Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы N 392 Жарлығы

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Жарлыққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Президентінің 2009.05.06 N 800 Жарлығымен (РҚАО-на түскен жоқ).

      Жоғары офицерлік және басшы құрамның әскери және арнаулы атақтарын беруді реттеу мақсатында қаулы етемін:

      1. N 1-9 қосымшаларға сәйкес жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаруға тиіс лауазымдардың тізбесі бекітілсін.
      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2001.10.23 N 710 , 2003.05.16 N 1094 , 2003.09.10 N 1184жарлықтарымен.

      2. <*>
      Ескерту. 2-тармақ алып тасталды - ҚР Президентінің 2003.09.10 N 1184 жарлығымен.

      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 8 мамырдағы N 2984 Жарлығы ;
      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 наурыздағы N 3396 Жарлығының 3-тармағы;
      3) "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 21 мамырдағы N 3512 Жарлығының II тармағы;
      4) өте құпия;
      5) өте құпия.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілерді осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

      Қазақстан Республикасының
      Президенті     

Қазақстан Республикасы      
Президентінің          
2000 жылғы 12 мамырдағы      
N 392 Жарлығына          
N 1 қосымша           

  Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары
   офицерлік құрамының адамдары атқаруға тиіс лауазымдар
тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2003.09.10 N 1184 , өзгеріс енгізілді - 2005.05.03 N 1565, 2010.07.15 N 1023 Жарлықтарымен.

Қорғаныс министрінің                 - генерал-полковник
бірінші орынбасары - Штабтар
бастықтары комитетінің төрағасы

Қорғаныс министрінің                 - генерал-лейтенант
орынбасары (тәрбие жұмысы,
экономика және қаржы мәселелерімен
айналысатынды қоспағанда)

Штабтар бастықтары комитеті          - генерал-майор
төрағасының бірінші орынбасары

Штабтар бастықтары комитеті          - генерал-майор
төрағасының орынбасары

Департамент бастығы (халықаралық     - генерал-майор
ынтымақтастық, мемлекеттік
құпияларды қорғау, заң қызметі,
бұқаралық ақпарат құралдарымен
жұмыс және жұртшылықпен байланыс
жөніндегі, Қорғаныс министрлігінің
қызметін қамтамасыз ету
мәселелерімен айналысатынды
қоспағанда)

Бас әскери инспекция                 - генерал-лейтенант
бастығы

Орталық командалық                   - генерал-майор
пункт бастығы

Қарулы Күштер Бас барлау             - генерал-лейтенант  
басқармасының            
бастығы

Қарулы Күштер түрлерінің             - генерал-лейтенант,
Бас қолбасшысы                         вице-адмирал

Қарулы Күштердің Тыл                 - генерал-майор
бастығы

Әскер тегі қолбасшысы                - генерал-майор,
                                       генерал-лейтенант

Өңірлік қолбасшылық әскерлерінің     - генерал-майор
қолбасшысы

Қарулы Күштер түрлерінің             - генерал-майор,
Бас қолбасшысының орынбасары           контр-адмирал

Әскер тегі қолбасшысының             - генерал-майор
бірінші орынбасары

Өңірлік қолбасшылық әскерлерінің     - генерал-майор
қолбасшысының бірінші орынбасары

Ұлттық қорғаныс университетінің      - генерал-лейтенант
бастығы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс      - генерал-майор
министрлігінің Солтүстік атлант
Шарты Ұйымы штаб-пәтерінің
жанындағы әскери өкілі

Өкіл (Тәуелсіз Мемлекеттер           - генерал-лейтенант;
Достастығы мемлекеттерінің
Қарулы Күштері) - әскери
ынтымақтастықты үйлестіру жөніндегі
штаб бастығының орынбасары

Қазақстан Республикасы      
Президентінің          
2000 жылғы 12 мамырдағы      
N 392 Жарлығына         
N 2 қосымша          

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
жоғары офицерлік құрамының адамдары атқаруға тиіс
лауазымдар тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2003.09.10 N 1184 , өзгеріс енгізілді - 2005.05.03 N 1565Жарлықтарымен.

Төрағаның бірінші                    - генерал-лейтенант
орынбасары

Төрағаның орынбасары                 - генерал-майор
(кадр, қаржы-шаруашылық
мәселелерімен айналысатынды
қоспағанда)

Төрағаның орынбасары -               - генерал-майор
Шекара қызметінің директоры

Талдау және стратегиялық жоспарлау,  - генерал-майор
әскери қарсы барлау, кадр жұмысы,
қарсы барлау, халықаралық терроризм
мен діни экстремизмге қарсы күрес,
конституциялық құрылысты, экономикалық
қауіпсіздікті қорғау жөніндегі
департаменттердің бастықтары     

"Арыстан" қызметінің бастығы         - генерал-майор

"Барлау" қызметінің директоры        - генерал-майор

Арнаулы ақпарат қызметінің           - генерал-майор
директоры

Академия бастығы                     - генерал-майор

Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс        - генерал-майор
Қазақстан, Қарағанды, Қостанай,
Павлодар, Оңтүстік Қазақстан
облыстары, Астана және Алматы
қалалары бойынша департаменттер
бастықтары

Директордың бірінші орынбасары -     - генерал-майор
Шекара қызметі Бас штабының
бастығы

Шекара қызметі директорының          - генерал-майор
орынбасары (кадр, қаржы-шаруашылық
мәселелерімен айналысатынды
қоспағанда)

