Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 90-ө өкімі.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:

      1. Мынадай Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар (бұдан әрі – консультативтік-кеңесші органдар) құрылсын:

      1) осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес;

      2) осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес құрамда Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес;

      3) осы өкімге 3-қосымшаға сәйкес құрамда Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес;

      4) алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 28.12.2018 № 162-ө өкімімен.

      5) осы өкімге 5-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссия;

      6) осы өкімге 6-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия;

      7) Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө өкімімен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө; 28.12.2018 № 162-ө өкімдерімен.

      2. Қоса беріліп отырған мынадай консультативтік-кеңесші органдардың ережелері бекітілсін:

      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес туралы ереже;

      2) Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес туралы ереже;

      3) Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес туралы ереже;

      4) алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 28.12.2018 № 162-ө өкімімен.

      5) Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссия туралы ереже;

      6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже;

      7) Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө өкімімен.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө; 28.12.2018 № 162-ө өкімдерімен.

      3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1) "Қазақстанның су ресурстарын басқару мәселелері жөнінде ведомствоаралық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 141-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Су ресурстарын басқару мәселелері жөнінде ведомствоаралық кеңестің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, төраға";

      2) "Экономикалық саясат жөнiндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 33-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі".

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 90-ө өкiмiне
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестің құрамы

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 06.03.2017 № 30; 26.01.2018 № 8-ө; 11.04.2019 № 57-ө өкімдерімен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)

      "KAZNEX INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)";

      "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Парасат" ғылыми-технологиялық орталығы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

      "Қазақстан тауар өндірушілері мен экспорттаушыларының одағы" республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 90-ө өкiмiмен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) мемлекеттік және жеке сектор арасындағы әріптестік қағидаттарына негізделген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негіз қалаушы қағидаттары, міндеттері мен әдістері жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу үшін құрылады.

      3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

      5. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 11.04.2019 № 57-ө өкімімен.

2. Кеңестің міндеттері

      6. Кеңестің негізгі міндеттері:

      1) Қазақстанның ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша бірыңғай саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      2) Қазақстанның ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негіз қалаушы қағидаттары, міндеттері мен тетіктері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;

      3) базалық факторлар ("Институттар", "Инфрақұрылым", "Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу", "Инновациялық әлеует", "Денсаулық", "Дағдылар", "Еңбек нарығы", "Макроэкономикалық тұрақтылық", "Нарық көлемі", "Бизнес серпінділігі", "Тауарлар нарығы", "Қаржы жүйесі") көрсеткіштерін жақсарту арқылы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      4) елдің бәсекеге қабілеттілігі туралы жыл сайынғы баяндаманы қалыптастыруға қатысу болып табылады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 11.04.2019 № 57-ө өкімімен.

3. Кеңес қызметінің ұйымдастырылуы

      7. Кеңес қызметінің ұйымдастырылуы және тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 90-ө өкiмiне
2-қосымша

Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің құрамы

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерістер енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 23.01.2019 № 5-ө; 11.04.2019 № 57-ө өкімдерімен.

      Қазақстан тарапынан:

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасы салық төлеушілері қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша)

      шетелдік тараптан:

      Қазақстандағы Америка сауда палатасының президенті (келісім бойынша)

      Қазақстандағы Америка сауда палатасының атқарушы директоры (келісім бойынша)

      Борусан Макина өңiрлiк директоры (келісім бойынша)

      Шнайдер Электрик бас директоры (келісім бойынша)

      Норт Каспиан Оперейтинг Компани (НКОК) басқарушы директоры (келісім бойынша)

      Камеко басқарушы директоры (келісім бойынша)

      Кселл бас атқарушы директоры (келісім бойынша)

      Бостон Консалтинг Групп басқарушы директоры (келісім бойынша)

      Эрнст энд Янг әріптесі (келісім бойынша)

      Байерсдорф қаржы директоры (келісім бойынша)

      Эли Лилли өңiрлiк директоры (келісім бойынша)

      Еуропа Қайта Құру және Даму банкінің (ЕҚДБ) директоры (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 90-ө өкiмiмен
бекітілген

Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес қызметінің мақсаттары Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту басымдығына сай келетін Қазақстан Республикасының бірыңғай инвестициялық саясатын іске асыру, отандық және шетелдік инвестицияларды тартуда және тиімді пайдалануда жәрдемдесу болып табылады.

      3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 23.01.2019 № 5-ө өкімімен.

      5. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 23.01.2019 № 5-ө өкімімен.

