Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру ен

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 820 Жарлығы

      Қаулы етемін:
      1. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 418-құжат; 2007 ж., № 24, 267-құжат; № 42, 476-құжат; 2008 ж., № 42, 464-құжат; 2009 ж., № 33, 307-құжат; 2010 ж., № 39, 335-құжат; 2012 ж., № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның құрамында:
      «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі»;
      «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс агенттігінің төрағасы»;
      «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігі басқармасының төрағасы (келісім бойынша)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы (келісім бойынша)»;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс өткізу және лауреат атағын беру ережелерінде:
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) осы Ережелердің 5-тармағында көзделген үш номинациядағы үш санат бойынша жыл сайын сыйлықтар береді.»;
      4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Сыйлық алуға, мемлекеттің қатысу үлесі 50 %-дан асатын ұйымдарды, сондай-ақ өздеріне қатысты белгіленген тәртіппен оңалту және банкроттық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рәсімдерді жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда), қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (бұдан әрі – конкурсқа қатысушылар) үміткер бола алады.».
      5-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әр номинация бойынша мынадай:
      1) шағын кәсіпкерлік субъектісі;
      2) орта кәсіпкерлік субъектісі;
      3) ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары бойынша үш сыйлық беріледі.
      Конкурстар номинациясында, әрбір номинацияда екеуден аспайтын сыйлық лауреаттарының қосымша атақтары тағайындалуы мүмкін.»;
      7 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Сыйлықты алуға оны белгілі бір номинацияда алғаннан кейін төрт жыл ішінде оған қайта ұсынуға жол берілмейді.»;
      «15. Сыйлық лауреаты атағына ие болған конкурсқа қатысушылар сыйлық берілгеннен кейін төрт жыл ішінде сыйлық эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады.»;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсын өткізу және дипломант атағын беру ережелерінде:
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Конкурс дипломанттары конкурстың эмблемасын жарнамалық мақсатта төрт жыл бойы пайдалану құқығына ие болады.».
      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                   Н.Назарбаев