Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс      

      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу ережелері бекітілсін.
      2. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 259-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      3-тармақтың 1) тармақшасында:
      «Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын,» деген сөздерден кейін «Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын,» деген сөздермен толықтырылсын;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде:
      4-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың (бұдан әрі - ұлттық компаниялар) 10 жылға арналған даму стратегиялары және 5 жылға арналған даму жоспарлары;»;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша тұжырымдамалар мен доктриналар әзірленеді.
      Тұжырымдама белгілі бір аяны, саланы дамытудың пайымын, тиісті мемлекеттік саясаттың негіздемесін көрсететін құжат болып табылады және осы саясаттың негізгі принциптері мен жалпы қағидаттарын қамтиды.
      Тұжырымдаманы Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі не консультативтік-кеңесші орган бекітеді немесе мақұлдайды.
      Доктрина - белгілі бір мәселе бойынша көзқарастар жүйесін, саяси қағидаттардың жиынтығын айқындайтын құжат.
      Доктринаны Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді немесе мақұлдайды.
      Тұжырымдамалар мен доктриналар стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары және заңдар арқылы іске асырылады.
      Тұжырымдамалар мен доктриналарды әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
      14-тармақтағы «Болжамды схема» деген сөздер «Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      15-тармақтағы «болжамдық схемасын» деген сөздер «болжамды схемасын және оны әзірлеудің тәртібін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Мемлекеттік бағдарламаларды тиісті мемлекеттік орган әзірлейді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
      «19-1. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді.»;
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуына мониторингті әзірлеуші мемлекеттік орган, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
      Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуын бағалауды әзірлеуші мемлекеттік орган, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізеді.
      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде жүзеге асырады.
      Іске асырылуына мониторинг пен бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік бағдарлама және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары түзетілуі мүмкін.»;
      27-тармақта:
      бірінші бөлік «уәкілетті органның» деген сөздерден кейін «, мүдделі орталық мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлік «уәкілетті органның» деген сөздерден кейін «, облыстың мүдделі атқарушы органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
      «28-1. Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру үшін жергілікті атқарушы орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жоғары тұрған уәкілетті органмен келісім бойынша оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді.»;
      29-тармақтың екінші бөлігінде:
      «уәкілетті органы» деген сөздер «уәкілетті органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «(облыстық маңызы бар қаланың)» деген сөздерден кейін «және облыстың» деген сөздермен толықтырылсын;
      30-тармақтағы «бағдарламасы» деген сөз «бағдарламалары және оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      33-тармақтың бірінші бөлігіндегі «жыл сайын жылжымалы негізде» деген сөздер «әрбір үш жыл сайын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      35-тармақта:
      үшінші бөліктегі «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      38-тармақтың екінші бөлігінде:
      «есеп комитеті» деген сөздерден кейін «өзінің жұмыс жоспарына  сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      39-тармақтың екінші бөлігінде:
      «тексеру комиссиясы» деген сөздерден кейін «өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      40-тармақтың екінші бөлігіндегі «Жергілікті мемлекеттік органдардың» деген сөздер «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      42-тармақта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары олардың стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен қызметі нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайды және акциялары (қатысу үлестері) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға осы заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқық беретін заңды тұлғалардың даму стратегиялары ескеріле отырып әзірленеді.»;
      үшінші бөлікте:
      «бағдарламалық құжаттарында» деген сөздерден кейін «, тиісті мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында» деген сөздермен толықтырылсын;
      43-тармақта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарлары акциялары (қатысу үлестері) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға осы заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқық беретін заңды тұлғалардың даму жоспарлары ескеріле отырып әзірленеді және мақсаттарды, міндеттерді, нәтижелер көрсеткіштерін және инвестицияларды, кірістерді, шығыстарды, қарыздарды, дивиденттер мен басқа да мәліметтерді қоса алғанда, қаржы-шаруашылық қызметтің негізгі шоғырландырылған және шоғырландырылмаған көрсеткіштерін қамтиды.»;
      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «46. Салалық бағдарламаларды және оларды әзірлеу мен мониторинг тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
      47-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Әлеуметтік-экономикалық даму мен бюджет параметрлері болжамы мақұлдаған Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының» деген сөздер «Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, мақұлданған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      50-тармақта:
      үшінші бөліктегі «жүйесі құжаттарының іске асырылуына қол жеткізу деңгейін, оның нәтижелілігін және тиімділігін айқындайтын аспап» деген сөздер «жүйесінің құжаттарын іске асырудың нәтижелілігі мен тиімділігіне қол жеткізу дәрежесін айқындау құралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Түзету - аталған құжаттың іске асырылуына мониторинг пен бағалау нәтижесінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.».
      3. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік бағдарламалар әзірлеу  және іске асыру ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 2 маусымдағы № 1099 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 26, 240-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы Жарлықтың іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2010 жылғы 4 наурыздағы
№ 931 Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН    

Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын,
Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын,
мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын,
мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу,
іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу
ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу ережелері (бұдан әрі - Ережелер) жоғарыда аталған құжаттарды әзірлеуге, іске асыруға, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізуге бірыңғай және тұтас тәсілді қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
      2. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспары, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасы, мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары (бұдан әрі - стратегиялық және бағдарламалық құжаттар) және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары төмен тұрған деңгейдегі құжатты әзірлеу қажеттігі мен заңдылығы бір деңгей жоғары тұрған құжаттардан туындайтын, ал бір деңгей жоғары тұрған құжаттарды әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау төмен тұрған деңгейдегі құжаттар негізінде жүзеге асырылатын тұтас жүйені білдіреді.

1.1. Жалпы ұғымдар

      3. Осы Ережелерде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) бағалау жөніндегі есеп - бағалау жөніндегі мемлекеттік органның стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылу нәтижелерін, нысаналы индикаторлар мен стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу дәрежесін, аталған құжаттардың іске асырудың өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси ахуалға мультипликативтік әсерін немесе өзге де әсерін сипаттайтын ақпараты;
      2) жедел есептілік - стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының мониторингі немесе бақылау үшін қажетті, есепті кезеңде өткізілген іс-шаралар, осы құжаттың нысаналы индикаторларының және нәтижелер көрсеткіштерінің аралық мәніне қол жеткізу туралы деректерді қамтитын ақпарат;
      3) нысаналы индикатор - мақсатқа қол жеткізу деңгейін өлшеуге мүмкіндік беретін оның сандық мәні;
      4) жоспарлы кезең - Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиісті құжаты әзірленетін кезең.

1.2. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеудің
негізгі ережелері

      4. Әзірлеу стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын пайымдауды талдау, моделдеу, қалыптастыру және басымдықтарын, нысаналы индикаторларын, стратегиялық мақсаттарын, міндеттерін және оларға қол жеткізу, ресурстық қамтамасыз ету жолдарын айқындау процесі болып табылады.
      5. Әзірлеу кезеңінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының келісуге берілген жобаларын мынадай бағыттар бойынша қарайды:
      1) құжатты әзірлеудің негізділігі;
      2) құжатты әзірлеуге қойылатын әдіснамалық талаптардың сақталуы;
      3) таңдап алынған мақсаттардың, нысаналы индикаторлардың, міндеттердің, нәтижелер көрсеткіштерінің (аралық және түпкі) негізділігі мен шынайылығы;
      4) қол жеткізуге ұсынылатын жолдардың құжаттың мақсаты мен міндеттеріне сәйкестігі;
      5) іске асырылу мақсатында келісуге берілген құжаттың жобасы әзірленген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжатында белгіленген стратегиялық мақсаттарға, міндеттерге сәйкестігі;
      6) құжат мақсатының, нысаналы индикаторларының, міндеттерінің, нәтижелер (аралық және түпкі) көрсеткіштерінің оны іске асырудың жоспарланған мерзіміне сәйкестігі;
      7) құжатты іске асыру үшін қаржы-экономикалық, материалдық-техникалық, еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін қажетті ресурстарды жоспарлаудың дұрыстығы;
      8) құжаттың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге кедергі келтіруі мүмкін сыртқы және ішкі тәуекелдер мен жағдаяттарды анықтау, сондай-ақ олардың туындауының алдын алу үшін, ал туындаған жағдайда - оларды еңсеру үшін не құжатты түзету үшін қабылдануы тиіс шараларды айқындау.
      6. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу кезінде оларды әзірлеуге негіз болып табылған тұжырымдамалардың ережелері ескерілуге тиіс.
      7. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу жөніндегі әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

1.3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарларын іске асырудың
негізгі ережелері

      8. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының берілген мақсаттарына, нысаналы индикаторларына, міндеттеріне, нәтижелер (аралық және түпкі) көрсеткіштеріне қол жеткізу үдерісі іске асыру болып табылады.
      9. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыру кезінде:
      1) ведомствоаралық өзара іс-қимылдағы келісімділік;
      2) берілген нәтижелерге ресурстардың барынша аз шығындарымен қол жеткізуге бағдар ұстау;
      3) қаржы, еңбек және басқа да ресурстардың теңгерімділігі қамтамасыз етілуі тиіс.
      10. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыру жөніндегі әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
      11. Қазақстан Республикасының тиісті онжылдық кезеңге арналған стратегиялық даму жоспарын және Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын іске асырудың нәтижелілігі мен тиімділігі үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік бағдарламаларды - Қазақстан Республикасының Үкіметі мен әзірлеуші мемлекеттік органға, аумақтарды дамыту бағдарламаларын - тиісті аумақтардың әкімдеріне, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын - тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына жүктеледі.

