"Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 29-бабының 3-тармағына, 38-бабына, 43-бабының 3-тармағына және 48-бабының 2-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуi туралы ереже;
1-1) Сот жюриi туралы ереже;
2) Судьялардың республикалық және облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалары туралы ереже;
3) Қазақстан Республикасы судьяларының бiлiктiлiк сыныптары туралы ереже бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.02.27.
N 292
Жарлығымен.
2. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасы соттарының судьяларын аттестациялау туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінiң 1996 жылғы 24 мамырдағы
N 3004
Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 22, 189-құжат);
2) "Қазақстан Республикасының соттары судьяларының бiлiктiлiк сыныптары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 15 қазандағы
N 3677
Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997 ж., N 45, 412-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тәртіптік алқасы, облыстық және оларға теңестірілген тәртіптік алқалар туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 12 қарашадағы
N 3746
Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 49, 453-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2001 жылғы 26 маусымдағы
N 643 Жарлығымен
бекітілген
Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуiнiң шарттары мен тәртiбiн айқындайды.
2. Судьялыққа кандидаттың (бұдан әрi - машықтанушы-кандидат) тағылымдамадан өтуiнiң негiзгi мiндетi аудандық және оған теңестiрiлген сотта (бұдан әрi - аудандық сот) жұмыстың ерекшелiгiн зерделеу, судья лауазымындағы жұмысы үшiн қажеттi практикалық және ұйымдастырушылық дағдыларды игеру болып табылады.
2-1. Жүктелген міндеттерді орындамауына, соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты не тәртіптік қылықтар жасағаны үшін судья лауазымынан босатылған тұлғаларды қоспағанда, мамандандырылған магистратурада оқуды бітірген тұлғалардың, сондай-ақ бұрын кемінде үш жыл тұрақты судья болып жұмыс істеген және жұмыстан босатылған күннен бастап алты жылдың ішінде қайтадан судья лауазымына орналасуға ниет білдірген тұлғалардың тағылымдамадан өтуі талап етілмейді.
Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2009.02.13.
N 738
Жарлығымен.
3. Тағылымдама аудандық сотта ұйымдастырылады.
4. Тағылымдаманың мерзiмiн машықтанушы-кандидаттың жұмыс стажы мен тәжірибесiне, заң мамандығы бойынша атқарып отырған қызметiне және судья қызметiне орналасу үшiн оның кәсiби даярлығының деңгейiн айқындайтын негiздердегi басқа да мәлiметтерге сәйкес үш айдан алты айға дейiнгi аралықта аудандық соттың төрағасы белгiлейдi.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.02.27.
N 292
Жарлығымен.
5. Жалпы отырыс ерекше жағдайларда, бұрын судья лауазымында бiр жылдан астам жұмыс тәжiрибесi бар немесе соттардың қызметiмен тiкелей байланысты мемлекеттiк органдарда үш жылдан астам тәжiрибесi бар, сондай-ақ құқық саласында ғылыми дәрежелерi мен атақтары бар аудандық соттың судьясы қызметiне кандидаттарға көрсетiлген мерзiм аяқталғанға дейiн оң қорытынды беруге хақылы.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.02.27.
N 292
Жарлығымен.
2. Машықтанушы-кандидатқа қойылатын талаптар
6. Тағылымдамадан өтуге:
1) жиырма бес жасқа толған;
2) жоғары заң бiлiмi бар, еңбек жолы мiнсiз және заң мамандығы бойынша:
аудандық сот судьясының лауазымына кандидат үшiн - кемiнде екi жыл;
облыстық сот судьясының лауазымына кандидат үшiн - кемiнде он жыл, оның iшiнде, әдетте, кем дегенде бес жыл судья болған;
Жоғарғы Сот судьясының лауазымына кандидат үшiн - кемiнде он бес жыл, оның iшiнде, әдетте, кем дегенде он жыл судья болған жұмыс стажы бар;
3) бiлiктiлiк емтиханын тапсырған Қазақстан Республикасының азаматтары жiберiледi.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.02.27.
N 292
Жарлығымен.
3. Тағылымдамадан өтудiң шарттары мен тәртiбi
7. Осы Ереженiң 6-тармағының талаптарына жауап беретiн және судья қызметiне орналасуға конкурсқа қатысу үшiн тағылымдамадан өтуге тiлек бiлдiрген адам аудандық және оған теңестiрiлген соттың төрағасына тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтiнiш бередi.
Тағылымдамадан өту судьялық лауазымға кандидат тұратын жерi бойынша тiркелген облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аудандық соттарында жүзеге асырылады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.02.27.
N 292
Жарлығымен.
8. Өтiнiшке мынадай құжаттар: кадр есебi жөнiндегi жеке iс парағы, өмiрбаян, диплом мен оның қосымшасының көшiрмесi, бiлiктiлiк емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың көшiрмесi, соңғы жұмыс орнынан алынған қызметтiк мiнездеме қоса тапсырылуға тиiс.
Өтiнiшке сонымен қатар оның кәсiби бiлiмiнiң деңгейiн сипаттайтын басқа да құжаттар (ғылыми дәрежелер мен атақтардың берiлгенi, арнаулы курстарды бiтiргенi және т.б. туралы тиiстi құжаттардың көшiрмелерi) қоса тапсырылуы мүмкiн.
9. Тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтiнiштi қараудың нәтижелерi бойынша тиiстi аудандық соттың төрағасы:
1) мерзiмiн көрсете отырып, тұлғаға тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы;
2) тағылымдамадан өтуге рұқсат беруден бас тарту туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.
10. Тұлғаға тағылымдамадан өтуге рұқсат беруден бас тарту дәлелдi болуға тиiс.
Өтiнiш иесiне сол уақытта машықтанушы-кандидаттар санының көбейiп кету себебiне байланысты тағылымдамадан өтуiне бас тартуға болмайды.
11. Тағылымдамадан өту машықтанушы-кандидаттың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы бекiткен судьялыққа кандидаттың тағылымдамасының типтiк бағдарламаларына енгiзiлген арнайы іс-шараларды орындауын, сондай-ақ iс жүргiзудi ұйымдастыруға, статистикалық есептердi, анықтамаларды, талдауларды жасауға және сот практикасын қорытуға байланысты мәселелердi шешудi қамтиды.
12. Тағылымдама аудандық соттың төрағасы бекiткен жеке жоспар бойынша ұйымдастырылады. Жоспарға кейiннен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, ол жөнiнде машықтанушы-кандидатты дереу хабардар етедi.
13. Машықтанушы-кандидат аудандық сотқа келгеннен кейiн, соттың төрағасы судьялардың арасынан тағылымдаманың жетекшiсiн тағайындайды, сондай-ақ тағылымдамашы-кандидат туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Тағылымдаманың жетекшiсi машықтанушы-кандидат үшiн қажеттi жұмыс көлемiн белгiлейдi және оның орындалуын бақылайды.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.02.27.
N 292
Жарлығымен.
14. Тағылымдаманың қорытындысы бойынша машықтанушы-кандидат жан-жақты есеп дайындайды, оны аудандық соттың төрағасы жалпы отырыстың қарауына енгiзедi. Есепке машықтанушы-кандидат дайындаған барлық іс жүргізу құжаттары мен өзге де құжаттар қоса тіркеледі.
15. Тағылымдаманың қорытындыларын қарау үш айдан кешiктiрiлмей, жалпы отырыста машықтанушы-кандидаттың есебi тыңдала отырып жүргiзiледi. Машықтанушы-кандидаттың есебi жөнiнде жалпы отырыстың пікірі көпшілік дауыспен қабылданатын қорытынды түрiнде ресiмделеді және оған төрағалық етуші қол қояды.
16. Облыстық соттың жалпы отырысы судья қызметiне кандидаттардың тағылымдамасының нәтижелерiн қарайды және Әдiлет бiлiктiлiк алқасына тиiстi қорытынды ұсынады. Облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысы үш жыл бойы жарамды болады, ол мерзiм өткеннен кейiн судья лауазымына тағайындалмаған кандидатқа қысқартылған бағдарлама бойынша бiр ай iшiнде тағылымдамадан қайтадан өту қажет.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.02.27.
N 292
Жарлығымен.
см. Z080079
17. Тағылымдамадан өту машықтанушы-кандидаттың негiзгi жұмыс орнын қалдыруына әкеп соқпайды.
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2001 жылғы 26 маусымдағы
N 643 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Ескерту. Жарлық Сот жюриі туралы ережемен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.02.27. N 292 Жарлығымен.
1. Сот жюриi туралы осы ереже (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Конституциясына , "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес әзiрлендi және Сот жюриiнiң өкiлеттiктерiн, құрылу тәртiбiн, жұмысын ұйымдастыруды және қызметiн айқындайды.
2. Әркiмнiң сот арқылы қорғалуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету мақсатында, жұмыс iстеп жүрген судьяның кәсiби жарамдылығын анықтау үшiн алқалы орган ретiнде Сот жюриi құрылады.
3. Сот жюриiнiң мүшелерi өз қызметiнде тәуелсiз және тек Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және осы Ережеге бағынады.
4. Сот жюриiнiң қызметiне араласуға және оның мүшелерiне ықпал етуге жол берiлмейдi. Сот жюриiнiң мүшесi өзiндегi iс материалдары, қабылданған шешiмдер бойынша қандай да бiр ақпарат беруге хақылы емес.
5. Сот жюриiнiң құрамын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы бойынша жұмыс iстеп жүрген судьялардың, сондай-ақ орнынан түскен судьялардың қатарынан балама негiзде жасырын дауыс беру арқылы үш жыл мерзiмге Жоғарғы Соттың жалпы отырысы сайлайды.
Сот жюриiнiң құрамына төраға және Сот жюриiнiң алты мүшесi енедi.
6. Жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньге барлық ұсынылған кандидаттар енгiзiледi. Басқа кандидаттарға қарағанда көп дауыс алған кандидат сайланды деп есептеледi.
7. Жиналған дауыстар саны бойынша сайланған адамнан кейiн тұрған кандидат Сот жюриiнiң қосалқы мүшесi болып есептеледi және кворумның болмауына әкеп соғатын Сот жюриiнiң мүшелерiне қарсылық бiлдiрiлген немесе олар өздiгiнен бас тартқан жағдайда Сот жюриi мүшесiнiң мiндетiн атқарады.
Сот жюриi мүшелерiнiң бiрi шығып қалған жағдайда осы Ережемен белгiленген тәртiппен қалған мерзiмге қосымша сайлау өткiзiледi.
8. Сот жюриi құрамы өз мүшелерiнiң қатарынан көпшiлiк дауыспен Сот жюриiнiң төрағасын сайлайды.
9. Сот жюриi төрағасы уақытша болмаған жағдайда оның тапсыруы бойынша төрағаның мiндеттерiн жюри мүшелерiнiң бiрi атқарады.
10. Сот жюриiнiң құрамына ұсынылған судьялар және орнынан түскен судьялар кәсiби деңгейi жоғары, жеке еңбек жолы мiнсiз, принциптi, судьялар қауымы арасында беделдi болуға тиiс.
11. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы және алқаларының төрағалары, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары және алқаларының төрағалары, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесiнiң және судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаларының мүшелерi Сот жюриi құрамына сайлана алмайды.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.02.13.
N 738
Жарлығымен.
12. Сот жюриiнiң отырыстары қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi және оның құрамының кемiнде бес мүшесi қатысқан жағдайда құқылы болады.
Сот жюриi жұмыс iстеген уақытта оның мүшелерi қолданыстағы заңнамаға сәйкес, отырыс өткiзiлетiн жерге iссапарға жiберiледi және басқа мiндеттердi атқарудан босатылады.
