Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 12 мамыр N 392

Жаңартылған
      Жоғары офицерлік және басшы құрамның әскери және арнаулы атақтарын беруді реттеу мақсатында қаулы етемін:
      1. N 1-9 қосымшаларға сәйкес жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаруға тиіс лауазымдардың тізбесі бекітілсін.
      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2001.10.23.
               N 710 жарлығымен. U010710_
      2. Жоғары офицерлік және басшы құрамның әскери және арнаулы атақтары жылына екі рет - Республика күніне және Жеңіс күніне беріледі деп белгіленсін.
      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 8 мамырдағы N 2984 U962984_ Жарлығы;
      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 наурыздағы N 3396 U973396_ Жарлығының 3-тармағы;
      3) "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы 
Президентінің 1997 жылғы 21 мамырдағы N 3512  

U973512_

  Жарлығының 
II тармағы; 
     4) өте құпия; 
     5) өте құпия. 
     4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бұрын қабылданған нормативтік 
құқықтық актілерді осы Жарлыққа сәйкес келтірсін. 
     5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
            Президенті 
     
                                                Қазақстан Республикасы 
                                                     Президентінің 
                                                2000 жылғы 12 мамырдағы 
                                                    N 392 Жарлығына 
                                                      N 6 қосымша 
     
                 Қазақстан Республикасы әскери соттары 
           жоғары офицерлік құрамының адамдары атқаруға тиіс 
                          лауазымдар тізбесі 
     
     Қазақстан Республикасы Жоғарғы       - әділет генерал-майоры 
     Соты әскери сот алқасының төрағасы 
     
     Қазақстан Республикасы               - әділет полковнигі, 
     әскерлерінің әскери сотының            әділет генерал-майоры 
     төрағасы 
     
     
     Оқығандар:
     Қасымбеков Б.А. 
     Икебаева Ә.Ж.