1.4. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарлары мониторингінің
негізгі ережелері

      12. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылу барысы туралы есептер мен басқа да ақпаратты жинау, жүйелену, талдау және қорыту мониторингі болып табылады.
      13. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мониторингінің (осы бөлімде бұдан әрі - құжаттар мониторингі) мақсаты күтілетін нәтижелерге тиісінше және уақтылы қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін олардың іске асырылу барысын жақсарту болып табылады.
      14. Құжаттар мониторингі:
      1) тиісті құжатты іске асырудың ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат алудың тұрақтылығын;
      2) мемлекеттік органдардың тиісті құжатты іске асырудағы іс-қимылдарының келісімділігін;
      3) өзгеріп отыратын жағдайларды ескере отырып, тиісті құжатты уақтылы өзекті етуді қамтамасыз етуі тиіс.
      15. Құжаттар мониторингінің нәтижелері ескеріле отырып, осылар арқылы іске асырылатын құжаттар мониторингі жүзеге асырылады.
      16. Құжаттар мониторингін Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде белгіленген уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
      17. Құжаттар мониторингі құжаттарды әзірлеуші мемлекеттік органдар жасайтын жедел есептілік негізінде жүзеге асырылады.
      18. Жедел есептілік:
      1) құжаттың деректемелерін;
      құжаттың атауын, нөмірін, күнін;
      әзірлеуші мемлекеттік орган мен тең орындаушыларды;
      іске асыру мерзімін, оның ішінде кезең бойынша;
      2) жоспарланып орындалған және орындалмаған іс-шаралар туралы ақпаратты (олардың орындалмау себептерін көрсете отырып);
      3) қаржыландыру көздері бойынша бөліне отырып, бөлінген қаржы қаражатының игерілуі туралы ақпаратты (көлемі мен пайдаланылмау себептерін көрсетіп);
      4) жоспарланған және нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторларды, сондай-ақ оларға қол жеткізілмеу себептерін;
      5) міндеттердің нәтижелер көрсеткіштерін (жоспарланғаны және нақты қол жеткізілгені және қол жеткізбеу себептері);
      6) құжатты іске асыруға қатысатын түрлі тараптардың өзара іс-қимылын талдауды;
      7) ортаның құжаттың іске асырылу барысына сыртқы әсерін талдауды;
      8) тұжырымдар мен ұсыныстарды қамтиды.
      19. Жедел есептілікті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысанда және тәртіппен жасалады.
      20. Құжат мониторингінің нәтижелері бойынша құжатқа мониторинг жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган мониторинг жөніндегі жалпы есепті дайындайды.
      21. Мониторинг жөніндегі жалпы есеп:
      1) жедел есептілікте берілген ақпаратты талдау және қорыту қорытындыларын (құжаттарды іске асыруды жалғастыру, құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу, өзге де нормативтік құқықтық актілер әзірлеу, отандық орындаушылардың жоспарланған іс-шараларды және басқаларды уақтылы іске асыруын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау жөніндегі ұсынымдар);
      2) лауазымды тұлғалардың жоспарланған іс-шараларды іске асыру тиімділігін арттыруға және қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған қажетті шаралар қабылдауы жөніндегі ұсынымдарды қамтуы тиіс.
      22. Мониторинг жөніндегі жалпы есептің негізінде қорытынды дайындалады.
      23. Қорытынды мониторинг жүргізу жөніндегі уәкілетті органның мониторингі жөніндегі жалпы есептің нәтижелері мен стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылу барысын жақсарту жөніндегі ұсынымдар бойынша тұжырымды қамтуы тиіс.
      24. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мониторингінің нәтижелері бойынша оларды түзету жүзеге асырылуы мүмкін.
      25. Жедел есептілік тиісті құжатқа бағалау жүргізудің тиісті есепті кезеңіне сәйкес келетін есепті кезең үшін құжаттарға мониторинг жүргізу үшін уәкілетті органға берілмейді.
      26. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына мониторинг жүргізу жөніндегі әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
      27. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына жүргізілген мониторинг нәтижелерінің дұрыстығы мен толықтығы үшін жауапкершілік құжатты әзірлеуші мемлекеттік органдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде айқындалған тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жүктеледі.

1.5. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарларын бағалаудың
негізгі ережелері

      28. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыру нәтижелілігі мен тиімділігіне қол жеткізу дәрежесін айқындау стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бағалау (осы бөлімде бұдан әрі - құжаттарды бағалау) болып табылады.
      29. Құжаттарды бағалау: есепті кезеңдегі бағалау жөніндегі есептер, статистикалық ақпарат; бақылау тексерістері; үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми институттардың, халықаралық сарапшылардың және тағы басқа бағалаулардың негізінде жүргізіледі.
      30. Құжаттарды бағалау жөніндегі есепті әзірлеуші мемлекеттік органдар және тең орындаушылар дайындайды.
      31. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды бағалау жөніндегі есеп:
      1) құжаттың деректемелерін:
      құжаттың атауын, нөмірге, күнге сілтемені;
      әзірлеуші мемлекеттік орган мен бірлесіп орындаушыларды;
      іске асыру мерзімін, оның ішінде кезең бойынша;
      2) жоспарланып орындалған және орындалмаған іс-шаралар туралы (орындалмау себептерін көрсете отырып) және, орындалмаған іс-шаралардың елдің, өңірдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайына ықпалы туралы ақпаратты;
      3) қаржыландыру көздері бойынша бөліп, бөлінген қаржы қаражатының игерілуі, пайдаланылмаған қаржы қаражаты туралы ақпаратты (көлемі мен пайдаланылмау себептерін көрсетіп);
      4) жоспарланған және нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторларды, сондай-ақ оларға қол жеткізілмеу себептерін;
      5) міндеттердің нәтижелер көрсеткіштерін (жоспарланғаны және нақты қол жеткізілгені және қол жеткізілмеу себептері);
      6) шешілуіне осы құжат бағытталған проблемалар мен міндеттердің шешілу деңгейі туралы ақпаратты, құжатты іске асырудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін;
      7) игілік алушылардың қанағаттанушылығының деңгейін, оның ішінде жоспарланғанға қарағанда нақты көрсетілген мемлекеттік қызметтердің деңгейі туралы ақпаратты;
      8) құжатты түзету жөніндегі, қаржыландыру көлемі мен көздері жөніндегі, қолданыстағы заңнаманың өзгеруі туралы және басқа ұсынымдарды;
      9) мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтерді қамтиды.
      32. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бағалау жөніндегі есеп:
      1) құжаттың деректемелерін:
      құжаттың атауын, нөмірге, күнге сілтемені;
      әзірлеуші мемлекеттік органды;
      2) жоспарланып орындалған және орындалмаған іс-шаралар туралы ақпаратты және олардың орындалмау себебін, орындалмаған іс-шаралардың өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайына әсерін;
      3) қаржыландыру көздері бойынша бөліп, бөлінген қаржы қаражатының игерілуі, пайдаланылмаған қаржы қаражаты туралы ақпаратты (көлемі мен пайдаланылмау себептерін көрсетіп);
      4) жоспарланған және нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторларды, сондай-ақ оларға қол жеткізілмеу себептерін;
      5) міндеттердің нәтижелер көрсеткіштерін (жоспарланғаны және нақты қол жеткізілгені және қол жеткізілмеу себептері) қамтуы тиіс.
      33. Бағалау жөніндегі есеп мемлекеттік жоспарлау жөніндегі  уәкілетті орган айқындайтын нысанда және тәртіппен жасалады.
      34. Құжаттарды бағалау жүргізу жөніндегі уәкілетті орган құжаттарды бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің төмен деңгейде тұрған өзара нақты тығыз байланыстағы құжаттарын бағалау жөніндегі есептерді ескере отырып, бағалау жөніндегі жалпы есепті дайындайды және онымен нақты байланыстырылған болуы тиіс.
      35. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды бағалау жөніндегі жалпы есеп:
      1) нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығын бағалауды, оларды баяндаудың анықтылығы мен нақтылығын, құжатты іске асыру үшін қажетті ресурстарды жоспарлаудың дұрыстығын;
      2) құжаттың мақсаты және міндеттеріне қол жеткізу үшін пайдаланылатын шаралар мен құралдардың барабарлығын, сондай-ақ олардың мемлекеттік саясатқа және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарына сәйкестігін бағалауды;
      3) өткізілген іс-шараларды бағалауды (жоспарланған іс-шаралардың орындалғаны немесе орындалмағаны, олардың орындалмау себептері, орындалмаған іс-шаралардың өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері);
      4) нысаналы индикаторларға қол жеткізуді бағалауды (жоспарланғаны және нақты қол жеткізілгені және қол жеткізілмеу себептері);
      5) міндеттердің нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілуін бағалауды (жоспарланғаны және нақты қол жеткізілгені және қол жеткізілмеу себептері);
      6) қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін және бөлінген қаржы қаражатының игерілуін (қаржыландыру көздері бойынша бөлінген) пайдаланылмаған ақша қаражатын және пайдаланылмау себептерін көрсетіп бағалауды;
      7) материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігін бағалауды;
      8) шешілуіне осы құжат бағытталған проблемалар мен міндеттердің шешілу деңгейін, құжатты іске асырудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін бағалауды;
      9) игілік алушылардың қанағаттанушылық деңгейін, оның ішінде жоспарланғанға қарағанда нақты көрсетілген мемлекеттік қызметтердің деңгейін бағалауды;
      10) осы құжатта анықталған проблемалар және ескерілмеген мәселелерді;
      11) тұжырымдар мен ұсыныстарды қамтиды.
      36. Бағалау жөніндегі жалпы есептің негізінде қорытынды дайындалады.
      37. Қорытынды:
      1) құжаттың іске асырылу барысының нәтижелілігі мен тиімділігі туралы тұжырымдарды;
      2) құжаттың іске асырылуын ұйымдастыру туралы тұжырымдарды;
      3) құжатты іске асырудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына  әсер ету дәрежесі туралы тұжырымдарды;
      4) бағалау нәтижелеріне қарай: құжатты түзету туралы; мемлекеттік органның қызметін жақсарту жөніндегі; қаржыландыру көлемі мен көздері жөніндегі; қолданыстағы заңнаманың өзгеруі туралы және басқа да ұсынымдардан тұрады.
      38. Құжаттарға бағалау жүргізу жөніндегі әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
      39. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мемлекеттік бағдарламаларға және орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына бағалау, сондай-ақ тексеру комиссиясының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына бағалау жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айқындайды.
      40. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына жүргізілген бағалау нәтижелерінің дұрыстығы мен толықтығы үшін жауапкершілік құжаттарды әзірлеуші мемлекеттік органдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде айқындалған тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жүктеледі.

