Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1565 Жарлығы

       Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беруді одан әрі реттеу, жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесін кейбір мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдарында болған қайта ұйымдастырумен сәйкес келтіру мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы N 392  Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) N 1 қосымшада:

"Қорғаныс министрінің орынбасары               - генерал-лейтенант"
(тәрбие жұмысы, экономика және қаржы
мәселелерімен айналысатынды қоспағанда)

      деген жолдардан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Штабтар бастықтары комитеті төрағасының бірінші  - генерал-майор";
орынбасары - жедел жоспарлау департаментінің
бастығы

"Штабтар бастықтары комитеті төрағасының           - генерал-майор"
орынбасары

      деген жолдардан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы                     - генерал-майор";
департаментінің бастығы

"Бас барлау басқармасының бастығы              - генерал-лейтенант"

      деген жолда "Бас" деген сөздің алдынан "Қарулы Күштер" деген сөздермен толықтырылсын;

"Қарулы Күштер түрлерінің Бас қолбасшысының        - генерал-майор"
орынбасары (тәрбие жұмысы, тыл мәселелерімен
айналысатынды қоспағанда)

      деген жолдар өзгеріссіз қалдырылсын;

      2) N 2 қосымшада:

"Төрағаның орынбасары (кадр, қаржы-шаруашылық      - генерал-майор"
мәселелерімен айналысатынды қоспағанда)

      деген жолдардан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

"Төрағаның орынбасары -                             - генерал-майор
Шекара қызметінің директоры

Талдау және стратегиялық жоспарлау, әскери қарсы  - генерал-майор";
барлау, кадр жұмысы, қарсы барлау, халықаралық
терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрес,
конституциялық құрылысты, экономикалық
қауіпсіздікті қорғау жөніндегі департаменттердің
бастықтары

      3) N 3 қосымшада:

"Вице-министр (кадр, қаржы-шаруашылық             - полиция
мәселелерімен айналысатынды қоспағанда)             генерал-майоры"

      деген жолдардан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Вице-министр - Есірткі бизнесіне қарсы күрес    - полиция
және есірткі айналымын бақылау комитетінің         генерал-майоры";
төрағасы

"Ішкі әскерлер қолбасшысы                       - генерал-лейтенант

Ішкі әскерлер қолбасшысының                         - генерал-майор
бірінші орынбасары - әскерлер штабы бастығы

Ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары (тәрбие     - генерал-майор"
және әлеуметтік-құқықтық жұмыс, тыл
мәселелерімен айналысатынды қоспағанда)

      деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

"Ішкі әскерлер қолбасшысы -                     - генерал-лейтенант
Ішкі әскерлер комитетінің төрағасы

Ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары
- Ішкі әскерлер бас штабының бастығы - Ішкі         - генерал-майор
әскерлер комитеті төрағасының бірінші орынбасары

Ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары -          - генерал-майор";
Ішкі әскерлер комитеті төрағасының орынбасары
(тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс, тыл
мәселелерімен айналысатынды қоспағанда)

"Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағында        - полиция
Ұйымдасқан қылмысқа және қылмыстың өзге де          генерал-майоры"
қауіпті түрлеріне қарсы күресті үйлестіру
жөніндегі бюродағы уәкілетті өкіл

      деген жолдардан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Аса қауіпті қылмыстарға қарсы күресті           - полиция
үйлестіру жөніндегі орталықтың бастығы             генерал-майоры";

      4) N 4 қосымшада:

"Күзет қызметі бастығының орынбасары               - полковник,
                                                     генерал-майор"

      деген жолдағы "полковник," деген сөз алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Күзет қызметі бастығының орынбасары -           - генерал-майор";
бірінші департамент бастығы

      5) N 5 қосымшада:

"Республикалық ұлан қолбасшысының бірінші          - полковник,
орынбасары                                           генерал-майор"

      деген жолдағы "полковник," деген сөз алып тасталсын;

      6) N 7 қосымшада:

"Қазақстан Республикасы Бас проку-     - әділет генерал-майоры,
рорының орынбасары - Бас әскери        - әділет генерал-лейтенанты"
прокурор

      деген жолдағы "әділет генерал-майоры," деген сөздер алып тасталсын;

      7) N 8 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жоғары басшы құрамы адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі

Вице-министр (азаматтық қорғаныс, әскери бөлімдер   - генерал-майор
және жедел әрекет ету мәселелерімен айналысатын)

Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік          - ішкі қызмет
бақылау мен қадағалау комитеті төрағасының           генерал-майоры
орынбасары (мемлекеттік өртке қарсы қызмет
мәселелерімен айналысатын)

Азаматтық қорғаныс, әскери бөлімдер және жедел    - генерал-майор";
әрекет ету департаментінің директоры

      8) N 9 қосымшада:

      қосымшаның атауындағы "Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының)" деген сөздермен алмастырылсын;

"Агенттік төрағасының орынбасары (тергеу          - қаржы полициясы
мәселелерімен айналысатын)                          генерал-майоры"

      деген жолдағы "тергеу" деген сөзден кейін ", сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті