"Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 29-бабының 4-тармағына, 38 және 38-1-баптарына, 43-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы етемін:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуi туралы ереже;
1-1) Сот жюриi туралы ереже;
2) Судьялардың республикалық және облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалары туралы бекiтiлсiн.
3) алып тасталды - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен;
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2007.02.27 N 292, 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.
2. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасы соттарының судьяларын аттестациялау туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінiң 1996 жылғы 24 мамырдағы N 3004 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 22, 189-құжат);
2) "Қазақстан Республикасының соттары судьяларының бiлiктiлiк сыныптары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 15 қазандағы N 3677 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997 ж., N 45, 412-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тәртіптік алқасы, облыстық және оларға теңестірілген тәртіптік алқалар туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 12 қарашадағы N 3746 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 49, 453-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2001 жылғы 26 маусымдағы
N 643 Жарлығымен
бекітілген
Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуi туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуiнiң шарттары мен тәртiбiн айқындайды.
2. Судьялыққа кандидаттың (бұдан әрi - машықтанушы-кандидат) тағылымдамадан өтуiнiң негiзгi мiндетi аудандық және оған теңестiрiлген сотта (бұдан әрi - аудандық сот) жұмыстың ерекшелiгiн зерделеу, судья лауазымындағы жұмысы үшiн қажеттi практикалық және ұйымдастырушылық дағдыларды игеру болып табылады.
Тағылымдамадан өту машықтанушы-кандидаттың іскерлік, кәсіптік және моральдық қасиеттерін зерделеу және оның судья өкілеттіктерін жүзеге асыру перспективаларын айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.
2-1. Жүктелген міндеттерді орындамауына, соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне, Сот жюриінің қорытындысына байланысты не тәртіптік қылықтар жасағаны үшін судья лауазымынан босатылған тұлғаларды қоспағанда, мамандандырылған магистратурада оқуды бітірген тұлғалардың, сондай-ақ бұрын кемінде үш жыл тұрақты судья болып жұмыс істеген және жұмыстан босатылған күннен бастап алты жылдың ішінде қайтадан судья лауазымына орналасуға ниет білдірген тұлғалардың тағылымдамадан өтуі талап етілмейді.
Судья қызметінен, құқық қорғау органдарынан немесе өзге де мемлекеттік қызметтен теріс қылықтары мен қызметтік міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жұмыстан босатылған адамдар тағылымдамадан өтуге жіберілмейді.
Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2009.02.13. N 738 Жарлығымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.
3. Тағылымдама аудандық сотта ұйымдастырылады.
4. Тағылымдамадан өту мерзімін облыстық соттың және оған теңестірілген соттың (бұдан әрі - облыстық сот) төрағасы тоғыз айдан бір жылға дейінгі шекте белгілейді.
Заңгерлік мамандығы бойынша бес жылдан артық жұмыс тәжірибесі бар, сондай-ақ құқықтың белгілі бір саласында ғылыми дәрежелері мен атақтары бар адамдар үшін тағылымдамадан өту мерзімі оның еңбек өтіліне, заң мамандығы бойынша атқарып отырған қызметіне және судья қызметіне орналасу үшін оның кәсіби даярлығының деңгейін айқындайтын негіздердің басқа да деректеріне байланысты алты айдан тоғыз айға дейін шекте белгіленеді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.
5. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.
2. Машықтанушы-кандидатқа қойылатын талаптар
6. Тағылымдамадан өтуге:
1) жиырма бес жасқа толған;
2) жоғары заң білімі бар, еңбек жолы мінсіз және заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар;
3) бiлiктiлiк емтиханын тапсырған Қазақстан Республикасының азаматтары жiберiледi.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2007.02.27 N 292, 2011.04.01 N 1177 Жарлықтарымен.
3. Тағылымдамадан өтудiң шарттары мен тәртiбi
7. Судья қызметіне орналасуға конкурсқа қатысу үшін тағылымдамадан өтуге тілек білдірген адам облыстық соттың төрағасына тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтініш береді.
Тағылымдамадан өту судьялық лауазымға кандидат тұратын жерi бойынша тiркелген облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аудандық соттарында жүзеге асырылады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2007.02.27 N 292, 2011.04.01 N 1177 Жарлықтарымен.
8. Өтiнiшке мынадай құжаттар: кадр есебi жөнiндегi жеке iс парағы, өмiрбаян, диплом мен оның қосымшасының көшiрмесi, бiлiктiлiк емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың көшiрмесi, соңғы жұмыс орнынан алынған қызметтiк мiнездеме қоса тапсырылуға тиiс.
Өтiнiшке сонымен қатар оның кәсiби бiлiмiнiң деңгейiн сипаттайтын басқа да құжаттар (ғылыми дәрежелер мен атақтардың берiлгенi, арнаулы курстарды бiтiргенi және т.б. туралы тиiстi құжаттардың көшiрмелерi) қоса тапсырылуы мүмкiн.
9. Тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтiнiштi қараудың нәтижелерi бойынша тиiстi облыстық соттың төрағасы:
1) мерзiмiн көрсете отырып, тұлғаға тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы;
2) тағылымдамадан өтуге рұқсат беруден бас тарту туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.
9-1. Егер адам тағылымдамадан өтуге жіберілсе, тағылымдамадан өту жүзеге асырылатын аудандық сотты не аудандық соттарды, сондай-ақ тағылымдамадан өту үшін жалпы үйлестіру мен бақылау жүктелетін облыстық сот судьясын - тағылымдама үйлестірушісін облыстық соттың төрағасы өкіммен белгілейді.
Облыстық сот төрағасының өкімі облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы сот кеңсесінің басшысы мен машықтанушы-кандидаттың арасында тағылымдамадан өту туралы келісім жасау үшін негіз болып табылады.
Тағылымдамадан өту туралы келісімде:
1) тараптардың атауы;
2) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
3) тағылымдамадан өту орны;
4) тағылымдамадан өту талаптары, тәртібі мен мерзімдері қамтылуға тиіс.
Тағылымдамадан өту туралы үлгі келісімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы соттардың кеңселері машықтанушы-кандидат туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Ескерту. Ереже 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.
10. Тұлғаға тағылымдамадан өтуге рұқсат беруден бас тарту дәлелдi болуға тиiс.
Өтiнiш иесiне сол уақытта машықтанушы-кандидаттар санының көбейiп кету себебiне байланысты тағылымдамадан өтуiне бас тартуға болмайды.
11. Тағылымдамадан өту машықтанушы-кандидаттың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы бекiткен судьялыққа кандидаттың тағылымдамасының типтiк бағдарламаларына енгiзiлген арнайы іс-шараларды орындауын, сондай-ақ iс жүргiзудi ұйымдастыруға, статистикалық есептердi, анықтамаларды, талдауларды жасауға және сот практикасын қорытуға байланысты мәселелердi шешудi қамтиды.
12. Тағылымдама облыстық соттың судьясы - тағылымдама үйлестірушісімен келісім бойынша аудандық соттың төрағасы бекiткен жеке жоспар бойынша ұйымдастырылады. Жоспарға кейiннен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, ол жөнiнде машықтанушы-кандидатты дереу хабардар етедi.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.
13. Машықтанушы-кандидат аудандық сотқа келгеннен кейін соттың төрағасы судьялардың арасынан аудандық сот судьясын - тағылымдама жетекшісін тағайындайды.
Тағылымдама жетекшісі:
1) жұмыстың қажетті көлемін айқындайды;
2) машықтанушы-кандидатқа кәсіби білім деңгейін арттыруда және практикалық дағды алуда көмек көрсетеді;
3) тағылымдамадан өту жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.
14. Тағылымдамадан өту қорытындылары бойынша машықтанушы-кандидат тағылымдамадан өтуі туралы жазбаша есеп жасайды, онда оның жеке жоспарды орындағаны, сондай-ақ тағылымдама жетекшісі айқындаған тапсырмаларды орындағаны туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.
Бір мезгілде аудандық соттың судьясы - тағылымдама жетекшісі машықтанушы-кандидатка пікір жазады, оны аудандық соттың төрағасы бекітеді. Пікірде оның тағылымдама барысында алған практикалық дағдылары мен білімі, машықтанушы-кандидаттың дайындық дәрежесі, іскерлік және моральдық қасиеттері туралы мәлімет қамтылуға тиіс.
Аудандық соттың судьясы - тағылымдама жетекшісі машықтанушы-кандидатқа пікірді, тағылымдамадан етудің жеке жоспарын, оны орындағаны туралы белгілермен бірге және машықтанушының тағылымдамадан өту қорытындылары туралы жазбаша есебін облыстық сот судьясы - тағылымдама үйлестірушісінің қарауына ұсынады. Оларды қарау нәтижелері бойынша облыстық сот судьясы - тағылымдама үйлестірушісі материалдарды облыстық соттың жалпы отырысының қарауына енгізеді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.
15. Тағылымдаманың қорытындыларын қарау үш айдан кешiктiрiлмей, жалпы отырыста машықтанушы-кандидаттың есебi тыңдала отырып жүргiзiледi. Машықтанушы-кандидаттың есебi жөнiнде жалпы отырыстың пікірі көпшілік дауыспен қабылданатын қорытынды түрiнде ресiмделеді және оған төрағалық етуші қол қояды.
4. Қорытынды ережелер
16. Облыстық соттың жалпы отырысы судья қызметіне кандидаттардың тағылымдамадан өтуінің қорытындыларын қарайды және Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесіне тиісті қорытынды ұсынады. Облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысы бес жыл бойы жарамды болады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен. см. Z080079
16-1. Облыстық соттың жалпы отырысы тағылымдама қорытындыларын қарау нәтижелері бойынша мынадай жағдайларда:
машықтанушы-кандидат теріс қылық жасағанда;
тағылымдамадан өту жоспары орындалмағанда;
машықтанушы-кандидаттың моральдық-этикалық бейнесін теріс жағынан сипаттайтын мәліметтер болғанда теріс қорытынды береді.
Машықтанушы-кандидаттың дәлелді себептер бойынша уақытша болмауы тағылымдамадан өту жоспарының орындалмауына әкеп соққан жағдайда, облыстық соттың жалпы отырысы тағылымдама мерзімін ол болмаған тиісті кезеңге ұзарту туралы шешім қабылдайды. Машықтанушы-кандидат теріс қорытынды алған жағдайда жалпы негіздерде тағылымдамадан қайта өтуге, теріс қорытындыны алған күнінен кемінде бір жыл өткеннен кейін жіберіледі.
Тағылымдама қорытындыларын қараудың теріс қорытындысы судья қызметіне теріс қорытынды алған кандидаттардың есебін жүргізу үшін облыстық соттарға жіберілуге жатады.
Ескерту. Ереже 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.
17. Тағылымдамадан өту машықтанушы-кандидаттың негiзгi жұмыс орнын қалдыруына әкеп соқпайды.
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2001 жылғы 26 маусымдағы
N 643 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Ескерту. Жарлық Сот жюриі туралы ережемен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.02.27. N 292 Жарлығымен.
Сот жюриi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Сот жюриi туралы осы ереже (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Конституциясына , "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес әзiрлендi және Сот жюриiнiң өкiлеттiктерiн, құрылу тәртiбiн, жұмысын ұйымдастыруды және қызметiн айқындайды.
2. Әркiмнiң сот арқылы қорғалуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету мақсатында, жұмыс iстеп жүрген судьяның кәсiби жарамдылығын анықтау үшiн алқалы орган ретiнде Сот жюриi құрылады.
3. Сот жюриiнiң мүшелерi өз қызметiнде тәуелсiз және тек Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және осы Ережеге бағынады.
4. Сот жюриiнiң қызметiне араласуға және оның мүшелерiне ықпал етуге жол берiлмейдi. Сот жюриiнiң мүшесi өзiндегi iс материалдары, қабылданған шешiмдер бойынша қандай да бiр ақпарат беруге хақылы емес.
2. Сот жюриiн құру тәртiбi
5. Сот жюриiнiң құрамын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы бойынша жұмыс iстеп жүрген судьялардың, сондай-ақ орнынан түскен судьялардың қатарынан балама негiзде жасырын дауыс беру арқылы үш жыл мерзiмге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы сайлайды.
Сот жюриiнiң құрамына төраға және Сот жюриiнiң алты мүшесi енедi.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.
6. Жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньге барлық ұсынылған кандидаттар енгiзiледi. Басқа кандидаттарға қарағанда көп дауыс алған кандидат сайланды деп есептеледi.
7. Жиналған дауыстар саны бойынша сайланған адамнан кейiн тұрған кандидат Сот жюриiнiң қосалқы мүшесi болып есептеледi және кворумның болмауына әкеп соғатын Сот жюриiнiң мүшелерiне қарсылық бiлдiрiлген немесе олар өздiгiнен бас тартқан жағдайда Сот жюриi мүшесiнiң мiндетiн атқарады.
Сот жюриi мүшелерiнiң бiрi шығып қалған жағдайда осы Ережемен белгiленген тәртiппен қалған мерзiмге қосымша сайлау өткiзiледi.
8. Сот жюриi құрамы өз мүшелерiнiң қатарынан көпшiлiк дауыспен Сот жюриiнiң төрағасын сайлайды.
9. Сот жюриi төрағасы уақытша болмаған жағдайда оның тапсыруы бойынша төрағаның мiндеттерiн жюри мүшелерiнiң бiрi атқарады.
10. Сот жюриiнiң құрамына ұсынылған судьялар және орнынан түскен судьялар кәсiби деңгейi жоғары, жеке еңбек жолы мiнсiз, принциптi, судьялар қауымы арасында беделдi болуға тиiс.
11. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы және сот алқаларының төрағалары, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары және сот алқаларының төрағалары, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесiнiң және судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаларының мүшелерi Сот жюриi құрамына сайлана алмайды.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2009.02.13 N 738, 2011.04.01 N 1177 Жарлықтарымен.
12. Сот жюриiнiң отырыстары қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi және оның құрамының кемiнде бес мүшесi қатысқан жағдайда құқылы болады.
Сот жюриi жұмыс iстеген уақытта оның мүшелерi қолданыстағы заңнамаға сәйкес, отырыс өткiзiлетiн жерге iссапарға жiберiледi және басқа мiндеттердi атқарудан босатылады.
13. Сот жюриi өзiнiң қызметi туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысын жыл сайын хабардар етiп отырады.
14. Сот жюриiнiң төрағасын немесе мүшесiн мiндеттерiн атқарудан босату үшiн мыналар негiз болып табылады:
1) Сот жюриiнiң құрамына кiретiн судьяның қызметiнен босатылуы, судьяның өкiлеттiктерiнiң тоқтатылуы не тоқтатыла тұруы немесе орнынан түсуiнiң тоқтатылуы не тоқтатыла тұруы;
2) Сот жюриi мүшесiнiң судья этикасына қайшы келетiн терiс қылық жасауы;
3) алып тасталды - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.
Сот жюриi мүшесiн босату Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысының шешiмiмен жүргiзiледi.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.
3. Судьяның кәсіби жарамдылығын анықтау туралы материалдарды ұсыну, отырыстарды өткiзу және Сот жюриiнiң шешiмiн шығару тәртiбi
Ескерту. 3-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.02.13. N 738 Жарлығымен.
15. Судьяның кәсiби жарамдылығын анықтау туралы материалдарды Сот жюриiнде қарау үшiн, сот төрелiгiн жүзеге асыру бойынша көрсеткiштерi төмен немесе сот iстерiн қарау кезiнде заңдылықты ұдайы бұзуға жол берген судьяға қатысты материалдарды Сот жюриiне беру туралы облыстық немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жалпы отырысының шешiмi негiз болып табылады.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.
16. Қосымша тексеру жүргiзу қажет болғанда, Сот жюриi түскен материалдарды қарау басталғанға дейiн құжаттар мен материалдарды, соның iшiнде қарау кезiнде заңның бұзылуына жол берiлген сот iстерiн сұратып алуға құқылы.
17. Нақты материалдар бойынша баяндамашыны және материалдарды қарау күнiн Сот жюриiнiң төрағасы анықтайды.
18. Сот жюриiнiң хатшылығы қажеттi құжаттардың жиналуын қамтамасыз етедi және Сот жюриi отырысының өткiзiлетiн күнi, уақыты және орны туралы Сот жюриiнiң мүшелерiне хабарлайды.
19. Сот жюриiнiң отырысы төрағалық етушiнiң жюри құрамын және отырысқа шақырылған адамдарды, сондай-ақ материалдарды қарауға негiз болған себептердi жария етуiнен басталады.
20. Сот жюриi отырысында материалдарды қарау кәсiби бiлiктiлiгi күмән туғызатын судьяның міндетті түрде қатысуымен өткізіледі.
Кәсiби бiлiктiлiгi күмән туғызатын судья дәлелдi себеппен келмеген жағдайда (науқастануы немесе Сот жюриiнiң отырысына қатысуына объективтi кедергi келтiрген өзге де мән-жайлар) Сот жюриiнiң отырысы кейiнге қалдырылады. Судья Сот жюриiнiң отырысына келуден бас тартқан кезде материалдарды қарау оның қатысуынсыз өткiзiледi.
21. Өзiне қатысты материалдар Сот жюриiнiң қарауына берiлген судья материалдарды қарау басталғанға дейiн жюри мүшелерiне дәлелдi қарсылық мәлiмдеуге құқылы.
Егер Сот жюриiнiң мүшесi кәсiби бiлiктiлiгi күмән туғызатын судьямен туыстық қатынаста болса не оның әдiлдiгi және алаламаушылығына күмән келтiретiн өзге де мән-жайлар болса, оның Сот жюриiнiң отырысына қатысуға құқы жоқ.
Сот жюриiнiң кез келген мүшесi материалдарды қараудан дәлелдi түрде өздiгiнен бас тарту туралы мәлiмдей алады.
22. Қарсылық бiлдiру немесе өздiгiнен бас тарту туралы мәселенi Сот жюриiнiң мүшелерi өзiне қатысты қарсылық бiлдiру (өздiгiнен бас тарту) мәлiмделген адамның қатысуынсыз көпшiлiк дауыспен шешедi.
Мәлiмделген қарсылық бiлдiру (өздiгiнен бас тарту) бойынша дауыс берудiң нәтижелерi отырыс хаттамасында көрсетiледi.
23. Кворумның болмауына әкеп соғатын қарсылық бiлдiру (өздiгiнен бас тарту) қанағаттандырылған жағдайда Сот жюриiнiң отырысы кейiнге қалдырылады. Мұндай жағдайда нақты материалды қарау уақытында Сот жюриiнiң құрамын Сот жюриiнiң қосалқы мүшесi толықтырады.
24. Кәсiби бiлiктiлiгi күмән туғызатын судьяның iс жүргiзудiң мәнiсi бойынша түсiнiктемелер беруге, қажеттi материалдарды ұсынуға құқығы бар.
25. Қажеттi жағдайларда Сот жюриiнiң отырысына түсiнiктемелер беру үшiн кәсiби жарамдылығы бағалануға жататын судья жұмыс iстейтiн соттың төрағасы не соттың сот алқасының төрағасы, сондай-ақ басқа адамдар шақырылуы мүмкін.
Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.
26. Кәсiби бiлiктiлiгi күмән туғызатын судьяға қатысты материалдарды қараудың нәтижелерi бойынша Сот жюриi мынадай шешiмдердiң бiрiн шығарады:
1) судьяның атқаратын қызметiне сәйкес келетiндiгi туралы;
2) судьяның кәсiби бiлiктiлiгiн арттыру жөнiнде қажеттi шараларды қабылдау туралы (судьяны оқуға жiберу, судьяға тәлiмгерлiк белгiлеу, жоғары тұрған сотта тағылымдама ұйымдастыру және т.б.);
3) судьяның кәсiби жарамсыздығына байланысты атқаратын қызметiне сәйкес келмейтiндiгi туралы.
