ел дамуының алдағы онжылдық кезеңге арналған стратегиялық даму мақсаттары;
6) қорытынды.
35. «Кіріспе» бөлімінде алдағы онжылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын әзірлеудің негіздемесі мен қажеттігі көрсетіледі.
36. «Ағымдағы ахуалды талдау» бөлімінде:
1) ел дамуының түйінді жалпыұлттық көрсеткіштерін талдау шеңберінде ағымдағы онжылдық кезеңнің соңында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының ағымдағы жай-күйін талдау мен қол жеткізілген деңгейін бағалау;
2) алдағы онжылдық кезеңде Қазақстан Республикасының дамуына ықпал ететін ішкі факторларды (мүмкіндіктер мен қатерлерді) бағалау көрсетіледі.
37. «Жаһандық үрдістерді талдау» бөлімінде әлемдік үрдістерді талдау, Қазақстан Республикасының әлемдік және өңірлік экономикадағы ұстанымдары, сондай-ақ сыртқы сын-қатерлер мен қауіптерді айқындай отырып, елдің дамуына ықпал ететін сыртқы факторларды бағалау келтіріледі.
38. «Қазақстан Республикасының алдағы онжылдық кезеңінің соңына пайымы» бөлімінде елдің алдағы онжылдық кезеңнің соңына қарай даму параметрлері айқындалады, сондай-ақ ел дамуының түйінді жалпыұлттық көрсеткіштері келтіріледі.
39. Елдің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері мен қоғамдық-саяси жүйесінің даму көрсеткіштері, яғни елдің жалпы даму деңгейін сипаттайтын неғұрлым ірілендірілген индикаторлар (мысалы, ЖІӨ, халықтың өмір сүру сапасының көрсеткіштері) ел дамуының түйінді жалпыұлттық көрсеткіштері болып табылады.
40. «Ел дамуының басым бағыттары және ел дамуының алдағы онжылдық кезеңге арналған стратегиялық даму мақсаттары» бөлімінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының елді дамытудың көп дегенде бес-жеті басым бағыты, сондай-ақ осы бағыттардың әрқайсысы бойынша алдағы онжылдық кезеңге арналған стратегиялық мақсаттар, сондай-ақ осы мақсаттарға қол жеткізудің жалпы тәсілдері айқындалады.
41. Ағымдағы ахуалды, ел дамуының түйінді жалпыұлттық көрсеткіштерін талдау мен ішкі және сыртқы факторларды бағалауды ескере отырып, алдағы онжылдық кезеңнің соңына қарай елдің пайымына қол жеткізудің міндетті (ажырамас) шарттары ретінде ел дамуының таңдап алынған басым бағыттарына мемлекеттің күш-жігерін шоғырландыру қажеттігінің нақты негіздемелері көрсетіледі.
42. Стратегиялық мақсаттарда - қол жеткізілуі Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын іске асыруды қамтамасыз ететін, алдағы онжылдық кезеңнің соңына қарай мемлекеттік басқару саласының (аясының) қалаулы болашақ жай-күйі айқындалған.
43. Мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) дамытудың алдағы онжылдық кезеңге арналған стратегиялық мақсаттарын тұжырымдау:
1) проблемалық мәселелер көрсетіле отырып, мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы (аясындағы) ағымдағы ахуалға шолу;
2) өткен онжылдықтың нысаналы индикаторларына қол жеткізуді бағалау;
3) алдағы онжылдық кезеңде мемлекеттік басқару саласының (аясының) дамуына ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларды талдау негізінде жүзеге асырылады.
44. Алдағы онжылдық кезеңде мемлекеттік басқару саласының (аясының) дамуына әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды талдау шеңберінде стратегиялық мақсаттарды қалыптастыру үшін:
1) алдағы онжылдық кезеңде саланың (аяның) дамуына ықпал етуі мүмкін ішкі факторлар - күшті жақтары;
2) алдағы онжылдық кезеңде саланың (аяның) дамуын тежейтін және (немесе) оның дамуына кері әсер ететін ішкі факторлар - әлсіз жақтары;
3) саланың (аяның) дамуына оң әсер ететін жаһандық немесе өңірлік сипаттағы сыртқы факторлар мен жағымды үрдістер - мүмкіндіктер;
4) саланың (аяның) дамуына теріс әсер етуі мүмкін жаһандық немесе өңірлік сипаттағы сыртқы факторлар мен қолайсыз үрдістер - қауіп-қатерлер ескеріледі.
45. Әрбір стратегиялық мақсатқа қол жеткізу дәрежесін айқындау үшін (аралық және түпкі) нысаналы индикатор оған сәйкес келуі тиіс.
46. Нысаналы индикатордың сапалық жағы Қазақстан Республикасының алдағы онжылдық кезеңге арналған стратегиялық даму жоспарын іске асыру шеңберіндегі мемлекет қызметінің нәтижесінде мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) болатын оң өзгерістердің мәнін, ал сандық жағы - олардың өлшенетін, абсолютті немесе салыстырмалы шамасын көрсетуі тиіс.
47. Нысаналы индикаторлар мынадай талаптарға сай келуі тиіс:
1) салыстырмалылық (серпінде салыстыру мүмкіндігі);
2) қарапайымдылық және нақтылық (нысаналы индикаторлар пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс);
3) үнемділік (нысаналы индикаторларға қол жеткізуді бағалау үшін жеткілікті ақпараттық және техникалық ресурстардың болуы);
4) толықтық және кешенділік (нысаналы индикаторлар саланың (аяның) барлық жұмыс істеу аспектілерінің толық және барабар сипаттамасын қамтамасыз етуі тиіс);
5) икемділік, бейімділік (нысаналы индикаторлардың саланың (аяның) әртүрлі даму сатыларындағы барлық өзгерістерді көрсете білу қабілеттілігі);
6) қолжетімділік және өлшемділік;
7) нысаналы индикаторларға қол жеткізуге мониторинг және бағалау жүргізу мақсатында аралық мәндердің болуы.
48. «Қорытынды» бөлімінде алдағы онжылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын іске асырудағы негізгі тұжырымдар келтіріледі.
2.2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын іске асыру
49. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын іске асыру Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларды, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
2.3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының мониторингі
50. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының мониторингін мемлекеттік органдар ұсынатын ақпараттың негізінде іске асыру туралы есепті қалыптастыру арқылы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
51. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының мониторингі бір жылда бір рет жүзеге асырылады.
52. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының мониторингін жүргізу үшін нысаналы индикаторларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 маусымына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының іске асырылуы туралы ақпаратты ұсынады.
53. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органдар ұсынатын Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын іске асыру туралы ақпараттың негізінде іске асыру туралы есеп пен қорытынды жобасын қалыптастырады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының мониторингі бойынша іске асыру туралы есепті және қорытындының жобасын ұсынады, сондай-ақ бірінші басшының қолы қойылған іске асыру туралы есепті веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.
54. Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыру туралы есеп пен мониторинг бойынша қорытынды жобасы қаралғаннан кейін қажет болған жағдайда, қорытындының жобасын пысықтайды және қорытындыны іске асыру туралы есеппен бірге есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.
2.4. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын бағалау
55. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде бағалау бойынша қорытындының жобасын қалыптастыру арқылы ол іске асырылғаннан кейін бес жыл өткен соң жүргізеді.
56. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын бағалау Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларының іске асырылуын бағалау ескеріле отырып жүзеге асырылады.
57. Бағалау жөніндегі қорытынды жобасын және барлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есепті Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
58. Қазақстан Республикасының Үкіметі барлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есеп пен бағалау жөніндегі қорытынды жобасы қаралғаннан кейін қажет болған жағдайда, қорытындының жобасын пысықтайды және қорытындыны есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей барлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есеппен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.
2.5. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын бақылау
59. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын бақылау Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларының мониторингі, оларды бағалау және іске асыру бойынша өткізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.
3. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасы
3.1. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу
60. Алдағы онжылдық кезеңге арналған Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының жобасын әзірлеуді, сондай-ақ оны түзетуді орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың, қоғамдық және ғылыми-зерттеу ұйымдарының қатысуымен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
61. Алдағы кезеңге арналған Қазақстан Республикасының Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының жобасы мұның алдындағы Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын іске асырудың тоғызыншы жылынан кешіктірмей әзірленеді.
Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының әзірленген жобасы мынадай талаптарға сәйкес келуі:
1) алдағы онжылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленуі;
2) елді перспективалық аумақтық ұйымдастыру мәселелерін ашып көрсетуі;
3) экономикалық ресурстарды оңтайлы пайдалану, өндіргіш күштерді ұйымдастырудың жаңа жүйелерін пайдалану мәселелерін ашып көрсетуі;
4) аумақтарды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету мәселелерін қамтуы тиіс.
62. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың схемасының құрылымы мынадай бөлімдерді қамтиды:
1) аумақтардың экономикалық әлеуетін талдау және бағалау;
2) аумақтық-кеңістікте дамытудың негізгі бағыттары;
3) Қазақстан Республикасы экономикасының секторларын дамытудың болжамды схемалары;
4) алдағы онжылдық кезеңге арналған Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын іске асыру мониторингіне арналған индикаторлар.
63. «Аумақтардың экономикалық әлеуетін талдау және бағалау» бөлімі тұтастай елдегі және оның әрбір өңіріндегі елдің даму басымдықтарын, еңбек және демографиялық әлеуетін бағалауды негізге ала отырып, өңірлердің экономикалық әлеуетін бағалауды, әлеуметтік инфрақұрылымның қамтамасыз етілу мәселелерін қамтуы тиіс.
64. «Аумақтық-кеңістікте дамытудың негізгі бағыттары» бөлімі Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың мақсаттарынан, міндеттері мен негізгі тәсілдерінен, өңірлердің даму сценарийлерінен, өңірлерді дамытудың стратегиялық бағыттарынан, ірі агломерацияларды тиімді дамыту мәселелерінен және басқа да таратып орналастыру жүйелерінен, бюджетаралық қатынастарды жетілдіруден және базалық әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етудің бірыңғай стандарттарын енгізуден тұрады.
65. «Қазақстан Республикасы экономикасының секторларын дамытудың болжамды схемалары» бөлімі индустриялық секторды перспективалық дамыту, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды дамыту схемаларын қамтиды.
66. «Алдағы онжылдық кезеңге арналған Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын іске асырудың мониторингіне арналған индикаторлар» бөлімі алдағы онжылдық кезеңіне арналған өңірлерді дамытудың негізгі көрсеткіштерін, салаларды дамытудың болжамды параметрлерін қамтиды.
3.2. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын іске асыру
67. Өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын іске асыру үшін кезең-кезеңімен әрбір орта мерзімді кезеңге арналған Іс-шаралар жоспарын әзірлейді.
Іс-шаралар жоспарын Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасы бекітілген күннен бастап үш ай мерзімде немесе іске асырудың кезекті кезеңі басталардан бір ай бұрын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3.3. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының мониторингі
68. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының мониторингін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын іске асырылу барысы туралы ақпарат негізінде іске асыру туралы есепті қалыптастыру арқылы өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
69. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының мониторингі бір жылда бір рет жүзеге асырылады.
70. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының мониторингін жүргізу үшін мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 маусымына дейін өңірлік даму жөніндегі уәкілетті органға Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын іске асырылу барысы туралы ақпарат береді.
71. Өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын іске асырылу барысы туралы ақпараттың негізінде іске асыру туралы есеп пен қорытындының жобасын қалыптастырады.
Өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне іске асыру туралы есепті және мониторинг бойынша қорытындының жобасын ұсынады, сондай-ақ бірінші басшының қолы қойылған іске асыру туралы есепті веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.
72. Қазақстан Республикасының Үкіметі барлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есеп пен мониторинг жөніндегі қорытынды жобасы қаралғаннан кейін, қажет болған жағдайда, қорытындының жобасын пысықтайды және қорытындыны іске асыру туралы есеппен бірге есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.
3.4. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын бағалау
73. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде бағалау бойынша қорытындының жобасын қалыптастыру арқылы ол іске асырылғаннан кейін бес жыл өткен соң жүргізеді.
74. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын бағалау мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларын бағалау ескеріле отырып жүзеге асырылады.
75. Бағалау жөніндегі қорытынды жобасын және барлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есепті Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
76. Қазақстан Республикасының Үкіметі барлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есеп пен бағалау жөніндегі қорытынды жобасын қарағаннан кейін, қажет болған жағдайда, қорытындының жобасын пысықтайды және қорытындыны есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей барлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есеппен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.
3.5. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын бақылау
77. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын бақылау мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларының мониторингі, бағалау және іске асыру жөніндегі жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік бағдарламалар
4.1. Мемлекеттік бағдарламалардың тізбесі
78. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік бағдарламалар тізбесін мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының тұжырымдалған стратегиялық мақсаттары негізінде қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
79. Мемлекеттік бағдарламалар тізбесі бағдарламалардың атауын, мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның көрсетілуін, мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру және бекітуге енгізу мерзімдерін қамтуы тиіс.
80. Мемлекеттік бағдарламалардың тізбесінде көзделмеген мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және бекітуге жол берілмейді.
81. Мемлекеттік бағдарламалар тізбесінің жобасы Қазақстан Республикасының Президентіне алдағы онжылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспары бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде бекітуге енгізіледі.
82. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын іске асыру кезеңінде оның мониторингі мен бағалау нәтижелері бойынша Мемлекеттік бағдарламалар тізбесіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
4.2. Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу
83. Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуді оны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган жүзеге асырады. Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
84. Қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісімен немесе Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің шешімімен, қажетіне қарай ғылыми-зерттеу ұйымдары, ғалымдар мен түрлі білім салалары мамандары тартыла отырып, мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу жөніндегі комиссия (жұмыс тобы) құрылады.
85. Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган жария талқылау үшін мемлекеттік бағдарламаның жобасын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады және келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып пысықтайды.
86. Мемлекеттік бағдарлама әзірлену сатысында барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілуі тиіс.
87. Әзірленген мемлекеттік бағдарлама жобасы мынадай талаптарға сәйкес келуі:
1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарын іске асыру мақсатында әзірленуі;
2) аяаралық және ведомствоаралық сипаттағы міндеттерді шешуге бағдарлануы;
3) игілік алушылардың нысаналы топтарының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарлануы;
4) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін, мерзімдері, ресурстары мен мақсаттарды орындаушылары, нысаналы индикаторлары, міндеттері мен шаралары бойынша келісілген жүйені қамтуы;
5) шаралардың атаулылығын, оларды іске асыру мерзімдері мен реттілігінің нақты айқындалуын, орындаушылар қызметінің бағдарламалық мақсаттарға қол жеткізуге қатаң бағдарлануын қамтамасыз етуі;
6) қаржы, еңбек және материалдық ресурстар мен оларды қамтамасыз ету көздерінің теңгерімділігінің қамтамасыз етілуі;
7) қысқа әрі нақты, тезистік форматта баяндалуы тиіс.
88. Мыналарға:
1) жеке саланың немесе нақты өңірдің (қаланың, аумақтың) проблемасын шешуге;
2) мемлекеттік органдардың ведомствоішілік мәселелерін шешуге;
3) қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалардың, сондай-ақ осы бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың мақсаттары мен міндеттерінің қайталануына бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды
әзірлеуге жол берілмейді.
89. Мемлекеттік бағдарламаның құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
1) паспорт (негізгі параметрлер);
2) кіріспе;
3) ағымдағы ахуалды талдау;
4) бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері;
5) бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарына қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар;
6) бағдарламаны іске асыру кезеңдері;
7) қажетті ресурстар.
90. «Паспорт (негізгі параметрлер)» бөлімінде бағдарламалық құжаттың мыналарды қамтитын негізгі параметрлері баяндалады:
1) атауы;
2) әзірлеу үшін негіздеме;
3) бағдарламалық құжатты әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органның нұсқауы;
4) мақсаттары;
5) міндеттері;
6) іске асыру мерзімдері (кезеңдері);
7) нысаналы индикаторлары;
8) қаржыландыру көздері мен көлемдері.
91. «Кіріспе» бөлімінде ұсынылып отырған мемлекеттік бағдарламаның қажеттігінің негіздемесі баяндалады.
92. «Ағымдағы жағдайды талдау» бөлімінде:
1) қызмет саласы жай-күйінің ағымдағы ахуалын, сондай-ақ бұл саланың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау (бұл ретте күшті және осал жақтарын, осы қызмет саласы үшін мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді алдын ала талдаудың негізінде негізгі проблемаларды, үдерістер мен алғышарттарды бөліп көрсету керек);
2) қызмет саласын дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асырудың қолданыстағы нормативтік құкықтық базасын, қолданыстағы практикасы мен нәтижелерінің сипаттамасын қоса алғанда, қызмет саласын дамытуды мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау баяндалады.
93. «Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» бөлімінде бағдарламаның Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарын негізге ала отырып қалыптастырылған басты мақсаты көрсетіледі.
94. Бағдарламаның басты мақсаты жоспарлы кезеңнің соңындағы қызмет саласы жай-күйінің пайымын білдіреді және оның осы бағытта дамуының сапалы бағдары болып табылады.
95. Бағдарламаның басты мақсаты кезең-кезеңмен жекелеген бағдарламалық мақсаттар мен міндеттерге бөлінеді (проблеманы құрылымдау және кіші бағдарламаларға бөлу жолымен басты мақсатты неғұрлым жеке мақсаттарға нақтылау).
96. Мемлекеттік бағдарламаның барлық мақсаттары бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін нысаналы индикаторлардың аралық және түпкі мәндерін (сандық жағынан өлшенетін) қамтуы тиіс.
97. Ахуалды талдау негізінде қалыптасатын және жоспарлы кезеңнің соңына қызмет саласындағы түйінді өзгерістерді көруге мүмкіндік беретін бағдарламаның тиісті мақсатына қол жеткізу үшін орындалуы тиіс негізгі шарттар Бағдарламаның міндеттері болып табылады.
