Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1560 Жарлығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 мамырдағы № 987 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 791 Жарлығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге, есірткі құралдарының және психотроптық заттардың, олардың прекурсорлары мен аналогтарының заңсыз айналымына және өзге де қылмыс түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 802 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Ахметұлы Мусиновқа» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Амантай Акрамұлы Әубәкіровке» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов