Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 79-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 268 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағынын 8) тармақшасына сәйкес:

      1. Мынадай Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар құрылсын:

      1) күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө өкімімен;

      2) осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес құрамда Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі комиссия.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө өкімімен.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө өкімімен.

      2) Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө өкімімен.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 90-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген өкімге 5-қосымшада:

      Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары";

      мына:

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі, төрағаның орынбасары

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)" деген жолдар алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі";

      "Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы (келісім бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)";

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі";

      "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "KAZNEX INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)";

      "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Парасат" ғылыми-технологиялық орталығы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)";

      "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)".

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 19 маусымдағы
№ 79-ө өкіміне
1-қосымша

Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө өкімімен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 19 маусымдағы
№ 79-ө өкімімен
бекітілген

Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө өкімімен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 19 маусымдағы
№ 79-ө өкіміне
2-қосымша

Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы

      Ескерту. Комиссия құрамына өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 13.05.2019 № 78-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, хатшы

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары - басқарма мүшесі (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 19 маусымдағы
№ 79-ө өкімімен
бекітілген

Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі — Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады, қару-жараққа, әскери техникаға, ядролық және арнайы ядролық емес материалдарға, әскери мақсаттағы өнімге, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологияларға, шикізатқа, материалдарға, жабдықтарға, технологияларға, ғылыми-техникалық ақпаратқа және Қазақстан Республикасының халықаралық және ұлттық қауіпсіздігі мен жаппай қырып-жою қаруларын таратпау режимін нығайту мүддесінде оларды өндірумен және пайдаланумен байланысты көрсетілетін қызметтерге экспорттық бақылау саласында ұсыныстар әзірлейді.

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 13.05.2019 № 78-ө өкімімен.

      4. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 13.05.2019 № 78-ө өкімімен.

2. Комиссияның негізгі міндеті

      5. Комиссияның негізгі міндеті:

      1) экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарының іс-қимылын үйлестіру және өнімнің экспорты, кері экспорты, импорты, кері экспорты, транзиті немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс қайта өңдеу тәртібіне сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға ұсынымдар дайындау;

      3) Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы заңнамасын жетілдіру;

      4) экспорттық бақылау саласындағы ұлттық заңнаманы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен үйлестіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі

      6. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдарды құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.