Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін және "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын мат

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі N 1167 Қаулысы.

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.28 N 757 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.28 N 757 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесі бекітілсін.

      1-1. Қоса беріліп отырған "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесі бекітілсін.

      Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.07.28 N 757 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.

      2. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережелерін және "Алтын сапа" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы N 1059 қаулысының (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 41, 449-бап) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 31 шілдедегі
№ 1167 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.07.2018 № 402 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсы және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына (бұдан әрі – Жарлық) сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа (бұдан әрі – конкурс) қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау тәртібін белгілейді.

2. Материалдарды ресімдеу және ұсыну тәртібі

      3. Сыйлық алуға арналған конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады.

      Конкурсқа қатысу үшін конкурсқа қатысушылар өңірлік кәсіпкерлер палаталарына www.altynsapa.kz сайтында электрондық нысанда және (немесе) қағаз нысанда 1 шілдеге дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінімді және мыналарды:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама-декларацияны;

      2) конкурсқа қатысушының өз қызметінің және сапа саласындағы нақты нәтижелерінің деңгейін өзіндік бағалауды білдіретін А4 пішіміндегі 38 парақтан аспайтын есебін;

      3) есепке қосымшаны (диаграммалар, графиктер, кестелер, құжаттардың көшірмелері) – А4 пішіміндегі 30 парақтан аспайды;

      4) конкурсты ұйымдастырушы белгілеген нысан бойынша өлшемшарттар көрсеткіштері негізінде толтырылған конкурсқа қатысушының сапа саласындағы қызметін өзін-өзі бағалау бойынша сауалнаманы;

      5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;

      6) менеджмент жүйелеріне арналған сертификаттардың көшірмесін қамтитын құжаттар жиынтығын тапсырады.

      4. Конкурсқа қатысушының есебі мыналардан тұруға тиіс:

      1) конкурсқа қатысушы қызметіне қысқаша шолу;

      2) Қазақстан Республикасының Президенті сыйлығының моделіне сәйкес белгіленген өзіндік бағалау өлшемшарттарының сипаты.

      5. Көлемі А4 пішіміндегі 6 парақтан аспайтын қысқаша шолуда мыналар қамтылуға тиіс:

      1) конкурсқа қатысушының тарихы;

      2) өнімнің (қызметтердің) негізгі түрлерінің сипаты;

      3) ұйымдық құрылымы;

      4) өнімнің (қызметтердің) сапасына қойылатын негізгі талаптар;

      5) өнімді өткізетін негізгі нарықтар немесе көрсетілген қызметтер туралы ақпарат (өңірлік, республикалық, халықаралық);

      6) өнімді (қызметтерді) негізгі тұтынушылардың сипаттамасы;

      7) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша негізгі көрсеткіштер туралы ақпарат;

      8) конкурсқа қатысушының маңыздылығын білдіретін өзге ақпарат.

      6. Конкурсқа қатысушы конкурсқа қатысуға өтінім берген сәттен бастап конкурсты ұйымдастырушы, конкурсты ұйымдастырушының шешімімен құрылған конкурсты ұйымдастырушының сараптамалық тобы (бұдан әрі – конкурсты ұйымдастырушының сараптамалық тобы) және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының шешімімен құрылған сараптамалық топтар (бұдан әрі –сараптамалық топтар) конкурс материалдарында қамтылған ақпаратқа қатысты толық құпиялылықты қамтамасыз етеді.

      Өңірлер мен номинациялар бөлінісіндегі қатысушылар тізімі конкурстың ресми сайтында қолжетімді болады. Толық емес құжаттар жиынтығымен өтінім берген кәсіпкерлік субъектілері конкурсқа қатысушылардың тізіміне енгізілмейді.

      7. Конкурсқа қатысушының мүмкіндіктері мен қызметінің нәтижелерін сипаттайтын өлшемшарттарды (бұдан әрі – өлшемшарттар) конкурсты ұйымдастырушы айқындайды.

3. Материалдарды алдын ала бағалау тәртібі

      8. Ұсынылған материалдарға алдын ала бағалау жүргізу:

      1) конкурсқа қатысушылардың материалдарына және қызметіне жергілікті жерлерде алдын ала бағалау жүргізуді;

      2) конкурс ұйымдастырушысы сараптамалық тобының конкурсқа қатысушылардың материалдарын алдын ала бағалауын және олар бойынша алдын ала қорытынды дайындауын қамтиды.

      Конкурсқа қатысушылардың материалдарын алдын ала бағалауды сараптамалық топтар және конкурсты ұйымдастырушының сараптамалық тобы жүзеге асырады.

      9. Конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметіне жергілікті жерлерде алдын ала бағалау жүргізу үшін конкурсты ұйымдастырушының шешімімен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар мен тиісті білім саласындағы мамандар, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері арасынан сараптамалық топтар құрылады.

