Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 14 желтоқсан N 1917

Жаңартылған

       Экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

     2. Қоса беріліп отырған:
     1) Комиссия құрамы;
     2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.

     3. Комиссияның жұмыс органы болып Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі белгіленсін.
     Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.04.06. N 451  қаулысымен .  

     4. Мыналар таратылсын: 
     1) Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы;
     2) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты жөніндегі үкіметтік комиссиясы. 

     5. <*>
      Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N 1300  қаулысымен .

     6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

     7. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылдаған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде заңдарда белгіленген тәртіппен ұсыныс енгізсін. 
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.11.28. N 1539  қаулысымен .

     8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің    
1999 жылғы 14 желтоқсандағы      
N 1917 қаулысымен          
бекітілген              

Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау
мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының
құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.04.03. N 489   қаулысымен ,   2000.07.28. N 1157   қаулысымен , 2000.10.16. N 1540  қаулысымен , құрам жаңа редакцияда - 2001.11.28. N 1539   қаулысымен , 2002.03.26. N 355  қаулысымен , 2002.10.31. N 1155  қаулысымен , 2003.06.06. N 536  қаулысымен , 2003.09.02. N 891  қаулысымен , 2005.03.19. N 254  қаулысымен , 2005.06.28. N 644  қаулысымен , 2005.09.21. N 936  қаулысымен , 2006.07.20. N 695  қаулысымен .  

Мәсiмов                - Қазақстан Республикасы Премьер
Кәрiм Қажымқанұлы        Министрiнiң орынбасары - Экономика
                         және бюджеттiк жоспарлау министрi,
                         төраға

Тоқаев                 - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Қасымжомарт Кемелұлы     iстер министрi

Шабдарбаев             - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Амангелдi Смағұлұлы      қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы

Iзмұхамбетов           - Қазақстан Республикасының
Бақтықожа Салахатдинұлы  Энергетика және минералдық
                         ресурстар министрi

Қажыкен                - Қазақстан Республикасы Индустрия 
Мейрам Зекешұлы          және сауда министрлiгi Өнеркәсiп
                         және ғылыми-техникалық дамыту
                         комитетiнiң төрағасы

Коржова                - Қазақстан Республикасының Қаржы
Наталья Артемовна        министрi
     
Школьник               - Қазақстан Республикасының Индустрия
Владимир Сергеевич       және сауда министрi, төрағаның
                         орынбасары 

Нұрсейітов             - Қазақстан Республикасының
Азамат Айтқалиұлы        Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Сыртқы
                         байланыстар бөлiмi меңгерушiсiнiң
                         орынбасары, Мемлекеттiк комиссияның хатшысы

Ким                    - Қазақстан Республикасының
Георгий Владимирович     Әділет министрі 
 
Алтынбаев              - Қазақстан Республикасының
Мұхтар Қапашұлы          Қорғаныс министрі 

Балиева                - Қазақстан Республикасының
Зағипа Яхияқызы          Әділет министрі 

Мұқашев                - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi
Жанат Бәзiкенұлы         Кеңсесiнiң Сыртқы байланыстар бөлiмi
                         меңгерушiсiнiң орынбасары, Мемлекеттік
                         комиссияның хатшысы

Шәкiров                - Қазақстан Республикасы Қаржы
Асқар Оразалыұлы         министрлiгi Кедендiк бақылау
                         комитетiнiң төрағасы

Тәңiрберген            - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк
Саидмұрат Бапанұлы       Кеңесiнiң Хатшылығы меңгерушiсiнiң
                         орынбасары (келiсiм бойынша)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің     
1999 жылғы 14 желтоқсандағы       
N 1917 қаулысымен             
бекітілген                 

  Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау
мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы
Ереже

   1. Жалпы ережелер      

       1. Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады, қару-жарақ, әскери техника және ядролық және арнаулы ядролық емес материалдар, әскери мақсаттағы өнiм, екiұдай қолданылатын тауарлар мен технологиялар, шикiзат, материалдар, жабдықтар, технологиялар, ғылыми-техникалық ақпарат және Қазақстан Республикасының халықаралық, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiгi мен жаппай қырып-жою қаруларын таратпау режимiн нығайту мүддесiнде оларды өндiрумен әрi пайдаланумен байланысты қызмет көрсетулер экспортын бақылау саласында ұсыныстар әзірлейді. 
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.11.28. N 1539  қаулысымен

         2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 

      3. Комиссияның шешімдері ұсыныстық сипатта болады. 

                  2. Комиссияның негізгі міндеттері  

      4. Комиссияның негізгі міндеттері: 
      1) экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорттық-импорттық жеткізілімі, қайталама экспорты мен транзиті саласында мемлекеттік саясатты іске асыру; 
      2) барлық орталық атқарушы органдардың, ведомстволардың іс-қимылын үйлестіру және экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорт-импорты, қайталама экспорты және транзиті жөніндегі қызметті жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғаларға ұсынымдар әзірлеу; 
      3) экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорт-импорты, қайталама экспорты және транзиті мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын мемлекеттік органдардың сақтауына бақылауды ұйымдастыру; 
      4) Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру, соның ішінде қару-жарақ, әскери техника, ядролық материалдар мен екіұдай мақсаттағы өнім экспортына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы заңдарын жетілдіру, Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі халықаралық режимдеріне қатысу және т.с.с. 
      5) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің рәсімдері мен ережелерін халықаралық таратпау режимдерінің нормаларымен және ережелерімен үндестіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады. 

