Әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшілердің және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерінің нысанды киім киіп жүру құқығы мәселелері

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 қыркүйектегі N 1184 Жарлығы

      Әскери және арнаулы атақтар беруді одан әрі ретке келтіру, қызметкерлері погоны бар нысанды киім (киім-кешек) киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік органдардың санын қысқарту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы N 392 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 2-тармақ алынып тасталсын;

      2) N 1 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары
офицерлік құрамының адамдары атқаруға тиіс лауазымдар
тізбесі

Қорғаныс министрінің                 - генерал-полковник
бірінші орынбасары - Штабтар
бастықтары комитетінің төрағасы

Қорғаныс министрінің                 - генерал-лейтенант
орынбасары (тәрбие жұмысы,
экономика және қаржы мәселелерімен
айналысатынды қоспағанда)

Штабтар бастықтары комитеті          - генерал-майор
төрағасының орынбасары

Бас әскери инспекция                 - генерал-лейтенант
бастығы

Орталық командалық                   - генерал-майор
пункт бастығы

Бас барлау басқармасының             - генерал-лейтенант
бастығы

Қарулы Күштер түрлерінің             - генерал-лейтенант,
Бас қолбасшысы                         вице-адмирал

Қарулы Күштердің Тыл                 - генерал-майор
бастығы

Қарулы Күштердің Әскер               - генерал-майор,
тегі қолбасшысы                        генерал-лейтенант

Өңірлік қолбасшылық әскерлерінің     - генерал-майор
қолбасшысы

Қарулы Күштер түрлерінің             - генерал-майор
Бас қолбасшысының орынбасары
(тәрбие жұмысы, тыл
мәселелерімен айналысатынды
қоспағанда)

Қарулы Күштердің Әскер тегі         - генерал-майор
қолбасшысының бірінші орынбасары

Өңірлік қолбасшылық әскерлерінің     - генерал-майор
қолбасшысының бірінші орынбасары

Ұлттық қорғаныс университетінің      - генерал-лейтенант
бастығы

Дивизия командирі                    - генерал-майор

Қазақстан Республикасы Қорғаныс      - генерал-майор
министрлігінің Солтүстік атлант
Шарты Ұйымы штаб-пәтерінің
жанындағы әскери өкілі

Өкіл (Тәуелсіз Мемлекеттер           - генерал-лейтенант";
Достастығы мемлекеттерінің
Қарулы Күштері) - әскери
ынтымақтастықты үйлестіру жөніндегі
штаб бастығының орынбасары

      3) N 2 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
жоғары офицерлік құрамының адамдары атқаруға тиіс
лауазымдар тізбесі

Төрағаның бірінші                    - генерал-лейтенант
орынбасары

Төрағаның орынбасары                 - генерал-майор
(кадр, қаржы-шаруашылық
мәселелерімен айналысатынды
қоспағанда)

"Арыстан" қызметінің бастығы         - генерал-майор

"Барлау" қызметінің директоры        - генерал-майор

Арнаулы ақпарат қызметінің           - генерал-майор
директоры

Академия бастығы                     - генерал-майор

Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс        - генерал-майор
Қазақстан, Қарағанды, Қостанай,
Павлодар, Оңтүстік Қазақстан
облыстары, Астана және Алматы
қалалары бойынша департаменттер
бастықтары

Директордың бірінші орынбасары -     - генерал-майор
Шекара қызметі Бас штабының
бастығы

Шекара қызметі директорының          - генерал-майор
орынбасары (кадр, қаржы-шаруашылық
мәселелерімен айналысатынды
қоспағанда)

Шекара қызметі өңірлік               - генерал-майор
басқармасының бастығы

Шекара қызметі теңіз                 - контр-адмирал";
шекара дивизиясының командирі

      4) N 3 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
жоғары офицерлік және басшы құрамының адамдары
атқаруға тиіс лауазымдар тізбесі

Бірінші вице-министр                 - полиция генерал-лейтенанты

Вице-министр                         - полиция генерал-майоры
(кадр, қаржы-шаруашылық
мәселелерімен айналысатынды
қоспағанда)

Ішкі әскерлер қолбасшысы             - генерал-лейтенант

Ішкі әскерлер қолбасшының            - генерал-майор
бірінші орынбасары - әскерлер
штабы бастығы

Ішкі әскерлер қолбасшысының          - генерал-майор
орынбасары (тәрбие және әлеуметтік-
құқықтық жұмыс, тыл мәселелерімен
айналысатынды қоспағанда)

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының   - полиция
Террорға қарсы орталығындағы           генерал-майоры
уәкілетті өкілі

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы      - полиция генерал-майоры
аумағында Ұйымдасқан қылмысқа
және қылмыстың өзге де қауіпті
түрлеріне қарсы күресті үйлестіру
жөніндегі бюродағы уәкілетті өкіл

Алматы, Ақтөбе, Атырау,              - полиция генерал-майоры
Шығыс Қазақстан, Қарағанды,
Қостанай, Павлодар, Оңтүстік
Қазақстан облыстары, Астана
және Алматы қалалары бойынша
басқармаларының (Бас
басқармаларының) бастықтары

Академия бастығы                     - полиция, ішкі қызмет
                                       генерал-майоры

Бригада (құрама) командирі           - генерал-майор";

      5) N 6 қосымша алынып тасталсын;

      6) N 8 қосымшадағы "Агенттік төрағасы - генерал-майор" деген сөздер алынып тасталсын;

      7) N 9 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігінің
жоғары басшы құрамының адамдары атқаруға тиіс
лауазымдар тізбесі

Агенттік төрағасының                 - қаржы полициясы
бірінші орынбасары                     генерал-майоры

Агенттік төрағасының                 - қаржы полициясы
орынбасары (тергеу)                    генерал-майоры";
мәселелерімен айналысатын)

      8) мынадай мазмұндағы N 10 қосымшамен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының жоғары басшы
құрамының адамдары атқаруға тиіс лауазымдар тізбесі

Қылмыстық-атқару жүйесі              - әділет генерал-майоры";
комитетінің төрағасы

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша:

      1) 2004 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне:
      2004 жылғы 1 мамырдан бастап -
      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Республикалық ұланының, Президенті Күзет қызметінің, Ішкі істер министрлігінің, Қаржы полициясы агенттігінің, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің, прокуратура органдарының, Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бөлімшелерінің осы органдардың алдына қойылған негізгі міндеттері мен функцияларын тікелей орындайтын әскери қызметшілері мен қызметкерлерінің ғана әскери және арнаулы атақтарын, погоны бар нысанды киім киіп жүру құқығын сақтауды, сондай-ақ олардың қосалқы бөлімшелері мен қамтамасыз ету қызметтерін қоспағанда, осындай қызметкерлер лауазымдарының егжей-тегжейлі тізбесін белгілеуді; <*>
      Кедендік бақылау агенттігінің қызметкерлерінің, сот приставтарының, Көлік және коммуникациялар министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесі қызметкерлерінің жекелеген санаттарының нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру құқығын сақтауды;
      судьялардың біліктілік сыныптарын жоюды; <*>
      2) әскери және арнаулы атақтардан, нысанды киім киіп жүру құқығынан айырылатын мемлекеттік органдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес, бірақ әскери және арнаулы атақтарын, еңбек сіңірген жылдары үшін бұрын белгіленген үстемеақылары мен соларға байланысты жеңілдіктерін ескере отырып, қазіргіден төмен емес деңгейде белгілесін;
      3) осы Жарлықтың қолданылу аясына енетін адамдар үшін әлеуметтік қамтамасыз етудің, зейнеткерлікке шыққан кездегі барлық жеңілдіктері мен артықшылықтарының сақталуын, ал кемінде 20 жыл қызмет еткен адамдар үшін аттестатталған лауазымдарда қызмет өткеруін аяқтау мүмкіндігін көздесін;
      4) аға басшы құрам адамдарының санын қысқарту мақсатында әскери және арнаулы атақтар сақталатын мемлекеттік органдардағы, әскерлердегі және әскери құралымдардағы лауазымдар мен соларға сәйкес келетін шекті әскери және арнаулы атақтардың тізбесін қайта қарасын;
      5) мемлекеттік органдардағы, әскерлердегі және әскери құралымдардағы орта және аға басшы құрам адамдарының әскери және арнаулы атақтарында еңбек сіңірген мерзімдерін ұлғайту жағына қарай қайта қарасын;
      6) Үкіметтің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;
      7) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2004.06.02. N 1376 жарлығымен .

      3. "Жекелеген мемлекеттік органдарда әскери және арнаулы атақтар беруді реттеу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 17 наурыздағы N 18 өкімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті