Мемлекеттiк билiк органдары жүйесiнде бiрыңғай әрi тиiмдi кадр саясатын жүргiзу, лауазымды тұлғалардың мемлекеттiк мiндеттердi жүзеге асыру үшін жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының және мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және бекiтетiн немесе оның келiсуiмен тағайындалатын және бекiтiлетiн, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерiнiң лауазымдар тiзбесi;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саяси қызметшілерi мен орталық және жергіліктi мемлекеттiк органдарының өзге де басшы лауазымды адамдарын қызметке келiсу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату туралы ереже бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және бекiтетiн немесе оның келiсуiмен тағайындалатын және бекiтiлетін, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерiнiң лауазымдар тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 4 мамырдағы N 132
Жарлығының
;
2) "Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының басшы лауазымды адамдарын қызметкe келiсу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 3 қарашадағы N 87
өкiмiнiң
күшi жойылған деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 2002 жылғы
29 наурыздағы N 828
Жарлығымен
Бекiтiлген
Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының және
мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының
Президентi тағайындайтын және бекiтетiн немесе оның
келiсуімен тағайындалатын және бекiтiлетiн, оның ұсынуы
бойынша сайланатын басшы қызметкерлерінiң лауазымдар
ТIЗБЕСІ
Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Президентінің 2003.03.20. N 1044 жарлығымен .
! Кiм ! Кiм ! Кіммен
Парламент Сенатының Парламент Президент
Қазақстан Республикасының Президент
Қазақстан Республикасы Президент
Конституциялық Кеңестің Президент Әкімшілік
Жоғарғы Соттың Төрағасы, Парламент Президент Жоғары Сот
Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілік Парламент
Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілік Парламентпен
Қазақстан Республикасы Президент Премьер-
Орталық сайлау Парламент Президент
Жоғары Сот Кеңесінің Президент Әкімшілік
Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілік Парламент
Республикалық бюджеттiң Президент Әкімшілік
Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілік
Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілік
Қазақстан Республикасы Президент Премьер-
Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілік
Қазақстан Республикасы Президент Әкiмшiлiк
Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілік
Қазақстан Республикасының Президент Премьер-
Қазақстан Республикасындағы Президент Әкiмшiлiк
Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілік
Облыстардың, Астана және Президент Премьер-
Қазақстан Республикасы Президент Мемлекеттік Премьер-
Еуразиялық экономикалық Президент Премьер- Мемлекеттік
Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілік
Орталық атқарушы органдар Үкiмет Премьер- Президентпен
Қазақстан Республикасы Президент Қауіпсіздік Әкімшілік
Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілік
Қазақстан Республикасының Президент Ұлттық Банк Президентпен
Қазақстан Республикасының Президент Қорғаныс Премьер-
Қазақстан Республикасы Президент Қорғаныс Премьер-
Министрлердің Үкімет Министрлер Президентпен
Қазақстан Республикасының Президент Қазақстан Әкімшілік
Қазақстан Республикасы Президент Президенттің Әкімшілік
Қазақстан Республикасы Президент ҰҚК төрағасы Әкімшілік
Қазақстан Республикасының Президент Жоғарғы Сот Әкімшілік
Қазақстан Республикасы Президент Әкiмшiлiк
Қазақстан Республикасы Президент Әкiмшiлiк
Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілік
Қазақстан Республикасы Президент Бiлiм және Премьер-
Қазақстан Республикасы Президент Қорғаныс Премьер-
Қазақстан Республикасы Президент Қорғаныс Премьер-
Қазақстан Республикасы Президент Қорғаныс Премьер-
Қазақстан Республикасының Президент Ішкі істер Премьер-
Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілік
Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілік
Облыстардың, Астана және Президент Жоғарғы Сот Жоғары Сот
Аудандық, қалалық және Президент Әділет Әділет
Кедендiк бақылау және Үкімет Агенттіктер Әкімшілік
Қылмыстық-атқару Үкімет Министрлер Әкімшілік
Облыстардың, Астана және Облыс Облыс Премьер-
Адам құқығы "Қазақстан "Қазақстан Әкiмшiлiк
Облыстардың, Алматы және Бас Бас Президентпен
Бас Прокуратураның орталық Бас Бас Әкімшілік
"Облыстар, Астана, Бас Бас Әкімшілік
Қазақстан Республикасы ҰҚК ҰҚК Әкімшілік
Облыстардың, Алматы және ҰҚК ҰҚК Президентпен
Облыстық, Астана, Алматы Ішкі істер Ішкі істер Президентпен
Қазақстан Республикасы Iшкi Ішкі Әкімшілік
Облыстар, Астана, Алматы Қаржы Қаржы Әкімшілік
Облыстар, Астана және Кедендiк Кедендiк Әкімшілік
Облыстар, Астана және Әдiлет Әдiлет Әкімшілік
|
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 2002 жылғы
29 наурыздағы N 828
Жарлығымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саяси
қызметшiлерi мен орталық және жергiлiктi
мемлекеттiк органдарының өзге де басшы
лауазымды адамдарын қызметке келiсу,
қызметке тағайындау мен қызметтен босату
тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
Орталық мемлекеттiк органдардың басшы лауазымды
адамдары мен облыстардың, Астана және Алматы
қалаларының әкiмдерi бойынша
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарымен тағайындалатын мемлекеттiк саяси қызметшілер мен орталық және жергілікті мемлекеттiк органдардың өзге де басшы лауазымды адамдарын тағайындау немесе босату туралы ұсыныстарды Республика Премьер-Министрi (Үкiмет мүшелерi, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi бойынша), Республика Президентi Әкiмшілігінің Басшысы (Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар басшылары бойынша) ұсынылып отырған тағайындаудың немесе босатудың себептерi мен дәлелдерiн көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына жазбаша түрде енгiзедi.
2. Республика Президентiнiң өкiмдерiмен, сондай-ақ Республика Президентiнiң немесе оның уәкiлеттiк беруiмен Президент Әкiмшiлiгi Басшысының келiсiмi бойынша жүргiзiлетiн оpталық мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарын тағайындау немесе босату туралы ұсыныстарды тиiстi орталық органның басшысы Әкiмшiлiкке жазбаша түрде енгізедi және оны тiркеп, Әкiмшілiк Басшысына ұсынатын Әкiмшілiктiң Кадр жұмысы бөлiмiне жiбередi.
Бұл ретте Үкiмет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың және ведомстволардың басшыларын қызметке тағайындауға немесе қызметтен босатуға келісім беру туралы ұсыныстарды Премьер-Министр ұсынылып отырған тағайындаудың немесе босатудың себептері мен дәлелдерін көрсете отырып, Республика Президентінің қарауына енгізеді. Әкiмшiлiктің Кадр жұмысы бөлімі қажетті құжаттарды дайындайды. Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінде кандидатураны зерделеуді, келісуді немесе кандидатпен әңгімелесуді ұйымдастырады және материалдарды қызметке тағайындау немесе қызметтен босату туралы, Республика Президентінің немесе оның уәкілеттік беруімен Әкімшілік Басшысының келiсiм беруi туралы мәселенi шешу үшін Президент Әкімшілігінің Басшысына береді.
Осы тармақта аталған ұсыныстарды Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінде қаралу сатысына соқпай, Әкімшілік Басшысы Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей баяндауы мүмкін.
Прокуратура, iшкi iстер, ұлттық қауіпсіздік,
қаржы полициясы және кеден қызметі органдары бойынша
3. Бас Прокурордың, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының орынбасарларын, "Барлау", Арнаулы ақпараттық қызметтерiнiң директорларын қызметке тиiсiнше Бас Прокурордың, Ұлттық қауіпсіздік комитетi Төрағасының Мемлекет басшысының Әкiмшiлiгiне енгiзген жазбаша ұсынысы бойынша Республика Президентi тағайындайды. <*>
Мемлекет басшысының шешiмi бойынша немесе оның Әкiмшiлiк Басшысына берген тапсырмасына сәйкес Бас Прокурордың немесе Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының орынбасарлары, ҰҚК қызметтерiнiң директорлары лауазымдарына кандидатуралар тағайындалғанға дейiн, тиiсiнше Президент Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк-құқық және Кадр жұмысы бөлiмдерiнде, сондай-ақ Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшылығында алдын ала зерделенуi мүмкiн, олар тиiстi қорытынды дайындап, Әкімшiлiк Басшысына ұсынады.
Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2003.03.20. N 1044
жарлығымен
.
4. Егер Республика Президентi немесе оның Әкiмшiлiгiнiң Басшысы өзгедей шешiм қабылдамаса, мынадай қызметтерге тағайындалуға кандидатуралар Президент Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк-құқық және Кадр жұмысы бөлiмдерiнде алдын ала зерделенуге тиіс:
Бас прокуратураның орталық аппараты департаменттерінің бастықтары, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының прокурорлары, оларға теңестірілген басқа да прокурорлар және олардың орынбасарлары; <*>
Iшкi iстер министрiнiң, Iшкi әскерлер Қолбасшысының, Iшкi iстер министрлiгi комитеттерi төрағаларының, IIМ орталық аппараты департаменттерi бастықтарының, облыстар, Астана, Алматы қалаларының ҚIIБ (IIБ) және көлiктегi ҚIIБ (IIБ) бастықтарының орынбасарлары;<*>
Әділет министрінің орынбасарлары, Әділет министрлігі комитеттерінің төрағалары, Әдiлет министрлiгi "Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттiк мекемесi директорының, облыстар, Астана және Алматы қалалары әдiлет басқармалары бастықтарының, облыстар, Астана қаласы, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi басқармалары бастықтарының орынбасарлары; <*>
Кедендiк бақылау агенттiгiнiң төрағасы, оның орынбасарлары, облыстар, Астана және Алматы қалалары кеден басқармаларының бастықтары; <*>
Қаржы полициясы агенттігінің төрағасы, оның орынбасарлары, Қаржы полициясы агенттiгiнiң орталық аппараты департаменттерiнiң бастықтары, облыстар, Астана, Алматы қалалары қаржы полициясы, көлiктегi полиция департаменттерiнiң бастықтары. <*>
Ұсынылған кандидатураларды зерделеудің нәтижесін Мемлекеттік-құқық бөлімі Кадр жұмысы бөлімімен бірлесе отырып, келісім берудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы Әкімшілік Басшысының қарауына ұсынылатын қорытынды түрінде ресімдейді.
Егер кандидат орталық атқарушы органдағы қызметке ұсынылатын болса, ұсынылған кандидатураларды зерделеу кезінде Үкіметтің пікірі ескеріледі. Бұл үшін Премьер-Министр Кеңсесі Президент Әкімшілігіне тиісті жазбаша қорытынды табыс етеді.
Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2003.03.20. N 1044
жарлығымен
.
5. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкiмшiлiгiнiң Басшысы өзгедей шешiм қабылдамаса, мынадай қызметтерге тағайындалуға кандидатуралар Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшылығында, Кадр жұмысы бөлiмiнде зерделенуге тиiс:
Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң орталық аппараты департаменттерiнiң, облыстық, Астана мен Алматы қалалық департаменттерiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Академиясының және Әскери институтының бастықтары;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Бас штабының бастығы - Қорғаныс министрiнiң бiрiншi орынбасары; Қорғаныс министрiнiң орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскер түрлерiнiң, тектерiнiң және әскери округтерiнiң қолбасшылары.
Ұсынылған кандидатураларды зерделеудiң нәтижесiн Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшылығы Кадр жұмысы бөлiмiмен бiрлесе отырып, келісім беру мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi туралы Әкiмшiлiк Басшысының қарауына ұсынылатын қорытынды түрiнде ресiмдейдi.
6. <*>
Ескерту. 6-тармақ алып тасталды - ҚР Президентінің 2003.03.20. N 1044
жарлығымен
.
7. Аталған мемлекеттік органдардың жекелеген лауазымды адамдарын тағайындау немесе босату жөніндегі ұсыныстар Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері мен Премьер-Министрдің Кеңсесіне соқпай Қазақстан Республикасы Президентінің жеке өзіне және оның Әкімшілігінің Басшысына баяндалуы мүмкін.
