Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 24 наурыздағы N 338 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 6 қыркүйек N 1311. Kүшін жойды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.12.14. N 1917 қаулысымен. ~P991917

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау

жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының орталық атқарушы

органдарының, ведомстволарының, облыстардың, Астана және Алматы қалалары

әкімдерінің қатысуымен әзірлеген Қазақстан Республикасының

әлеуметтік-экономикалық дамуының 2000 жылға арналған индикативтік жоспары

мақұлдансын.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


                                    Қазақстан Республикасы

                                          Үкіметінің

                                   1999 жылғы 1 қыркүйектегі

                                    N 1287 қаулысымен

                                        мақұлданған


     Қазақстан Республикасының Экономикалық

        жоспарлау жөніндегі агенттігі


     Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық

     дамуының 2000 жылға арналған индикативтік жоспары


     Кіріспе



 
       Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2000 жылға арналған индикативтік жоспары "Бюджеттік жүйе туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 357-1 Z990357_ ҚРЗ Заңына және "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын әзірлеудің және іске асырудың тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 14 мамырдағы N 596 P960596_ қаулысына сәйкес әзірленді.
      Оны әзірлеу орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың жекелеген бағыттары бойынша ой-ниеттері мен ұсыныстарын ескере отырып жүзеге асырылды.
      Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі Стратегиясында, Қазақстан Республикасы дамуының 1998-2000 жылдарға арналған стратегиялық жоспарларында және республика Үкіметінің 1999 жылдың екінші жартыжылдығына және 2000 жылға арналған іс-қимылдар Бағдарламасында белгіленген міндеттерді шешуге және мақсаттарға жетуге бағытталған.
      Болжамдық көрсеткіштер елдің алдыңғы өткен жылдарда қалыптасқан

 

әлеуметтік-экономикалық даму және дүниежүзілік рынок конъюнктурасының

өзгеру үрдістеріне негізделіп белгіленді.


     1. Елдің 1999 жылғы әлеуметтік-

     экономикалық жағдайын талдау


     Дүниежүзілік тауар рыноктарының жағдайы



 
       Қазіргі уақытта дүниежүзілік тауар рыноктарында олардың отандық өнеркәсіптегі үлестері экспорттың үлкен бөлігін құрайтын мұнайдың, мұнай өнімдерінің, қара және түсті металдардың бағалары тұрақтанып келеді.
      1999 жылдың тамызында шикі мұнайдың орташа дүниежүзілік бағасы 1998 жылдың желтоқсанына қарағанда 70% жоғары болды және баррель үшін 19,1 АҚШ долларын құрады. Мұндай жоғарылаудың негізгі себептерінің бірі Мұнайды экспорттаушы елдер ұйымы мүшелерінің арасында 1999 жылдың наурызында мұнай

 

өндіруді күнінен 1,7 млн. баррельге қысқарту туралы картельдік келісімге

қол қойылуы болды.


     1999 жылдың қаңтар-шілдесіндегі мұнай бағасының динамикасы

     (қағаздағы нұсқадан қараңыз)


     Үстіміздегі жылдың шілдесінде түсті металдар рыногында мырыш 1998

жылдың желтоқсанына қарағанда 15%-ке, мыс-14,6-ке қымбаттады,

ферроқорытпалар орта есеппен 2,5%-ке арзандады.


     1999 жылдың қаңтар-шілдесіндегі металдар бағасының динамикасы

     (қағаздағы нұсқадан қараңыз)


     Мұнай мен металдардың дүниежүзілік тауар рыноктары конъюнктурасына

жасалған болжам 1999 жылдың екінші жарты жылдығында және 2000 жылы

қазақстандық экспорт өнімдеріне сұраныс тұрақтанады деп болжауға мүмкіндік

беріп отыр.


     Өнеркәсіп


     1999 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстанның өнеркәсібінде

өндірістің құлдырау үрдісі байқалды.

     Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің деректері

бойынша республиканың өнеркәсіп орындары (шағын, қосалқы кәсіпорындарды, үй

шаруашылықтары секторын қоса алғанда) 1999 жылдың ақпан-шілдесінде

қолданылып жүрген бағалармен 509,5 млрд. теңгенің өнімін шығарды, бұл 1998

жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 97,2%-ті құрайды.

     1999 жылдың қаңтар-шілдесіндегі нақты көлемнің индексі өткен жылдың

тиісті кезеңімен салыстырғанда 97,2%-ті құрады.


       Тұтасымен алғанда өнеркәсіп бойынша және салалар бойынша

             1999 жылдың қаңтар-шілдесі үшін нақты көлемін

                            индекстері


     (графикті қағаздағы нұсқадан қараңыз)



 
       Үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығы ішінде өткен жылдың тиісті

 

кезеңімен салыстырғанда тұтасымен алғанда өнеркәсіп бойынша және салалар

бойынша өндірістің құлдырауы байқалады.

     Республиканың өнеркәсіп өндірісінің құрылымында 1998 жылмен

салыстырғанда экспортқа бағытталған салалардың жұмыс тиімділігін арттыру

және өңдеу өнеркәсібінің үлес салмағын азайту, сондай-ақ электр энергиясын,

газ бен суды өндіру және бөлу есебінен тау-кен өнеркәсібінің үлесі артты.


     Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің құрылымы


_______________________________________________________________________

                                1997 жыл   1998 жыл   1999 қаңтар-шілде   

_______________________________________________________________________

Өнеркәсіп, барлығы % пен        100        100           100

    Тау-кен өнеркәсібі,          26,1       24,3          29,7

оның ішінде:

көмір және лигнит өндіру         3,3         3,4           2,0

шикі мұнай мен ілеспе газ өндіру 16,6       14,9          21,2

темір рудасын өндіру             2,3        1,7            1,0

түсті металдар рудасын өндіру    1,9        1,9            2,5

Өңдеу өнеркәсібі,                56,2       56,2           53,0

  оның ішінде:

тамақ өнімдері өндірісі         16,5        19,3           15,6

темекі бұйымдары өндірісі       1,6          1,8            1,6

тоқыма және тігін өнеркәсібі    1,8          1,8            1,6

мұнай айдау                     4,7          3,7            2,7

химия өнеркәсібі                2,1          1,6            1,4

қара металлургия                6,3          5,1            6,5

түсті металлургия өндірісі      11,5         11,5           13,8

машина жасау                    4,6           3,6            2,6

Электр энергиясын, газ бен

суды өндіру және бөлу           17,7         19,5           17,3


     Инвестициялар



 
       1999 жылдың қаңтарынан бастап шілдесін қоса алғандағы кезеңде

 

инвестициялық белсенділік төмендеді: негізгі капиталға инвестициялар 83,7

млрд. теңге құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда

3,4%-ке аз.

     1999 жылдың қаңтар-шілдесі аралығында негізгі капиталға

инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көздері кәсіпорындардың меншікті

қаражаты (жалпы көлемінің 57,7%-і) және шетелдік инвестициялар (жалпы

көлемінің 32,4%-і) болды. Бюджеттік қаржыландырудың үлесін қысқарту

жағдайында негізгі капиталға инвестицияларды қаржыландыруда жергілікті

бюджеттің үлесі өсіп келеді.


          Негізгі капитал инвестициялардың қаржыландыру көздері

                        бойынша құрылымы

______________________________________________________________________    

Қаржыландыру көздері    қаңтар-шілде   қаңтар-шілде     қаңтар-шілде

                         1998 жыл        1999 жыл        1999 жыл

                         жиынына         жиынына         млн.теңге

                         % пен алғанда   % пен алғанда

______________________________________________________________________

Негізгі капиталға       100               100             82870

барлық инвестициялар


оның ішінде мыналардың

есебінен қаржыландыры.

латындары


кәсіпорынның қаражаты   55,9              57,7             47817


бюджет қаражаттары      16,8              9,9               8180

оның ішінде:

республикалық бюджет    14,7              7,9              6495

жергілікті бюджет        2,1              2,0              1685

бюджеттен тыс қорлар     5,4              -                 -

шетелдік  инвестициялар  21,9             32,4             26873



 
       Экономикалық қызмет түрлерiнiң iшiнде инвесторлар үшiн неғұрлым қызықтыратыны тау-кен және өңдеушi өнеркәсiп болып келедi (тиiсiнше жалпы инвестициялар көлемiнiң 51,7%-i және 15,2%-і). Денсаулық сақтау (0,8) мен ауыл шаруашылығын (0,3%) дамытуға тартылатын қаражаттың көлемi шамалы болып отыр.
      16 аймақтың iшiнде негiзгі капиталға инвестицияларды игерудiң 35,0%-i Атырау облысына тиедi. Инвестициялардың жоғары қарқыны олардың аумақтарында кен өндiрушi өнеркәсiптiң негiзгi орталықтары орналасқан - Батыс Қазақстан (өсуi 11,9 есе), Шығыс Қазақстан (1,7 есе), Ақтөбе (1,6 есе) және Атырау (1,2 есе) облыстарында байқалады.
      Негізгi капиталға шетелдiк инвестициялардың үлесi Батыс Қазақстан (95%), Қызылорда (82%), Ақтөбе (79%), Маңғыстау (66%) және Алматы (62%) облыстарында жоғары.
      Тiкелей инвестицияларды ынталандыру жөнiндегi жұмыс жалғасуда. 1999 жылдың қаңтар-шiлдесiнде инвесторлармен 78 келiсiм-шарт, оның iшiнде экономиканың басым секторларына тiкелей инвестициялар тартуға 38 келiсiм-шарт және жер қойнауын пайдалануға 40 келiсiм-шарт жасалды. Келiсiм-шарттардың ережелерi бойынша инвесторлар 683,3 млн. АҚШ доллары сомасында инвестициялар салуға мiндеттендi.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы шетелдiк инвесторлар Кеңесiнiң кезектi мәжiлiсi, "Алматы инвестициялық басқосуы" халықаралық форумы, Делиде, Варшавада, Будапеште, Прагада, Вашингтонда, Зальцбургте, Петалингiде (Малайзия) және Стамбулда "Қазақстанның инвестициялық мүмкiндiктерi" атты бiрқатар конференциялар өткiзiлдi.
      1999 жылдың қаңтар-шiлдесiнде тұрғын үй құрылысына 6,2 млрд. теңге жұмсалды, бұл өткен жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 25% кем. Жеке үй салушылардың үлесiне тапсырылған тұрғын үйдiң 96%-i келедi.
 
      Ауыл шаруашылығы
 
      Yстiмiздегi жылдың алғашқы айларынан бастап байқалған ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң тұрақтануы талданып отырған бүкiл кезеңнiң бойында сақталды. Мәселен, республика бойынша 1999 жылдың жетi айында ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жалпы көлемi қазiргi бағалармен 87,6 млрд. теңге құрады, бұл 1998 жылдың осы кезеңiнен 4,1%, оның iшiнде егiншiлiк өнiмi 15,3%, мал шаруашылығы өнiмi 3,1% артық. Ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң көрсетілген өсiмi сүт өндiрудi (өнімнiң құнына шаққанда) 2,2%-ке, жұмыртқаны - 0,6%-ке, егiн шаруашылығы өнiмiн - 1,3%-ке арттыру есебiнен құралды.
      Yстiмiздегi жылы тұтастай алғанда республика бойынша астық дақылдарының түсiмi жоғары болады деп жобалануда, өйткенi орылмаған алқаптардың 75%-iнде егiннiң шығымдылығы жақсы және 25%-iнде қанағаттанарлық. 1998 жылдың осындай кезеңiнде тамыздың басында егiстiктiң тек төрттен бiрi ғана жақсы бағаланған болатын, қалғаны қанағаттанарлық және нашар болды. Астықтың жалпы түсiмiнiң артуы облыстардың тең жартысында, тiптi бұл ретте өткен жылы құрғақшылықтың салдарынан айтарлықтай өнiм алынбаған аймақтарда көбiрек күтiлуде. Тамыздың басында егiн жинауды барлық оңтүстiк облыстар жүргiздi, онда жиналуға тиiстi алқаптардың 580,6 мың гектары (23,3%) орылды. Yстiмiздегі жылдың болжамы бойынша астықтың жалпы түсiмi 10,2 млн. тонна көлемiнде күтiлуде.

 

     Yстiмiздегi жылы уақытында жүргiзiлген агротехникалық шаралардың

есебiнен картоптың шығымдылығы мен жалпы түсiмiнiң өсуi былтырғы жылғыдан

12,4%-ке, көкөнiстер - 2%-ке, қант қызылшасы 55,3%-ке; Оңтүстiк Қазақстан

облысында шикi мақтаның түсiмi - 36,3%-ке артады деп күтiлуде.

     1999 жылдың жетi айында былтырғы жылдың осы кезеңiмен

салыстырғанда шаруашылықтардың барлық санаттарында тiрiдей салмақпен

алынған еттен басқа мал шаруашылығы өнiмдерiнiң барлық түрлерiн

өндiруде өсiм алынды:

______________________________________________________________________   

                      Өлшем бірлігі   1998 жыл   1999 жыл    1999 жыл

                                      қаңтар-    қаңтар-     1998 жылға

                                      тамыз      тамыз       % есебімен

_______________________________________________________________________

  Тірідей салмақпен

  алғандағы еттің

  барлық түрі          мың тонна      533        532,3         99,9

  Сүт                  мың тонна     1999,2      2100,3        105

  Жұмыртқа             млн.дана      850,2        935,5        110




     Ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру бағасы мына

таблицада келтірілген:

_______________________________________________________________________

                       1998 жыл   1999 жыл       1998 жыл.  1999 жылдың

                        есеп      болжам   1999   ға қара.   бағасы

                                          жылдың  ғанда      1998 жылға

                                          баға.   1999       % есебімен

                                          лары    жылдың     

                                          мен     болжамы

                                         жағдай.

                                         ларын

                                         бағалау

_______________________________________________________________________

Ауыл шаруашылығының     246,1    283      276     115,1       112,1

жалпы өнімі,         

млрд. теңге


   оның ішінде:


өсімдік шаруашылығы.   101,9    163,7    133,4    160,8       130,9

гың өнімі

мал шаруашылығының     144,2    119,3    142,6     82,8       98,9

өнімі

Астық (тазартылған.    6395,5   10000    9660     156,5       151,0

нан кейінгі салмақта),

мың тонна


оның ішінде:

бидай, мың тонна       4746,3   7300     7400      154,0      155,9

Шикі мақта, мың        161,6    220      220       136,3      136,1

тонна

Қант қызылшасы         224,9    260      260       115,7      115,0

(фабрикалық), мың     

     тонна

Майлы дақылдардың      132,1    214      150       162,2      122,0

тұқымдары, мың

тонна

Картоп, мың тонна      1262,9   1725     1420      136,7      112,4

Көкөністер,            1079,2   1100     1100      102,0      102,0

мың тонна     

Мал және құс           641,5     550     560       85,8       87,3

(сойыс салмағымен), 

  мың тонна

Сүт, мың тонна         3394,3    3200    3400      94,4       100,2

Жұмыртқа, млн. дана    1388,4    1400    1500      100,9      108,0

Жүн (нақты салмағы),   25,2      26,5     23       105,3      91,3

мың тонна

Қаракөл және елтірі,   214,3     205     130        95,8      60,7

мың тонна

Тері шикізаты: ірі,    2303,3    1900    1900       82,6      82,5

мың дана     

ұсақ, мың дана         5350,7    5100    4750        95,4     88,8

шошқа терісі,          116,7     200     200       171,6      171,4

мың дана


     Әлеуметтік сала



 
       1998 жылы орташа айлық жалақы 9682 теңгенi құрады. Бұл ретте ауыл шаруашылығындағы 3891 теңгеден кен өндiрушi өнеркәсiбiндегi 19517 теңгеге дейiн айырмашылық орын алды.
      1999 жылдың қаңтар-маусымындағы есептiк деректер бойынша номиналдық орташа айлық жалақы 10021 теңгенi құрады.
      1999 жылы орташа айлық жалақы жөнiнде 10500 теңге деңгейiнде болжам жасалуда. Бұл ретте жалақының номиналдық мөлшерi алдыңғы өткен жылмен салыстырғанда 8,74%-ке, нақты орташа айлық жалақы 1,3%-ке өседi.
      Жалақының ең аз мөлшерi өткен жылы 2395 теңге болды, 1999 жылы 2605 теңге мөлшерiнде күтiлуде.
      Жыл басынан есептегенде 1 тамызға дейiн Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа 76952 млн. теңге сомасында ақша қаражаты түстi. Одан зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуге, интернат үйлерiнде тұратын зейнеткерлердi қоса алғанда, 62177,5 млн. теңге жұмсалды.
      10 проценттiк зейнетақы жарналары бойынша түскен қаражаттар сомасынан 13002,5 млн. теңге, олардан мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларына - 4764,2 млн. теңге және мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорларына - 8238,3 млн. теңге аударылды.
      Облыстық қаржы басқармаларының оперативтiк деректерi бойынша жалақы және жұмыс берушiлердiң жарналары жөнiндегi қарыз 1999 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттiк ұйымдарда 4392,4 млн. теңгенi құрады.
 
      Білім беру
 
      Бiлiм беру ұйымдарының, жергiлiктi атқарушы органдардың қызметi

 

үстiмiздегi жылы мектеп жасындағы балаларды жалпыға бiрдей мiндеттi

орта бiлiммен толық қамтуды қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының

"Бiлiм туралы" және "Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы" Заңдарын

iске асыруға, орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыруға, жаңа буындағы

оқулықтарды енгiзуге бағытталды.

     Мемлекеттiк мектептер желiсiнiң дамуы мына таблицадан көрiнедi:


     Мемлекеттік мектептер

_______________________________________________________________________

                       1998 жыл    1999 жыл      1999 жыл   1999 жыл

                                                 (болжам)   (баға) 1998

                                                1998 жылға    жылға

                                                 % есебімен   % есебімен

_______________________________________________________________________

                                  болжам   баға           

Мемлекеттік мектептердің  8143    8300    8156   101,9      100,2

саны-барлығы (бірлік)


оның ішінде:


күндізгі жалпы білім       8007    8155    8024   101,8      100,2

беретіні

кешкі                      37        41      34   110,8      91,9

арнаулы түзету мектептері  99       103      98     104       99

Бұдан басқа, кәсіптік-    304      281      274    92,4      90,1

техникалық мектептер



 
       1999 жылдың бiрiншi жартыжылдығында республикалық бюджеттен орта бiлiм беру жүйесiн компьютерлендiруге бөлiнген 197 млн. теңге 1998 жылы республиканың 450 мектебiне компьютерлердi жеткiзу және орнату үшiн алынған несиелік қарызды өтеуге жұмсалды.
      "Бiлiм туралы" Z990389_ Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты оны iске асыру және бiлiм жүйесiнiң нормативтiк базасын жетiлдiру жөнiнде жұмыс жүргiзiлуде. Мәселен, мемлекеттiк жоғары оқу орындарының студенттер контингентiн қалыптастыру процессiн реттеу, халықтың барлық топтары үшiн мемлекеттiк жоғары бiлiмге қол жеткiзудiң бiрдей мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету мақсатында Үкiмет "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жоғары оқу орындарының студенттер құрамын қалыптастырудың жаңа үлгiсi туралы" және "1999-2000 оқу жылына жоғары бiлiмдi мамандар даярлауға мемлекеттiк бiлiм тапсырысын бекiту туралы" қаулылар қабылдады.
 
      Денсаулық сақтау
 
      Халықтың денсаулығын қорғау саласында мемлекеттiк ұйымдардың қызметiн жетiлдiру және денсаулық сақтаудың жеке жүйесiн дамыту мемлекеттiк ең төменгi стандарттарды енгiзу саланы қымбат тұратын стационарлық көмектен шығын азырақ жұмсалатын амбулаториялық-поликлиникалық қызмет көрсетуге қайта бағдарлау жолымен азаматтардың құқықтық кепiлдiктерiн қамтамасыз ету жөнiнде iс-шаралар жүргiзiлдi. Осы проблемаларды шешу барысында республикада ауруханалық ұйымдардың саны 12,5%-ке қысқарды, ал дербес амбулаториялық-поликлиникалық ұйымдардың саны 42,5%-ке өстi. Yстiмiздегi жылы заңды тұлға құқығында 819 дәрiгерлiк амбулатория, 127 консультативтiк- диагностикалық емханалар құрылды, 80 фельдшерлiк-акушерлiк пункт, 35 ауылдық дәрiгерлiк амбулаториялар қалпына келтiрiлдi.
      "Халық денсаулығы" Мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi жұмыс жалғастырылуда. Мемлекеттiк бағдарламаны орындаудың бiрiншi кезеңi демографиялық және дәрiгерлiк-әлеуметтiк ахуалда белгiлi бiр оң қадамдармен орайлас келiп отыр. Соңғы онжылдықта алғаш рет жалпы адам өлiмiнiң 2,7%-ке, республиканың барлық аймақтарында орын алып отырған жұқпалы аурулардың азаю үрдiсi байқалды. Барлық жерде Дүниежүзiлiк Денсаулық сақтау Ұйымы ұсынған туберкулездi анықтаудың және емдеудiң қазiргi заманғы әдiстемесi енгiзiлдi. Балаларды барлық негiзгi инфекцияларға қарсы егумен 95 проценттiк қамтуға қол жеттi. Ай сайын балалардың егiлуiнiң мониторингi жүргiзiледi. Жыныстық жолмен таралатын ауруларға эпидемиологиялық талдау және олардың алдын алу бойынша iс-шаралар жүзеге асырылады. Салауатты өмiр салтын насихаттау жөнiндегi жұмыс жандана түстi. Мүгедектердi сауықтыру жөнiнде белгiлi жұмыс жүргізілуде.
 
      Көшi-қон саясаты
 
      1999 жылға арналған көшi-қон квотасында 500 отбасын қоныс аудару көзделген. Үстiмiздегi жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша Пакистанның аумағында жасырын тұрған, Ауғанстаннан шыққан босқын-оралмандардың 106 отбасы (479 адам) ұйымдасқан түрде көшiрілдi. 983 отбасы өз беттерiмен қоныс аударды.
      Дегенмен оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесi ең қиын және шешiлмеген проблема болып табылады. Облыстық басқармалардың, Астана және Алматы қалаларының көшi-қон және демография бөлiмдерiнiң деректерi бойынша 6298 отбасы пәтер алған жоқ және кезекте тұр.
 
      Мемлекеттiк жастар саясаты
 
      Мемлекеттiк жастар саясаты жастардың қоғамдық бастамаларын қолдауға және дамытуға бағытталды. Қазiргi уақытта республикада 115 жастар қоғамдық бiрлестiктерi тiркелген.
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жастар саясаты тұжырымдамасының жобасы әзiрлендi.
      "Әскер жасындағы және әскерге дейiнгi жастағы жастардың табиғи өсу және жүйке-психикалық жағдайына серпiндi бақылау және зерттеу жүргізу" ғылыми-зерттеу экспериментi жүргiзiлуде.
 
      Дене тәрбиесi және спорт
 
      Республикада балалар мен жасөспiрiмдер спортын дамыту, спорттық резерв дайындау жөнiнде елеулi жұмыс жүргiзiлуде, Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене тәрбиесi дайындықтары бойынша Президенттiк тест тапсыру жөнiндегi жұмыс жанданды, халықтық ойындар мен спорттың ұлттық түрлерiн дамыту жөнiнде шаралар қолданылуда.
      Республиканың барлық дене тәрбиесi және спорттық ұйымдарында салауатты өмiр салтын насихаттау жөнiнде жұмыс жүргiзiлуде, үстiмiздегi жылдың 1 қыркүйегiнен бастап Маңғыстау, Атырау, Ақмола және Ақтөбе облыстарында спорттағы дарынды балалар үшiн мектеп-интернаттар ашу мәселелерi пысықталуда, спорттың ойын түрлерi бойынша клубтық командалар құру жөнiндегi жұмыс жалғастырылуда.
 
      Мәдениет
 
      1999 жылы республика бойынша тұтасымен алғанда мәдениеттің мемлекеттік ұйымдары желісі 4223 объектіні құрады, оның ішінде 47-сі республикалық деңгейде қаржыландырылады, және 4177-сі коммуналдық меншікке жатады және жергілікті бюджеттің есебінен ұсталады. Іс-шаралар мен объектілерді республикалық деңгейде қаржыландырудың үлесі 1999 жылы шамамен жалпы ішкі өнімнің 0,05%-ін құрады.
      Мәдениеттің инфрақұрылымының желісі 1998 жылмен салыстырғанда 747 бірлікке, оның ішінде кітапханалар - 527-ге, мәдени-демалыс мекемелері - 208-ге, кинотеатрлар -10-ға қысқарды.
      Музейлердің, театрлардың және концерттік ұйымдардың саны 1998 жылғы

 

деңгейде сақталды және тиісінше 88,40 және 25 бірлікті құрады.    


     1999 жылдың қорытындыларын болжамдық бағалау


     Үкімет 1999 жылы нақты және әлеуметтік секторларда қайта құруды

тереңдету, басқарудың мемлекеттік органдарының қызметін жетілдіру,

реформалардың заң жүзінде қамтамасыз етілу деңгейін жоғарылату жөніндегі

іс-қимылдарды жалғастыратын болады.

     Алдын ала бағалау бойынша Қазақстан Республикасының 1999 жылғы

әлеуметтік-экономикалық дамуын мынадай негізгі макроэкономикалық

көрсеткіштермен сипаттауға болады:

_________________________________________________________________________

                                              1998 жыл       1999 жыл

                                                есеп           баға

_________________________________________________________________________

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), млрд. теңге           1747,7          1824,1

    нақты тұлғалануы, %                       97,5            98,5

ЖІӨ жан басына шаққанда, мың теңге           111,7           122

Тұтыну бағаларының индексі, %

     желтоқсаннан желтоқсанға дейін            1,9            16,8

     жылына орташа алғанда                     7,1            7,1

Теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы         78,3           119,1

жылына орташа алғанда

Мемлекеттік бюджеттің табыстары, млрд. теңге  309,5          429,6

Жалпы ішкі өнімге % есебімен                  17,7           23,6

Мемлекеттік бюджет тапшылығы, млрд. теңге     70,1           66,1

Жалпы ішкі өнімге % есебімен                   4,1            3,6     

Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс, қызмет

көрсетулер) млрд. теңге                       801,5           902

нақты тұрғыда, %                              97,9            98,8

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі,

млрд. теңге                                   246,1           293

нақты тұрғыда, %                              81,8           112,1

Экспорт, млн. АҚШ долл.                       5839           5185

Импорт, млн. АҚШ долл.                        6589           5250

Негізгі капиталға инвестиция, млрд. теңге     173,3          175,9


            2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық

                        дамуының 1999 жылғы индикативтік

                        жоспарының атқарылу барысы туралы



 
       Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының Индикативтiк жоспарының атқарылуы дүниежүзiлiк қаржы дағдарысының салдары және дәстүрлi қазақстандық экспорт өнiмiне дүниежүзiлiк рынок конъюнктурасының нашарлауы жағдайында өтуде.
      Оны iске асыру барысында өнеркәсiптiң базалық салаларында өнеркәсiп өндiрiсiнiң құлдырауы, инвестицияларды теру көлемдерiнiң төмендеуi, сыртқы сауда операциялары бойынша терiс сальдоның өсуi, қазақстандық тауарлардың бәсекелестiк қабiлетiнiң төмендеуi және республикаға шетелдiк капитал түсiмiнiң қысқаруы әсерiн тигiздi.
      Қалыптасқан ахуалды өзгерту мақсатында Yкiмет Индикативтiк жоспар шеңберiнде Yкіметтiң 1998-2000 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың Жоспарын қабылдады (Үкiметтiң 1998 жылғы 19 ақпандағы N 119 және 1999 жылғы 5 ақпандағы N 86 қаулылары), оларға сәйкес 1999 жылы 334 тапсырманы iске асыру көзделген болатын, олардан 131 іс-шара орындалды.
      Үкiметтiң iс-қимылдар Бағдарламасының iс-шаралар Жоспарына сәйкес үстіміздегi жылдың 7 айында барлығы 18 Заң қабылданды, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 3 Жарлығына қол қойылды, Үкiметтiң 88 қаулысы, 15 бағдарламалық құжат, 53 ведомстволық акт бекiтiлдi, Үкiметке 80-нен астам ақпараттық-талдау материалдары ұсынылды.
      Елдiң әлеуметтiк-экономикалық, ең алдымен қаржы жағдайына тiкелей әсерiн тигізген, дүниежүзiлiк экономиканың дамуында болып өткен түбегейлi өзгерiстерден туындаған экономикалық ахуалдың одан әрi нашарлауына байланысты Президентте өткен кеңестiң 1999 жылғы 9 маусымдағы N 01-9/7 хаттамасына және Премьер-Министрдiң 1999 жылғы 23 маусымдағы N 88-р өкiмiне сәйкес Yкiмет 1999 жылдың екiншi жарты жылдығына және 2000 жылға арналған Үкiметтiң iс-қимылдар Бағдарламасын және, тиiсiнше, оны iске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспарын әзiрледi.
      Үкiмет бюджеттi нақтылау жөнiнде шұғыл шаралар қабылдады, мемлекеттiк бағдарламаларды өзара үйлестiру жүзеге асырылды және соған сәйкес экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшiн қажеттi, нақты орындалатын iс-шаралар айқындалды. Осы Жоспардың шеңберiнде жыл аяғына дейiн 146 тапсырманы орындау көзделiп отыр.
      Көзделген iс-шаралар макроэкономикалық көрсеткiштердiң тұрақты деңгейiн сақтауға, отандық тауар өндiрушiлердi қолдауды қамтамасыз етуге, салықтық әкiмшiлiк етудi жақсартуға, салық жинауды арттыруға, бюджетте көзделген iс-шараларды неғұрлым толық қаржыландыруға, әлеуметтiк саладағы, бiрiншi кезекте - денсаулық сақтауда, білім беруде және зейнетақымен қамсыздандыруда реформаны жүзеге асыруға мүмкiндiк береді.
 
         3. Қазақстан Республикасының 2000 жылға
        арналған мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатының
                    мақсаттары мен міндеттері
 
      2000 жылы Үкiмет елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының мынадай негiзгi:
      макроэкономикалық, оның iшiнде дағдарысты тезiрек жеңуге және экономикалық өсудi қамтамасыз етуге бағытталған салық, бюджет, ақша-несие саясатын үйлестiру;
      реформаларды микроэкономика деңгейiне ауыстыру;
      аймақтарды бюджеттiк шығынның бiр тұрғынға жұмсалатын деңгейі бойынша теңестiру және бiртiндеп орталық пен аймақтар арасындағы тұрақты фискальдық қарым-қатынасқа көшу;
      мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру бағдарламасын iске асыру және мемлекеттiң қалған активтерiн тиiмдi басқару;
      басымдықты бағдарламалар негiзiнде барлық деңгейдегi бюджеттi қалыптастыруға көшу;
      қолы бос халықты қоғамдық жұмыстар жүргiзуге тартуды жандандыру;
      жұмыспен қамтудың аймақтық проблемаларын шешуде жергiлiктi атқарушы органдардың ролiн арттыру;
      зейнетақы жинақтарының сақталуын одан әрi қамтамасыз ету мақсатында жинақтаушы зейнетақы қорлары жұмысының нормативтік құқықтық базасын жетiлдiру;
      табиғи монополистердi белсендi түрде монополиясыздандыру және қайта құрылымдау;
      денсаулық сақтау мен бiлiм берудi реформалау;
      елдiң банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету және қазақстандық банктердiң нақты сектор субъектілерiн несиелендiруiн кеңейту үшiн тартымды жағдайлар туғызу мiндеттерiн шешуi тиiс.
      Агроөнеркәсiп кешенiнiң салаларын дамытуды қамтамасыз ету, импортты алмастыру және отандық өндiрушiлердi терiс пиғылды бәсекеден қорғау саясатын жүргізу, номенклатураны кеңейту және дүниежүзiлiк рыноктарға өнiм экспортын арттыру, сондай-ақ әлеуметтiк көмектiң атаулылық дәрежесiн жоғарылату мақсатында экономикаға инвестициялар тарту үшiн жағдайлар жасау көзделiп отыр.
      Тұрақты экономикалық өсу үшiн қолайлы макроэкономикалық жағдайларға қол жеткiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ұлттық Банкi экономиканы ақша-несиелiк, бюджеттiк және салықтық реттеудiң әдiстерiн күшейтудi ойластыруда. Бұл жағдайларда Yкiметтiң негiзгi мiндетi аса маңызды макроэкономикалық параметрлердiң - теңгенiң айырбас бағамының, инфляцияның, мемлекеттiк бюджет тапшылығы және елiмiздiң төлем балансы тапшылығы деңгейлерiнiң тепе-теңдiгiн сақтау

 

болып табылады.

     Нақты секторды сауықтыру жөнiнде шаралар қолданылатын болады.

     2000 жылдың аяғына қарай экономикадағы негiзгi құрылымдық қайта

құруларды аяқтау жобалануда, жалпы iшкi өнiмде жеке меншiк сектордың

үлесiнiң өсуi жалғасады, өндiрiстi кезектi диверсификациялау үшiн негiз

қаланатын болады.

     Жоғарыда келтірілген іс-шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999

жылдың екінші жарты жылдығына және 2000 жылға арналған іс-қимылдар

Бағдарламасында баяндалған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға

бағытталған.

     2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда мынадай мақсатты индикаторларға

қол жеткізу жоспарланады:


_________________________________________________________________________

                                              1999 жыл       2000 жыл

                                               бағалау       жыл болжам

_________________________________________________________________________

Жалпы ішкі өнім,  млрд. теңге                1824,1          2128 

Алдағы өткен жылға % есебімен алғанда        98,5            101,0

ЖІӨ-нің нақты өзгеруі                                            

ЖІӨ жан басына шаққанда, мың теңге           122             142,3

Халықтың табысының нақты өсуі, %             101,5           100,5

Ең төменгі күнкөріс деңгейі                  3716            3979

Өткен жылға % есебімен алғандағы экспорт     88,8            101,2

Өткен жылға % есебімен алғандағы импорт      79,7            100

Жылдық орташа тұтыну бағаларының индексі     7,1             15,0

Мемлекеттік бюджеттің табыстары, млрд.теңге  429,6           479,2

ЖІӨ-ге % есебімен алғанда                    23,6             22,5

Бюджет тапшылығы, млрд. теңге                 66,1            63,8

ЖІӨ-ге % есебімен алғанда                    3,6             3,0  

Теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы,       119,1           157

жылына орташа алғанда                                               

Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс, қызмет     902             1038

көрсетулер), млрд. теңге                                           

нақты деңгейі, %                             98,8             103,0

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі,      293              319,6

млрд.теңге

нақты деңгейі, %                            112,1             105,4

Негізгі капиталға инвестициялар, млрд.теңге 175,9             188,5


      4. Қазақстан Республикасының 2000 жылға арналған

        мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатының

                    негізгі бағыттары


     4.1. Макроэкономикалық аспект


     Ақша-несие саясаты



 
       Әлемдік қаржы дағдарысының салдарларын бейтараптандыру және өндірістің өсуін жаңғырту мақсатында 2000 жылға дейінгі кезеңде ақша-несие саясаты инфляцияны тежеуге, айырбас бағамының салыстырмалы тұрақтылығын қамтамасыз етуге және қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтауға бағытталатын болады. Оны ойдағыдай іске асырудың негізгі шарты қаржы рыноктарын дамыту және тереңдету, банк жүйесінің сенімділігін одан әрі арттыру, елдің төлем балансының жағдайын жақсарту болуы тиіс.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi номиналдық және нақты проценттiк ставкалардың, номиналдық және нақты валюта бағамының, экспортқа және импортқа жататын тауарларға әлемдiк бағалардың, түрлi қаржы құралдарының табыстылығының динамикасын қадағалап отыратын болады.
      1999-2000 жылдар iшiнде Ұлттық Банк теңгенiң еркiн айналымдағы айырбас бағамы режимiн ұстауды қалайды. Мұндай режим айырбас бағамының мақсатты көрсеткiшi болмауын көздейдi. Сұраныс пен ұсынымдардың қысқа мерзiмдi үйлесiмсiздiктерiн бәсеңдету, алтын валюталық активтердi толықтыру және теңгенi жаппай алып-сатарлықтан қорғау үшiн қажеттiлiгiне қарай елдiң iшкi валюта рыногында шетелдiк валютаны сатып алу және сату жөнiндегi операциялар жүзеге асырылатын болса да, валюталық басқыншылық болмайды.
      Банк жүйесiн одан әрi нығайту және шоғырландыру олардың жұмысын банк қызметiнiң халықаралық стандарттарына жақындату және банктiк бақылаудың жаңа құралдарын қолдану жолымен банктердiң капиталдану және қаржылық тұрақтылық деңгейiн жоғарылату жөнiндегi жұмыс жалғасатын болады.
      Әртүрлi нысандағы банктердiң тұрғындардың депозиттерiн сенімдi орналастыруын дамытуға және ұжымдық сақтандырудың банкаралық жүйесiн құруға ерекше көңiл бөлiнетiн болады. Бұл халықтың жинақтарын тартуды, екiншi деңгейдегi банктердiң тауарлар мен қызмет көрсетiлердiң отандық өндiрiсiн инвестициялауы мен несиелендiруiн, республикада инвестициялық белсендiлiктiң нығаюын ынталандыратын болады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алдын-ала бағалауы бойынша мыналар күтiледi:
      Қазақстанның төлем балансының ағымдағы шотының тапшылығы 1999 жылы - ЖIӨ-нiң 3,5 % деңгейiңде, 2000 жылы - ЖIӨ-нiң 2,2 % деңгейiнде;
      Ұлттық Банктiң жалпы алтын-валюталық активтерi 1999 жылдың аяғында - 1,7 млрд. АҚШ доллары, 2000 жылдың аяғында - 1,6 млрд. АҚШ доллары немесе ел импортының үш айлық көлемiнен кем емес мөлшерде болады;
      ақша базасы 1999 жылы 20,1 %-ке, 98 млрд. теңгеге дейiн, 2000 жылы 12,8 %-ке, 110 млрд. теңгеге дейiн кеңейедi;
      ақша массасы 1999 жылы 21,6%-ке, 181 млрд. теңгеге дейiн, 2000 жылы 16,1%-ке, 210 млрд. теңгеге дейiн өседi;
      Ұлттық Банктiң қайта қаржыландыру ставкасы 2000 жылдың аяғында жылдық көрсеткiштердiң 12-15% деңгейiне дейiн төмендейдi.
 
      Салық-бюджет саясаты
 
      Қазақстан Республикасының Үкiметi алдағы уақытта елдiң экономикалық өсу стратегиясының негiзгi принциптерiне, мақсаттарына және басымдықтарына жауап беретiн экономикалық саясаттың басқа бағыттарымен өзара тығыз байланысты дәйектi салық және бюджет саясатын жүргiзудi көздейдi.
 
      Бюджет саясаты
 
      Бюджет саясаты мемлекеттiк мiндеттемелердiң шындыққа негізделген деңгейiне көл жеткiзуге және экономиканың нақты секторының дамуын ынталандыруға, экономиканың нақты секторын сауықтыру жағдайында бюджеттiң басқарылатын тапшылығын сақтау мақсатында мемлекеттiк шығыстарды қатаң шектеуге бағытталатын болады.
      Мемлекеттiк бюджет қаражатын бөлудiң және пайдаланудың тиімдiлiгiн арттыру мақсатында қаржылық бағдарламалау әдiстерiн енгiзу бюджет процесiн және мемлекеттiк қаржы саласындағы заңдарды жетiлдiру жөнiндегi жұмыс жалғастырылады. Бюджетаралық қатынастар реформасы жалғасады.
      Орталық және жергiлiктi атқарушы билiк органдарының ролiн арттыру және жауапкершiлiгiн күшейту жөнiнде шаралар қолданылатын болады. Орталық және жергiлiктi атқарушы билiк органдарының арасында өкiлеттiктердi бөлу арқылы мемлекеттiк қызметтi реформалау жалғастырылатын болады.
      Мемлекеттiк бюджеттiң қаражатын жұмсаудың негiзгi басымдықтары бұрынғысынша мемлекеттiк қарызға қызмет көрсету жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалуы, әлеуметтiк сипаттағы шығындарды тиiмдi қамтамасыз ету және мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасын орындау болады. Мемлекеттiк бюджет қаражаттарын жұмсауды бақылау жүйесiне ерекше көңiл бөлiнетiн болады.
      Қазақстан Республикасының Yкiметi бюджет тапшылығын жабу мақсатында инфляциясыз қаржыландыру көздерiн пайдалануды жалғастырады. Сырттан қарыз алудың оңтайлы стратегиясын жасау және мемлекеттiк қарызды басқару жүйесiнiң өзiн жетiлдiру жөнiндегi жұмыс күшейедi.
      Мерзiмi өткен несиелiк қарыздар проблемасын реттеу және борыш мiндеттемелерiн мүлтiксiз орындау тетiгiн жасау жөнiнде жұмыс жүргізiлетiн болады.
      Мемлекеттiк сатып алулар жүйесiнiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiруге ерекше көңiл бөлiнедi. Бұл ретте барлық мемлекеттiк сатып алулар қазiргi уақытта Қазақстанда өндiрiлмейтiн тауарлар мен қызмет көрсетулердi қоспағанда, тендерлiк негiзде тек жергiлiктi өндiрушiлер арасында ғана жүргiзiледi.

 

     Yкiмет мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру мәселесiнде мынадай

негiзгi мiндеттердi:

     республикалық бюджетке қаражаттың барынша көбiрек түсуiн және

тиiмдi меншiк иелерiнiң келуiн қамтамасыз ететiн "көгiлдiр фишкалар"

акцияларының және iрi жекешелендiру объектiлерiнiң мемлекеттiк

пакеттерiн сатуды;

     "екiншi эшелонның" кәсiпорындарын жекешелендiрудi аяқтауды;

     бұрын сенiмгерлiк басқаруға берiлген объектiлердi жекешелендiрудi

басшылыққа алады.


     Салық саясаты


     Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң салық саясатының алдағы

кезеңге арналған басым бағыттары:

     қолданылып жүрген заңдарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу

арқылы фискалдық саясатты жетiлдiру;

     республикалық және аймақтық маңызы бар iрi салық төлеушілердiң

мониторингiнiң электрондық жүйесiн енгiзу;


 
       ресми экономиканың өсуi үшiн, әсiресе патенттiк тетiктерге көшу принциптерiн iске асыру жолымен шағын бизнес саласында, жағдайлар жасау;
      акциздердiң толық түсiмiн қамтамасыз ету және акцизделетiн тауарларды жасырын өндiрумен және оның айналымымен күрестi күшейту мемлекеттiк бюджетке берешектi азайту жөнiнде шаралар қолдану бюджетке борышқорлармен жұмысты күшейту;
      салық және кеден органдары жұмысының автоматтандырылған және телекоммуникациялық жүйелерiн енгізу болып табылады.
 
      Инвестициялық қызмет
 
      Yкiмет тiкелей инвестициялардың ағымын кеңейтудi және мемлекеттік инвестицияларды үнемдi пайдалануды көздейдi.
      Алдағы кезеңге арналған қызметтiң негiзгі бағыттары экономиканың басымдықты секторларына тiкелей инвестицияларды ынталандыруды жақсартуға бағытталған тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау жүйесiн жетiлдiру, жер қойнауын пайдалану саласында тiкелей инвестицияларға жәрдемдесу, инвесторлардың заңды құқықтарын қорғау, халықаралық ұйымдармен бiрлесіп реттеушi және саяси қатерлердi жабу кепiлдiктерiнiң тетiгiн әзiрлеу болмақшы.
      Республика Yкіметi мемлекеттік инвестициялар саласында жобаларды дайындауға, талдау мен iрiктеуге қойылатын талаптарды жоғарылатуды және реттеудi ойластыруда.
      Мемлекеттiк инвестициялау саласындағы негізгі мiндет - шектеулi мемлекеттiк және мемлекет тартатын қаражатты экономиканың басымдықты секторларына үнемді және тиiмдi инвестициялауға қол жеткiзу.
      Қазақстанның инфрақұрылымын жетiлдiру үшiн үлкен маңызы бар мына объектiлердiң құрылысы жалғастырылатын болады:
      Ақтау қаласындағы теңiз портын қайта жаңарту;
      Семей қаласында Ертiс өзенi арқылы көпiр салу;
      Астана қаласында халықаралық әуежай салу;
      "Достық" темiр жол станциясының қуатын дамыту бiрқатар автомобиль жолдарын жаңғырту (Гүлшат-Ақшатау, Алматы-Георгиевка, Қарағанды-Астана, Ақшатау-Қарағанды және басқалары);
      топтық магистральдық су құбырларын қайта жаңарту;
      Астана қаласының әлеуметтiк саласы мен инфрақұрылымын одан әрi дамыту.
      Болжамдық есептеулер бойынша келесi жылы барлық қаржыландыру көздерi есебiнен негiзгi капиталға инвестициялар үстiмiздегi жылдағыға қарағанда 7,2% артады, ал бюджеттiк көздерден қаржыландыру қысқара түседi.
      Әлеуметтiк сала объектiлерiн және аса маңызды өндiрiстiк қуаттарды пайдалануға беру мыналарды құрайды: тұрғын үйлер - 1193 мың шаршы метр; мектептер - 3060 оқушы орны; газ құбырлары - 73 км; темiр жолдар - 40 км; қатты жамылғылы автомобиль жолдары - 67 км; топтық магистральдық су құбырлары - 207 км, турбиналар - 47 Мвт.
 
