Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі N 936 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 367 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 15.06.2017 № 367 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 54, 541-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегі мемлекеттік комиссиясының құрамына мыналар енгізiлсiн:

      Тәңiрберген - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк

      Саидмұрат Бапанұлы Кеңесiнiң Хатшылығы меңгерушiсiнiң

       орынбасары (келiсiм бойынша)

      Кравченко - Қазақстан Республикасының Индустрия және

      Иван Михайлович сауда бiрiншi вице-министрi;

       мына:

      "Мұқашев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң

      Жанат Бәзiкенұлы Кеңсесi Сыртқы байланыстар бөлiмiнiң сектор

       меңгерушiсi, Мемлекеттiк комиссияның

       хатшысы"

       деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мұқашев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi

      Жанат Бәзiкенұлы Кеңсесiнiң Сыртқы байланыстар бөлiмi

       меңгерушiсiнiң орынбасары, Мемлекеттік

      комиссияның хатшысы";

       көрсетілген құрамнан Өтембаев Ерiк Мылтықбайұлы, Лукин Андрей Иванович шығарылсын;

       2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы туралы ережеде:

       5-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес экспорттық бақылау саласындағы ұлттық заңнаманы үйлестiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;";

      6-тармақта:

      2) тармақша алынып тасталсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) экспорттық бақылау мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзуге және нормативтік құқықтық актiлердiң жобаларын қарауға;";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Комиссияның жұмыс органы отырысқа дейiн кемiнде 10 (он) күнтiзбелiк күн бұрын және қарау үшiн 7 (жетi) күнтізбелік күннен аспайтын мерзiмде Комиссия мүшелерiне жiберетiн Комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар мен қажетті материалдарды дайындайды.";

      16-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Pеспубликасының
Премьер-Министрі