1.6. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік
органдардың стратегиялық жоспарларын бақылаудың
негізгі ережелері

      41. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының толық және уақтылы орындалуын, соның ішінде заң бұзушылықтарды анықтау, жою және оларға жол бермеу мақсатында жоспарлы және жоспардан тыс тексерістер жолымен талдауды жүзеге асыру бақылау (осы бөлімде бұдан әрі - құжаттарды бақылау) болып табылады.
      42. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бағалау жүргізілген мониторинг пен бағалау нәтижелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      43. Құжаттарды бақылау шеңберінде:
      1) құжаттың толық және уақтылы орындалуын талдау;
      2) тиісті құжаттарға тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізген мониторинг нәтижелерінің дұрыстығы мен толықтығы;
      3) құжаттың өткізілген іс-шараларының нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігі айқындалады.
      44. Құжаттарды бақылауды Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде анықталған уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
      45. Құжатты бақылау нәтижелері бойынша құжатқа бақылау жүргізу  жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган қорытынды дайындайды.
      46. Қорытынды:
      1) құжатқа тиісті уәкілетті мемлекеттік орган жүргізген мониторинг нәтижелерінің дұрыстығы мен толықтығының дәрежесі туралы қорытындыны;
      2) құжаттың өткізілген іс-шараларының нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға анықталған сәйкессіздігін;
      3) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының уақтылы және толық орындалуы туралы тұжырымдарды;
      4) лауазымды тұлғалардың жоспарланған іс-шараларды іске асыру тиімділігін арттыруға және қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған қажетті шаралар қабылдауы жөніндегі ұсынымдарды қамтуы тиіс.
      47. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бақылау жөніндегі әдіснамалық сүйемелдеуді Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде белгіленген уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспары

2.1. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму
жоспарын әзірлеу

      48. Алдағы кезеңге арналған Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының әзірленген жобасы мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1) Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарынан туындайтын ел дамуының алдағы онжылдық кезеңге арналған басым бағыттарын қамту;
      2) ел дамуының алдағы онжылдық кезеңге арналған басым бағыттары арасындағы өзара қисынды байланысты қамтамасыз ету;
      3) ел дамуындағы күшті және әлсіз жақтарды, мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді талдауға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық дамудың ұзақ мерзімді болжамына негізделуі;
      4) қысқа әрі нақты баяндалуы.
      49. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
      1) кіріспе;
      2) ағымдағы жағдайды талдау;
      3) жаһандық үрдістерді талдау;
      4) Қазақстан Республикасының алдағы онжылдық кезеңнің соңына пайымы;
      5) ел дамуының басым бағыттары және ел дамуының алдағы онжылдық  кезеңге арналған стратегиялық мақсаттары;
      6) қорытынды.
      50. «Кіріспе» бөлімінде алдағы онжылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын әзірлеудің негіздемесі мен қажеттілігі көрсетіледі.
      51. «Ағымдағы жағдайды талдау» бөлімінде:
      1) ел дамуының шешуші көрсеткіштерін талдау шеңберінде ағымдағы онжылдық кезеңнің соңында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының ағымдағы жай-күйін талдау мен қол жеткен деңгейін бағалау;
      2) алдағы онжылдық кезеңде Қазақстан Республикасының дамуына  әсер ететін ішкі факторларды (мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді) бағалау көрсетіледі.
      52. «Жаһандық үрдістерді талдау» бөлімінде әлемдік үрдістерді талдау, Қазақстан Республикасының әлемдік және өңірлік экономикадағы позициялары, сондай-ақ сыртқы қыр көрсетулер мен қауіп-қатерлерді айқындай отырып елдің дамуына әсер ететін сыртқы факторларды бағалау келтіріледі.
      53. «Қазақстан Республикасының алдағы онжылдық кезеңінің соңына пайымы» бөлімінде елдің алдағы онжылдық кезеңнің соңындағы даму параметрі айқындалады, сондай-ақ ел дамуының шешуші жалпыұлттық көрсеткіштері келтіріледі.
      54. Елдің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері және қоғамдық-саяси жүйесінің даму көрсеткіштері, яғни тұтастай елдің даму деңгейін сипаттайтын барынша ірілендірілген индикаторлар (мысалы, ЖІӨ, халықтың тұрмыс сапасының көрсеткіштері) ел дамуының шешуші жалпыұлттық көрсеткіштері болып табылады.
      55. «Ел дамуының басым бағыттары және ел дамуының алдағы онжылдық кезеңге арналған стратегиялық мақсаттары» бөлімінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының елді дамытудың көп дегенде бес-жеті басым бағыты, сондай-ақ осы бағыттардың әрбірі бойынша алдағы онжылдық кезеңге арналған стратегиялық мақсаттар, сондай-ақ осы мақсаттарға қол жеткізудің жалпы тәсілдері айқындалады.
      56. Ағымдағы жағдайды, ел дамуының шешуші жалпыұлттық көрсеткіштерін талдауды және ішкі және сыртқы факторларды бағалауды ескере отырып, алдағы онжылдық кезеңнің соңына қарай елдің пайымына қол жеткізудің міндетті (ажырамас) шарттары ретінде ел дамуының таңдап алынған басым бағыттарына мемлекеттің күш-жігерін шоғырландыру қажеттігінің нақты негіздемелері көрсетіледі.
      57. Стратегиялық мақсаттарда қол жеткізу стратегиялық жоспарды іске асыруды қамтамасыз ететін, алдағы онжылдық кезеңнің соңында мемлекеттік басқару саласының (аясының) ойлаған болашақ жай-күйі айқындалған.
      58. Мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) дамытудың алдағы онжылдық кезеңге арналған стратегиялық мақсаттарын тұжырымдау:
      1) проблемалы мәселелер көрсетіле отырып, мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы (аясындағы) ағымдағы жағдайды шолу;
      2) өткен онжылдықтың нысаналы индикаторларына қол жеткізуді бағалау;
      3) алдағы онжылдық кезеңде мемлекеттік басқару саласының (аясының) дамуына әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды талдау негізінде жүзеге асырылады.
      59. Алдағы онжылдық кезеңде мемлекеттік басқару саласының (аясының) дамуына әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды талдау шеңберінде стратегиялық мақсаттарды қалыптастыру үшін:
      1) алдағы онжылдық кезеңде саланың (аяның) дамуына ықпал етуі мүмкін ішкі факторлар - күшті тұтастары;
      2) алдағы онжылдық кезеңде саланың (аяның) дамуын тежейтін және (немесе) оның дамуына кері әсер ететін ішкі факторлар - әлсіз тұтастары;
      3) саланың (аяның) дамуына оң әсер ететін жаһандық немесе өңірлік сипаттағы сыртқы факторлар мен жағымды үрдістер - мүмкіндіктер;
      4) саланың (аяның) дамуына теріс әсер етуі мүмкін жаһандық немесе өңірлік сипаттағы сыртқы факторлар мен қолайсыз үрдістер - қауіп-қатерлер ескеріледі.
      60. Қойылған стратегиялық мақсатқа қол жеткізу дәрежесін айқындау үшін әрбір стратегиялық мақсатқа нысаналы индикатор (аралық және түпкі) сәйкес келуі тиіс.
      61. Нысаналы индикатордың сапалық жағы Қазақстан Республикасының алдағы онжылдық кезеңге арналған стратегиялық даму жоспарын іске асыру шеңберіндегі мемлекет қызметінің нәтижесінде мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) жүзеге асатын он өзгерістердің мәнін, ал сандық жағы - олардың өлшенетін, абсолютті немесе салыстырмалы шамасын көрсетуі тиіс.
      62. Нысаналы индикаторлар мынадай талаптарға сай келуі тиіс:
      1) салыстырмалылық (серпінде салыстыру мүмкіндігі);
      2) қарапайымдылық және нақтылық (нысаналы индикаторлар  пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс);
      3) үнемділік (нысаналы индикаторларға қол жеткізуді бағалау үшін ақпараттық және техникалық ресурстардың жеткілікті болуы);
      4) толықтық және жинақтылық (нысаналы индикаторлар саланың (аяның) барлық жұмыс істеу аспектілерінің толық және барабар сипаттамасын қамтамасыз етуі тиіс);
      5) икемділік, бейімділік (нысаналы индикаторлардың саланың (аяның) әр түрлі даму сатыларындағы барлық өзгерістерді көрсете білу қабілеттілігі);
      6) қолжетімділік және өлшемділік;
      7) нысаналы индикаторларға қол жеткізуге мониторинг және бағалау жүргізу мақсатында аралық мәндердің болуы.
      63. «Қорытынды» бөлімінде алдағы онжылдық кезеңге арналған  Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын іске асырудағы негізгі тұжырымдар келтіріледі.

2.2. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму
жоспарын іске асыру

      64. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын іске асыру Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, салалық бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

2.3. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму
жоспарының мониторингі

      65. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының мониторингін мемлекеттік органдар беретін ақпараттар негізінде жедел есептілікті қалыптастыру жолымен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
      66. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының моииторингі бір жылда бір рет жүзеге асырылады.
      67. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарына жүргізілген мониторингтің нәтижесі бойынша есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне мониторинг жөніндегі жалпы есепті береді.
      68. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның мониторинг жөніндегі жалпы есебін қарағаннан кейін Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарына жүргізілген мониторингтің нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды дайындайды және есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 шілдесіне дейін оны Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне береді.

2.4. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму
жоспарын бағалау

      69. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органдар беретін ақпарат негізінде бағалау жөніндегі есепті қамтамасыз ету жолымен бес жыл өткеннен кейін жүргізеді.
      70. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын бағалау Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасының, мемлекеттік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, салалық бағдарламалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларының іске асырылуын бағалау ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      71. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарына жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша бағалау жөніндегі жалпы есепті дайындайды және оны есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 тамызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне береді.
      72. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бағалау жөніндегі жалпы есебін қарағаннан кейін Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын бағалау бойынша сараптамалық қорытынды дайындайды және оны есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 тамызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне береді.
      73. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын  бағалау қорытындыларын қарағаннан кейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі сараптамалық қорытынды дайындайды және есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей оны Қазақстан Республикасының Президентіне енгізеді.

2.5. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму
жоспарын бақылау

      74. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын бақылау Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасының, мемлекеттік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, салалық бағдарламалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларының мониторингі, бағалау және іске асыру жөніндегі өткізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.
      75. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі айқындайды.

3. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасы

3.1. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды
схемасын әзірлеу

      76. Алдағы он жылдық кезеңге арналған Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасының жобасын әзірлеуді орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың, қоғамдық және ғылыми-зерттеу ұйымдарының қатысуымен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
      77. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасының әзірленген жобасы мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1) алдағы онжылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының  стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленуі;
      2) өсу полюстерін көрсете отырып елді перспективалы аумақтық ұйымдастыру және таратып орналастыру жүйесінің мәселелерін ашып көрсету;
      3) ұлттық экономиканың аумақтық дамуын ұтымды ету есебінен экономикалық ресурстарды оңтайлы пайдалану, өндіргіш күштерді ұйымдастырудың жаңа жүйелерін пайдалану және әлеуметтік-экономикалық процестердің орнықты және бәсекелі дамуын қамтамасыз ету үшін таратып орналастыру жүйесін құру мәселелерін ашып көрсету;
      4) аумақтарды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету мәселелерін қамтуы;
      5) жаңа жерлерді, минералдық шикізат ресурстарын, өндірістердің жаңа түрлерін игеру немесе әкімшілік-аумақтық бірліктер шеңберінде қазіргі аумақтарды жайластыру мәселелерін қамтуы;
      6) аумақтардың экологиялық ахуалын жақсарту мәселелерін қамтуы;
      7) инвестициялаудың республикалық, өңіраралық және өңірлік маңызы бар өндірістік, энергетикалық, инженерлік, көлік-коммуникациялық және әлеуметтік инфрақұрылымды үйлесімді дамытуға бағытталған негізгі басымдықтары мәселелерін қамтуы;
      8) аумақтық дамуды институционалдық қамтамасыз ету, аумақтық дамуды жоспарлау жүйесін жетілдіру, мемлекеттің әкімшілік-аумақтық жайластыру мәселелерін қамтуы;
      9) оны іске асыру негізге алынып схеманы іске асыру тиімділігін бағалау қалыптастырылатын күтілетін нәтижелерді (аралық және түпкі) сипаттайтын индикаторларды қамтуы.
      78. Аумақтық-кеңістіктік дамудың болжамды схемасының құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
      1) ағымдағы ахуалды талдау;
      2) елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының пайымы;
      3) елдің аумақтық-кеңістіктік даму болжамы.
      79. «Ағымдағы ахуалды талдау» бөлімінде қазіргі жағдайдың, сондай-ақ экономикалық, табиғи, еңбек әлеуеті, өндірістік күштерді орналастыру, көлік-коммуникациялық, әлеуметтік және басқа да инфрақұрылым, қазіргі кеңістіктік даму бағыттары мен тұтастай алғанда елдегі және оның әрбір өңіріндегі, сондай-ақ өңіраралық өзара байланыстарда халықты таратып орналастыру мәселелері бойынша қалыптасқан үрдістердің оң және теріс жақтары баяндалады.
      80. Талдау мәтіндік форматта мынадай схемалармен келтіріледі:
      1) аумақтар сипаттамасының схемалары;
      2) салалық схемалар;
      3) инфрақұрылым объектілерін орналастыру схемасы;
      4) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі схема;
      5) ел халқын таратып орналастырудың қалыптасқан жүйесінің схемасы;
      6) макроөңірлердің экономикасына жүргізілген талдау негізінде ел аумағының «тірек қаңқасы» схемасы;
      7) аумақтарды қалыптасқан экономикалық ұйымдастырудың схемасы;
      8) мемлекетаралық маңызы бар аумақтардың схемасы;
      9) барынша толық талдау үшін қажетті өзге де схемалар.
      81. Аумақтар сипаттамасының схемаларында:
      1) функционалдық аймақтар ретінде бөлінген аумақтардың қалыптасқан құрамы, олардың шекарасы, даму деңгейі, аумақтарды пайдалану режимдері (регламенттері);
      2) елдің жер қойнауы ресурстарының ағымдағы сандық және сапалық сипаттамалары, олардың орналасуы;
      3) тозу көрсеткіштері бар негізгі құралдардың болуы;
      4) шикізаттан бастап дайын өнімді өткізгенге дейін өндірушілер арасындағы өзара байланысты көрсете отырып, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өнеркәсіптік өнімнің көлемі бойынша қалыптастырылған өнеркәсіптік кешендердің нақты болуы;
      5) инвестициялық қызмет, оның ішінде негізгі капиталға инвестициялар бойынша ағымдағы жағдай.
      82. Салалық схемаларда әрбір саланың ағымдағы сандық және салалық сипаттамалары, рөлі, саланың экономикаға, ел аумағын кеңістіктік ұйымдастыруға, халық санының шоғырлануына, өндіргіш күштердің тораптарын (өнеркәсіптік тораптарды) қалыптастыруға және тұтастай урбанизация процесіне әсер ету дәрежесі ашылып көрсетіледі.
      83. Инфрақұрылым объектілерін орналастыру схемасында инженерлік, оның ішінде көлік-коммуникациялық, энергетикалық инфрақұрылым және сумен қамтамасыз ету инфрақұрылымы объектілерінің ағымдағы орналасуы келтіріледі.
      84. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі схемада ел аумағындағы, оның жекелеген өңірлеріндегі келеңсіз антропогендік және техногендік факторлардың әрекетін, олардың өңірлердің дамуына әсерін және ел аумағындағы антропогендік және техногендік факторлардың теріс салдарын жоюға бағытталып қабылданған шараларды көрсетеді.
      85. Ел халқын таратып орналастырудың қалыптасқан жүйесінің схемасында ел халқын таратып орналастырудың ерекшеліктері келтіріледі:
      1) елдегі барлық халықтың санымен байланыстырылған, жасы, жыныстық белгісі бойынша жіктелген қала мен ауыл халқының жалпы саны;
      2) елдің өңірлері бойынша халықтың жан басына шаққандағы жалпы  қосылған құнының көрсеткіштері;
      3) еңбек ресурстарының саны мен елдің өңірлер бойынша және  экономика салалары бойынша жұмыссыздық деңгейі, шетелдік жұмыс күшінің саны, еңбек ресурсына қажеттілік, жергілікті оқу орындары даярлайтын мамандардың саны;
      4) себептері көрсетіле отырып, елдегі көші-қон ағынының бағыты  және көші-қон ағынын басқарудың қалыптасқан тетіктері;
      5) білім беру және басқа да әлеуметтік объектілерді орналастыру жүйесі;
      6) ел аумағында еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға ықпал  ететін басқа объектілерді - технопарктерді, инновациялық орталықтарды, өндірісті және тағы басқаларды орналастыру жүйесі;
      7) жан басына шаққандағы орташа ақшалай кірістермен және ең төменгі күнкөріс шамасымен айқындалатын өмір сүру деңгейі;
      8) ел халқын таратып орналастырудың басқа да қалыптасқан ерекшеліктері.
      86. Ел аумағының «тірек қаңқасы» схемасында макроөңірлердің экономикасына жүргізілген талдау негізінде қазіргі қалалық ірі агломерациялар - елдегі экономикалық белсенділікті өзіне шоғырландыратын  және әлеуметтік-экономикалық қайта құрылулардың көзі болып табылатын инновациялық және басқару орталықтары ерекшеленеді.
      87. Аумақтарды қалыптасқан экономикалық ұйымдастырудың схемасында аумақтардың ресурстарын пайдалану тәртібі, республикалық, өңірлік және халықаралық еңбек бөлінісінде аумақтардың мамандануы және аумақтық дамуды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету тәртібі келтіріледі.
      88. Мемлекетаралық маңызы бар аумақтардың схемасында:
      1) болжамда мемлекетаралық маңызы бар өңірлерге айналуға қабілетті деп көрсетілген аймақтардағы қалыптасқан экономикалық және сыртқы экономикалық қызмет;
      2) қазіргі сауда-экономикалық, көші-қон, өндірістік, ғылыми  және мәдени байланыстар көрсетіледі.
      89. Схемалар өткен орта мерзімді кезеңдегі көрсеткіштерді міндетті түрде келтіре отырып, өңірлердің белгілі бір сипаттамалары көрсетілген елдің географиялық картасы негізінде қалыптастырылады және ағымдағы жағдайға жүргізілген талдауды көрнекі түрде бейнелеуі тиіс.
      90. Схемаларды ескере отырып жүргізілген талдау негізінде мыналар бойынша тұжырымдар қалыптастырылады:
      1) табиғи ресурстармен, инфрақұрылыммен, еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі;
      2) тұтынылуы ішкі өндірістен асатын өнім түрлерін өзіндік өндіруді дамытудың қолда бар әлеуеті;
      3) тауарлар шығарудың мен қызметтер көрсетудің, қызмет түрлерінің перспективалы өндірістерін дамыту.
      91. «Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының пайымы» бөлімінде елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының жалпы идеологиясы, тұжырымдамасы, негізгі ұстанымдары баяндала отырып, алдағы онжылдық кезеңге арналған ел дамуының белгіленген басымдықтарына сәйкес мәтіндік форматта жасалады.
      92. «Елдің аумақтық-кеңістіктік даму болжамы» бөлімі мынадай бағыттар бойынша тиісті схемалары бар мәтіндік форматтағы ақпаратты қамтиды:
      1) аумақтық-кеңістіктік дамудың мақсаттары, міндеттері;
      2) Қазақстан Республикасы дамуының ұзақ мерзімді перспективаға арналған макроэкономикалық болжамы;
      3) елдің аумақтық-кеңістіктік дамуына теріс әсер ету тәуекелдерінің негізгі сыртқы және ішкі факторлары.
      93. «Елдің аумақтық-кеңістіктік даму болжамы» бөлімінде елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының мынадай болжамды схемалары келтіріледі:
      1) функционалдық аймақтардың перспективалы құрамы, олардың шекарасы, даму деңгейі, аумақтарды пайдалану режимдері (регламенттері) айқындалатын функционалдық аймаққа бөлу схемасы;
      2) әрбір саланың перспективалы, сандық және сапалық сипаттамалары, рөлі, саланың экономикаға және ел аумағын кеңістіктік ұйымдастыруға, халық санының шоғырлануына, өндіргіш күштердің тораптарын (өнеркәсіптік тораптарды) қалыптастыруға және тұтастай урбанизация үдерісіне әсер ету дәрежесі көрсетілетін салалық даму схемалары;
      3) өндіргіш күштерді орналастырумен және халықты таратып орналастырумен өзара байланысқан инженерлік, оның ішінде көлік, энергетикалық инфрақұрылым, сумен қамтамасыз ету инфрақұрылымы объектілерін (көлік дәліздерінің және көлік-логистикалық орталықтардың бағыты, сумен жабдықтау және су бұру көздерін орналастыру және т.б.) перспективалы орналастыру көрсетілетін инфрақұрылым объектілерін дамыту схемасы.
      Бұл схема аумақтарды пайдалануға арналған шектеулер ескеріле отырып жасалады.
      4) елдің аумағында, оның жекелеген өңірлерінде антропогендік  және техногендік факторлардың теріс әсерін азайту болжамын көрсететін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі схема: жаңадан игерілетін аумақтар үшін - аудандарды дамыту перспективалары мен ықтимал антропогендік жүктемелерді ескеріп шаруашылық және өзге де қызмет объектілерін дамыту мен орналастыруға; игерілген аумақтар үшін - қазіргі шаруашылық және өзге де қызметтің теріс салдарларын жоюға бағытталған іс-шаралар жүйесін әзірлеуге экологиялық шектеуді қамтиды;
      5) Көші-қон ағындарының бағыттары және оны басқару тетіктері,  өңірлерді таратып орналастыру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары, әлеуметтік объектілерді орналастыру, жастардың перспективалы аумақтарға келуін арттыруға бағытталған тұрғын үй жағдайын жақсарту жүйесі, ел аумағында еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға бағытталған басқа тетіктер - технопарктер, инновациялық орталықтар, зауыттар және т.т., ел халқын таратып орналастырудың перспективалы ерекшеліктері көрсетілетін халықты таратып орналастыру схемасы.
      Халықты таратып орналастыру схемасын әзірлеу басым аумақтарды дамытуды ынталандыру, барлық өңірлердің халқы үшін мемлекет кепілдік берген қызмет көрсетудің тең қолжетімділігі, өңіраралық және салааралық тиімді өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету, халықтың перспективалы өңірлерге қоныс аударуы үшін экономикалық ынталандыру принциптеріне негізделеді;
      6) Экономиканың түрлі салаларының өндірістерін ел аумағы бойынша перспективалы бөлу көрсетілетін, өсу полюстері - өзіне елдегі экономикалық белсенділікті шоғырландыратын және елдің басқа аумақтары үшін «локомотивтер» рөлін атқаратын «басып оза өсу аймақтары» ерекшеленіп көрсетілетін полярлық даму схемасы;
      7) аумақтардың ресурстық әлеуетін ұтымды пайдалану, республикалық, өңірлік және халықаралық еңбек бөлінісінде аумақтардың бәсекеге қабілетті экономикалық мамандануы және аумақтық дамуды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету көрсетілетін аумақтарды экономикалық ұйымдастыру схемасы;
      8) белсенді экономикалық және сыртқы экономикалық қызметі бар, мемлекетаралық маңызы бар өңірлерге қалыптасуға және үшінші елдердің нарығына шығуға қабілетті аймақтар, сауда-экономикалық, көші-қон, өндірістік, ғылыми және мәдени байланыстарды күшейту бағыттары көрсетілетін шекара маңы аумақтарын дамытудың мемлекетаралық схемасы.