      Сыртқы экономикалық қызмет
 
      Алдағы кезеңнiң сыртқы экономикалық саясаты отандық тауар өндiрушiлердi қолдаудың ұлттық идеясын жариялауға, оларды қорғауға және қазақстандық тауарлар мен қызмет көрсетулердiң сыртқы дүниежүзiлiк рыноктарға жылжуына жәрдемдесуге бағытталатын болады.
      Үкiмет алдағы кезеңде Кеден Одағы, Орталық Азия Экономикалық Одағы және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы шеңберiнде интеграцияны одан әрi дамыту ниетiнде.
      Құрылымдық реформаларды бiрлесiп қаржыландыру, елiмiздiң беделiн нығайту мақсатында Қазақстанның әртүрлi халықаралық сауда-экономикалық одақтарға толық құқылы мүше ретiнде қатысуы үшiн халықаралық ұйымдармен және шетелдiк мемлекеттермен ынтымақтастық жөнiндегi жұмыс жалғасатын болады.
 
      Экспорт
 
      Алдағы кезеңде экспортқа бағытталған өндiрiстердi дамыту оларды жаңа рыноктарға жылжыту есебiнен дәстүрлі тауарларды сату көлемін ұлғайту және экспорт құрылымын жақсарту көзделедi.
      Қосылған құны жоғары өнiмнiң экспортын несиелендiру және сақтандыру тетiктерiн қалыптастыру негiздерi қаланатын болады.
      Сыртқы рынокта тауарлар демпингiн және келiсiм-шарт бағаларының төмендеуiн болдырмау мақсатында тауарлар экспортының баға мониторингі жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарын халықаралық стандарттарға жақындату көзделедi.
      Дүниежүзiлiк саудадағы тең құқықты әрiптестiк шарттарын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына (ДСҰ) кiруiн дайындау жөнiндегi жұмыс күшеюде. Бұл Қазақстанның сыртқы саудадағы мүдделерiн кемсiтуге жол бермеуге, басқа елдердiң рыноктарына еркiн кiруiн қамтамасыз етуге және жеңiлдiктердiң жалпыға бiрдей жүйесiнiң шеңберiнде

 

осы елдерден сауда жеңiлдiктерiн алуға мүмкiндiк бередi.

     2000 жылға арналған сыртқы сауда айналымы көрсеткiштерiнiң

болжамы негiзiнен экономиканың экспортқа бағытталған салаларының

секторындағы тұрақтану үрдiсiне және белгiлi дәрежеде өсуiне негiзделген.

     Мұнай, ферроқорытпалар, қара металдар прокаты, түйiршiктелген

мыс, өңделмеген мырыш Қазақстан экспортының басты баптары болып қала

бередi.


               Экспорт өнімдері негізгі түрлерінің болжамы


                                            млн. долл.

  ______________________________________________________________________

                                 1998 жыл      1999 жыл       2000 жыл

                                  есеп          бағалау        болжам

  ______________________________________________________________________  

Экспорт,барлығы                   5839           5185           5250

Мұнай және газ конденсаты         1650,5         1800           2100

Мұнай өнімдері                    51,7            26             30

Көмір                             323,2          170            180

Ақ қаңылтырды қоса алғанда,

қара металдар прокаты             515,9          550            600

Қымбат бағалы металдар            229,2          180            220

Тазартылған мыс және қорытпалар   507,9          460            460

Өңделмеген мырыш                  181,6          163            174

Темір рудалары                    177,7           36            122

Алюминий оксиді және

гидрооксиді                       80,1           140            140

Ферроқорытпалар                   224            250            250

Мақта талшығы                     51,9            45             50

Бидай және меслин                 259            168            200


Импорт


     Алдағы уақытта импортты реттеу мақсатында мыналар көзделеді:


 
       импорты отандық өндірушілерге зиян келтіретін, елде жеткілікті

 

мөлшерде шығарылатын тауарлардың импортын реттеудің тарифтік және тарифтік

емес шараларын енгізу;

     уақытша демпингке қарсы, өтемдік және қорғау шараларын енгізу;

     ішкі және сыртқы сауданың ақпараттық, құқықтық базасын жетілдіру;

     дамушы елдерден тауарлар импортын қысқарту мақсатында дамушы елдерге

жеңілдіктер беру тәсілін қайта қарау.

     Отандық ұйымдарды сыртқы сауда саясатының шараларымен қолдау жоғары

технологиялық инвестициялық тауарлар әкелуді ынталандыру жолымен жүзеге

асырылатын болады.

     Импортты реттеудің нәтижесі экономиканы өнеркәсіптік қайта

құрылымдауды және отандық рынокты сапасыз өнімдерден қорғауды ынталандыруға

мүмкіндік беретін оның тауарлық құрылымын оңтайландыру болуы тиіс.

     Белгіленген шараларды іске асыру сауда балансының тапшылығын

қысқартуға мүмкіндік туғызатын болады.


             Импортталатын өнімнің негізгі түрлерінің болжамы

                                                       млн. долл.

  ______________________________________________________________________

                                 1998 жыл      1999 жыл       2000 жыл

                                  есеп          баға           болжам

  ______________________________________________________________________  

Импорт, барлығы                   6589           5250           5250

Электр энергиясы                  81,7            79             68 

Табиғи газ                        112,7          147            147

Кокс және жартылай кокс           43,3            38             36

Мұнай өнімдері                    184,7           80            120

Ет және ішек-қарын                33,5            24             21

Өсімдік майлары                   30,2            30             27

Қант                              90,7           100            100

Кондитер бұйымдары                34              23             22

Алкоголь ішімдіктері              24,8            10             8

Темекі және темекі өнімдері       40,9            25             23

Дәрі-дәрмектер                    67,7            55             60

Шиналар                           29              30             30

Жеңіл автомобильдер               125,8          230            180

Жүк автомобильдері                31,3            27             30

Жиһаз                             61,5            50             48

Машиналар мен жабдықтар           1020,1         900            1000


     Баға және монополияға қарсы саясаты



 
       Бәсекелестікті дамыту және монополияға қарсы қатаң саясат жүргізу алдағы кезеңде бағаны тұрақтандырудың және тауарлар мен қызмет көрсетулердің сапасын арттырудың аса маңызды факторларының бірі ретінде қарастырылады.
      Табиғи монополиялардың қызметін реттеуді одан әрі жетілдіру үшін 2000 жылы мынадай мәселелер шешілетін болады:
      табиғи монополиялар субъектілерінің экономикалық қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, олардың баланстары мен олар бойынша жүргізілген аудиторлық тексерулердің нәтижелерін жыл сайын жариялап отыру;
      монополистік қызметті шектеу және тұтынушылардың мүдделері мен құқықтарын қорғау;
      шығындарды жабуды және пайданың әділетті ставкасын алуды қамтамасыз ететін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне әділетті бағалар (тарифтер) белгілеу;
      салааралық, салаішілік және аймақтық баға басымдықтары мен баланстарын сақтау;
      шығындарды оңтайландыру, көрсетілген қызметтер үшін төлемдер жинауды жақсарту, шығындарды қысқарту, капиталдың пайдаланылуын жақсарту, жаңа технологияларды енгізу.
      Үкімет сондай-ақ мынадай міндеттерді шешу үшін жұмысты жандандыру ниетінде:
      тауар рыногында бәсекелестік жағдайын анықтау;
      табиғи монополиялар саласында ұйымдарды құрылымдық жағынан қайта ұйымдастыруды жүргiзу тауар және қаржы рыноктарында жаңа монополиялардың құрылуына әкелiп соғатын топтық мүдделердiң бiрiгiп кетуiне жол бермеу;
      қолданылып жүрген заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдардың шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң шаруашылық қызметiне араласуын болдырмау;
      қаржылық қызмет рыногында бәсекелестiктi қорғаудың ұйымдық және құқықтық негiздерiн нығайту.
      Өндiрiске жұмсалатын күнделiктi шығындарды азайтуға, көрсетiлетiн қызметтердiң тиiмдiлiгi мен сапасын арттыруға бағытталған инвестициялық бағдарламаларды iске асыру ынталандырылатын болады.
 
      Бағалы қағаздар рыногын дамыту
 
      2000 жылы портфельдiк инвестицияларды нақты экономикаға тарту үшiн қажеттi жағдайлар туғыза отырып iшкi жинақтар мен әлеуеттi шетелдiк инвесторлардың қаражаттарын жұмылдыру мен қайта бөлудiң тетiгi ретiнде бағалы қағаздардың қазақстандық рыногын дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының 1999-2000 жылдарға арналған бағалы қағаздар рыногын дамыту Бағдарламасын орындау жөнiндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
      Инвесторлардың құқықтарын және олардың заңмен қорғалатын мүдделерiн тиiмдi қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссияның ролiн күшейту көзделедi.
      Бұл бағыттағы iс-шаралардың аса маңыздыларының бiрi "Бағалы қағаздар рыногында инвесторлардың құқықтарын және олардың заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау туралы" заң жобасын әзiрлеу болып табылады.
 
      4.2. Нақты секторды дамыту
 
      Өнеркәсiп
 
      2000 жылы өнеркәсiптiң экономикалық дамуының негiзгi мақсаты оны қалпына келтiру және дамыту, өнiм өндiрудi ұлғайту (жұмыс, қызмет көрсетулер) үшiн:
      агроөнеркәсiп кешенiнiң, күнделiктi сұраныстағы тауарларға iшкi рыноктың қажеттерiн қамтамасыз ететiн салалардың, сондай-ақ елiмiздiң мұнай өндiрушi және кен-металлургия кәсiпорындары үшiн технологиялық жабдықтар кәсiпорындарын дамыту;
      көмiрсутегiн және минералдық шикiзатты өндiруге және өңдеуге негiзделген экспорттық әлеуеттi дамытуды ынталандыру, өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы бәсекеге қабiлеттi өнiм шығаруды игеру жолымен нақты алғышарттар жасау болмақ.
      Үкiметтiң өнеркәсiп саясатының негiзгi бағыттары отандық өндiрушiлердi қорғау жөнiндегi шаралар кешенiн iске асыру, компаниялардың басқарушыларының өндiрiстi қалпына келтiру және тұрақтандыру үшiн жауапкершiлiктерін арттыру, дүниежүзiлiк деңгейдегi стандарттар жүйесін құру экспорттаушылар кәсiпорындары бағаларының деңгейiн дүниежүзiлiк рыноктың бағаларымен барынша теңестiру жөнiндегi шараларды iске асыру болып табылады.
      Қойылған мiндеттердi iске асыру үшiн мынадай шаралар кешенi салатын болады:
      Дүниежүзілiк деңгейге сәйкес келетiн және қазақстандық өнiмнiң дүниежүзiлiк рыноктың талаптарына сай келуiн қамтамасыз ететiн стандарттар жүйесiн, сондай-ақ импортталатын тауарларды сертификаттау және бақылау жүйесiн әзiрлеу басталады.
      Шикiзатты тиiмдi пайдалану және қалдықтар мен техногендiк кен орындарын қайта өңдеуге тарту үшiн цифрлық геоақпараттық жүйелер негiзiнде кадастрлар жүйесi құрылатын болады.
      Тiкелей инвестицияларды импорт алмастырушы өндiрiстерге, сондай-ақ ауыл шаруашылығымен байланысты салалардың дамуына тарту жөнiндегi заңдық база жетiлдiрiлетiн болады. Алдағы уақытта нормативтiк базаның тұрақтылығын қамтамасыз ету, инвестициялық жобаларды келiсу және iске асыру рәсiмдерiн оңайлату қажет.
      Үкiмет жекешелендiрушi келiсiм-шарттардың және кәсiпорындарды шетелдiк және отандық фирмалардың басқаруына беру жөнiндегi келiсiм-шарттардың орындалуына бақылауды күшейтудi, сондай-ақ Қазақстан өнеркәсiбiнiң мұнай өндiрушi, энергетикалық және кен-металлургиялық секторларында технологиялық процестi қамтамасыз ететiн кәсiпорындар

 

жүйесiн дамытудың келiсiлген және өзара тиiмдi саясатын жүргізу жөнiнде

компаниялардың басқарушыларымен үлгiлiк келiсiмдi әзiрлеудi ойластыруда.

     Өндiрiлген өнiмнiң негiзгi көлемi бұрынғысынша iрi және орташа

кәсiпорындардың үлесiне келетiн болады.


     Өнеркәсіп өнімінің негізгі түрлерін өндірудің болжамы

  ______________________________________________________________________

                                 1998 жыл      1999 жыл       2000 жыл

                                  есеп          баға           болжам

  ______________________________________________________________________  

Көмір, млн. тонна                 68,1            53             60

Мұнай және газ конденсаты, млн.   25,9           28,7            31 

тонна    

Табиғи газ, млрд. текше метр      8,2             9,6            10     

Темір рудасы, (тауарлық),         9301,6         6172           8000

мың тонна                                                           

Мыс рудасы, мың тонна             31043          33750          36280

Хромит рудасы, мың тонна          1603           1930           2040

Қорғасын-мырыш рудасы, мың тонна  5059           5100           5200

Мыс-мырыш рудасы, мың тонна       3320,8         3400           3800

Бокситтер, мың тонна              3436,8         3670           3600

Марганец қорытпасы, мың тонна     348,9          400            420      

Темірден немесе болаттан алынған  2556,5         3100           3400

тегіс прокат, оның ішінде сырлы                                     

табақ және қаңылтыр, мың тонна                                     

Ферроқорытпалар, мың тонна        726            822            1000

Глинозем, мың тонна               1085,2         1100           1100

Тазартылған мыс, мың тонна        324,8          348             360

Қорғасын, екіншісін қоса алғанда, 91,5           100             110

Мырыш, мың тонна                  241,5          248             252

Электр энергиясы, млн. кВт/сағ.   49847          48000          50000



     Ғылыми-технологиялық саясат



 
       Ғылыми-технологиялық саясат оны iске асырудың негiзгi тетiктері "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ғылымы-технологиялық саясаты Тұжырымдамасында" берiлген жалпы әлеуметтiк-экономикалық саясаттың ажырамас бөлiгi болып табылады.

 

     Ғылым мен техниканың басым бағыттары нақты нәтижелерге қол

жеткiзуге бағытталады, олар мыналар:

     экспорттық өнiмді арттыруға және ғылымды көп қажет ететiн

өндiрiстердi дамытуға мүмкiндiк туғызатын, тез өтелiмді жобалар жасау және

енгiзу;

     кен-металлургиялық кешенде ресурс сақтаушы технологиялар негiзiнде

минералдық шикiзатты кешендi пайдалану биотехнологияның және тектiк

инженерлiк ілімнiң әдiстерiн медицинада, ауыл шаруашылығында және

өнеркәсiпте пайдалану;

     ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелер құру;

     жоғары тиiмділiктi технологиялар, машиналар және жабдықтар жасау;

     экономикалық реформаның ғылыми негiздерiн әзiрлеу;

     ауыл шаруашылығы малдарының жоғары өнімдi тұқымдарын жедел шығарудың

әдiстерiн әзiрлеу;

     жаңа материалдар, химиялық өнімдер жасау;

     табиғатты тиiмдi пайдалану;

     энергетиканы дамыту проблемалары;

     көмiртектiк шикiзатты барлау, өндiру, өңдеу және тасымалдау

проблемалары.

     Тұжырымдамалардың негізiнде экономиканың әрбiр басымдықты саласына

Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың Тұжырымдамалары

(РМҒТБ) әзiрлендi.


     Ауыл шаруашылығы


     Yкiмет қызметiнiң алдағы уақыттағы аграрлық сектордағы негiзгі

бағыттары:

     нақты және тиiмдi меншiк иелерiн қалыптастыру, олардың бiрлесуi

және өз ерiктерiмен бiрiгуi үшiн жағдай жасау;


 
       саланы басқару жүйесiн жетiлдiру және нарықтық инфрақұрылымды, өнiмдi ұқсату жүйесiн, ауыл шаруашылығы маркетингiн дамыту;
      агроөнеркәсiптiк секторда өңдеушi өндiрiстердi дамыту;
      ауылдағы қаржы-несие саясатын жетiлдiру және саланы мемлекеттiк қолдау.
      Yкiмет ауылдағы әлеуметтiк саясаттың белсендiлiгiн арттыруды, ауылдың әлеуметтiк-экономикалық проблемаларын шешуде ауыл әкiмдерiнiң өкiлеттiктерi мен жауапкершiлiктерiн жоғарылатуды ойластыруда.
      Шағын несиелендiру жүйесiн жетiлдiру және оны дамыту үшiн жаңа қаржы көздерiн iздестiру және осы негiзде - ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтудың өсуiн ынталандыру жөнiнде шаралар қолданылатын болады.
      Ауыл шаруашылығын қаржыландыру үшін бюджет қаражаттарын уақытында және

 

толық бөлу, алыстағы селолық аудандардың, сондай-ақ экономикасы құлдыраған

аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауылдық және аудандық әкімдері,

сондай-ақ фермерлерді және ауылдағы басқа да меншік иелерін нарықтық

жағдайдағы жұмыс бойынша оқыту, даярлау және оларға консультация беру

жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.


     Ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің болжамы


_________________________________________________________________________

                        1998    1999    2000 жыл    1999 ж.     2000 ж.

                        жыл     жыл     болжам      1998        1999 жылға

                        есеп    баға                жылға %     % есебімен

                                                    есебімен    алғанда

                                                    алғанда   

_________________________________________________________________________

Ауыл шаруашылығының  

жалпы өнімі, млрд.

теңге                  246,1    276      308,9      112,1       105,4

оның ішінде:

өсімдік шаруашылығының 101,9    133,4    149,7      130,9       108,1

өнімі

мал шаруашылығының

өнімі                  144,2    142,6    159,2      98,9        103,0

Астық (тазартылған.

нан кейінгі салмақ.

пен), мың тонна        6395,5   9660     10000      151,0       103,5

оның ішінде:

бидай, мың тонна       4746,3   7400     7500       155,9       101,4

Шикі мақта, мың тонна  161,6    220      230        136,1       104,5

Қант қызылшасы

(фабрикалық), мың

тонна                  224,9    260      280        115,6       107,7 

Майлы дақылдардың

тұқымдары, мың тонна   132,1    150      160        1113,6      106,7

Картоп, мың тонна      1262,9   1420     1420       112,4       100,0

Көкөністер, мың тонна  1079,2   1100     1200       101,9       109,1

Мал және құс (сойыс

салмағымен), мың тонна 641,5    560      570         87,3       101,8

Сүт, мың тонна         3394,3   3400     3500       100,2       102,9

Жұмыртқа, млн. дана    1388,4   1500     1600       108,0       106,7

Жүн (нақты салмағы),

мың тонна              25,2     23       25,7       91,3        111,7

Қаракөл және елтірі,

мың дана               214,3    130      115        60,7        88,5

Тері шикізаты:

ірі, мың дана          2303,3   1900     1900       82,5        100,0

ұсақ, мың дана         5350,7   4750     5000       88,8        105,3

шошқа терісі, мың дана 116,7    200      200        171,4       100,0


   Көлік-коммуникация кешені



 
       Отандық өнімнің өзіндік құнын кеміте отырып экономиканың және қоғамның көліктік және ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру республиканың көлік-коммуникация кешенін дамытудың негізгі міндеттері болып табылады.
      Елдің көлік-коммуникациялық рыногында тасымалдаушылар мен операторлар үшiн заңдық базаны дамыту және жетiлдiру жұмыстың аса маңызды бағыттарының бiрi болмақшы. Салада табиғи монополистердiң қызмет аясын тарылтуды және жекелеген функцияларды жеке секторға беруді көздейтiн қайта құрылымдау саясаты жалғастырылатын болады.
      Үкiмет мынадай мiндеттердi шешу жөнiндегi жұмысты жандандыру ниетiнде:
      жұмыс iстеп тұрған көлiк-коммуникация желiлерiн жаңарту және дамыту;
      тасымалдаудың озық технологияларын енгiзу жылжымалы көлiк құрамын сапа жағынан жаңарту;
      басқарудың қазiргi заманғы ақпараттық жүйелерiн енгiзу;
      темiр жол көлiгiн монополиясыздандыру бағдарламасын енгiзу;
      SDN берiлiсi цифрлық жүйесiнiң технологиясын пайдалана отырып,

 

байланыстың талшықты-оптикалық желiлерi негiзiнде Ұлттық Ақпараттық

Супермагистраль салу;

     Халықаралық Коммутация Орталықтарын салу және ұқсас

автоматтандырылған қалааралық телефон станцияларын ауыстыру;

     деректер берудiң ұлттық желiсiн құру;

     қазақстандық туристiк өнiмдi дүниежүзiлiк рынокқа жылжыту үшiн

шетелдiк және отандық инвестицияларды тарту;

     аймақтық авиакомпанияларды бiрiктiру және iрiлендiру;

     аэронавигациялық қызмет көрсету саласында техникалық қайта

жарақтандыру.


     Тұрғын үй құрылысы



 
       Қазақстан Республикасының Үкiметi алдағы кезеңде өнеркәсiп, денсаулық сақтау демалыс және туризмнiң аса маңызды объектiлерiн жобалау және салу жөнiндегi мiндеттердi оңтайлы шешудi қамтамасыз етудi ойластыруда.
      Елдiң бүкiл аумағында мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын құру және жүргізу жөнiндегi жұмыс жүйелi түрде жүргізiлетiн болады.
      Қазақстан Республикасының Yкiметi халықты және коммерциялық үй салушыларды ипотекалық несиелендiру оның iшiнде тұрғын үйдi сатып алу құқығымен ұзақ мерзiмге жалға берудiң жаңа әдiстерiн дамытуды жоспарлауда.
      2000 жылы тұрғын үй құрылысының бюджеттен тыс көздерiнiң жүйесiн құру тұжырымдамасы қабылданады.
      Мәселен, алдағы кезеңде барлық қаржыландыру көздерiнiң есебiнен 1193 шаршы метр немесе 15283 млн. теңге көлемiнде тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспарлануда, ол 1999 жылға қатысты алғанда 103,7% құрайды, бұл ретте халықтың қаражаты есебiнен 920 мың шаршы метр немесе 5900 млн. теңге тұрғын үй салынатын болады, бұл пайдалануға берiлетiн тұрғын үйлердiң жалпы көлемiнiң 77%-iн құрайды.
      Бәсекелестiк тұрғын үй рыногын дамытуға ерекше көңiл бөлiнетiн болады.
      Коммуналдық жылу энергетикасын дербес жылыту жүйелерiне көшiруге кiрiсу, сондай-ақ суды және жылу тасымалдағыштарды есептеу аспаптарын одан әрi енгiзу көзделетiн тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау жөнiнде жұмыс жүргiзiлетiн болады.
 
      Шағын кәсiпкерлiк
 
      Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың және қолдаудың бағдарламасы алдағы кезеңде шағын кәсiпкерлiктiң тұрақты дамуын қамтамасыз етудi, экономиканың басым секторларында оның үлесiн арттыруды, жаңа жұмыс орындары санының өсуiн, нақты бәсекелестiк орта құруды, қоғамның орта жiгiнiң негiзi ретiнде меншiк иелерiнiң қалың тобын қалыптастыруды көздейдi.

 

     Бағдарламаның мақсаттарын iске асыру үшiн мынадай мiндеттердi

шешу көзделедi:

     нарықтық инфрақұрылымның оңтайлы институттарын қалыптастыру

және дамыту;

     жеке сектордың несие ресурстарына қол жеткiзу тетiктерiн игеру;

     шағын бизнес үшiн кадрларды даярлау қайта даярлау және

бiлiктiлiктерiн

арттыру жүйесiн ұйымдастыру;

     шағын кәсiпкерлiктi қорғау және дамыту саласында нормативтiк құқықтық

актiлердi жетiлдiру;

     шағын бизнестi өндiрiстiк, қаржылық, инновациялық және басқа

салаларда қолдау және дамыту;

     шағын кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау мәселелерiнде үкiметтiк

емес ұйымдардың ролiнiң күшеюi.


 
       Шағын бизнестi қолдау және дамыту мақсатында фискалдық органдар шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерi - заңды тұлғалар үшiн салық салудың жеңiлдетiлген режимi туралы Ереженiң жобасын әзiрледi.
      Жоғарыда аталған Бағдарламаның негізгi iс-шараларын нақты iске асыру нәтижесiнде 2000 жылдың аяғына қарай шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi санының өсуi, жұмыс орындарының, шағын бизнес саласында жұмыс iстейтiн адамдар санының және елде өндiрiлетiн жалпы iшкi өнiмде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үлесiнiң артуы күтiледi.
 
      4.3. Халықты әлеуметтік қорғау
 
      Республикада кедейлiк дәрежесiне қарай әрбiр нақты отбасына сараланған тәсiлдi қамтамасыз ету жолымен аймақтарда атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жүйесi жетiлдiрiлетiн болады. Кедейлiк шегiнiң мөлшерi қайта қаралып отырылатын болады және экономиканың тұрақтану мүмкiндiгiне қарай ең төменгi күнкөрiс деңгейiне жеткiзiледi.
      Үкiмет ынтымақтастық зейнетақы жүйесiне жұмсалатын шығындарды салыстырмалы түрде төмендету және зейнетақы реформасын үйлестiру жөнiнде шаралар қолданады.
      Зейнетақы жүйесiн құқықтық реттеудi одан әрi жетiлдiру, зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жинақтаушы зейнетақы қорларының жұмысының нормативтiк-құқықтық базасын жетiлдiру жөнiндегi жұмыс жоспарлануда.
      Мүгедектердi сауықтыру бағдарламасын қабылдау, мүмкiндiктерi шектеулi балаларға әлеуметтiк және түзетушiлiк педагогикалық қолдау көрсету ақыл-ойының, дене мүшелерiнiң дамуында кемшiлiктерi бар балаларды тәрбиелеумен, оқытумен, еңбекке және кәсіби даярлаумен байланысты проблемаларды шешу жоспарлануда.

 

     Бас еркінен айыру орындарынан оралған адамдар және белгілі тұрағы жоқ

адамдар үшін әлеуметтік бейімделу мен еңбек арқылы сауықтырудың аумақтық

орталықтарын құру жөнінде үлкен жұмыс күтіп тұр.

     Өндірісте жұмыс істейтіндердің өмірі мен денсаулығын сақтау жөнінде

азаматтарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету үшін ұйымдардың өндірістік

объектілерінің жұмыс орындарын құжаттандырудың тетігі әзірленетін болады.


     Халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі негізгі көрсеткіштердің болжамы


  ____________________________________________________________________

                                     1998 жыл   1999 жыл   2000 жыл

                                      есеп       баға       болжам

  ____________________________________________________________________

   Зейнеткерлердің жылдық орташа      1985,8     2027,9     1966,3

   саны, мың адам

   Жалақының ең аз мөлшері, теңге     2395        2605      2680

   Зейнетақының ең аз мөлшері, теңге  3000        3000      3500


     Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету



 
       Қоғамдық жұмыстарды кеңінен ұйымдастыру жолымен жұмыссыздықты қысқарту, кәсіпкерлікті және өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етуді дамыту үшін қолдау көрсету және жағдайлар жасау, кәсіби даярлаумен және қайта даярлаумен, еңбек ресурстарын аймақтар арасында қайта бөлуге мүмкіндік беретін ақпараттық база құрумен және оны қолдаумен қатар несиелер және шағын несиелер беру арқылы жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі бағдарламаларға қатысу жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
      Осылай аталатын "жасырын" жұмыссыздықты жария ету процесі жалғастырылады. Тұтасымен алғанда республика бойынша жұмыссыздық деңгейі алдын ала алынған деректер бойынша экономикалық белсенді халықтың 5,7%-і шегінде күтілуде.
      Еңбек рыногында экономиканың аграрлық секторындағы халықтың жұмыспен қамтылуы ерекше маңызды орын алады.
      Жастарды, атап айтқанда, мектептердің және басқа білім беру ұйымдарының бітірушілерін жұмыспен қамту және еңбекке орналастыру мәселелері шешілуін күтіп тұр.
      Шамамен бір мың адам оралмандарды жұмысқа орналастыру проблемасын шешу қажет болады.
      Жұмыспен қамту мәселелерін шешуде жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктері мен жауапкершіліктері анағұрлым кеңейеді.
 
      Білім беру
 
      "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңының негiзiнде орта және кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнде 2000 жылы азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге, мектеп жасындағы балаларды оқуға толық қамтуға бағытталған жұмыс жалғастырылатын болады, ол үшiн мыналар iске асырылатын болады:
      "Бiлiм туралы" Заңды iске асыру жөнiндегi барлық нормативтiк құжаттар қабылданады;
      "Білiм" Мемлекеттiк бағдарламасы жетiлдiрiледi;
      оқулықтардың жаңа буынын шығару, орта бiлiм жүйесiн ақпараттандыру және дарынды балалармен жұмыс жөнiндегi бағдарламалар iске асырылады;
      оқулықтарды бөлшек саудада сату, бұл ретте аз қамтамасыз етiлген отбасыларының балаларын, жетiм балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды оқулықтармен бюджет қаражаттарының есебiнен қамтамасыз ету, сондай-ақ мектеп кiтапханаларының 10 проценттiк кiтап қорын толықтыру енгiзiледi;
      бiлiм берудiң жалпыға бiрдей мiндеттi мемлекеттiк стандарттарын енгiзу жөнiнде шаралар жүзеге асырылады;
      мектеп директорларының құқықтарын айтарлықтай кеңейтудi ескергенде, саланы басқаруды орталықсыздандыру жүзеге асырылады;
      жүйенi қаржыландыру тәртiбi қайта қаралатын болады.
      Жоғары бiлім жүйесiнде "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңының және бiлiм берудiң ұлттық үлгiсiнiң негізiнде:
      олардың меншiк нысанына және ведомстволық тиiстiлiгiне қарамастан жоғары оқу орындарының студенттер құрамын қалыптастырудың жаңа тәртiбi әзiрленедi және енгiзiледi;
      жоғары білiмдi кадрлар даярлау үшiн мемлекеттiк гранттар мен несиелер жүйесi, сондай-ақ кәсiптiк бiлiм алу үшiн меншiктi бiлiм несиелерiнiң жүйесi енгiзiледi;
      елдiң жоғары, орта арнаулы және кәсiптiк бiлiмді мамандарға нақты қажеттiгiн бағалау жүргiзiледi;
      олардың бiлiм берудiң халықаралық стандарттарына сәйкестiк деңгейi бойынша жоғары оқу орындарының рейтингтер жүйесi енгiзiледi;
      бiлiм беру объектiлерiн осы ұйымдардың ұжымдарын жекешелендiру жөнiндегi эксперимент жалғастырылатын болады.
 
      Денсаулық сақтау
 
      Халыққа медициналық қызмет көрсету жүйесiн жетiлдiру денсаулық сақтауды мемлекет қарауынан жеке меншiк секторға көшiру бағдарламасын енгiзу жолымен бәсекелестiк орта қалыптастыруды көздейдi. Мемлекеттiк бюджеттiң шығындары арнаулы бағдарламаларды iске асыруға, сондай-ақ шұғыл емдiк көмек көрсету жөнiндегi мекемелердi, қан құю орталықтарын ұстауға, жүйке, онкология, жұқпалы ауруларды, сондай-ақ жүкті әйелдердi, 1 жасқа дейінгi балаларды, адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырғандарды, соғыс мүгедектерi мен қатысушыларын және оларға теңестiрiлген адамдарды емдеуге және аурудың алдын алуға жұмылдырылатын болады.
      Денсаулық сақтау жүйесiнiң қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету меншiк нысанына қарамастан емдеу-профилактикалық ұйымдардың iшiнде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк тапсырыстарды орындауға тендерлер өткiзу, тапсырыстың орындалуын қатаң бақылау, сондай-ақ Медициналық қызмет көрсетулерге ақы төлеу орталығының делдалдық қызметiн пайдаланбау жолымен қамтамасыз етiлетiн болады.
      Денсаулық сақтауды басқару жүйесiн жетiлдiру мыналарды:
      өкiлеттiктердi барынша аймақтарға және тiкелей медициналық қызмет көрсетушiлерге беру арқылы орталықсыздандыруды;
      халықтың денсаулығын қорғау бағдарламаларын орындауда түрлi ведомстволардың күш-жiгерiн бiрiктiрудi;
      сала саясатын айқындау, стратегиялық жоспарлау және мониторинг, стандарттау арқылы бақылау ғылым, бiлiм беру және кадр саясаты сияқты бiрқатар басқарушылық функцияларды орталықтандыруды;
      халықтың емдiк көмекке қажеттілiгiн қамтамасыз ететiн жеке отбасылық дәрiгерлiк емханалардың кеңейтiлген желiсiн құруға жәрдемдесудi қамтиды.
 
      Демография және көшi-қон
 
      Демографиялық және көшi-қон процестерiндегi терiс үрдiстердi жеңу үшін "Босқындар туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңын әзiрлеу және қабылдау, сондай-ақ "Халықтың көшi-қоны туралы" Заңға өзгерiстер енгiзу көзделедi.
      Өзiнiң тарихи отанына оралуға тiлек бiлдiрген оралмандардың отбасыларын қоныс аудару және жайластыру мақсатында 2000 жылға арналып негiзделген квота белгiленетiн болады.
      Аймақтардың әкiмшiлiктерi деңгейiнде оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасын шешу, сондай-ақ өткен жылдар үшiн қарызды жою қажет.
 
      Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану
 
      Мемлекеттiк экологиялық саясаттың мақсаты қоршаған ортаның жағдайының нашарлау қарқынын төмендету болып табылады.
      Экологиялық ағарту жүйесi қалыптасатын, республикалық және жергiлiктi деңгейлерде қоршаған ортаны қорғауды басқарудың оңтайлы жүйесi құрылатын болады. Үкiмет қоршаған ортаны қорғауды қаржыландыру тетiгiн жетiлдiрудi, мемлекеттiң халықаралық экологиялық саясатқа қатысуын кеңейтудi, экологиялық қауiпсiз технологияларға көшу үшiн жағдайлар жасауды көздейдi.
      Үкiмет қоршаған ортаны қорғау саласында негiз болатын заң актiлерiн дайындайтын, табиғат ресурстарын зерттеудiң және қалпына келтiрудiң, экологиялық аудандастырудың, мемлекеттiк кадастрлар жүйесiн құрудың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және экологиялық туризм объектiлерiнiң желiсiн дамытудың, өнеркәсiптiк кәсiпорындарға аудит жүргiзудiң, экологиялық таза және ресурс сақтаушы технологияларды енгiзудiң бағдарламаларын жасайтын болады.
 
      Мемлекеттiк жастар саясаты
 
      Елiмiздiң мемлекеттік жастар саясаты жас адамның өзi iске асыруы және жастар бiрлестiктерiн, қозғалыстарын және бастамашылықтарын дамыту үшiн құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепiлдiктер жасауға бағытталатын болады.
      Жарамды қоғамдық жастар бастамашылықтарын дамыту және қолдау мақсатында жастар жобаларының конкурсын, жастар проблемалары бойынша республикалық және халықаралық семинарлар өткізу жоспарлануда.
      Мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жастардың патриоттық сезiмiн қалыптастыруға, олардың адамгершiлiк және рухани дамуына; жас азаматтардың әлеуметтiк-экономикалық қажеттiлiктерiн iске асыруға, олардың интеллектуалдық және дене тәрбиесiнiң дамуы үшiн жағдайлар жасауға бағытталған.
      Жастарды жұмыспен қамту проблемалары жұмыс күшiне қазiргi қажеттiлiктердi ғана емес, сонымен қатар перспективалық мiндеттердi де ескере отырып шешiлетiн болады. Өмiрде еңбекке алғаш рет қадам басқан жастарды жұмысқа орналастыру үшiн жағдай жасау, жұмыссыз жастардың қалған бөлiгi үшiн жұмыс iздестiру кезеңiн қысқарту, жастар үшiн жұмыс орындарын квоталау, өз iсiн, шағын бизнестi ұйымдастыруда белсендi түрде жәрдемдесу, жұмыстан босап қалу қаупi бар жастарды күнi бұрын кәсiби оқыту көзделедi.
 
      Мәдениет
 
      Көпұлтты Қазақстан жағдайында ұлттың рухани әлеуетiн iске асыру

 

және оны дүниежүзiлiк танудың өлшемi үшiн шарттар ретiнде бiрыңғай

мәдени-ақпараттық кеңiстiк қалыптастыру қажет.

     Осы мақсатта алдағы уақытта мыналар:

     қазақтың ұлттық мәдениетiн сақтау және дамыту;

     Қазақстан Республикасының өкiлдерi болып табылатын халықтар

мен этностардың мәдениетiн дамыту;

     Қазақстан Республикасының дүниежүзiлiк мәдени кеңiстiкке бiрiгуiн

тереңдету iске асырылады.

     Бюджеттiк қаржыландырудың айтарлықтай қысқартылуына қарамастан

2000 жылы мәдениет жүйесiн дамытудың негiзi жұмыс iстеп тұрған объектiлер

жүйесiн сақтау болып табылады.

     _______________________________________________________________

                                        1998      1999    2000 жыл

                                        жыл       жыл     болжам

                                        есеп      баға

     _______________________________________________________________

     Мәдениет мекемелері мен кәсіп.     43         47       48

     орындарының саны - барлығы


     оның ішінде:

     тарихи-мәдени қорықтар             7           7        7

     музейлер                           6           7        8

     кітапханалар                       4           5        5

     театр-ойын-сауық кәсіпорындары    18           18       18

     киноұйымы                          3           3        3

     ғылыми-зерттеу институты           1           1        1

     Басқалары                          4           6        6




 
       Жаңа астананың әлеуметтiк-мәдени ортасын одан әрi дамыту мақсатында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейi құрылатын болады.
 
      Дене тәрбиесi және спорт
      Дене тәрбиесi және спорт ұйымдарының қызметi салауатты өмiр салтын насихаттауға, балалар мен жасөспiрiмдердi спорт секцияларына тартуға, спорттық резерв және халықаралық сыныпты спортшыларды дайындауға, Қазақстан спортшыларының 2000 жылы Сидней (Австралия) қаласында өтетiн ХХYII жазғы Олимпиялық ойындарға қатысуына бағытталатын болады.
      "1996-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасын" iске асыру тұрғысынан мыналар жобалануда:
      қоғамда салауатты өмiр салтын бекiту, денсаулықтарын сақтау және нығайту, аурудың алдын алу мақсатында республика халқын дене тәрбиесi жаттығуларымен жүйелi түрде айналысуға тарту;
      ерiктi дене тәрбиесi-спорт қоғамдары мен клубтарын ұйымдастыруда және одан әрi дамытуда жәрдем көрсету;
      мемлекеттік органдардың және оларға ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметкерлерiн дене тәрбиесi мен спорттық iс-шараларға қатысуға жаппай тарту жөнiнде қажеттi ұйымдастыру шараларын жүзеге асыру;
      балалар мен жасөспiрiмдер спортын дамыту, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында балалар мен жасөспiрiмдердiң спорт секциялары мен клубтарына қатысушылықтарын арттыру;
      балалар мен жасөспiрiмдердiң спорт мектептерiнiң желiсiн кеңейту (қалпына келтiру);
      барлық облыс орталықтарында және республиканың лайықты спорттық базасы және бiлiктi жаттықтырушы-оқытушы кадрлары бар жекелеген қалаларында спортта дарынды балалар үшiн мектеп-интернаттар құру;
      дене тәрбиесi мен спорттың материалдық-техникалық базасын дамыту және нығайту, айналысатындар үшiн оның қол жетерлiгiн қамтамасыз ету.
 
      4.4. Аймақтық саясат
 
      2000 жылы мемлекеттiң аймақтық саясаты орталық және жергілiктi басқарушы органдардың оңтайлы өзара iс-қимылы және аумақтық өзiн-өзi басқару принциптерiн дамыту негiзiнде реформалардың ауырлық орталығын бiрте-бiрте аймақтар деңгейiне ауыстыруды көздейтiн Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылдың екiншi жартыжылдығына және 2000 жылға арналған iс-қимыл Бағдарламасын орындауға бағытталатын болады.
      Экономикалық реформаны жүзеге асыруда аймақтардың өкілеттiктерiн күшейту және жауапкершiлiктерiн арттыру Қазақстан Республикасының заңдарында құқықтық жағынан бекiтiлетiн болады. "Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" және "Қазақстан Республикасында жергілiктi өзiн-өзi басқару туралы" заңдарды нақты iске асыру күнделiктi функциялардың үлкен бөлiгiн орталық органдардан аймақтық деңгейге берудi жүзеге асыруға және аймақтардың теңгерiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде әкiмдерге кең өкiлеттiктер беруге мүмкiндiк бередi.
      Аймақтық саясат мынадай мiндеттердi шешуге бағытталатын болады:
      халықтың жан басына есептегенде жергiлiктi бюджеттер шығынының бірыңғай нормативiне бiртiндеп көшу үшiн бюджеттiк жәрдем қаржылар мен бюджеттiк алымдардың тұрақты мөлшерлерiне көшу саясатын жалғастыру;№
      аймақтық маманданудың күшеюi және аймақтардың инвестициялар тарту, жаңарту және жаңа құрылыс үшiн жауапкершiлiгiн арттыру;
      бiрқатар негiзгi параметрлердiң негiзiнде аймақтардың дамуын рейтингтiк бағалау жүйесiн пайдалану арқылы аймақтардағы әлеуметтiк-экономикалық ахуалдың мониторингi;
      қордаланған проблемалардың шешiлуiн қамтамасыз ететiн арнаулы іс-шараларды iске асыру жолымен бiрiншi кезектегi мемлекеттiк қолдауды талап ететiн құлдыраған селолық аудандардың тобын экономикалық сауықтыру;
      кесiмдi "әдiлеттi" бағалар бойынша астық сатып алу жолымен ауыл шаруашылығын қолдау.
 

     5. Индикативтік жоспардың орындалуын

        ұйымдастыру


 
 
       Индикативтiк жоспарды iске асыру ол бойынша "Қазақстан - 2030" Стратегиясын және Қазақстан Республикасының Президентiнде 1999 жылдың 9 маусымында өткен кеңесте белгiленген реформаларды дамыту бағытынан туындайтын мiндеттердi iске асыру шеңберiнде 476 iс-шараның орындалуы көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылдың екіншi жартыжылдығына және 2000 жылға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың Жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы экономикасының барлық секторларында жүргізiлетiн болады.
      Жоспар бойынша 11 Заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 5 Жарлығы, 86 Үкiмет қаулысы, сондай-ақ банк жүйесiн, сақтандыру рыногын, зейнетақы жүйесiн, салық заңдарын, несиелiк серiктестiктердiң қызметiн, салық және кеден режимдерiн құқықтық реттеудi жетiлдiруге бағытталған 52 тапсырма бойынша нормативтiк құқықтық актiлердiң қабылдануы көзделген.
      Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар 14 бағдарламаны, оның ішінде жекешелендiру және мемлекеттiк мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру, 1999-2000 жылдарға арналған бағалы қағаздар рыногын дамыту 1999-2000 жылдарға тiкелей инвестицияларды тарту, "Халық денсаулығы", туберкулезбен күрес, электр энергетикасын дамыту бағдарламаларын іске асыруды жалғастырады.
      30-дан астам бағдарламалық құжаттар, оның ішінде орта мерзімдік экономикалық өсу бағдарламасын, химия және жеңіл өнеркәсіпті, машина жасау кешенін дамыту, "Қазақстан темір жолы" РМК-н және "Қазақтелеком" АҚ-н монополиясыздандыру бағдарламаларын, "Ауыз су" Мемлекеттік бағдарламасын, жұмыспен қамтудың 1999-2000 жылдарға арналған Республикалық бағдарламасын, көлік-коммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру, мемлекеттік функцияларды орталықсыздандыру бағдарламаларын, сондай-ақ экологиялық қатерге душар болған аумақтар үшін пилоттық бағдарламалар әзірлеу көзделеді.
      Орталық және жергілікті атқарушы органдардың ақпараты негізінде

 

іс-шаралар Жоспарын орындауды іске асырудың қорытындылары бойынша ай сайын

мониторинг ұйымдастырылды.

     Индикативтік жоспардың іске асырылуын бақылау Қазақстан

Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігіне жүктелген, ол

тоқсан сайын Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

Үкіметке ақпарат беріп отырады.


     Оқығандар:

     Орынбекова Д.

     Қобдалиева Н.