Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығы

Жаңартылған

       Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлықтарымен.

      "Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" және республикалық  
баспасөзде жариялануға тиіс   

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсын және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсын өткізу белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлықтарымен.
      2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссия құрылсын.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлықтарымен.
      3. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсты өткізу және лауреаттар атағын беру ережелері;
      2) Алынып тасталды - ҚР Президентінің 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен;
      2-1) "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсын өткізу және дипломант атағын беру ережесі;
      3) Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлықтарымен.
      4. Алынып тасталды - ҚР Президентінің 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен.
      4-1. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2014.12.10 № 977 (2015.01.01 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      5. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiмде белгiленген тәртiппен:
      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережелерiн;
      2) Алынып тасталды - ҚР Президентінің 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен;
      3) "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік жене республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін әзірлесін және бекітсін.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлықтарымен.
      6. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықты iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.
      7. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
      8. Осы Жарлық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2006 жылғы 9 қазандағы 
№ 194 Жарлығына    
қосымша         

 Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2014.12.10 № 977 (2015.01.01 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы
      Президенті Әкімшілігінің Басшысы         — төраға

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма
      төрағасы (келісім бойынша)               — төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ұлттық
      кәсіпкерлер палатасының департамент
      директоры (келісім бойынша)              — хатшы

Комиссия мүшелері:

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі
      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
      «Қазақстан машина жасаушылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «Қазақстан Республикасы тауар өндірушілері мен экспорттаушылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)
      «Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
      «Қазақстан астық одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
      «Қазақстан тағам және қайта өңдеу өнеркәсібінің тауар өндірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
      «Қазақстан сүт одағы» қоғамдық бірлестігі басқармасының тең төрағасы (келісім бойынша)
      «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)
      «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдарының қазақстандық қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша)
      «Тұтынушылардың ұлттық лигасы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы  
Президентінің      
2006 жылғы 9 қазандағы  
N 194 Жарлығымен     
БЕКIТIЛГЕН       

       Ескерту. Тақырыптағы және мәтіндегі "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" деген сөздер "Алтын сапа" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Президентінің 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс өткiзу және лауреат атағын беру
ЕРЕЖЕЛЕРI

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығы (бұдан әрi - сыйлық)* ұйымның өнiмнiң және/немесе қызметтердiң сапасы, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткiзгенi үшiн, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудың тиiмдiлiгi жоғары әдiстерiн енгiзгенi үшiн конкурстық негiзде жыл сайын берiледi.
_________________
      * Сыйлық - конкурстың қатысушыларына сыйлық лауреаты атағын, конкурстың эмблемасын және лауреат дипломдарын берудi көздейдi.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) осы Ережелердің 5-тармағында көзделген үш номинациядағы үш санат бойынша жыл сайын сыйлықтар береді.
      Сыйлық лауреаты атағы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурстың (бұдан әрi - конкурс) жеңiмпаздарына Комиссия шешiмiнiң негiзiнде берiледi.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз); 23.05.2014 N 820 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      3. Сыйлық алуға арналған конкурсты ұйымдастыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат есебiнен және оның шегiнде жүзеге асырылады.

      4. Сыйлық алуға, мемлекеттің қатысу үлесі 50 %-дан асатын ұйымдарды, сондай-ақ өздеріне қатысты белгіленген тәртіппен оңалту және банкроттық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рәсімдерді жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда), қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (бұдан әрі – конкурсқа қатысушылар) үміткер бола алады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.05.2014 N 820 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Конкурсқа қатысушылар Комиссияға кемiнде үш жыл iшiнде шығарылатын өнiмнiң немесе көрсетiлетiн қызметтiң жоғары сапасын растауға тиiс.
      Ұйымдар конкурсқа мынадай номинациялар бойынша қатысады:
      1) "Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын";
      2) "Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздiк кәсiпорын";
      3) "Қызметтер көрсететiн үздiк кәсiпорын".
      Әр номинация бойынша мынадай:
      1) шағын кәсіпкерлік субъектісі;
      2) орта кәсіпкерлік субъектісі;
      3) ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары бойынша үш сыйлық беріледі.
      Конкурстар номинациясында, әрбір номинацияда екеуден аспайтын сыйлық лауреаттарының қосымша атақтары тағайындалуы мүмкін.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз); 23.05.2014 N 820 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сыйлық алуға арналған конкурстың ұйымдастырушысы (бұдан әрi – конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2014.12.10 № 977 (2015.01.01 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      7. Сыйлықты алуға оны белгілі бір номинацияда алғаннан кейін төрт жыл ішінде оған қайта ұсынуға жол берілмейді.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.05.2014 N 820 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Конкурсты ұйымдастырушы жыл сайын ағымдағы жылдың ақпан айында осы конкурсты өткiзу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлайды.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

      9. Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген конкурсқа қатысушылар Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеудiң, ұсынудың және алдын ала бағалаудың Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен ережелерiне сәйкес материалдарды ресiмдейдi және конкурсты ұйымдастырушыға бередi.