13. Сот жюриi өзiнiң қызметi туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысын жыл сайын хабардар етiп отырады.
14. Сот жюриiнiң төрағасын немесе мүшесiн мiндеттерiн атқарудан босату үшiн мыналар негiз болып табылады:
1) Сот жюриiнiң құрамына кiретiн судьяның қызметiнен босатылуы, судьяның өкiлеттiктерiнiң тоқтатылуы немесе орнынан түсуiнiң тоқтатылуы;
2) Сот жюриi мүшесiнiң судья этикасына қайшы келетiн терiс қылық жасауы;
3) "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының
33
және
34-баптарымен
көзделген басқа да негiздердiң туындауы.
Сот жюриi мүшесiн босату Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешiмiмен жүргiзiледi.
3. Судьяның кәсіби жарамдылығын анықтау туралы материалдарды ұсыну, отырыстарды өткiзу және Сот жюриiнiң шешiмiн шығару тәртiбi
Ескерту. 3-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.02.13. N 738 Жарлығымен.
15. Судьяның кәсiби жарамдылығын анықтау туралы материалдарды Сот жюриiнде қарау үшiн, сот төрелiгiн жүзеге асыру бойынша көрсеткiштерi төмен немесе сот iстерiн қарау кезiнде заңдылықты бұзғаны үшiн екi және одан да көп тәртiптiк жазалары бар судьяға қатысты материалдарды Сот жюриiне беру туралы облыстық немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешiмi негiз болып табылады.
16. Қосымша тексеру жүргiзу қажет болғанда, Сот жюриi түскен материалдарды қарау басталғанға дейiн құжаттар мен материалдарды, соның iшiнде қарау кезiнде заңның бұзылуына жол берiлген сот iстерiн сұратып алуға құқылы.
17. Нақты материалдар бойынша баяндамашыны және материалдарды қарау күнiн Сот жюриiнiң төрағасы анықтайды.
18. Сот жюриiнiң хатшылығы қажеттi құжаттардың жиналуын қамтамасыз етедi және Сот жюриi отырысының өткiзiлетiн күнi, уақыты және орны туралы Сот жюриiнiң мүшелерiне хабарлайды.
19. Сот жюриiнiң отырысы төрағалық етушiнiң жюри құрамын және отырысқа шақырылған адамдарды, сондай-ақ материалдарды қарауға негiз болған себептердi жария етуiнен басталады.
20. Сот жюриi отырысында материалдарды қарау кәсiби бiлiктiлiгi күмән туғызатын судьяның міндетті түрде қатысуымен өткізіледі.
Кәсiби бiлiктiлiгi күмән туғызатын судья дәлелдi себеппен келмеген жағдайда (науқастануы немесе Сот жюриiнiң отырысына қатысуына объективтi кедергi келтiрген өзге де мән-жайлар) Сот жюриiнiң отырысы кейiнге қалдырылады. Судья Сот жюриiнiң отырысына келуден бас тартқан кезде материалдарды қарау оның қатысуынсыз өткiзiледi.
21. Өзiне қатысты материалдар Сот жюриiнiң қарауына берiлген судья материалдарды қарау басталғанға дейiн жюри мүшелерiне дәлелдi қарсылық мәлiмдеуге құқылы.
Егер Сот жюриiнiң мүшесi кәсiби бiлiктiлiгi күмән туғызатын судьямен туыстық қатынаста болса не оның әдiлдiгi және алаламаушылығына күмән келтiретiн өзге де мән-жайлар болса, оның Сот жюриiнiң отырысына қатысуға құқы жоқ.
Сот жюриiнiң кез келген мүшесi материалдарды қараудан дәлелдi түрде өздiгiнен бас тарту туралы мәлiмдей алады.
22. Қарсылық бiлдiру немесе өздiгiнен бас тарту туралы мәселенi Сот жюриiнiң мүшелерi өзiне қатысты қарсылық бiлдiру (өздiгiнен бас тарту) мәлiмделген адамның қатысуынсыз көпшiлiк дауыспен шешедi.
Мәлiмделген қарсылық бiлдiру (өздiгiнен бас тарту) бойынша дауыс берудiң нәтижелерi отырыс хаттамасында көрсетiледi.
23. Кворумның болмауына әкеп соғатын қарсылық бiлдiру (өздiгiнен бас тарту) қанағаттандырылған жағдайда Сот жюриiнiң отырысы кейiнге қалдырылады. Мұндай жағдайда нақты материалды қарау уақытында Сот жюриiнiң құрамын Сот жюриiнiң қосалқы мүшесi толықтырады.
24. Кәсiби бiлiктiлiгi күмән туғызатын судьяның iс жүргiзудiң мәнiсi бойынша түсiнiктемелер беруге, қажеттi материалдарды ұсынуға құқығы бар.
25. Қажеттi жағдайларда Сот жюриiнiң отырысына түсiнiктемелер беру үшiн кәсiби жарамдылығы бағалануға жататын судья жұмыс iстейтiн соттың төрағасы не сот алқасының төрағасы, сондай-ақ басқа адамдар шақырылуы мүмкін.
26. Кәсiби бiлiктiлiгi күмән туғызатын судьяға қатысты материалдарды қараудың нәтижелерi бойынша Сот жюриi мынадай шешiмдердiң бiрiн шығарады:
1) судьяның атқаратын қызметiне сәйкес келетiндiгi туралы;
2) судьяның кәсiби бiлiктiлiгiн арттыру жөнiнде қажеттi шараларды қабылдау туралы (судьяны оқуға жiберу, судьяға тәлiмгерлiк белгiлеу, жоғары тұрған сотта тағылымдама ұйымдастыру және т.б.);
3) судьяның кәсiби жарамсыздығына байланысты атқаратын қызметiне сәйкес келмейтiндiгi туралы.
27. Сот жюриiнiң шешiмi кеңесу бөлмесiнде, оған қандай да бiр ықпал ету мүмкiндiгi болмайтындай жағдайда қабылданады. Шешiм қабылдау кезiнде кеңесу бөлмесiнде Сот жюриiнiң мүшелерi ғана бола алады. Сот жюриi мүшесi дауыс беруден қалыс қалуға құқылы емес. Сот жюриi мүшесiнiң ұсынысы бойынша дауыс беру жасырын түрде өткiзiлуi мүмкiн. Сот жюриi мүшелерiнiң талқыланатын мәселелер бойынша пiкiрi жариялауға жатпайды.
28. Дауыстар тең түскен жағдайда Сот жюриi отырысында төрағалық етушiнiң даусы шешушi дауыс болып табылады. Шешiм жазбаша нысанда қабылданады және оған отырысқа қатысқан барлық жюри мүшелерi қол қояды. Сот жюриi мүшесiнiң ерекше пiкiрi жазбаша түрде бiлдiрiлуi мүмкiн және шешiмге қоса тiркеледi.
29. Сот жюриiнiң шешiмi қорытынды нысанында шығарылады және шағымдануға жатпайды.
Шешiмнiң көшiрмесi шығарылған күнiнен бастап үш тәулiк iшiнде өзiне қатысты материалдар қаралған судьяға, сондай-ақ материалды берген сотқа жiберiледi.
Судьяның кәсiби жарамсыздығына байланысты атқаратын қызметiне сәйкес келмейтiндiгi туралы шешiм кейiннен Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесіне ұсыну үшiн Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына жiберiледi.
Ескерту. 29-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.02.13.
N 738
Жарлығымен.
30. Сот жюриiнiң қорытындысы:
1) Сот жюриiнiң құрамы;
2) материалды қарау орны және уақыты;
3) өзiне қатысты материал қаралған судья;
4) Сот жюриiне материалды жiберген сот;
5) Сот жюриiне материалды жiберуге негiз болған мән-жайлар;
6) өзiне қатысты материал қаралған судьяның түсiндiрмелерi;
7) Сот жюриiнiң отырысына шақырылған басқа адамдардың түсiндiрмелерi;
8) қабылданған шешiмнiң негiздемесi көрсетiлген Сот жюриiнiң тұжырымдары туралы мәлiметтерден тұруға тиiс.
31. Жұмыс iстеп жүрген судьяның кәсiби жарамдылығын анықтау туралы материалдар олар Сот жюриiне түскен күннен бастап екi ай мерзiмде қаралуға тиiс. Қажет жағдайда бұл мерзiмдi Сот жюриiнiң төрағасы әрi кеткенде бiр айға ұзартуы мүмкiн.
3-1. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясына судьяларды жіберу тәртібі
31-1. Сот жюриі өз құрамынан үш судьяны екі жыл мерзімге Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясына ротациялық негізде жібереді.
Сот жюриінің төрағасы жіберу үшін кандидаттарды ұсынады.
31-2. Сот жюриінің жіберу туралы шешімі Сот жюриінің отырысында дауыс беру арқылы қабылданады, егер оған Сот жюриінің дауыс беруге қатысқан мүшелерінің қарапайым көпшілігі дауыс берсе қабылданды деп есептеледі, сондай-ақ оған Сот жюриінің төрағасы қол қояды.
Шешімнің көшірмесі үш тәулік ішінде Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесіне жіберіледі.
31-3. Сот жюриінің жіберу туралы шешімі қорытынды нысанында ресімделеді және ол:
1) Сот жюриінің құрамы;
2) судьяларды жіберу туралы мәселені қараған орны мен уақыты;
3) жіберілетін судьялардың аты-жөні, тегі, лауазымдары туралы деректерді қамтуы тиіс.
Ескерту. 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР Президентінің 2009.02.13.
N 738
Жарлығымен.
4. Сот жюриiнiң жұмысын ұйымдастыру
32. Сот жюриiнiң қызметiн ұйымдастырудың, оның отырыстарын өткiзудiң шарты мен тәртiбiнiң, сондай-ақ оның мүшелерiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асырудың өзге де мәселелерi бойынша Сот жюриiнiң регламентiн Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы бекiтедi.
33. Сот жюриiнiң қызметiн қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты жүзеге асырады.
34. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң құрамынан қалыптастырылатын Сот жюриiнiң хатшылығы Сот жюриiнiң жұмысшы органы болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2001 жылғы 26 маусымдағы
N 643 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.02.27. N 292 Жарлығымен.
Судьялардың республикалық және облыстық
тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалары туралы
ЕРЕЖЕ
1. "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес (бұдан әрi - Конституциялық заң) Судьялардың республикалық және облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалары туралы осы Ереже (бұдан әрi - Ереже) судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаларын құру, жұмысын және қызметiн ұйымдастыру, сондай-ақ олардың тәртiптiк iс жүргiзудi қозғау, тәртiптiк iстер және бiлiктiлiк iс жүргiзу материалдарын қарау тәртiбiн, судьяның орнынан түсу құқығын бекiту, оны тоқтату мәселелерiн белгiлейдi.
2. Судьялардың республикалық және облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалары (бұдан әрi - тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалар) Қазақстан Республикасының судьяларына қатысты тәртiптiк iстер және бiлiктiлiк iс жүргiзу материалдарын, судьяның орнынан түсу құқығын бекiту және оны тоқтату мәселелерiн қарау жөнiндегi органдар болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасымен берiлген шектерде судьяларға тәртiптiк iс жүргiзудi қозғау, тәртiптiк жазалар беру құқығын иеленедi.
3. Өз мiндеттерiн орындау кезiнде тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалар тәуелсiз және тек Қазақстан Республикасының
Конституциясына
, Конституциялық заңға бағынады, сондай-ақ өз қызметiнде осы Ереженi басшылыққа алады.
Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалардың жұмысына араласуға және оның мүшелерiне қандай да бiр ықпал етуге ешкiмнiң құқығы жоқ. Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның мүшесi қабылданған шешiмдердiң мәнi туралы қандай да бiр түсiнiк беруге мiндеттi емес.
3-1. Тәртіптік-біліктілік алқаларының қызметі судьялардың тәуелсіздігі және сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі соттың қызметіне араласпау, Конституциялық заңмен және осы Ережемен құзыретіне жатқызылған мәселелерді алқалы, жариялы, бейтарап және әділ қарау принциптеріне негізделеді.
Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2009.02.13.
N 738
Жарлығымен.
2. Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаларды құрудың тәртiбi және олардың өкiлеттiктерi
4. Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқа Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысында жасырын дауыспен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларының iшiнен кемiнде 7 мүшеден екi жыл мерзiмге сайланады.
Облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалар, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың жалпы отырыстарында жасырын дауыспен, облыстық және оларға теңестiрiлген соттар судьяларының iшiнен 3-тен 7 мүшеге дейiн екi жыл мерзiмге сайланады.
5. Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалардың құрамына сайлануға кемiнде бес жыл судьялық стажы бар, мінсіз беделі бар судьялар ұсынылады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.02.13.
N 738
Жарлығымен.
6. Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның төрағасы және хатшысы осы алқаның отырысында оның мүшелерiнiң iшiнен, жай көпшiлiк дауыспен сайланады.
7. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы және алқа төрағалары, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары және алқа төрағалары, Судья этикасы жөнiндегi комиссияның және Сот жюриiнiң мүшелерi, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесiнiң мүшелерi тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалардың құрамына сайлана алмайды.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.02.13.
N 738
Жарлығымен.
8. Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның мүшелерiн мiндетiнен босату тиiстi соттың жалпы отырысында жүзеге асырылады. Осы алқа өкiлеттiгiнiң қалған мерзiмiне алқаның жаңа мүшесiн сайлау жалпы отырыстың регламентiнде белгiленген тәртiппен өткiзiледi.
9. Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның төрағасын және мүшелерiн мiндеттерiн атқарудан босату үшiн мыналар негiз болып табылады:
1) алқа мүшесiнiң сайлану мерзiмiнiң аяқталуы;
2) судьяның тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылуына әкеп соққан сот iстерiн қарау кезiнде заңдылықтың бұзылуы;
3) судья этикасына қайшы келетiн терiс қылықтың жасалуы;
4) Конституциялық заңның
33-35-
баптарында көзделген негiздер.
10. Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқа:
1) Республиканың кез келген судьясына қатысты тәртiптiк iс жүргiзудi қозғау туралы мәселенi;
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алқа төрағаларына және судьяларына, облыстық соттардың төрағаларына және алқа төрағаларына қатысты тәртiптiк iстердi, сондай-ақ алқаның өзі қабылдаған тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы шешім бойынша тәртіптік істерді;
3) облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалардың шешiмдерiне судьялардың шағымдарын;
4) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьяларының, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары және алқа төрағаларының орнынан түсу құқығын бекiту және оны тоқтату туралы мәселенi;
5) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларына, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары және алқа төрағаларына жоғары бiлiктiлiк сыныбынан басқа бiлiктiлiк сыныптарын беру туралы мәселенi қарайды.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.02.13.
N 738
Жарлығымен.
11. Облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалар облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың судьяларына, аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағаларына және судьяларына қатысты:
1) тәртiптiк iс жүргiзудi қозғау туралы мәселенi;
2) тәртiптiк iстердi;
3) судьяның орнынан түсу құқығын бекiту туралы мәселенi;
4) орнынан түсудi тоқтату туралы мәселенi;
5) жоғары бiлiктiлiк сыныбынан басқа бiлiктiлiк сыныптарын беру туралы мәселенi қарайды.
12. Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқа мүшесiне қатысты тәртiптiк iс жүргiзудi қозғау туралы мәселенi тиiстi жалпы отырыстың шешiмi бойынша Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқа қарайды.
Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның мүшесiне қатысты тәртiптiк iстi Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқа қарайды.
13. Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалардың жұмысы туралы ақпарат жылына кемiнде бiр рет соттардың жалпы отырыстарында тыңдалады.
3. Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның жұмысын ұйымдастыру
14. Өзiне қатысты мәселе қаралатын судья iстi қарау басталғанға дейiн тәртiптiк алқаның мүшелерiне дәлелдi қарсылық бiлдiруге құқылы.
Қарсылық бiлдiру туралы мәселе қарсылық бiлдiрушiнiң қатысуынсыз, тәртiптiк алқаның қарауға қатысқан барлық мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен шешiледi.
15. Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның шешiмi, оған қандай да бiр ықпал ету мүмкiндiгi болмайтындай жағдайда, кеңесу бөлмесiнде жай көпшiлiк дауыспен қабылданады. Шешiм қабылдау уақытында кеңесу бөлмесiнде тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның мүшелерi ғана бола алады. Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқа мүшесi дауыс беруден қалыс қалуға хақылы емес. Дауыстар тең түскен жағдайда өзiне қатысты мәселе қаралып отырған судьяның жағдайын жақсартатын шешiм қабылданды деп есептеледi.
Кеңесу бөлмесiнiң құпиясы барлық жағдайларда қамтамасыз етiлуге тиiс.
16. Шешiм жазбаша нысанда әзiрленедi және оған iстi немесе материалды қарауға қатысқан тәртiптiк-бiлiктiлiк алқа мүшелерiнiң барлығы қол қояды. Азшылықта қалған тәртiптiк-бiлiктiлiк алқа мүшесi кеңесу бөлмесiнде өзiнiң ерекше пiкiрiн жазбаша бiлдiруге құқылы. Ерекше пiкiр төрағалық етушiге тапсырылады және мөрленген конвертпен iс материалдарына тiркеледi. Облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның шешiмiне шағым жасалған жағдайда, Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның мүшелерi ерекше пiкiрмен таныстырылады.
Ерекше пiкiр бар екендiгi жөнiнде судья және басқа адамдар хабардар етiлмейдi.
17. Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқа тәртiптiк iс жүргiзудi қозғау туралы, судьяның орнынан түсуiн тоқтату туралы мәселе қойған органнан немесе лауазымды адамнан қажеттi құжаттар мен материалдарды танысу үшiн талап етуге, сол сияқты және оларды қарау кезiнде судья заң бұзушылыққа жол берген сот iстерiмен танысуға хақылы.
Даулы мәселелердi түсiндiру қажет болған жағдайда тәртiптiк-бiлiктiлiк алқа Конституциялық заңның
25-бабының
ережелерiн қатаң сақтай отырып, тиiстi адамдардан түсiнiк алуға құқылы.
18. Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның отырысында хаттама жүргiзiледi. Хаттамаға отырысқа төрағалық етушi және алқа хатшысы қол қояды.
19. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының, соттар әкiмшiсiнiң мемлекеттiк қызметшiлерiнiң құрамынан құрылған хатшылық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның жұмысшы органы болып табылады.
20. Осы Ережеде көрсетiлмеген тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалардың жұмысын ұйымдастыру мәселелерi және тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаларда iс жүргiзу Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқа бекiтетiн регламенттiң негiзiнде жүзеге асырылады.
4. Тәртiптiк iс жүргiзудi қозғаудың негiздерi және тәртiбi
21. Судьялар Конституциялық заңның 39-бабында көзделген негiздерде ғана тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн.
22. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясына, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағаларына және алқа төрағаларына қатысты тәртiптiк iс жүргiзудi қозғау туралы Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаға ұсыным жасай алады.
23. Конституциялық заңның 41-бабына сәйкес, Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқа судьяның сыбайлас жемқорлықпен ұштасқан немесе сыбайлас жемқорлыққа жол берген, сондай-ақ қоғамдық пiкiр тудырған тәртiптiк терiс қылық фактiсi бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынымы негiзiнде Республиканың кез келген судьясына қатысты тәртiптiк iс жүргiзудi қозғау туралы мәселенi қарай алады.
24. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы және жергiлiктi соттардың төрағалары, Қазақстан Республикасы Судьялар одағы облыстық филиалдарының Судья этикасы жөнiндегi комиссиялары, орталық мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары облыстық және оған теңестiрiлген соттың судьясына, аудандық және оған теңестiрiлген соттың төрағасына және судьясына қатысты тәртiптiк iс жүргiзудi қозғау мәселесi туралы тиiстi облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаға ұсыным жасауға құқылы.
Ескерту. 24-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Президентінің 2009.02.13.
N 738
Жарлығымен.
25. Тәртiптiк iс жүргiзудi қозғау туралы мәселенi қарауға бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдары да себеп бола алады.
26. Судьяның тәртiптiк терiс қылығын дәлелдеу мiндетi өтiнiштi берген адамға немесе органға жүктеледi. Бұл ретте, судьяға қатысты тәртiптiк iс жүргiзудi қозғау туралы мәселенi шешу, тәртiптiк iстi қарау кезiнде аталған адамның (органның) немесе оның өкiлiнiң қатысуы мiндеттi.
27. Тәртiптiк iс жүргiзудi қозғауға негiздiң бар екендiгi туралы мәселе Конституциялық заңның 42-бабында белгiленген мерзiмдерде шешiледi.
28. Тәртiптiк iс жүргiзудi қозғау туралы немесе тәртiптiк iс жүргiзудi қозғауға негiздiң жоқтығы туралы шешiм қаулы нысанында шығарылады, оған тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның барлық мүшелерi қол қояды.
29. (29-тармақ алып тасталды - ҚР Президентінің 2009.02.13. N 738 Жарлығымен).
30. Тәртiптiк iстi қарау мерзiмi Конституциялық заңның 42-бабының екiншi бөлiгiмен реттеледi.
5. Судьяның орнынан түсу құқығын бекiту және тоқтату туралы мәселенi қараудың тәртiбi
31. Судьяның орнынан түсу құқығын бекiту туралы мәселенi қарау оның арызының негiзiнде жүзеге асырылады. Арызға судьяның еңбек жолының мiнсiз екенiн куәландыратын құжаттар тiркелуi тиiс.
Ескерту. 31-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.02.13.
N 738
Жарлығымен.
32. Орнынан түсу құқығын бекiту туралы арыз тиiстi қорытынды шығарыла отырып, екi апталық мерзiм iшiнде қаралуға тиiс.
33. Орнынан түсу құқығын iске асыруға жағдайлардың жоқтығы туралы тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның қорытындысы судьяны қызметiнен орнынан түсу нысанында босатудан бас тартуға негiз болады.
34. Судьяның орнынан түсуi Конституциялық заңның 35-бабының 3-тармағында көзделген негiздер бойынша тоқтатылады. Орнынан түсудi тоқтату туралы ұсынымды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары, жергiлiктi соттардың қызметiн ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын орталық уәкiлеттi мемлекеттiк орган және жергiлiктi соттар әкiмшiлерi, сондай-ақ жеке арызы бойынша судья бере алады.
6. Облыстық тәртіптік-біліктілік алқаларының шешiмдерiне шағымдану
Ескерту. 6-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.02.13. N 738 Жарлығымен.
35. Облыстық тәртіптік-біліктілік алқасының тәртіптік іс бойынша, біліктілік іс жүргізу жөніндегі шешіміне, судьяның орнынан түсу құқығын растау мәселесі бойынша қорытындысына немесе оны тоқтатуға өзіне қатысты шешім немесе қорытынды шығарылған судья шешімнің көшірмесін алған күннен бастап он күн мерзімде облыстық тәртіптік-біліктілік алқасы арқылы Республикалық тәртіптік-біліктілік алқасына шағымдана алады, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2009.02.13.