98. Әрбір міндет бағдарламаның міндеттерін шешу деңгейін сипаттайтын нәтижелер көрсеткіштерінің аралық және түпкі мәндерін (сандық жағынан өлшенетін) қамтуы тиіс.
99. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері анық, нақты, бақыланатын және тексерілетін болуы тиіс.
100. Бағдарламаның мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері оларға қол жеткізуге жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялар көрсетіле отырып келтіріледі.
101. «Бағдарламаның негізгі бағыттары мен қойылған мақсаттарына қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар» бөлімінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қойылған мақсаттарға қол жеткізу мен алда тұрған міндеттерді шешу жолдары, сондай-ақ әрбір мақсатқа қол жеткізуді және әрбір міндетті шешуді толық көлемде әрі қажет мерзімде қамтамасыз ететін шаралар жүйесі келтіріледі.
102. «Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» бөлімінде әрбір кезең үшін мақсаттарды, міндеттерді, нысаналы индикаторларды, нәтижелер көрсеткіштері мен қол жеткізу шараларын көрсете отырып, бағдарламаны іске асыру кезеңдеріне сипаттама жазылады.
103. «Қажетті ресурстар» бөлімінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға арналған ресурстарға (қаржылық-экономикалық, материалдық-техникалық, еңбек) қажеттіліктер баяндалады.
104. Бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттің қаражаты, мемлекеттік қарыздар, мемлекеттің кепілдігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар, тікелей шетелдік және отандық инвестициялар, халықаралық қаржылық-экономикалық ұйымдардың немесе донор елдердің гранттары, екінші деңгейдегі банктердің кредиттері, ұйымдардың меншікті қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер бола алады.
105. Қаржыландырудың болжамды көлемдері әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, жоспарлы кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің параметрлері, халықаралық шарттар мен басқалар ескеріле отырып айқындалады.
4.3. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру
106. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, салалық бағдарламаларды, мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуші мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын, мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысатын басқа да мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыру, сондай-ақ облыстарды, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
107. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары - нысаналы индикаторлардың және нәтижелер көрсеткіштерінің аралық мәндерін жыл бойынша көрсете отырып, мемлекеттік бағдарламаның мерзімдерін, орындаушыларын, аяқталу нысанын, іске асыруға қажетті шығындарын айқындай отырып, мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған нақты іс-қимылдардың жиынтығы.
108. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуші мемлекеттік орган іске асырудың барлық кезеңіне немесе кезең-кезеңмен әрбір орта мерзімді кезеңге әзірлейді және оны мемлекеттік бағдарлама бекітілген күннен бастап бір ай мерзімде немесе іске асырудың кезекті кезеңі басталғанға дейін бір ай бұрын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
4.4. Мемлекеттік бағдарламалар мониторингі
109. Мемлекеттік бағдарламаның мониторингін мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган не Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы уәкілеттік берген өзге мемлекеттік орган бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар ұсынатын іске асырылу барысы туралы ақпараттың негізінде іске асыру туралы есепті қалыптастыру жолымен жүргізеді.
110. Мемлекеттік бағдарламалардың мониторингі жылына бір рет жыл қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
111. Мемлекеттік бағдарламаға мониторинг жүргізу үшін:
1) осы бағдарламаны іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган не Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы мониторинг жүргізуге уәкілеттік берген өзге мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органға іске асырылу барысы туралы ақпарат береді;
2) мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган не Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы мониторинг жүргізуге уәкілеттік берген өзге мемлекеттік орган бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган ұсынатын іске асырылу барысы туралы ақпарат негізінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті қалыптастырады және есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады, сондай-ақ бірінші басшының қолы қойылған есепті веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.
112. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептер негізінде жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша олардың әрқайсысы бойынша қорытындылар жобаларын қалыптастырады және оларды іске асыру туралы есептермен бірге есепті жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
113. Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыру туралы есептер мен мониторинг жөніндегі қорытындылардың жобаларын қарағаннан кейін, қажет болған жағдайда, қорытындылардың жобаларын пысықтайды және қорытындыларды іске асыру туралы есептермен бірге есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.
4.5. Мемлекеттік бағдарламаларды бағалау
114. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде жүргізілетін бағалауды қоспағанда, мемлекеттік бағдарламаларды бағалау оларды іске асырудың әрбір үш жылы өткеннен кейін (аралық) және жоспарлы кезеңнің қорытындылары (түпкілікті) бойынша жүзеге асырылады.
115. Мемлекеттік бағдарламаны бағалауды осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бағалау бойынша қорытындының жобасын қалыптастыру жолымен жүргізеді.
116. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әрбір мемлекеттік бағдарламаны бағалау жөніндегі қорытындылардың жобаларын және барлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есептерді есепті кезеңнен кейінгі жылдың 25 наурызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
117. Қазақстан Республикасының Үкіметі барлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есептер мен бағалау жөніндегі қорытындылардың жобаларын қарағаннан кейін, қажет болған жағдайда, мемлекеттік бағдарламаларды бағалау жөніндегі қорытынды жобаларын пысықтайды және оларды барлық есепті кезең үшін іске асыру туралы есептермен бірге есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.
118. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде мемлекеттік бағдарламаға жүргізген бағалау қорытындылары тиісті бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулысы қабылданғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органға жіберіледі.
4.6. Мемлекеттік бағдарламаларды бақылау
119. Мемлекеттік бағдарламаларды бақылау мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, салалық бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, облыстарды, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыру бойынша мониторинг, бағалау және жүргізілген бақылау іс-шаралары нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары
5.1. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу
120. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттары негізінде әрбір үш жыл сайын бесжылдық кезеңге арналып әзірленеді.
Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының әзірленген жобасы мынадай талаптарға сәйкес келуі:
1) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсаттарына, көрсеткіштеріне қол жеткізу және міндеттерін шешудің жолдары мен тәсілдері жазыла отырып, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыруға, сондай-ақ мемлекеттік органның мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді тиімді орындауына және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуге бағдарлануы;
2) өзіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметін қоса алғанда, өз қызметінің барлық саласын қамтуы;
3) мақсаттар, міндеттер, нәтижелер көрсеткіштерінің қисынды өзара байланысының сақталуы;
4) игілік алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарлануы;
5) түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдар іс-шараларының келісілуінің сақталуы;
6) мемлекеттік органның алдыңғы жоспарлы кезеңге арналған стратегиялық жоспарының мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, нәтижелер көрсеткіштері ескеріле отырып әзірленуі;
7) тезистік форматта қысқа әрі нақты жазылуы тиіс.
121. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
1) миссиясы және пайымы;
2) ағымдағы ахуалды талдау және қызметтің тиісті салаларының (аяларының) даму үрдістері;
3) стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері;
4) функционалдық мүмкіндіктерді дамыту;
5) ведомствоаралық өзара іс-қимыл;
6) тәуекелдерді басқару;
7) бюджеттік бағдарламалар.
122. «Миссиясы және пайымы» бөлімінде мемлекеттік органның миссиясы және пайымы жазылады.
123. Мемлекеттік органның миссиясы мемлекеттік басқару субъектісі ретінде тиісті салада немесе қызмет аясында мемлекеттік саясатты іске асырудағы оның рөлін айқындауды білдіретін мемлекеттік органның негізгі мақсаты болып табылады.
124. Мемлекеттік органның пайымы мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру нәтижесінде жетекшілік ететін салалардың немесе қызмет аяларының перспективалық жай-күйі болып табылады.
125. «Ағымдағы ахуалды талдау және қызметтің тиісті салаларының (аяларының) даму үрдісі» бөлімінде:
1) статистикалық деректерді не қызмет саласының немесе аясының жай-күйін сипаттайтын басқа да көрсеткіштерді келтіре отырып, оның ішінде басқа елдермен салыстырғанда мемлекеттік орган қызметінің реттелетін саласын немесе аясын дамытудың негізгі параметрлері;
2) экономика мен қоғамның алдында тұрған, шешілуіне стратегиялық жоспар бағытталған негізгі проблемаларды талдау;
3) саланы немесе қызмет аясын дамытуға әсер ететін негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау баяндалады.
126. Ағымдағы ахуалды талдау мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттары бөлінісінде жүргізіледі.
127. Ағымдағы ахуалды талдау негізінде мемлекеттік орган жақсартуға, сондай-ақ айқындалған жалпыұлттық мақсаттарға қол жеткізуді маңызды деп есептейтін тиісті салаларды немесе қызмет аясын дамытудың бағыттары қалыптастырылады.
128. Ағымдағы ахуалды талдауды баяндаудың дәйектілігі стратегиялық бағыттарды баяндау дәйектілігімен сәйкес келуі тиіс.
129. «Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы
индикаторлар, іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері» бөлімінде мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары мен нәтижелер көрсеткіштері баяндалады, сондай-ақ мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігінің сипаттамасы келтіріледі.
Стратегиялық бағыттар өзгерістері стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгіленген мақсаттар мен басымдықтарға қол жеткізу үшін неғұрлым маңызды болып табылатын экономиканың реттелетін салаларын, секторларын немесе қызмет аяларын талдау негізінде қалыптастырылады.
130. Мемлекеттік органның мақсаты осы мемлекеттік органның қызметінде немесе ол реттейтін аяда нысаналы индикаторларда көрініс тапқан белгілі бір нақты өзгерістерге қол жеткізу болып табылады.
Мақсаттарды айқындау кезінде мемлекеттік орган мынадай талаптарды ұстануы қажет:
1) мақсаттың белгіленген проблемалармен нақты себеп-салдарлық байланысының болуы;
2) мақсатқа қол жеткізуді сандық көрсеткіштердің көмегімен көрсету мүмкіндігі;
3) Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының, мемлекеттік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсаттарына сәйкестігі;
4) мақсаттардың қысқа және нақты баяндалуы, оларды тұжырымдау кезінде мыналарға:
ауызекі немесе әртүрлі түсінуге болатын терминдерді, ұғымдар мен сөздерді пайдалануға;
мақсаттың өзіне қол жеткізудің салдары болып табылатын өзге де мақсаттарды, міндеттерді немесе нәтижелерді көрсетуге жол берілмейді.
131. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында әрбір мақсат үшін нысаналы индикаторлар айқындалады және мақсатқа қол жеткізудің жолдары, құралдары мен әдістері сипатталады.
132. Әрбір нысаналы индикатор бойынша есепті және бесжылдық кезеңнің жылдары бойынша нысаналы индикатордың аралық мәнін айқындай отырып, оның жоспарланған мәніне қол жеткізудің түпкілікті мерзімі (кезеңі) айқындалады.
133. Бесжылдық кезеңде тиісті мақсатқа қол жеткізу үшін орындалуы тиіс және жоспарлы кезеңнің соңына қызмет аясындағы түйінді өзгерістерді көруге мүмкіндік беретін шарттар мемлекеттік органның міндеттері болып табылады.
134. Мемлекеттік органның өз қызметін қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді қоюға жол берілмейді.
135. Әрбір міндет үшін есепті және жоспарлы кезеңдерде міндеттің шешілу деңгейін барынша көрсететін нәтижелердің санмен өлшенетін көрсеткіштері келтіріледі.
136. Нәтижелер көрсеткіштерінде мемлекеттік орган қызметінің тікелей нәтижелері көрініс табады, түрлі кезеңдер бойынша өздерінің салыстырмалылығына іркіліссіз мониторинг жүргізуді қамтамасыз ете отырып, есепті және бесжылдық кезеңнің жылдары бойынша мәні көрсетіледі. Нәтижелер көрсеткіштерін әзірлеу кезінде олар бойынша қажетті статистикалық және есептік деректерді алуды қамтамасыз ету қажет. Таңдап алынған көрсеткіштер бойынша есепті деректерді алу іркіліссіз жүзеге асырылуы тиіс және олардың жекелеген кезеңдер үшін, сондай-ақ халықаралық практикада пайдаланылатын көрсеткіштермен салыстырмалылығы қамтамасыз етілуі тиіс.