27. Сот жюриiнiң шешiмi кеңесу бөлмесiнде, оған қандай да бiр ықпал ету мүмкiндiгi болмайтындай жағдайда қабылданады. Шешiм қабылдау кезiнде кеңесу бөлмесiнде Сот жюриiнiң мүшелерi ғана бола алады. Сот жюриi мүшесi дауыс беруден қалыс қалуға құқылы емес. Сот жюриi мүшесiнiң ұсынысы бойынша дауыс беру жасырын түрде өткiзiлуi мүмкiн. Сот жюриi мүшелерiнiң талқыланатын мәселелер бойынша пiкiрi жариялауға жатпайды.
28. Дауыстар тең түскен жағдайда Сот жюриi отырысында төрағалық етушiнiң даусы шешушi дауыс болып табылады. Шешiм жазбаша нысанда қабылданады және оған отырысқа қатысқан барлық жюри мүшелерi қол қояды. Сот жюриi мүшесiнiң ерекше пiкiрi жазбаша түрде бiлдiрiлуi мүмкiн және шешiмге қоса тiркеледi.
29. Сот жюриiнiң шешiмi қорытынды нысанында шығарылады және шағымдануға жатпайды.
Шешiмнiң көшiрмесi шығарылған күнiнен бастап үш тәулiк iшiнде өзiне қатысты материалдар қаралған судьяға, сондай-ақ материалды берген сотқа жiберiледi.
Судьяның кәсiби жарамсыздығына байланысты атқаратын қызметiне сәйкес келмейтiндiгi туралы шешiм кейiннен Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесіне ұсыну үшiн Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына жiберiледi.
Ескерту. 29-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.02.13. N 738 Жарлығымен.
30. Сот жюриiнiң қорытындысы:
1) Сот жюриiнiң құрамы;
2) материалды қарау орны және уақыты;
3) өзiне қатысты материал қаралған судья;
4) Сот жюриiне материалды жiберген сот;
5) Сот жюриiне материалды жiберуге негiз болған мән-жайлар;
6) өзiне қатысты материал қаралған судьяның түсiндiрмелерi;
7) Сот жюриiнiң отырысына шақырылған басқа адамдардың түсiндiрмелерi;
8) қабылданған шешiмнiң негiздемесi көрсетiлген Сот жюриiнiң тұжырымдары туралы мәлiметтерден тұруға тиiс.
31. Жұмыс iстеп жүрген судьяның кәсiби жарамдылығын анықтау туралы материалдар олар Сот жюриiне түскен күннен бастап екi ай мерзiмде қаралуға тиiс. Қажет жағдайда бұл мерзiмдi Сот жюриiнiң төрағасы әрi кеткенде бiр айға ұзартуы мүмкiн.
3-1. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясына судьяларды жіберу тәртібі
31-1. Сот жюриі өз құрамынан үш судьяны екі жыл мерзімге Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясына ротациялық негізде жібереді.
Сот жюриінің төрағасы жіберу үшін кандидаттарды ұсынады.
31-2. Сот жюриінің жіберу туралы шешімі Сот жюриінің отырысында дауыс беру арқылы қабылданады, егер оған Сот жюриінің дауыс беруге қатысқан мүшелерінің қарапайым көпшілігі дауыс берсе қабылданды деп есептеледі, сондай-ақ оған Сот жюриінің төрағасы қол қояды.
Шешімнің көшірмесі үш тәулік ішінде Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесіне жіберіледі.
31-3. Сот жюриінің жіберу туралы шешімі қорытынды нысанында ресімделеді және ол:
1) Сот жюриінің құрамы;
2) судьяларды жіберу туралы мәселені қараған орны мен уақыты;
3) жіберілетін судьялардың аты-жөні, тегі, лауазымдары туралы деректерді қамтуы тиіс.
Ескерту. 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР Президентінің 2009.02.13. N 738 Жарлығымен.
4. Сот жюриiнiң жұмысын ұйымдастыру
32. Сот жюриiнiң қызметiн ұйымдастырудың, оның отырыстарын өткiзудiң шарты мен тәртiбiнiң, сондай-ақ оның мүшелерiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асырудың өзге де мәселелерi бойынша Сот жюриiнiң регламентiн Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы бекiтедi.
33. Сот жюриінің қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі өкілетті орган жүзеге асырады.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.
34. Сот жюриінің жұмыс органы Сот жюриінің хатшылығы болып табылады, ол Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызметшілерінің құрамынан қалыптастырылады.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2001 жылғы 26 маусымдағы
N 643 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.02.27. N 292 Жарлығымен.
Судьялардың республикалық және облыстық
тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалары туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес (бұдан әрi - Конституциялық заң) Судьялардың республикалық және облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалары туралы осы Ереже (бұдан әрi - Ереже) судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаларын құру, жұмысын және қызметiн ұйымдастыру, сондай-ақ олардың тәртiптiк iс жүргiзудi қозғау, тәртiптiк iстерді қарау тәртiбiн, судьяның орнынан түсу құқығын бекiту, оны тоқтату мәселелерiн белгiлейдi.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.
2. Судьялардың республикалық және облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалары (бұдан әрi - тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалар) Қазақстан Республикасының судьяларына қатысты тәртiптiк iстерді, судьяның орнынан түсу құқығын бекiту және оны тоқтату мәселелерiн қарау жөнiндегi органдар болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасымен берiлген шектерде судьяларға тәртiптiк iс жүргiзудi қозғау, тәртiптiк жазалар беру құқығын иеленедi.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.
