Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Мемлекеттік наградалар жөнінде комиссия құру, оның құрамын және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі N 2935 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 14, 108-құжат; N 44, 422-құжат; 1997 ж., N 2, 19-құжат; 2003 ж., N 41, 426-құжат; 2007 ж., N 24 ж., 268-құжат):
Жарлықтың атауындағы "оның құрамын және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия туралы ережені" деген сөздер "ол туралы Ережені" деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Президент Кеңсесі жүзеге асырады.";
2) "Қазақстан Республикасының Заңдарын Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына және қарауына ұсыну, оларды тіркеу, жария ету және сақтау тәртібі туралы ережені бекіту" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 шілдедегі N 3051 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 30, 267-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңдарын Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына және қарауына ұсыну, оларды тіркеу, жария ету және сақтау тәртібі туралы ережеде:
2-тармақтағы "Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі" деген сөздер "Жалпы бөлім" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші абзацындағы "Құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне" деген сөздер "Жалпы бөліміне" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде" деген сөздер "Жалпы бөлімінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы N 470 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 43, 503-құжат; 2004 ж., N 22, 276-құжат; 2005 ж., N 19, 227-құжат; 2006 ж., N 1, 2-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның құрамында (лауазымы бойынша):
"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі" деген жолдағы "Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-кадр жұмысы" деген сөздер "Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі N 691 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 32, 421-құжат; 2002 ж., N 44, 436-құжат; 2003 ж., N 45, 487-құжат; 2004 ж., N 21, 266-құжат; N 51, 671-құжат; 2007 ж., N 24, 268-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамына мыналар енгізілсін:
Әбдірахымов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
Ғабидолла Рахматоллаұлы Кеңсесінің Басшысы, төрағаның орынбасары,
Мыңбай - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Дархан Қамзабекұлы және ақпарат вице-министрі, хатшы,
Бижанов - Қазақстан Республикасы Парламенті
Ақан Құсайынұлы Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму
комитетінің төрағасы (келісім бойынша),
Досқалиев - Қазақстан Республикасы Парламенті
Жақсылық Ақмырзаұлы Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму
комитетінің төрағасы (келісім бойынша),
Дьяченко - Қазақстан Республикасы Парламенті
Сергей Александрович Мәжілісі Төрағасының орынбасары,
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының
орынбасары (келісім бойынша),
Жолдасбаева - Қазақстан Республикасы Парламенті
Нұрлығайым Шалданқызы Сенатының Экономикалық және өңірлік
саясат комитетінің төрайымы (келісім
бойынша),
көрсетілген Комиссияның құрамынан: А.Ы.Бөрібаев, Л.Н.Бурлаков, А.Д.Досжан, Е.Қ.Ертісбаев, З.Ж.Қадырова, Е.Т.Орынбаев, Қ.С.Сұлтанов, С.А.Терещенко шығарылсын;
5) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 829 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 41, 426-құжат; 2007 ж., N 24, 268-құжат; 2008 ж., N 20, 182-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы наградалар жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Нүрпейісов - Қазақстан Республикасы Президенті
Қайрат Айтмұхамбетұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
төрағаның орынбасары,
Құл-Мұхамед - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Мұхтар Абрарұлы ақпарат министрі;
мына жол:
"Көшкінов - Қазақстан Республикасының Президенті
Ержан Сүлейменұлы Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және
ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің
сектор меңгерушісі, Комиссия хатшысы"
мынадай редакцияда жазылсын:
"Көшкінов - Қазақстан Республикасы Президенті
Ержан Сүлейменұлы Кеңсесінің сектор меңгерушісі, Комиссия
хатшысы";
Комиссия көрсетілген құрамынан: Е.Қ.Ертісбаев, Д.А.Кәлетаев шығарылсын;
6) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 839 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 92-құжат; N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 9, 92-құжат; 2004 ж., N 14, 171-құжат; N 51, 671-құжат; 2005 ж., N 43, 573-құжат; 2006 ж., N 35, 374-құжат; 2007 ж., N 3, 36-құжат; N 24, 268-құжат; 2008 ж., N 4, 43-құжат; N 20, 182-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Донақов - Қазақстан Республикасы Президенті
Талғат Советбекұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
төрағаның орынбасары,
Сүлейменов - Қазақстан Республикасы Президентінің
Қайырбек Шошанұлы көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің
хатшысы,
Омаров - "Қазақстан" республикалық
Жанай Сейтжанұлы телерадиокорпорациясы" АҚ басқармасының
бастығы (келісім бойынша);
мына жол:
"Имашев - Қазақстан Республикасы Президентінің
Берік Мәжитұлы көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің
хатшысы, төрағаның орынбасары"
мынадай редакцияда жазылсын:
"Имашев - Қазақстан Республикасы Парламенті
Берік Мәжитұлы Сенатының депутаты (келісім бойынша)";
көрсетілген комиссия құрамынан: Ғ.Р.Әбдірахымов, Д.С.Әбдіхамитов, Қ.Ахметов, Н.Н.Дүтбаев шығарылсын;
7) "Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 1042 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 11, 125-құжат; 2004 ж., N 15, 183-құжат; 2005 ж., N 21, 247-құжат; 2006 ж., N 20, 195-құжат; 2007 ж., N 1, 1-құжат; 2008 ж., N 20, 182-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Федоров - Қазақстан Республикасы Ішкі істер вице-
Олег Анатольевич министрі;
мына жол:
"Байжанов - "Қазмұнайгаз ҰК" АҚ вице-президенті
Ұлан Сапарұлы (келісім бойынша)"
мынадай редакцияда жазылсын:
"Байжанов - Қазақстандық тәуелсіз директорлар
Ұлан Сапарұлы қауымдастығының төрағасы (келісім
бойынша)";
көрсетілген Комиссия құрамынан А.Ж.Шпекбаев шығарылсын;
8) "Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1243 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 47, 524-құжат; 2004 ж., N 21, 265-құжат; 2006 ж., N 1, 1-құжат; 2007 ж., N 43, 499-құжат; 2008 ж., N 20, 182-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне кандидаттарды іріктеу және олармен жұмыс жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:
Мусин - Қазақстан Республикасы Президенті
Аслан Есболайұлы Әкімшілігінің Басшысы, төраға;
мына жол:
"Әбдірахымов - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Ғабидолла Рахматоллаұлы қызмет істері агенттігінің төрағасы"
мынадай редакцияда жазылсын:
"Әбдірахымов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ғабидолла Рахматоллаұлы Министрі Кеңсесінің Басшысы";
көрсетілген Комиссияның құрамынан: Б.М.Имашев, Д.А.Кәлетаев, Қ.Н.Келімбетов, Б.А.Сағынтаев шығарылсын;
9) күші жойылды - ҚР Президентінің 09.04.2014 № 791 Жарлығымен;
10) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі N 140 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 25, 254-құжат; 2007 ж., N 11, 119-құжат; N 44, 515-құжат; 2008 ж., N 20, 182-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:
Есім - Қазақстан Республикасы Парламенті
Ғарифолла Сенатының депутаты (келісім бойынша),
мына жолдар:
"Донақов - Қазақстан Республикасы Президенті
Талғат Советбекұлы Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің
меңгерушісі, төрағаның орынбасары",
"Әбдіқалықова - Қазақстан Республикасы Президентінің
Гүлшара Наушақызы кеңесшісі - Қазақстан Республикасының
Президенті жанындағы Отбасы істері және
гендерлік саясат жөніндегі ұлттық
комиссияның төрайымы"
тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
"Донақов - Қазақстан Республикасы Президенті
Талғат Советбекұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
төрағаның орынбасары",
"Әбдіқалықова - Қазақстан Республикасы Президентінің
Гүлшара Наушақызы кеңесшісі - Қазақстан Республикасының
Президенті жанындағы Әйелдер істері
және отбасылық-демографиялық саясат
жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы";
көрсетілген Комиссия құрамынан: С.А.Әбдіманапов, Л.Н.Бурлаков шығарылсын;
11) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы N 198 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 38, 421-құжат; 2007 ж., N 11, 119-құжат; N 24, 268-құжат; 2008 ж., N 4, 43-құжат; N 20, 182-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия құрамында :
мына жол:
"Донақов - Қазақстан Республикасы Президенті
Талғат Советбекұлы Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің
меңгерушісі, төрағаның орынбасары"
мынадай редакцияда жазылсын:
"Донақов - Қазақстан Республикасы Президенті
Талғат Советбекұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
төрағаның орынбасары";
12) "Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 11, 120-құжат; N 38, 430-құжат; 2008 ж., N 24, 226-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына енгізілсін:
Исекешев - Қазақстан Республикасы Президентінің
Әсет Орынтайұлы көмекшісі, төрағаның орынбасары;
мына жолдар:
"Келімбетов - Қазақстан Республикасы Президенті
Қайрат Нематұлы Әкімшілігінің Басшысы, төрағаның
орынбасары",
"Мирчев Александр - Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің кеңесшісі",
"Эванс Ричард - "Самұрық" мемлекеттік активтерді
басқару жөніндегі қазақстандық
холдингі" АҚ директорлар кеңесінің
төрағасы"
тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
"Келімбетов - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
Қайрат Нематұлы акционерлік қоғамы басқармасының
төрағасы",
