Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы N 392 Жарлығы

Жаңартылған

      Жоғары офицерлік және басшы құрамның әскери және арнаулы атақтарын беруді реттеу мақсатында қаулы етемін:

      1. N 1-9 қосымшаларға сәйкес жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаруға тиіс лауазымдардың тізбесі бекітілсін. 
       Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2001.10.23. N  710 , 2003.05.16. N  1094 , 2003.09.10. N  1184   жарлықтарымен.

      2. <*>
      Ескерту. 2-тармақ алып тасталды - ҚР Президентінің 2003.09.10. N  1184   жарлығымен. 

      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
      1) "Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 8 мамырдағы N 2984  Жарлығы
      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 наурыздағы N 3396  Жарлығының  3-тармағы; 
      3) "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 21 мамырдағы N 3512  Жарлығының  II тармағы;
      4) өте құпия; 
      5) өте құпия. 

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілерді осы Жарлыққа сәйкес келтірсін. 

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасының 
      Президенті      

Қазақстан Республикасы       
Президентінің           
2000 жылғы 12 мамырдағы       
N 392 Жарлығына           
N 1 қосымша            

      Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2003.09.10. N  1184 ,   өзгерту енгізілді  -  2005.05.03. N  1565   жарлықтарымен.  

  Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары
   офицерлік құрамының адамдары атқаруға тиіс лауазымдар
тізбесі

Қорғаныс министрінің                 - генерал-полковник
бірінші орынбасары - Штабтар
бастықтары комитетінің төрағасы

Қорғаныс министрінің                 - генерал-лейтенант
орынбасары (тәрбие жұмысы,
экономика және қаржы мәселелерімен
айналысатынды қоспағанда)

Штабтар бастықтары комитеті          - генерал-майор
төрағасының бірінші орынбасары - 
жедел жоспарлау департаментінің
бастығы      

Штабтар бастықтары комитеті          - генерал-майор
төрағасының орынбасары

Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы         - генерал-майор
департаментінің бастығы      

Бас әскери инспекция                 - генерал-лейтенант
бастығы

Орталық командалық                   - генерал-майор
пункт бастығы

Қарулы Күштер Бас барлау             - генерал-лейтенант   
басқармасының             
бастығы

Қарулы Күштер түрлерінің             - генерал-лейтенант,
Бас қолбасшысы                         вице-адмирал

Қарулы Күштердің Тыл                 - генерал-майор
бастығы

Қарулы Күштердің Әскер               - генерал-майор,
тегі қолбасшысы                        генерал-лейтенант

Өңірлік қолбасшылық әскерлерінің     - генерал-майор
қолбасшысы

Қарулы Күштер түрлерінің             - генерал-майор
Бас қолбасшысының орынбасары
(тәрбие жұмысы, тыл
мәселелерімен айналысатынды
қоспағанда)

Қарулы Күштердің Әскер тегі         - генерал-майор
қолбасшысының бірінші орынбасары

Өңірлік қолбасшылық әскерлерінің     - генерал-майор
қолбасшысының бірінші орынбасары

Ұлттық қорғаныс университетінің      - генерал-лейтенант
бастығы

Дивизия командирі                    - генерал-майор

Қазақстан Республикасы Қорғаныс      - генерал-майор
министрлігінің Солтүстік атлант
Шарты Ұйымы штаб-пәтерінің
жанындағы әскери өкілі

Өкіл (Тәуелсіз Мемлекеттер           - генерал-лейтенант;
Достастығы мемлекеттерінің
Қарулы Күштері) - әскери
ынтымақтастықты үйлестіру жөніндегі
штаб бастығының орынбасары

Қазақстан Республикасы       
Президентінің           
2000 жылғы 12 мамырдағы       
N 392 Жарлығына          
N 2 қосымша           

       Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2003.09.10. N  1184 ,   өзгерту енгізілді  -  2005.05.03. N  1565   жарлықтарымен.       

      

  Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
жоғары офицерлік құрамының адамдары атқаруға тиіс
лауазымдар тізбесі

Төрағаның бірінші                    - генерал-лейтенант
орынбасары

Төрағаның орынбасары                 - генерал-майор
(кадр, қаржы-шаруашылық
мәселелерімен айналысатынды
қоспағанда)

Төрағаның орынбасары -               - генерал-майор
Шекара қызметінің директоры

Талдау және стратегиялық жоспарлау,  - генерал-майор
әскери қарсы барлау, кадр жұмысы,
қарсы барлау, халықаралық терроризм
мен діни экстремизмге қарсы күрес,
конституциялық құрылысты, экономикалық
қауіпсіздікті қорғау жөніндегі
департаменттердің бастықтары      

"Арыстан" қызметінің бастығы         - генерал-майор

"Барлау" қызметінің директоры        - генерал-майор

Арнаулы ақпарат қызметінің           - генерал-майор
директоры

Академия бастығы                     - генерал-майор

Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс        - генерал-майор
Қазақстан, Қарағанды, Қостанай,
Павлодар, Оңтүстік Қазақстан
облыстары, Астана және Алматы
қалалары бойынша департаменттер
бастықтары