              3. Комиссияның функциялары 

      5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңдарда белгіленген тәртіппен мына функцияларды жүзеге асырады: 
      1) Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты-импорты және транзиті жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларын қарайды; 
      2) экспорттық бақылау жөніндегі халықаралық режимдерге (Ядролық жеткізіп берушілер тобы, Ракеталық технологияларды бақылау режимі, Австралиялық топ, Вассенаар уағдаластығы және тағы басқалар) Қазақстан Республикасының қатысу мүмкіндігін қарайды; 
      3) экспорттық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      4) әскери өнеркәсіпті конверсиялау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      5) көптарапты экспорттық бақылау саласында халықаралық
ұйымдармен өзара іс-қимыл бөлігінде ұсынымдар әзірлейді;
      6) экспорттық бақылауға жататын өнімдер контрабандасының жолын кесу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      7) экспорттық бақылау саласында белгіленген ережелер мен рәсімдердің сақталуына бақылау тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар даярлайды;
      8) бақылау тізіміне енетін өнім номенклатурасы жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      9) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес экспорттық бақылау саласындағы ұлттық заңнаманы үйлестiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
     10) экспорттық бақылау саласында шетел тәжірибесін қорытындылайды;
     11) мемлекеттік органдарға жөнелтілер алдындағы кезеңде және экспорттық бақылауға жататын өнімдердің түпкілікті пайдаланылуына тексеру жүргізуді ұсынады;
     12) өзінің құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелерді қарайды.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.09.21. N  936  қаулысымен.  

   4. Комиссияның құқықтары

      6. Комиссия өзіне жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыру және міндеттерді орындау кезінде заңдарда белгіленген тәртіппен: 
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне республиканың стратегиялық мүдделерін қорғау жөніндегі ұсыныстарды табыс етуге; 
      2)  (алынып тасталды)
      3) мемлекеттік органдардың құзіретіне кіретін, алайда қару-жарақтардың экспорты-импорты мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының мемлекетаралық экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастығы мәселелерін әзірлеуге және қарауға қатысуына; 
      4) өз құзыретінің шегінде хаттамалар түрінде шығарылатын ұсыныс сипатындағы шешімдер қабылдауға; 
      5) экспорттық бақылау мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзуге және нормативтік құқықтық актiлердiң жобаларын қарауға;
      6) Комиссияға жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажетті материалдарды мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан сұратуға; 
      7) қаралатын мәселелерге қосымша сараптамалық бағалау жүргізу үшін орталық атқарушы органдардың, ведомстволардың, өзге де заңды тұлғалардың қызметкерлері қатарынан сарапшыларды, сондай-ақ жеке тұлғаларды тартуға; 
      8) қостараптық және көптараптық негізде үкіметаралық ынтымақтастық туралы шарттар мен келісімдер әзірлеуге және Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуға; 
      9) экспорттық бақылаудың мәселелерін пысықтау үшін жұмыс топтарын құру жөнінде ұсыныстар енгізуге; 
      10) заңдарға сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 
       Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.09.21. N  936  қаулысымен.

  5. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

      7. Комиссияға басшылық жасауды оның төрағасы болып табылатын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары жүзеге асырады. Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiру үшiн және Комиссия тұжырымдайтын шешiмдер үшiн дербес жауапкершілікте болады. Төраға болмаған уақытта оңың функцияларын орынбасары орындайды.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.10.31. N 1155  қаулысымен , 2006.07.20. N 695  қаулысымен .  

      8. Комиссияның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 
      1)  алынып тасталды
      2)  алынып тасталды
       Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.10.31. N 1155  қаулысымен .  

      9.  алынып тасталды
       Ескерту. 9-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.10.31. N  1155  қаулысымен .

      10. Комиссияның жұмысы ағымдағы және келешекті жоспарлар негізінде жүзеге асырылады. 
      Комиссия мәжілістері қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанында кемінде бір рет, оның мүшелерінің кемінде жартысы болған кезінде өткізіледі. 
       Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.10.31. N 1155  қаулысымен .

      11. Мәжілістің күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша шешімдер мәжіліске қатысып отырған Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып саналады. 
       Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.10.31. N 1155  қаулысымен .  

      12. Комиссия мәжілістері күн тәртібінің мәселелерін қараудың нәтижелері әрбір мәселе бойынша дауыс берудің қорытындылары көрсетіле отырып, Комиссия (кіші комиссия) мүшелерiнiң барлығы мiндеттi түрде қол қоятын тиісті хаттамаларға енгізіледі. 
       Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.10.31. N 1155  қаулысымен , 2006.07.20. N 695  қаулысымен .

      13. Комиссия (кіші комиссия) мәжілістерінің хаттамаларын Комиссия хатшысы ресімдейді.
       Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.20. N 695  қаулысымен .  

      14. Комиссияның жұмыс органы отырысқа дейiн кемiнде 10 (он) күнтiзбелiк күн бұрын және қарау үшiн 7 (жетi) күнтізбелік күннен аспайтын мерзiмде Комиссия мүшелерiне жiберетiн Комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар мен қажетті материалдарды дайындайды.
       Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.09.21. N  936  қаулысымен.

      15. <*>
      Ескерту. 15-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.03.19. N 254  қаулысымен .

     16. <*>
      Ескерту. 16-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.09.21. N  936  қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 14 желтоқсандағы   
N 1917 қаулысына қосымша     

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші
жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасында Экспорттық бақылау жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 24 наурыздағы N 338  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 10, 118-құжат). 

      2. "Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 қыркүйектегі N 950  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 34, 307-құжат). 

      3. "Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты жөніндегі жекелеген мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 наурыздағы N 278   қаулысының  1-4, 8-тармақтары. 

      4. "Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 маусымдағы N 694  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 25, 235-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 24 наурыздағы N 338 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 қыркүйектегі N 1311  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 45, 406-құжат).

     6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 қыркүйектегі N 1363  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 46, 422-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.