Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығы

Жаңартылған

      Мемлекеттiк билiк органдары жүйесiнде бiрыңғай әрi тиiмдi кадр саясатын жүргiзу, лауазымды тұлғалардың мемлекеттiк мiндеттердi жүзеге асыру үшін жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында қаулы етемін:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және бекiтетiн немесе оның келiсуiмен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың лауазымдар тiзбесi;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саяси қызметшілерi мен  өзге де басшы лауазымды адамдарын қызметке келiсу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату туралы ереже бекітілсін.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2009.07.27. N 852 Жарлығымен.

      1-1. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2007.11.13 N 436 Жарлығымен.

      2. Мыналардың:
      1) "Мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және бекiтетiн немесе оның келiсуiмен тағайындалатын және бекiтiлетін, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерiнiң лауазымдар тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 4 мамырдағы N 132 Жарлығының;
      2) "Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының басшы лауазымды адамдарын қызметкe келiсу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 3 қарашадағы N 87 өкiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.

      2-1. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2011.06.17 N 101 Жарлығымен.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң 2002 жылғы 
29 наурыздағы N 828   
Жарлығымен        
Бекiтiлген        

Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан
Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның
келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша
сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті
Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де
басшы лауазымды адамдардың
ТІЗБЕСІ

       Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2009.07.27
N 852 Жарлығымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2010.09.22
N 1066, 2011.05.19 N 86, 2011.06.17 N 101, 2011.07.22 N 124,
2011.08.01 N 131, 2012.03.05 N 278, 2012.03.13 № 282, 2012.05.17
N 328 Жарлықтарымен.


Кім тағайындайды (сайлайды)

Тағайындау (сайлау) үшін кім ұсынады (ұсыным жасайды)

Кіммен келісіледі

1

2

3

4

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Президент



Парламент Мәжілісі

Парламент Сенатының Төрағасы

Парламент Сенаты

Президент



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы

Президент





Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы

Президент





Конституциялық Кеңестің Төрағасы және екі мүшесі

Президент

Әкімшілік Басшысы



Жоғарғы Соттың Төрағасы және судьялары

Парламент Сенаты

Президент

Жоғары Сот Кеңесі

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры

Президент

Әкімшілік Басшысы

Парламент Сенаты

Ұлттық Банкі Төрағасы

Президент

Әкімшілік Басшысы

Парламент Сенаты

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары

Президент

Премьер-Министр



Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы

Президент

Әкімшілік Басшысы



Орталық сайлау комиссиясының төрағасы  және екі мүшесі

Президент

Әкімшілік Басшысы



Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы

Президент

Әкімшілік Басшысы



Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы

Президент

Әкімшілік Басшысы

Парламент Сенаты

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы және екі мүшесі

Президент

Әкімшілік Басшысы



Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы

Президент

Әкімшілік Басшысы



Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері

Президент

Әкімшілік Басшысы



Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары

Президент

Әкімшілік Басшысы



Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері

Президент

Әкімшілік Басшысы



Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер, Әділет министрлерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының министрлері

Президент

Премьер-Министр



Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер, Әділет министрлері

Президент



Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

Президент

Әкімшілік Басшысы



Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың басшылары

Президент

Әкімшілік Басшысы



Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері

Президент



тиісінше Астана және Алматы қалаларының, облыстардың мәслихаттары

Астана және Алматы қалаларының, облыстардың тексеру комиссияларының төрағалары

тиісінше Астана және Алматы қалаларының, облыстардың мәслихаттары

тиісінше Астана және Алматы қалаларының, облыстардың мәслихаттарының хатшылары

Әкімшілік Басшысы

Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшілері, халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілдері

Президент

Сыртқы істер министрі

Әкімшілік Басшысы

Парламент Сенатының он бес депутаты

Президент

Әкімшілік Басшысы



Орталық атқарушы органдар болып табылатын агенттіктердің төрағалары

Үкімет

Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы

Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасарлары

Президент

Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы

Әкімшілік Басшысы

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (Әкімшілік Басшысы тағайындайтын хатшылықтар меңгерушілерін қоспағанда)

Президент

Әкімшілік Басшысы



Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы

Президент

Қорғаныс министрі

Әкімшілік Басшысы

Орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары

Президент

Әкімшілік Басшысы

Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы Қорғаныс, Сыртқы істер, Ішкі істер, Әділет министрлерінің орынбасарлары

Президент

Қорғаныс, Сыртқы істер, Ішкі істер, Әділет -  министрлері

Әкімшілік Басшысы

Қорғаныс, Сыртқы істер, Ішкі істер, Әділет министрлерінің орынбасарларын қоспағанда, министрлердің орынбасарлары

Үкімет

министрлер

Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы

Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар басшыларының орынбасарлары

Президент

Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың басшылары

Әкімшілік Басшысы

Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар болып табылатын агенттіктер төрағаларының орынбасарлары

Үкімет

Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар болып табылатын агенттіктердің төрағалары

Әкімшілік Басшысы

Қазақстан Республикасы ҰҚК Арнаулы ақпарат қызметінің директоры

Президент

ҰҚК Төрағасы

Әкімшілік Басшысы

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы

Президент

Бас прокурор

Әкімшілік Басшысы

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры

Президент

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы

Әкімшілік Басшысы

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры

Президент

Әкімшілік Басшысы



Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскерлері түрлерінің, тектерінің қолбасшылары

Президент

Қорғаныс министрі

Әкімшілік Басшысы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшылары

Президент

Қорғаныс министрі

Әкімшілік Басшысы

Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы

Президент

Қорғаныс министрі

Әкімшілік Басшысы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер қолбасшысы - Ішкі әскерлер комитетінің төрағасы

Президент

Ішкі істер министр

Әкімшілік Басшысы

Қазақстан Республикасы
Президентінің Қазақстан
Республикасы Ұлттық
Банкі Басқармасындағы өкілі

Президент

Әкімшілік Басшысы



Жергілікті және басқа соттардың төрағалары және сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Сот алқалары төрағалары, жергілікті және басқа соттардың судьялары

Президент

Жоғары Сот Кеңесі



Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі комитеттерінің төрағалары

Ұлттық Банк Төрағасы


Президент немесе оның тапсырмасы  бойынша Әкімшілік Басшысы

Ішкі істер, Қорғаныс, Сыртқы істер және Әділет министрліктерін қоспағанда, министрліктер комитеттерінің төрағалары

министрлер



Премьер-Министр,
Әкімшілік Басшысы

Ішкі істер, Қорғаныс, Сыртқы істер және Әділет министрліктері комитеттерінің төрағалары

министрлер



Әкімшілік Басшысы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппаратының басшысы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы


Әкімшілік Басшысы

Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдерінің орынбасарлары, аппараттарының жетекшілері

Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері



Әкімшілік Басшысы

Облыстардың аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері

облыс әкімі



Әкімшілік Басшысы, облыстың ауданының, облыстық маңызы бар қаланың мәслихаты

Қалалардағы аудандардың әкімдері

қала әкімі



Әкімшілік Басшысы, қала мәслихаты

Қаржы министрлігінің Кеден бақылау комитеті төрағасының орынбасарлары

министр

комитеттер төрағасы

Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы, жауапты хатшы

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл



Әкімшілік Басшысы

Астана және Алматы қалаларының, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар

Бас прокурор



Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы

Қазақстан Республикасы орталық аппараты департаменттерінің бастықтары, Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясының және Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі академиясының бастықтары

ҰҚК Төрағасы



Әкімшілік Басшысы

"Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің департаменттері бастықтары

"Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры



Әкімшілік Басшысы

Астана және Алматы қалаларының ҰҚК департаменттерінің, ҰҚК облыстық департаменттерінің бастықтары

ҰҚК Төрағасы



Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы

ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасарлары, ҰҚК Шекара қызметі өңірлік басқармаларының бастықтары

