Алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы N 1592 Қаулысы

Жаңартылған

      "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
 

      1. 1999 жылдың 1 қарашасынан бастап қосымшаға сәйкес алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгіленсін.
 

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.16. N 201 қаулысымен.
 

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                            1999 жылғы 23 қазандағы
                                            N 1592 қаулысына қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.09 N 771 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Алкоголь өніміне арналған ең төменгі бағалар

Алкоголь өнімінің түрлері

Алкоголь өнімін бөлшек сату бағасы (теңге/литр)

Арақтар және айрықша арақтар, күшті ликер-арақ бұйымдары және басқа да күшті алкоголь ішімдіктері

640