Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығы

Жаңартылған

       Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.07.02. N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

      "Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" және республикалық  
баспасөзде жариялануға тиіс   

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. 2009 жылдан бастап жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсын өткізу белгіленсін.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.07.02. N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

      2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия құрылсын.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.07.02. N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

      3. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсты өткізу және лауреаттар атағын беру ережелері ;
      2) алып тасталды - ҚР Президентінің 2009.07.02. N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен ;
      3) Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.07.02. N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

      4. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2009.07.02. N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

      5. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiмде белгiленген тәртiппен:
      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережелерiн әзірлесін және бекітсін;
      2) алып тасталды - ҚР Президентінің 2009.07.02. N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен .
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.07.02. N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

      6. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықты iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.

      7. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

      8. Осы Жарлық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

                                             Қазақстан Республикасы
                                                  Президентінің
                                             2006 жылғы 9 қазандағы
                                                N 194 Жарлығымен
                                                    БЕКIТIЛГЕН

      Ескерту. Комиссия құрамы жаңа редакцияда - Қазақстан
Республикасы Президентінің 2008.12.12 N 688 , өзгерту енгізілді  -  2009.07.02. N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлықтарымен.

Қазақстан Республикасы Президентінің
"Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын беру
жөніндегі комиссияның құрамы

Қазақстан Республикасы                    - төраға
Президенті Әкімшілігінің Басшысы

Қазақстан Республикасының                 - төрағаның орынбасары
Индустрия және сауда министрі

Қазақстан Республикасы                    - хатшы
Индустрия және сауда министрлігі
Техникалық реттеу және метрология
комитетінің төрағасы

Комиссия мүшелері:

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрі

Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар
министрі

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің
төрағасы

"Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы" заңды
тұлғалар бірлестігі басқармасының төрағасы (келісім бойынша)

"Қазақстан астық одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті
(келісім бойынша)

"Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар
бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

"Қазақстан машина жасау одағы" заңды тұлғалар бірлестігі
басқармасының төрағасы (келісім бойынша)

"Қазақстан Республикасының тауар өндірушілер және экспорттаушылар
одағы" республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім
бойынша)

"Қазақстан тағам және қайта өңдеу өнеркәсібінің тауар өндірушілер
одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

"Қазақстан сүт одағы" қоғамдық бірлестігі басқармасының тең төрағасы
(келісім бойынша)

"Сапа көшбасшылары қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің
төрағасы (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы  
Президентінің      
2006 жылғы 9 қазандағы  
N 194 Жарлығымен     
БЕКIТIЛГЕН       

       Ескерту. Тақырыптағы және мәтіндегі "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" деген сөздер "Алтын сапа" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Президентінің 2009.07.02. N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс өткiзу және лауреат атағын беру
ЕРЕЖЕЛЕРI

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығы (бұдан әрi - сыйлық)* ұйымның өнiмнiң және/немесе қызметтердiң сапасы, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткiзгенi үшiн, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудың тиiмдiлiгi жоғары әдiстерiн енгiзгенi үшiн конкурстық негiзде жыл сайын берiледi.

_________________
      * Сыйлық - конкурстың қатысушыларына сыйлық лауреаты атағын, конкурстың эмблемасын және лауреат дипломдарын берудi көздейдi.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын беру жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) осы Ережелердiң 5-тармағында көзделген үш номинацияда жыл сайын сыйлықтар бередi.
      Сыйлық лауреаты атағы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурстың (бұдан әрi - конкурс) жеңiмпаздарына Комиссия шешiмiнiң негiзiнде берiледi.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.07.02. N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

      3. Сыйлық алуға арналған конкурсты ұйымдастыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат есебiнен және оның шегiнде жүзеге асырылады.

      4. Сыйлық алуға Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндiрумен (қару-жарақ пен әскери техника өндiрудi қоспағанда), қызметтер көрсетумен айналысатын заңды тұлғалар (бұдан әрi - конкурсқа қатысушылар) үмiткер бола алады.

      5. Конкурсқа қатысушылар Комиссияға кемiнде үш жыл iшiнде шығарылатын өнiмнiң немесе көрсетiлетiн қызметтiң жоғары сапасын растауға тиiс.
      Ұйымдар конкурсқа мынадай номинациялар бойынша қатысады:
      1) "Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын";
      2) "Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздiк кәсiпорын";
      3) "Қызметтер көрсететiн үздiк кәсiпорын".
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.07.02. N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

      6. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi сыйлық алуға арналған конкурстың ұйымдастырушысы (бұдан әрi - конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады.

      7. Сыйлықты алуға оны белгiлi бiр номинацияда алғаннан кейiн екi жыл iшiнде оған қайта ұсынуға жол берiлмейдi.

      8. Конкурсты ұйымдастырушы жыл сайын ағымдағы жылдың ақпан айында осы конкурсты өткiзу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлайды.
       Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.07.02. N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

      9. Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген конкурсқа қатысушылар Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеудiң, ұсынудың және алдын ала бағалаудың Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен ережелерiне сәйкес материалдарды ресiмдейдi және конкурсты ұйымдастырушыға бередi.

      10. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысушылардың материалдарын және осы материалдарға алдын ала қорытындыны Комиссияның қарауына ұсынады.

      11. Комиссия осы Ережелердiң 10-тармағында көрсетiлген ұсынылған материалдардың және Комиссия отырысы хаттамасының негiзiнде конкурсқа қатысушыларға сыйлық лауреаты атағын беру туралы шешiм қабылдайды.

      12. Сыйлық лауреаты атағына ие болған конкурсқа қатысушыларға тиістi диплом мен конкурстың эмблемасы тапсырылады.

      13. Конкурс жеңiмпаздарын марапаттау рәсiмi жыл сайын салтанатты түрде өткiзiледi және Дүниежүзiлiк сапа күнiне орайластырылады.
       Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.07.02. N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

      14. Сыйлық лауреаты атағына ие болған конкурсқа қатысушылардың тiзiмi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      15. Сыйлық лауреаты атағына ие болған конкурсқа қатысушылар сыйлық берiлгеннен кейiн екi жыл iшiнде сыйлық эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады.

      16. Сыйлық лауреаты атағына ие болмаған конкурсқа қатысушылар сапа саласындағы қызметiн жетiлдiру жөнiнде конкурсты ұйымдастырушыдан ұсынымдар алады.

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң     
2006 жылғы 9 қазанындағы 
N 194 Жарлығымен     
БЕКIТIЛГЕН       

"Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсын өткiзу
және дипломант атағын беру
ЕРЕЖЕЛЕРI

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсын (бұдан әрi - конкурс) ұйымдастырушы (бұдан әрi - конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi "Алтын сапа" өңiрлiк көрме-конкурстарының ұйымдастырушылары (бұдан әрi - өңiрлiк конкурстардың ұйымдастырушылары) болып табылады.

      2. Конкурстың негiзгi мақсаттары мыналар болып табылады:
      1) заңды және жеке тұлғалардың отандық өнiмнiң сапасын арттыруға бағытталған қызметiн жандандыру;
      2) Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабiлеттi өнiммен толықтыруға жәрдемдесу;
      3) отандық және халықаралық стандарттар негiзiнде сапаны басқару мен қамтамасыз етудiң қазiргi заманғы әдiстерiн кеңiнен енгiзуге алғышарттар жасау және оған жәрдемдесу;
      4) сапа проблемаларын шешу қажеттiлiгiне мемлекеттiк органдардың, өнеркәсiптiк, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын аудару;
      5) халық арасына сапа идеясын кеңiнен таныту.

      3. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы аумағында өнеркәсiптiк, азық-түлiк тауарларын және өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiмдердi өндiрудi жүзеге асыратын;
      2) конкурсты ұйымдастырушы растаған өнiм сапасының тұрақты жоғары деңгейiн және оны жүйелi түрде жақсартуды қамтамасыз ету бойынша оң нәтижелерi бар заңды тұлға немесе жеке кәсiпкер конкурсқа қатысушы бола алады.

      4. Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген заңды тұлға немесе жеке кәсiпкер Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен "Алтын сапа" өңiрлiк және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнiмдi ресiмдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережелерiне сәйкес материалдарды ресiмдейдi және конкурсты ұйымдастырушыға бередi.

      5. Конкурс мынадай үш номинация бойынша жүргiзiледi:
      1) "Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк тауарлар";
      2) "Халық тұтынатын үздiк тауарлар";
      3) "Үздiк азық-түлiк тауарлар".

      6. Конкурс Комиссия шешiмiмен бекiтілетiн iс-шаралар жоспарына сәйкес өткiзiледi.
      Өңiрлiк конкурстардың ұйымдастырушылары өңiрлiк конкурстар жеңiмпаздарының қажеттi құжаттарын конкурсты ұйымдастырушыға жiбередi.
      Өңiрлiк конкурстардың жеңiмпаздары республикалық конкурсқа қатысады.

      7. Конкурсты ұйымдастырушы өңiрлiк конкурс жеңiмпаздарының материалдары мен алдын ала қорытындыны Комиссияның қарауына ұсынады.

      8. Комиссия осы Ережелердiң 7-тармағында көрсетiлген материалдардың негiзiнде конкурсқа қатысушыларға "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанттары (бұдан әрi - конкурс дипломанттары) атағын беру туралы шешiм қабылдайды. Конкурстың әр номинациясында қосымша, бiрақ екiден аспайтын конкурс дипломанты атағы тағайындалуы мүмкiн.

      9. Конкурс дипломанттары "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсының эмблемасымен және әр номинацияда I, II және III дәрежелi дипломдарымен марапатталады.

      10. Конкурс дипломанттарының тiзiмi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      11. Конкурс дипломанттары екi жыл iшiнде конкурстың эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады.

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң     
2006 жылғы 9 қазанындағы 
N 194 Жарлығымен     
БЕКIТIЛГЕН      

       Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "конкурстар", "конкурстарға", "конкурстардың", "конкурстарды" деген сөздер тиісінше "конкурс", "конкурсқа", "конкурстың", "конкурсты" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Президентінің 2009.07.02. N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативті-кенесші орган болып табылады және мемлекеттік басқару органдарының басшыларынан, сапаны басқару саласындағы жетекші мамандардан, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен құралады.
      Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді .
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан
Республикасы Президентінің 2008.12.12 N 688 , 2009.07.02. N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлықтарымен.

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын , заңдарын , Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазакстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеттері мен құқықтары

      3. Комиссияның міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа (бұдан әрі - конкурс) қатысу үшін өтінімдер берген қатысушылардың материалдарын қарау;
      2) конкурсқа қатысушыларға баға беру және үміткерлерді іріктеу;
      3) конкурстың лауреаттарын анықтау.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.07.02. N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

       4. Комиссия өз міндеттеріне сәйкес:
      1) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасасуға;
      2) Комиссияның жұмыс органынан Комиссия міндеттерін іске асыру үшін қажетті қосымша материалдарды сұратуға және алуға;
      3) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарға ие.

3. Комиссия қызметін ұйымдастыру

      5. Комиссияның құрамына:
      1) Комиссия төрағасы;
      2) Комиссия төрағасының орынбасары;
      3) Комиссия хатшысы;
      4) Комиссия мүшелері кіреді.

      6. Комиссия төрағасы оның қызметін басқарады, отырыстарда төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын өзі тағайындаған орынбасары орындайды.

      7. Комиссияның хатшысы жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды Комиссияның мүшелеріне қарауға ұсынады.

      8. Комиссияның жұмыс органы болып табылатын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне мынадай функциялар жүктеледі:
      1) конкурстың өткізілу мерзімі мен шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары және жұмыс органының ресми веб-сайты арқылы хабарлау;
      2) конкурсқа қатысушылардан келіп түсетін материалдарды қабылдау және конкурсқа одан әрі қатысу үшін ұйымдарды іріктеу;
      3) сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар мен тиісті білім саласындағы мамандарды, сондай-ақ құрылатын сараптамалық топтарды тарта отырып, келіп түскен материалдарды сараптауды қоса алғанда, оларды алдын ала қарау;
      4) Комиссия отырыстарын дайындау және ұйымдастыру;
      5) конкурстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімін ұйымдастыру;
      6) конкурс жеңімпаздарының тәжірибесін таратуға жәрдемдесу.

      9. Комиссия жыл сайын конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі тиісті жылға арналған іс-шаралар жоспарын анықтайды және бекітеді.

      10. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып саналады.

      11. Конкурстың жеңімпаздарына атақ беру туралы түпкілікті шешім ашық дауыс беру жолымен қабылданады және егер ол үшін Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең бөлінген жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Шешім отырыстың хаттамасымен ресімделеді және оған Комиссияның шешімі ресми басылымда жарияланады.

      12. Конкурстың жеңімпаздарына конкурстың эмблемаларын және дипломдарын беру Дүниежүзілік сапа күніне орайластырылған салтанатты жағдайда жүзеге асырылады.
      Конкурс материалдарында қамтылған және жергілікті жерлердегі сараптама барысында алынған ақпарат жасырын болып табылады және конкурсантты бағалаудан басқа өзге де мақсаттар үшін оның жазбаша келісімінсіз пайдаланылмайды.
       Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.07.02. N 841 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Жарлығымен.

      13. Комиссияның қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.