Шекара қызметі өңірлік               - генерал-майор
басқармасының бастығы

Шекара қызметі теңіз                 - контр-адмирал;
шекара дивизиясының командирі

Қазақстан Республикасы      
Президентінің          
2000 жылғы 12 мамырдағы      
N 392 Жарлығына         
N 3 қосымша           

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2003.09.10 N 1184 Жарлығымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2005.05.03 N 1565, 2011.04.12 N 33 Жарлықтарымен.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
жоғары офицерлік және басшы құрамының адамдары
атқаруға тиіс лауазымдар тізбесі

Ішкі істер министрі                  - полиция генерал-полковнигі
Бірінші вице-министр                 - полиция генерал-лейтенанты

Вице-министр                         - полиция генерал-майоры
(кадр, қаржы-шаруашылық
мәселелерімен айналысатынды
қоспағанда)

Вице-министр - Есірткі бизнесіне     - полиция генерал-майоры
қарсы күрес және есірткі айналымын
бақылау комитетінің         

Ішкі әскерлер қолбасшысы -           - генерал-лейтенант
Ішкі әскерлер комитетінің төрағасы

Ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші  - генерал-майор
орынбасары - Ішкі әскерлер бас
штабының бастығы - Ішкі әскерлер
комитеті төрағасының бірінші
орынбасары

Ішкі әскерлер қолбасшысының          - генерал-майор
орынбасары - Ішкі әскерлер комитеті
төрағасының орынбасары (тәрбие және
әлеуметтік-құқықтық жұмыс, тыл
мәселелерімен айналысатынды
қоспағанда)

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының   - полиция
Террорға қарсы орталығындағы           генерал-майоры
уәкілетті өкілі

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы      - полиция генерал-майоры
аумағында Ұйымдасқан қылмысқа
және қылмыстың өзге де қауіпті
түрлеріне қарсы күресті үйлестіру
жөніндегі бюродағы уәкілетті өкіл

Аса қауіпті қылмыстарға қарсы        - полиция генерал-майоры
күресті үйлестіру жөніндегі
орталықтың бастығы

Алматы, Ақтөбе, Атырау,              - полиция генерал-майоры
Шығыс Қазақстан, Қарағанды,
Қостанай, Павлодар, Оңтүстік
Қазақстан облыстары, Астана
және Алматы қалалары бойынша
басқармаларының (Бас
басқармаларының) бастықтары

Академия бастығы                     - полиция, ішкі қызмет
                                       генерал-майоры

Бригада (құрама) командирі           - генерал-майор

Қазақстан Республикасы      
Президентінің          
2000 жылғы 12 мамырдағы      
N 392 Жарлығына         
N 4 қосымша           

Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің жоғары офицерлік құрамының адамдары атқаруы тиіс лауазымдар тізбесі

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.09.07 N 147 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

Президент Күзет қызметінің бастығы            - генерал-лейтенант
Күзет қызметі бастығының бірінші
орынбасары - Президент қауіпсіздік
қызметінің бастығы                            - генерал-майор
Күзет қызметі бастығының орынбасары           - генерал-майор

5-қосымша           

      РҚАО-ның ескертуі:
      жарлықтың қосымшасы болған жоқ
      Ескерту. 5-қосымшаға өзгерту енгізіледі - ҚР Президентінің 2005.05.03 N 1565 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы      
Президентінің          
2000 жылғы 12 мамырдағы      
N 392 Жарлығына         
N 6 қосымша           

      Ескерту. 6 қосымша алып тасталды - ҚР Президентінің 2003.09.10 N 1184 Жарлығымен.

7-қосымша           

      РҚАО-ның ескертуі:
      жарлықтың қосымшасы болған жоқ
      Ескерту. 7-қосымшаға өзгерту енгізіледі - ҚР Президентінің 2005.05.03 N 1565 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасы      
Президентінің          
2000 жылғы 12 мамырдағы      
N 392 Жарлығына         
N 8 қосымша           

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2005.05.03 N 1565, өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.08.03 N 373, 2009.04.03 N 787 Жарлықтарымен.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жоғары
басшы құрамы адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі


Вице-министр (азаматтық қорғаныс, әскери бөлімдер   - генерал-майор
және жедел әрекет ету мәселелерімен айналысатын)

Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы             - өртке қарсы                                                            қызмет
                                                      генерал-майоры

Азаматтық қорғаныс, әскери бөлімдер және жедел      - генерал-майор
әрекет ету департаментінің директоры

Қазақстан Республикасы      
Президентінің          
2000 жылғы 12 мамырдағы      
N 392 Жарлығына         
N 9 қосымша           

      Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2003.09.10 N 1184 , өзгерту енгізілді - 2005.05.03 N 1565Жарлықтарымен.

        Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) жоғары басшы құрамының адамдары атқаруға тиіс
лауазымдар тізбесі

Агенттік төрағасының                 - қаржы полициясы
бірінші орынбасары                     генерал-майоры

Агенттік төрағасының                 - қаржы полициясы
орынбасары (тергеу, сыбайлас           генерал-майоры
жемқорлыққа қарсы күрес
мәселелерімен айналысатын)

                      Президентінің           
2000 жылғы 12 мамырдағы      
N 392 Жарлығына          
N 10 қосымша           

      Ескерту. 10 қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 2003.09.10 N 1184 Жарлығымен .

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының жоғары басшы
құрамының адамдары атқаруға тиіс лауазымдар тізбесі

Қылмыстық-атқару жүйесі              - әділет генерал-майоры
комитетінің төрағасы