Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қарашадағы N 436 Жарлығы.


      Қазақстан Республикасы Президенті

      мен Үкіметі актілерінің жинағында

      жариялануға тиіс

      (үзінді)

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы N 3205 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 44, 424-құжат; 2005 ж., N 15, 174-құжат; 2006 ж., N 33, 350-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережеде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының Конституциясы белгілеген тәртіпке сәйкес Ортсайлауком құрамында төраға мен алты мүше болып құрылады.";

      5 және 6-тармақтар алып тасталсын;

      2) күші жойылды – ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 Жарлығымен.

      3) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 640-құжат; 2006 ж., N 35, 373-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде:

      27-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Парламенттің" деген сөз "Парламент Сенатының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 Жарлығымен.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті