Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 689 Жарлығы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс           

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне  өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Мемлекеттік наградалар жөнінде комиссия құру, оның құрамын және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі N 2935 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 14, 108-құжат; N 44, 422-құжат; 1997 ж., N 2, 19-құжат; 2003 ж., N 41, 426-құжат; 2007 ж., N 24 ж., 268-құжат):
      Жарлықтың атауындағы "оның құрамын және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия туралы ережені" деген сөздер "ол туралы Ережені" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия туралы ережеде:
       8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Президент Кеңсесі жүзеге асырады.";

      2) "Қазақстан Республикасының Заңдарын Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына және қарауына ұсыну, оларды тіркеу, жария ету және сақтау тәртібі туралы ережені бекіту" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 шілдедегі N 3051 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 30, 267-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңдарын Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына және қарауына ұсыну, оларды тіркеу, жария ету және сақтау тәртібі туралы ережеде:
       2-тармақтағы "Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі" деген сөздер "Жалпы бөлім" деген сөздермен ауыстырылсын;
       5-тармақтың бірінші абзацындағы "Құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне" деген сөздер "Жалпы бөліміне" деген сөздермен ауыстырылсын;
       6-тармақтағы "Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде" деген сөздер "Жалпы бөлімінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы N 470 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 43, 503-құжат; 2004 ж., N 22, 276-құжат; 2005 ж., N 19, 227-құжат; 2006 ж., N 1, 2-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның құрамында (лауазымы бойынша):
      "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі" деген жолдағы "Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-кадр жұмысы" деген сөздер "Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі N 691 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 32, 421-құжат; 2002 ж., N 44, 436-құжат; 2003 ж., N 45, 487-құжат; 2004 ж., N 21, 266-құжат; N 51, 671-құжат; 2007 ж., N 24, 268-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамына мыналар енгізілсін:

Әбдірахымов               - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
Ғабидолла Рахматоллаұлы     Кеңсесінің Басшысы, төрағаның орынбасары,

Мыңбай                    - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Дархан Қамзабекұлы          және ақпарат вице-министрі, хатшы,

Бижанов                   - Қазақстан Республикасы Парламенті
Ақан Құсайынұлы             Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму
                            комитетінің төрағасы (келісім бойынша),

Досқалиев                 - Қазақстан Республикасы Парламенті
Жақсылық Ақмырзаұлы         Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму
                            комитетінің төрағасы (келісім бойынша),

Дьяченко                  - Қазақстан Республикасы Парламенті
Сергей Александрович        Мәжілісі Төрағасының орынбасары,
                            Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының
                            орынбасары (келісім бойынша),

Жолдасбаева               - Қазақстан Республикасы Парламенті
Нұрлығайым Шалданқызы       Сенатының Экономикалық және өңірлік
                            саясат комитетінің төрайымы (келісім
                            бойынша),

      көрсетілген Комиссияның құрамынан: А.Ы.Бөрібаев, Л.Н.Бурлаков, А.Д.Досжан, Е.Қ.Ертісбаев, З.Ж.Қадырова, Е.Т.Орынбаев, Қ.С.Сұлтанов, С.А.Терещенко шығарылсын;

      5) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 829 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 41, 426-құжат; 2007 ж., N 24, 268-құжат; 2008 ж., N 20, 182-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы наградалар жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Нүрпейісов                - Қазақстан Республикасы Президенті
Қайрат Айтмұхамбетұлы       Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
                            төрағаның орынбасары,

Құл-Мұхамед               - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Мұхтар Абрарұлы             ақпарат министрі;

      мына жол:

"Көшкінов                 - Қазақстан Республикасының Президенті
Ержан Сүлейменұлы           Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және
                            ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің
                            сектор меңгерушісі, Комиссия хатшысы"

      мынадай редакцияда жазылсын:

"Көшкінов                 - Қазақстан Республикасы Президенті
Ержан Сүлейменұлы           Кеңсесінің сектор меңгерушісі, Комиссия
                            хатшысы";

      Комиссия көрсетілген құрамынан: Е.Қ.Ертісбаев, Д.А.Кәлетаев шығарылсын;

      6) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 839 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 92-құжат; N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 9, 92-құжат; 2004 ж., N 14, 171-құжат; N 51, 671-құжат; 2005 ж., N 43, 573-құжат; 2006 ж., N 35, 374-құжат; 2007 ж., N 3, 36-құжат; N 24, 268-құжат; 2008 ж., N 4, 43-құжат; N 20, 182-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Донақов                   - Қазақстан Республикасы Президенті
Талғат Советбекұлы          Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
                            төрағаның орынбасары,

Сүлейменов                - Қазақстан Республикасы Президентінің
Қайырбек Шошанұлы           көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің
                            хатшысы,

Омаров                    - "Қазақстан" республикалық
Жанай Сейтжанұлы            телерадиокорпорациясы" АҚ басқармасының
                            бастығы (келісім бойынша);

      мына жол:

"Имашев                   - Қазақстан Республикасы Президентінің
Берік Мәжитұлы              көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің
                            хатшысы, төрағаның орынбасары"

      мынадай редакцияда жазылсын:

"Имашев                   - Қазақстан Республикасы Парламенті
Берік Мәжитұлы              Сенатының депутаты (келісім бойынша)";

      көрсетілген комиссия құрамынан: Ғ.Р.Әбдірахымов, Д.С.Әбдіхамитов, Қ.Ахметов, Н.Н.Дүтбаев шығарылсын;

      7) "Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 1042 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 11, 125-құжат; 2004 ж., N 15, 183-құжат; 2005 ж., N 21, 247-құжат; 2006 ж., N 20, 195-құжат; 2007 ж., N 1, 1-құжат; 2008 ж., N 20, 182-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Федоров                   - Қазақстан Республикасы Ішкі істер вице-
Олег Анатольевич            министрі;

      мына жол:

"Байжанов                 - "Қазмұнайгаз ҰК" АҚ вице-президенті
Ұлан Сапарұлы               (келісім бойынша)"

      мынадай редакцияда жазылсын:

"Байжанов                 - Қазақстандық тәуелсіз директорлар
Ұлан Сапарұлы               қауымдастығының төрағасы (келісім
                            бойынша)";

      көрсетілген Комиссия құрамынан А.Ж.Шпекбаев шығарылсын;

      8) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 151 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);

      9) күші жойылды - ҚР Президентінің 09.04.2014 № 791 Жарлығымен;

      10) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі N 140 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 25, 254-құжат; 2007 ж., N 11, 119-құжат; N 44, 515-құжат; 2008 ж., N 20, 182-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:

Есім                      - Қазақстан Республикасы Парламенті
Ғарифолла                   Сенатының депутаты (келісім бойынша),

      мына жолдар:

"Донақов                  - Қазақстан Республикасы Президенті
Талғат Советбекұлы          Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің
                            меңгерушісі, төрағаның орынбасары",

"Әбдіқалықова             - Қазақстан Республикасы Президентінің
Гүлшара Наушақызы           кеңесшісі - Қазақстан Республикасының
                            Президенті жанындағы Отбасы істері және
                            гендерлік саясат жөніндегі ұлттық
                            комиссияның төрайымы"

      тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

"Донақов                  - Қазақстан Республикасы Президенті
Талғат Советбекұлы          Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
                            төрағаның орынбасары",

"Әбдіқалықова             - Қазақстан Республикасы Президентінің
Гүлшара Наушақызы           кеңесшісі - Қазақстан Республикасының
                            Президенті жанындағы Әйелдер істері
                            және отбасылық-демографиялық саясат
                            жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы";

      көрсетілген Комиссия құрамынан: С.А.Әбдіманапов, Л.Н.Бурлаков  шығарылсын;

      11) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы N 198 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 38, 421-құжат; 2007 ж., N 11, 119-құжат; N 24, 268-құжат; 2008 ж., N 4, 43-құжат; N 20, 182-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия құрамында :

      мына жол:

"Донақов                  - Қазақстан Республикасы Президенті
Талғат Советбекұлы          Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің
                            меңгерушісі, төрағаның орынбасары"

      мынадай редакцияда жазылсын:

"Донақов                  - Қазақстан Республикасы Президенті
Талғат Советбекұлы          Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
                            төрағаның орынбасары";

      12) "Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 11, 120-құжат; N 38, 430-құжат; 2008 ж., N 24, 226-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына енгізілсін:

Исекешев                  - Қазақстан Республикасы Президентінің
Әсет Орынтайұлы             көмекшісі, төрағаның орынбасары;

      мына жолдар:

"Келімбетов               - Қазақстан Республикасы Президенті
Қайрат Нематұлы             Әкімшілігінің Басшысы, төрағаның
                            орынбасары",

"Мирчев Александр         - Қазақстан Республикасы
                            Премьер-Министрінің кеңесшісі",

"Эванс Ричард             - "Самұрық" мемлекеттік активтерді
                            басқару жөніндегі қазақстандық
                            холдингі" АҚ директорлар кеңесінің
                            төрағасы"

      тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

"Келімбетов               - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
Қайрат Нематұлы             акционерлік қоғамы басқармасының
                            төрағасы",

"Мирчев Александр         - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
                            АҚ директорлар кеңесінің мүшесі",

"Эванс Ричард             - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
                            АҚ директорлар кеңесінің мүшесі";

      көрсетілген Мемлекеттік комиссия құрамынан: Қ.А.Бозымбаев, А.Ғ.Дунаев шығарылсын;

      13) Күші жойылды - ҚР Президентінің 21.01.2015 № 993 Жарлығымен (01.01.2015 қолданысқа енгізіледі);

      14) "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Астананың сәулет кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 12 қарашадағы N 434 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 42, 477-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Астананың сәулет кеңесінің құрамына енгізілсін:

Тасмағамбетов             - Астана қаласының әкімі, төрағаның
Иманғали Нұрғалиұлы         орынбасары;

      аталған Сәулет кеңесінің құрамынан А.Ұ.Мамин шығарылсын;

      15) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі N 625 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы; 2008 ж., N 32, 332-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңесінің құрамында :

       мына жол:

"Әбдірахымов              - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Ғабидолла Рахматоллаұлы     қызмет істері агенттігінің төрағасы,
                            төраға"

      мынадай редакцияда жазылсын:

"Әбдірахымов              - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ғабидолла Рахматоллаұлы     Министрі Кеңсесінің Басшысы, төраға";

      16) "Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 15 маусымдағы N 52 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 29, 278-құжат):
      аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты туралы ережеде:
       13-тармақтың бесінші абзацындағы және 18-тармақтағы "Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің" деген сөздер "Жалпы бөлімінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) күші жойылды - ҚР Президентiнiң 29.08.2016 № 312 Жарлығымен;

      18) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы N 303 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 44-құжат; N 39, 396-құжат; 2003 ж., N 18, 180-құжат; 2004 ж., N 4, 50-құжат; N 51, 671-құжат; 2005 ж., N 44, 578-құжат; 2006 ж., N 7, 51-құжат; N 5, 62-құжат; N 26, 299-құжат; N 35, 389-құжат; N 44, 515-құжат; 2008 ж., N 20, 182-құжат):
      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің дербес құрамында :

      мына жол:

"Донақов                  - Қазақстан Республикасы Президенті
Талғат Советбекұлы          Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің
                            меңгерушісі"

      мынадай редакцияда жазылсын:

"Донақов                  - Қазақстан Республикасы Президенті
Талғат Советбекұлы          Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
                            Кеңестің төрағасы";

      көрсетілген Кеңестің құрамынан О.И.Жұмабеков шығарылсын;

      19) "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі N 323 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 51, 671-құжат; 2005 ж., N 50, 638-құжат; 2007 ж., N 6, 69-құжат; 2008 ж., N 20, 182-құжат):
      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      20) Күші жойылды - ҚР Президентінің 2010.05.12 № 987 Жарлығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 09.04.2014 № 791; 21.01.2015 № 993 (01.01.2015 қолданысқа енгізіледі); 29.12.2015 № 151 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.08.2016 № 312 Жарлықтарымен.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                               Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2008 жылғы 12 қарашадағы
N 689 Жарлығына  
ҚОСЫМША       

Қазақстан Республикасы
Президентінің     
2002 жылғы 18 сәуірдегі
N 323 өкімімен   
БЕКІТІЛГЕН      

Жоғары әскери және өзге де атақтар,
сыныптық шендер жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ

Донақов                   - Қазақстан Республикасы Президенті
Талғат Советбекұлы          Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
                            Комиссия төрағасы

Комиссия мүшелері:

Абайділдин                - Қазақстан Республикасы Парламенті
Талғатбек Жәмшитұлы         Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Әбдіров                   - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының
Нұрлан Мәжитұлы             орынбасары - Қауіпсіздік Кеңесі
                            хатшылығының меңгерушісі

Әбдірахымов               - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
Ғабидолла Рахматоллаұлы     Кеңсесінің Басшысы

Баймағанбетов             - Қазақстан Республикасы Парламенті
Серік Нұртайұлы             Мәжілісінің Заңнама және сот-құқық
                            реформасы комитетінің төрағасы (келісім
                            бойынша)

Бектұрғанов               - Қазақстан Республикасы Президенті
Ерсұлтан Өтеғұлұлы          Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және
                            кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі

Шпекбаев                  - Қазақстан Республикасы Президенті
Алик Жатқамбайұлы           Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі
                            бөлімінің меңгерушісі