N 738
Жарлығымен.
36. (36-тармақ алып тасталды - ҚР Президентінің 2009.02.13. N 738 Жарлығымен).
37. Облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның шешiмiне шағымдану мерзiмiн дәлелдi себеппен өткiзiп алған жағдайда, Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқа оны өзіне қатысты шешiм шығарылған не бiлiктiлiк iс жүргiзу материалдары қаралған судьяның өтiнiшi бойынша қалпына келтiредi.
38. Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқа шағым бойынша тәртiптiк iс немесе материалды қараудың нәтижесiнде келесi шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) шешiмдi өзгерiссiз қалдырады;
2) шешiмдi өзгертедi;
3) шешiмнiң күшiн жойып, жаңа шешiм қабылдайды;
4) шешiмнiң күшiн жойып, тәртiптiк iстi сол тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаға жаңадан қарауға жiбередi;
5) облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның шешiмiнiң күшiн жойып, тәртiптiк iстi тоқтатады.
39. Осы Ереженiң 37-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда, iстi жаңадан қараудың мерзiмi бiр айдан аспауы тиiс.
40. Тәртiптiк iс:
1) тәртiптiк iс жүргiзудi қозғау мерзiмдерi өтiп кеткен;
2) тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту мерзiмi өтiп кеткен;
3) тәртiптiк iс негiзсiз қозғалған;
4) судьяның әрекетiнде тәртiптiк терiс қылық болмаған;
5) судья iс қаралған сәтте басқа қызметке ауысып кеткен немесе оның өкiлеттiгi Конституциялық заңның
34-бабы
1-тармағының 1)-6), 9)-10) тармақшаларында көрсетiлген негiздерде тоқтатылған жағдайларда қысқартылады.
7. Тәртiптiк жазаның күшiнде болу мерзiмi
және оны алудың тәртiбi
41. Тәртiптiк жаза берiлген күннен бастап бiр жыл бойы күшiнде болады. Егер жаза берiлген күннен бастап бiр жыл бойына судьяға жаңа тәртiптiк жаза берiлмесе, онда ол тәртiптiк жазаға тартылмаған болып саналады.
Судьяға бiрнеше жаза берiлген жағдайда, ол уақыты бойынша соңғы жаза берiлген күннен бастап бiр жыл мерзiм өткенге дейiн жазаға тартылған болып есептеледi.
42. Тәртiптiк жаза берiлген күннен бастап алты ай өткеннен кейiн оны осы жазаны берген тәртiптiк-бiлiктiлiк алқа, судьяның тәртiбi мiнсiз болып, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал атқарған жағдайда, судьяның немесе судьялар қауымдастығы органының өтiнiшi бойынша мерзiмiнен бұрын алуы мүмкін.
8. Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалардың қызметiн қамтамасыз ету
43. Облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалардың қызметiн ұйымдық, қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жергiлiктi соттар әкiмшiлерi жүзеге асырады.
Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның қызметiн Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2001 жылғы 26 маусымдағы
N 643 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы судьяларының бiлiктiлiк
сыныптары туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының судьяларына бiлiктiлiк сыныптарын берудiң, олардан айырудың және төмендетудiң тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
1. Бiлiктiлiк сыныптарын берудiң тәртiбi мен шарттары
1. Қазақстан Республикасының судьяларына атқарып отырған қызметiне, кәсiби даярлық деңгейiне, еңбек сiңiрген жылдарына және өзге де жағдайларға байланысты: жоғары, бiрiншi-бесiншi бiлiктiлiк сыныптары берiледi.
2. Бiлiктiлiк сыныптарында болу мерзiмдерi:
бесiншiде - 2 жыл
төртiншiде - 3 жыл
үшiншiде - 3 жыл
екiншiде -3 жыл
бiрiншiде - 4 жыл.
3. Бiлiктiлiк сыныптарын берудiң тәртiбi:
1) жоғары бiлiктiлiк сыныбын Қазақстан Республикасының Президентi:
Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына;
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың алқаларының төрағалары мен судьяларына, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың (бұдан әрi - облыстық соттардың) төрағаларына, осы соттардың алқаларының төрағалары мен судьяларына, аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың (бұдан әрi - аудандық соттардың) төрағалары мен судьяларына бередi.
2) бiрiншi, екiншi және үшiншi бiлiктiлiк сыныптарын:
Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың алқаларының төрағалары мен судьяларына, облыстық соттардың төрағаларына;
Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы осы соттардың төрағаларының ұсынуы бойынша облыстық соттардың төрағаларына;
облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы тиiстi облыстық соттардың төрағаларының ұсынуы бойынша облыстық соттардың судьяларына, аудандық соттардың судьялары мен төрағаларына бередi.
3) төртiншi және бесiншi бiлiктiлiк сыныптарын:
Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы облыстық соттардың төрағаларының ұсынуы бойынша осы соттардың алқаларының төрағаларына;
облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы тиiстi облыстық соттардың төрағаларының ұсынуы бойынша облыстық соттардың судьяларына, аудандық соттардың төрағалары мен судьяларына бередi.
4. Бiлiктiлiк сыныптарын беру, әдетте, жағымды мiнездеме болған жағдайда рет-ретiмен берiледi.
Кезектi бiлiктiлiк сыныбын беру судьяның берiлген бiлiктiлiк сыныбында болу мерзiмi бiткен күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
5. Алғаш рет тағайындалған судьяларға бiлiктiлiк сыныптары судья қызметiнде жұмыс iстеген алғашқы алты ай өткеннен кейiн берiледi.
