"Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 17 мамырдағы № 328 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 290 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 Жарлығымен.


      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 39, 472-құжат; № 41, 518-құжат; № 48, 646-құжат; № 51, 685-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:

      мына:

      "

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасарлары, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аумақтық департаменттерінің бастықтары

Әділет министрі

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы

Әкімшілік Басшысы


      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасарлары, қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аумақтық департаменттерінің бастықтары

Ішкі істер министрі

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы

Әкімшілік Басшысы


      ";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:

      19-тармақтың үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі істер министрінің орынбасарлары, Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер қолбасшысы - Ішкі әскерлер комитетінің төрағасы, Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары; Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасарлары; Ішкі істер министрлігі Алматы және Қарағанды академияларының бастықтары; Ішкі істер министрлігінің көліктегі ішкі істер департаменттерінің, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің бастықтары; Ішкі істер министрлігінің Астана, Алматы қалаларының және облыстардың қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің бастықтары;

      Әділет министрлігі "Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің директоры;";

      21-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әділет министрінің орынбасарлары, Әділет министрлігінің жауапты хатшысы, комитеттер төрағалары, Әділет министрлігінің Астана және Алматы қалалары, облыстар әділет департаменттерінің бастықтары;".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев