"Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2001 жылғы 26 маусым N 643

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 29-бабының  3-тармағына, 38-бабына, 43-бабының  3-тармағына және 48-бабының  2-тармағына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуi туралы ереже;
      2) Судьялардың республикалық және облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалары туралы ереже;
      3) Қазақстан Республикасы судьяларының бiлiктiлiк сыныптары туралы ереже бекiтiлсiн.

      2. Мыналардың:
      1) "Қазақстан Республикасы соттарының судьяларын аттестациялау туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінiң 1996 жылғы 24 мамырдағы N 3004  Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 22, 189-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасының соттары судьяларының бiлiктiлiк сыныптары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 15 қазандағы N 3677  Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997 ж., N 45, 412-құжат);
      3) "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тәртіптік алқасы, облыстық және оларға теңестірілген тәртіптік алқалар туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 12 қарашадағы N 3746  Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 49, 453-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң      
2001 жылғы 26 маусымдағы 
N 643 Жарлығымен     
бекітілген        

Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуi туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына  сәйкес судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуiнiң шарттары мен тәртiбiн айқындайды.
      2. Судьялыққа кандидаттың (бұдан әрi - машықтанушы-кандидат) тағылымдамадан өтуiнiң негiзгi мiндетi аудандық және оған теңестiрiлген сотта (бұдан әрi - аудандық сот) жұмыстың ерекшелiгiн зерделеу, судья лауазымындағы жұмысы үшiн қажеттi практикалық және ұйымдастырушылық дағдыларды игеру болып табылады.
      3. Тағылымдама аудандық сотта ұйымдастырылады.
      4. Тағылымдаманың мерзiмiн машықтанушы-кандидаттың жұмыс стажы мен тәжірибесiне, заң мамандығы бойынша атқарып отырған қызметiне және судья қызметiне орналасу үшiн оның кәсiби даярлығының деңгейiн айқындайтын негiздердегi басқа да мәлiметтерге сәйкес үш айдан бiр жылға дейiнгi аралықта аудандық соттың төрағасы белгiлейдi.
      5. Жалпы отырыс ерекше жағдайларда, бұрын судья лауазымында бiр жылдан астам жұмыс тәжiрибесi бар немесе соттардың қызметiмен тiкелей байланысты мемлекеттiк органдарда үш жылдан астам тәжiрибесi бар, сондай-ақ құқық саласында ғылыми дәрежелерi мен атақтары бар аудандық соттың судьясы қызметiне кандидаттарға көрсетiлген мерзiм аяқталғанға дейiн оң қорытынды беруге хақылы.
      "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 29-бабының 1, 2-тармақтарындағы талаптарға жауап беретiн азаматтар жоғары тұрған соттардың судьясы бола алады.

2. Машықтанушы-кандидатқа қойылатын талаптар

      6. Тағылымдамадан өтуге:
      1) жиырма бес жасқа толған;
      2) жоғары заң бiлiмi бар, еңбек жолы мiнсiз және заң мамандығы бойынша: аудандық соттың судьясы қызметiне кандидат үшiн - кемiнде екi жыл, жоғары тұрған соттың судьясы қызметiне кандидат үшiн - кемiнде бес жыл, соның iшiнде, әдетте, кемiнде екi жыл судья болған жұмыс стажы бар;
      3) бiлiктiлiк емтиханын тапсырған Қазақстан Республикасының азаматтары жiберiледi.

3. Тағылымдамадан өтудiң шарттары мен тәртiбi

      7. Осы Ереженiң 6-тармағының талаптарына жауап беретiн және судья қызметiне орналасуға конкурсқа қатысу үшiн тағылымдамадан өтуге тiлек бiлдiрген адам аудандық және оған теңестiрiлген соттың төрағасына тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтiнiш бередi.
      8. Өтiнiшке мынадай құжаттар: кадр есебi жөнiндегi жеке iс парағы, өмiрбаян, диплом мен оның қосымшасының көшiрмесi, бiлiктiлiк емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың көшiрмесi, соңғы жұмыс орнынан алынған қызметтiк мiнездеме қоса тапсырылуға тиiс.
      Өтiнiшке сонымен қатар оның кәсiби бiлiмiнiң деңгейiн сипаттайтын басқа да құжаттар (ғылыми дәрежелер мен атақтардың берiлгенi, арнаулы курстарды бiтiргенi және т.б. туралы тиiстi құжаттардың көшiрмелерi) қоса тапсырылуы мүмкiн.
      9. Тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтiнiштi қараудың нәтижелерi бойынша тиiстi аудандық соттың төрағасы:
      1) мерзiмiн көрсете отырып, тұлғаға тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы;
      2) тағылымдамадан өтуге рұқсат беруден бас тарту туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.
      10. Тұлғаға тағылымдамадан өтуге рұқсат беруден бас тарту дәлелдi болуға тиiс.
      Өтiнiш иесiне сол уақытта машықтанушы-кандидаттар санының көбейiп кету себебiне байланысты тағылымдамадан өтуiне бас тартуға болмайды.
      11. Тағылымдамадан өту машықтанушы-кандидаттың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы бекiткен судьялыққа кандидаттың тағылымдамасының типтiк бағдарламаларына енгiзiлген арнайы іс-шараларды орындауын, сондай-ақ iс жүргiзудi ұйымдастыруға, статистикалық есептердi, анықтамаларды, талдауларды жасауға және сот практикасын қорытуға байланысты мәселелердi шешудi қамтиды.
      12. Тағылымдама аудандық соттың төрағасы бекiткен жеке жоспар бойынша ұйымдастырылады. Жоспарға кейiннен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, ол жөнiнде машықтанушы-кандидатты дереу хабардар етедi.
      13. Машықтанушы-кандидат аудандық сотқа келгеннен кейiн, соттың төрағасы судьялардың арасынан тағылымдаманың жетекшiсiн тағайындайды.
      Тағылымдаманың жетекшiсi машықтанушы-кандидат үшiн қажеттi жұмыс көлемiн белгiлейдi және оның орындалуын бақылайды.
      14. Тағылымдаманың қорытындысы бойынша машықтанушы-кандидат жан-жақты есеп дайындайды, оны аудандық соттың төрағасы жалпы отырыстың қарауына енгiзедi. Есепке машықтанушы-кандидат дайындаған барлық іс жүргізу құжаттары мен өзге де құжаттар қоса тіркеледі.
      15. Тағылымдаманың қорытындыларын қарау үш айдан кешiктiрiлмей, жалпы отырыста машықтанушы-кандидаттың есебi тыңдала отырып жүргiзiледi. Машықтанушы-кандидаттың есебi жөнiнде жалпы отырыстың пікірі көпшілік дауыспен қабылданатын қорытынды түрiнде ресiмделеді және оған төрағалық етуші қол қояды.

4. Қорытынды ережелер

      16. Облыстық соттың жалпы отырысы судья қызметiне кандидаттардың тағылымдамасының нәтижелерiн қарайды және Әдiлет бiлiктiлiк алқасына тиiстi қорытынды ұсынады.
      17. Тағылымдамадан өту машықтанушы-кандидаттың негiзгi жұмыс орнын қалдыруына әкеп соқпайды.

Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң      
2001 жылғы 26 маусымдағы 
N 643 Жарлығымен     
БЕКIТIЛГЕН        

Судьялардың республикалық және облыстық
тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалары туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаларын құру, жұмысы мен қызметiн ұйымдастыру, сондай-ақ олардың тәртiптiк iстер мен бiлiктiлiк iс жүргізу материалдарын қарау тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Судьялардың республикалық және облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалары Қазақстан Республикасының судьяларына қатысты тәртiптiк iстер мен бiлiктiлiк iс жүргiзу материалдарын қарау жөнiндегi органдар болып табылады, заңнамамен берiлген шектерде бiлiктiлiк сыныптарын беру құқығын, сондай-ақ судьяларға тәртiптiк жазалар беру құқығын иеленедi.
      3. Тәртiптiк iстер мен бiлiктiлiк iс жүргiзу материалдарын қарау кезiнде тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаларының мүшелерi тәуелсiз және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.
      Ешкiмнiң судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаларының жұмысына араласуға және нақты тәртiптiк іс немесе бiлiктiлiк іс жүргiзу материалдарын қарау кезiнде оның мүшелерiне қандай да бiр ықпал етуге хақы жоқ. Судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының мүшесi қаралған немесе оның өндiрiсiнде тұрған тәртiптiк iстердiң не бiлiктiлiк iс жүргiзу материалдарының мәнi туралы қандай да бiр түсiнiк беруге мiндеттi емес.

2. Судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаларын құрудың
тәртiбi және олардың өкiлеттiктерi

      4. Судьялардың республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы Жоғарғы Соттың жалпы отырысында судьялардың жалпы санының кемiнде 2/3 бөлiгi болған жағдайда, жасырын дауыс беру арқылы, жай көпшiлiк дауыспен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьяларының iшiнен 5 (бес) судья құрамында екi жыл мерзiмге сайланады.
      5. Судьялардың облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалары облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың жалпы отырыстарында судьялардың жалпы санының кемiнде 2/3 бөлiгi болған жағдайда, жасырын дауыс беру арқылы, жай көпшiлiк дауыспен аталған соттардың судьяларының iшiнен 5 (бес) адам құрамында екi жыл мерзiмге сайланады.
      6. Судьялардың республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының төрағасы мен хатшысы оның отырысында тәртiптiк-бiлiктiлiк алқа мүшелерiнiң ішiнен жай көпшiлiк дауыспен сайланады. Судьялардың облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаларының төрағалары мен хатшылары да осы тәртiппен сайланады.
      7. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары, сондай-ақ осы соттар алқаларының төрағалары судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаларының құрамына сайлана алмайды.
      8. Судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаларының құрамына ұсынылған судьялар жоғары кәсiби бiлiктiлiгiмен, принципшiлдiгiмен ерекшеленуге, мiнсiз абыройлы, судьялар қауымы арасында беделдi болуға тиiс.
      9. Судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалары кемiнде жарты жылда бiр рет тиiстi соттардың жалпы отырыстарында өз жұмыстары туралы есеп берiп отырады. Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы мүшелерiнiң iшiнен кiмде кiм шыққан жағдайда, осы Ережеде белгiленген тәртiппен осы алқа өкiлеттiгiнiң қалған мерзiмiне қайта сайлау өткiзiледi.
      10. Судьялардың республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары мен судьяларына, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары мен алқаларының төрағаларына қатысты тәртiптiк iстердi қарайды, судьяларға бiлiктiлiк сыныптарын беру мәселелерiн шешедi, сондай-ақ судьялардың облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаларының шешiмдерiне шағымдарды қарайды. Судьялардың облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалары облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың судьяларына, аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары мен судьяларына қатысты тәртiптiк iстердi қарайды, сондай-ақ судьяларға бiлiктiлiк сыныптарын беру мәселелерiн шешедi.
      11. Судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының төрағасын, хатшысын және судьяларын жұмыстан босату тиiстi соттар төрағаларының ұсынуымен осы Ереженiң 4-6-тармақтарының ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.
      12. Судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының төрағасын, хатшысын және мүшелерiн мiндеттерiн атқарудан босату үшiн мыналар негiз болып табылады:
      - iстердi қарау кезiнде заңдылықтың бұзылуы;
      - судья әдебiне қайшы келетiн терiс қылықтың жасалуы;
      - "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 33-35-баптарында көзделген басқа да негiздер.

3. Судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының
жұмысын ұйымдастыру

      13. Судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының төрағасы:
      - алқаның жұмысын ұйымдастырады;
      - алқа отырысының өткiзiлетiн күнiн, уақыты мен орнын белгiлейдi;
      - алқа мүшелерiнiң iшiнен баяндамашыны белгiлейдi;
      - алқа отырыстарына төрағалық етедi;
      - осы Ережеде белгiленген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      14. Судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының төрағасы уақытша болмаған жағдайда төрағаның мiндетiн оның тапсыруы бойынша алқа мүшелерiнiң бiрi атқарады.
      15. Судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының хатшысы:
      - тәртiптiк iстердi, бiлiктiлiк iс жүргiзу материалдарын есепке алуды, тiркеудi және сақтауды ұйымдастырады;
      - алқа отырысына оның мүшелерiнiң және тәртiптiк іс жүргiзу тараптарының келуiн қамтамасыз етедi;
      - судьялардың тиiстi тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының шешiмiн орындауға жiбередi;
      - алқа шешiмiне шағым жасалған жағдайда, тәртiптiк iстi не тәртiптiк iс жүргiзу материалдарын алқа төрағасы арқылы Судьялардың республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасына жiбередi.
      16. Судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының отырыстары қажетiне қарай өткiзiледi және оның құрамының кемiнде 4 мүшесi болған жағдайда құқылы. Алқа шешiмi жай көпшiлiк дауыспен қабылданады.
      Судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының отырыстары өтетiн күндерi олардың мүшелерi басқа қызметтiк мiндеттердi атқарудан босатылады.
      17. Судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының шешiмi кеңесу бөлмесiнде оған қандай да бiр ықпал ету мүмкiндiгi болмайтын жағдайда қабылданады. Шешiм қабылдау кезiнде кеңесу бөлмесiнде тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының мүшелерi ғана бола алады. Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының мүшесiнiң дауыс беруден қалыс қалуға хақы жоқ.
      Барлық жағдайларда да кеңесу бөлмесiнiң құпиясы қамтамасыз етiлуге тиiс.
      18. Дауыстар тең түскен жағдайда, өзiне қатысты тәртiптiк іс немесе бiлiктiлiк iс жүргiзу материалдары қаралып жатқан судья үшiн неғұрлым қолайлы шешiм қабылданған болып есептеледi. Шешiм жазбаша нысанда жасалады және оған істi қарауға қатысқан алқа мүшелерi түгел қол қояды.
      19. Судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының отырысында материалдарды қарау өзiне қатысты тәртiптiк iс қозғалған судьяның мiндеттi түрде қатысуымен жүргізiледi.
      Бiлiктiлiк іс жүргiзу материалдары қаралған кезде өзiне қатысты бiлiктiлiк сыныбын беру туралы материалдар ұсынылған судьяның қатысуы мiндеттi емес.
      Қажет болған жағдайларда тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылған немесе өзiне қатысты бiлiктiлiк сыныбын беру туралы материалдар ұсынылған судья жұмыс iстейтiн соттың төрағасы не алқа төрағасы түсiнiк беру үшiн судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының отырысына шақыртылуы мүмкiн.
      20. Өзiне қатысты тәртiптiк iс қаралатын судья судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының отырысына келмеген жағдайда тәртiптiк iстi қарау кейiнге қалдырылады. Егер судья екiншi рет қатыспаған ретте алқа судьяның дәлелдi себептерi (ауру немесе алқа отырысына қатысуына объективтi кедергi келтiретiн өзге де мән-жайлар) жоқ деп тапса, тәртiптiк іс оның қатысуынсыз қаралуы мүмкiн.
      21. Судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының отырысына тәртiптiк iстi қозғаған лауазымды адам не оның өкiлi, сондай-ақ алқаның бастамасы және (немесе) өзiне қатысты тәртiптiк iс қозғалған не бiлiктiлiк iс жүргiзу материалдары ұсынылған судьяның өтiнiшi бойынша шақырылған басқа да адамдар қатысуы мүмкiн.
      22. Тәртiптiк iстi қарау басталғанға дейiн қосымша тексеру жүргiзу қажет болған жағдайда, судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы қажеттi құжаттар мен материалдарды, сол сияқты тәртiптiк iстi қозғаған лауазымды адамның пiкiрiнше, судья қарау кезiнде заңның бұзылуына жол бердi деп есептеген сот iстерiн де сұратып алуға құқылы.
      Судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы бiлiктiлiк iс жүргiзу материалдарын қарау кезiнде де осындай құқыққа ие.