"Мирчев Александр - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
АҚ директорлар кеңесінің мүшесі",
"Эванс Ричард - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
АҚ директорлар кеңесінің мүшесі";
көрсетілген Мемлекеттік комиссия құрамынан: Қ.А.Бозымбаев, А.Ғ.Дунаев шығарылсын;
13) "Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы N 381 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 27, 310-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия құрамына мыналар енгізілсін:
Әбдірайымов - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
Бақытжан Жарылқасымұлы университетінің ректоры, заң
ғылымдарының докторы, профессор,
Оңғарбаев - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Еркін Әнуарұлы министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы,
заң ғылымдарының докторы, профессор,
Школьник - Қазақстан Республикасының Индустрия
Владимир Сергеевич және сауда министрі, физика-математика
ғылымдарының докторы, профессор;
мына жолдар:
"Қуанғанов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Фархад Шаймұратұлы вице-министрі, хатшы",
"Досқалиев - Қазақ мемлекеттік медицина
Жақсылық Ақмырзаұлы академиясының ректоры, медицина
ғылымдарының докторы, профессор
(келісім бойынша)",
"Досымов - Жер туралы ғылым, металлургия және кен
Құсман Досымұлы байыту орталығы Д.В.Сокольский
атындағы Органикалық катализ және
электрохимия институтының директоры,
химия ғылымдарының докторы, профессор",
"Дүйсенбеков - Жер ресурстары және жерге орналастыру
Зайролла Дүйсенбекұлы мемлекеттік ғылыми-өндірістік
орталығының бас директоры, Қазақстан
Республикасы Ұлттық ғылым
академиясының академигі, ауыл
шаруашылығы ғылымдарының докторы,
профессор (келісім бойынша)",
"Жұмағұлов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Бақытжан Тұрсынұлы инженерлік академиясының президент,
техника ғылымдарының докторы, профессор
(келісім бойынша)",
"Молдабеков - "Қазғарыш" Ұлттық компаниясы"
Мейірбек Молдабекұлы акционерлік қоғамының вице-президенті,
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
академиясының академигі, техника
ғылымдарының докторы, профессор
(келісім бойынша)",
"Пішембаев - "Қазақстанның машина жасаушылар одағы"
Мейрам Құдайбергенұлы заңды тұлғалар бірлестігі басқармасының
төрағасы, экономика ғылымдарының
докторы (келісім бойынша)",
"Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Парламенті
Қуаныш Сұлтанұлы Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму
комитетінің төрағасы (келісім
бойынша)",
"Шоманов - Қайта өңдеуші және тағам өнеркәсібі
Үрішбай Шоманұлы ғылыми-өндірістік орталығы директорының
орынбасары, Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғылым академиясының академигі,
техника ғылымдарының докторы, профессор
(келісім бойынша)"
тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
"Қуанғанов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Фархад Шаймұратұлы министрлігінің жауапты хатшысы, хатшы",
"Досқалиев - Қазақстан Республикасы Парламенті
Жақсылық Ақмырзаұлы Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму
комитетінің төрағасы, медицина
ғылымдарының докторы, профессор
(келісім бойынша)",
"Досымов - Д.В.Сокольский атындағы Органикалық
Құсман Досымұлы катализ және электрохимия институтының
директоры, химия ғылымдарының докторы,
профессор",
"Дүйсенбеков - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
Зайролла Дүйсенбекұлы академиясы Орталық-Қазақстандық
бөлімшесінің төрағасы, Қазақстан
Республикасы Ұлттық ғылым академиясының
академигі, ауыл шаруашылығы
ғылымдарының докторы, профессор
(келісім бойынша)",
"Жұмағұлов - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
Бақытжан Тұрсынұлы университетінің ректоры, техника
ғылымдарының докторы, профессор
(келісім бойынша)",
"Молдабеков - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Мейірбек Молдабекұлы агенттігі төрағасының орынбасары,
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
академиясының академигі, техника
ғылымдарының докторы, профессор
(келісім бойынша)",
"Пішембаев - Қазақстан Республикасы Парламенті
Мейрам Құдайбергенұлы Мәжілісінің депутаты (келісім
бойынша)",
"Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Парламенті
Қуаныш Сұлтанұлы Сенатының Халықаралық қатынастар,
қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің
төрағасы (келісім бойынша)",
"Шоманов - "Казагроинновация" акционерлік қоғамы
Үрішбай Шоманұлы Тағам өнеркәсібі институтының бас
ғылыми қызметкері, Қазақстан
Республикасы Ұлттық ғылым академиясының
академигі, техника ғылымдарының
докторы, профессор (келісім бойынша)";
көрсетілген Комиссияның құрамынан: С.Ә.Әбдіманапов, В.Э.Березин, Ғ.І.Оразбақов шығарылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Мұхтар Абрарұлы ақпарат министрі, төрағаның орынбасары,
Мыңбай - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Дархан Қамзабекұлы ақпарат вице-министрі, хатшы;