ҰҚК Төрағасы



Әкімшілік Басшысы

Қарулы Күштер Бас барлау басқармасының бастығы

Қорғаныс министрі



Әкімшілік Басшысы

Штабтар бастықтары комитеті төрағасының орынбасарлары

Қорғаныс министрі



Әкімшілік Басшысы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тыл бастығы

Қорғаныс министрі



Әкімшілік Басшысы

Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшыларының, әскерлері тектерінің, өңірлік қолбасшылықтары қолбасшыларының бірінші орынбасарлары - штабтар бастықтары

Қорғаныс министрі



Әкімшілік Басшысы

Астана және Алматы қалаларының, облыстардың қорғаныс істері департаменттерінің бастықтары

Қорғаныс министрі


Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы

Ішкі істер министрлігінің көліктегі ішкі істер департаментінің, Астана, Алматы қалаларының және  облыстардың ішкі істер департаменттерінің бастықтары

Ішкі істер министрі


Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы

Ішкі істер министрлігі Алматы және Қарағанды академияларының бастықтары, Ішкі әскерлер бригадаларының (құрамаларының) командирлері

Ішкі істер министрі


Әкімшілік Басшысы

Астана, Алматы қалаларының және облыстардың экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерінің (қаржы полициясының) бастықтары

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасы



Әкімшілік Басшысы

Қаржы министрлігі Кеден бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің бастықтары

Кеден бақылау комитетінің төрағасы


Әкімшілік Басшысы,
Қаржы министрі

Төтенше жағдайлар министрлігінің Астана, Алматы қалаларының және облыстардың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары

Төтенше жағдайлар министрі



Әкімшілік Басшысы

Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әділет департаменттерінің бастықтары

жауапты хатшы



Әкімшілік Басшысы, Әділет министрі

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасарлары, қылмыстық-атқару жүйесі аумақтық департаменттерінің бастықтары

Ішкі істер министрі

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы

Әкімшілік Басшысы

Әділет министрлігі «Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры

Әділет министрі


Әкімшілік Басшысы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық органдарының басшылары - тәртіптік кеңес төрағалары

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы


Әкімшілік Басшысы

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайының директоры

Президент

Президент Кеңсесінің бастығы

Әкімшілік Басшысы

"Назарбаев орталығы"
директоры

Президент

Президент Кеңсесінің бастығы

Әкімшілік Басшысы

Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының директоры

Президент

Президент Кеңсесінің бастығы

Әкімшілік Басшысы

Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшылары

Президент

министрлер

Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат коры" АҚ басқарма төрағасы

Президент



Премьер-Министр

«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Ұлттық медициналық холдингі» АҚ басқармалары
төрағалары

тиісті холдингтердің директорлар кеңестері

Премьер-Министр

Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-на кіретін ұлттық даму институттары мен ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқармасы

Премьер-Министр

Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы

Холдингтер құрамына кірмейтін ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары

директорлар кеңесі

Премьер-Министр

Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы

Жоғарғы Сот Төрағасы


Әкімшілік Басшысы, Жоғарғы Сот Төрағасы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының орынбасарлары

Жоғарғы Сот Төрағасы


Әкімшілік Басшысы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Астана және Алматы қалалары, облыстар бойынша аумақтық органдарының басшылары

Әділет министрі


Сот актілерін орындау комитетінің төрағасы

Әкімшілік Басшысы

       * Бас прокуратураның, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының), Ішкі істер министрлігінің құзыретіне - тылды қамтамасыз ету, қаржы-экономикалық, тіл саясаты және ақпарат, құжаттамалық қамтамасыз ету және оның айналымы, және мемлекеттік құпия мәселелері кіретін орталық аппараты департаментінің бастықтарын қоспағанда

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң 2002 жылғы
29 наурыздағы N 828   
Жарлығымен        
Бекiтiлген        

Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және
өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және
қызметтен босату тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ

       Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2009.07.27. N 852 Жарлығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекет басшысының жарлықтарымен тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілерді қызметке тағайындау немесе қызметтен босату туралы ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына:
      Үкімет мүшелері жөнінде - Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер, Әділет министрлерін қоспағанда - Республиканың Премьер-Министрі;
      Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары жөнінде - Республика Президенті Әкімшілігінің (бұдан әрі - Әкімшілік) Басшысы;
      дипломатиялық өкілдіктер басшылары жөнінде - Сыртқы істер министрі енгізеді.
      2. Республика Президентінің өкімдерімен тағайындалатын басшы лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындау немесе қызметтен босату туралы ұсынымдарды Әкімшілікке тиісті мемлекеттік органның басшысы енгізеді.
      3. Мемлекет басшысының немесе оның уәкілеттік беруі бойынша Әкімшілік Басшысының келісімімен тағайындалатын басшы лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындау немесе қызметтен босату кезінде келісім беру туралы ұсынымдарды Әкімшілікке:
      Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшылары; мемлекеттік холдингтер және ұлттық компаниялардың басқарма төрағалары жөнінде - Республиканың Премьер-Министрі;
      министрліктер ведомстволары және орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің басшылары жөнінде - тиісті орталық мемлекеттік органдардың басшылары;
      Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары тағайындайтын лауазымды адамдары жөнінде - тиісті органдардың басшылары;
      жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың басшы лауазымды тұлғалары жөнінде - Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері;
      орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары тағайындайтын лауазымды тұлғалар жөнінде - тиісті орталық мемлекеттік органдардың басшылары;
      Астана және Алматы қалаларының, облыстардың тексеру комиссияларының төрағалары жөнінде - Астана және Алматы қалаларының, облыстардың мәслихаттарының хатшылары енгізеді.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2011.08.01 N 131 Жарлығымен.
      4. Қазақстан Республикасының Президенті осы Ережеде көзделген рәсімдерді сақтамай, қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды жүргізе алады.

2. Әкімшілікте мемлекеттік саяси қызметшілерді және
өзге де лауазымды тұлғаларды келісуді, қызметке тағайындауды
және қызметтен босатуды жүргізуді ұйымдастыру

      5. Республика Президентінің өкімімен, сондай-ақ Мемлекет басшысының келісімімен немесе оның уәкілеттік беруі бойынша Әкімшілік Басшысының келісімімен жүргізілетін, басшы мемлекеттік қызметке тағайындауға келісу рәсімін жүргізу үшін осы Ереженің 2 және 3-тармақтарында көрсетілген тұлғалар Әкімшілікке:
      кандидаттың іскерлік және жеке қабілеттері көрсетілген ұсынымды;
      кандидаттың суретімен бірге анықтама парағын (қызметтік тізімі);
      міндетті арнайы тексерістен өткендігі туралы мәліметтерді жібереді.
      6. Республика Президентінің өкімімен, сондай-ақ Мемлекет басшысының келісімімен немесе оның уәкілеттік беруі бойынша Әкімшілік Басшысының келісімімен жүргізілетін, басшы мемлекеттік қызметтен босатуды келісу рәсімін жүргізу үшін осы Ереженің 2 және 3 тармақтарында көрсетілген тұлғалар Әкімшілікке:
      қызметтен осылайша босатудың нақты себептері мен дәлелдері көрсетілген ұсынымды;
      кандидаттың суретімен бірге анықтама парағын (қызметтік тізімі);
      өтінішін (қызметтен өз тілегі бойынша босатылған жағдайда) жібереді.
      7. Қызметке тағайындау немесе қызметтен босату жөнінде Әкімшілікке ұсынылған материалдар тіркеу үшін әрі ресімдеу сапасына және осы Ережеде көзделген құжаттардың толық тізбесінің бар екеніне тексеру жүргізу үшін мемлекеттік қызмет және кадр саясаты мәселелерімен айналысатын құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі - Кадр қызметі) жіберіледі.
      Тексеру жүргізілгеннен кейін ұсынылған құжаттар бір күн ішінде Әкімшілік Басшысының қарауына беріледі, ол келісілетін кандидатураларды зерделеу жөнінде Әкімшіліктің тиісті лауазымды тұлғаларына тапсырмалар береді.
      8. Қызметке тағайындауға немесе қызметтен босатуға келісуді жүзеге асыратын Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелері тиісті келісу парақтарын ресімдейді, оларда тегі, аты-жөні; ұсынылатын немесе босатылатын қызмет; келісуді жүзеге асыратын Әкімшіліктің лауазымды тұлғалары көрсетіледі.
      9. Қызметке тағайындауға немесе қызметтен босатуға келісім беру жөнінде ұсынылған материалдарды талдау барысында құрылымдық бөлімшелер қызметке тағайындалатын немесе қызметтен босатылатын лауазымды тұлғаның іскерлік және жеке қабілеттерін жергілікті жерге бару не оны Әкімшілікке әңгімелесуге шақыру арқылы зерделейді, қосымша құжаттар сұратылуы мүмкін.
      10. Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелері қызметке тағайындауға немесе қызметтен босатуға келісу жөнінде он жұмыс күні ішінде жұмыс жүргізеді және тиісті құжаттарды кейіннен Әкімшілік Басшысының қарауына енгізу үшін Кадр қызметіне жібереді.
      11. Тиісті лауазымды тұлғалар қызметке тағайындаумен немесе қызметтен босатумен келіспеген жағдайда Әкімшілік Басшысына қорытынды ұсынылады, онда бас тартудың нақты себептері көрсетіледі.
      Бұл ретте олар тағайындалатын лауазымға өзге кандидатураны Әкімшілік Басшысының қарауына енгізуге хақылы.
      12. Келісуге ұсынылған материалдарды қарағаннан және кажет болған жағдайда Мемлекет басшысын хабардар еткеннен кейін Әкімшілік Басшысы қызметке тағайындауға немесе қызметтен босатуға келісім беру не одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Қабылданған шешім туралы Кадр қызметі бір күн мерзім ішінде мемлекеттік органдарға хабарлайды.
      13. Республика Президентінің лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындау және қызметтен босату жөніндегі жарлықтары мен өкімдерінің жобаларын дайындауды Кадр қызметі жүзеге асырады.
      14. Мемлекет басшысымен немесе Әкімшілік Басшысымен келісілуге тиіс кандидатураларды, олар тиісті шешім шығарғанға дейін, қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы актілерді қабылдауға жол берілмейді.
      15. Қазақстан Республикасы Президентінің өкімдерімен жүргізілетін, лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындау немесе қызметтен босату туралы ұсынымдарды Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінде қаралу сатысына соқпай, Мемлекет басшысына оның Әкімшілігінің Басшысы тікелей баяндауы мүмкін.

3. Әкімшілікте келісілуге тиіс мемлекеттік саяси
қызметшілердің және өзге де басшы қызметкерлердің лауазымдарын
оның құрылымдық бөлімшелері арасында бөлу

      16. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, Әкімшілікте келісілуге тиіс барлық кандидатуралар Кадр қызметінде және тиісті бейіндегі құрылымдық бөлімшелерде алдын ала зерделенуге тиіс.
      17. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығында мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
      Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарлары, қызмет директорлары, ҰҚК орталық аппарат департаменттерінің, Астана және Алматы қалаларының, облыстар департаменттерінің бастықтары, ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасарлары, ҰҚК Шекара қызметі өңірлік басқармаларының бастықтары;
      "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасарлары, "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі департаменттерінің бастықтары;
      Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы; Қорғаныс министрінің орынбасарлары; Қарулы Күштер әскерлері түрлерінің, тектерінің және өңірлік қолбасшылықтарының қол басшылары; Қарулы Күштер Бас барлау басқармасының бастығы; Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы, Штабтар бастықтары комитеті төрағасының орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тыл бастығы; Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының, әскерлер түрлерінің тектері, өңірлік қолбасшылықтары қолбасшыларының бірінші орынбасарлары - штабтар бастықтары; Астана және Алматы қалаларының, облыстардың қорғаныс істері департаменттерінің бастықтары;
      Ішкі әскерлер қолбасшысы - Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер комитетінің төрағасы, оның орынбасарлары, ішкі әскерлер бригадаларының (құрамаларының) командирлері;
      Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет, Төтенше жағдайлар мен өнеркәсіп қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау комитеттерінің төрағалары, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары;
      Қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасарлары, министрліктің жауапты хатшысы, комитеттері төрағалары.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.06.17 N 101, 2012.03.13 № 282 Жарлықтарымен.
      18. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, әлеуметтік-экономикалық сала мәселелерін жүргізетін құрылымдық бөлімшеде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
      Қоршаған ортаны қорғау, Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қаржы, Индустрия және жаңа технологиялар, Ауыл шаруашылығы, Көлік және коммуникация, Экономикалық даму және сауда, Мұнай және газ, Байланыс және ақпарат, Туризм және спорт министрлерінің орынбасарлары, министрліктердің жауапты хатшылары, комитеттерінің төрағалары;
      Ұлттық Банк, Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар болып табылатын агенттіктер төрағаларының орынбасарлары; Ұлттық Банк комитеттерінің төрағалары; «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрамына кіретін ұлттық даму институттары мен ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары; холдингтер құрамына кірмейтін ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппаратының басшысы.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.06.17 N 101 Жарлығымен.
      19. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, құқық қорғау жүйесі мәселелерін жүргізетін құрылымдық бөлімшеде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
      Бас прокурордың орынбасарлары, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың прокурорлары, оларға теңестірілген басқа да прокурорлар; Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы;
      Ішкі істер министрінің орынбасарлары, Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер қолбасшысы - Ішкі әскерлер комитетінің төрағасы, Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары; Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасарлары; Ішкі істер министрлігі Алматы және Қарағанды академияларының бастықтары; Ішкі істер министрлігінің көліктегі ішкі істер департаменттерінің, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің бастықтары; Ішкі істер министрлігінің Астана, Алматы қалаларының және облыстардың қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің бастықтары;
      Әділет министрлігі «Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры;
      Қаржы министрлігі Кеден бақылау комитетінің төрағасы және төрағасының орынбасарлары, аумақтық кеден бақылау департаменттерінің бастықтары;
      Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасарлары, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерінің (қаржы полициясының) бастықтары.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.06.17 N 101 Жарлығымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2012.05.17 N 328 Жарлығымен.
      20. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, сыртқы саясат мәселелерін жүргізетін құрылымдық бөлімшеде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
      Сыртқы істер министрінің орынбасарлары, Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, комитеттері төрағалары, Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшілері, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдері.
      21. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, құқықтық қамтамасыз ету мәселелерін жүргізуші құрылымдық бөлімшеде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
      Әділет министрінің орынбасарлары, Әділет министрлігінің жауапты хатшысы, комитеттер төрағалары, Әділет министрлігінің Астана және Алматы қалалары, облыстар әділет департаменттерінің бастықтары;
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы, оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Астана және Алматы қалалары, облыстар бойынша аумақтық органдарының басшылары.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2010.09.22 N 1066, 2011.06.17 N 101, 2012.05.17 N 328 Жарлықтарымен.
      22. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, ішкі саясат мәселелерін жүргізетін құрылымдық бөлімшеде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
      Мәдениет, Байланыс және ақпарат, Денсаулық, Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерінің орынбасарлары, министрліктерінің жауапты хатшылары және комитеттер төрағалары; Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының орынбасарлары; Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысы; әкімдердің әлеуметтік мәселелерді қадағалайтын орынбасарлары; Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшылары, «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ және олардың құрамына кіретін ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.06.17 N 101 Жарлығымен.
      23. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, мемлекеттік бақылау және аумақтарды дамыту мәселелерін жүргізетін құрылымдық бөлімшеде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
      орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары;
      Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдерінің орынбасарлары, әкімдері аппараттарының басшылары; Астана және Алматы қалаларының, облыстардың тексеру комиссияларының төрағалары; облыстар аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері, қалалардағы аудандардың әкімдері; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аумақтық органдарының басшылары - тәртіптік кеңестер төрағалары.
      Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2011.05.19 № 86, 2011.06.17 N 101, 2011.08.01 N 131 Жарлықтарымен.