3.2. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды
схемасын іске асыру

      94. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын іске асыру мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, салалық бағдарламаларды, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

3.3. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды
схемасының мониторингі

      95. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасының мониторингін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар беретін ақпарат негізінде жедел есептілікті қалыптастыру жолымен жүргізеді.
      96. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасының мониторингі бір жылда бір рет жүзеге асырылады.
      97. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасына жүргізілген мониторингтің нәтижелері бойынша мониторинг жөніндегі жалпы есепті Қазақстан Республикасының Үкіметіне есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 маусымына дейін табыс етеді.
      98. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның мониторинг жөніндегі жалпы есебін қарағаннан кейін Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасына жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды және есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 маусымына дейін оны Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне береді.

3.4. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды
схемасын бағалау

      99. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар беретін ақпарат негізінде бағалау жөніндегі жедел есепті қалыптастыру жолымен бес жыл еткеннен кейін жүргізеді.
      100. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын  бағалау мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, салалық бағдарламаларды, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларын бағалау ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      101. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасына жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша бағалау жөніндегі жалпы есеп дайындайды және есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне береді.
      102. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бағалау жөніндегі жалпы есебін қарағаннан кейін Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасына жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды және есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей оны Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне береді.
      103. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын  бағалау қорытындыларын қарағаннан кейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі сараптамалық қорытынды жасайды және есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 тамызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Президентіне енгізеді.

3.5. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды
схемасын бақылау

      104. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын бақылау мемлекеттік бағдарламалардың, облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларының, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, салалық бағдарламалардың мониторингі, бағалау және іске асыру жөніндегі жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.
      105. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі айқындайды.

4. Мемлекеттік бағдарламалар

4.1 Мемлекеттік бағдарламалардың тізбесі

      106. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік бағдарламалар тізбесін мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының тұжырымдалған стратегиялық мақсаттары негізінде қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
      107. Мемлекеттік бағдарламалар тізбесі бағдарламалардың атауын,  мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның көрсетілуін, мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу, іске асырылу және бекітуге енгізу мерзімдерін қамтуы тиіс.
      108. Мемлекеттік бағдарламалардың тізбесінде көзделмеген  мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және бекітуге жол берілмейді.
      109. Мемлекеттік бағдарламалар тізбесінің жобасы Қазақстан Республикасының Президентіне алдағы онжылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспары бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде бекітуге енгізіледі.
       110. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын іске асыру кезеңінде оның мониторингі мен бағалау нәтижелері бойынша Мемлекеттік бағдарламалар тізбесіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

4.2. Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу

      111. Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуді мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган жүзеге асырады. Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
      112. Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі актісімен немесе Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі құратын, қажетіне қарай ғылыми-зерттеу ұйымдарын, ғалымдар мен түрлі білім салалары мамандарын тарта отырып, мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу жөніндегі комиссия (жұмыс тобы) құрылады.
      113. Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган мемлекеттік бағдарламаның жобасын жариялы түрде талқылау үшін бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылуы және келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып пысықталуы мүмкін.
      114. Мемлекеттік бағдарлама әзірлену сатысында барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілуі тиіс.
      115. Мемлекеттік бағдарламаның әзірленген жобасы мынадай талаптарға сай болуы:
      1) Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын және Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын іске асыру мақсатында әзірленуі және Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудің жолдарын нақты баяндауы;
      2) жалпыұлттық салааралық сипаттағы міндеттерді шешуге және тиісті қызмет саласын дамытуға бағытталуы;
      3) игілік алушылардың нысаналы топтарының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы;
      4) алдағы онжылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарынан туындайтын бағдарламалар мақсаттарының, нысаналы индикаторының, міндеттердің және оның мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін шаралардың келісілген мерзімдері, ресурстары мен орындаушылары бойынша жүйені қамтуы;
      5) шаралар атаулылығын, оларды іске асыру мерзімдері мен реттілігінің нақты айқындалуын, орындаушылар қызметінің бағдарламалық мақсаттарға қол жеткізуге қатаң бағдарлануын қамтамасыз етуі;
      6) қаржы, еңбек және материалдық ресурстары мен оларды қамтамасыз ету көздерінің теңгерімділігінің қамтамасыз етілуі;
      7) қысқа әрі нақты тезисті форматта баяндалуы тиіс.
      116. Мыналарға:
      1) жеке саланың немесе нақты өңірдің (қаланың, аумақтың) проблемасын шешуге;
      2) мемлекеттік органдардың ведомствоішілік мәселелерін шешуге;
      3) қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалардың, сондай-ақ сол бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың мақсаттары мен міндеттерінің қайталануына бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге жол берілмейді.
      117. Мемлекеттік бағдарламаның құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
      1) паспорт (негізгі параметрлер);
      2) кіріспе;
      3) ағымдағы жағдайды талдау;
      4) бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері;
      5) бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарына қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар;
      6) бағдарламаны іске асыру кезеңдері;
      7) қажетті ресурстар.
      118. «Паспорт (негізгі параметрлер)» бөлімінде бағдарламалық құжаттың мыналарды қамтитын негізгі параметрлері баяндалады:
      1) атауы;
      2) әзірлеу үшін негіздеме;
      3) бағдарламалық құжатты әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органның нұсқауы;
      4) мақсаттары;
      5) міндеттері;
      6) іске асыру мерзімдері (кезеңдері);
      7) нысаналы индикаторлары;
      8) қаржыландыру көздері мен көлемі.
      119. «Кіріспе» бөлімінде ұсынылып отырған мемлекеттік бағдарлама қажеттілігінің негіздемесі баяндалады.
      120. «Ағымдағы жағдайды талдау» бөлімінде:
      1) қызмет саласы жағдайының ағымдағы ахуалын, сондай-ақ бұл саланың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау (бұл ретте күшті және осал жақтарын, осы қызмет саласы үшін мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді алдын ала талдай отырып негізгі проблемаларды, үдерістер мен алғышарттарды бөліп көрсету керек);
      2) қазіргі нормативтік құқықтық базаның, қызмет саласын дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асырудың қолданыстағы практикасын және нәтижелерінің сипаттамасын қоса алғанда, қызмет саласын дамытуды мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау баяндалады.
      121. «Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» бөлімінде бағдарламаның алдағы он жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының шешуші стратегиялық бағыттарын ескере отырып жасалған басты мақсаты көрсетіледі.
      122. Бағдарламаның басты мақсаты жоспарлы кезеңнің соңына қызмет саласының жай-күйін болжауды білдіреді және оның осы бағытта сапалы дамуының бағдары болып табылады.
      123. Бағдарламаның басты мақсаты кезең-кезеңмен жекелеген бағдарламалық мақсаттар мен міндеттерге бөлінеді (проблеманы құрылымдау және кіші бағдарламаларға тарату жолымен басты мақсатты біршама жеке мақсаттарға нақтылау).
      124. Мемлекеттік бағдарламаның барлық мақсаттары нысаналы индикаторларды қамтуы тиіс, олар бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін өлшемді көрсеткіштерді білдіреді.
      125. Бағдарламаның міндеттері жағдайды талдау негізінде қалыптасатын және жоспарлы кезеңнің соңына қызмет саласындағы шешуші өзгерістерді көруге мүмкіндік беретін бағдарламаның тиісті мақсатына қол жеткізу үшін орындалуы тиіс негізгі шарттар болып табылады.
       126. Әрбір міндет жоспарлы мәнге қол жеткізу көзделетін нақты кезең (орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді) көрсетіле отырып, бағдарламаның міндеттерін шешу деңгейін сипаттайтын, сандық жағынан өлшенетін мән ретінде нәтижелер көрсеткіштерін қамтуы тиіс.
      127. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері анық, нақты, бақыланатын және тексерілетін болуы тиіс.
      128. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері оларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кірмейтін ұлттық компаниялар көрсетіле отырып жүргізіледі.
      129. «Бағдарламаның негізгі бағыттары мен қойылған мақсаттарына қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар» бөлімінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қойылған мақсаттарға қол жеткізу мен алда тұрған міндеттерді шешу жолдары, сондай-ақ әрбір мақсатқа қол жеткізуді және  әрбір міндетті шешуді толық көлемде әрі қажет мерзімде қамтамасыз ететін шаралар жүйесі келтіріледі.
      130. «Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» бөлімінде әрбір кезең үшін мақсаттарды, міндеттерді, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін көрсете отырып, бағдарламаны іске асыру кезеңдеріне сипаттама берілген.
      131. «Қажетті ресурстар» бөлімінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға арналған ресурстарға (қаржылық-экономикалық, материалдық-техникалық, еңбек) қажеттілік баяндалады.
      132. Бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық  және жергілікті бюджеттің қаражаты, мемлекеттік қарыздар, мемлекеттің кепілдігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар, тікелей шетелдік және отандық инвестициялар, халықаралық қаржылық экономикалық ұйымдардың немесе донор елдердің гранттары, екінші деңгейдегі банктердің кредиттері, ұйымдардың жеке меншік қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер бола алады.
      133. Қаржыландырудың болжанатын көлемі әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, жоспарлы кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің параметрлерін, халықаралық шарттар мен басқаларды ескере отырып айқындалады.