2. Кеңестің міндеттері

      6. Қойылған мақсаттар шеңберінде Кеңеске мынадай міндеттер жүктеледі:

      1) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің инвестициялық саясат саласындағы практикасын және Қазақстан Республикасының даму басымдықтарын ескере отырып, инвестициялық қызметті дамытудың бірыңғай стратегиясын айқындау;

      2) Қазақстан Республикасында қолайлы инвестициялық ахуал жасау, оның ішінде шетелдік инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатқа қатысты нормативтік құқықтық актілерін, салық және кеден заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      3) Қазақстан Республикасы экономикасының өңдеуші салаларына инвестицияларды тежейтін проблемаларды шешудің ықтимал жолдарын талдау.

3. Кеңес қызметінің ұйымдастырылуы және тәртібі

      7. Кеңес қызметінің ұйымдастырылуы және тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 90-ө өкiмiне
3-қосымша

Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестің құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 11.04.2019 № 57-ө; 02.10.2019 № 182-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі

      Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан кәсіпкерлері форумының төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстанның салық төлеушілері қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің инвестициялық саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының шетелдік тараптан тең төрағасы (келісу бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 90-ө өкiмiмен
бекітілген

Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес қызметінің мақсаты салық заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.

      3. Кеңес өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

      5. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 11.04.2019 № 57-ө өкімімен.

2. Кеңестің міндеттері

      6. Кеңестің негізгі міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының салық салу жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды қарау және әзірлеу;

      2) салық міндеттемелерін орындау барысында туындауы мүмкін түсініксіздіктерді, дәлсіздіктерді және қайшылықтарды жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      3) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарудың ықтимал схемаларын жою жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

3. Кеңес қызметінің ұйымдастырылуы және тәртібі

      7. Кеңес қызметінің ұйымдастырылуы және тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 90-ө өкiмiне
4-қосымша

Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия құрамы

      Ескерту. 4-қосымша алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 28.12.2018 № 162-ө өкімімен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 90-ө өкiмiмен
бекітілген

Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия туралы ереже

      Ескерту. Ереже алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 28.12.2018 № 162-ө өкімімен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 90-ө өкiмiне
5-қосымша

Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияның құрамы

      Ескерту. Комиссия құрамына өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 19.06.2017 № 79-ө; 13.05.2019 № 78-ө өкімдерімен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)

      "KAZNEX INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)";

      "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Парасат" ғылыми-технологиялық орталығы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

      "Қазақстан тауар өндірушілері мен экспорттаушыларының одағы" республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 90-ө өкiмiмен
бекітілген

Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

      2. Комиссия Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту саласында ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылды.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 13.05.2019 № 78-ө өкімімен.

      5. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 13.05.2019 № 78-ө өкімімен.

2. Комиссияның міндеті

      6. Комиссияның негізгі міндеті:

      1) Қазақстан Республикасын индустриялық дамыту үшін өнеркәсіптің басым секторларын айқындау;

      2) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін және тиімділігін арттыру;

      3) өңдеуші өнеркәсіп, оның ішінде кластерлік бастама саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың тұжырымдамалық тәсілдері;

      4) аумақтық (өңірлік, өңіраралық) кластерлерді, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іріктеу өлшемшарттары;

      5) республикалық индустрияландыру картасын өзектілендіру;

      6) аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуден өткізу бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау болып табылады.

3. Комиссия қызметінің ұйымдастырылуы және тәртібі

      7. Комиссия қызметінің ұйымдастырылуы және тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 90-ө өкiмiне
6-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 11.04.2019 № 57-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы, хатшы

      Қазақстан Республикасының Бас прокуроры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 90-ө өкiмiмен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссияның мақсаттары құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру, профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру жөнінде тиісті ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      5. Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 11.04.2019 № 57-ө өкімімен.

2. Комиссияның міндеттері

      6. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру;

      2) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері қызметінің тиімділігін бағалау;

      3) Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      4) құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысын қарау;

      5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының қарауына құқық бұзушылық профилактикасы шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

      6) адамның және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөнінде шаралар қабылдау;

      7) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша ақпараттық материалдарды дайындау және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне, тиісті жергілікті өкілді және атқарушы органдарға жіберу;

      8) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері басшыларының және лауазымды адамдарының жүргізіп жатқан жұмыстары туралы есептерін тыңдау және олардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      9) мемлекеттік органдарға және ұйымдарға лауазымды адамдарды құқық бұзушылық профилактикасы жөнінде шаралар қабылдамағаны үшін тәртіптік және өзге де жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізу болып табылады.

3. Комиссия қызметінің ұйымдастырылуы және тәртібі

      7. Комиссия қызметінің ұйымдастырылуы және тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 90-ө өкiмiне
7-қосымша

Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссияның құрамы

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө өкімімен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 90-ө өкiмiмен
бекітілген

Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия туралы ереже

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө өкімімен.