Алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы N 1592 Қаулысы

Жаңартылған

      "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
 

      1. 1999 жылдың 1 қарашасынан бастап қосымшаға сәйкес алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгіленсін.
 

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.16. N 201 қаулысымен.
 

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                            1999 жылғы 23 қазандағы
                                            N 1592 қаулысына қосымша

      Ескерту. Қосымшадан 2, 3-бағандар алып тасталды - ҚР
Үкіметінің 2000.11.08 N 1683, өзгерту енгізілді - 2007.03.16 N 201,
2008.12.03 N 1130 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз),
2011.02.23 N 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

        Алкоголь өніміне арналған ең төменгі бағалар
___________________________________________________________________
Алкоголь өнімінің       Алкоголь өнімін
    түрлері                бөлшек сату
                             бағасы
                          (теңге/литр)
___________________________________________________________________
Арақтар және айрықша         600
арақтар, күшті ликер-
арақ бұйымдары және
басқа да күшті алкоголь
ішімдіктері
___________________________________________________________________