      Сараптамалық топтардың жергілікті жерлердегі сандық құрамы 3 (үш) адамнан кем болмауға тиіс.

      10. Конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметін жергілікті жерлерде алдын ала бағалауды сараптамалық топтар конкурсты ұйымдастырушы бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырады.

      Конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметін жергілікті жерлерде алдын ала бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық топтар өңірлерде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес сараптамалық қорытындыны жасайды және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес балл түрінде баға қояды.

      11. Сараптамалық топтар жергілікті жерлерде конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметiне алдын ала бағалау жүргiзгеннен кейiн құжаттар жиынтығы мен сараптамалық қорытынды 15 тамызға дейінгі мерзiмде конкурсты ұйымдастырушыға жiберіледi.

      12. Конкурсқа қатысушылардың материалдарына алдын ала бағалау жүргізу және олар бойынша алдын ала қорытынды дайындау үшін республикалық конкурсты ұйымдастырушының шешімімен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар мен тиісті білім саласындағы, мүдделі мемлекеттік органдардың мамандары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен конкурсты ұйымдастырушының сараптамалық тобы құрылады.

      Конкурсты ұйымдастырушының сараптамалық тобының сандық құрамы 9 (тоғыз) адамнан кем болмауға тиіс.

      13. Конкурсты ұйымдастырушының сараптамалық тобы конкурсқа қатысушылардың материалдарын, сараптамалық топтардың сараптамалық қорытындыларын қарайды және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес балл түрінде алдын ала бағаларды қояды.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің "Алтын сапа"
сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау қағидаларына
1-қосымша

Тіркеу нөмірі__________ Конкурсты ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысуға өтінім

      1. Өтінім беруші Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы _____________________

      Мекенжайы ___________________________________________________________

      Ресми сайт ___________________________________________________________

      Жұмыс істеу кезеңі ___________________________________________________

      2.Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің басшысы_____________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты ______________________________________________

      Лауазымы _____________________________________________________________

      Мекенжайы ____________________________________________________________

      Қызметтік/ұялы телефоны, факс, e-mail ________________________________

      3. Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің сипаттамасы Жұмыскерлердің жалпы саны

      _______________________ Филиалдар саны (болған кезде) _____________________


      Қосымша: Құжаттар жиынтығы.

      Басшының қолы ______ жылғы "__"___________ МО

      * Электрондық нысанда тапсырылған кезде өтінім электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) куәландырылады.

      ** Өтінімге осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген қағаз және/немесе электрондық нысанда (сканерленген) конкурстық құжаттар қоса беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің "Алтын сапа"
сыйлығын алуға арналған
конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресімдеу, ұсыну
және алдын ала бағалау
қағидаларына
2-қосымша

Тіркеу нөмірі ____________________ Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушының сауалнама-декларациясы

      Номинациясы ____________________________________________________________

      Санаты _________________________________________________________________

      Өңір __________________________________________________________________

      1. Конкурсант Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы_________________________

      Заңды мекенжайы _________________________________________________________

      Нақты мекенжайы _________________________________________________________

      Ресми сайты_______________________________________________________________

      2. Басшы Тегі, аты, әкесінің аты_____________________________________________

      Лауазымы________________________________________________________________

      Пошталық мекенжайы _____________________________________________________

      Қызметтік телефоны (оның ішінде ұялы телефоны) _____________________ e-mail:

      _________________________________________________________________

      3. Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы туралы мәліметтер

      Кәсіпорынның құрылған күні _______________________________________________

      Жұмыскерлердің жалпы саны ______________________________________________

      Филиалдар саны (болған кезде) ____________________________________________

      Негізгі қызмет түрлері __________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Шығарылатын өнімнің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) аса маңызды түрлерінің үш атауы, СЭҚ ТН коды _____________________________

      4. Уәкілетті және конкурсқа жауапты адам Тегі, аты, әкесінің аты________________

      Лауазымы_______________________________________________________________

      Телефоны (оның ішінде ұялы телефоны) ________________ e-mail: ______________ факс __________________________

      5. Декларация

      Кәсіпорын атынан біз конкурсқа қатысушылар үшін белгіленген қағидаларды орындауға келісетінімізді және Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы лауреаттарының атақтарын беру жөніндегі комиссияның шешімін түпкілікті деп қабылдайтынымызды мәлімдеймін. Жергілікті жерлерде алдын ала бағалау жүргізу қажет болған жағдайда, біз оны ашық және шынайы өткізуге көмек көрсетеміз. Біз кәсіпорынның осындай сараптамаға байланысты шығыстарды көтеретінін түсінеміз.

