Қазақстан Республикасы Үкіметінің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 16 қазан N 1540. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 367 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Төрағаның міндетін атқарушы Н.I.Өкеев, Кеңес мүшелері Ж.Д.Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан құрамда, мына өкілдердің:

      өтініш субъектiсiнен - Қазақстан Республикасының әділет вице-министрі А.Н.Котловтың,

      Қазақстан Республикасының Парламентінен - депутаттар Е.Ж.Жұмабаев пен Ж.Қалиұлының,

      Республиканың Әділет министрлігінен - халықаралық құқық және хаттама департаментiнің директоры В.А.Калюжныйдың,

      Республиканың Сыртқы істер министрлiгінен - шарт жасасу-құқықтық департаментінің халықаралық-құқықтық мәселелер бөлiмiнiң бастығы А.Б.Қарашевтің, осы бөлімнiң үшінші хатшысы А.К. Кинжебаеваның қатысуымен,

      өзiнің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру жөніндегі өтінішін қарады.

      Ұсынылған материалдарды зерделеп, баяндамашы Ж.Д.Бұсырмановты, өтiнiш субъектісiнiң өкілін және өзге де отырыс қатысушыларын тыңдап, сондай-ақ халықаралық құқық саласының тәуелсіз маманы, заң ғылымының кандидаты Ж.О.Құлжабаеваның қорытындысымен танысып шығып, Қазақстан Республикасының Конституцияның Кеңесi мынаны

       анықтады:


      1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 2000 жылғы 11 қыркүйекте Республика Премьер-Министрiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру жөнiндегi өтiнiшi келiп түстi.

      Бұл өтiнiште, 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 4-бабы 3-тармағында Қазақстан бекiткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы белгiленген деп атап көрсетiледi. Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшiн жою тәртiбi туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы заң күшi бар Жарлығының U952679_ 11-бабында бекiтуге жататын халықаралық шарттар белгiленген.

      Осыған орай, өтiнiште атап көрсетiлгенiндей, Қазақстан Республикасы бұдан алдын жасасқан, Қазақстан заңдарында көзделгендегiден өзгеше ережелердi белгілейтiн бiрқатар халықаралық шарттар 1995 жылғы Республика Конституциясының және жоғарыда аталған Президент Жарлығының нормаларына қарама-қайшы келген. Өтiнiш субъектiсi, "Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғанға дейiн жасасып, бекiтiлмеген және олардың күшiне енуiнiң шарты ретінде бекiту көзделмеген, халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасы заңдарынан басымдығы бола ма ?" - деген сұраққа жауап берудi сұрайды.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясы K951000_ 4-бабының 3-тармағын түсiндiру кезiнде Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны ескердi.

      Конституцияның 4-бабы 3-тармағында "Республика бекiткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады" деп белгiленген. Бұл, Қазақстан Республикасы, өзi жасасқан халықаралық шарттардың Республика Парламентi тиiстi заң қабылдау жолымен бекiткендерiнің ғана ұлттық заңдардан басым заңи күшi болуына келiсiм бiлдiредi деген сөз.

      Конституцияның бұл келтiрiлген нормасының мағынасынан, Қазақстан бекiткен халықаралық шарттардың ғана Республика заңдарынан басым болатындығы келiп шығады. Бекiтiлген халықаралық шарттардың заңдардан басымдығы және Республиканың аумағында дегенде, мұндай шарттар нормаларының заң нормаларына қайшы келетiн реттерде басымдығы көзде тұтылады.

      Бекiтiлмеген халықаралық шарттардың Республика заңдарынан мұндай басымдығы жоқ. Қазақстан 1995 жылғы Конституция қабылданғаннан кейiн жасасқан, бекiтуге жатпайтын барлық халықаралық шарттар, Республика заңдарына қайшы келмейтiндей шамада орындалуға тиіс. Араларында қайшылық болған жағдайда, шарттасу тараптары Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшiн жою тәртiбi туралы" заң күшi бар Жарлығына, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларына сәйкес, келiсу рәсiмi арқылы оларды шеше алады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Конституциялық Кеңесінің 17.04.2017 № 2 нормативтік қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы 1995 жылғы Конституция қабылданғанға дейiн жасасқан кейбiр халықаралық шарттардың, 1993 жылғы Конституцияда басымдығы көзделген келiсiмдер санаттарының қатарына жатқандықтан, заңдардан басымдығы болатын. Мәселен, 1993 жылғы Республика Конституциясының 3-бабында адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы Қазақстан Республикасы таныған халықаралық-құқықтық актiлердің оның заңдарынан басым болуына жол берiлетiн. Бұл актiлердің, Қазақстан оларды танып отырғандықтан, Республиканың 1995 жылғы Конституция қабылданғаннан кейiн бекiтiлген халықаралық шарттарымен тең заңи күшi бар.

      Одан тыс, Республиканың жекелеген заңдарында халықаралық шарттардың бұл заң нормаларынан басымдығы көзделедi. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлiмнің) K941000_ 3-бабы 8-тармағында: "Егер Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартта Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, аталған шарттың ережелерi қолданылады..." - деп белгiленген.

      Дәл осындай нормалар, 1995 жылғы Конституция күшiне енгенге дейiн қабылданған "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Z952235_ (1-баптың 3-тармағы), "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ (6-бап) Қазақстан Республикасының Заңдарында баянды етiлген. Бұл нормалар 1993 жылғы Конституцияға қайшы келмейтiн. Олар 1995 жылғы Конституция қабылданғаннан кейiн де күшiнде қала бередi, өйткенi бұл заң актiлерiнің күшiн Қазақстан Республикасының Парламентi жойған жоқ және 1995 жылғы Конституция күшiне енгеннен кейiн де олар күшiнде қалып келедi.

      1993 жылдың 31 наурызында Қазақстан Республикасы халықаралық шарттардың құқығы туралы 1969 жылғы Вена Конвенциясына қосылды, оның, 4-бапта айтылғанындай, "керi күшi болмайды", яғни Конвенция "шарт жасасқан мемлекеттерге қатысты оның күшiне енуiнен соң, мемлекеттер жасасқан шарттарға ғана" қатысты қолданылады. "Расtа sunt servanda" - "қолданылып жүрген әрбiр шарт оның қатысушылары үшiн мiндеттi және адалдықпен орындалуы тиiс" (26-бап) - деген принциптi баянды ете отырып, бұл Конвенция шарттардың орындалу тәртiбiн анықтамайды. Ол мемлекеттердің төтенше конституциялық және заң шығарушылық құзырына жатады және халықаралық құқықтың жаппай танылған принципi - мемлекеттердің егемендiк теңдiгiнен келiп шығады.

      4. Конституцияның K951000_ 4-бабы 2-тармағында "Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және Республиканың бүкiл аумағында ол тiкелей қолданылады" деп белгiленген. Осы баптың 1-тармағына сай, Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық деп, Республиканың Конституция нормаларына сәйкес келетiн халықаралық шарттары және өзге де мiндеттемелерi танылады. Жоғарыда келтiрiлген заң актiлерiнде олардың басымдығы туралы айтылған, Қазақстан Республикасы 1995 жылғы Конституция қабылданғанға дейiн жасасқан, күшiне енуiнің шарты ретiнде бекiту көзделмеген халықаралық шарттар күшiнде қалады және тиiстi түрде орындалуға тиiс. Демек, жаңа конституциялық-құқықтық өрiсте, 1995 жылғы Конституция нормаларымен бiр уақытта орын алған, Қазақстанның бұл шарттары және өзге де мiндеттемелерi елдегi қолданылатын құқық жүйесiне кiредi.

      Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын және Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының U952737_ 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 31, 32 және 37-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру тәртiбiмен, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 3-тармағын, Республика Конституциясына сәйкес, заңда белгіленген тәртiппен жасалған және Республика Парламентi тиiстi заң қабылдау жолымен бекiткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басым заңи күшi бар деп тану және қолдану лазым.

      2. 1995 жылғы Конституция қабылданғанға дейiн жасалған, күшiне енуiнің шарты ретiнде бекiту көзделмеген халықаралық шарттардың күшi бар болып табылады және Республиканың тиiстi құқықтық қатынастар саласын реттейтiн заңдарында осы халықаралық шарттар үшiн мұндай басымдық тiкелей көзделген болса, онда Республика заңдарынан басымдығы сақталады.

      3. Қазақстан Республикасы Конституциясы K951000_ 74-бабының


      3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi,

      Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, шағымдануға

      жатпайды және Қазақстан Республикасы Конституциясы 73-бабының 4-тармағында

      көзделген жағдайды ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.

      4. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс

      тілдерінде жариялансын.

      Қазақстан Республикасы

      Конституциялық Кеңесі

      Төрағасының міндетін атқарушы

      Мамандар:

      Багарова Ж.А.

      Икебаева А.Ж.