6. Алғаш рет тағайындалған, бұрын жоғары заңгерлiк бiлiмi бар адамдар атқаруға тиiс лауазымдарда жұмыс iстеген судьяларға бiлiктiлiк сыныптары бұрынғы лауазымы, бiлiмi, жұмыс тәжiрибесi, еңбек сiңiрген жылдары, әскери (арнаулы) атағы, ғылыми дәрежесi мен атағы, сондай-ақ назар аударуға тұрарлық мән-жайлар ескерiле отырып берiледi.
7. Судьяға қызметiнiң нәтижелерi үшiн көтермелеу ретiнде осы Ереженiң 3-тармағында белгiленген кезектi бiлiктiлiк сыныптарын беру тәртiбiне сәйкес, мерзiмiнен бұрын немесе кезектен тыс бiлiктiлiк сыныбы берiлуi мүмкiн.
Мерзiмiнен бұрын бiлiктiлiк сыныбы кезектi бiлiктiлiк сыныбында болу үшiн белгiленген мерзiмнiң кемiнде жартысы өткеннен кейiн берiледi.
Кезектен тыс бiлiктiлiк сыныбы келесi бiлiктiлiк сыныбында болу үшiн белгiленген мерзiмнiң кемiнде үштен екiсi өткеннен кейiн және ондағы бар сыныптан бiр сынып жоғары берiледi.
Судья қызметiнде болған уақыт iшiнде мерзiмiнен бұрын және кезектен тыс бiлiктiлiк сыныбын беру бiр реттен аспауы тиiс.
Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы судьяны бұрын берiлген бiлiктiлiк сыныбына қалдыру туралы шешiм қабылдаған жағдайда, бiлiктiлiк сыныбын көтеру туралы мәселенi қайта қарауға осындай шешiм қабылданған күннен бастап бiр жылдан кейiн ғана жол берiледi.
2. Судьяларды бiлiктiлiк сыныптарын беруге ұсынудың
тәртiбi
8. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына жоғары бiлiктiлiк сыныбын беру туралы материалдарды Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы ресiмдейдi.
Жоғарғы Соттың алқаларының төрағалары мен судьяларына, облыстық соттардың төрағаларына, осы соттардың алқаларының төрағалары мен судьяларына, аудандық соттардың төрағалары мен судьяларына жоғары бiлiктiлiк сыныбын беру туралы материалдар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуымен Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасына жiберiледi.
Жоғарғы Соттың алқаларының төрағалары мен судьяларына, облыстық соттардың төрағаларына бiрiншiден үшiншi білiктiлiк сыныптарына дейiн беру туралы материалдар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуымен Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасына жiберiледi.
Облыстық соттардың алқаларының төрағаларына біріншіден үшiншi бiлiктiлiк сыныптарына дейiн беру туралы материалдар осы соттардың төрағаларының ұсынуымен Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасына жiберiледi.
Облыстық соттардың судьяларына, аудандық соттардың төрағалары мен судьяларына бiрiншiден үшiншi бiлiктiлiк сыныптарына дейiн беру туралы материалдар тиiстi облыстық соттардың төрағаларының ұсынуымен облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасына жiберiледi.
Облыстық соттардың алқаларының төрағаларына төртiншi және бесiншi бiлiктiлiк сыныптарын беру туралы материалдар осы соттардың төрағаларының ұсынуымен Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасына жiберiледi.
Облыстық соттардың судьяларына, аудандық соттардың төрағалары мен судьяларына төртiншi және бесiншi бiлiктiлiк сыныптар беру туралы материалдар тиiстi облыстық соттардың төрағаларының ұсынуымен облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасына жiберiледi.
9. Бiлiктiлiк сыныбын беру туралы ұсынуға:
1) судьяның кәсiби қызметiне, iскерлiк және адамгершiлiк қасиеттерiне баға берiлген мiнездеме;
2) алдыңғы үш жылда қараған iстерiнiң саны мен сапасы туралы деректер;
3) судьяға жазылған шағымдар туралы мәлiметтер және олардың негiздiлiгi туралы қорытынды;
4) тәртiптiк жазалар туралы мәлiметтер қоса тiркелуi қажет.
Судья ұсыныммен және басқа да материалдармен таныстырылуға тиiс.
10. Орнынан түскен немесе зейнеткер демалысына шыққан не "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 34-бабының 1-тармағының 1), 2), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша судья қызметiнен босатылған және өкiлеттiктерi тоқтатылған судьялардың бiлiктiлiк сыныптары сақталады.
3. Бiлiктiлiк сыныбын төмендету тәртiбi
11. Судьяға тәртiптiк жаза ретiнде бiлiктiлiк сыныбын төмендету қолданылуы мүмкiн.
Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы тәртiптiк iс бойынша судьяның бiлiктiлiк сыныбын төмендету туралы ұсынуды тиiстi органдарға немесе лауазымды адамға жiберу туралы шешiм шығарады.
Бiлiктiлiк сыныбын ол иеленiп отырған бiлiктiлiк сыныбынан бiр сыныпқа ғана төмендетуге болады.
4. Бiлiктiлiк сыныбынан айыру тәртiбi
12. Судья "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 34-бабының 1-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларында және 2-тармағында көзделген негiздер бойынша атқаратын қызметiн және судья өкiлеттiктерiн тоқтатқан жағдайда бiлiктiлiк сыныбынан айырылуы мүмкiн.
13. Судьяны бiлiктiлiк сыныбынан айыру осы Ереженiң 3-тармағымен белгiленген бiлiктiлiк сыныптарын беру кезiндегiдей тәртiппен жүзеге асырылады.
14. Қазақстан Республикасының судьяларына осы Ереже бекiтiлгенге дейiн берiлген бiлiктiлiк сыныптары сақталады.
5. Қазақстан Республикасының судьяларына куәлiктердi беру
тәртiбi
15. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына, осы соттың алқаларының төрағалары мен судьяларына - Қазақстан Республикасының Президентi қол қойған, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағаларына, осы соттардың алқаларының төрағалары мен судьяларына, аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары мен судьяларына - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы қол қойған, белгiленген үлгiдегi куәлiк берiледi.