Директордың бірінші орынбасары -     - генерал-майор
Шекара қызметі Бас штабының
бастығы

Шекара қызметі директорының          - генерал-майор
орынбасары (кадр, қаржы-шаруашылық
мәселелерімен айналысатынды
қоспағанда)

Шекара қызметі өңірлік               - генерал-майор
басқармасының бастығы

Шекара қызметі теңіз                 - контр-адмирал;
шекара дивизиясының командирі

Қазақстан Республикасы       
Президентінің           
2000 жылғы 12 мамырдағы       
N 392 Жарлығына          
N 3 қосымша            

       Ескерту. 3 қосымша жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2003.09.10. N  1184 ,   өзгерту енгізілді  -  2005.05.03. N  1565   жарлықтарымен.

  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
жоғары офицерлік және басшы құрамының адамдары
атқаруға тиіс лауазымдар тізбесі

Бірінші вице-министр                 - полиция генерал-лейтенанты

Вице-министр                         - полиция генерал-майоры
(кадр, қаржы-шаруашылық
мәселелерімен айналысатынды
қоспағанда)

Вице-министр - Есірткі бизнесіне     - полиция генерал-майоры 
қарсы күрес және есірткі айналымын
бақылау комитетінің          

Ішкі әскерлер қолбасшысы -           - генерал-лейтенант
Ішкі әскерлер комитетінің төрағасы

Ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші  - генерал-майор 
орынбасары - Ішкі әскерлер бас
штабының бастығы - Ішкі әскерлер
комитеті төрағасының бірінші
орынбасары

Ішкі әскерлер қолбасшысының          - генерал-майор
орынбасары - Ішкі әскерлер комитеті
төрағасының орынбасары (тәрбие және
әлеуметтік-құқықтық жұмыс, тыл 
мәселелерімен айналысатынды
қоспағанда)

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының   - полиция
Террорға қарсы орталығындағы           генерал-майоры
уәкілетті өкілі

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы      - полиция генерал-майоры
аумағында Ұйымдасқан қылмысқа
және қылмыстың өзге де қауіпті
түрлеріне қарсы күресті үйлестіру
жөніндегі бюродағы уәкілетті өкіл

Аса қауіпті қылмыстарға қарсы        - полиция генерал-майоры 
күресті үйлестіру жөніндегі 
орталықтың бастығы 

Алматы, Ақтөбе, Атырау,              - полиция генерал-майоры
Шығыс Қазақстан, Қарағанды,
Қостанай, Павлодар, Оңтүстік
Қазақстан облыстары, Астана
және Алматы қалалары бойынша
басқармаларының (Бас
басқармаларының) бастықтары

Академия бастығы                     - полиция, ішкі қызмет
                                       генерал-майоры

Бригада (құрама) командирі           - генерал-майор

4-қосымша            

       РҚАО-ның ескертуі:
      жарлықтың қосымшасы болған жоқ

5-қосымша            

       РҚАО-ның ескертуі:
      жарлықтың қосымшасы болған жоқ

      

Қазақстан Республикасы       
Президентінің           
2000 жылғы 12 мамырдағы       
N 392 Жарлығына          
N 6 қосымша            

       Ескерту. 6 қосымша алып тасталды - ҚР Президентінің 2003.09.10. N  1184   жарлығымен.

7-қосымша            

       РҚАО-ның ескертуі:
      жарлықтың қосымшасы болған жоқ

8-қосымша            

       РҚАО-ның ескертуі:
      жарлықтың қосымшасы болған жоқ

       Ескерту. 8-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2001.08.03.  N 373  Жарлығымен.

Қазақстан Республикасы       
Президентінің           
2000 жылғы 12 мамырдағы       
N 392 Жарлығына          
N 9 қосымша            

       Ескерту. 9 қосымша жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2003.09.10. N  1184 ,   өзгерту енгізілді  -  2005.05.03. N  1565   жарлықтарымен.        

  Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) жоғары басшы құрамының адамдары атқаруға тиіс
лауазымдар тізбесі

Агенттік төрағасының                 - қаржы полициясы
бірінші орынбасары                     генерал-майоры

Агенттік төрағасының                 - қаржы полициясы
орынбасары (тергеу, сыбайлас           генерал-майоры
жемқорлыққа қарсы күрес 
мәселелерімен айналысатын)

                      Президентінің            
2000 жылғы 12 мамырдағы       
N 392 Жарлығына           
N 10 қосымша            

       Ескерту. 10 қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 2003.09.10. N  1184   жарлығымен .

  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының жоғары басшы
құрамының адамдары атқаруға тиіс лауазымдар тізбесі

Қылмыстық-атқару жүйесі              - әділет генерал-майоры
комитетінің төрағасы