4.3 Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру

      134. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуші мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын, мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысатын басқа да мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыру, сондай-ақ облыстарды, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын, салалық бағдарламаларды,  ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму жоспарларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
      135. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары - мерзімін, орындаушыларын, аяқталу нысанын, оны іске асырудың қажетті шығындарын айқындай отырып, мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған нақты іс-қимылдар жиынтығы.
      136. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуші мемлекеттік орган мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңіне әзірлейді және оны мемлекеттік бағдарлама бекітілген күннен бастап бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

4.4. Мемлекеттік бағдарламалардың мониторингі

      137. Мемлекеттік бағдарламалардың мониторингін мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органдар беретін жедел есептілік негізінде жүргізеді.
      138. Мемлекеттік бағдарламалардың мониторингі бір жылда екі рет: бірінші жарты жылдың қорытындылары және жыл қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
      139. Жарты жылдың қорытындылары бойынша мемлекеттік бағдарламаға мониторинг жүргізу үшін:
      1) осы бағдарламаны іске асыруға қатысушы, тең орындаушы мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде есепті жылдың 15 шілдесіне дейін мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органға;
      2) мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган есепті жылдың 1 тамызына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жедел есептілікті тапсырады.
      140. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік бағдарламаларға жарты жылға жүргізілген мониторингтің нәтижелері бойынша мониторинг жөніндегі жалпы есепті дайындайды және оны есепті жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне тапсырады.
      141. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік жоспарлау  жөніндегі уәкілетті органның мониторинг жөніндегі жалпы есебін қарағаннан кейін мемлекеттік бағдарламаларға жарты жылға жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды және оны есепті жылдың 15 қыркүйегінде дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне тапсырады.
      142. Бір жылдың қорытындылары бойынша мемлекеттік бағдарламаға мониторинг жүргізу үшін:
      1) осы бағдарламаны іске асыруға қатысушы, тең орындаушы мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органға;
      2) мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жедел есептілікті тапсырады.
      143. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік бағдарламаларға бір жылға жүргізілген мониторингтің нәтижелері бойынша мониторинг жөніндегі жалпы есепті дайындайды және оны есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне тапсырады.
      144. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның мониторинг жөніндегі жалпы есебін қарағаннан кейін мемлекеттік бағдарламаларға бір жылға жүргізілген мониторингтің нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды және оны есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне табыс етеді.

4.5. Мемлекеттік бағдарламаларды бағалау

      145. Мемлекеттік бағдарламаларды бағалау оларды іске асырудың әрбір үш жылы өткеннен кейін (аралық) және жоспарлы кезеңнің қорытындылары (түпкі) бойынша жүзеге асырылады.
      146. Мемлекеттік бағдарламаға бағалау жүргізу үшін мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік бағдарламаны бағалау жөніндегі есепті тапсырады.
      147. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бағалау  жөніндегі есептің негізінде есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне және мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органға мемлекеттік бағдарламаны бағалау жөніндегі жалпы есепті тапсырады.
      148. Қазақстан Республикасының Үкіметі бағалау жөніндегі жалпы есепті қарағаннан кейін мемлекеттік бағдарламаны бағалау жөнінде қорытынды дайындайды және оны есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 мамырына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне тапсырады.
      149. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде мемлекеттік бағдарламаға жүргізген бағалау қорытындылары тиісті бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулысы (ұсынысы) қабылданғаннан кейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органға жібереді.
      150. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мемлекеттік бағдарламаны бағалау жөніндегі қорытындыны қарағаннан кейін сараптамалық қорытынды дайындайды және оны есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 маусымынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Президентіне енгізеді.

4.6. Мемлекеттік бағдарламаларды бақылау

      151. Мемлекеттік бағдарламаларды бақылау мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының және салалық бағдарламалардың мониторингі, бағалау және іске асыру жөніндегі жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.
      152. Мемлекеттік бағдарламаға бақылау жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі айқындайды.

5. Аумақты дамыту бағдарламасы

5.1. Аумақты дамыту бағдарламасын әзірлеу

      153. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын әзірлеуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы жүзеге асырады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен, басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісіледі.
      154. Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын әзірлеуді ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы жүзеге асырады және облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органымен келіседі.
      155. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасы алдағы онжылдық кезеңге арналған Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасы бекітілгеннен кейін екі ай мерзімде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына белгіленген тәртіппен бекітуге беріледі.
      156. Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасы облысты дамыту бағдарламасы бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына белгіленген тәртіппен бекітуге беріледі.
      157. Аумақты дамыту бағдарламасының әзірленген жобасы мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1) Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарында, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасында, мемлекеттік бағдарламаларда белгіленген бағыттармен өзара байланысқан аумақты дамытудың басым бағыттарын айқындау;
      2) Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасында, нақты аумаққа арналған мемлекеттік бағдарламаларда белгіленген мақсаттарға қол жеткізу, міндеттерді шешу жолдарын баяндау;
      3) аумақты дамытудың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін бағалауды баяндау;
      4) нысаналы индикаторларды көрсете отырып бесжылдық кезеңнің соңында аумақты дамытудың түпкілікті мақсаттарын айқындау;
      5) күшті және осал жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерді ескере отырып, қойылған мақсаттарға қол жеткізудің мүмкін жолдары мен тәсілдерін айқындау;
      6) мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерінің қисынды өзара байланысын сақтау;
      7) игілік алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және өңірдің өз экономикалық әлеуетін дамытуға бағытталуы;
      8) бағдарламаны іске асыруға абсолютті мәнде қаржыландыру көздері мен іске асыру кезеңдері бойынша бөлінген шығыстардың көлемі туралы ақпаратты қамтуы;
      9) орталық және жергілікті атқарушы органдар іс-шараларының келісімділігін, сондай-ақ мақсаттар мен ресурстар бойынша құжаттың теңгерімділігін сақтау;
      10) тезисті форматта қысқа әрі нақты баяндау.
      158. Мемлекеттік органдардың ведомствоішілік мәселелерін шешуге бағытталған аумақты дамыту бағдарламасын әзірлеуге жол берілмейді.
      159. Аумақтарды дамыту бағдарламасының құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
      1) паспорт (негізгі параметрлер);
      2) ағымдағы жағдайды талдау;
      3) өңірді дамытудың пайымы;
      4) негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштері;
      5) бағдарламаның қойылған мақсаттарына қол жеткізу жолдары  және тиісті шаралар;
      6) бағдарламаны іске асыру кезеңдері;
      7) қажетті ресурстар;
      8) бағдарламаны басқару.
      160. «Паспорт (негізгі параметрлер)» бөлімінде аумақты дамытудың мыналарды қамтитын негізгі параметрлері баяндалады:
      1) атауы;
      2) әзірлеу үшін негіздеме;
      3) осы өңірдің негізгі сипаттамасы;
      4) бағыттары;
      5) мақсаттары;
      6) міндеттері;
      7) іске асыру кезеңдері;
      8) нысаналы индикаторлар;
      9) қаржыландыру көздері мен көлемдері.
      161. «Ағымдағы жағдайды талдау» бөлімінде қызмет саласының ағымдағы дамуы сипатталады:
      1) өңірдің жай-күйінің оң және теріс тұстарын, сондай-ақ олардың елдің дамуының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау;
      2) экономикалық даму, әлеуметтік сала, инфрақұрылымдық кешен, аумақтық (кеңістіктік) даму, мемлекеттік жергілікті басқару және өзін өзі басқару жүйесі бағыттары бойынша аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау;
      3) негізгі проблемалардың, тәуекелдердің, тежеуші факторлардың, аумақтардың орта мерзімді перспективада тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының бәсекелес артықшылықтары мен мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы;
      4) қазіргі нормативтік құқықтық базаның, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асырудың қолданыстағы практикасы мен нәтижелерінің сипаттамасын қоса алғанда, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамытуды мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау.
      162. «Өңірді дамытудың пайымы» бөлімінде шешуші нысаналы индикаторларды көрсете отырып, бағдарламаны іске асырудың соңында өңірді дамытудың жалпы болжамды нәтижелері баяндалады.
      163. «Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нәтижелер көрсеткіштері» бөлімінде:
      1) тұтастай өңір экономикасын, әлеуметтік саланы, инфрақұрылымдық кешенді, аумақтық (кеңістіктік) құрылымды, мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту бөлігінде өңірді дамытудың негізгі бағыттары;
      2) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда қалыптастырылған стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің ұзақ мерзімді жүйесіне сәйкес аумақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың әрбір бағыты бойынша нысаналы индикаторлары көрсетілген мақсаттары;
      3) көрсетілген әрбір мақсатқа қол жеткізу бойынша міндеттері;
      4) болжамды мәніне қол жеткізілу көзделетін және осылардың негізінде бағдарламаларды іске асыруды бағалауды жүзеге асыру ұйғарылатын кезеңдерді көрсете отырып, бағдарлама міндеттеріне қол жеткізу дәрежесін сипаттайтын нәтижелердің сандық өлшенетін көрсеткіштері баяндалады.
      164. Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаты жоспарлы кезеңнің соңында өңірді дамытудың белгілі бір бағытының жай-күйінің пайымын, өңірді дамытудың бірнеше міндеттерді шешумен қол жеткізілетін сапалы бағдарын білдіреді.
      165. Аумақты дамыту бағдарламасының барлық мақсаттары бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу дәрежесін айқындауға мүмкіндік беретін, өлшенетін көрсеткіштерді білдіретін нысаналы индикаторларды қамтуы тиіс.
      166. Аумақтарды дамыту бағдарламасының міндеттері бағдарламаның тиісті мақсатында қол жеткізу орындалуы үшін қажет, ағымдағы жағдайды талдау негізінде қалыптасатын және жоспарлы кезеңнің соңында өңірдегі шешуші өзгерістерді көруге мүмкіндік беретін негізгі шарттарды білдіреді.
      167. Нәтижелер көрсеткіштері жоспарланған мәнге қол жеткізу көзделетін нақты кезеңді (орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді) көрсете отырып, аумақты дамыту бағдарламасы міндеттерінің шешілу дәрежесін сипаттайтын сандық өлшенетін мәнді білдіреді.
      168. Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері оларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар көрсетіле отырып келтіріледі.
      169. «Бағдарламаның қойылған мақсаттарына қол жеткізу жолдары  және тиісті шаралар» бөлімінде аумақты дамыту бағдарламасының іске асырылуына жауапты мемлекеттік органдардың және ұйымдардың қойылған мақсаттарға қол жеткізу және алдағы міндеттерді шешу жолдары, сондай-ақ әрбір мақсатқа қол жеткізілуін және әрбір міндеттің шешілуін толық көлемде және қажетті мерзімде қамтамасыз ететін шаралар жүйесі келтіріледі.
      170. «Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» бөлімінде әрбір кезең үшін мақсаттарды, міндеттерді, нысаналы индикаторларды, нәтижелер көрсеткіштерін және қол жеткізу шараларын көрсете отырып, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру кезеңдерінің сипаттамасы баяндалады.
      171. «Қажетті ресурстар» бөлімінде аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру үшін ресурстарға (қаржы-экономикалық, материалдық-техникалық, еңбек) қажеттілік мәселелері баяндалады.
      172. Аумақты дамыту бағдарламасын қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, мемлекеттік қарыздар, мемлекеттің кепілдігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар, тікелей шетелдік және отандық инвестициялар, халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдардың немесе донор елдердің гранттары, екінші деңгейдегі банктердің кредиттері, ұйымдардың өз қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер бола алады.
      173. Қаржыландырудың болжанатын көлемдері әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, жоспарлы кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің параметрлері, халықаралық шарттар мен басқа да факторлар ескеріле отырып айқындалады.
      174. «Бағдарламаны басқару» бөлімі орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар іс-қимылының келісімділігіне, мақсаттар мен ресурстар бойынша құжаттың теңгерімділігіне қол жеткізу бойынша аумақты дамыту бағдарламасын басқару жүйесін сипаттауды қамтиды.