3. Өз мiндеттерiн орындау кезiнде тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалар тәуелсiз және тек Қазақстан Республикасының Конституциясына , Конституциялық заңға бағынады, сондай-ақ өз қызметiнде осы Ереженi басшылыққа алады.
Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалардың жұмысына араласуға және оның мүшелерiне қандай да бiр ықпал етуге ешкiмнiң құқығы жоқ. Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның мүшесi қабылданған шешiмдердiң мәнi туралы қандай да бiр түсiнiк беруге мiндеттi емес.
3-1. Тәртіптік-біліктілік алқаларының қызметі судьялардың тәуелсіздігі және сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі соттың қызметіне араласпау, Конституциялық заңмен және осы Ережемен құзыретіне жатқызылған мәселелерді алқалы, жариялы, бейтарап және әділ қарау принциптеріне негізделеді.
Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2009.02.13. N 738 Жарлығымен.
2. Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаларды құрудың тәртiбi және олардың өкiлеттiктерi
4. Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқа Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысында жасырын дауыспен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларының iшiнен кемiнде 7 мүшеден екi жыл мерзiмге сайланады.
Облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалар, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың жалпы отырыстарында жасырын дауыспен, облыстық және оларға теңестiрiлген соттар судьяларының iшiнен 3-тен 7 мүшеге дейiн екi жыл мерзiмге сайланады.
5. Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалардың құрамына сайлануға кемiнде бес жыл судьялық стажы бар, мінсіз беделі бар судьялар ұсынылады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.02.13. N 738 Жарлығымен.
6. Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның төрағасы және хатшысы осы алқаның отырысында оның мүшелерiнiң iшiнен, жай көпшiлiк дауыспен сайланады.
7. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы және сот алқалары төрағалары, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары және сот алқалары төрағалары, Судья этикасы жөнiндегi комиссияның және Сот жюриiнiң мүшелерi, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесiнiң мүшелерi тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалардың құрамына сайлана алмайды.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2009.02.13. N 738, 2011.04.01 N 1177 Жарлықтарымен.
8. Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның мүшелерiн мiндетiнен босату тиiстi соттың жалпы отырысында жүзеге асырылады. Осы алқа өкiлеттiгiнiң қалған мерзiмiне алқаның жаңа мүшесiн сайлау жалпы отырыстың регламентiнде белгiленген тәртiппен өткiзiледi.
9. Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның төрағасын және мүшелерiн мiндеттерiн атқарудан босату үшiн мыналар негiз болып табылады:
1) алқа мүшесiнiң сайлану мерзiмiнiң аяқталуы;
2) судьяның тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылуына әкеп соққан сот iстерiн қарау кезiнде заңдылықтың бұзылуы;
3) судья этикасына қайшы келетiн терiс қылықтың жасалуы;
4) Конституциялық заңның 33-35- баптарында көзделген негiздер.
10. Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқа:
1) Республиканың кез келген судьясына қатысты тәртiптiк iс жүргiзудi қозғау туралы мәселенi;
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот алқалары төрағаларына және судьяларына, облыстық соттардың төрағаларына және алқа төрағаларына қатысты тәртiптiк iстердi, сондай-ақ алқаның өзі қабылдаған тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы шешім бойынша тәртіптік істерді;
3) облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалардың шешiмдерiне судьялардың шағымдарын;
4) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьяларының, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары және сот алқалары төрағаларының орнынан түсу құқығын бекiту және оны тоқтату туралы мәселенi қарайды.
5) алып тасталды - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2009.02.13 N 738, 2011.04.01 N 1177 Жарлықтарымен.
11. Облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалар облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың судьяларына, аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағаларына және судьяларына қатысты:
1) тәртiптiк iс жүргiзудi қозғау туралы мәселенi;
2) тәртiптiк iстердi;
3) судьяның орнынан түсу құқығын бекiту туралы мәселенi;
4) орнынан түсудi тоқтату туралы мәселенi қарайды.
5) алып тасталды - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.
12. Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқа мүшесiне қатысты тәртiптiк iс жүргiзудi қозғау туралы мәселенi тиiстi жалпы отырыстың шешiмi бойынша Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқа қарайды.
Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның мүшесiне қатысты тәртiптiк iстi Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқа қарайды.
13. Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалардың жұмысы туралы ақпарат жылына кемiнде бiр рет соттардың жалпы отырыстарында тыңдалады.
3. Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның жұмысын ұйымдастыру
14. Өзiне қатысты мәселе қаралатын судья iстi қарау басталғанға дейiн тәртiптiк алқаның мүшелерiне дәлелдi қарсылық бiлдiруге құқылы.
Қарсылық бiлдiру туралы мәселе қарсылық бiлдiрушiнiң қатысуынсыз, тәртiптiк алқаның қарауға қатысқан барлық мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен шешiледi.
15. Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның шешiмi, оған қандай да бiр ықпал ету мүмкiндiгi болмайтындай жағдайда, кеңесу бөлмесiнде жай көпшiлiк дауыспен қабылданады. Шешiм қабылдау уақытында кеңесу бөлмесiнде тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның мүшелерi ғана бола алады. Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқа мүшесi дауыс беруден қалыс қалуға хақылы емес. Дауыстар тең түскен жағдайда өзiне қатысты мәселе қаралып отырған судьяның жағдайын жақсартатын шешiм қабылданды деп есептеледi.
Кеңесу бөлмесiнiң құпиясы барлық жағдайларда қамтамасыз етiлуге тиiс.
16. Шешiм жазбаша нысанда әзiрленедi және оған iстi немесе материалды қарауға қатысқан тәртiптiк-бiлiктiлiк алқа мүшелерiнiң барлығы қол қояды. Азшылықта қалған тәртiптiк-бiлiктiлiк алқа мүшесi кеңесу бөлмесiнде өзiнiң ерекше пiкiрiн жазбаша бiлдiруге құқылы. Ерекше пiкiр төрағалық етушiге тапсырылады және мөрленген конвертпен iс материалдарына тiркеледi. Облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның шешiмiне шағым жасалған жағдайда, Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның мүшелерi ерекше пiкiрмен таныстырылады.
Ерекше пiкiр бар екендiгi жөнiнде судья және басқа адамдар хабардар етiлмейдi.
17. Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқа тәртiптiк iс жүргiзудi қозғау туралы, судьяның орнынан түсуiн тоқтату туралы мәселе қойған органнан немесе лауазымды адамнан қажеттi құжаттар мен материалдарды танысу үшiн талап етуге, сол сияқты және оларды қарау кезiнде судья заң бұзушылыққа жол берген сот iстерiмен танысуға хақылы.
Даулы мәселелердi түсiндiру қажет болған жағдайда тәртiптiк-бiлiктiлiк алқа Конституциялық заңның 25-бабының ережелерiн қатаң сақтай отырып, тиiстi адамдардан түсiнiк алуға құқылы.
18. Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның отырысында хаттама жүргiзiледi. Хаттамаға отырысқа төрағалық етушi және алқа хатшысы қол қояды.
19. Тәртіптік-біліктілік алқасының жұмысшы органы Тәртіптік-біліктілік алқасының хатшылығы болып табылады, ол Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі өкілетті органның, облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы соттар кеңселерінің мемлекеттік қызметшілерінің құрамынан қалыптастырылады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.
20. Осы Ережеде көрсетiлмеген тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалардың жұмысын ұйымдастыру мәселелерi және тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаларда iс жүргiзу Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқа бекiтетiн регламенттiң негiзiнде жүзеге асырылады.
4. Тәртiптiк iс жүргiзудi қозғаудың негiздерi және тәртiбi
21. Судьялар Конституциялық заңның 39-бабында көзделген негiздерде ғана тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн.
22. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот алқалары төрағаларына, судьяларына, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағаларына және сот алқалары төрағаларына қатысты тәртiптiк iс жүргiзудi қозғау туралы Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаға ұсыным жасай алады.
Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.
23. Конституциялық заңның 41-бабына сәйкес, Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқа судьяның сыбайлас жемқорлықпен ұштасқан немесе сыбайлас жемқорлыққа жол берген, сондай-ақ қоғамдық пiкiр тудырған тәртiптiк терiс қылық фактiсi бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынымы негiзiнде Республиканың кез келген судьясына қатысты тәртiптiк iс жүргiзудi қозғау туралы мәселенi қарай алады.
24. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы және жергiлiктi соттардың төрағалары, Қазақстан Республикасы Судьялар одағы облыстық филиалдарының Судья этикасы жөнiндегi комиссиялары, орталық мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары облыстық және оған теңестiрiлген соттың судьясына, аудандық және оған теңестiрiлген соттың төрағасына және судьясына қатысты тәртiптiк iс жүргiзудi қозғау мәселесi туралы тиiстi облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаға ұсыным жасауға құқылы.
Ескерту. 24-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Президентінің 2009.02.13. N 738 Жарлығымен.
25. Тәртiптiк iс жүргiзудi қозғау туралы мәселенi қарауға бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдары да себеп бола алады.
26. Судьяның тәртiптiк терiс қылығын дәлелдеу мiндетi өтiнiштi берген адамға немесе органға жүктеледi. Бұл ретте, судьяға қатысты тәртiптiк iс жүргiзудi қозғау туралы мәселенi шешу, тәртiптiк iстi қарау кезiнде аталған адамның (органның) немесе оның өкiлiнiң қатысуы мiндеттi.
27. Тәртiптiк iс жүргiзудi қозғауға негiздiң бар екендiгi туралы мәселе Конституциялық заңның 42-бабында белгiленген мерзiмдерде шешiледi.
28. Тәртiптiк iс жүргiзудi қозғау туралы немесе тәртiптiк iс жүргiзудi қозғауға негiздiң жоқтығы туралы шешiм қаулы нысанында шығарылады, оған тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның барлық мүшелерi қол қояды.
29. (29-тармақ алып тасталды - ҚР Президентінің 2009.02.13. N 738 Жарлығымен).
30. Тәртiптiк iстi қарау мерзiмi Конституциялық заңның 42-бабының екiншi бөлiгiмен реттеледi.
5. Судьяның орнынан түсу құқығын бекiту және тоқтату туралы мәселенi қараудың тәртiбi
31. Судьяның орнынан түсу құқығын бекiту туралы мәселенi қарау оның арызының негiзiнде жүзеге асырылады. Арызға судьяның еңбек жолының мiнсiз екенiн куәландыратын құжаттар тiркелуi тиiс.
Ескерту. 31-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.02.13. N 738 Жарлығымен.
32. Орнынан түсу құқығын бекiту туралы арыз тиiстi қорытынды шығарыла отырып, екi апталық мерзiм iшiнде қаралуға тиiс.
33. Орнынан түсу құқығын iске асыруға жағдайлардың жоқтығы туралы тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның қорытындысы судьяны қызметiнен орнынан түсу нысанында босатудан бас тартуға негiз болады.
34. Судьяның орнынан түсуi Конституциялық заңның 35-бабының 3-тармағында көзделген негiздер бойынша тоқтатылады. Орнынан түсудi тоқтату туралы ұсынымды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган, сондай-ақ жеке арызы бойынша судья бере алады.
Ескерту. 34-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.
6. Облыстық тәртіптік-біліктілік алқаларының шешiмдерiне шағымдану
Ескерту. 6-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.02.13. N 738 Жарлығымен.
35. Облыстық тәртіптік-біліктілік алқасының тәртіптік іс бойынша шешіміне, судьяның орнынан түсу құқығын растау мәселесі бойынша қорытындысына немесе оны тоқтатуға өзіне қатысты шешім немесе қорытынды шығарылған судья шешімнің көшірмесін алған күннен бастап он күн мерзімде облыстық тәртіптік-біліктілік алқасы арқылы Республикалық тәртіптік-біліктілік алқасына шағымдана алады, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2009.02.13 N 738 Жарлығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.
36. (36-тармақ алып тасталды - ҚР Президентінің 2009.02.13. N 738 Жарлығымен).
37. Облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның шешiмiне шағымдану мерзiмiн дәлелдi себеппен өткiзiп алған жағдайда, Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқа оны өзіне қатысты шешiм шығарылған судьяның өтiнiшi бойынша қалпына келтiредi.
Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.
38. Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқа шағым бойынша тәртiптiк iс немесе материалды қараудың нәтижесiнде келесi шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) шешiмдi өзгерiссiз қалдырады;
2) шешiмдi өзгертедi;
3) шешiмнiң күшiн жойып, жаңа шешiм қабылдайды;
4) шешiмнiң күшiн жойып, тәртiптiк iстi сол тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаға жаңадан қарауға жiбередi;
5) облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның шешiмiнiң күшiн жойып, тәртiптiк iстi тоқтатады.
39. Осы Ереженiң 38-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда, iстi жаңадан қараудың мерзiмi бiр айдан аспауы тиiс.
Ескерту. 39-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.
40. Тәртiптiк iс:
1) тәртiптiк iс жүргiзудi қозғау мерзiмдерi өтiп кеткен;
2) тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту мерзiмi өтiп кеткен;
3) тәртiптiк iс негiзсiз қозғалған;
4) судьяның әрекетiнде тәртiптiк терiс қылық болмаған;
5) судья iс қаралған сәтте басқа қызметке ауысып кеткен немесе оның өкiлеттiгi Конституциялық заңның 34-бабы 1-тармағының 1-1) - 6), 9) - 10) тармақшаларында көрсетiлген негiздерде тоқтатылған жағдайларда қысқартылады.
Ескерту. 40-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.
7. Тәртiптiк жазаның күшiнде болу мерзiмi
және оны алудың тәртiбi
41. Тәртiптiк жаза берiлген күннен бастап бiр жыл бойы күшiнде болады. Егер жаза берiлген күннен бастап бiр жыл бойына судьяға жаңа тәртiптiк жаза берiлмесе, онда ол тәртiптiк жазаға тартылмаған болып саналады.
Судьяға бiрнеше жаза берiлген жағдайда, ол уақыты бойынша соңғы жаза берiлген күннен бастап бiр жыл мерзiм өткенге дейiн жазаға тартылған болып есептеледi.
42. Тәртiптiк жаза берiлген күннен бастап алты ай өткеннен кейiн оны осы жазаны берген тәртiптiк-бiлiктiлiк алқа, судьяның тәртiбi мiнсiз болып, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал атқарған жағдайда, судьяның немесе судьялар қауымдастығы органының өтiнiшi бойынша мерзiмiнен бұрын алуы мүмкін.
8. Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалардың қызметiн қамтамасыз ету
43. Облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалардың қызметiн ұйымдық, қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы соттардың кеңселері жүзеге асырады.
Республикалық тәртіптік-біліктілік алқасының қызметін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган қамтамасыз етеді.
Ескерту. 43-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2001 жылғы 26 маусымдағы
N 643 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы судьяларының бiлiктiлiк
сыныптары туралы
ЕРЕЖЕ
Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1177 Жарлығымен.