      Басшының қолы _____жылғы "___"________ МО

  Қазақстан Республикасы
Президентінің "Алтын сапа"
сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау қағидаларына
3-қосымша

Негізгі көрсеткіштер туралы ақпаратты ұсыну нысаны Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығына үміткер ұйымның атауы _______________________________________________________

Р/с №

Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі*

Алдыңғы 3 жылда

Өсу қарқыны %

Жоспар

20__ жылы

20__ жылы

20__ жылы

1.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі

млн. тг.






2.

Өндірілген өнім көлемі

млн. тг.






3.

Сатылған өнім көлемі







4.

Сатудың жалпы көлеміндегі экспорт

%






млн. тг






5.

Рентабельділігі

%






6.

Қазақстандық қамту дәрежесі

%






7.

Жұмыс істеушілердің орташа айлық саны

адам






8.

Орташа айлық еңбекақысы

тг






9.

Ұйым өнімдерінің нарықтағы үлесі

%.






      * алдыңғы жылға (салыстырмалы цифрларда) % түрінде көрсетуге болады

      Кәсіпорын басшысы________ ____________ Бас бухгалтер _________ ____________


  Қазақстан Республикасы
Президентінің "Алтын сапа"
сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау қағидаларына
4-қосымша

Сараптамалық қорытынды

      Номинациясы _________________________________________________________

      Санаты ______________________________________________________________

      Кәсіпорынның атауы __________________________________________________

      Өңір ________________________________________________________________

      Басшысы (ресми лауазымы) _______ ____________________________________

      Басшының Т.А.Ә. _____________________________________________________

      Кәсіпорын _______ жылы құрылды Жұмыскерлер саны ______ адам. Негізгі қызмет түрлері ________________________________________

      Ұйым өнімдерінің (көрсетілетін қызметтердің) нарықтағы үлесін, экспортты, жаңа өнім түрлерін игеруді, заттық және (немесе) ақшалай нысанда өндіру және сату көлемін, өнімдегі қазақстандық қамту дәрежесін, сертификатталған менеджмент жүйелерінің болуын, кәсіпорынның сала мен қоғамды дамытуға қосқан үлесін, өнертабыстардың, патенттердің болуын, конструкциялар жаңалығын, кәсіпорынның (ұйымның) норма шығармашылығы процесіне, қайырымдылыққа қатысуын және т.б. қоса алғанда, жалпы қызмет нәтижелерінің сипаттамасы (А4 пішімінде көлемі 1 парақтан аспауға тиіс).

      Қорытындылар:

      Күшті жақтары _____________________________________________________

      Әлсіз жақтары __________________________________________________

      Ұсыныстар: _________________________________________________________

Конкурсанттың құжаттары:

Балл түрінде сараптамалық баға



      Қолы _____жылғы "___"________

  Қазақстан Республикасы
Президентінің "Алтын сапа"
сыйлығын алуға арналған
конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресімдеу, ұсыну
және алдын ала бағалау
қағидаларына
5-қосымша

Бағалаудың жиынтық кестесі

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.08.2023 № 663 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

___________________________________________________________ (заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы)

Өлшемшарттар және өлшемшарттардың құрамдас бөліктері

Балмен берілген ең жоғары баға

Өзін-өзі балмен бағалау

Балл түріндегі бағалар

Өңірдегі сараптамалық топ

Конкурсты ұйымдастырушының сараптамалық тобы

Кәсіпорынға барудың қортындылары бойынша

1

2

3

4

5

6

Мақсатты тұжырымдауды сипаттайтын өлшемшарттар (1.1-2.4)

200





1. Мақсат, пайым және стратегия

100





1.1 Мақсат пен пайымды айқындау

20





1.2 Мүдделі тараптардың қажеттіліктерін айқындау және түсіну

20





1.3 Экожүйені, өзіндік мүмкіндіктерді және негізгі қиындықтарды түсіну

20





1.4 Стратегияны әзірлеу

20





1.5 Менеджмент және нәтижелілікті басқару жүйесін әзірлеу және енгізу

20





2. Ұйымдастырушылық мәдениет және көшбасшылық

100





2.1 Мәдениетті басқару және ұйымның құндылықтарын құру

25





2.2 Өзгерістерді іске асыру үшін жағдайлар жасау

25





2.3 Шығармашылық пен инновацияларды енгізу

25





2.4 Адамдарды біріктіру және оларды мақсатқа, пайым мен стратегияға қол жеткізу процесіне тарту

25





Әрекеттерді сипаттайтын өлшемшарттар (3.1-5.5)

400





3. Мүдделі тараптарды тарту

100*





3.1 Тұтынушылар: орнықты өзара қарым-қатынас құру

___(10...40)





3.2 Адамдар: іріктеу, тарту, дамыту және сақтап қалу

___(10...40)





3.3 Бизнестегі және билік органдарындағы мүдделі тараптар: ұйымды сенімді және үнемі қолдау