137. Әрбір міндетті шешу үшін оларды жылдар бойынша іске асырудың мерзімдері көрсетіле отырып, негізгі іс-шаралардың тізбесі айқындалады.
138. «Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту» бөлімінде мемлекеттік органның ішкі ортасын өзгерту, ішкі қызметін ұйымдастыруды жақсарту, өзінің функционалдық мүмкіндіктерін дамыту, өзінің қызмет нәтижелерін жақсарту және стратегиялық мақсаттарға тиімді қол жеткізу үшін қажетті көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру (персоналды кәсіптік даярлау деңгейі және оны дамыту жөніндегі шаралар, ақпараттық ресурстардың сапасын арттыру, орындаушылық тәртіпті арттыру, мемлекеттік органның бақылау және рұқсат беру функцияларын қысқарту, жекелеген қызмет түрлерін бәсекелес ортаға беру және т.б.) жөніндегі жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат жазылады.
139. Функционалдық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған жоспарланатын іс-шаралар стратегиялық жоспардың стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері бөлінісінде жазылады.
140. «Ведомствоаралық өзара іс-қимыл» бөлімінде қол жеткізілуі үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды талап ететін көрсеткіштері және мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері бөлінісінде ведомствоаралық өзара байланысы баяндала отырып, тиісті мемлекеттік органдар көрсетіледі.
141. «Ведомствоаралық өзара іс-қимыл» бөлімі (бөлімде көрсетілген) тиісті мемлекеттік органдармен келісіледі.
142. «Тәуекелдерді басқару» бөлімінде:
1) мемлекеттік органның қызметіне әсер ететін ықтимал тәуекелдер тізбесі және мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының іске асырылу барысына әсер ететін және жоспарлаған нәтижелерге қол жеткізуге кедергі келтіретін тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар баяндала отырып, олардың алдын алу және (немесе) еңсеру бойынша болжамды іс-қимылдар келтіріледі;
2) объективті немесе субъективті сипаттағы ішкі немесе сыртқы себептер бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізбеу тәуекелі күшейген жағдайда, мемлекеттік органның көзделген нақты баламалы іс-шаралары баяндалады.
143. Жете қаржыландырылмау тәуекелі мемлекеттік органның көрсеткіштеріне қол жеткізбеудің ықтимал тәуекелі ретінде таныла алмайды.
144. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының «Бюджеттік бағдарламалар» бөлімінде мемлекеттік функциялар мен өкілеттіктерді орындауға бағытталған стратегиялық жоспарда көзделген мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін қажетті және жеткілікті қағидаттар негізге алына отырып, мемлекеттік органның үшжылдық жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік бағдарламалары келтіріледі.
145. Әрбір бюджеттік бағдарлама:
1) жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің мазмұнын және олардан туындайтын мемлекеттік қызмет көрсетулерді немесе мемлекеттік орган қызметінің бағыттарын көрсететін бюджеттік бағдарламаның (және болған жағдайда кіші бағдарламалардың) атауын;
2) бюджеттік бағдарламаның қысқаша сипаттамасын;
3) қол жеткізілуі бюджеттік бағдарламаны (стратегиялық жоспардың үшінші бөлімінен) іске асырғанда қамтамасыз етілетін мемлекеттік органның стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен міндеттерін;
4) бюджеттік бағдарламаны іске асыру нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштерді (тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері, сондай-ақ сапа мен тиімділік көрсеткіштерін қамтуы мүмкін);
5) есепті және жоспарлы кезеңдердегі бюджеттік шығыстардың көлемдерін қамтиды.
146. Жаңадан әзірленетін бюджеттік бағдарламалар оларды әзірлеу үшін негіздер мен олардың ықтимал бюджеттік қамтамасыз етілу негіздемелері көрсетіле отырып және қойылған мақсаттарға, оның ішінде бюджеттен тыс қаржыландыру көздері есебінен қол жеткізудің балама нұсқалары міндетті түрде келтіріле отырып, жеке бөліп көрсетіледі.
147. «Бюджеттік бағдарламалар» бөлімінде сонымен қатар бюджет шығыстарының жиынтығы көрсетіледі.
148. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі «Бюджеттік бағдарламалар» бөлімін әзірлеуді жүзеге асырмайды.
149. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының форматын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
5.2. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыру
150. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру операциялық жоспарды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
151. Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу және іске асырылуын бақылау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
5.3. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының мониторингі
152. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының мониторингін операциялық жоспардың іске асырылу барысын талдау негізінде әзірлеуші мемлекеттік орган жүзеге асырады.
153. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының мониторингі жылына бір рет есепті жылдың қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
154. Мемлекеттік органдар стратегиялық жоспарларды іске асыру туралы есептер дайындайды және оларды есепті жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей бірінші басшының қойған қолымен веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.
155. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кірмейтін, оларға қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілмейтін орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының мониторингі Президент Әкімшілігі айқындайтын тәртіпте жүзеге асырылады.
156. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін, оларға қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілмейтін мемлекеттік органдар мониторинг қорытындылары бойынша жасалған іске асыру туралы есепті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган стратегиялық жоспарларды іске асыру туралы есептердің негізінде қорытындылардың жобаларын қалыптастырады және оларды есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
157. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар стратегиялық жоспарларды іске асыру жөніндегі есептерді дайындайды және оларды бірінші басшының қолымен веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) жылдың қорытындылары бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей орналастырады.
Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарда веб-портал болмаған жағдайда, іске асыру туралы есеп облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің веб-порталында орналастырылады.
5.4. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бағалау
158. Орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бағалау (Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізетін бағалаудан басқа) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады.
159. Орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бағалауды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті өзінің жұмыс жоспарына сәйкес өзі жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде жүзеге асырады.
160. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарының іске асырылуын бағалау (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы жүргізетін бағалаудан басқа) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалау жүйесі шеңберінде жыл сайын жүзеге асырылады.
161. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарының іске асырылуын бағалауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы өзінің жұмыс жоспарына сәйкес өзі жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде жүзеге асырады.
162. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде өткізген мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын бағалаудың қорытындылары тиісті бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулысы қабылданғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде стратегиялық жоспарларға бағалау жүргізуге уәкілетті органдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және бақылау объектілеріне жіберіледі.
163. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы өзінің жұмыс жоспарына сәйкес бақылау іс-шаралары шеңберінде өзі жүргізген облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарын бағалау қорытындылары тиісті бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының қаулысы қабылданғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде стратегиялық жоспарларға бағалау жүргізуге уәкілетті органдарға, жергілікті атқарушы органға және бақылау объектілеріне жіберіледі.
5.5. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бақылау
164. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бақылау мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын мониторингтеу, бағалау және іске асырылуы бойынша жүргізілген бақылау іс-шаралары нәтижелерінің негізінде жүзеге асырылады.
165. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар айқындайды.
6. Аумақты дамыту бағдарламасы
6.1. Аумақты дамыту бағдарламасын әзірлеу
166. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын әзірлеуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы жүзеге асырады және өңірлік даму және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдармен, өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі.
Өңірлік даму және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар, өзге де мүдделі мемлекеттік органдар аумақтарды дамыту бағдарламаларының жобаларын келіп түскен күнінен бастап бір айдан аспайтын мерзімде қарайды.
167. Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын әзірлеуді ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы жүзеге асырады және облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органымен келіседі.
168. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын іске асырудың бірінші бесжылдық кезеңіне әзірленген облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасы алдағы онжылдық кезеңге арналған Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасы бекітілгеннен кейін екі ай мерзімде белгіленген тәртіппен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына бекітуге беріледі.
Алдағы онжылдық кезеңге арналған Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын іске асырудың екінші бесжылдық кезеңіне әзірленген облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасы алдағы онжылдық кезеңге арналған Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын іске асырудың екінші бесжылдығы басталғанға дейін екі ай мерзімнен кешіктірмей белгіленген тәртіппен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына бекітуге беріледі.
169. Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасы облысты дамыту бағдарламасы бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде белгіленген тәртіппен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына бекітуге беріледі.
170. Әзірленген аумақты дамыту бағдарламасының жобасы мынадай талаптарға сәйкес келуі:
1) аумақты дамытудың басым бағыттарының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарында белгіленген бағыттармен өзара байланыста айқындалуы;
2) нақты аумақта Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарында белгіленген мақсаттарға қол жеткізу, ондағы міндеттердің шешілу жолдарының баяндалуы;
3) аумақты дамытудың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін бағалаудың баяндалуы;
4) нысаналы индикаторларды көрсете отырып, бесжылдық кезеңнің соңына қарай аумақты дамытудың түпкілікті мақсаттарының айқындалуы;
5) күшті және осал жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерді ескере отырып, қойылған мақсаттарға қол жеткізудің ықтимал жолдары мен тәсілдерінің айқындалуы;
6) мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерінің қисынды өзара байланысының сақталуы;
7) игілік алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және өңірдің меншікті экономикалық әлеуетін дамытуға бағдарлануы;
8) қаржыландыру көздері мен іске асыру кезеңдері бойынша бөліністе бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстардың абсолютті көрінісіндегі көлемі туралы ақпараттың қамтылуы;
9) орталық және жергілікті атқарушы органдар іс-шараларының келісімділігінің, сондай-ақ мақсаттар мен ресурстар бойынша құжаттың теңгерімділігінің сақталуы;
10) тезистік форматта, қысқа әрі нақты баяндалуы тиіс.
171. Мемлекеттік органдардың ведомствоішілік мәселелерін шешуге бағытталған аумақты дамыту бағдарламасын әзірлеуге жол берілмейді.
172. Аумақтарды дамыту бағдарламасының құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
1) паспорт (негізгі параметрлер);
2) ағымдағы ахуалды талдау;
3) өңірді дамытудың пайымы;
4) негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіштері және оларға қол жеткізу жолдары;
5) қажетті ресурстар;
6) бағдарламаны басқару.
173. «Паспорт (негізгі параметрлер)» бөлімінде мыналарды:
1) атауын;
2) әзірлеу үшін негіздемені;
3) аталған өңірдің негізгі сипаттамасын;
4) бағыттарын;
5) мақсаттарын;
6) міндеттерін;
7) нысаналы индикаторларды;
8) қаржыландыру көздері мен көлемдерін қамтитын аумақты дамыту
бағдарламасының негізгі параметрлері жазылады.
174. «Ағымдағы ахуалды талдау» бөлімінде қызмет саласының ағымдағы дамуы сипатталады:
1) өңірдің жай-күйінің оң және теріс жақтарын, сондай-ақ олардың елді дамытудың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау;
2) экономикалық даму, әлеуметтік сала, инфрақұрылымдық кешен, аумақтық (кеңістікте) дамыту, мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі бағыттары бойынша аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау;
3) негізгі проблемалардың, тәуекелдердің, тежеуші факторлардың, аумақтардың орта мерзімді перспективада тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының бәсекелес артықшылықтары мен мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы;
4) қолда бар нормативтік құқықтық базаның, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асырудың қолданыстағы практикасы мен нәтижелерінің сипаттамасын қоса алғанда, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамытуды мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау.
175. «Өңірді дамытудың пайымы» бөлімінде түйінді нысаналы индикаторлар көрсетіле отырып, бағдарламаны іске асырудың соңына қарай өңірді дамытудың жалпы болжамды нәтижелері баяндалады.
176. «Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіштері және оларға қол жеткізу жолдары» бөлімінде:
1) тұтастай алғанда өңірдің экономикасын, әлеуметтік саланы, инфрақұрылымдық кешенді, аумақтық (кеңістіктік) құрылымды, мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту бөлігінде өңірді дамытудың негізгі бағыттары;
2) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарында тұжырымдалған стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің ұзақ мерзімді жүйесіне сәйкес аумақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың әрбір бағыты бойынша, нысаналы индикаторлары көрсетілген, мақсаттары;
3) көрсетілген әрбір мақсатқа қол жеткізу бойынша міндеттері;
4) олардың болжамды мәндеріне қол жеткізілуі болжанып отырған нақты кезеңдері көрсетіле отырып, бағдарламаның міндеттеріне қол жеткізу дәрежесін сипаттайтын және олардың негізінде бағдарламаның іске асырылуын бағалауды жүзеге асыру болжанып отырған, саны жағынан өлшенетін нәтижелер көрсеткіштері;
5) қойылған міндеттерге қол жеткізу жолдары баяндалады.
177. Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаты жоспарлы кезеңнің соңына қарай өңірді дамытудың белгілі бір бағытының жай-күйін пайымдауды, бірнеше міндеттерді шешумен қол жеткізілетін оны дамытудың сапалық бағдарларын білдіреді.
178. Аумақты дамыту бағдарламасының барлық мақсаттары бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу дәрежесін айқындауға мүмкіндік беретін, өлшенетін көрсеткіштерді білдіретін нысаналы индикаторларды қамтуы тиіс.
179. Аумақтарды дамыту бағдарламасының міндеттері бағдарламаның тиісті мақсатына қол жеткізу үшін орындалуы қажет, ахуалды талдаудың негізінде қалыптастырылатын және жоспарлы кезеңнің соңына қарай өңірдегі негізгі өзгерістерді көруге мүмкіндік беретін негізгі шарттарды білдіреді.
180. Нәтижелер көрсеткіштері жоспарланған мәнге қол жеткізу көзделетін нақты кезеңді (орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді) көрсете отырып, аумақты дамыту бағдарламасы міндеттерінің шешілу дәрежесін сипаттайтын сандық өлшенетін мәнді білдіреді.
181. Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері оларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар көрсетіле отырып келтіріледі.
Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен Базалық көрсеткіштер тізбесі арқылы белгіленеді.
Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерін облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы әзірлейді және бекітеді.
182. Әрбір міндеттің бөлінісінде аумақты дамыту бағдарламасын іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қойылған мақсаттарға қол жеткізуінің және алда тұрған міндеттерді шешуінің жолдары, сондай-ақ толық көлемде және қажетті мерзімде әрбір мақсатқа қол жеткізуді және әрбір міндетті шешуді қамтамасыз ететін шаралар жүйесі келтіріледі.
183. «Қажетті ресурстар» бөлімінде аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру үшін ресурстарға (қаржы-экономикалық, материалдық-техникалық, еңбек) қажеттіліктер мәселелері баяндалады.
184. Аумақты дамыту бағдарламасын қаржыландыру көздері:
республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, мемлекеттік қарыздар, мемлекеттің кепілдігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар, тікелей шетелдік және отандық инвестициялар, халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдардың немесе донор елдердің гранттары, екінші деңгейдегі банктердің кредиттері, ұйымдардың өз қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер болуы мүмкін.
185. Қаржыландырудың болжанатын көлемдері әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, жоспарлы кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің параметрлері, халықаралық шарттар мен басқа да факторлар ескеріле отырып айқындалады.
186. «Бағдарламаны басқару» бөлімі орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар іс-қимылының келісімділігіне, мақсаттар мен ресурстар бойынша құжаттың теңгерімділігіне қол жеткізу бойынша аумақты дамыту бағдарламасын басқару жүйесін сипаттауды қамтиды.
6.2. Аумақты дамыту бағдарламаларын іске асыру
187. Аумақты дамыту бағдарламаларын іске асыру оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау арқылы жүзеге асырылады.
188. Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары - мерзімін, орындаушыларын, аяқталу нысанын, оны іске асыруға қажетті шығындарды айқындай отырып, аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған нақты іс-қимылдар жиынтығы.
189. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын тиісті аумақтың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы әзірлейді және оны тиісті аумақтың әкімі өңірлік даму жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша аумақтарды дамыту бағдарламасы бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде бекітеді.
Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы әзірлейді және тиісті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органымен келісім бойынша аумақтарды дамыту бағдарламасы бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде бекітеді.
6.3. Аумақтарды дамыту бағдарламаларының мониторингі
190. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын мониторингтеуді облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар ұсынатын іске асырылу барысы туралы ақпараттың негізінде іске асыру туралы есепті қалыптастыру жолымен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы жүргізеді.
191. Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын мониторингтеуді ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар ұсынатын іске асырылу барысы туралы ақпараттың негізінде іске асыру туралы есепті қалыптастыру жолымен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдары жүргізеді.
192. Аумақтарды дамыту бағдарламаларын мониторингтеу жылдың қорытындысы бойынша жылына бір рет жүзеге асырылады.
193. Жылдың қорытындысы бойынша ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламаларын мониторингтеуді жүргізу үшін:
1) ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына іске асыру туралы ақпаратты ұсынады;
2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган ұсынатын іске асыру туралы ақпараттың негізінде ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын іске асыру туралы есепті қалыптастырады және есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей бірінші басшының қолымен веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.
3) Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органында веб-портал болмаған жағдайда, іске асыру туралы есеп аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің веб-порталында орналастырады.
194. Жыл қорытындысы бойынша облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын мониторингтеуді жүргізу үшін:
1) облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына іске асыру туралы ақпаратты ұсынады;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган ұсынған іске асыру туралы ақпараттың негізінде облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын іске асыру туралы есепті қалыптастырады және оны бірінші басшының қолымен есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органында веб-портал болмаған жағдайда, іске асыру туралы есеп облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің веб-порталында орналастырылады.
6.4. Аумақтарды дамыту бағдарламаларын бағалау
195. Тексеру комиссиясы жүргізетін бағалаудан басқа, аумақтарды дамыту бағдарламаларын бағалау Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде жыл сайын жүзеге асырылады.
196. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы өзінің жұмыс жоспарына сәйкес бақылау іс-шаралары шеңберінде өзі жүргізген аумақты дамыту бағдарламасын бағалаудың қорытындылары тиісті бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының қаулысы қабылданғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.
6.5. Аумақтарды дамыту бағдарламасын бақылау
197. Аумақтарды дамыту бағдарламасын бақылау аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын мониторингтеу бағалау және іске асырылуы бойынша жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.