Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 21 мамырдағы N 3512 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 3 маусымдағы N 607 Жарлығымен


     "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының  

Z934200_

 
9-бабына сәйкес қаулы етемiн:
     1. Атырау облысының балықшы ауданы таратылсын.
     2. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықты жүзеге асыру
жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын.
     3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
         Президентi