көрсетілген Комиссияның құрамынан: Т. Әбдірашев, А.Ы.Бөрібаев, Е.Қ.Ертісбаев, Б. Мұқай шығарылсын;
14) "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Астананың сәулет кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 12 қарашадағы N 434 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 42, 477-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Астананың сәулет кеңесінің құрамына енгізілсін:
Тасмағамбетов - Астана қаласының әкімі, төрағаның
Иманғали Нұрғалиұлы орынбасары;
аталған Сәулет кеңесінің құрамынан А.Ұ.Мамин шығарылсын;
15) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі N 625 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы; 2008 ж., N 32, 332-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңесінің құрамында :
мына жол:
"Әбдірахымов - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Ғабидолла Рахматоллаұлы қызмет істері агенттігінің төрағасы,
төраға"
мынадай редакцияда жазылсын:
"Әбдірахымов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ғабидолла Рахматоллаұлы Министрі Кеңсесінің Басшысы, төраға";
16) "Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 15 маусымдағы N 52 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 29, 278-құжат):
аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты туралы ережеде:
13-тармақтың бесінші абзацындағы және 18-тармақтағы "Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің" деген сөздер "Жалпы бөлімінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
17) "Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 15 шілдедегі N 58 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 23, 282-құжат; 2002 ж., N 42, 415-құжат; 2003 ж., N 35, 347-құжат; 2004 ж., N 21, 266-құжат; 2005 ж., N 22, 267-құжат; 2007 ж., N 9, 100-құжат; N 24, 268-құжат; 2008 ж., N 4, 430-құжат; N 37, 399-құжат):
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның құрамына енгізілсін:
Ерғалиева - Қазақстан Республикасы Суретшілер
Райхан Әбдешқызы одағының мүшесі;
мына жол:
"Шаймерден - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Ербол Шаймерденұлы ақпарат министрлігі Тарихи-мәдени мұра
департаментінің директоры";
мынадай редакцияда жазылсын:
"Шаймерден - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Ербол Шаймерденұлы ақпарат министрлігі Тіл комитетінің
төрағасы";
көрсетілген Комиссия құрамынан Е.Т.Қарин шығарылсын;
18) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы N 303 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 44-құжат; N 39, 396-құжат; 2003 ж., N 18, 180-құжат; 2004 ж., N 4, 50-құжат; N 51, 671-құжат; 2005 ж., N 44, 578-құжат; 2006 ж., N 7, 51-құжат; N 5, 62-құжат; N 26, 299-құжат; N 35, 389-құжат; N 44, 515-құжат; 2008 ж., N 20, 182-құжат):
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің дербес құрамында :
мына жол:
"Донақов - Қазақстан Республикасы Президенті
Талғат Советбекұлы Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің
меңгерушісі"
мынадай редакцияда жазылсын:
"Донақов - Қазақстан Республикасы Президенті
Талғат Советбекұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
Кеңестің төрағасы";
көрсетілген Кеңестің құрамынан О.И.Жұмабеков шығарылсын;
19) "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі N 323 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 51, 671-құжат; 2005 ж., N 50, 638-құжат; 2007 ж., N 6, 69-құжат; 2008 ж., N 20, 182-құжат):
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
20) Күші жойылды - ҚР Президентінің 2010.05.12 № 987 Жарлығымен.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 09.04.2014 № 791 Жарлығымен.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы 12 қарашадағы
N 689 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы 18 сәуірдегі
N 323 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН
Жоғары әскери және өзге де атақтар,
сыныптық шендер жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ
Донақов - Қазақстан Республикасы Президенті
Талғат Советбекұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
Комиссия төрағасы
Комиссия мүшелері:
Абайділдин - Қазақстан Республикасы Парламенті
Талғатбек Жәмшитұлы Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Әбдіров - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының
Нұрлан Мәжитұлы орынбасары - Қауіпсіздік Кеңесі
хатшылығының меңгерушісі
Әбдірахымов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
Ғабидолла Рахматоллаұлы Кеңсесінің Басшысы
Баймағанбетов - Қазақстан Республикасы Парламенті
Серік Нұртайұлы Мәжілісінің Заңнама және сот-құқық
реформасы комитетінің төрағасы (келісім
бойынша)
Бектұрғанов - Қазақстан Республикасы Президенті
Ерсұлтан Өтеғұлұлы Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және
кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі
Шпекбаев - Қазақстан Республикасы Президенті
Алик Жатқамбайұлы Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі
бөлімінің меңгерушісі