4. Тәртiптiк iс қозғаудың негiздерi мен тәртiбi

      23. Судьялар "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 39-бабында  көзделген жағдайларда тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн.
      24. Судьяға қатысты тәртiптiк iстi "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 42-бабында көзделген мерзiмде аталған Конституциялық заңға сәйкес осыған құқығы бар лауазымды адамдар қозғауы және қарауы мүмкiн.
      25. Тәртiптiк iс қозғауға құқығы бар адам iске қатысы бар мән-жайлар мен мәлiметтерге бiр ай мерзiм iшiнде алдын ала қызметтiк тексеру жүргiзедi және өзiне қатысты тәртiптiк iс қозғау туралы мәселе шешiлiп жатқан судьядан жазбаша түсiнiк талап етедi.
      Судьяның түсiнiк беруден бас тартуы тәртiптiк iстi қозғауға кедергi бола алмайды.
      26. Өзiне қатысты тәртiптiк iс қозғалған судья қызметтiк тексеру материалдарымен таныстырылуға тиiс. Бұл ретте судья қосымша түсiнiк беруге не қосымша тексеру жүргiзу жөнiнде өтiнiш жасауға хақылы.
      27. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы мен облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары тәртiптiк iстiң қозғалғаны туралы қаулы шығарады. Қаулыда тәртiптiк iстi қозғаудың негiздерi, судьяның жеке басын сипаттайтын мәлiметтер көрсетiлуге тиiс. Қаулы үш күн мерзiм iшiнде қажеттi материалдармен бiрге судьялардың тиiстi тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының қарауына жiберiледi.
      28. Судьялардың тиiстi тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы iстi қарауды бастағанға дейiн тәртiптiк iстi қозғау туралы қаулыны оны қозғаған адам керi қайтарып алуы мүмкiн.
      29. Тәртiптiк iс ол қозғалған күннен бастап екi ай мерзiм ішiнде қаралуға тиiс. Тәртiптiк iстi қарау мерзiмiнiң бұзылуы оның өз бетiмен тоқтатылуына әкеп соқпайды.

5. Судьяларға бiлiктiлiк сыныптарын берудiң және олардан
айырудың тәртiбi

      30. Судьяларға бiлiктiлiк сыныптарын берудiң және олардан айырудың тәртiбi "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен және Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн ережемен белгiленедi.

6. Судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаларының
отырыстарын өткiзудiң және олардың шешiм қабылдауының
тәртiбi

      31. Тәртiптiк істi не бiлiктiлiк іс жүргiзу материалдарын немесе шағымдарды қарау судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасына төрағалық етушiнiң тәртiптiк iстiң не бiлiктiлiк iс жүргiзу материалдарының немесе шағымның атауын, сондай-ақ судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының құрамы мен алқа отырысына шақырылған адамдарды жария етуiнен басталады.
      32. Өзiне қатысты тәртiптiк iс қозғалған судья iстi қарау басталғанға дейiн судьялардың тәртiптiк-білiктiлiк алқасының мүшелерiне дәлелді қарсылық бiлдiруге хақылы.
      Судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқа мүшесiнiң, егер ол өзiне қатысты тәртiптiк іс қозғалып отырған немесе бiлiктiлiк іс жүргiзу материалдары ұсынылып отырған судьяның туысы болса не оның мүдделi еместiгiне күмән туғызатын мән-жайлар айқындалған жағдайда, тәртiптiк iс қаралған кезде қатысуға құқығы жоқ.
      33. Қарсылық бiлдiру туралы мәселенi судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының қатысып отырған мүшелерiнiң барлығы, қарсылық бiлдiрген адамның қатысуынсыз, жай көпшiлiк дауыспен шешедi.
      Қарсылық қанағаттандырылып, оның салдарынан кворум болмай қалған жағдайда (3 мүшесiнен кем), отырыс кейiнге қалдырылады және қатыспаған алқа мүшесiн шақырту жөнiнде шаралар қолданылады.
      34. Қарсылық бiлдiру туралы мәселе қаралғаннан кейiн судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының төрағасы немесе мүшесi тәртiптiк iс не бiлiктiлiк iс жүргiзу немесе шағым материалдары туралы баяндайды.
      35. Судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылып отырған судьяның түсiнiктемесiн тыңдайды, сондай-ақ тәртiптiк iс қозғаған адамның немесе, егер ол тәртiптiк iстi қарауға қатысып отырса, оның өкiлiнiң түсiнiктемесiн тыңдауы мүмкiн. Бiлiктiлiк iс жүргiзу материалдары қаралған кезде өзiне қатысты осындай материалдар ұсынылып отырған судьядан оның мән-жайы сұралуы мүмкiн. Алқаның қалауы бойынша алқа отырысына шақырылған басқа да адамдардың хабарламалары мен пiкiрлерi тыңдалып, қосымша ұсынылған құжаттар мен өзге де материалдардың мазмұны жария етiлуi мүмкін.
      36. Төрағалық етушi судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының шешiмiн жария етедi және оған шағымданудың мерзiмi мен тәртiбiн түсiндiредi.
      37. Судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының шешiмi ол шығарылғаннан кейiн бес күн ішiнде өзiне қатысты тәртiптiк іс қаралған судьяға, сондай-ақ судьяның жеке ісiне қоса тiгу үшiн тәртiптiк іс қозғаған адамға берiледi не жолданады.
      38. Тәртiптiк iс жөнiндегi шешiмде мынадай мәлiметтер болуға тиiс:
      - алқаның атауы, оның құрамы;
      - iстiң қаралған жерi мен уақыты;
      - өзiне қатысты тәртiптiк iс қаралған судьяның тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы;
      - тәртiптiк iс қозғаған адамның аты-жөнi мен лауазымы;
      - істiң мән-жайы;
      - егер айтылған болса, тәртiптiк iс қозғаған лауазымды адамның немесе оның өкiлiнiң пiкiрi;
      - өзiне қатысты тәртiптiк іс қаралған судьяның түсiнiктемесi;
      - судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының отырысына шақырылған басқа да адамдардың түсiнiктемесi;
      - өзiне қатысты тәртiптiк iс қаралған судьяның жеке басын сипаттайтын мәлiметтер;
      - қолда бар дәлелдер көрсетiлген алқа тұжырымының негiздемесi;
      - iс бойынша қабылданған шешiм;
      - шешiмге шағымданудың мерзiмi мен тәртiбi.
      39. Судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы тәртiптiк iс бойынша мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
      1) ескерту және сөгiс түрiнде тәртiптiк жаза беру туралы;
      2) тәртiптiк iстi қысқарту туралы;
      3) тиiстi органдарға немесе лауазымды адамға судьяның бiлiктiлiк сыныбын төмендету қызметтiк мiндеттерiн тиiсiнше атқармағаны үшiн сот төрағасы немесе алқа төрағасы лауазымынан босату және судьяның өкiлеттiгiн тоқтату туралы ұсынысты жiберу туралы;
      4) төмен тұрған тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының шешiмiн өзгерту не оның күшiн жою және iстi қайта қарауға жiберу туралы.
      40. Судьяларға берiлетiн тәртiптiк жазалардың түрлерi:
      1) ескерту;
      2) сөгiс;
      3) бiлiктiлiк сыныбын төмендету;
      4) қызметтiк мiндеттерiн тиiсiнше атқармағаны үшiн сот төрағасы немесе алқа төрағасы лауазымынан босату;
      5) "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Конституциялық заңда көзделген негiздер бойынша судья лауазымынан босату.
      41. Жаза терiс қылықтың ауырлығына, оны жасаған судьяның кiнәсiнiң нысаны мен дәрежесiне сәйкес келуге тиiс.
      Тәртiптiк жазаның түрiн белгiлеген кезде:
      1) терiс қылықтың мазмұны, ауырлығы мен сипаты;
      2) терiс қылық жасалған кездегi жағдаят;
      3) жасалған терiс қылықтың салдарлары;
      4) оны жасаған адамның бұрынғы мiнез-құлқы;
      5) судьяның еңбек өтiлi;
      6) судьяны сипаттайтын өзге де мән-жайлар ескерiледi.
      42. Әрбiр жасалған терiс қылық үшiн бiр ғана тәртiптiк жаза қолданылады. Судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының бiр отырысында бiр судьяға қатысты бiрнеше тәртiптiк iс қаралған жағдайда, алқа оларды қараудың нәтижесi бойынша осы Ереженiң 41-тармағында көзделген мән-жайларды ескере отырып, бiр шешiм қабылдайды.
      43. Судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы:
      1) тәртiптiк iстi қозғау мерзiмдерi өтiп кеткен;
      2) тәртiптiк iс негiзсiз қозғалған;
      3) тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту мерзiмi өтiп кеткен жағдайларда тәртiптiк іс жүргiзудi тоқтатады.
      44. Егер судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының шешiмiне сәйкес судьяның бiлiктiлiк сыныбын төмендету, қызметтiк мiндеттерiн тиiсiнше атқармағаны үшiн сот төрағасы немесе алқа төрағасы лауазымынан босату немесе судьяның өкiлеттiгiн тоқтату мәселелерi алдына қойылған тиiстi орган немесе лауазымды адам бұл үшiн негiздер таппаса, онда тәртiптiк iс судьялардың сол тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасына қайта қарауға жiберiледi. Тәртiптiк iстi жаңадан қарау судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының алдыңғы ұсынысымен келiспеген тиiстi органның немесе лауазымды адамның дәлелдерi ескерiле отырып, жалпы ережелер бойынша жүргiзiледi.
      45. Бiлiктiлiк iс жүргiзу материалдары бойынша судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы мынадай шешiмдердiң бiрiн шығарады:
      1) кезектi (кезектен тыс, мерзiмiнен бұрын) бiлiктiлiк сыныбын беру туралы;
      2) бiлiктiлiк сыныбын беру туралы ұсынысты қанағаттандырусыз қалдыру туралы.

7. Судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаларының
шешiмдерiне шағымдану және шағымдарды қарау тәртiбi

      46. Өзiне қатысты шешiм шығарылған судья, сондай-ақ тәртiптiк iс қозғаған адам шешiм көшiрмесiн алған күннен бастап, судьялардың облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының шешiмiне он күн мерзiм ішiнде Судьялардың республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасына шағымдана алады. Судьялардың республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының шешiмi түпкiлiктi болып табылады және шағымдануға жатпайды.
      Шағым беру облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының шешiмiнiң орындалуын тоқтата тұрады. Бұл ретте шағым осы шешiмге шағымданып отырған судьяға зиянын тигiзбеуге тиiс.
      47. Судьялардың облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының шешiмiне шағымдану мерзiмiн дәлелдi себеппен өткiзiп алған жағдайда, Судьялардың республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы өзiне қатысты осы шешiм шығарылған не бiлiктiлiк iс жүргiзу материалдары қаралған судьяның өтiнiшi бойынша оны қалпына келтiруi мүмкiн.
      48. Тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылған не өзiне қатысты бiлiктiлiк іс жүргiзу материалдары ұсынылған судьяның немесе тәртiптiк іс қозғаған адамның шағымы бойынша тәртiптiк iстi қарайтын Судьялардың республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының отырысы өткiзiлетiн күнi туралы өзiне қатысты iс қаралатын судья, сондай-ақ тәртiптiк iс қозғаған адам іс қаралатын күнге дейiн 5 күннен кешiктiрiлмей, тиiстi түрде хабардар етiледi.
      Уақтылы хабардар етiлген адамдардың судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының отырысына келмеуi шағымды қарауға кедергi болмайды.
      Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының отырысына мiндеттi түрде Жоғарғы Соттың Төрағасы немесе оның өкiлi қатысады.
      49. Тәртiптiк iс немесе бiлiктiлiк іс жүргiзу материалдары бойынша шағым Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасына келiп түскен күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде қаралуға жатады. Қажет болған жағдайларда бұл мерзiм алқаның дәлелдi шешiмiмен ұзартылуы мүмкiн.
      50. Судьялардың республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы шағым бойынша тәртiптiк iстi қараудың нәтижесiнде мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
      1) судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының шешiмiн өзгерiссiз қалдырады;
      2) тәртiптiк жазаны неғұрлым жеңiл жазаға ауыстырып, судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының шешiмiн өзгертедi;
      3) судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының шешiмiнiң күшiн жойып, тәртiптiк iстi қысқартады;
      4) судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының шешiмiнiң күшiн жойып, берiлген жазаның жеңiлдiгiне байланысты тәртiптiк iстi сол алқаның қайта қарауына жiбередi.
      51. Бiлiктiлiк іс жүргiзу материалдары бойынша Судьялардың республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
      1) судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының шешiмiн өзгерiссiз қалдырады;
      2) судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының шешiмiнiң күшiн жойып, бiлiктiлiк іс жүргiзу материалдарын судьялардың сол тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасына жiбередi.

8. Тәртiптiк жазаның күшiнде болу мерзiмi
және оны алудың тәртiбi

      52. Тәртiптiк жаза ол берiлген күннен бастап бiр жыл бойында күшiнде болады. Егер жаза берiлген күннен бастап бiр жыл бойында судьяға жаңа тәртiптiк жаза берiлмесе, онда ол тәртiптiк жазаға тартылған болып саналмайды.
      Судьяға бiрнеше жаза берiлген жағдайда, ол уақыты бойынша соңғы жаза берiлген күннен бастап бiр жыл мерзiмi өткенге дейiн жазаға тартылған болып есептеледi.
      53. Тәртiптiк жаза берiлген күннен бастап алты ай өткеннен кейiн оны осы жазаны берген судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы тәртiптiк iс қозғаған адамның ұсынуымен не судьяның өтiнiшi бойынша және оның тәртiбi мiнсiз болған әрi қызметтiк мiндеттерiн адал атқарған жағдайда, мерзiмiнен бұрын алуы мүмкiн.
      54. Судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы тәртiптiк жазаны мерзiмiнен бұрын алу туралы шешiм шығарады және ол туралы тәртiптiк iс қозғаған адамға және жазасы алынған судьяға хабарлайды. Судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының осы мәселе жөнiндегi шешiмi түпкiлiктi болып табылады және шағымдануға жатпайды.

9. Судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасында іс жүргiзу

      55. Судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының тәртiптiк iс не бiлiктiлiк iс жүргiзу материалдары жөнiндегi шешiмi жетi күн мерзiм iшiнде орындалуға жiберiледi. Бұл туралы тәртiптiк iс жүргiзу немесе бiлiктiлiк сыныбын беру туралы материалдарда белгi қойылады және тәртiптiк iстер мен бiлiктiлiк іс жүргiзу материалдарын тiркеу кiтабына жазылады.
      56. Жүргiзiлуi аяқталған тәртiптiк iс және бiлiктiлiк іс жүргiзу материалдары тиiсiнше Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстық және оған теңестiрiлген соттардың мұрағаттарында судьялардың жеке iстерiн сақтау үшiн көзделген мерзiм ішiнде сақталады.
      57. Судьялардың республикалық және облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаларының жұмысына техникалық қызмет көрсетудi және iс жүргізудi тиiсiнше Жоғарғы Сот аппараты мен жергiлiктi соттардың кеңселерi жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң      
2001 жылғы 26 маусымдағы 
N 643 Жарлығымен     
БЕКIТIЛГЕН        

Қазақстан Республикасы судьяларының
бiлiктiлiк сыныптары туралы
ЕРЕЖЕ

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының судьяларына бiлiктiлiк сыныптарын берудiң, олардан айырудың және төмендетудiң тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.

1. Бiлiктiлiк сыныптарын берудiң тәртiбi мен шарттары

      1. Қазақстан Республикасының судьяларына атқарып отырған қызметiне, кәсiби даярлық деңгейiне, еңбек сiңiрген жылдарына және өзге де жағдайларға байланысты: жоғары, бiрiншi-бесiншi бiлiктiлiк сыныптары берiледi.
      2. Бiлiктiлiк сыныптарында болу мерзiмдерi:
      бесiншiде - 2 жыл
      төртiншiде - 3 жыл
      үшiншiде - 3 жыл
      екiншiде -3 жыл
      бiрiншiде - 4 жыл
      3. Бiлiктiлiк сыныптарын берудiң тәртiбi:
      1) жоғары бiлiктiлiк сыныбын Қазақстан Республикасының Президентi:
      Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына;
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың алқаларының төрағалары мен судьяларына, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың (бұдан әрi - облыстық соттардың) төрағаларына, осы соттардың алқаларының төрағалары мен судьяларына, аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың (бұдан әрi - аудандық соттардың) төрағалары мен судьяларына бередi.
      2) бiрiншi, екiншi және үшiншi бiлiктiлiк сыныптарын:
      Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың алқаларының төрағалары мен судьяларына, облыстық соттардың төрағаларына;
      Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы осы соттардың төрағаларының ұсынуы бойынша облыстық соттардың төрағаларына;
      облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы тиiстi облыстық соттардың төрағаларының ұсынуы бойынша облыстық соттардың судьяларына, аудандық соттардың судьялары мен төрағаларына бередi.
      3) төртiншi және бесiншi бiлiктiлiк сыныптарын:
      Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы облыстық соттардың төрағаларының ұсынуы бойынша осы соттардың алқаларының төрағаларына;
      облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы тиiстi облыстық соттардың төрағаларының ұсынуы бойынша облыстық соттардың судьяларына, аудандық соттардың төрағалары мен судьяларына бередi.
      4. Бiлiктiлiк сыныптарын беру, әдетте, жағымды мiнездеме болған жағдайда рет-ретiмен берiледi.
      Кезектi бiлiктiлiк сыныбын беру судьяның берiлген бiлiктiлiк сыныбында болу мерзiмi бiткен күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
      5. Алғаш рет тағайындалған судьяларға бiлiктiлiк сыныптары судья қызметiнде жұмыс iстеген алғашқы алты ай өткеннен кейiн берiледi.
      6. Алғаш рет тағайындалған, бұрын жоғары заңгерлiк бiлiмi бар адамдар атқаруға тиiс лауазымдарда жұмыс iстеген судьяларға бiлiктiлiк сыныптары бұрынғы лауазымы, бiлiмi, жұмыс тәжiрибесi, еңбек сiңiрген жылдары, әскери (арнаулы) атағы, ғылыми дәрежесi мен атағы, сондай-ақ назар аударуға тұрарлық мән-жайлар ескерiле отырып берiледi.
      7. Судьяға қызметiнiң нәтижелерi үшiн көтермелеу ретiнде осы Ереженiң 3-тармағында белгiленген кезектi бiлiктiлiк сыныптарын беру тәртiбiне сәйкес, мерзiмiнен бұрын немесе кезектен тыс бiлiктiлiк сыныбы берiлуi мүмкiн.
      Мерзiмiнен бұрын бiлiктiлiк сыныбы кезектi бiлiктiлiк сыныбында болу үшiн белгiленген мерзiмнiң кемiнде жартысы өткеннен кейiн берiледi.
      Кезектен тыс бiлiктiлiк сыныбы келесi бiлiктiлiк сыныбында болу үшiн белгiленген мерзiмнiң кемiнде үштен екiсi өткеннен кейiн және ондағы бар сыныптан бiр сынып жоғары берiледi.
      Судья қызметiнде болған уақыт iшiнде мерзiмiнен бұрын және кезектен тыс бiлiктiлiк сыныбын беру бiр реттен аспауы тиiс.
      Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы судьяны бұрын берiлген бiлiктiлiк сыныбына қалдыру туралы шешiм қабылдаған жағдайда, бiлiктiлiк сыныбын көтеру туралы мәселенi қайта қарауға осындай шешiм қабылданған күннен бастап бiр жылдан кейiн ғана жол берiледi.

2. Судьяларды бiлiктiлiк сыныптарын беруге ұсынудың
тәртiбi

      8. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына жоғары бiлiктiлiк сыныбын беру туралы материалдарды Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы ресiмдейдi.
      Жоғарғы Соттың алқаларының төрағалары мен судьяларына, облыстық соттардың төрағаларына, осы соттардың алқаларының төрағалары мен судьяларына, аудандық соттардың төрағалары мен судьяларына жоғары бiлiктiлiк сыныбын беру туралы материалдар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуымен Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасына жiберiледi.
      Жоғарғы Соттың алқаларының төрағалары мен судьяларына, облыстық соттардың төрағаларына бiрiншiден үшiншi білiктiлiк сыныптарына дейiн беру туралы материалдар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуымен Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасына жiберiледi.
      Облыстық соттардың алқаларының төрағаларына біріншіден үшiншi бiлiктiлiк сыныптарына дейiн беру туралы материалдар осы соттардың төрағаларының ұсынуымен Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасына жiберiледi.
      Облыстық соттардың судьяларына, аудандық соттардың төрағалары мен судьяларына бiрiншiден үшiншi бiлiктiлiк сыныптарына дейiн беру туралы материалдар тиiстi облыстық соттардың төрағаларының ұсынуымен облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасына жiберiледi.
      Облыстық соттардың алқаларының төрағаларына төртiншi және бесiншi бiлiктiлiк сыныптарын беру туралы материалдар осы соттардың төрағаларының ұсынуымен Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасына жiберiледi.
      Облыстық соттардың судьяларына, аудандық соттардың төрағалары мен судьяларына төртiншi және бесiншi бiлiктiлiк сыныптар беру туралы материалдар тиiстi облыстық соттардың төрағаларының ұсынуымен облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасына жiберiледi.
      9. Бiлiктiлiк сыныбын беру туралы ұсынуға:
      1) судьяның кәсiби қызметiне, iскерлiк және адамгершiлiк қасиеттерiне баға берiлген мiнездеме;
      2) алдыңғы үш жылда қараған iстерiнiң саны мен сапасы туралы деректер;
      3) судьяға жазылған шағымдар туралы мәлiметтер және олардың негiздiлiгi туралы қорытынды;
      4) тәртiптiк жазалар туралы мәлiметтер қоса тiркелуi қажет.
      Судья ұсыныммен және басқа да материалдармен таныстырылуға тиiс.
      10. Орнынан түскен немесе зейнеткер демалысына шыққан не "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 34-бабының 1-тармағының 1), 2), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша судья қызметiнен босатылған және өкiлеттiктерi тоқтатылған судьялардың бiлiктiлiк сыныптары сақталады.

3. Бiлiктiлiк сыныбын төмендету тәртiбi

      11. Судьяға тәртiптiк жаза ретiнде бiлiктiлiк сыныбын төмендету қолданылуы мүмкiн.
      Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы тәртiптiк iс бойынша судьяның бiлiктiлiк сыныбын төмендету туралы ұсынуды тиiстi органдарға немесе лауазымды адамға жiберу туралы шешiм шығарады.
      Бiлiктiлiк сыныбын ол иеленiп отырған бiлiктiлiк сыныбынан бiр сыныпқа ғана төмендетуге болады.

4. Бiлiктiлiк сыныбынан айыру тәртiбi

      12. Судья "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 34-бабының  1-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларында және 2-тармағында көзделген негiздер бойынша атқаратын қызметiн және судья өкiлеттiктерiн тоқтатқан жағдайда бiлiктiлiк сыныбынан айырылуы мүмкiн.
      13. Судьяны бiлiктiлiк сыныбынан айыру осы Ереженiң 3-тармағымен белгiленген бiлiктiлiк сыныптарын беру кезiндегiдей тәртiппен жүзеге асырылады.
      14. Қазақстан Республикасының судьяларына осы Ереже бекiтiлгенге дейiн берiлген бiлiктiлiк сыныптары сақталады.

5. Қазақстан Республикасының судьяларына куәлiктердi беру
тәртiбi

      15. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына, осы соттың алқаларының төрағалары мен судьяларына - Қазақстан Республикасының Президентi қол қойған, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағаларына, осы соттардың алқаларының төрағалары мен судьяларына, аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары мен судьяларына - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы қол қойған, белгiленген үлгiдегi куәлiк берiледi.