___(10...40)





3.4 Қоғам: дамуға, әл-ауқатқа және өркендеуге жәрдемдесу

___(10...40)





3.5 Әріптестер мен өнім берушілер: өзара тиімді қарым-қатынас құру және орнықты құндылық қалыптастыру үшін оларды қолдауды қамтамасыз ету

___(10...40)





4. Орнықты құндылық қалыптастыру

200





4.1 Құндылықтарды әзірлеу және оларды қалыптастыру әдістері

50





4.2 Байланыс және құндылықтарды дәріптеу

50





4.3 Құндылықтарды қалыптастыру

50





4.4 Үздік практикаларды анықтау және ұйымда пайдалану

50





5. Нәтижелілікті және трансформацияны басқару:

100





5.1 Нәтижелілікті және тәуекелдерді басқару

20





5.2 Трансформация және болашақ ұйымын құру

20





5.3 Инновацияларды және тұйық цикл технологияларын басқару

20





5.4 Деректерді, ақпаратты және білімді басқару

20





5.5 Активтер мен ресурстарды басқару

20





Нәтижелерді сипаттайтын өлшемшарттар (6-7)

400





6. Мүдделі тараптарды қабылдау нәтижелері

200





7. Стратегиялық және операциялық нәтижелер

200





Барлығы:

1000





      Тұжырымдар:____________________________________________________

      Ұсыныстар:____________________________________________

      _______ жылғы "___" _____________

      Т.А.Ә. ____________________________________________________________

      (сараптамалық топ төрағасының қолы)

      * Бағалау басталғанға дейін құрамдас бөліктерінің маңыздылығын ұйым өзі анықтағаны жөн. Әрбір құрамдас бөліктерінің маңыздылығы 10-нан 40 балға дейін болуы мүмкін. Маңыздылығы 5 балға дейін дөңгелектеу арқылы белгіленеді. Өлшемшарт бойынша құрамдас бөліктерінің жалпы жиынтығы 100 балл болуға тиіс.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 31 шілдедегі
№ 1167 қаулысымен
бекітілген

"Қазақстанның үздік тауары" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау қағидалары 1. Жалпы ережелер

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 02.07.2018 № 402 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына (бұдан әрі – Жарлық) сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалар "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына (бұдан әрі – өңірлік конкурс, республикалық конкурс) ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау тәртібін белгілейді.

      3. "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының (бұдан әрі – конкурс) ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады, "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік көрме-конкурстарының ұйымдастырушылары облыстар, республикалық маңызы бар қала мен астананың кәсіпкерлер палаталары (бұдан әрі – өңірлік конкурстарды ұйымдастырушылар) болып табылады.

      4. Республикалық конкурсты және оның дипломанттарын марапаттау рәсімін өткізу салтанатты түрде өткізіледі.

2. Өңірлік конкурстарға ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау тәртібі

      5. Өңірлік конкурсқа қатысуға:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында өнеркәсіп, азық-түлік тауарларын және өндірістік-техникалық мақсаттағы (қару-жарақ пен әскери техника өндірісін қоспағанда) өнімдерді өндіруді жүзеге асыратын;

      2) өнім сапасының тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз ету және оны жүйелі түрде жақсарту бойынша оң нәтижелері бар заңды тұлғалар немесе дара кәсіпкерлер (бұдан әрі – конкурсқа қатысушылар) үміткер бола алады.

      6. Конкурсқа қатысушылар www.altynsapa.kz сайтында электрондық нысанда және (немесе) қағаз пішімде кәсіпорынның тіркеу орны бойынша өңірлік кәсіпкерлер палаталарына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінім;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сауалнама-декларация;

      3) сәйкестік сертификаттары мен сапа және қауіпсіздік туралы қорытындылардың көшірмелері (болған кезде);

      4) менеджмент жүйесіне арналған сертификаттардың көшірмелері (болған кезде);

      5) негізгі параметрлер мен сипаттамалардың сандық мәндері көрсетілген өнімнің негізгі тұтынушылық қасиеттерінің сипаты, сондай-ақ өнімнің бәсекеге қабілеттілік артықшылықтары (өнімнің ерекшелігі мен сапасын растайтын құжаттар);

      6) ұйым өз нәтижелерін бағалайтын негізгі экономикалық көрсеткіштер және осы көрсеткіштердің өзгеру үрдістері;

      7) өз қызметінің нәтижелері туралы ақпарат (ұсынылған сандық деректердің маңыздылығы мен ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік беретін қысқаша түсініктер мен деректері бар кестелермен сүйемелденуге тиіс графиктер немесе диаграммалар түрінде ұсынылады).

      7. Өңірлік конкурсқа ұсынылатын материалдар мен өнімдерді алдын ала сараптамалық бағалауды жүргізу үшін өңірлік сараптамалық топ құрылады.

      8. Өңірлік сараптамалық топтар өңірлік конкурсты ұйымдастырушының шешімімен құрылады.

      Сараптамалық топтардың құрамына сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар мен тиісті білім саласындағы мамандар, қоғамдық бірлестіктердің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кіреді.

      Сараптамалық топтардың сандық құрамы кемінде 3 (үш) адамнан тұруға тиіс.

      9. Жергілікті жерлерде конкурсқа қатысушылардың материалдары мен өнімін алдын ала сараптамалық бағалауды өңірлік конкурсты ұйымдастырушы бекіткен графикке сәйкес сараптамалық топтар жүзеге асырады.

      10. Өңірлік конкурстар өңірлік конкурстарды ұйымдастырушы белгілеген мерзімде, бірақ конкурстар өткізілетін жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Өңірлік сараптамалық топтар:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар";

      2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Халық тұтынатын үздік тауарлар";

      3) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Үздік азық-түлік тауарлары" номинациялары бойынша өңірлік конкурстардың 9 жеңімпазын (әр номинация бойынша үшеуден) анықтайды.

      Сараптамалық топтар конкурсқа қатысушылардың материалдары мен өнімін алдын ала сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес алдын ала сараптамалық қорытынды жасайды.

      11. Өңірлік конкурстардың ұйымдастырушылары конкурстар өткізілетін жылдың 15 тамызынан кешіктірмей, өңірлік конкурстар жеңімпаздарының қажетті құжаттарын конкурсты ұйымдастырушыға жібереді.

      Құжаттар жиынтығы осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген қосымшаларға сәйкес сараптамалық қорытындыларымен және сараптамалық бағаларымен өңірлік конкурстар жеңімпаздарының материалдарын қамтиды.

      12. Өңірлік конкурстардың жеңімпаздары республикалық конкурсқа қатысады.

3. Республикалық конкурсқа ұсынылатын материалдар мен өнімді алдын ала сараптамалық бағалау тәртібі

      13. Республикалық конкурсқа ұсынылатын материалдар мен өнімді алдын ала сараптамалық бағалауды жүргізу үшін республикалық конкурсты ұйымдастырушының шешімімен сараптамалық топтар (бұдан әрі – сараптамалық топтар) құрылады.

      Сараптамалық топтардың сандық құрамы кемінде 5 (бес) адамды құрауы тиіс.

      14. Сараптамалық топтардың құрамына сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшылар мен тиісті білім саласындағы мамандар, қоғамдық бірлестіктердің, атқарушы органдардың, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді, олар осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген қосымшаларға сәйкес кестелерде қойылған бағаларымен алдын ала сараптамалық қорытынды дайындайды

      15. Сараптамалық қорытындылардың және қойылған бағалардың қорытындылары бойынша сараптамалық топтар онлайн-дауыс беруді ұйымдастыру үшін осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген үш номинация бойынша 27 финалға қатысушыны анықтайды.

      Финалға қатысушылар конкурстардың ресми сайтындағы онлайн-дауыс беруге қатысады.

      Республикалық конкурсты ұйымдастырушы онлайн-дауыс беруді әрбір номинация бойынша жеке, конкурс өткізілетін жылдың 15 – 25 қазан аралығында күнтізбелік 10 күн ішінде өткізеді.

      Аралық дауыс беру нәтижелері конкурсты ұйымдастырушының сайтында қолжетімді.

      16. Конкурсты ұйымдастырушы сараптамалық топтардың 27 финалға қатысушының жинақталған құжаттары мен онлайн-дауыс беру нәтижелерін қамтитын алдын ала сараптамалық қорытындыларын Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияға жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізілгенге дейін бес күн бұрын жібереді.

  "Қазақстанның үздік тауары"
өңірлік және республикалық
көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнімді ресімдеу,
ұсыну және алдын ала сараптамалық
бағалау қағидаларына
1-қосымша

Тіркеу нөмірі__________

  Конкурсты ұйымдастырушы –
  Қазақстан Республикасының
  Ұлттық кәсіпкерлер палатасына

Өтінім

      1. Өтінім беруші Конкурсқа қатысушының толық атауы _________________________

      ____________________________________________________________________

      Мекенжайы ___________________________________________________________

      Байланыс телефондары ________________________________________________

      Жұмыс істеу кезеңі __________________________________________________

      2. Басшысы Тегі, аты, әкесінің аты ___________________________________________

      Лауазымы ____________________________________________________________

      Мекенжайы ___________________________________________________________

      Қызметтік телефоны, факс, e-mail ____________________________________

      3. Конкурсқа ұсынылған тауардың атауы _______________________________

      Басшының қолы 20__ жылғы "__" ____________ МО

      * Электрондық нысанда тапсырылған кезде өтінім электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) расталады.

