Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын дамытудың қағидатты маңызды мәселелері жөнінде келісілген тәсілдер мен ұсынымдарды әзірлеу мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Экономикалық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі - ЭСК) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған ЭСК туралы ереже бекітілсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 33-ө өкіміне қосымша |
Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамы
Ескерту. Құрамға өзгерістер енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 29.09.2016 № 90-ө; 26.01.2018 № 8-ө; 15.08.2018 № 105-ө; 11.04.2019 № 57-ө; 23.09.2019 № 178-ө өкімдерімен; ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; ҚР Премьер-Министрінің 08.12.2020 № 155-ө; 15.01.2021 № 3-ө өкімдерімен; ҚР Үкіметінің 28.01.2022 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.04.2022 № 268; 27.06.2022 № 106-ө; 01.02.2023 № 15-ө; 19.10.2023 № 162-ө; 05.03.2024 № 29-ө өкімдерімен; 17.07.2024 № 571 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары
Қазақстан Республикасының Көлік министрі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (келісу бойынша).
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 33-ө өкімімен бекітілген |
Экономикалық саясат жөніндегі кеңес туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Экономикалық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі - ЭСК) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын, экономиканың орнықты дамуын қамтамасыз ететін стратегияны және оны іске асыру шараларын, тетіктерін айқындау жөніндегі ұсыныстарды қарайды.
2. ЭСК қызметінің мақсаты әлеуметтік-экономикалық дамудың орта және ұзақ мерзімді перспективаға арналған негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.
3. ЭСК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және осы Ережені басшылыққа алады.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі ЭСК-нің жұмыс органы болып табылады.
5. ЭСК отырыстары қажеттілігіне қарай өткiзiледi.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 11.04.2019 № 57-ө өкімімен.2. ЭСК-нің міндеттері
6. ЭСК-нің негізгі міндеттері:
1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын әзірлеу және іске асыру жөніндегі келісілген тәсілдерді әзірлеу;
2) экономиканы және әлеуметтік саланы дамытудың орта және ұзақ мерзімді перспективаға арналған қағидатты маңызды мәселелері, экономикадағы дағдарысты құбылыстардың туындауын болдырмау немесе олардың ықтимал теріс салдарын жеңілдету жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
3. ЭСК-нің қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі
7. ЭСК-нің қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 19.10.2023 № 162-ө өкімімен.