5.2. Аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру

      175. Аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың тиісті стратегиялық жоспарларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
      176. Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары - мерзімін, орындаушыларын, аяқталу нысанын, оны іске асырудың қажетті шығындарын айқындай отырып, мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған нақты іс-қимылдар жиынтығы.
      177. Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын тиісті аумақтың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы әзірлейді және оны тиісті аумақтың әкімі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жоғары тұрған уәкілетті органмен келісім бойынша аумақтарды дамыту бағдарламасы бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде бекітеді.

5.3. Аумақтарды дамыту бағдарламаларының мониторингі

      178. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасының мониторингін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органдар беретін жедел есептілік негізінде жүргізеді.
      179. Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасының мониторингін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдары беретін жедел есептілік негізінде жүргізеді.
      180. Аумақтарды дамыту бағдарламаларының мониторингі бір жылда екі рет: жарты жылдың қорытындылары бойынша және бір жылдың қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
      181. Аумақтарды дамыту бағдарламаларына мониторинг жүргізу үшін оларды әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде есепті жылдың бірінші жарты жылы және есепті жыл аяқталған күннен бастап екі апта мерзімде аумақтарды дамыту бағдарламаларына мониторинг жүргізуге уәкілетті органдарға жедел есептілікті тапсырады.
      182. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларына жүргізілген мониторингтің нәтижелері бойынша мониторинг жөніндегі жалпы есепті дайындайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне: есепті жылдың бірінші жарты жылы үшін - есепті жылдың 15 тамызынан кешіктірмей, жылдың қорытындылары бойынша - есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей береді.
      183. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның мониторинг жөніндегі жалпы есебін қарағаннан кейін облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларына есепті жылдың бірінші жарты жылына және бір жылға жүргізілген мониторингтің нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды және оны Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне: есепті жылдың бірінші жарты жылы үшін - есепті жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей, жылдың қортындылары бойынша - есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызынан кешіктірмей береді.

5.4. Аумақтарды дамыту бағдарламаларын бағалау

      184. Аумақтарды дамыту бағдарламасын бағалау оларды іске асырудан кейін үш жыл өткен соң (аралық) және жоспарлы кезең өткен соң (түпкі) жүзеге асырылады.
      185. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын бағалауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
      186. Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын бағалауды ауданның (облыстың маңызы бар қаланың) және облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдары жүргізеді.
      187. Аумақты дамыту бағдарламасын бағалау жергілікті атқарушы органдар беретін бағалау жөніндегі есеп негізінде жүзеге асырылады.
      188. Мәслихаттың тексеру комиссиясы өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде аумақты дамыту бағдарламасына жүргізген бағалау қорытындылары тиісті бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша мәслихаттың тексеру комиссиясы ұсыныс қабылдағаннан кейін жергілікті атқарушы органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
      189. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі қол қойған облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын бағалау жөніндегі есепті қалыптастырады және оны есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға тапсырады.
      190. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын бағалау жөніндегі есепті қарап, облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын бағалау жөніндегі жалпы есепті дайындайды және оны есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне тапсырады.
      191. Қазақстан Республикасының Үкіметі облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын бағалау жөніндегі жалпы есепті қарағаннан кейін облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасына жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды және оны есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 мамырына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне тапсырады.
      192. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын бағалау қорытындыларын қарағаннан кейін сараптамалық қорытынды дайындайды және оны есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 маусымынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Президентіне енгізеді.

5.5. Аумақтарды дамыту бағдарламасын бақылау

      193. Аумақтарды дамыту бағдарламасын бақылау аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының мониторингі, бағалау және іске асыру жөніндегі жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.
      194. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасына бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі айқындайды.

6. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары

6.1. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу

      195. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының әзірленген жобасы мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсаттарына, көрсеткіштеріне қол жеткізу және міндеттерін шешудің жолдары мен тәсілдерін баяндай отырып, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыруға, сондай-ақ мемлекеттік органның мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді тиімді орындауға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуге бағдарлануы;
      2) өзіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметін қоса алғанда, өз қызметінің барлық саласын қамтуы;
      3) мемлекеттік бағдарламаларда (аумақтарды дамыту бағдарламаларында) көзделген барлық стратегиялық мақсаттарды, міндеттерді көрсетуі;
      4) мақсаттар, міндеттер, нәтижелер көрсеткіштерінің қисынды өзара байланысының сақталуы;
      5) игілік алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы;
      6) әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік органдар іс-қимылының келісімділігінің сақталуы;
      7) мемлекеттік органның алдыңғы жоспарлы кезеңге арналған стратегиялық жоспарында бекітілген мемлекеттік органның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, нәтижелер көрсеткіштері ескеріле отырып әзірленуі;
      8) тезистік форматта қысқа әрі нақты жазылуы.
      196. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
      1) миссия және пайым;
      2) ағымдағы жағдайды талдау және қызметтің тиісті саласының (аясының) даму үрдісі;
      3) стартегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері;
      4) функционалдық мүмкіндіктерді дамыту;
      5) ведомствоаралық өзара іс-қимыл;
      6) тәуекелдерді басқару;
      7) бюджеттік бағдарламалар.
      197. «Миссия және пайым» бөлімінде мемлекеттік органның миссиясы және пайымы жазылады.
      198. Мемлекеттік органның миссиясы мемлекеттік басқару субъектісі ретінде тиісті салада немесе қызмет аясында мемлекеттік саясатты іске асырудағы оның рөлін айқындауды білдіретін мемлекеттік органның негізгі мақсаты болып табылады.
      199. Мемлекеттік органның пайымы стратегиялық жоспарды іске асыру нәтижесінде жетекшілік ететін салаларының немесе қызмет аяларының перспективалық жай-күйі болып табылады.
      200. «Ағымдағы жағдайды талдау және қызметтің тиісті салаларының (аяларының) даму үрдісі» бөлімінде:
      1) статистикалық деректерді не қызмет саланың немесе қызмет аясының жай-күйін сипаттайтын басқа да көрсеткіштерді келтіре отырып, оның ішінде басқа елдермен салыстырғанда мемлекеттік орган қызметінің реттелетін саласын немесе қызмет аясын дамытудың негізгі өлшемдері;
      2) экономика мен қоғамның алдында тұрған, шешілуіне стратегиялық жоспар бағытталған негізгі проблемаларды талдау;
      3) саланы немесе қызмет аясын дамытуға әсер ететін негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау баяндалады.
      201. Ағымдағы жағдайды талдау мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттары бөлінісінде жүргізіледі.
      202. Ағымдағы жағдайды талдау негізінде мемлекеттік орган жақсартуға сондай-ақ айқындалған жалпыұлттық мақсаттарға қол жеткізуді маңызды деп есептейтін тиісті салаларды немесе қызмет аясын дамытудың бағыттары қалыптастырылады.
      203. Ағымдағы жағдайды талдауды баяндаудың дәйектілігі стратегиялық бағыттарды баяндау дәйектілігімен сәйкес келуі тиіс.
      204. «Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері» бөлімінде мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары мен нәтижелер көрсеткіштері баяндалады, сондай-ақ мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігінің сипаттамасы келтіріледі. Стратегиялық бағыттар өзгеруі стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгіленген мақсаттар мен басымдықтарға қол жеткізу үшін барынша маңызды болып табылатын экономиканың реттелетін салаларын, секторларын немесе қызмет аяларын талдау негізінде қалыптастырылады.
      205. Мемлекеттік органның мақсаты нысаналы индикаторларда көрініс тапқан осы мемлекеттік органның қызметінде немесе ол реттейтін аяда белгілі бір нақты өзгерістерге қол жеткізу болып табылады.
      Мақсаттарды айқындау кезінде мемлекеттік орган мынадай талаптарды ұстану қажет:
      1) мақсаттардың белгіленген проблемалармен нақты себеп-салдарлық байланысының болуы;
      2) мақсаттарға қол жеткізуді сандық көрсеткіштердің көмегімен көрсету мүмкіндігі;
      3) Стратегиялық жоспардың, Аумақтық-кеңістіктің дамудың болжамды схемасының, мемлекеттік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсаттарына сәйкестігі;
      4) мақсаттарды тұжырымдау қысқа және нақты болуы тиіс, оларды тұжырымдау кезінде:
      еркін немесе бір мәнді түсінуді бермейтін терминдерді, ұғымдар мен түсініктерді пайдалануға;
      мақсаттың өзіне қол жеткізудің салдары болып табылатын өзге де мақсаттарды, міндеттерді немесе нәтижелерді көрсетуге жол берілмейді.
      206. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында әрбір мақсат үшін нысаналы индикаторлар айқындалады және мақсатқа қол жеткізу жолдары, құралдары мен әдістері сипатталады.
      207. Әрбір нысаналы индикатор бойынша есепті және бесжылдық кезеңнің жылдары бойынша нысаналы индикатордың аралық мәнін айқындай отырып оның жоспарланған мәніне қол жеткізудің түпкілікті мерзімі (кезеңі) айқындалады.
      208. Бесжылдық кезеңде тиісті мақсатқа қол жеткізу үшін орындалуы тиіс және жоспарлы кезеңнің соңында қызмет аясындағы шешуші өзгерістерді көруге мүмкіндік беретін шарттар мемлекеттік органның міндеттері болып табылады.
      209. Мемлекеттік органның өз қызметін қамтамасыз етуге бағытталған міндеттер қоюға жол берілмейді.
      210. Әрбір міндет үшін есепті және жоспарлы кезеңдерде шешілу деңгейін барынша көрсететін нәтижелердің өзара байланысты, санмен өлшенетін кемінде үш көрсеткіші келтіріледі.
      211. Нәтижелер көрсеткіштерінде мемлекеттік орган қызметінің тікелей нәтижелері көрініс табады, түрлі кезеңдер бойынша өздерінің салыстырмалылығына үзіліссіз мониторинг жүргізуді қамтамасыз ете отырып, есепті және бесжылдық кезеңнің жылдары бойынша мәні көрсетіледі. Нәтижелер көрсеткіштерін әзірлеу кезінде олар бойынша қажетті статистикалық және есептік деректерді алуды қамтамасыз ету қажет. Таңдалынып алынған көрсеткіштер бойынша есепті деректерді алу үзіліссіз жүзеге асырылуы тиіс және олардың жекелеген кезеңдер үшін, сондай-ақ халықаралық тәжірибеде пайдаланылатын көрсеткіштермен салыстырмалылығы қамтамасыз етілуі тиіс.
      212. Әрбір міндетті шешу үшін оларды жылдар бойынша іске асырудың мерзімдерін көрсете отырып негізгі іс-шаралардың тізбесі айқындалады.
      213. «Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту» бөлімінде мемлекеттік органның ішкі ортасын өзгерту, ішкі қызметін ұйымдастыруды жақсарту, өзінің функционалдық мүмкіндіктерін дамыту, өзінің қызмет нәтижелерін жақсарту және стратегиялық мақсаттарға тиімді қол жеткізу үшін қажетті көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру (персоналды кәсіптік даярлау деңгейі және оны дамыту жөніндегі шаралар, ақпараттық ресурстардың сапасын арттыру, орындаушылық тәртіпті арттыру, мемлекеттік органның бақылау және рұқсат беру функцияларын қысқарту, жекелеген қызмет түрлерін бәсекелі ортаға беру және т.б.) жөніндегі жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат жазылады.
      214. Мемлекеттік органның функционалдық мүмкіндіктерін дамытудың әрбір бағыты бойынша мақсаттар, міндеттер және санмен өлшенетін көрсеткіштер көрсетілуі қажет.
      215. «Ведомствоаралық өзара іс-қимыл» бөлімінде қол жеткізілуі үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды талап ететін көрсеткіштері және мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері бөлінісінде ведомствоаралық өзара байланысы баяндала отырып, тиісті мемлекеттік органдар көрсетіледі.
      216. «Ведомствоаралық өзара іс-қимыл» бөлімі тиісті мемлекеттік органдармен (бөлімде көрсетілген) келісіледі.
      217. «Тәуекелдерді басқару» бөлімінде:
      1) мемлекеттік органның қызметіне әсер ететін ықтимал тәуекелдер тізбесі және мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының іске асырылу барысына әсер ететін және жоспарлаған нәтижелерге қол жеткізуге кедергі болатын тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар баяндала отырып, олардың алдын алу және (немесе) еңсеру жөніндегі ықтимал іс-шаралар келтіріледі;
      2) объективті немесе субъективті сипаттағы ішкі немесе сыртқы себептерден жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізе алмау тәуекелі туындаған жағдайда, мемлекеттік органның көзделген нақты баламалы іс-шаралары баяндалады.
       218. Жеткілікті қаржыландырмау тәуекелі мемлекеттік органның көрсеткіштеріне қол жеткізе алмауының ықтимал тәуекелі ретінде таныла алмайды.
      219. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының «Бюджеттік бағдарламалар» бөлімінде мемлекеттік функциялар мен өкілеттерді орындауға стратегиялық жоспарда көзделген мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін қажетті және жеткілікті принциптерді негізге ала отырып, мемлекеттік органның үшжылдық жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік бағдарламалары келтіріледі.
      220. Әрбір бюджеттік бағдарлама:
      1) жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің мазмұнын және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуді немесе мемлекеттік орган қызметінің бағытын көрсететін бюджеттік бағдарламаның (және болған жағдайда кіші бағдарламалардың) атауын;
      2) бюджеттік бағдарламаның қысқаша сипаттамасын;
      3) қол жеткізілуі бюджеттік бағдарламаны (стратегиялық жоспардың үшінші бөлімінен) іске асырғанда қамтамасыз етілетін мемлекеттік органның стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен міндеттерін;
      4) бюджеттік бағдарламаны іске асыру нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштерді (сандық, сапалық, тиімділік, нәтижелілік);
      5) есепті және жоспарлы кезеңдердегі бюджеттік шығыстардың көлемдерін қамтиды.
      221. Жаңадан әзірленетін бюджеттік бағдарламалар оларды әзірлеу үшін негіздер мен олардың ықтимал бюджеттік қамтамасыз етілу негіздемесін көрсете отырып және қойылған мақсаттарға, оның ішінде бюджеттен тыс қаржыландыру көздері есебінен қол жеткізудің балама нұсқаларын міндетті түрде келтіре отырып жеке бөліп көрсетіледі.
      222. «Бюджеттік бағдарламалар» бөлімінде, сондай-ақ бюджет шығыстарының жиынтығы көрсетіледі.
      223. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі «Бюджеттік бағдарламалар» бөлімін әзірлеуді жүзеге асырмайды.
      224. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының форматын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

6.2. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын
іске асыру

      225. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру операциялық жоспарды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
      226. Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

6.3. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының
мониторингі

      227. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының мониторингін операциялық жоспардың іске асырылу барысын талдау негізінде әзірлеуші мемлекеттік орган жүзеге асырады.
      228. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының мониторингі бір жылда екі рет: есепті жылдың бірінші жарты жылының қорытындылары бойынша және есепті жылдың қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
      229. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын  және есеп беретін мемлекеттік органдар есепті жылдың бірінші жарты жылының және есепті жылдың қорытындылары бойынша стратегиялық жоспарларды іске асыру жөніндегі жедел есептілікті дайындайды және оны Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне: есепті жылдың бірінші жарты жылының қорытындылары бойынша - есепті жылдың 1 тамызынан кешіктірмей, ал жылдың қорытындылары бойынша - есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей береді.
      230. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін  мемлекеттік органдар есепті жылдың бірінші жарты жылының және есепті жылдың қорытындылары бойынша стратегиялық жоспарларды іске асыру жөніндегі жедел есептілікті дайындайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне: есепті жылдың бірінші жылының қорытындылары бойынша - есепті жылдың 1 тамызынан кешіктірмей, ал жылдың қорытындылары бойынша - есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей береді.
      231. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар есепті жылдың бірінші жарты жылының және есепті жылдың қорытындылары бойынша стратегиялық жоспарларды іске асыру жөніндегі жедел есептілікті дайындайды және оны жергілікті атқарушы органға: есепті жылдың бірінші жарты жылының қорытындылары бойынша - есепті жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей, ал жылдың қорытындылары бойынша - есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтардан кешіктірмей береді.
      232. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына жүргізілген мониторинг жөніндегі жедел есептілікті қарағаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі қорытынды дайындайды және оны Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне: есепті жылдың бірінші жарты жылының қорытындылары бойынша - есепті жылдың 15 тамызынан кешіктірмей, ал бір жылдың қорытындылары бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей береді.

6.4. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бағалау

      233. Орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бағалау жыл сайын Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      234. Орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бағалауды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті өзінің жұмыс жоспарына сәйкес оларға жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде жүзеге асырады.
      235. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарының іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган және мәслихаттың тексеру комиссиясы өзінің жұмыс жоспарына сәйкес оған жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде жүзеге асырады.
      236. Мемлекеттік органдар стратегиялық жоспарларға бағалау жүргізуге уәкілетті органдарға есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есеп болып табылатын бағалау жөніндегі есепті береді.
      237. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті өзінің жұмыс жоспарына сәйкес оларға жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде жүргізген бағалау қорытындылары тиісті бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша Республикалық бюджеттік атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулысы (ұсынысы) қабылданғаннан кейін стратегиялық жоспарларға бағалау жүргізуге уәкілетті органдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және бақылау объектілеріне жіберіледі.
      238. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына мәслихаттың тексеру комиссиялары өзінің жұмыс жоспарына сәйкес оған жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде жүргізген бағалау қорытындылары тиісті бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша мәслихаттың тексеру комиссиясының ұсынысы қабылданғаннан кейін стратегиялық жоспарларға бағалау жүргізуге уәкілетті органдарға, жергілікті атқарушы органға және бақылау объектілеріне жіберіледі.

6.5. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бақылау

      239. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бақылау мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының мониторингі, іске асыру жөніндегі бағалау және жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.
      240. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде айқындалған тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар айқындайды.