      ** Өтінімге осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген қағаз және/немесе электрондық пішімдегі (сканерленген) конкурстық құжаттар қоса беріледі

 
  "Қазақстанның үздік тауары"
өңірлік және республикалық
көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнімді ресімдеу,
ұсыну және алдын ала сараптамалық
бағалау қағидаларына
2-қосымша

Тіркеу нөмірі ______________ Сауалнама-декларация

      1. Конкурсант Қатысушының толық атауы (тіркеуге сәйкес) ____________________

      Заңды мекенжайы __________________________

      Пошталық мекенжайы (егер заңдыдан айырмашылығы болса) __________________

      Меншік нысаны ________________________

      Негізгі қызмет түрі _________________________

      Сала ________________________

      Өңір _______________________________

      Жұмыс істеу кезеңі ________________________________

      2. Басшы Компания басшысының Т.А.Ә. ________________________________

      Компания басшысының лауазымы ________________________________

      Басшының байланыс телефондары (қызметтік және ұялы) _____________________

      Басшының электрондық мекенжайы ________________________________

      3. Конкурсқа қатысушы туралы мәліметтер Жұмыскерлердің жалпы саны__________

      Филиалдар саны (бар болса) ________________________________

      Компания телефоны ________________________________

      Компанияның интернет-сайты ________________________________

      Компанияның логотипі ________________________________

      Компанияның өткен жылдардағы "Алтын сапа" және "Қазақстанның үздік тауары" конкурстарына қатысуы (егер қатысқан болса, онда қай жылы екенін көрсету) __________

      Көрсетілген конкурстар бойынша наградалардың болуы (егер болса, қай жылы, қандай конкурс және қандай номинация бойынша) ________________________________

      4. Конкурсқа ұсынылатын тауар туралы ақпарат _______________________________

      Конкурсқа ұсынылатын тауардың атауы _________ СЭҚ ТН коды _______________

      5. Уәкілетті және конкурсқа жауапты адам ________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты ________________________________

      Лауазымы ________________________________

      Телефоны (оның ішінде ұялы) _______________________________

      e-mail: _______________________ факс___________________________

      6. Декларация

      Кәсіпорын атынан біз конкурсқа қатысушылар үшін белгіленген қағидаларды орындауға келісетінімізді мәлімдеймін және Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның шешімін түпкілікті деп қабылдайтын боламыз. Жергілікті жерде алдын ала бағалауды жүргізу қажет болған жағдайда, біз оны ашық және шынайы өткізуге көмек көрсетеміз. Біз кәсіпорынның осындай сараптамаға байланысты шығыстарды көтеретінін түсінеміз.

      Басшының қолы 20 ___ жылғы " " _________

  "Қазақстанның үздiк тауары"
өңiрлiк және республикалық
көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнiмдi
ресiмдеу, ұсыну және алдын ала
сараптамалық бағалау қағидаларына
3-қосымша

"Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк тауарлар" номинациясы

      Өңір________________________________________________________________

      Ұйым _______________________________________________________________

      Өнім _______________________________________________________________

      Өнімнің қорытынды балы _____________________________________________


Сараптамалық бағалау кестесі

Р/с

Өлшемшарттар, талаптар, көрсеткiштер

Сараптамалық балдар

Орташа балл

Сарапшының
Т.А.Ә.

Сарапшының
Т.А.Ә.

Сарапшының
Т.А.Ә.

Сарапшының
Т.А.Ә.

Сарапшының
Т.А.Ә.


1

2

3

4

1

Отандық аналогпен салыстырғанда тұтыну ерекшелігінің деңгейі (1-10 балл)







2

Өндiрiлетiн өнiм көлемiндегi экспортқа шығарылатын өнiм үлесi (0 балл; 2 % үшiн 1 балл)







3

Соңғы екі жылда конкурсқа ұсынылған өнiм өндiрісі көлемiнiң өзгеру үрдісі
(0 балл; 2 % үшiн 1 балл).
Іс жүзінде қол жеткізілген көрсеткіштердің өзгеру үрдістерін жоспарланған көрсеткіштермен салыстырғанда бағалау қажет.







