"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 90-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкімге 2-қосымшада:
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің құрамында:
"Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары";
"Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі, хатшы";
"Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі";
көрсетілген өкіммен бекітілген Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес туралы ережеде:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
5. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.".
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |