Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 57-ө өкімі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 15.06.2020 № 83-ө өкімімен.

      2. "Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 33-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төрағаның орынбасары";

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрі";

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген жол алып тасталсын;

      көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес туралы ережеде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. ЭСК отырыстары қажеттілігіне қарай өткiзiледi.".

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қырқүйектегі № 90-ө өкімінде:

      көрсетілген өкімге 1-қосымшада:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі";

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі";

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі";

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестің құрамына:

      Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму және ақпарат министрі;

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі енгізілсін;

      "Ұлттық талдамалық орталық" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Стратегиялық бастамалар орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аға серіктесі (келісім бойынша)";

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген жол алып тасталсын;

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес туралы ережеде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.";

      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) базалық факторлар ("Институттар", "Инфрақұрылым", "Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу", "Инновациялық әлеует", "Денсаулық", "Дағдылар", "Еңбек нарығы", "Макроэкономикалық тұрақтылық", "Нарық көлемі", "Бизнес серпінділігі", "Тауарлар нарығы", "Қаржы жүйесі") көрсеткіштерін жақсарту арқылы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;".

      көрсетілген өкімге 2-қосымшада:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі";

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары" деген жол алып тасталсын.

      көрсетілген өкімге 3-қосымшада:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төрағаның орынбасары";

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы";

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі";

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі";

      мына:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы (келісім бойынша)" деген жолдар алып тасталсын;

      көрсетілген өкіммен бекітілген Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес туралы ережеде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.".

      көрсетілген өкімге 6-қосымшада:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі";

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі";

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі";

      "Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі" деген жол алып тасталсын;

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі.".

      4. "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 114-ө өкімінде:

      көрсетілген өкімге 2-қосымшада:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға";

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркəсібі вице-министрі";

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі".

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Комиссияның отырыстары қажеттiлігiне қарай өткiзiледi.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Комиссияның негiзгi мiндетi сыртқы сауданы реттеу құралдарын қолдануды, халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуды, халықаралық шарттар жасасуды, үшінші елдермен сауда мәселелерін реттеуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу, оның ішінде:

      1) кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      2) уақытша шараларды қoca алғанда, арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақылық шараларды қолданудың орындылығы туралы ұсыныстарды қарау;

      3) жауап шараларды қолдану, сондай-ақ халықаралық санкцияларға қатысу шеңберінде қолданылатын шараларды қолдану жөнінде ұсыныстар әзiрлеу;

      4) Дүниежүзілік сауда ұйымына және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болу шеңберінде сыртқы сауда мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының келіссөздік ұстанымына ұсыныстар әзірлеу;

      5) Дүниежүзілік сауда ұйымының Сауда рәсімдерін жеңілдету бойынша келісімін іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.".

      5. "Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 38-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға";

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне коммуникациялар вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі вице-министрі";

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму вице-министрі".

      көрсетілген өкіммен бекітілген Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.".

      6. "Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 143-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға";

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі";

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрі";

      "Қазақстан Республикасының қоғамдық даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі";

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген жол алып тасталсын;

      көрсетілген өкіммен бекітілген Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережеде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.".

      7. "Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 146-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға";

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі";

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму вице-министрі".

      көрсетілген өкіммен бекітілген Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.".

      8. "Ерекше маңызы бар концессиялық жобалар жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 59-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Ерекше маңызы бар концессиялық жобалар жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға";

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі".

      9. "Өңірлік саясат жөнінде кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 155-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Өңірлік саясат жөніндегі кеңестің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға";

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму вице-министрі";

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне коммуникациялар вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі вице-министрі";

      "Қазақстан Республикасының қоғамдық даму вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі".

      көрсетілген өкіммен бекітілген Өңірлік саясат жөнінде кеңес құру туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.".

      Премьер-Министр А. Мамин