4

Тұтынушылар, мемлекеттiк бақылаушы органдар, сатып алатын ұйымдардың тарапынан сараптамалық-расталған шағымдардың болуы/болмауы (0 балл талаптар жойылмай болғаны үшін, болмағаны үшін 10 балл)







5

Тұтынушылардың, сатып алатын ұйымдардың пiкiрлерi (республиканың әр түрлi өңiрлерiнен және одан тыс жерлерден ресми ресiмделген кемiнде 10 пікір) (0-10 балл: әрбір пікір үшін 1 балл)







6

Өнімдегі жергілікті қамту үлесі (0 балдан бастап: әрбiр 10 % үшiн 1 балл)







7

Сапа көрсеткіштерінің тұрақтылық деңгейі (сертификатталған менеджмент жүйелерінің болуы) (0 балдан бастап: әр сертификат/декларация үшін 5 балл)







8

Өнімнің қауіпсіздігін растайтын көрсеткіштер тұрақтылығының деңгейі (сәйкестік сертификаты, сәйкестік декларациясы) (0 балл; әр сертификат/ декларация үшін 5 балл)







9

Өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында компанияның маркетингтік саясатының тиімділігі (0-10 балл)







10

Өнімді өндіру кезінде қолданылатын инновациялар ("ноу-хау", өнертабыстың, патенттердің болуы, конструкциялардың жаңалығы) (0 балдан бастап: инновацияны растайтын әрбір 1 құжат үшін 10 балл)







Өнімнің қорытынды балы (S (сомасы) орт. балл)


      Комиссия төрағасы (Т.А.Ә.) ____________________________________

      Сараптамалық топ хатшысы (Т.А.Ә.) ____________________________

      Сараптамалық топ мүшелері ___________________________________


  "Қазақстанның үздiк тауары"
өңiрлiк және республикалық
көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнiмдi
ресiмдеу, ұсыну және алдын ала
сараптамалық бағалау қағидаларына
4-қосымша

"Халық тұтынатын үздiк тауарлар" номинациясы

      Өңір _______________________________________________________________

      Ұйым ______________________________________________________________

      Өнім _______________________________________________________________

      Өнімнің қорытынды балы _____________________________________________

      Сараптамалық бағалау кестесі


Р/с

Өлшемшарттар, талаптар, көрсеткiштер

Сараптамалық балдар

Орташа балл

Сарапшының
Т.А.Ә.

Сарапшының
Т.А.Ә.

Сарапшының
Т.А.Ә.

Сарапшының
Т.А.Ә.

Сарапшының
Т.А.Ә.


1

2

3

4

1

Отандық аналогпен салыстырғанда тұтыну ерекшелігінің деңгейі (1-10 балл)







2

Өндiрiлетiн өнiм көлемiндегi экспортқа шығарылатын өнiм үлесi (0 балл; 2 % үшiн 1 балл)







3

Соңғы екі жылда конкурсқа ұсынылған өнiмдi өндiру көлемiнiң өзгеру үрдісі (0 балл; 2 % үшiн 1 балл).
Іс жүзінде қол жеткізілген көрсеткіштердің өзгеру үрдістерін жоспарланған көрсеткіштермен салыстырғанда бағалау қажет.







4

Әлеуметтік маңыздылық деңгейі (аналогпен салыстырғанда бағасы және тұтынушылардың түрлі санаты үшін Қазақстан нарығындағы қолжетімділігі)
(1-10 балл)







5

Тұтынушылар, мемлекеттiк бақылаушы органдар, сатып алатын ұйымдардың тарапынан сараптамалық-расталған шағымдардың болуы/болмауы (талаптар жойылмай болғаны үшін 0 балл, болмағаны үшін 10 балл)







6

Тұтынушылардың, сатып алатын ұйымдардың пiкiрлерi (республиканың әртүрлi өңiрлерiнен және одан тыс жерлерден ресми ресiмделген кемiнде 10 пікір) (0-10 балл: әрбір пікір үшін 1 балл)







7

Өнімдегі жергілікті қамту үлесі (0 балдан бастап: әрбір 10 % үшiн 1 балл)







8

Сапа көрсеткіштерінің тұрақтылық деңгейі (сертификатталған менеджмент жүйелерінің болуы) (0 балл; әр сертификат/ декларация үшін 5 балл)







9

Өнімнің қауіпсіздігін растайтын көрсеткіштер тұрақтылығының деңгейі (сәйкестік сертификаты, сәйкестік декларациясы) (0 балл; әр сертификат/ декларация үшін 5 балл)







10

Өнімді өндіру кезінде қолданылатын инновациялар ("ноу-хау" болуы, өнертабыстар, конструкциялардың жаңалығы) (0 балдан бастап, инновацияны растайтын әрбір 1 құжат үшін 10 балл)







Өнімнің қорытынды балы (S (сомасы) орт. балл)


      Комиссия төрағасы (Т.А.Ә.) _______________________________________

      Сараптамалық топтың хатшысы (Т.А.Ә.) ____________________________

      Сараптамалық топтың мүшелері _____________________________________

 
  "Қазақстанның үздік тауары"
өңірлік және республикалық
көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнімді ресімдеу,
ұсыну және алдын ала сараптамалық
бағалау қағидаларына
5-қосымша

"Үздiк азық-түлік тауарлары" номинациясы

      Өңір _______________________________________________________________

      Ұйым ______________________________________________________________

      Өнім _______________________________________________________________

      Өнімнің қорытынды балы _____________________________________________

Сараптамалық бағалау кестесі

Р/с

Өлшемшарттар, талаптар, көрсеткiштер

Сараптамалық балдар

Орташа балл

Сарапшының
Т.А.Ә.

Сарапшының
Т.А.Ә.

Сарапшының
Т.А.Ә.

Сарапшының
Т.А.Ә.

Сарапшының
Т.А.Ә.


1

2

3

4

1

Отандық аналогпен салыстырғанда тұтыну ерекшелігінің деңгейі (1-10 балл)







2

Өндiрiлетiн өнiм көлемiндегi экспортқа шығарылатын өнiм үлесi
(0 балл; 1 балл 2 % үшiн)







3

Соңғы екі жылда конкурсқа ұсынылған өнiмдi өндiру көлемiнiң өзгеру үрдісі (0 балл; 2 % үшiн 1 балл).
Іс жүзінде қол жеткізілген көрсеткіштердің өзгеру үрдістерін жоспарланған көрсеткіштермен салыстырғанда бағалау қажет.







4

Тұтынушылар, мемлекеттiк бақылаушы органдар, сатып алатын ұйымдардың тарапынан сараптамалық-расталған шағымдардың болуы/болмауы (талаптар жойылмай болғаны үшін 0 балл, болмағаны үшін 10 балл)







5

Тұтынушылардың, сатып алатын ұйымдардың пiкiрлерi (республиканың әртүрлi өңiрлерiнен және одан тыс жерлерден ресми ресiмделген кемiнде 10 пікір)
(0-10 балл: әрбір пікір үшін 1 балл)







6

Өнімдегі жергілікті қамту үлесі
(0 балдан бастап: әрбiр 10 % үшiн 1 балл)







7

Сапа көрсеткіштерінің тұрақтылық деңгейі (сертификатталған менеджмент жүйелерінің болуы) (0 балл; әр сертификат үшін 5 балл)







8

Өнімнің қауіпсіздігін растайтын көрсеткіштер тұрақтылығының деңгейі (0 балл; әр сертификат/декларация үшін 5 балл)







9

Өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында компанияның маркетингтік саясатының тиімділігі (0-10 балл)







10

Өнімді өндіру кезде қолданылатын инновациялар ("ноу-хаудың", өнертабыстың, патенттердің болуы, конструкциялардың жаңалығы) (0 балдан бастап: инновацияны растайтын әрбір 1 құжат үшін 10 балл)







Өнімнің қорытынды балы (S (сомасы) орт. балл)


      Комиссия төрағасы (Т.А.Ә.) ______________________________________

      Сараптамалық топтың хатшысы (Т.А.Ә.) ____________________________

      Сараптамалық топтың мүшелері ____________________________________

 
  "Қазақстанның үздік тауары"
өңірлік және республикалық
көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық
бағалау қағидаларына
6-қосымша

Алдын ала сараптамалық қорытынды

      Номинация ____________________________________________________________

      Кәсіпорынның атауы____________________________________________________

      Өңір _________________________________________________________________

      Басшы (лауазымы) _____________________________________________________

      Басшының Т.А.Ә. ______________________________________________________

      Жұмыскерлер саны______ адам Кәсіпорын _______ жылы құрылды. Конкурсқа ұсынылған өнімнің атауы ____________________________________

      ______________________________________________________________________

      Ұйым өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) нарықтағы үлесін қоса алғанда, жалпы қызмет нәтижелерінің сипаттамасы.

      Өнімнің негізгі тұтынушылық қасиеттері, сипаттамалары, бәсекелестік артықшылықтары және ерекшеліктері. Сату нарығы, маркетингтік саясат, елдер мен жалпы үлесі көрсетілген экспорт көлемі, өнімнің тұтынушылық қасиеттерін, сапасын жақсарту динамикасы туралы мәліметтер. Заттық және (немесе) ақшалай нысандағы өндіру және сату көлемі, соңғы 2 жылдағы өсу динамикасы, өнімнің қазақстандық қамту дәрежесі, сертификатталған менеджмент жүйелерінің болуы, кәсіпорынның саланы және қоғамды дамытуға қосқан үлесі, өнертабыстардың, патенттердің болуы, конструкциялар жаңалығы, кәсіпорынның (ұйымның) норма шығармашылығы процесіне, қайырымдылыққа қатысуы және т.б. (A4 пішімінде көлемі 1 парақтан аспауға тиіс.

      Қорытынды: Күшті жақтары _______________________________________________

      ______________________________________________________________

      Әлсіз жақтары ________________________________________________

      _________________________________________________