Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 14 желтоқсан N 1917

Қолданыстағы

     Экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан 
Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі 
мемлекеттік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
     2. Қоса беріліп отырған:
     1) Комиссия құрамы;
     2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
     3. Комиссияның жұмыс органы болып Қазақстан Республикасының 
Экономиика және сауда министрлігі белгіленсін.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.06. N 451          
              қаулысымен.  

P010451_

 
     4. Мыналар таратылсын:
     1) Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөніндегі мемлекеттік 
комиссиясы;


      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты жөніндегі үкіметтік комиссиясы.
      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 P990156_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 6, 40-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіндегі 18-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "18-1. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорттық-импорттық жеткізілімі және транзитті мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларын дайындауды Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының жұмыс органы жүзеге асырады.
      Аталған қаулылар жобаларын келісу және енгізу мәселелері осы

Мемлекеттік комиссия туралы ережемен белгіленеді".
     6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір 
шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
     7. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда 
министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылдаған шешімдерін 
осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде заңдарда белгіленген тәртіппен ұсыныс 
енгізсін.
     8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
                                  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                     1999 жылғы 14 желтоқсандағы
                                         N 1917 қаулысымен
                                            бекітілген
     
     
     Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау
    мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының
                  құрамы
     
     ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - Қазақстан Республикасының 2000.04.03. N 489
              қаулысымен.  

P000489_

 
     Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.28. N 1157             
              қаулысымен. 

P001157_

 
     Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.16. N 1540             
              қаулысымен. 

P001540_

 
     
     
     Тоқаев                  - Қазақстан Республикасының Премьер
     Қасымжомарт Кемелұлы      Министрі, Төраға
     
     Саудабаев               - Қазақстан Республикасының Премьер-
     Қанат Бекмырзаұлы         Министрі Кеңсесінің Басшысы,
                               Төрағаның бірінші орынбасары
     
            экспорттық бақылауға жататын өнім экспорты-импорты және
                  транзиті мәселелері жөніндегі кіші комиссия
     
     Ыдырысов                - Қазақстан Республикасының Сыртқы
     Ерлан Әбілфайызұлы        істер министрі, Төрағаның орынбасары,
                               төраға
     
     Кәкімжанов              - Қазақстан Республикасының
     Зейнолла Халидоллаұлы     Мемлекеттік кіріс министрі
     
     Тоқпақбаев              - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
     Сәт Бесімбайұлы           министрі
     
     Школьник                - Қазақстан Республикасының
     Владимир Сергеевич        Энергетика, индустрия және сауда
                               министрі
     Шайманов Болат Елтайұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік
                               комитеті төрағасының орынбасары (келісім  
                               бойынша)
<*>

          
          
     Экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі кіші комиссия
     
     Нефедов Петр Петрович   - Қазақстан Республикасының Энергетика,     
                               индустрия және сауда вице-министрі,       
                               төраға 
<*>

     
     Әбсаметов               - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
     Мәлiс Құдысұлы            ғылым министрлігінiң Департамент
                               директоры
<*>

     
     Ержанов                 - Қазақстан Республикасының Энергетика,
     Бақыт Ахметұлы            индустрия және сауда министрлiгінiң
                               Департамент директоры, Мемлекеттік
                               комиссияның хатшысы, экспорттық
                               бақылау жүйесiн жетiлдiру жөнiндегі кiшi
                               комиссияның хатшысы
<*>

   
     Аханов                  - Қазақстан Республикасының
     Серік Ахметжанұлы         Экономика вице-министрі
     
     Сәйденов                - Қазақстан Республикасының Қаржы
     Әнуар Ғалимоллаұлы        вице-министрі
     
     Байәділов               - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік
     Ерғали Мұхаметжанұлы      Кеңесінің сектор меңгерушісі
                               (келісім бойынша)
     
     Байғарин                - Қазақстан Республикасының
     Бекболат Әбдіғаниұлы      Энергетика, индустрия және сауда
                               министрлігі Қорғаныс өнеркәсібі
                               жөніндегі комитетінің төрағасы
     
     Дүсіпов                 - Қазақстан Республикасының
     Шаймардан Атабекұлы       Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы
                               экономикалық байланыстар бөлімінің
                               сектор меңгерушісі
     
     Жантикин                - Қазақстан Республикасының
     Тимур Мифтақұлы           Энергетика, индустрия және сауда
                               министрлігі Атом энергетикасы жөніндегі
                               комитетінің төрағасы
     
     Молдабеков              - Қазақстан Республикасы Энергетика,
     Мейірбек                  индустрия және сауда министрлігі 
                               Аэрағарыш комитетінің төрағасы
     
     Нүкенов                 - Қазақстан Республикасының
     Маратқали Ордабайұлы      Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден
                               комитетінің төрағасы
     
     Төлебай Алмас           - Қазақстан Республикасының
     Қажыкенұлы                Энергетика, индустрия және
                               сауда министрлігінің
                               Департамент директоры
<*>

     
     
                                     Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                        1999 жылғы 14 желтоқсандағы
                                             N 1917 қаулысымен
                                                 бекітілген
     
     Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері
           жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы
                           Ереже
     
                  1. Жалпы ережелер
     


      1. Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады, қару-жарақ, әскери техника және екіұдай мақсаттағы өнім экспортын бақылау саласында ұсыныстар әзірлейді.
      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      3. Комиссияның шешімдері ұсыныстық сипатта болады.