      10. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысушылардың материалдарын және осы материалдарға алдын ала қорытындыны Комиссияның қарауына ұсынады.

      11. Комиссия осы Ережелердiң 10-тармағында көрсетiлген ұсынылған материалдардың және Комиссия отырысы хаттамасының негiзiнде конкурсқа қатысушыларға сыйлық лауреаты атағын беру туралы шешiм қабылдайды.

      12. Сыйлық лауреаты атағына ие болған конкурсқа қатысушыларға тиістi диплом мен конкурстың эмблемасы тапсырылады.

      13. Конкурс жеңiмпаздарын марапаттау рәсiмi жыл сайын салтанатты түрде өткiзiледi және Дүниежүзiлiк сапа күнiне орайластырылады.
       Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.07.02. N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

      14. Сыйлық лауреаты атағына ие болған конкурсқа қатысушылардың тiзiмi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      15. Сыйлық лауреаты атағына ие болған конкурсқа қатысушылар сыйлық берілгеннен кейін төрт жыл ішінде сыйлық эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.05.2014 N 820 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      16. Сыйлық лауреаты атағына ие болмаған конкурсқа қатысушылар сапа саласындағы қызметiн жетiлдiру жөнiнде конкурсты ұйымдастырушыдан ұсынымдар алады.

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2006 жылғы 9 қазандағы
№ 194 Жарлығымен 
бекітілген     

      Ескерту. Жарлық ережемен толықтырылды - ҚР Президентінің 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

"Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсын
өткізу және дипломант атағын беру ережелері

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының (бұдан әрі – конкурс) ұйымдастырушысы (бұдан әрі – конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың кәсіпкерлер палаталары «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурстарының ұйымдастырушылары (бұдан әрі – өңірлік конкурстарды ұйымдастырушылар) болып табылады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2014.12.10 № 977 (2015.01.01 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      2. Конкурстың негізгі мақсаттары:
      1) жеке және заңды тұлғалардың отандық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған қызметін жандандыру;
      2) Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдесу;
      3) отандық және халықаралық стандарттар негізінде сапаны басқару мен қамтамасыз етудің қазіргі заманғы әдістерін кеңінен енгізуге алғышарттар жасау және оған жәрдемдесу;
      4) сапа проблемаларын шешу қажеттілігіне өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын аудару;
      5) халық арасында сапа идеясын кеңінен таныту болып табылады.
      3. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы аумағында өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларын және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді өндіруді жүзеге асыратын;
      2) өнім сапасының орнықты жоғары деңгейін және оны жүйелі түрде жақсартуды қамтамасыз ету жөнінде конкурсты ұйымдастырушы растаған оң нәтижелері бар дара кәсіпкер немесе заңды тұлға конкурсқа қатысушы бола алады.
      4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген заңды тұлға немесе дара кәсіпкер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережелеріне сәйкес материалдарды ресімдеуді және конкурсты ұйымдастырушыға береді.
      5. Конкурс мынадай үш номинация бойынша жүргізіледі:
      1) "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар";
      2) "Халық тұтынатын үздік тауарлар";
      3) "Үздік азық-түлік тауарлары".
      6. Конкурс Комиссия шешімімен бекітілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізіледі.
      Өңірлік конкурстарды ұйымдастырушылар өңірлік конкурс жеңімпаздарының қажетті құжаттарын конкурсты ұйымдастырушыға жібереді.
      Өңірлік конкурстардың жеңімпаздары республикалық конкурсқа қатысады.
      7. Конкурсты ұйымдастырушы өңірлік конкурс жеңімпаздарының материалдары мен алдын ала қорытындыны Комиссияның қарауына ұсынады.
      8. Комиссия осы Ережелердің 7-тармағында көрсетілген материалдардың негізінде конкурсқа қатысушыларға "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанттары (бұдан әрі — конкурс дипломанттары) атағын беру туралы шешім қабылдайды. Конкурстың әр номинациясында қосымша, бірақ екіден аспайтын, конкурс дипломанты атағы тағайындалуы мүмкін.
      9. Конкурс дипломанттары "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының эмблемасымен және әр номинацияда I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады.
      Бұл ретте дәрежелер конкурс дипломанттары "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсында алған орнына қарай беріледі.
      10. Конкурс дипломанттарының тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
      11. Конкурс дипломанттары конкурстың эмблемасын жарнамалық мақсатта төрт жыл бойы пайдалану құқығына ие болады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.05.2014 N 820 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң     
2006 жылғы 9 қазанындағы 
N 194 Жарлығымен     
БЕКIТIЛГЕН       

"Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсын өткiзу
және дипломант атағын беру
ЕРЕЖЕЛЕРI

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Президентінің 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен

Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң      
2006 жылғы 9 қазанындағы 
N 194 Жарлығымен     
БЕКIТIЛГЕН        

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "конкурстар", "конкурстарға", "конкурстардың", "конкурстарды" деген сөздер тиісінше "конкурс", "конкурсқа", "конкурстың", "конкурсты" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Президентінің 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "конкурс", "конкурсқа", "конкурстың" және "конкурсты" деген сөздермен тиісінше "конкурстар", "конкурстарға", "конкурстардың" және "конкурстарды" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Президентінің 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа"
сыйлығының лауреаты атағын және "Қазақстанның үздік тауары"
республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру
жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативті-кенесші орган болып табылады және мемлекеттік басқару органдарының басшыларынан, сапаны басқару саласындағы жетекші мамандардан, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен құралады.
      Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.12.12 N 688, 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлықтарымен.

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясынзаңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеттері мен құқықтары

      3. Комиссияның міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын алуға арналған конкурстарға (бұдан әрі - конкурстар) қатысу үшін өтінімдер берген қатысушылардың материалдарын қарау;
      2) конкурстарға қатысушыларға баға беру және үміткерлерді іріктеу;
      3) конкурстардың лауреаттарын және дипломанттарын анықтау.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.06.23 № 1012 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлықтарымен.

      4. Комиссия өз міндеттеріне сәйкес:
      1) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасасуға;
      2) Комиссияның жұмыс органынан Комиссия міндеттерін іске асыру үшін қажетті қосымша материалдарды сұратуға және алуға;
      3) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарға ие.

3. Комиссия қызметін ұйымдастыру

      5. Комиссияның құрамына:
      1) Комиссия төрағасы;
      2) Комиссия төрағасының орынбасары;
      3) Комиссия хатшысы;
      4) Комиссия мүшелері кіреді.

      6. Комиссия төрағасы оның қызметін басқарады, отырыстарда төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын өзі тағайындаған орынбасары орындайды.

      7. Комиссияның хатшысы жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды Комиссияның мүшелеріне қарауға ұсынады.

      8. Комиссияның жұмыс органы болып табылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мынадай функциялар жүктеледі:
      1) конкурстардың өткізілу мерзімі мен шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары және жұмыс органының ресми веб-сайты арқылы хабарлау;
      2) конкурстарға қатысушылардан келіп түсетін материалдарды қабылдау және конкурстарға одан әрі қатысу үшін ұйымдарды іріктеу;
      3) сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар мен тиісті білім саласындағы мамандарды, сондай-ақ құрылатын сараптамалық топтарды тарта отырып, келіп түскен материалдарды сараптауды қоса алғанда, оларды алдын ала қарау;
      4) Комиссия отырыстарын дайындау және ұйымдастыру;
      5) конкурстардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімін ұйымдастыру;
      6) конкурстар жеңімпаздарының тәжірибесін таратуға жәрдемдесу.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.12.22 N 204, 2014.12.10 № 977 (2015.01.01 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      9. Комиссия жыл сайын конкурстарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі тиісті жылға арналған іс-шаралар жоспарын анықтайды және бекітеді.

      10. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып саналады.

      11. Конкурстардың жеңімпаздарына атақ беру туралы түпкілікті шешім ашық дауыс беру жолымен қабылданады және егер ол үшін Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең бөлінген жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Шешім отырыстың хаттамасымен ресімделеді және оған Комиссияның шешімі ресми басылымда жарияланады.

      12. Конкурстардың жеңімпаздарына конкурстардың эмблемаларын және дипломдарын беру Дүниежүзілік сапа күніне орайластырылған салтанатты жағдайда жүзеге асырылады.
      Конкурстар материалдарында қамтылған және жергілікті жерлердегі сараптама барысында алынған ақпарат жасырын болып табылады және конкурсантты бағалаудан басқа өзге де мақсаттар үшін оның жазбаша келісімінсіз пайдаланылмайды.
       Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.07.02 N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

      13. Комиссияның қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.