Қазақстан Республикасында мемлекеттiк бағдарламалар әзiрлеу және iске асыру ережесi туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 маусымдағы N 1099 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен

      2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж, N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      173-бап мынадай мазмұндағы он бесінші және он алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "15. Міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған кезде сақтанушыларға (сақтандырылған адамдарға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қорға міндетті немесе төтенше жарналарды төлемеу, уақтылы төлемеу не толық көлемде төлемеу, -
      лауазымды адамға - елу, заңды тұлғаға екі жүз елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      16. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы есептілігін және өзге де мәліметтерді Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау міндеттілігі туралы талаптарды бұзуы -
      жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады."

      Қазақстан Республикасының
      Президенті