                 2. Комиссияның негізгі міндеттері

      4. Комиссияның негізгі міндеттері:
      1) экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорттық-импорттық жеткізілімі, қайталама экспорты мен транзиті саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) барлық орталық атқарушы органдардың, ведомстволардың іс-қимылын үйлестіру және экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорт-импорты, қайталама экспорты және транзиті жөніндегі қызметті жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғаларға ұсынымдар әзірлеу;
      3) экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорт-импорты, қайталама экспорты және транзиті мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын мемлекеттік органдардың сақтауына бақылауды ұйымдастыру;
      4) Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру, соның ішінде қару-жарақ, әскери техника, ядролық материалдар мен екіұдай мақсаттағы өнім экспортына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы заңдарын жетілдіру, Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі халықаралық режимдеріне қатысу және т.с.с.
      5) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің рәсімдері мен ережелерін халықаралық таратпау режимдерінің нормаларымен және ережелерімен үндестіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

             3. Комиссияның функциялары

      5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңдарда белгіленген тәртіппен мына функцияларды жүзеге асырады:
      1) Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты-импорты және транзиті жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларын қарайды;
      2) экспорттық бақылау жөніндегі халықаралық режимдерге (Ядролық жеткізіп берушілер тобы, Ракеталық технологияларды бақылау режимі, Австралиялық топ, Вассенаар уағдаластығы және тағы басқалар) Қазақстан Республикасының қатысу мүмкіндігін қарайды;
      3) экспорттық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді

жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
     4) әскери өнеркәсіпті конверсиялау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
     5) көптарапты экспорттық бақылау саласында халықаралық ұйымдармен 
өзара іс-қимыл бөлігінде ұсынымдар әзірлейді;
     6) экспорттық бақылауға жататын өнімдер контрабандасының жолын кесу 
жөнінде ұсыныстар енгізеді;
     7) экспорттық бақылау саласында белгіленген ережелер мен рәсімдердің 
сақталуына бақылау тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар даярлайды;
     8) бақылау тізіміне енетін өнім номенклатурасы жөнінде ұсыныстар 
енгізеді;
     9) экспорттық бақылауға жататын өнімді үшінші бір елдерге 
экспорттаудың ұлттық ережелері мен рәсімдерін Кеден одағы елдерімен 
үндестіруді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
     10) экспорттық бақылау саласында шетел тәжірибесін қорытындылайды;
     11) мемлекеттік органдарға жөнелтілер алдындағы кезеңде және 
экспорттық бақылауға жататын өнімдердің түпкілікті пайдаланылуына тексеру 
жүргізуді ұсынады;
     12) өзінің құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелерді қарайды.

                     4. Комиссияның құқықтары
     


      6. Комиссия өзіне жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыру және міндеттерді орындау кезінде заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне республиканың стратегиялық мүдделерін қорғау жөніндегі ұсыныстарды табыс етуге;
      2) экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты, қайталама экспорты мен транзиті мәселелері жөніндегі Комиссияның жұмысшы органы дайындаған Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары жобасын қарауға;
      3) мемлекеттік органдардың құзіретіне кіретін, алайда қару-жарақтардың экспорты-импорты мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының мемлекетаралық экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастығы мәселелерін әзірлеуге және қарауға қатысуына;
      4) өз құзыретінің шегінде хаттамалар түрінде шығарылатын ұсыныс сипатындағы шешімдер қабылдауға;
      5) Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге және нормативтік құқықтық актілерді қарауға;
      6) Комиссияға жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажетті материалдарды мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан сұратуға;
      7) қаралатын мәселелерге қосымша сараптамалық бағалау жүргізу үшін орталық атқарушы органдардың, ведомстволардың, өзге де заңды тұлғалардың қызметкерлері қатарынан сарапшыларды, сондай-ақ жеке тұлғаларды тартуға;
      8) қостараптық және көптараптық негізде үкіметаралық ынтымақтастық туралы шарттар мен келісімдер әзірлеуге және Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуға;
      9) экспорттық бақылаудың мәселелерін пысықтау үшін жұмыс топтарын құру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      10) заңдарға сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

