"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 90-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген өкімге 3-қосымшада:
көрсетілген өкіммен бекітілген Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестің құрамында:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары (келісу бойынша)";
"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің салық салу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының тең төрағасы (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің инвестициялық саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының шетелдік тараптан тең төрағасы (келісу бойынша)";
"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі".
Премьер-Министр | А. Мамин |