Жергілiкті атқарушы органдар бойынша
8. Облыс, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері орынбасарларының, әкiмдерi аппараттары жетекшілерiнiң қала және аудан әкімдерінің, қалалардағы аудандар әкімдерінің қызметтеріне тағайындауларды оларға қатысты жоғары тұрған әкімдер Қазақстан Республикасының Президентi мен Премьер-Министрiнiң немесе олар уәкiлеттiк берген лауазымды адамдардың келiсiмiмен жүргiзедi. <*>
Ұсынылған кандидатураларды жоғарыда аталған қызметтерге тағайындау жөнiндегi материалдарды тиiсiнше облыстың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi Президент Әкiмшiлiгiне енгiзедi, онда Кадр жұмысы бөлiмiнде тiркелiп және зерделенiп, Әкiмшiлiктiң, Ұйымдастыру-бақылау бөлiмiмен келiсiлгеннен кейiн мәселенi Үкiметте келiсу үшiн Премьер-Министр Кеңсесiне жiберiледi. <*>
Мәселе Үкiметте қаралғаннан кейiн материалдар қайтадан Әкiмшiлiктiң Кадр жұмысы бөлiмiне берiледi, ол Әкімшiлiк Басшысының келiсiмiмен кандидатпен әңгіме өткізу және Президент Әкiмшiлiгi мен Премьер-Министр Кеңсесiнiң мүдделi құрылымдық бөлiмшелерiнде келiсу үшiн оны шақыруды ұйымдастырады. Содан кейiн тиiстi құжаттар Қазақстан Республикасының Президентiне одан әрi баяндау үшiн немесе оның уәкiлеттiк беруiмен Әкiмшiлiк Басшысының келiсiм беру не бас тарту туралы мәселенi шешу үшiн Әкiмшiлiк Басшысына табыс етiледi.
Жекелеген жағдайларда Әкiмшiлiк Басшысы Қазақстан Республикасының Президентiмен келiсу бойынша әңгiмелесуге шақырусыз да кандидатты тағайындауға келiсiм беруi мүмкiн.
Ескерту. 8-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2003.03.20. N 1044
жарлығымен
.
9. Облыстар, Астана, Алматы қалалары әкiмдерiнiң орынбасарларын, әкiмдерi аппараттары жетекшiлерiн, қала және аудандар әкiмдерiн қызметтен босату осы мәселе Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысымен және Yкiметпен келiсiлгеннен кейін ғана жүргiзiледi. Бұл үшiн облыс, Астана мен Aлматы қалаларының әкiмдерi ұсынылатын босатудың себептерiн Президент Әкiмшілiгi Басшысының атына көрсетіп, жазбаша ұсыным жолдайды. Мәселе тиісінше зерделеніп, Мемлекет басшысына баяндалғаннан кейін Әкімшілік Басшысы босатуға келісім береді немесе ұсынымды қабылдамай тастайды.<*>
Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2003.03.20. N 1044
жарлығымен
.
Осы Ереженiң өзге де мәселелерi
10. Лауазымды адамдарды тағайындау және босату жөніндегі тиісті жарлықтар мен өкімдердің жобаларын, дайындауды, әдетте, Президент Әкімшілігінің Кадр жұмысы бөлімі жүзеге асырады.
11. Ұсынылған кандидатураларды тиісті қызметтерге тағайындау туралы ұсынымға Президент Әкімшілігі айқындайтын тізбе бойынша құжаттар қоса беріледі.
Ұсынымда қызметке тағайындауға ұсынылған кандидаттардың iскерлiк және жеке басының қасиеттерiне қысқаша сипаттама берiледi. Лауазымды адам орнынан түскен немесе ол өз тілегі бойынша қызметтен босатылған жағдайда материалдарға мемлекеттік қызметшінің тиісті өтініші қоса беріледі.
12. Қажет болған жағдайда Президент Әкiмшiлiгiнiң мүдделi құрылымдық бөлiмшелерi қосымша материалдарды сұратып алдырады, не тағайындалатын немесе босатылатын мемлекетті қызметшiнiң iскерлiк және жеке басының қасиеттерiн зерделеудi жергiлiктi жерге барып болмаса Әкiмшiлiкке әңгiмелесуге шақыру арқылы ұйымдастырады.