                 5. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

      7. Комиссияға оның Төрағасы болып табылатын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басшылық жасайды. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның өкілеттіктерін Комиссия төрағасының бірінші орынбасары атқарады.
      8. Комиссияның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Комиссияның құрамына екі кіші комиссия кіреді, олардың жеке өткізілетін:
      1) экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты-импорты және транзиті мәселелері жөніндегі кіші комиссияның мәжілісін - Комиссия төрағасы, ол жоқ уақытта - Төрағаның бірінші орынбасары жүргізеді;
      2) экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі кіші комиссияның мәжілісін Комиссия төрағасы немесе Төраға орынбасары жүргізеді.
      9. Комиссия мүшелері Комиссияның (кіші комиссиялардың) мәжілістеріне алмастыру құқығынсыз қатысады.
      10. Комиссияның жұмысы ағымдағы және келешекті жоспарлар негізінде жүзеге асырылады.
      Комиссия мәжілістері қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанында кемінде бір рет, оның мүшелерінің кемінде жартысы болған кезінде өткізіледі.
      Кіші комиссиялардың мәжілістерін өткізу кезеңділігін Комиссия Төрағасы белгілейді.
      11. Мәжілістің күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша шешімдер мәжіліске қатысып отырған Комиссия (кіші комиссия) мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып саналады.
      12. Комиссия (кіші комиссия) мәжілістері күн тәртібінің мәселелерін қараудың нәтижелері әрбір мәселе бойынша дауыс берудің қорытындылары көрсетіле отырып, мәжіліске қатысқан Комиссия (кіші комиссия) мүшелері қол қоятын тиісті хаттамаларға енгізіледі.
      13. Комиссия (кіші комиссия) мәжілістерінің хаттамаларын Комиссия (кіші комиссия) хатшысы ресімдейді және төрағалық етуші қол қояды.
      14. Комиссияның жұмыс органы Комиссия (кіші комиссия) мәжілістерінің күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен қажетті материалдар дайындайды.
      15. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Экспорттық бақылауға жататын өнiмдердiң экспорты, импорты және транзитi жөнiндегi қаулыларының жобаларын (бұдан әрi - жобалар) Комиссияның жұмыс органы әзiрлейдi және экспорттық бақылауға жататын өнiмдердiң экспорты, импорты және транзитi мәселелерi жөнiндегi кiшi комиссияның мүшелерiне (бұдан әрi - бiрiншi кiшi комиссия) жiберiледi. Бiрiншi кiшi комиссияның мүшелерi жобаны алғаннан кейiн екi күн iшiнде Комиссияның жұмыс органына келiсiм-хаттар (ескертпелерi бар келiсiм-хаттар, не келiсiмнен дәлелдi бас тарту) жiбередi.
      Келiсiмнiң мерзімі өткеннен кейін Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне тиiстi жобаны енгiзедi, бұл ретте жобаларда бiрiншi кiшi комиссия мүшелерiнiң немесе мемлекеттiк органдар басшыларының қолы болуы талап етiлмейдi.
      Жобаға мiндеттi түрде мыналар қоса берiледi:
      түсiндiрме жазба;
      келiсiм-хаттар (ескертпелерi бар келiсiмдер, не болмаса келiсiмнен дәлелдi бас тарту).
      Ескертпелерi бар келiсiм-хаттар (дәлелдi бас тарту) болған жағдайда,

Комиссияның жұмыс органы жобаға қоса берiлетiн келiспеушiлiк хаттамасын 
жасайды.
     Бiрiншi кiшi комиссия мүшесiнен келiсiм-хат болмаған жағдайда, мұның 
себептерi iлеспе хатта көрсетiледi. 
<*>

     16. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң экспорттық бақылауға жататын 
өнiмдердiң экспорты, импорты және транзитi жөнiндегi қаулыларын Yкiмет 
қажет болған жағдайда, олар бiрiншi кiшi комиссия мәжiлiстерiнде 
қаралғаннан кейiн қабылдай алады. 
<*>

     Ескерту. 15, 16-тармақтар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.10.16. 
              N 1540 қаулысымен. 

P001540_

 

     
                                     Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                       1999 жылғы 14 желтоқсандағы
                                        N 1917 қаулысына қосымша
     
     Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші
     жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
     


      1. "Қазақстан Республикасында Экспорттық бақылау жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 24 наурыздағы N 338 P950338_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 10, 118-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 қыркүйектегі N 950 P980950_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 34, 307-құжат).
      3. "Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты жөніндегі жекелеген мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 наурыздағы N 278 P990278_ қаулысының 1-4, 8-тармақтары.
      4. "Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 маусымдағы N 694 P990694_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 25, 235-құжат).
      5. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 24

наурыздағы N 338 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 1999 жылғы 6 қыркүйектегі N 1311  

P991311_

  қаулысы (Қазақстан 
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 45, 406-құжат).
     6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 қыркүйектегі 
N 1363  

P991363_

  қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., 
N 46, 422-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір 
шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.
     
     
                       
     
   Оқығандар:
  Қобдалиева Н.М.
  Орынбекова Д.К.